Банкаралық несие



КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..3

1. БАНКАРАЛЫҚ НЕСИЕ ЖӘНЕ ОНЫҢ ӘЛЕУМЕТТІК.ЭКОНОМИКАЛЫҚ МАҢЫЗЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...6
1.1 Банкаралық несие нарығының теориялық аспектілері ... ... ... ... ... ... ... ... 6
1.2 Банкаралық несие . банктік ресурс көздерінің бірі ... ... ... ... ... ... ... ... ...10


2. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БАНКАРАЛЫҚ НЕСИЕ НАРЫҒЫН ТАЛДАУ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...16
2.1 Банкаралық несиенің қызметтік негізі және оның ресурстық базаны құрудағы ролі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 16
2.2 Банктік қызмет нарығындағы банкаралық несиені талдау ... ... ... ... ... ... 20
2.3 Коммерциялық банктердегі банкаралық несие беру механизмі («Халық Банкі» АҚ мысалында) ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...34


3. БАНКАРАЛЫҚ НЕСИЕ ЖҮЙЕСІН ЖЕТІЛДІРУ ЖОЛДАРЫ
3.1 Банкаралық несиенің негізгі элементтерін жетілдіру жолдары ... ... ... ...43
3.2 Банкаралық несиелеудің шетелдік тәжірибесі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..58

ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..54

ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..57
Тақырыптың өзектілігі клиенттерді кассалық есептік процессте қызмет көрсету және төлем үшін банктер бір-бірімен өзара қарым-қатынас, яғни корреспонденттік қатынас орнатады.
Осы кезеңге дейін қаралған мемлекеттік меншікті басқару үлгісі өнеркәсіптік орталықтанған жүйеде бюджеттік қаржы экономиканы дамытудың мемлекеттік жоспарлауының шеңберінде бөлінетін, қаржылық-несиелік мәселелердің заңмен қадағалануын ескермеуі.
Еліміздегі нарықтық қатынастардың дамуымен қатар айрықша маңызы бар банктердің пайда болуымен кәсіпкерлік қызмет субьектісінің қаржылық-несиелік қатынастарын реттейтін нақты заңдылықтар керек болды.
Бірақатр банктерде өз қызметтерінің орындалуы үшін әрі пайда табу үшін қарызға ақша алуына тура келеді. Қаржы таратудағы кең таралған форма несиелік келісімшар негізінде банктен қарыз алу.
Клиенттерді кассалық есептік процессте қызмет көрсету және төлем үшін банктер бір-бірімен өзара қарым-қатынас, яғни корреспонденттік қатынас орнатады. Мекемелердің банкаралық несиені корреспонденттік шот арқылы төлеуінің екі нұсқасы бар:
1. Орталықсыздандырылған – коммерциялық банктердің бір-бірімен корреспонденттік қатынасына құрылған.
2. Орталықтандырылған – банктер бір-бірімен есеп айырысуы үшін делдалдық етеді және қаржылық айналымды реттеп, бақылайды.
Корреспонденттік шот – бұл Ұлттық банктің жанына ашылған банктердің өзіндік есептік шоты. Корреспонденттік шотта коммерциялық банктің меншікті қаржылары, несиелік есептік операцияларға әсер ететін, клиенттердің касаалық және басқа да қызметтері сақталады.
Коммерциялық банктер Ұлттық банктен ашқан коммерциялық шоттарының көмегімен банкаралық несие тәрізді операциялар жүргізе алады.
Қазақстан Республикасының нарықтық аймағында орын алатын барлық экономикалық реформалардың табысты жүргізілуінің негізі тұрақты ақша айналымының ойдағыдай қызмет етуі болып табылады. Банкаралық несие жүйесі – бұл кез келген мемлекеттің ұлттық шаруашылығының маңызды саласы. Коммерциялық банктер мемлекеттің ақша-кредит саясатына сәйкес әрекет ете отырып, ақша ағындарының айналымына, эмиссиясына, жалпы массасына әсер ету арқылы ақша қозғалысын реттейді. /7,14/
Несие – банк жүйесінде маңызды рөлге ие. Несиенің экономикадағы алатын орны да елеулі. Демек, бұл тақырып - өзекті. Несиенің маңызы, сонымен бірге оны қолдау аясы елдің экономикалық жағдайына байланысты үнемі өзгеріп тұрады. Айталық, экономиканы орталықтанған жоспарлы түрде басқарудан нарықтық экономикаға өтуге байланысты біздің елімізде коммерциялық және ипотекалық, лизингтік, қаржылық банктік операцияларды пайдалану жаңғыртылады, сонымен бірге несие қатынастары мен несиенің көлемі, несие ставкасы де өзгереді.
1. Қазақстан Республикасы Президентінің 2008 жылғы 6 ақпандағы Қазақстан халқына арналған «Қазақстан халқының әл-ауқатын арттыру мемлекеттік саясаттың басты мақсаты»
2. «ҚР Банк ісін дамыту туралы» Заңы, Алматы, Юрист, 2003 ж. 15 б.
3. ҚР «Қазақстанның даму банкі туралы» Заңы 2001 ж. 25 сәуір №178-ІІ
4. Арутюнов Ю. А., Финансовый менеджмент, учеб. пособие.-М.: КНОРУС, 2005.- 310 с.
5. Әлімбаев А. А. Банктік және өнеркәсіптік капиталдың шоғырлануы: Қазақстанда қазіргі беталыс және түйінді мәселелердің дамуы. -Қарағанды 2002.
6. Байысова Ә. Экономикалық білім беруді дамыту, Экономика негіздері 2005, №2 -36-38 беттер.
7. Бобылева А. З., Финансовые управленческие технологии, учебник / МГУ им. М. В. Ломоносова, фак. гос. управления.- М.: ИНФРА-М, 2004.- 315-341 с. Брег С. М., Настольная книга финансового директора =The new cfo financial leadership manual / пер. с англ.: А. Куницын, Д. Акулов, В. Ильина, О. Никифорова; науч. ред. А. Куницын; ред. С. Огарева.- М.: Альпина Бизнес Букс, 2005.- 532 с.
8. Бекболатұлы Ж. Қаржы-несие мекемелерінің тиімділігін арттыру факторлары Қаржы-қаражат 2007 ж. №5, 40-45 бет.
9. Васильева Н. А. Экономика предприятия, М.: Юрайт-Издат, 2006. 190 с.
10. Голом М., Гурко А., Смиренко Е. Развивать новые виды кредитных операций необходимо // Банки Казахстана 2001 г. №N11.
11. Давлетова М.Т. Кредитная деятельность банков в Казахстане: учебное пособие. –Алматы: Экономика, 2001
12. Дауранов И., Шмикина А., Рудецких А. Малый бизнес: проблемы оформления кредита // Вестник предпринимателя 2008 г. №4 –с. 21-27.
13. Жуйриков К. К., Раимов С. Р., Корпоративные финансы: учебник.- Алматы: 2004.- 51 с.
14. Жуков Е.Ф., Максимова Л.М., Печникова А.В. и др. Деньги. Кредит. Банки: учебник для вузов. –М. 2002 г.
15. Зиябеков Б. Кредитное бюро - инструмент выявления рисков, Банки Казахстана 2008 г. №3.
16. Ильминская, С. А. Политика управления оборотным капиталом как часть общей финансовой стратегии предприятия, Финансы и кредит.- 2007.- № 15. - С. 5 -11.
17. Короткевич В. Г. Практикум по экономике, организации производства и маркетингу на предприятии, учеб. пособие - Минск: Вышэйшая школа, 2004.- 217с.
18. Көшенова Б.А. Ақша. Несие. Банктер. Валюта қатынастары: Оқу құралы. –Алматы: Экономика, 2000 ж.
19. Коробейников М. Роль кредитования АПК в период становления рыночных отношений, Финансовый бизнес №37- с. 33-387, 2007 г..
20. Қуатова Д. Я., Кәсіпорын экономикасы, практикум.- Алматы: Экономика, 2006.- 26 б.
21. ҚР-ның «Ашық акционерлік қоғам халықтық банктің борыштық қарыз есебінің тәртібі» 2000 ж. 20 қаңтар №20.
22. Қазақстанның Ұлттық банкінің хабаршысы №2008, №6
23. Қазақстанның Ұлттық банкінің хабаршысы №2008, №8
24. Лаврушин О.И., Мамонов И.Д., Валенцева Н.И. и др. Банковское дело: учебник для вузов. –М. 2000 г.
25. Лисак Б. Анализ кредитоспособности и платежеспособности заемщика банка при потребительском кредитовании // Банки Казахстана 2007 №6. –3-6.
26. Макмутова М., Святов С., Алибекова Ф. Эвалюция банковской системы // Банки Казахстана 2000 г. с.19
27. Мақыш С.Б. Қазіргі неиселік механизм және оларды жетілдіру жолдары: Автореферат. –Алматы. 2000 ж.
28. Масалимова С. Ж., Зиядин, С. Т. Қаржылық менеджмент, оқу құралы.- Семей: PRINTMASTER, 2006.- 32 б.
29. Орманбаев А.Х., Өмірбаев С.М., КЕсенгелдин С.М. Ақша. Қаржы және несие. Қарағанды: Болашақ-Баспа. 2000 ж.
30. Поляка Г.Б. Финансы. Денежное обращение. Кредит: учебник для вузов. –М: 2001 г.
31. Сейтқасымов Ғ.С. Ақша. Несие. Банк. –Алматы. Экономика. 2001ж.
32. Сейткасымов Г.С., Шаяхметова К.О., Абдраимова Г.Т. Бухгалтерский учет и отчетность в банках. Алматы, Қаржы-Қаражат, 2006
33. Самсонова Н.Ф. Финансы, денежноре обращение и кредит: учебник. М: 2001 г.
34. Смагулова Ш.А., Буханцева О.В. Малый бизнес и практика его кредитование в Казахстане // Вестник. ИПК. /Каз.Гос, Нац. ун-т им.Аль-Фараби. –Алматы. 2007г.
35. «Халық Банк» акционерлік қоғамының мәліметтері. 2006-2008 жж.
36. Статический бюллетень. Н.Б. 2007-2009 г.
37. Умбетов А. Кредитование малого бизнесам банки, Альпари 2008. №2. –С. 21-31.
38. Утеулин Е, Кенжеханов М. Система кредитования в банках, Банки Казахстана 2006. №5. –С. 26.
39. Үмбетәлиев А., Керімбек Ғ. Кәсіпорын экономикасы және кәсіпкерлік, оқу құралы.- Астана: Фолиант, 2005.- 76 б.
40. Шишаева А.В. Зачем нужен кредит и банки в рыночной экономике? Вводный курс по экономической теории. –М. 1997г.
41. Шелекбай Ә., Банк ісіндегі тәуекел-менеджмент, оқу құралы Алматы Экономика – 2008, 18-39 беттер.
42. Шаяхметова К., Банктік тәуекелдер: Оқу құралы.- Алматы: Қазақ университеті, 2004 – 78 бет.
43. www.kazinfo.kz

Пән: Банк ісі
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 63 бет
Таңдаулыға:   
ЖОСПАР

КІРІСПЕ
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ...3

1. Банкаралық несие ЖӘНЕ ОНЫҢ ӘЛЕУМЕТТІК-ЭКОНОМИКАЛЫҚ МАҢЫЗЫ
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
.6
1.1 Банкаралық несие нарығының теориялық аспектілері
... ... ... ... ... ... ... ... 6
1.2 Банкаралық несие – банктік ресурс көздерінің
бірі ... ... ... ... ... ... ... ... ... 10

2. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ Банкаралық несие нарығын ТАЛДАУ
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...16
2.1 Банкаралық несиенің қызметтік негізі және оның ресурстық базаны
құрудағы
ролі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ...16
2.2 Банктік қызмет нарығындағы банкаралық несиені
талдау ... ... ... ... ... ... 20
2.3 Коммерциялық банктердегі банкаралық несие беру механизмі (Халық
Банкі АҚ мысалында)
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... .34

3. Банкаралық несие жүйесін жетілдіру жолдары
3.1 Банкаралық несиенің негізгі элементтерін жетілдіру жолдары
... ... ... ...43
3.2 Банкаралық несиелеудің шетелдік тәжірибесі
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...58

ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ... ... ... ... ... ... ..54

ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 57

КІРІСПЕ

Тақырыптың өзектілігі клиенттерді кассалық есептік процессте қызмет
көрсету және төлем үшін банктер бір-бірімен өзара қарым-қатынас, яғни
корреспонденттік қатынас орнатады.
Осы кезеңге дейін қаралған мемлекеттік меншікті басқару үлгісі
өнеркәсіптік орталықтанған жүйеде бюджеттік қаржы экономиканы дамытудың
мемлекеттік жоспарлауының шеңберінде бөлінетін, қаржылық-несиелік
мәселелердің заңмен қадағалануын ескермеуі.
Еліміздегі нарықтық қатынастардың дамуымен қатар айрықша маңызы бар
банктердің пайда болуымен кәсіпкерлік қызмет субьектісінің қаржылық-
несиелік қатынастарын реттейтін нақты заңдылықтар керек болды.
Бірақатр банктерде өз қызметтерінің орындалуы үшін әрі пайда табу үшін
қарызға ақша алуына тура келеді. Қаржы таратудағы кең таралған форма
несиелік келісімшар негізінде банктен қарыз алу.
Клиенттерді кассалық есептік процессте қызмет көрсету және төлем үшін
банктер бір-бірімен өзара қарым-қатынас, яғни корреспонденттік қатынас
орнатады. Мекемелердің банкаралық несиені корреспонденттік шот арқылы
төлеуінің екі нұсқасы бар:
1. Орталықсыздандырылған – коммерциялық банктердің бір-бірімен
корреспонденттік қатынасына құрылған.
2. Орталықтандырылған – банктер бір-бірімен есеп айырысуы үшін
делдалдық етеді және қаржылық айналымды реттеп, бақылайды.
Корреспонденттік шот – бұл Ұлттық банктің жанына ашылған банктердің
өзіндік есептік шоты. Корреспонденттік шотта коммерциялық банктің меншікті
қаржылары, несиелік есептік операцияларға әсер ететін, клиенттердің
касаалық және басқа да қызметтері сақталады.
Коммерциялық банктер Ұлттық банктен ашқан коммерциялық шоттарының
көмегімен банкаралық несие тәрізді операциялар жүргізе алады.
Қазақстан Республикасының нарықтық аймағында орын алатын барлық
экономикалық реформалардың табысты жүргізілуінің негізі тұрақты ақша
айналымының ойдағыдай қызмет етуі болып табылады. Банкаралық несие жүйесі –
бұл кез келген мемлекеттің ұлттық шаруашылығының маңызды саласы.
Коммерциялық банктер мемлекеттің ақша-кредит саясатына сәйкес әрекет ете
отырып, ақша ағындарының айналымына, эмиссиясына, жалпы массасына әсер ету
арқылы ақша қозғалысын реттейді. 7,14
Несие – банк жүйесінде маңызды рөлге ие. Несиенің экономикадағы алатын
орны да елеулі. Демек, бұл тақырып - өзекті. Несиенің маңызы, сонымен бірге
оны қолдау аясы елдің экономикалық жағдайына байланысты үнемі өзгеріп
тұрады. Айталық, экономиканы орталықтанған жоспарлы түрде басқарудан
нарықтық экономикаға өтуге байланысты біздің елімізде коммерциялық және
ипотекалық, лизингтік, қаржылық банктік операцияларды пайдалану
жаңғыртылады, сонымен бірге несие қатынастары мен несиенің көлемі, несие
ставкасы де өзгереді.
Оған қоса несие қатынастарының нақты көрінісін несиенің формалары мен
түрлері сипаттайды. Несиенің негізгі екі формасы: коммерциялық және банктік
несие болады. Бұл екі несие бір-бірінен несие субъектілері, құрамы, қарыз
объектісі, динамикасы, пайыз мөлшері және қызмет ету аясы бойынша
ажыратылады.
Қазақстанның қазіргі уақыттағы экономикалық жағдайы, оның ішінде
несиелі-ақша жүйесінде үлкен өзгерістер болып отыр. Несие толығымен
экономикамен және оның жеке секторларымен тығыз байланысты. Сондықтан да
бүгінгі таңда Қазақстанда күрделі өзгерістер болуда, яғни елдің
экономикасының дамуы мемлекеттің несие саясатымен тікелей байланысты.
Осыдан байқайтынымыз, несие - қазіргі уақыттағы экономиканың тірегі.
Несие деген сөздің өзі латын тілінен аударғанда сенімді білдіреді,
белгілі бір тұлғаның мойнына алған міндетін орындауға сенім көрсетуін
білдірсе, екінші жағынан несие банктердің филиалдарымен несиелік
мекемелердің қанат жаюымен ұштасып, сол арқылы қазақ даласының қойнауының
капиталын кеңейту. 11,27
Несиелендіру процесінсіз ауыл шаруашылығы және өнеркәсіп өркендемейді,
Қазақстан экономикасы және халықтың тұрмыс-тіршілігі жақсармайды. Сондықтан
да бүгінгі таңда несиені дамыту өте қажет.
ҚР Президенті Н. Назарбаев өзінің Қазақстан халқына арнаған кезекті
Жолдауында: ...макроэкономикалық саясаттың басымдықтары туралы.
Үкімет, Ұлттық банк, Қаржылық бақылау агенттігі мемлекеттің қаржылық
тұрақсыздық қатерлеріне қарсы жүйелі де жедел іс-қимылдар жасауының ықпалды
тетігін қалыптастырып, халықаралық рыноктардың Қазақстан экономикасына
деген сенімін нығайтуы керек. Бірінші. Қаржылық бақылау агенттігінің
жұмысын жүйелі түрде нығайту қажет. Елдің қаржы жүйесінің, әсіресе, банк
секторының бәсекеге қабілеттілігін және тұрақтылығын арттыру Агенттіктің
Ұлттық банкпен және Қаржы министрлігімен бірлесе отырып атқаратын басты
міндеті болуға тиіс. Өмір біздің жоспарларымызға түзетулер енгізіп тұратын
болады. Біз оған дайын тұруға тиіспіз.
АҚШ-тың біздің банктерге елеулі әсер еткен ипотекалық дағдарысының
сабақтарын естен шығармаған жөн. ҚБА әр банктегі ахуалды неғұрлым мұқият
қадағалап, қажет болған жағдайда алдын алатын және ықпалды шаралар
қабылдауы керек, - деп келтірді. 1, 11
Осы дипломдық жұмысымда банкаралық несиенің мәні мен орнын,
банкаралық несие нарығының функциясы мен оны ресімдеу тәсілдерін,
банкаралық несие – банктік ресурс көзі екендігін, Ұлттық Банк несиелік
қызметін, несие нарығындағы банктің қызметін, банкаралық несиелендіру
жүйесін жетілдіру жолдарын қарастырамын.
Диплом жұмысының мақсаты – нарықтық экономикадағы банкаралық несиенің
мәні мен оның ролін қарастыру.
Осы мақсатқа жету үшін келесі міндеттер шешілуі керек:
- нарықтық экономикадағы банкралық несиенің мәнін анықтау;
- ҚР банкаралық несие нарығын талдау
- Ұлттық Банктің несиелендіру жүйесі мен оның жетекшілік рөлін
анықтау;
- Коммерциялық банктердің банкаралық несие беру механизмін Халық
Банк АҚ мысалында талдау.
- Банкаралық несие жүйесін жетілдіру жолдары мен шетелдік
тәжірибелерді қарастыру болып табылады.
Зерттеу обьектісі: Халық Банк.
Бұл жұмыста зерттеудің теориялық және әдістемелік негізі ретінде заң
актілері, ҚР Президентінің Жарлықтары мен Жолдауы, ҚР Үкіметінің Қаулылары,
отандық және шетелдік ғалым-экономистердің ғылыми еңбектері пайдаланылды.

Зерттеу нәтижелері салыстырмалы талдау, сараптамалық, есептік-
құрылымдық, экономикалық-математикалық әдістерді қолдану көмегімен
жасалынды.
Диплом жұмысы кіріспеден, үш бөлімнен, қорытынды және пайдаланылған
әдебиеттер тізімінен тұрады.
Бірінші бөлімде банкаралық несие нарығының функциясы, оны ресімдеу
тәсілдері, банкралық несиенің мәні мен маңызы, қажеттілігі мен механизмдері
қарастырылды.
Екінші бөлімде Ұлттық Банктегі несиелік қызметке талдау жасалды және
коммерциялық банкттердің банкаралық несиелері Халық Банкі негізінде
талданып, несиенің рөлі талданды. Бұдан бөлек, банкаралық несие қызметіне
жалпы сипаттама беріліп, еліміздің банктеріндегі несие беру жағдайы
бағаланып, сараптама жүргізілді.
Үшінші бөлімде банкаралық несиелеу жүйесін жетілдіру жетілдіру жолдары
мен шетелдік тәжірибелер баяндалды. Сөйтіп банкаралық несие жүйесін
жетілдіруді мемлекеттік қажеттілік ретінде қарастыру қажеттігі ұсынылды.

Қорытындыда дипломдық жұмыс нәтижелері негізінде әзірленген тұжырымдар
мен ұсыныстар берілді.

1 Банкаралық несие ЖӘНЕ ОНЫҢ ӘЛЕУМЕТТІК-ЭКОНОМИКАЛЫҚ МАҢЫЗЫ

1.1 Банкаралық несие нарығы туралы түсінік және оның мәні

Банктер - нарықтық құрылымдар жүйесінің орталық бөлімшелерінің бірі,
ал оның қызметінің дамуы - нарық механизмін нақты құруға қажетті жағдай
болып табылады. Несие жүйесінің негізгі буыны - банктер болғандықтан,
масштабы мен маңызы жөнінен несие қатынастарының басым көпшілігі банктер
арқылы өтеді. Банктер мемлекет пен кәсіпорындардың, акционерлік қоғамдар
мен жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің, мектептер, мен
ауруханалардың, институттар мен бала-бақшалардың және халықтың уақытша бос
ақшаларын шоғырландырып, оларды іс жүзіндегі капиталға айналдырады. Сонымен
қатар, банктер төлем, есеп айырысу, несие беру, сақтандыру секілді сан
алуан операциялар жүргізеді. 2,32
Бүгінгі күні әлем адамдарға қарағанда жылдамырақ өзгеруде. Бұл әлем
өзінде аса бағалы құндылықтарға жылдамдық пен уақыт айналып келе жатқан,
ресурстар мен қаржылық ағынды белсенді түрде шоғырландырып жатқан ортақ
жаһандық кеңістікке айналып келеді. Жаһанданудың ырғағы мен қарқыны күннен
күнге жылдамдай түсуде. Сондықтан соларға сәйкес болу үшін адамдар ақиқатты
басып озатын межелерге табысты аяқ басудың жаңаша жолдарын іздестіруі тиіс.
Қазақстанның жаңа әлемде лайықты орынға ие болуы үшін мүмкіндіктері
жеткілікті. Қазақстанның алдында нарық субъектілері бәсекелестігін қолдап
әрі дамыту міндеті тұр. Осы ретте банк ісінің де маңызы арта түсті.
Соңғы екі жыл бойы Қазақстанның банк жүйесіндегі несиелік берешек
көлемінің орташа өсімі жылына 50 пайыздан артып отыр. Елдегі ірі банктерде
бұл көрсеткіш тіптен жоғары, мәселен, 2008 жылы Ұлттық Банк бұл
көрсеткіші 71 пайызға жуықтады. Бұл құбылысты мұнайгаз өнеркәсібі, ауыл
шаруашылығы мен құрылыс саласындағы өнім мөлшерінің тез өсуіне байланысты
ел экономикасының үлкен қарқынмен өсуі, сондай-ақ, экономикалық базаны
диверсификациялау қажеттігіне байланысты банк қызметі, шағын және орта
бизнес секілді жаңаша бизнес-сегменттердің пайда болуы, орта тап
өкілдерінің өсуі мен халықтың әл-ауқатының жақсаруымен түсіндіруге болады.
[17; 18]
Банк секторының дамуы көбінесе ел экономикасының жағдайымен
белгіленеді. Экономиканың шапшаң өсуі жағдайында банк секторы, әдетте,
неғұрлым жоғары қарқынмен дамиды.
Банкаралық несиелер – бұл бір банктің екінші банкке беретін несиесі
немесе банктің басқа банкке салған депозиттері. Бұл жағдайда несиелік
жағдайлардың субьектісі коммерциялық немесе орталық банктер болады. Еркін
несие қорлары бар банктер оларды банкаралық несие нарығында – ақша
нарығында сатады. Банкаралық несиелердің көмегімен банктер өтімділігі жедел
түрде іске асатын істерді басқара алады, өздерінің қаржыларын қажет уақытта
әрі еркін несиелік қорларын уақытша орналастыруға назар аударады.
Банкаралық несиелер нарығының қатысушыларының қатарына өздерінің іс-
қимылдарын тұрақсыз атқаратын қаржылық жағдайларына байланысты тұрақсыз
атқаратын банктер кіреді. Банкаралық несиелер нарығының белсенді
операторлары – дилер банктер, өздерінің атынан әрі өздерінің есебінен қарыз
беруші немесе несие беруші ролін атқарады. Олардың табысы – пайыздық
маржасы, орналастыру мен қорларының айырмасы. Банктер стандартты ақпарат
алып отырады және келісімдердің орындалуы үшін белгілі құралдарды алып
отырады. Операциялық жүйенің табысы қатысушылардың комиссиялық және
абоненттік төлемдері есебінен төленеді. Несиелік банк басқа банктің
несиесін тікелей және делдалдық жолмен (басқа банк, қор биржасы, брокерлік
бақылау т.б.) арқылы тарта алады.
Банкаралық несие нарығының қызметі:
1. Қаржылық рыноктың бас секторындағы банктің активті операциялары үшін
қаражат жеткізуші болып саналады;
2. Банктің ағымдық өтімділік құралы болып табылады;
3. Несиенің әр алуан мерзімі бойынша жіктеу есебінен және несие
орналастыру мен тартудағы бағалардың өзара айырмашылығы есебінен келіп
түсетін қосымша түсім көзіне айналады.
4. Банкаралық несиелер – рынок конъюнктураларындағы өзгерістерді барынша
жылдам елейді.
5. Банк қызметінің барынша тұрақты түріне жатады.
6. Банктердің сенімді клиенттер мен серіктестер тауып, оларға тұрақты
түрде несие беруіне зор мүмкіндік жасайды.
Кредиторға қатыстылар - Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі және
екінші деңгейдегі банктер.
Банкаралық несиелендірудің делдалдары: брокерлік бақылаушылар, қор
биржалары, қаржылық үйлер және несиелеу дүкендері.
Қарыз алушылар қатарына жататындар: екінші деңгейлі банктер мен
банктік емес несиелеу мекемелері.
Банкаралық несиеге мұқтаждық классификациясы:
1. Төлем айналымындағы алшақтық – несие сомасы қарыз алушының жеке
капиталынан аспауы керектігі ескертіледі.
2. Ағымдық өтімділікті қолдау.
3. Тартылған және таратылған қаражат сомасы мен мерзімі бойынша
баланстылық.
4. Активті және пассивті операциялар бойынша сыйақы ставкаларындағы
айырмалар есебінен кіріс келтіру.
5. Валюталық қаржылық нарықтағы операциялар аясын кеңейту.
Несие беруші банк алдында өз міндеттерін орындамаған яғни кредитті
мезгілінде қайтармаған банктер тарапынан үлкен қауіп төнуі мүмкін.
Ал несиені өтеу үшін банк аз мөлшердегі ақша займдарын алуға мәжбүр
болады. Бұдан шығатын қорытынды, бұл шешім өтімділік мәселесін шешуге
мүмкіндік береді. Осының салдары банкаралық дағдарыс әкеп соғуы мүмкін.
Банкаралық несие кредит келісімімен ресімделеді. Банкаралық нарықтағы
ынтымақтастық басты келісімдер негізінде жүзеге асады. Кредит келісімі
мыналарды қарастыруға тиіс:
1. келісім түрі;
2. несиелеу нысаны (несие мақсаты);
3. келісім мерзімі;
4. келісім құны (сыйақы);
5. несиелеумен қамту;
6. келісімшарт бойынша жауаптылардың құқықтары мен міндеттері;
7. өзге де шарттары (форс-мажорлық);
8. қолтаңба.
Банкаралық несиелерді ресімдеу. Банкаралық несиені алу кезінде қарызгер
несиелеу бөліміне келесі құжаттарды тапсырады:
- сома көлемі көрсетілген өтініш хат;
-несие ресурстарына деген талабы;
- пайдалану мақсаты;
- қайтару мерзімі ;
- нотариальдық расталған жарғы;
- мекемелік келісім;
- тіркеу туралы куәлік;
- қолтаңба және мөр бедерлемесімен бейнеленген құжат;
- несиеге өтінім беру күні мен жылдық баланс;
- экономикалқ нормативтер есебі;
- баланстық жеке тармақтар бойынша мағынасы;
- несиені уақытында төлеуге қабілеттілігін дәлелдейтін құжаттар;
- өзге несие беру ұйымдарының кепілдемесі, олардың баланстық көшірмесі;
- жеке жылжымайтын мүлігіне құқығы туралы куәлік.
Несие келісімдері бойынша міндетті құжаттарға жедел міндеттемелер жатады.
Осы міндеттемелермен басты келісімдер аясында кредит сомасын (келісім
договоры) алу ресімделеді. Банкаралық несие берілер кезінде несие берушіге
қарызгер төлемді орындайтындығы туралы құжат береді. Өз кезегінде қарызгер
жедел міндеттемелер береді. Жедел міндеттемелер бір мезгілдік мәмілелерді
бекіту болып табылады. 16.5
Кредитті алғаннан кейін қарызгер банк ұдайы кредитор-банкке ө есебін,
өзге банктерден алған несиелері жайлы мәлімет беріп отырады, сонымен қатар
ҚР Ұлттық банкі бекіткен ликвидтік нормативтерді сақтау қажеттігін хабарлап
отырады. Қарыз беруші банктің аналитикалық қыметі қарызгер банктердің
қаржылық жай-күйін бақылап отырады.
Тараптар келісімге тұрғаннан бастап бір ай ағымында бір-біріне баланстары
мен экономикалық нормативтерін ұсынатын болады. Банкаралық несиені алуға
ұсынысты қарастыру кезінде қарыз беруші банк қарыз алушы банктен мөр
басылған, қол қойылған соңғы есеп датасының балансын талап етеді. Тараптар
келісімдерге қатысты ақапараттардың нақты болуын және берілген құжаттардың
заңдық күшінің болуын (электронды нұсасы түпнұсқамен сай келуі) қатаң түрде
міндетке алады. Уақытша қаржы ресурстары болған жағдайда немесе несиелерді
алуға қажеттіліктерді дилерлер байланыс жүйесі бойынша келісім бекітуге
бағыттайды.
Мәміледе мынадай шарттар көрсетілген:
- банкаралық несиенің сомасы мен валюта түрі;
- пайыздық үстеме және пайызды өтеу мерзімі;
- корреспонденттік шотқа сәйкес қаражатты қою күні;
- сәйкес төлемерді жүзеге асыру жөніндегі нұсқаулықтар;
- қолданыстағы басты келісімдер датасы мен нөмірге сілтеме.
Банкаралық несиені өтеу несиенің соңғы төлем мерзімінде де мүмкін
болады. Егер қарызгер банктің негізгі қарызы мен үстеме пайызын төлеуге
қаражаты жетпесе, қарыз беруші қарызгерге айып төлетуге құқылы. Банкаралық
несиені немесе оның бір бөлігін тез арада қайтару қажет болса, қарыз
берушінің жабаша келісімі қажет. Банкаралық несиені немесе оның белгілі бір
бөлігін жазбаша келісімсіз мерзіміен бұрын өтеген жағдайда, үстеме пайыз
келісімде бекітілген тармақтарға сәйкес болып қала береді.
Келісімшарт жасау кезіндегі маңызды сәт - несиені өз уақытында
қайтару. Банкаралық несие банкті деңгейіне, оның капиталына, қаржылық
жағдайына қарамастан берілген болуы да мүмкін. Алайда келісімдердің басым
бөлігінде банкаралық несие бойынша белгіленген міндеттемелер банкаралық
несие нарығындағы негізгі мәмілелер есебіна сай беріледі.
Несиемен қамтамасыз етуде қарызгер банктің мүліктері де басты орында
саналады. Банкаралық несие бойынша пайыздық қарыздар келесі заңдар негінде
бақыланады:
1. Банкаралық несие бойынша ставка;
2. Шаруашылық субьектілерінің депозит бойынша несие ставкасы;
Несиелік қатынастар шарттарын атқарудағы тараптардың өзара
жауапкешілігі негізгі келісімде жазылады. Қарызгер банктің мерзімін
ұзартқан қарызы үшін екі есеге дейін айыппұл төлеуге мәжбүр болады. Қарыз
беруші банк келіп түсуге тиіс қаржы кешіктірілген жағдайда алынатын
қаржының сомасына қарай күн сайын екі пайыздан бес пайызға дейін үстеме ақы
қосып отырады.
Бұл белгілі бір кезеңдегі қарыз беруші банктің корреспонденттік
шотынан алынған ақшаның қарыз алушы банк шотына салынуына дейінгі айрықша
маңызды кезеңмен байланысты. Нәтижесінде несиені алу не оны белгілі бір
мақсатта пайдаланудың шынайы мүмкіндіктері кейінге қалдырылады. 38.26
Банкаралық несие бойынша кредит шарттары банктерге, банктерде қызмет
атқаратын еңбеккерлерге тікелей тәуелді. Несие көбінесе үлкен пайызбен
қысқа мерзімге беріледі. Кредит мөлшері қарыз алуға ниетті банктің
меншікті капиталының көлеміне бағынышты.
Осы реттегі біріктірілген несие - банктердің немесе басқа несиелендіру
институттарының синдикаты берген қарыз. Әдетте ондай қарыздарды әуелі
көшбасы банктердің шағын бір тобы ұйымдастырады, олар шарттарды өзара
ескереді, содан кейін басқа несиегерлердің жалпы санын сондай қарыздың
шағын үлестерін өзіне қабылдауға үгіттейді. Біріктірілген қарызға қатысу
несиегерлерге несиелер белгілі бір қарызгерлермен төте келіссөздердің
негізінде берілгенге қарағанда, анағұрлым кем тәуекелді қоржынға ие болуға
мүмкіндік береді – қарызгерлер несие шарттарын өздерінің пікірі бойынша
басқа несиегерлерді синдикатқа кіруге тартып, қажетті ақша сомасын жинауға
қабілетті бір органмен келісуі мүмкін.
Ал ең ірі банктердің бірі – консорциумның басшысы несиелік,
кепілдемелік немесе басқа да банктік операцияларды бірлесіп жүргізу
мақсатында уақытша ұйымдастырған банктер тобы. Несиелер беру бойынша
бірлескен жобаларды іске асыру мақсатында және басқа да міндеттерді шешу
мақсатында банктердің бірлескен қызмет туралы шарттың негізінде
консорциумдар құруға және басқа консорциумдардың, қауымдастықтардың
қызметіне қатысуға құқығы бар. Банктердің жекелеген қарызгерлерді немесе
заңды тұлғалар топтарын бірлесіп несиелендіру үшін, сондай-ақ қаржы
нарығында басқа да қызметті іске асыру үшін, егер оларды жүзеге асыру
банктік қызмет туралы заңнаманың талаптарына қайшы келмесе, өздерінің
қаржылық ресурстарын біріктіру жолымен консорциум құруға құқығы бар.
Банктердің консорциумын құру үшін қажетті шарт оның қатысушыларының тең
несиегер банктердің құрамындағы ықтимал өзгерістен тәуелсіз, біріктірілген
(консорциалдық) қарызды беру туралы шарттың ережелерін өздерінің
орындайтыны жөнінде міндеттеме қабылдауы болып табылады. Бірлескен
қызметтің аталған түрінің қатысушыларының құқықтық мирасқорлары туралы
норма банктердің консорциумын құру туралы келісімге енгізілуге тиіс.

1.2 Банкаралық несие – банктік ресурс көздерінің бірі

Банкаралық несиелер – қымбат кредиттік қор, депозиттерден айырмашылығы
резервтік талап етулер қойылмайды. Сондықтан банкаралық несиеден түскен
барлық ақша банктің пайдалы істеріне жұмсалуы мүмкін.
Несиелік ресурстың құны - банкаралық несие нарығындағы кредиттің
проценттік үстемесі – сұраныс пен ұсыныс әрекеттері негізінде бағаланады.
Несиелік және депозиттік келісімдер банкаралық несиелер нарығында
белгілі бір уақытқа және белгілі бір мерзімге беріледі.
Банкаралық несиелер мен депозитке шектеу қойылғанда банкаралық келісім
деген атауға жөн сілтеу дұрыс емес. Мысалға; банкаралық несиені овернайтты
депозит сияқты қарастыруға болады. Банкаралық несие келісімдері – бұл
жазбаша түрде әрі екі тараптың заңдылықтарын реттеп отырады.
Банкаралық кредит жүйесі басқа банктік жүйелер сияқты екі деңгейді
міндеттейді. Бірінші деңгейі ҚР Ұлттық банкі және коммерциялық банк
қаражаттарының ағымын айқындайды, екінші деңгей коммерциялық банктер
арасында.
Банкаралық несиенің маңыздылығы несие субьектісінен басқа оның
бастапқы элементтеріне, ерекшелігіне, бағытының жылдамдығына және ақысына
байланысты.
Банкаралық несиенің бастапқы элементтері – бұл банктік ресурстар
және кепілдік құны: банкаралық несие бағытының жылдамдығы – бұл
ресурстармен ақылы алмасу, сондай-ақ қарыз беруші мен қарыз алушы банктер
арасындағы кепілдік құны; банкаралық несие жылдамдығы – бұл жылдамдықтың
екі кезеңі: қарыз берудегі және оны жабудағы. Осыдан келіп шығатыны,
Банкаралық несиенің маңыздылығы ақылы алмасудың екі сатысын; қарыз (ссуд)
беруде – қарыз беруші банк, қарыз алушы банктің міндеттерімен қамтамасыз
ееттін тікелей алмасу, ал несиені жапқанда – керісінше, ресурс алмасу,
қарыз алушы банк қамтамасыз ету мен міндеттеу, кредит алған кездеқарыз
алушы банкке міндеттейді. Негізінде банкаралық несие мәні қарыз беруші банк
пен қарыз алушы банк арасындағы формалық құндармен алмасу (несиелік және
кепілдік) тұрады.

Кесте 1
Несиелік және депозиттік келісімшарттардың жағдайы*
Несиелік және Келісімшарт уақытыҚаражаттың Қайтару мерзімі
депозиттік аударылу мерзімі және пайыз төлемі
келісімшарттың
жағдайы
Овернайт 1-жұмыс күні Келісімшарттың Екінші күні
(келісімді жұма алғашқы күні Белгіленген
күні жасағанда уақыттан кейінгі
жұмаға дейін қаражатты аудару
дүйсенбіні қоса уақыты
есептегенде)
Толнекс 1-жұмыс күні Келісімшарт Екінші жұмыс күні.
(келісім жасалған жасағаннан кейінгіҚаражаттың
бейсенбі-жұмадан екінші күн түсімінен кейінгі
дүйсенбіні қоса белгіленген уақыт
есептегендегі
кезең)
Бірінші апта 7 календарлық күн Келісішарт Қаржылық
жасалған күні аударымнан кейінгі
белгіленген 7-ші
күн
Екінші апта 14 календарлық күнКелісімшарт Қардылық
жасалған күн аударымнан кейінгі
белгіленген уақыт
бойынша 14 күн

* Мақыш С.Б. Қазіргі неиселік механизм және оларды жетілдіру жолдары:
Автореферат. –Алматы. 2007 ж.
Банкаралық несиелер экономикаға оң әсер етеді.
Банкаралық несиелер – беріктік және мәндеттілік қасиеттерімен
ерекшеленеді.
Банкаралық несиелердің беріктігі оның маңызымен, құндылықтарды ақылы
түрде алмасу қарыз беруші банктің қарыз алушы банкке кепілдік бағасы арқылы
анықталады.27.56
Банкаралық несиелер беріктік қасиетінен, оның міндеттілік қасиеті,
алдымен, несиелендіру үшін ресурстық базаны кеңейту қабілеті шығады.
Экономикалық дағдарыс банкаралық несие сапасын қайта бөлу
ресурстардың материалдық өндірістік несиелендіруге шектеу қояды. Алдыңғы
жоспарда басқа да функциональдық қасиеттері, қаржылық банктегі сегменттер
банктік ресурстарды қайта бөлу.
Банкаралық несиелер шектеулі немесе дамымаған болса, ол кей жағдайда
банктің ақша шығаруына меншікті вексель немесе акцепт өнімдеріне салынады.
Банкаралық несиелер қасиеті бір-бірімен тығыз байланысты. Банк жүйесі
тәжірибесінде көбіне бірінші қасиетінің екінші қасиетіне ауысады және
керісінше.
Несиелік ағымның жалпы заңы, табиғи және өзіне тән ерекшелігі бар,
сондай-ақ банкаралық несие өзінің маңыздылығымен ерекше.
Мемлекеттік құнды қағаздар нарығының банкаралық несие ағымына әсері
коммерциялық банктерді талдағанда кездеседі. Банкаралық несиенің құрылымы
пайыздық үстеменің, оң және теріс сипатына байланысты өзгереді. Теріс
пайыздық үстеме инфляция жағдайында банкаралық несиенің массасынан қысқа
несиелерінің салыстырмалы салмағы кеңейеді.
Банкаралық несиенің ұзақ несиесін көбейту үшін төрт жағдай керек,
несиеге берілген заттың қайтаруға сенімді болуы, еркін айырбасталатын
валютаның курсының бірқалыпты болуы, мемлекеттік құнды қағаздардың табыс
деңгейінің бірқалыпты және банкаралық несиенің пайыздық үстемесі дұрыс
болуы шарт.
Оның құрылымына қарағанда көлемі төлем айналымына байланысты жүйелі
түрде ауысып отырады, қарыз алушының төлеу мүмкіндігі айналымы Банкаралық
несие көлемі үшін құрылымдық элемент болып табылады.
Активтермен төлем айналымы қарыз алушымен үнемі тығыз байланыста болады.
Активтердің өсуі немесе төмендеуі көп жағдайларда төлем айналымының өсуіне
әкеп соғады. Төлем айналымындағы өзгерістер Банкаралық несиелер ағымына
әсер етеді.
Банкаралық несиенің міндеті - банкаралық несие банктің ликвидтік
ағынын көтеру мақсатында және қаражатты рентабельді жұмсауға
міндеттейді.29.45
Банкаралық несие еркін қаржы ресурстарымен сауда-саттыққа апарады.
Қаржы ресурстаымен қаржылық жағдайы тұрақты коммерциялық банктер сауда-
саттық жүргізеді. Олар - қорлары бар коммерциялық банктер.
Қаржыларды таратудан түскен пайдаға несие беруші банктер банк
саласының басқа бағытында серіктестік қарым-қатынасқа пайдаланады.
Банкаралық несиенің мерзімі қсықа. Ол несие беруші банкті оперативті түрде
қаржы салуға бағыттап, айналымнан түскен ақшаны және басқа да ресурстарды
жұмсайды.

Кесте 2
Ұлттық валютамен берілген несиелер мен ұлттық валютамен
орналастырылған депозиттер*
Ұлттық валютамен Ұлттық валютамен
Күні берілген несиелер орналастырылған депозиттер
Жалпы көлемі Сыйақылардың Жалпы көлемі Сыйақылардың
млн. теңге орташа ставкасы млн. теңге орташа ставкасы
(%) (%)
01.08 394 5,72 26796 3,85
02.08 397 6,00 29656 3,49
03.08 860 4,94 53466 2,56
04.08 427 6,00 32890 3,38
05.08 436 5,44 30967 3,38
06.08 593 6,08 74016 2,63
08.08 467 6,00 42331 2,21
08.08 1164 4,13 42299 3,16
09.08 1261 5,08 51615 2,41
10.08 508 6,00 39899 1,74
11.08 539 6,00 43554 1,86
12.08 702 6,02 110449 2,10

* Статический бюллетень. Н.Б. 2007-2009 г.

Банкаралық несие нарығындағы қарыз алушы банк бұл нарықтың жағдайы
мен мақсатын жіті білуі керек.
Коммерциялық банк қызметіндегі банкаралық несиенің ролі мен орны,
тарихи қалыптасқан функциялары арқылы анықталады.
- қаржыларын есептік шоттарға және жедел салымдарға салу;
- жинақталған қаржыларын ақылы, жедел, қайтымды жағдайда несие беруге
мүмкіндік беру;
- есептің орындалуы.
Жарғыға сәйкес қарыз алушы банк банкаралық несие келісімшартында
несиені қандай мақсатта жұмсауын айтуға құқылы. Бұл жағдай несие уақыты
ұзақ болған жағдайда және бір қаржылық топта жұмыс істегенде іске асады.
Қысқа уақыттық несиеде қаржы қайда, не үшін пайдаланатынын білу қажет емес.
Банкаралық несиенің маңыздылығы несиелік операциялар түрі сияқты,
өзіндік операцияларымен банк баласы қарыз алушы болады.
Несиелендіру бір-бірімен байланысты үш бағытта шешім қабылдауға
байланысты. Несие алушының бағасы, несиелендіру нысанының бағасы, несиенің
жеткіліктілік бағасы.
Қарыз алушы банктің бағасы мынадай етіп қойылады:
- қаржылық нарықтағы қарыз алушы банк жағдайы және жарияланған
рейтингтік беделі, сенімділігі мен басқа да мәліметтері,
мемлекеттік органдар мен кәсіби бірлестіктер мәліметі бойынша;
- қарыз алушы банкте бар мәліметтер бойынша, анализ қорытындысы
бойынша қаржылық жағдайы;
- қарыз алушы банктің белгілі мәліметтердегі анализдік нәтижелері
бойынша тарихы.
Банкаралық несиелер мен депозиттер несиелік және депозиттік келісім
бойынша рәсімделеді, банкаралық несие нарығындағы ынтымақтастық – өзара
келісім арқылы болады.
Банкаралық несие нарығындағы ынтымақтастық туралы басты келісім бір-
біріне қысқа уақыттық банкаралық несиелерді өзара тиімді негізде және оның
берілу техникасы негізінде жасалады. Соманың нақтылығы, несие мерзімі
келісімімен және қордың сатып алусату ұсыныстарымен жүзеге асырылады. Ал
онда несиені қамтамасыз ету туралы ешқашан сөз болмайды. Қазақстандық
тәжірибедегі банкаралық несиелер кредиттік келісімшартты қарастырады:
- шарттың мәні – қысқамерзімді несиені белгілі сомада төлеуге
мүмкіндік беру;
- несиелендіру нысаны;
- келісімшарт мерзімі;
- келісімшарт құны;
- несиені қамтамасыз ету;
- келісімшарттың орындалуы үшін екі жақтың мәндеттілігі мен
жауаптылығы;
- келісімшарттың басқа да шарттары.
Белгілі сомадағы несиені қарыз беруші банктер қарыз алушы банктің
жарғылық капиталын, оның қаржылық және заңды сенімділігін есепке алады.
Несиенің көлемі Қазақстан Республикасы Ұлттық банкінің нормативті талабы
бойынша реттеледі, қарыз беруші банктің көп мөлшердегі сомасы, несие алушы
банктің меншігіндегі қаржыдан көп болмауы, яғни қарыз алушы банктің меншік
капиталынан көп болмауы керек. 28. 32
Қарыз алушы банктің алған мөлшері қарыз беруші банк капиталының 25
пайызынан аспауы керек, барлық ірі несиелердің жиынтығы 50% баланстық
міндеттемелерін қосқанда несие беруші мекеменің капиталынан 8 есе аз болуға
тиіс.
Банкаралық несие нарығындағы бос несие қаржысы болмаса коммерциялық
банктер қысқа уақыттық несие үшін Орталық банктен көмек алуына болады. Ол
банк түсінігінде қарыз берушінің соңғы инстанциясы және коммерциялық
банктерге уақытша дағдарыстан тез өтуге көмектеседі.
Банкаралық несие ресурстаның қозғалысы екінші деңгейлі банктер
арасында айналымдағы ақша салмағының өзгеруіне әкелмейді.
Банкаралық нарықта ресурстар көбіне мына түрде орындалады:
- корреспонденттік шоттағы жұмсалмай қалған белгілі бір уақытқа
келісілген бағада сыйақы төленеді;
- корреспонденттік шоттағы овердрофды түрдегі төленетін несие;
- Қазақстан Республикасы Ұлттық банкінің бағалы қағаздарының қайта
кепілдікке салу және оның есебі;
- орталықтандырылған несиелік ресурстар, экономикалық басым
бағыттарды дамытуға және өкілетті банктер арқылы орналастыру;
- аукциондық негізде бөлініп, орталықтандырылған несиелік ресурстар.
РЕПО жобасы - (келісімшар негізінде қысқа мерзімдік банкаралық несие
үшін 1 сағаттан 1 айға дейін беріледі) ақша қорындағы қаржы жұмсауға
болатын өте ыңғайлы қысқа мерзімдік жоба. Бағалы қағаздар түрінде есептесу,
елеулі қауіп-қатерден сақтайды. Бұл өте икемді, екі жаққа да ыңғайлы әр
түрлі мерзімді белгілеуге болады. Бір тәуліктен бастап РЕПО жобасы
бойынша түскен ақша қорға түсіп отырады. Сатып алушы бағалы қағаздармен
жұмыс істеуге құқылы. Ол сол жерде керісінше РЕПО жобасымен келісімшарт
жасай алады және сондай қағаздармен қамтамасыз етуге әрі қор биржаларын,
репоның мерзімі беткенге дейін қағаздарды алып сатуға болады.

Кесте 3
Несиелерді тарту және жайғастыру ставкасы*

Тарту ставкасы Жайғастыру ставкасы
Индекс
4,50 4,50
Овернайт 2,75 6,00
1 апта 2,80 5,95
2 апта 2,85 5,90
Салымдар
Овернайт
Томнекест
1 апта 2,00
2 апта 2,20
1 ай 2,40
Заем Ұсыныс бойынша ставка (%)
Овердрафт 7,50
Овернайт 8,50

*Шелекбай Ә., Банк ісіндегі тәуекел-менеджмент, оқу құралы Алматы
Экономика – 2008, 18-39 беттер.

2 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ Банкаралық несие нарығын ТАЛДАУ

2.1 Банкаралық несиенің қызметтік негізі және оның ресурстық базаны
құрудағы ролі

Корреспонденттік шоттағы қаржылардың қалғаны банкаралық несиеге
жатады. Бұл - өте арзан банкаралық несиелер. Оларға қойылатын пайыздық
төлемдер сыйақы деңгейінде депозиттерге талап етіледі.
Көп жағдайда банктер банкаралық несиелерді екі жағдайда алуына болады:
1. Өздерінің қорларын ретке келтіру үшін қысқа мерзімдік несиелерді
пайдаланады. Бұл Қазақстан Республикасы Ұлттық банкінің белілеген
талаптары бойынша клиеттері өте көп сомада депозиттералғанда,
олардың резервтік қорларының, нормативте көрсетілген мөлшерден
азайғанда болады.
2. Коммерциялық банктерге несие мерзімдік қажеттіліктерін өтеу үшін,
мысалы; олар өте қиын қаржылық жағдайда қалғанда, өздерінің
балансын қалыпқа түсіру үшін қажет болады.
Одан басқа кез келген банкте артық қаржы болатын әр түрлі бір немесе
бірнеше банк бір мезгілде қаржылық тоқырауда болады. Бір қаржысын сатса,
тағы біреуін сатып алуына тура келеді.31,169
Бұдан бөлек, инвестициялық сауда-саттық циклі, яғни қаржының айналым
мерзімі, кейбір банктерді, мысалы өнеркәсіп орындары мен сауда-саттық
орындарында тура келмеуі мүмкін. Банктердің қаржыны жұмсауы және құрылыстық
жұмыстарға тартуы үйлеспейді. Қазіргі кезде Қазақстанда, АҚШ-тың
Федеральдық резервтік жүйесінің аналогтік ролін (еліміздің қаржылық
жүйесінің тұрақтылығын қалыпты деңгейде ұстау үшін) ешкім орындамайды.
Қаржылық дағдарыс тарихындағы банкаралық несие қозғалысының ерекше
заңын растайды: өндірістің тоқтап қалуы немесе құлдырауы болса, банкаралық
несиенің деңгейі көп болған сайын банктік жүйе дағдарысқа ұшырайды.
Банкаралық несиелендіруде шетелдік технологияларды отандық банкаралық
несиелендіруде қолдануға болмайды. Шетелдік тәжірибеде қауіп-қатерден
сақтану несиелік деривативтер арқылы шешіледі.
Бұл жағдайлардың барлығы біріккенде банкаралық алыс-беріске стимул
береді, қаржыларды орынды пайдалану үшін құрал-жабдықтар ретінде
бірмезгілдік сақтандыру, олардың меншіктік қызметінде ұйымдасқан банкаралық
нарық түрінде.
Қазіргі уақытта отандық нарықтағы банкаралық ннесие қаржылық нарықтың
кілті, бірқатар маңызды функцияларды орындайтын сегмент секілді.
Банкаралық несие нарығы өтімділікке қаржы жеткізетін, банктердің
қаржылық нарықтағы белсенді операциялар жүргізуі үшін қажет. Банкаралық
несие нарығындағы ішкі операциялар банктерге қосымша табыс көзін ашады,
несиенің әр түрлі мерзімге берілуімен несиенің мөлшеріне байланысты.
Қазақстанның банктік секторы дамудың жолында, банктердің бір-біріне
сенімсіздігінен банкаралық несие кеңінен және жалпы түрде
қолданылмаған.32,198
Нақты коммерциялық келісімдер негізіндегі банкаралық несие – банктік
несиенің барынша жиі кездесетін түрі. Осы реттегі банкаралық несие
келісімдері фирмалар арасындағы нақты байланыстарға сілтеме жасалады.
Көрсетілген кредиттік форма сай қарыз алушы банктің несие талаптарын
бірмезгілде тіркеуіне қарай төлем нақтыланады.
Коммерциялақ банктердегі банкаралық несиенің маңызы келесі
функциялармен айқындалады:
- салымға қаражат тарту;
- несиеге қаражат қою;
-есеп-кассалық операциялар мен өзге де қызметтерді жүргізу.
Банкаралық несиенің тарту банктер арқылы анықталады:
-тікелей корреспонденттік қатынастар жолымен;
-қаржылық делдардар арқылы – есеп айырысу есептік-кассалық орталық
арқылы.
Тікелей банкаралық қатынастар банктердің өзара шот ашуын талап
етеді: Лоро — бентің өзінің корреспондентімен ашылады, ал Ностро — банк
өз корреспонденттерін немесе клиенттерне шот ашады.
Банкаралық несие банктердің кредиттік операциялары жүйесінде айрықша
орынға ие. Банкаралық несие – несие ресурсының көзі ретіндегі белгілі бір
мерзімге банктердің бір-біріне ұсынатын кредит формасы.
Банкаралық несиені ресімдеу кезінде корреспонденттік шотқа немесе
есептік-касалық орталық шотына немесе қарыз беркші банк шотына бухгалтерлік
есеп жүргізеді.
Қарыз беруші банктен ресурстар алған қарызгер банк өз клиенттері не
ұсынылған несиелері жайлы мәлімет береді. Нәтижесінде есептік және ағымдық
есептерге қажетті қаражаттардың жаңа қалдықтары пайда болады. Бұл
қаражаттар қайта бөлінуі мүмкін, жаңа банкілік несиелер пайда болады.
Банкаралық несие Қазақстанның Орталық банкінің міндетті резервтеріне
жатызылмайды. Банкаралық несие бойынша рынктық үстемелерді анықтау үшін әр
алуан технологиялық бағалар қолданылады.
Банкаралық несие индикаторын айқындаудың өзге де тәсілдерін ҚР Ұлттық
банкі ұсына алады.
1995 жылғы дағдарыстың салдарынан еліміздегі көптеген ірі банктер
өздерінің басқарушылық қабілетінен айрылды, ал осы дағдарыстан кейін 1995-
1999 жылдары банкаралық несие рыногы дамуға бейім емес еді.
Банкаралық несиелендіру сенімге кірген қатысушылар арасындағы
қаржыландырылған банк топтарында қайта қалыптаса бастады. Осыған орай олар
белгіленген несие лимиті мен контрагенттің ішкі жай-күйін бақылауды талап
етті. Сол дағдарыстан кейін банкралық несие ұйымдарыынң арасында бірқатар
мәселелер орын алды.
Қазіргі кезеңде банкаралық несие саласында туындаған мәселелрді шешуге
арналған технологиялар қажет.
Коммерциялық банктер жүйесіндегі дағдарыс: банкаралық несие төлемін
қысқартудан; азаматтардың қарызын дер кезінде төлемеуінен келіп туындады.
Сондықтан да Орталық банк кризис кезінде көмекке жылдам несие тартуға
міндеттелді.33,26
Коммерциялық банктердегі төлемдердің тоқтатылуы – бұл банк
жүйесіндежин кездесетін құбылыс. Ондай жүйелі дағдарыс елдегі банктердің әр
алуан себептермен несие бермеуікезінде туындайды.
Қазақстан банктері бір кездері орын алған банктік кризистің салдарын
жою бойынша ауымды жұмыс атқарды. Алайда алғашқы күндері оның реакциясы
адекватты емес еді.

Сурет 1. Қазақстандағы несие жүйесінің құрылымы

*ҚР Ұлттық банкінің сервистік қызметі

Шағын жүйе Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінде пайдалануға
арналған.

Шағын жүйе Ұлттық Банк және клиенттер арасында электрондық хабарлармен
алмасуды; ҚР-сы Ұлттық Банкіндегі төлем жүйесі арқылы банкаралық
аударымдарды іске асыруды; клиенттің Ұлттық Банктегі шотынан және шотына
Қазақстан Банкаралық Есеп айырысу ОрталығынаОрталығынан ақша аударуды;
Клиенттердің ҚР-сы Ұлттық Банкіндегі корреспонденттік шоттарына кіруді
іске асыруды; пайдаланушылардың Қазақстан Банкаралық Есеп айырысу Орталығы
шоттарындағы қаражатын басқаруды және бақылауды қамтамасыз етеді.

Құрамы:

Шағын жүйе мыналардан тұрады:

1. Орталық бөлігінен: "Жауапты орындаушы", "Басқарушы", "НАА
анықтамалықтары" автоматтандырылған жұмыс орындарынан және
орталықтың Oracle 9i деректер базасынан;

2. Клиенттік бөліктен: "БААЖ клиенті", "Клиенттің басқарушысы"
автоматтандырылған жұмыс орындарынан және Клиенттің FireBird 1.5
деректер базасынан.

Эргономика және эстетика:

Шағын жүйе қолмен енгізуді анықтамалықтардан мәндерді таңдауға барынша
ауыстыратындай жобаланған. Икемді ретке келтірілетін сүзгілер,
іріктеулер және топтастырулар шағын жүйемен жұмыс істеуді жеңілдетеді.

Архитектурасы:

TCPIP хаттамасы бойынша жергілікті желіде жұмыс істеу мүмкіндігі бар
клиент – сервер.

"Жауапты орындаушы" АЖО (автоматтандырылғ ан жұмыс орындары):

▪ Клиенттердің корреспонденттік шоттарымен операциялар жүргізуге;
▪ қолма-қол ақшамен операциялар жүргізуге;
▪ клиенттердің төлемдерін бақылауды іске асыруға;
▪ Қазақстан Банкаралық Есеп айырысу Орталығы төлем жүйесі арқылы
ақша аударуды қамтамасыз ету үшін "Құбаж-3Ц" жүйесімен өзара іс-
қимыл жасауға;
▪ Қазақстан Банкаралық Есеп айырысу Орталығы төлем жүйесі арқылы
ақша аударуды қамтамасыз ету үшін Қазақстан банкаралық есеп айырысу
орталығымен өзара іс-қимыл жасауға;
▪ АЖО-мен хабарлар және төлем құжаттарымен алмасуға мүмкіндік
береді." басқарушысы" АЖО:
▪ шағын жүйенің пайдаланушыларын құруға, өзгертуге, оқшаулауға;
▪ пайдаланушылардың жүйенің деректеріне және функцияларына кіру
құқығын тағайындауға;
▪ пайдаланушыларға парольдер беруге мүмкіндік береді.ықтамалықтары"
АЖО:
▪ ҚР-сы Ұлттық Банкіндегі төлем жүйелері басқармасы бөлімдерінің
анықтамалықтарын жүргізуге;
▪ клиенттердің анықтамалықтарын жүргізуге;
▪ клиенттердің шоттарының анықтамалықтарын жүргізуге мүмкіндік
береді.
"Банктік ақпараттарды жүргізу" АЖО:

▪ нормативтік-анықтамалық ақпаратты өзінде жүргізуге және орталықтан
алуға;
▪ өтінімдерді, сұратуларды және төлем құжаттарын қалыптастыруға және
көшіріп алуға;
▪ орталықтың өтінімдердісұратуларды орындауын қадағалауға мүмкіндік
береді.
Техник Қосымша бағдарламалық қамтамасыз ету:

Шағын жүйенің орталық бөлігінің жұмысы үшін ORACLE Database Server 9i
(9.2.0.4), Microsoft Excel 972000; клиенттік бөліктің жұмыс үшін FireBird
Server 1.5,  Microsoft Excel 972000 бағдарламалық қамтамасыз етуін
пайдалану қажет. 

2.2 Банктік қызмет нарығындағы банкаралық несиені талдау

Ұлттық Банк пен Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинеті
арасындағы 1994 жылғы қаңтар айындағы меморандумға сәйкес Ұлттық банк
кредитті үш негізгі бағыт бойынша береді. Директивті кредиттер Үкімет
белгілеген басымдықтар бойынша мемлекеттік бюджеттің тапшылығын жабу үшін
коммерциялық банктер арқылы және кредиттік аукциондар арқылы банктерге
берілетін кредиттер. 1994 жылы Министрлер Кабинетінің қарамағына Ұлттық
өзінің берген (27,5 млрд теңге) кредиттің 75 пайызы несиеге берілген.
Сонымен бірге бюджеттің кірісіне бөлінбеген пайда және депозиттер үшін
төлемге 16,5 млрд теңге аударылған. Бұл таза төлемдер бюджет кірісінің 17
пайыздық кредитін құрады.
Содан директивті кредиттің айналасында қиын жағдай пайда болды.
Банктер бұл кредитті қайтару бойынша жұмыстарын тоқтатты. Олар кредит
Үкіметтің кепілдемесі бойынша төленеді деп сенді. Осының салдарынан 4,6
млрд теңгеден (қайтарылуы міндетті сомадан) 1,8 млрд теңгесі ғана
қайтарылды.
Республиканың Ұлттық банкінің басты мақсаты – экономиканы төлем
құралдарымен үздіксіз жабдықтауды қаматамыз ету және елдің барлық кредит
жүйесінің қызмет етуіне жағдай жасау, есеп айырысу жүйесін қалпына келтіру,
банк қызметін реттеу. Ол басқа қаржы-кредит құралдарымен бәселеспейді және
өз қызметінде пайда табу мақсатын көздемейді. Коммерциялық және басқа да
кредиттік мекемелер өз клиенттеріне – шаруашылық субьектілері мен халыққа
не жасаса, Ұлттық банк те соны жасайды. Оның клиенттері – коммерциялық
банктер мен басқа да кредиттік мекемелер. Осыдан келіп, Ұлттық банк
банктердің банкі деген атауға ие болды. Коммерциялық банктер мен жинақ
мекемелері халықтан салымдарды қабылдап, оларға қарыз береді, сол сияқты
Ұлттық банк те банктерден және жинақ мекемелерінен салымдарды қабылдап,
оларға қарыз береді. 22,89
Ұлттық банк өз қызметін атқару үшін:
- коммерциялық банктердің резервтерін сақтайды;
- коммерциялық банктерге қысқа мерзімді қажеттіліктеріне байланысты
қысқа мерзімді қарыздар береді;
- жалпы ұлттық ауқымда қолма-қолсыз есеп айырысуды жүзеге асырады;
- банктердің қызметіне қадағалау және бақылау жүргізеді.
Ұлттық (Орталық) банктің маңызды қызметі – банктердің, жинақ және
басқа да кредиттік мекемелердің резервтер деп аталатын салымдарын сақтау
болып табылады. Қазақстан Республикасының Ұлттық банк туралы және
Қазақстан Республикасындағы банктер жәәне банктік қызмет туралы Заңдарына
сәйкес барлық мекемелер өз резервтерін Ұлттық банкте сақтаулары тиіс.
өйткені, жоғарыда айтылғандай олардың ақша айналысын реттеуде, коммерциялық
банктердің кредиттік қызметін реттеу және өтімділікті қамтамасыз ету үшін
мтратегиялық маңызы бар.
Ұлттық (Орталық) банк – коммерциялық банктерді және басқа да қаржылық
кредиттік мекемелерді кредиттеу қызметін атқарады. Шетелде орталық
банктерді соңғы сатыдағы кредит беруші деп атайды. Олар - коммерциялық
банктерден есеп мөлшерлемесін ала отырып, уақытша жетпеген өтімді
құралдардың орнын толтыру үшін кредит береді. әрине, бұл кредиттер, сауда
вексельдерімен, мемлекеттік бағалы қағаздармен немесе банктердің меншікті
қарыздық міндеттемелерімен қамтамасыз етілуі тиіс. 23,189
Қазақстан Республикасының Ұлттық (Орталық) банкі, жалпы банктік
жүйені қолдау мақсатында аукциондық негізде, ломбардтық кредиеттерді және
РЕПО операциялары арқылы кредит ұсынады.
Аукциондық кредиттерді енгізу (1993 жылдың аяғында), кезінде көп
қолданатын директивті кредиттерден айрықша кредит ретінде нақты пайыз
мөлшерлемесін белгілеуге мүмкіндік берді. Астаналық және аймақтық банктер
үшін аукциондар бөлек жүргізіледі. Аукционға Ұлттық банк белгілеген
экономикалық нормативтер мен бұрын берілген орталықтандырылған кредиттер
бойынша шарттарды орындаған банктер ғана жіберіледі. Банктерге берілетін
аукциондық кредиттер – жұмыс істеп тұрған банкаралық қаржы нарығы пайда
болар алдында қолданылатын ақша-кредит саясатының уақытша құралы болып
табылады.
Банктерге ломбардтық кредит беру, тек ақша массасына бақылау
міндетінен туындайтын Ұлттық банктің лимитімен шектеледі. Ломбардтық
кредиттер банктік қызметті жүзеге асыруға лицензия алған, өз активтерінің
құрылымында мемлекеттік бағалы қағаздар мен олардың кепілдігі бар барлық
банктердің резиденттерін тарта алады.
РЕПО операциясы екі бөлімнен тұратын қаржылық операция: бірінші
бөлімде Ұлттық банк бастапқы дилерге бағалы қағаздар сатады, сонымен бір
уақытта Ұлттық банкке келісімнің екінші бөліміндегі қатысушыларға ол бағалы
қағаздарды сатып алу міндеттемесін жүктеп, ал бастапқы дилерге оларды РЕПО
келісім белгіленген мерзімді Ұлттық банкіге ақша қаражаттарына айырбастау
үшін қайтаруды жүктейді. Кері РЕПО операциясынан РЕПО операциясының
айырмашылығы – дилер РЕПО-ны жабу кезінде оларды қайта сатып алады.
Бұл операция банктерге қысқа мерзімді кредит беру немесе банктердің
артық өтімді қаражаттарын алу үшін қолданылады.
Қазақстаннның кредит жүйесі орталық банк – Қазақстан Республикасы
Ұлттық банкінен, екінші деңгейдегі 35 банктен, олардың ішінде 2 мемлекеттік
(Қазақстан Даму банкі, Қазақстан құрылыс жинақ банкі), 83 кредиттік
серіктестік (соның ішінде 50 ауылдық), 157 микрокередиттік ұйымдар, 75
ломбард, Қазпошта акционерлік қоғамы бастаған пошталық жинақ жүйесі, 36
сақтандыру ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Банкралық несие
ҚАЗАҚСТАН БАНКАРАЛЫҚ НЕСИЕ НАРЫҒЫН ҚҰРУ
Банкаралық несиелерді ресімдеу
Банкаралық несиелеу
Төлемдерді жою
Банк қызметкерлеріне банктік несиелерді ұсыну шарттары
АТФ Банкі АҚ-ның тартылған қаражаттарын талдау және бағалау
КСРО Агроөнеркәсіп банкі
Екінші деңгейлі банктердің тартылған қаражаттары және оның түрлері
Банкаралық корреспонденттік қатынастар
Пәндер