Жер кадастры туралы


МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ

1 ЖЕР КАДАСТРЫ ҰҒЫМЫНА ЖАЛПЫ СИПАТТАМА

1. 1 Жер кадастры туралы түсінік және оның пайда болу мен даму тарихы

1. 2 Жер кадастрлық құқықтық қатынастары: объектілері мен субъектілері

1. 3 Жер кадастры құқық нормаларының құқық жүйесінде алатын орны мен атқаратын қызметі

2 ЖЕР КАДАСТРЫ ПРОЦЕСІНІҢ МЕМЛЕКЕТТІК ҚҰҚЫҚТЫҚ РЕТТЕЛУІ

2. 1 Қазақстан Республикасында жер кадастрын жүргізу ережелері мен тәртібі

2. 2 Жер кадастрлық құжаттамасы және жер учаскелеріне кадастрлық нөмірлер тағайындау шарттары.

2. 3 Жер кадастрын жүргізетін мемлекеттік органдардың жүйесі және олардың қызметін жетілдіру мәселелері

ҚОРЫТЫНДЫ

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

ҚОСЫМША

КІРІСПЕ

Жер ресурстары - бұл кез келген елдің ұлттық байлығы, халықтардың әлеуметтік-экономикалық қолайлылығының негізі. Оның өзі Қазақстан халқының игілігіне, болашақ ұрпақтарына пайдаланылуы тиіс. Осы қағиданың негізінде, елдің бүкіл жер қорын тиімді, әрі қолайлы пайдалануды және де қорғауды қамтамасыз етуге арналған жер ресурстарын басқарудағы мемлекеттің алатын орны мен рөлі туындайды. Бұл ретте еліміздің негізгі заңының 6-бабының 3-тармақшасында«Жер және оның қойнауы, су көздері, өсімдіктер мен жануарлар дүниесі, басқа да табиғи ресурстар мемлекет меншігінде болады» деп аталып кеткен [1] . Нарықтық экономика жағдайында жер тек жылжымайтын мүлік объектісі ғана емес, табиғи ресурсы, өндіріс құралы, кеңістік базисі. Осы орайда жер учаскелерін есепке алып, оларға санақ, яғни жер кадастрын жүргізу жер ресурстарын ұтымды әрі тиімді пайдаланудың негізі болатындығы сөзсіз. Қазіргі таңда жер кадастрының тиімді және заманауи жүргізілуіне үлкен мән берілуде. Себебі ол - Жер кодексінің негізгі ережелерін жүзеге асырудың, жер пайдаланушылардың құқығын қорғау мен жер ресурстарының әлеуетін тиімді пайдаланудың негізі болып табылады. Міне, осы ретте еліміздегі жер кадастрының негізгі құқықтық реттелу және қорғалу мәселелері осы дипломдық жұмыстың негізгі тақырыбы болмақ.

Зерттеу жұмысының өзектілігі. ҚР ның жер кадастрлық қатынастарын құқықтық реттеу бүгінгі жер құқығы теориясында кешенді және толық түрде зерттелмегендігімен түсіндіріледі. Ішкі мемлекеттік заңдылықтың ақтаңдақтары, қарастырған мәселе бойынша кешенді ғылыми зерттеудің жоқтығы зерттеу тақырыбын таңдауды негіздеді және жұмыстың мазмұнын, құрылымын, мақсаттарын, міндеттерін анықтады.

Тақырыптың зерттеу дәрежесі жұмыстың теориялық негізіне құқық теориясы, экологиялық, табиғи ресурстық, азаматтық және жер құқығы мәселесі бойынша жасалған заңгер ғалымдардың еңбектері пайдаланылды: С. Б. Байсалов, А. Е. Бектұрғанов, Д. Л. Байдельдинов, Б. Ж. Әбдрайымов, Н. Б. Мұхитдинов, И. В. Амирханова, А. Е. Еренов, Ж. Х. Қосанов, А. А. Хаджиев, С. Т. Култелеев, Л. К. Еркінбаева, Н. С. Баимбетов, Ш. Б. Серикбаева, т. б. Зерттеу жүргізу барысында табиғи ресурстар кадастры және жер кадастры мәселелеріне арналған ғылыми зерттеулер қарастырылды. Оның ішінде қазақстандық А. З. Қаскеева, Ресей ғалымдарынан Е. Н. Колотинская, И. В. Дегтярев, Л. И. Осипов, Т. П. Магазинщиков.

1 ЖЕР КАДАСТРЫ ҰҒЫМЫНЫҢ ЖАЛПЫ СИПАТТАМАСЫ

1. 1 Жер кадастры туралы түсінік және оның пайда болу мен даму тарихы

Материалдық игілік қайнар көзі және салық салу объектісі ретінде жер туралы мағлұматтарды объективті түрде алу қажеттілігінен тарихи жер кадастры туындады. Мемлекеттің пайда болуымен бірге жер мемлекеттік кіріс және арнайы салық объектісіне айналды. Сондықтан қоғамның бір белгілі даму сатысында алдымен жерді есепке алу, содан кейін оны бағалау керектігі пайда болады, яғни жер кадастрын жүргізу қажеттілігі туындайды [2] .

Кадастр табиғи ресурстар туралы толық және жан жақты түсінік береді және мемлекеттің шаруашылық ұлттық қызметінің негізгі құралдарының бірі болып табылады. Олар ауылшаруашылығы, орман шаруашылығы, тау кен өнеркәсібі, су тасымалы және басқа да табиғи ресурстарды пайдаланумен байланысты салаларды реттеу үшін маңызды болады [3. С 66] .

Тарих сахнасында жер кадастры басқа табиғи ресурстар кадастрынан бұрын пайда болған. Жер кадастры материалдары байлық және салық салу объектісі ретінде жер туралы қажетті мәліметтерді алу үшін пайдаланылды. Жер кадастры алдымен жер байлығын алу, мал бағу және жер жырту үшін пайдаланылған жерді тіркеу бойынша қарапайым әрекеттерді құраған. Кейін өндіріс әдістерінің дамуымен қатар жер туралы мәліметтер енгізілетін арнайы құжаттар ( тізім, реестр, журналдар) пайда болды.

Жалпы кадастр сөзінің мағынасы әр деректерде әрқалай кездеседі. И. С. Кауричев өзінің «Почвоведение» атты кітабында кадастр сөзі француздың cadastpe тіркеу сөзінен шыққан десе, ал Т. П. Магазинщиков латынның capitastrum, яғни заттар тізімі деген мағына береді деп көрсетеді. Басқа әдебиеттерде «кадастр» сөзі латынның «caput» сөзінен шыққан, иемдену заты деген мағына береді делінген. Демек, жер кадастры дегеніміз жердің құқықтық, шаруашылық және табиғи қасиеттері туралы шынайы және қажетті мәліметтердің жиынтығы. Бас кезінде кадастр кітап ретінде болды, оның ішінде (ауданы көрсетілген), салық салынатын жерлер тізімі, жер қыртысының сапасы және жер салығының көлемі көрсетілген. Тарихтың, поэзияның, философияның ежелгі ескерткіштері таксация (латын сөзі taxatio), жанрдың бағалануы б. э. д. көптеген жылдар бұрын болған мәліметтерді сақтады. Қытайда да б. э. д. үш мың жылдықта жер қыртысы тоғыз классқа бөлінген екен.

Жер кадастры туралы жете мәліметтер Ежелгі Мысыр, Греция және Римнің көптеген ескерткіштерінен табылды. Мысырлық папирустар біздің заманымызға дейін Мысырда сапасына тәуелді көптеген жер категорияларының бар болғанын күәландырады. Бірінші мысырлық фараондар кезеңдерінде (төрт мың жыл бұрын) салық салынатын жерлерге, бағалау тізімдері мұқият жүргізілді. Нілдің өзіндік жерлері табыстың бесінші бөлігін алу мақсатында және жер иелігіне құқықты орнатуда, сапалы және сандық қатынастарында есепке алынды. Мұндай есеп-бағалауды жылына екі рет фараонның арнайы таксаторлар-чиновниктер жүргізді.

Гомер поэма эпохасында (б. з. д. 12-8 ғ. ) гректер жер қыртысы және жер ұғымдарын айыруды ұғынды, олар жерді космостың элементі, ал жер қыртысын өңделген жердің қасиеті деп қарастырды. Жер сапасын салыстыра бағалау қажеттілігі Ксенофонт шығармаларында және Аристотельдің оқушысы Теофрасттың шығармаларында көрсетілген. Ксенофонт (б. з. д. 430-355ж) «экономика» шығармасында, шаруашылықты дұрыс жүргізу үшін білу қажет, берілген жерде қандай дақылдарды егу керек, ал бұл үшін жер қыртысының сапасын анықтау керек, яғни басқа учаскелердің егісімен танысу керектігін атап көрсетпек. Теофраст (б. з. д. 372-287ж. ) жер қыртысының қасиетін есептеу қажеттілігін сыза көрсетуде, әр түрлі жер қыртыстарына және жердің су өткізгіштілігі, химиялық құрамы, жылуға қатынасы, құнарлы қабаттарының тереңдігі, оның құрылымына жете тоқталады.

Ежелгі Римнің жер кадастры жер меншігінің суреттеуін көрсетеді. Арнайы реестрлерге жер учаскелерінің ауданы, оларды өңдеу әдістері, сапасы және жерлердің табыстылығы туралы мағлұматтар енгізілген. Қола кестелерге жерлердің жоспарлары, олардың атаулары, шекаралары және жер иеліктерінің аудандары жазылып отырған. Соның ішіне жерлердің сапасы және шаруашылық туралы мағлұматтар енгізілген. Рим кадастрының принциптері империяның аудандарында және колонияларында кең тарады, тағы сол сияқты басқа мемлекеттерде қолданылды.

Ортағасырлық кезеңдерде жер кадастрының дамуы туралы византиялық ауыл шаруашылық энциклопедия - Геопоники куәландырады. Онда жердің сапасын жер қыртысының сыртқы түрінен және өсімдіктері, жер қыртысының дәмі және иісінен анықтауға мүмкін болатыны көрсетілген. Көп көңіл өңір рельефіне, бөктер экспозицияларына, тағы сол сияқты жер қыртысының қасиеттеріне, яғни тығыздылығына, құрамына, түсіне аударылды. Жер қыртысының қасиеттеріне байланысты, оның сапасы және орналасу жағдайы және жер қыртысын өңдеу, дақылдар жинағы, әр түрлі қыртысқа жарамдылығы бойынша ұсыныстар жүргізілді.

Мысалы, Қытайда біздің дәуірімізге дейінгі 3 мыңыншы жылдары топырақтарды 9 класқа бөлген. Мұндай мәліметтер Ежелгі Греция, Египет, Римнің көптеген ескерткіштерінде бар. Ежелгі Римнің жер кадастрінде жер учаскелерінің көлемдері бойынша олардың сапасы, пайдалылығы, қолданатын өңдеу тәсілдері туралы мәліметтері баяндалған. Сонымен қатар жер бетінде дәл өлшеулердің жүргізілгендігі және сапасын анықтау туралы карталардың жасалғандығы келтіріледі. Жер иелері өздерінің жерлері, шаруа жабдықтары туралы толық мәліметтерді беріп отыруға міндетті болған [4. С 72] .

Батыс Еуропада Франция королі Ұлы Карл (768-814ж. ж. ) ағылшын Эдуард I (1272-1307ж. ж. ) кездерінде олардың жерлерінен алынатын табыстарын баяндайтын жер салықтарын, Фридрих II кезінде Сицилияда (1192-1250 ж. ж. ), сонымен қатар Калабрияда (1327 ж. ), Дофине провинциясында жүргізілген жер кадастрлерін айтуға болады. Жер кадастры арнайы шара ретінде феодалдық өндіріс тәсілі жағдайында әрі қарай дамыды, рәсімделді. Жерге жеке меншіктік күшейген феодалдық қоғамда әр түрлі жер иелеріне салық салу мөлшері бірдей болған жоқ. Ірі жер иелері жер салығын төлеуде көптеген жеңілдіктерді пайдаланған. Дамып келе жатқан капиталистік мемлекеттер өсіп кеткен мемлекеттік аппаратын, армиясын қамтамасыз ету мақсатымен және басқа да мәселелерді шешу үшін қаражат көбейтуге мәжбүр болды. Сондықтан феодалдық-басыбайлы қатынастарының жойылуына, жерді пайдаланушылардың, иеленушілердің салықтанатын санын көбейтуге, пайдаланатын жерлердің бәріне салық салуға мүдделі ретінде жерді есепке алушы, зерттеуші, баяндаушы және бағалаушы жер кадастры қызметі қажет болды.

Батыс Еуропасындағы ортағасырлық кадастрларға франктардың королі Ұлы Карлдың (742-814ж) жер кадастры, Вильгельм Жаулаушының (1066-1087ж) кезіндегі ағылшындық «Книга страшного суда» кітабында жерлердің саны және сапасы туралы жете мәліметтер келтірілген. Мұнда даттық хат алысу Вольдемар 2 (1231ж) кезінде, 2-Фридрихтің (1194-1250ж) сицилиялық кадастры, ағылшындық хат алысу 1 Эдуард (1239-1307ж) кезінде, Каламбрии (1327ж) кадастры, Дофинел (1369ж) аудандарының кадастры, Бранденбургтың (1375ж) курорюшерлік жерлері бойынша кітабы. Жер кадастры ары қарай дами және қалыптаса алады, феодалдық өндіріс әдістері, онда феодалдардың жерге жеке меншіктілігін нығайту шарттарындағы арнайы шара ретінде жүргізіледі. Феодализм кезінде жер иеленушілерге және жерлерге салық салу тең емес қатынаста жүргізілді [5. С 44] .

И. В. Дегтярев пен Л. И. Осипов классикалық жер кадастрының отаны ретінде Солтүстік Италияны есептейді. Толық жер кадастрлық процесс 19 ғасырдың 2-жартысында Австрияда жүргізілді.

18-19 ғасырларда мемлекеттік шығындар және оларға байланысты салық салу жүйесі бөлек батыс еуропалық мемлекеттердің өкіметтерін түбірлі қаржы реформалары және жерлер бойынша кадастр өндіруге мәжбүрледі. Оның ішінде Миландық, Тиролдық және Парцеллярлық кадастр маңызды болды. Миландық кадастр, Италияның солтүстік бөлігінде австриялық өкіметпен жүргізілді, ол жер учаскесінің табыстылығын анықтайтын кадастрлардың бірі болды. Ол үш бөлімнен тұрды - жерлерді өлшеу, олардың классификациясы, таза табыс көлемін анықтау. Жерлер тура өлшеніп құнарлығы бойынша төрт классқа бөлінді: жақсы, орташа, жаман, құнарсыз. Әр классқа орташа таза табыс орнатылды, ол алынатын салық көлемі және оның капиталды өзіндік құнының негізгі көрсеткіші болып табылды. Тиролдық кадастр (1771ж) - баға бойынша кадастр. Онда жер иелерінің айтуы бойынша учаскелер көлемі орнатылады. Жер учаскесінің табысы көлемі орташа нарықтық баға негіздерінде қойылады. Бірақ баға бойынша кадастр әр уақытта нақты нәтиже бере алмады, өйткені нарықтық бағалар және учаскелер табыстылығы сәйкес келмеді және сондықтан ол толығымен провизорлық (азықтық) мінез алды.

Франциядағы жер туралы парцеллярлық кадастр тура мәлімет берді. Таза табыс берілген учаскеде 15 жыл ішінде ауылшаруашылық дақылдардың өнімділігі негізінде анықталды. Есептеулердің жылдық ең өнімді және өнімді емесі алынып тасталынып отырды.

Қоғамның даму кезеңдері басыңда негізінен жер көлемдері туралы мәліметтер тіркелген болатын. Содан кейін алқаптар және олардың сапалық күйі бойынша есепке алу қажеттілік пайда болды. Содан соң алқаптарды топырақ және құнарлығы бойынша сипаттай бастады. Жер кадастры мәліметтерін тек мәтіндік құжаттарда ғана белгілей бастады. Топырақтардың сапасына қарай олар топтарға (кластарға) бөлінді. Оған тарихтың көне ескерткіштері куә. Олар кәзіргі дәуірге дейін көптеген жүздеген жылдан бұрын жер және топырақтарда сапасы бойынша топтастыру туралы мәліметтерден тұратын жер кадастрінің болғандығын куәләндіреді.

Қазақстандағы жер кадастрының пайда болу тарихы Ресейдегі жер кадастрының дамуымен тығыз байланысты болғандықтан, сол елдің кадастрының пайда болу мен даму тарихына қысқаша тоқталайық. Ресей жер кадастры, батысеуропалық мемлекеттердің кадастры сияқты, ұзақ даму тарихына ие. Ресейдегі бірінші жерлерді тіркеу 9 ғасырда пайда болды. Олар көбінесе монастырь және шіркеу жерлеріне қатысты болды және дін басыларын жылжымайтын мүлікпен, соның ішінде жерлермен қамтамасыз етудің негізі болды.

Біздің заманымызға жеткен көне кадастрлық құжат татарлық иго кезеңіндегі жерлерді сипаттау болып табылады. Бірінші Киевтік жерлердің татарлық санағы 1245ж. өткізілді. Монғол басқыншылары кезеңінде татарлық санақтармен қатар, жерлерге сипаттаманы орыс князьдары да жүргізді. Татарлардың алымының көлемін анықтау үшін, әр князьдің князьдығында арнайы жазу кітабы жүргізілген.

1718ж. Петр 1 жан басына шаққан алым жүргізді. Жерлердің сапалы есебі және олардың бағалануы салық салыну негізі ретінде өзінің мағынасын жоғалтып және ұзақ жылдарға жоғалып кетті. 1861ж. реформадан кейін крепостнойлар құқығын және шаруалар жанының төлемін жерге аударуды алып тастағаннан кейін, жер бағалау жұмыстарында есептеу қажеттілігі туды. Соңынан 1917жылға дейін жүргізілген жер кадастры пайда болды.

Қазақстанның жер орнату қызметінің орнау және даму тарихи процессы ұзақ және күрделі болды. Қазақстанда революцияға дейін жер қатынастары Ресей империясының заңдылықтарымен реттеліп отырды. 1917жылдан кейін жер орнату органдары жер қатынастарын реттеуді, сол заманға сай жер ресурстарын қорғауды жүзеге асырды. Бірінші кезеңде (1917-1980ж) жерлердің өзгеруінің заңдық негіздері ғана өңделді. 1917жылы 26 октябрьде қабылданған « Жер туралы » Декрет бойынша жерлерді есепке алу аса маңызды шара ретінде қаралмады және помещик жерлерін конфискациялау және фактілік алу актілеріне қосылып отырды.

Бірінші рет, жер кадастры туралы СНК РСФСР-мен қабылданған Лениннің қолы қойылған 25 июль 1918ж., Орталық статистикалық басқару жол-жобасына жазылған. Жерді қолдануға құқықты жерді бөлушілік жазулары бар құжат. Ол губерниялық жер бөлімшелермен бекітілді. Жерді қолданушылық жоспарларда және жерді бөлушілік жазуларда жүргізіліп жатқан жазулар туралы белгілер қойылып отырған. Негізгі тіркеуші бірлік болып бөлек жер учаскесі саналды, оның астарында жердің ауданы, бірнеше жер-сулардан тұратын, бір тұйықталған сызықпен жиектелген, оны басқа қолданушылардан бөліп тұрады.

Қазақстанда жерлердің өзгерісінің екінші этапы (1920-1922ж. ) өзінің негізгі міндеті ретінде патша саясатының жер қатынастарындағы ізін жою деп қойды. Түркістан Одағының он бірінші съезінің белгіленіп қойған шараларға қатысты 1920жылы қыркүйекте жергілікті халықты қамтамасыз ететін жер-су реформасын жүргізу туралы шешім қабылдады.

Одан кейін шаруалардың жерді қолданушылығын тәртіпке келтіру және оның кемшіліктерін жою үшін жер есебі жерге орналасушылықпен байланыстырылады, жер есебімен және жер қолданушылығын тіркеу арасында тығыз байланыс орын алды. «Еңбекке жер қолданушылығы туралы» заң негізінде 1922жылдың 22мамырдан бастап жерлерді ары қарай бөлуді тоқтатып және міндетті бірыңғай жер орналасушылығынан бас тарту жай негізде ұйымдастыруға шарттар жасады.

Жер өзгерісінің үшінші кезеңін (1926-1928ж. ) Қазақстандағы «Жер туралы» декреттің жүзеге асырудың соңы деп қарастыруға болады. Жер кадастрын құрастыру бойынша басқару жұмыстарын НКЗема РСФСР нұсқауларына қатысты 1927жылы 22тамыздан бастап жүзеге асырылды, 1923жылдан бастап сол кезде болған НКЗема жүйесіндегі жерлерді тіркеу және кадастр бөліміне міндет қойылды.

1929жылы басталған ауыл шаруашылықтарын бірыңғай коллективтендіру жер кадастрын жүргізуді шектеп тастады, кадастр бойынша жұмыстар тоқтатылды. 1930жылдан бастап жер орналасушылық толығымен колхоздарға қызмет етуге бағытталды. 1931жылдан бастап жерлерді бөлу жұмыстары комиссиясымен жүргізіле бастады. Оның құрамына жер орналастырушылар, агрономдар, ауыл одағының адамдары, колхоздар кірді. 1933жылы СССР Наркомземді өңдеді, ал СССР ЦУНХИ мемлекеттік жоспар жерлердің есебі бойынша нұсқауды бекітті, ол оның тәртібімен жоспарын жүйелендірді. Есеп бірінші және ағымды болып бөлінді және карточка немесе тізімдік форма бойынша жүргізілді. Оның жүргізілуі райондық жер бөлімшелерінің үлкен жер орналасушыларына міндеттелді, 1934жылы 29 мамырдан бастап «Жерлерді жер-сулары және жер қолданылуы бойынша бөлу туралы есептемелері туралы» СНК СССР Қаулысында, жерлердің есебін берумен толықтырылды. 1935-1937 жылға дейін колхоздарға мемлекеттік акттер тарату бойынша іс-әрекеттер жүргізді. Жерлердің есебі және жер қолданушы үшін маңызы заң актілері, СНК СССР-ң 1935жылы 7 шілдеде басталған «Ауыл шаруашылығына жерлерді мерзімсіз қолдануға актілер беру туралы» қаулысы 1939жылы 27мамырдан басталған ЦК ВКП және СНК СССР-ң «Колхоздардың қоғамдық жерлерін талан-талаждан қорғау шаралары туралы» қаулысы болып табылады.

1946-1950жылдары жер орналасушылығы ауыл шаруашылығының өндірісінің рационалды ұйымдары үшін, қатысты территориалды шарттарды жасауға бағытталды, егіс айналымын енгізу, жер өңдеудің мәдени дақылдарын көтеру. 1954жылы 31 желтоқсаннан басталған СССР Министрлер Одағының Қаулысымен «СССР жер қорының бірлескен мемлекеттік есебі туралы», соған қатысты жер пайдаланушыларының және жерлердің мемлекеттік есебіне мемлекеттік тіркеу бірлескен жүйелердің енгізуі болып табылады. Жүйені басқару СССР ауыл шаруашылық министрлігіне міндеттелді. Оның бұл сұрақтарға байланысты нұсқаулары барлық министрліктермен ведомстволарға, т. с. с. кәсіпорындар, ұйымдар үшін міндетті болды.

1959жылы «Казгипрозем» жобалау институты, ал 1961жылы «Целингипрозем» институты ұйымдастырылды, олар жер қатынастарын реттеу сферасында, жер ресурстарын қорғауда, жер орналасушылық әрекеттер жасады. Жер кадастрлық жұмыстарын жүргізудің сапалы жаңа кезеңін, 1977жылы СССР Министлер Одағының №501 қаулысымен «Жер кадастрын жүргізу тәртібі туралы» басталады. Сол уақыттан бастап елде жер кадастры бірлескен жүйесімен жүргізілуде.

80-жылдардың басынан жер ресурстарын басқаруда өзара байланысқан шаралар жиынтығын кіргізді-жер орналастырушылық, жер кадастры, зерттеу және жер ресурстарын картографиялау, жобалау және жоспарлау, жерлерді қолдану және қорғаудың мемлекеттік бақылауы, 90-жылдары басталған СССР-дағы бетбұрыс жер заңдарына және жер қатынастарына жаңа енгізулер енгізуге жете жете малдандырды [6. С 122] .

Қазақстандағы жер кадастрының пайда болу және даму процесін Еренов А. Е. былай бөледі: хандық кезең, Қазақстанның Ресейге қосылған кезеңі, Қазақстаннның ауыл шаруашылығын ұжымдастыру кезеңі, 1938-1953 жылғы кезең, халық шаруашылығының даму кезеңі [7. С 89] . Қазіргі таңда бұл кезеңдерді тағы бір тарихи кезеңмен толықтыруға болады: тәуелсіздік алғаннан кейінгі кезең.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Жер кадастрының құрамдық бөліктері
Жер кадастрының принциптері
Қазақстан Республикасының мемлекеттік жер кадастрының құқықтық мәселелері
Жер кадастрлық мәліметтердің мазмұнын
Жерді пайдалануды есепке алу
Жер кадастры жайлы мәліметтер
Аягөз ауданында жер кадастрының жүргізілу тәртібі
Алматы облысы Райымбек ауданы жерлерін есепке алу және бағалау
Қазақстан Республикасының мемлекеттік кадастры
Жер кадастры құжаттамасы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz