Қабдоловтың аудармалары және аударма туралы ой-пікірлері



Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..3


І ТАРАУ
З. Қабдоловтың аудармалары мен және аударма туралы ой.пікірлері ... 8

II ТАРАУ
З.Қабдоловтың проза жанрын аударудағы көркемдік ерекшеліктер
А) В. Добровольскийдің “Сұр шинельді үш жігіт” повесі ... ... ... ...15
Б) В.Закруткиннің “Судағы станица” романы ... ... ... ... ... ... ... ..21

III ТАРАУ
А.М. Горькийдің «Күн перзенттері» пьесасын аударудағы З. Қабдоловтың шеберлігі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 31

IV. Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .51

V. Пайдаланылған әдебиеттер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..53
Зерттеу тақырыбының өзектілігі.
Аударматану ғылымының өзекті мәселелерінің бірі – сапалы көркем аударма жасау десек, ол ең алдымен аудармашылардың еңбегі арқылы жүзеге асатыны белгілі. Ал мұндай жекелеген тәржімандарға авторлық тұрғыдан баға беріп, аудармаларына ғылыми түрде сараптама жасап дәлелдеуіміз қоғамымызда кенже орнаған мәдени-әдеби коммуникациялық байланыстарды одан әрі тереңдетері сөзсіз. Осы тұрғыда жазушы, ғалым, ұстаз –
З. Қабдоловтың аудармашылық шеберлігі бүгінгі таңда өз дәрежесінде сөз етілмегендігінде еді.
Аударматану ғылымының теориясы мен практикасында жанрлық тұрғыда драмалық шығармаларды аудару үрдісінде жүйелілік, ұлттық тілдік-әдебиетімізде бірізділікте көрініс таппауы өзекті мәселелердің біріне айналып отыр.
Шынында, драматургиялық шығармаларды аудару үшін, жалпы тілді білумен қатар, театр өнеріне таныс, оны сүйетін адамдардың қатысуы керек болса, азғана аудармашыларымыздың ішіндегі тәуірлері проза саласында көлемді романдар аудару ісіне араласып, драматургияға онша көңіл бөлмей жүргендігінде. Бұл ретте З. Қабдолов қалам тартқан проза, драматургия саласындағы аударма тақырыптар (М. Горькийдің «Күн перзенттері» пьесасы) қазіргі уақыт тынысында өзекті болып табылады.
Бүгінгі күнде аударма саласының тек қана әдеби шығармашылықпен ғана емес, лингвистика, психология, салыстырмалы әдебиеттану және т.б. сынды ғылымның іргелі салаларымен тығыз байланыстағы пән екенін ескере отырып, оны жан-жақты зерттеу қолға алына бастағандықтан, аударматанудың жалпыдан – жалқыға, яғни салалануына нақты мысалдарға сүйене отырып жанрлық тұрғыдан қарастыру – бүгінде қазақ аударматануындағы пісіп-жетілген өзекті мәселелердің бірі деп айтуға болады.
Аударма мәдениеттілігінің жоғары деңгейін қалыптастыру ұлттық әдебиеттің өсуіне және оның өзіндік дәстүрлі сипатын жасауға мүмкіндігін тудырды. З.Қабдолов тәржімалаған аударма еңбектерді тілдік-стильдік тұрғысынан саралап-сараптап талқылау өзектілігі ғылыми тұрғыдан баяндалады.
В.А.Закруткин, В.А.Добровольский, Н.В.Гоголь, А.М.Горькийдің сынды орыс классиктерінің шығармалары қазақ тіліне З.Қабдолов аудармасында қандай дәрежеде жеткен? Түпнұсқадағы әрбір сөздердің, сөз тіркестерінің, сөйлемдердің мәні, мағынасы аударма нұсқада өз орнында тұр ма? Аудармада түпнұсқаның стильдік желісі сақталған ба, жоқ па?,– деген нақты сауалдарға жауап іздеу қазіргі кезде терең зерттеуді қажет ететін басты мәселелердің бірі болып саналады.
1. Қабдолов Зейнолла Қабдолұлы: Библиографиялық көрсеткіш /Құраст. Ә.Қ. Нарымбетов. – Алматы: Қазақ университеті. 2002 ж,–136 б.
2. Қабдолов Зейнолла Қабдолұлы: Библиографиялық көрсеткіш /Құраст. Ә.Қ. Нарымбетов. – Алматы: Қазақ университеті. 2007 ж,–72б.
3. Дәуренбекова Л.Н. 1960-1980 жылдардағы түпнұсқа мен көркем аударма мәтіндерінің сәйкестігі. Автореферат. Астана. 2008 ж, –24 б.
4. Дәуренбекова Л.Н. 1960-1980 жылдардағы түпнұсқа мен көркем аударма мәтіндерінің сәйкестігі. Автореферат. Астана. 2007 ж, –12-13 б.
5. Жүсіп Қ. Қазақтың Қабдоловы. //Арыс. Алматы: 2005 ж.
6. Қаратаев М. Ізденіс іздері. – А, 1984 – 79б.
7. Тарақов Ә. Аударма әлемі. Алматы: Қазақ университеті, 2007. – 243 б.
8. Добровольский В.А. Трое в серых шинелях. Повесть. М.: Гослитиздат. 1949.
9. Добровольский В.А. Сұр шинельді үш жігіт. Повесть.//ҚМКӘБ. Алматы., 1950 ж. – 231б.
10. Кеңесбаев І. Қазақ тілінің фразеологиялық сөздігі. // Ғылым баспасы. Алматы., 1977ж, – 712 б.
11. Закруткин В.А. Плавучая станица. Роман. Москва: Советский писатель. –1952. – 355 с.
12. Закруткин В.А. Судағы станица. Роман.Алматы: ҚМКӘБ. – 1952. – 356 б.
13. Фразеологический словарь русского языка. Москва, «Русский язык». 1986. Аударматану мен әдеби компаративистиканың өзекті мәселелері. – Алматы. 2009.– 92 б.
14. Қазақша-орысша фразеологиялық сөздік. Мектеп. Алма-Ата. 1988. –224с
15. Орыс мақал-мәтелдері.– Алматы: Көшпенділер, 2003.– 160 б.
16. Горький М. Собрание Сочинении. Т.6. // ГИХЛ. М., 1950.
17. Горький М. Собрание сочинении. Т.23. // ГИХЛ. М., 1953.
18. Горький М. Пьесалар. // Өнер. А., 1982.
19. Сатыбалдиев Ә. Сөз қазынасының кеншісі. //Аударма баспасы. Астана: 2008 ж,-328
20. Серғалиев М.С. Русско-казахский, казахско-русский словарь, орысша-қазақша, қазақша-орысша сөздік. //Сөздік-словарь., Алматы: 2004 ж. – 680 с.
21. Талжанов С. Көркем аударма туралы. – Алматы.,1962
22. Горький М. Собрание сочинении. Т.15. // ГИХЛ. М., 1951.
23. Горький М. Пьесалар. // Өнер. А., 1982.
24. Тарақов Ә. Аударма әлемі. Алматы: Қазақ университеті, 2007. – 243 б.
25. Аударма теориясы мен тәжірибесінің және салыстырмалы әдебиеттанудың өзекті мәселелері. Алматы., 2007ж.
26. Қабдолов З. Таңдамалы шығармалар. 5.т. //Санат. Алматы: 2006,– 440б.
27. Ахметов З. Дарындылық пен парасаттылық // ҚазМУ хабаршысы. Филология сериясы.–1997.–№14.–81-84 б.
28. Жүнісов С. Сөнбейтін оттар. // Жетісу. – 1967. – 5 июль; ҚазМУ хабаршысы. Филология сериясы. – 1997. – №14. – 64-66 б.

29. Жүсіп Қ. Қазақтың Қабдоловы. //Арыс. Алматы: 2005 ж.
30.Аударматану мен әдеби компаративистиканың өзекті мәселелері. Республикалық ғылыми-теориялық конференция материалдары. Алматы: 2008ж. – 226 б.
31.Сатыбалдиев Ә. Рухани қазына. – А., 1987.
32.Саденова А.Е. Диалог, оның мазмұндық түрлері. // ҚазҰУ хабаршысы. Фил. Сериясы № 3 (102). 2007 ж. 124 б. З. Қабдолов. Әдебиет теориясының негіздері. Мектеп: Алматы. – 1970. – 378 бет.

Пән: Әдебиет
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 58 бет
Таңдаулыға:   
л

р

Кіріспе

Зерттеу тақырыбының өзектілігі.
Аударматану ғылымының өзекті мәселелерінің бірі – сапалы көркем аударма
жасау десек, ол ең алдымен аудармашылардың еңбегі арқылы жүзеге асатыны
белгілі. Ал мұндай жекелеген тәржімандарға авторлық тұрғыдан баға беріп,
аудармаларына ғылыми түрде сараптама жасап дәлелдеуіміз қоғамымызда кенже
орнаған мәдени-әдеби коммуникациялық байланыстарды одан әрі тереңдетері
сөзсіз. Осы тұрғыда жазушы, ғалым, ұстаз –
З. Қабдоловтың аудармашылық шеберлігі бүгінгі таңда өз дәрежесінде сөз
етілмегендігінде еді.
Аударматану ғылымының теориясы мен практикасында жанрлық тұрғыда
драмалық шығармаларды аудару үрдісінде жүйелілік, ұлттық тілдік-
әдебиетімізде бірізділікте көрініс таппауы өзекті мәселелердің біріне
айналып отыр.
Шынында, драматургиялық шығармаларды аудару үшін, жалпы тілді білумен
қатар, театр өнеріне таныс, оны сүйетін адамдардың қатысуы керек болса,
азғана аудармашыларымыздың ішіндегі тәуірлері проза саласында көлемді
романдар аудару ісіне араласып, драматургияға онша көңіл бөлмей
жүргендігінде. Бұл ретте З. Қабдолов қалам тартқан проза, драматургия
саласындағы аударма тақырыптар (М. Горькийдің Күн перзенттері пьесасы)
қазіргі уақыт тынысында өзекті болып табылады.
Бүгінгі күнде аударма саласының тек қана әдеби шығармашылықпен ғана
емес, лингвистика, психология, салыстырмалы әдебиеттану және т.б. сынды
ғылымның іргелі салаларымен тығыз байланыстағы пән екенін ескере отырып,
оны жан-жақты зерттеу қолға алына бастағандықтан, аударматанудың жалпыдан –
жалқыға, яғни салалануына нақты мысалдарға сүйене отырып жанрлық тұрғыдан
қарастыру – бүгінде қазақ аударматануындағы пісіп-жетілген өзекті
мәселелердің бірі деп айтуға болады.
Аударма мәдениеттілігінің жоғары деңгейін қалыптастыру ұлттық әдебиеттің
өсуіне және оның өзіндік дәстүрлі сипатын жасауға мүмкіндігін тудырды.
З.Қабдолов тәржімалаған аударма еңбектерді тілдік-стильдік тұрғысынан
саралап-сараптап талқылау өзектілігі ғылыми тұрғыдан баяндалады.
В.А.Закруткин, В.А.Добровольский, Н.В.Гоголь, А.М.Горькийдің сынды орыс
классиктерінің шығармалары қазақ тіліне З.Қабдолов аудармасында қандай
дәрежеде жеткен? Түпнұсқадағы әрбір сөздердің, сөз тіркестерінің,
сөйлемдердің мәні, мағынасы аударма нұсқада өз орнында тұр ма? Аудармада
түпнұсқаның стильдік желісі сақталған ба, жоқ па?,– деген нақты сауалдарға
жауап іздеу қазіргі кезде терең зерттеуді қажет ететін басты мәселелердің
бірі болып саналады.
Аударма тарихы талай ғасырды қамтығанмен оны ғылыми нысанаға айналдыру
ХХ ғасырдың еншісіне тиді. Аударматанудың өз алдына арнайы ғылыми сала
болып орнығуы да осы кезеңге сәйкес, тәржіма ісін тарихи-мәдени, әдеби,
психологиялық тұрғыдан зерттеу де осы уақытта ерекше дамығаны анық. Олай
болса, тәржімамен жекелеген авторлық тәржімандардың айналысуы нәтижесінде
туған шығармаларды лингвистика жағынан да, аударматану мен әдеби
компаративистиканың өзекті мәселелері тұрғысынан да талдап, жүйелеп пікір
қорыту да күн тәртібінде тұрған басты мәселелердің бірі.
Тақырыптың зерттелу деңгейі.
З.Қабдоловтың шығармашылық жолы, сыни көзқарастық еңбектері,
әдебиеттанудағы үлесі қазіргі заман талабымен зерттеліп жүр. Бірақ,
ғалымның көркем аудармашылық шеберлігі, таланты, дарыны Қ.Жүсіптің
Қазақтың Қабдоловы атты жинақта және де Зейнолла Қабдолов тағылымы атты
әр жылдардағы мақалалар мен сұхбаттар, өлең-жырлар жинағында бірлі-жарым
сөз болғанымен де, ғылымның лингвистика, аударматану мен әдеби
компаративистиканың өзекті мәселелері пәні тұрғысынан өз дәрежесінде, жете
зерттелмеген тың тақырып.
Бұл бағытта З.Қабдоловтың әртүрлі жанрлардан жасаған аударма еңбектері,
атап айтар болсақ – В.А. Закруткиннің Судағы станица романы, В.А.
Добровольскийдің Сұр шинельді үш жігіт повесі, Н.В.Гогольдің таңдамалы
хаттарын, А.М.Горькийдің Күн перзенттері пьесаларын және т.б. тілдік-
стильдік әдіс-тәсілдерін, көркемдік ерекшеліктерін ашып көрсету оймен
ғылыми түрде жан-жақты зерттелініп талданады.
Зерттеу жұмысының мақсаты мен міндеттері. Мақсаты – З. Қабдолов
аудармаларының көркемдік ерекшеліктерін айқындау. В.А.Добровольскийдің Сұр
шинельді үш жігіт повесін, В.А. Закруткиннің Судағы станица романын,
А.М.Горькийдің Күн перзенттері пьесасын аударудағы З. Қабдолов қолданған
әдіс-тәсілдерді (лексикалық, грамматикалық, стилистика-лық трансформация
негізінде) анықтау. Драмалық аудармада сюжеттер мен образдардың, монолог
пен диалогтардың, жекелеген сөз тіркестерінің, сөз-сөйлем құрылыстарының,
ұлттық колориттер мен реалий сөздердің, терминдердің, фразалардың,
мағыналық бірліктердің аудармада сәтті шығуын стильдік жағынан дәлелдеу.
Осындай мақсаттарға жету үшін мынадай міндеттерді шешу көзделеді:
– салыстырмалы аударма ғылымының даму бағытын саралау;
– аударманың әдеби байланысты қалыптастыру мен дамытудағы мәні мен орнын
анықтау;
– осы кезеңдегі басқа да елдермен қазақ әдеби байланыстарын қалыптастыру
мен дамытудағы аударма шығармаларының мәні мен орнын анықтау;
– қазақ аударматану ғылымының қалыптасуы мен өркендеуін, зерттелуін
қарастыру және қазақ аударматануы ғылымның бір дербес саласы екендігін
көрсету;
– аударма мәтінінің түпнұсқамен сәйкестік деңгейін аударма теориясы
ережелері негізінде пайымдау;
– З.Қабдоловтың драмалық, прозалық шығармаларда өз дәстүрін
қалыптастырған шебер аудармашы екендігін аударма саласында ашып көрсету.
Зерттеудің ғылыми жаңалығы. З. Қабдоловтың шебер аудармашы болып,
сонымен қатар аударматану ғылымының сыншысы ретінде танылуы. З. Қабдолов
тәржімаларындағы көркемдік ерекшеліктердің типологияда көрініс тауып
айқындалуы.
– З.Қабдолов аударманың ең қиын түрі – балама (адекватный) тәсілімен
түрлі жанрлардан аударма жасауы;
– тұңғыш рет З.Қабдоловтың тәржімашылық еңбегінен құнды пікірлер мен
ортақ көзқарастар айқындалды;
– лингвистика мен әдеби компаративистиканың өзекті мәселелеріне қатысты
ой-тұжырымдар мен аударма барысында ұлттық реалилердің, терминдердің
берілу үлгісі көрсетілді;
– З.Қабдоловтай тәржіманның тәржімаларынан аударматану мен салыстырмалы
әдебиеттану ғылымына алғаш рет эпистолярлық жанрдың (хаттар, қолжазба,
күнделік т.б.) негізін қалаушылардың бірі болып танылуы;
– аударма теориясы мен тәжірибесіне қатысты өзіндік тың пікірлер,
тұжырымдар жасауы;
– тәржіманның тәржімалауы бойынша проза, драматургия жанрларындағы
диалогтардың түр-түрге бөлініп түпнұсқамен салыстырылып қарастырылуы;
– аударма мәтіннің тілдік-әдеби тұрғыдан талданып қарастырылуы;
– аударма барысында ұлттық реалийлердің берілу үлгісі көрсетілді;
– тұрақты сөз тіркестерінің аудармада көрініс табуы;
– аударма тақырыбын толық ашу үшін параллельді салыстырып нақты дәйекпен
гуманистік сипатта қарастырылуы;
– аударма өнері – бір ұлт пен екінші ұлттың мәдениеттерін бір-біріне
жеткізудегі дәнекер болғандықтан ұлттар арасындағы типологиялық
ұқсастықтар мен кемшіліктер, заңдылықтар айқындалады.
Зерттеудің әдіс тәсілдері. Магистрлік диссертацияны жазу барысында алға
қойылған мақсаттар мен міндеттерді басшылыққа ала отырып, көркем аударма
теориясы мен тәжірибесіне қойылған қатаң талаптарды ескеріп, аудармашының
тілдік-стильдік ерекшелігін ашып көрсету оймен 1) Лексикалық трансформация:
конкретизация, генерализация, реалий сөздер, тұрақты сөз тіркестері,
теңеулер, фразеологизмдер, ұлттық бояудағы сөздер, диалект. 2)
Грамматикалық трансформация: сөйлемдер, орыс сөйлемдерінің конструкциялары,
қосу, алып тастау, толықтыру. 3) Стильдік трансформация: тілдік ерекшелігі,
ерекшеліктен ауытқу (интерференция) және т.б. функционалдық,
компаративистік талдау әдістері қолданылды.
Қорғауға ұсынылатын басты концепциялар.
З.Қабдолов тәржімаларының түпнұсқасы мен аударма нұсқасының сипаты,
аударматану мен әдеби компаративистиканың өзекті мәселелері үдерістерімен
қатар алынып, зерттелу нәтижесінде, мынадай жаңа, нақтылы, ғылыми
нәтижелерге қол жеткізілді:
– М.Горький, Н.В.Гоголь, В.А.Закруткин, В.А.Добровольский
шығармаларының қазақ тіліндегі аудармаларында лексикалық, грамматикалық,
стилистикалық трансформация әдістері жиі қолданылған;
– З.Қабдолов әдеби аудармада түпнұсқа идеясын, құндылығын сақтауды
басты назарда ұстаған;
– З.Қабдолов аудармада түпнұсқадағы еркін сөз тіркестерін фразеоло-
гизмдермен, мақал-мәтелдермен беру үлгісі жиі кездеседі;
– З.Қабдолов түпнұсқадағы кейбір сөздерді, сөз тіркестерін, тұжырым-
далған ойды қазақшалағанда көркемдеу тәсілдерін жиі қолданады;
– З.Қабдолов түпнұсқаны қазақшалау барысында көркемдеу тәсілдерін жиі
қолдана отырып, өз шығармашылығынан тың тіркестер қосып творчество-лық
аударма жасайды;
– З.Қабдолов түпнұсқадағы ұлттық ерекшелікті білдіретін реалии сөздерді
және термин, кірме сөздерді аударманың транслитерация, түсіндір-мелі
тәсілдерін қолданады;
– З.Қабдоловтай тәржіманның аудармашы ғана емес аударма тарихы мен
теориясына қатысты өзіндік келелі пікір айтқан зерттеуші, аударма сыншысы;
Тақырыптың зерттелу нысаны ретінде З. Қабдоловтың аудармалары және
аударма туралы ойлары, сын-пікірлері, соның ішінде, З. Қабдолов аударған
Н.В. Гогольдің (51 таңдамалы хаты) эпистолярлық туындылары, А.М. Горькийдің
төрт перделі “Күн перзенттері” пьесасы, В. Добровольскийдің “Сұр шинельді
үш жігіт” повесі, В.А. Закруткиннің Судағы станица романы және одан басқа
да көркем аудармаға қатысты көптеген тәржіма еңбектері және олардың
түпнұсқалары пайдаланылды.
Зерттеу жұмысының ғылыми-әдістемелік негізі: Диплом жжұмысында аударма
теориясы мен тәжірибесіне және аударматану мен әдеби компаративистиканың
өзекті мәселелеріне қатысты З. Қабдолов жасаған құнды тәржімаларының:
А.С.Пушкиннің “Балықшы мен балық” туралы ертегісін, Н.В.Гогольдің (51
таңдамалы хаты) эпистолярлық туындыларын, Л.Кассильдің “Қымбатты
балаларым”, В.Добровольскийдің “Сұр шинельді үш жігіт” повесін,
В.Закруткиннің “Судағы станица” романын, М.Горькийдің “Күн перзенттері”
төрт перделі пьесасын, Н.Хикметтің “Елеусіз қалған есіл ер” алты суретті
пьесасын, Гарриет Бичер-Стоудың “Том ағайдың лашығы” сегіз көріністен,
эпилогтан тұратын үш перделі пьесасын (Осы аттас роман бойынша Александра
Бруштейн жазған 3 перделі пьеса), Яшпалдың “Дивья” атты роман бойынша
жазылған 4 перделі, 7 суретті пьесасын, Ян Отченашек пен Ярослав Бланктың
“Мезгілсіз махаббат” лирикалық комедияға құрылған 3 перделі пьесасын, Азат
Шагиняннің “Трамвай паркке кетеді” жиырмасыншы ғасырдың екінші жартысындағы
уақытты бейнелейтін пьесасын, Михаил Шатровтың 2 бөлімнен тұратын “Ар
диктатурасы” пьесасын, А.Н. Островскийдің “Ұшынған ақша” атты бес перделі
комедиясын, Ш.Айтматовтың “Қызыл алма” әңгімесін, т.б. көптеген құнды
аударма еңбектері басшылыққа алынды.
Зерттеу жұмысының құрылымы. Диплом жұмысы кіріспеден, үш тараудан,
қорытынды және әдебиеттер тізімінен тұрады.
Тірек сөздер: аударма, образ, лексикалық мағына т.б.
Жұмыстың мазмұны: Кіріспеде жұмыстың өзектілігі, зерттеу нысаны,
жұмыстың мақсаты мен міндеттері, ғылыми жаңалығы, жұмыстың теориялық,
әдістемелік, тәжірибелік маңыздылығы, зерттеу әдіс-тәсілдері жайлы мәлімет
беріледі. Негізгі бөлім үш тарауды қамтиды. Мұнда аудармашының өзіндік
ерекшеліктері нақты мысалдармен дәлелденеді. Қорытынды жалпы жұмыс барысы
жүйеленіп, нақтыланады.
Жұмыста қолданылған дерек көздері: Ғылыми еңбектер, сөздіктер, жазба
әдебиеті.

Жұмыстың көлемі: 55 бет

Пайдаланылған әдебиеттер саны: 32

І ТАРАУ

З.ҚАБДОЛОВТЫҢ АУДАРМАЛАРЫ
ЖӘНЕ АУДАРМА ТУРАЛЫ ОЙ-ПІКІРЛЕРІ

Қазақстанның халық жазушысы, Қазақстан және Қырғызстан
Республикаларының Ұлттық Ғылым Академиясының академигі, филология
ғылымдарының докторы, Қазақ және Қырғыз Республикаларының ғылымдарына
еңбегі сіңген қайраткер, Қазақстан Республикасы мемлекеттік сыйлығының
иегері, профессор Қабдолов Зейнолла Қабдолұлы 1927 жылғы 12 желтоқсанда
Атырау облысында дүниеге келген. Балалық шағын Қызылқоға ауданындағы
Қаракөл, Акқөл, Орлыкөл атырабында, мұнайлы Ембі даласында, қара алтын
қайнары Доссор қаласында өткізді.
Ұлы Отан соғысы басталысымен Қабдол майданға аттанды да, Зейнолла орта
мектептен кейін екі жыл 1943-1945 әкесінің ізін басып, өндірісте жұмыс
істеді. Бұл болашақ жазушының нағыз өмірге, еңбекке алғаш етене араласуы
болатын. Мұнайлы Ембі шындығы мен мұнайшылар тұрмысы З.Қабдолов
творчествосына негізгі арқау, өзекті тақырып болу себебі де, мүмкін, осыған
байланысты шығар.
1945 жыддың жазында З.Қабдолов инженер болмақ мақсатпен Алматыдағы
Таукен институтына түседі. Алайда оны бала күннен баурап алған сөз өнері
көркем әдебиет құпиялары қатты қызықтырғандықтан Қазақ университетіне
барып, профессор М.Әуезовтің лекцияларын өз бетімен тыңдап жүреді. Сол
жылдың аяғына карай ұлы жазушының кеңесімен біржола университетке ауысып,
филология факультетінің толық курсын 1950 жылы үздік дипломмен бітіріп
шығады да, осынау әйгілі білім ордасының өзінде ұстаздық қызметке
қалдырылады.[1;72]
Жоғарғы басшы орындардың ұйғарымымен Зейнолла Қабдолов бірнеше жыл
жауапты жұмыстар атқарды: Жұлдыз журналының жауапты хатшысы, одан кейін
бас редакторы 1950-1957, Қазақстан Компартиясы Орталық Комитетінің сектор
меңгерушісі 1957-1959, Қазақ әдебиеті газетінің бас редакторы және
Қазақстан Жазушылар Одағы басқармасының хатшысы 1959-1961. Бірақ осы
жұмыстардың қай-қайсысында жүрсе де, ғылыми-педагогтік ісінен қол үзген
жоқ. З.Қабдолов туған әдебиетіміздің тарихы мен теориясының аса күрделі
мәселелерін түбегейлі зерттей келе, филология ғылымдарының кандидаты 1961
және докторы 1970 дәрежелеріне диссертациялар қорғады. [2; 14-15].
Зейнолла Қабдоловтың әдеби адымдары мектеп қабырғасында басталады да,
университеттегі студенттік жылдарға ұласады.
Алғаш ол өлең де жазған. Жас қаламгердің әр алуан тақырыпқа жазылған
өлең-жырлары, әңгіме-очерктері оның шәкірттік жылдарының өзінде астаналық
газет-журнал беттерінде жиі жарияланып тұрды, тандаулылары әр түрлі
жинақтарға енді. Жайық қызы, Туған ел сияқты лирикалық өлеңдері әнге
айналып, қалың көпке кеңінен тарады.
З.Қабдолов ғылыми-зерттеу ісімен де ерте айналысты. Университеттің
үшінші курсында жазған Абайдың лирикасы атты зерттеуі жас ғалымдардың
бүкіл одақтық ғылыми конкурсінде бәйге алып, автор СССР Жоғарғы білім
министрлігінің Мақтау грамотасымен марапатталған.
1947 жылы З.Қабдолов дарынды жас әдебиетші ретінде СССР Жазушылар
Одағының мүшелігіне қабылданды.
Елуінші жылдардың алғашқы жартысында З.Қабдолов әдеби сын саласында
юмор мен сатира, ұнамды кейіпкер, көркем әңгіме т.б. тақырыптарға
бірсыпыра мақалалар жазады. Орта мектептің 9 және 10-сыныптарына арналған
Қазақ әдебиеті оқулықтарын жазуға қатысты. Үлкен Кеңес энциклопедиясында
көне дәуірден осы кезге дейінгі қазақ әдебиетінің тарихы жайлы көлемді әрі
тартымды мақала жариялады. А.Пушкин мен Н.Гогольдің Күн перзенттері,
Н.Хикметтің Елеусіз қалған есіл ер сияқты классикалық пьесалары да
республикалық, облыстық театрларда З.Қабдоловтың аудармасымен қойылды.
Зейнолла Қабдоловтың шығармашылық жолына көз салсақ, оның көркем
шығармаларындағы басты тақырып біздің заман шындығы, басты кейіпкер біздің
замандас бейнесі екенін көреміз.
З.Қабдоловтың есімін оқушы қауымға кең таратқан шығарма Өмір ұшқыны
1956 повесі. Повестің қаһармандары негізінен жастар, университет
шәкірттері. Тайман, Қабен, Нәдия, Саша, Арынғазы... Осылар арқылы мұнда
университет студенттерінің өмірі шынайы суреттелген. Повесте Ембі
мұнайшыларының еңбегі мен тұрмысы да ұтымды қамтылған. Әсіресе, Тайманның
ата-анасы, Дәурен мен Айжан образдары шебер бейнеленеді. Дәурен секілді әке
бейнесі қазақ прозасында бұрын-соңды көрінбеген тың тұлға екенін атап айту
шарт.
Табиғи, таза, суретті, нәрлі тіл автордың жазу мәнерін, машығын өзінен
басқа ешбір каламгерге ұқсатпай, бірден даралай беретін жаңа, нұсқалы
стиль, адамдардың арақатынасына шуақты шырай беретін жып-жылы юмор, күллі
шығарманың өн бойында желі тартып отырған сұлу лиризм... осының бәрі,
З.Қабдоловтың қаламгер ретіндегі дара сипатын анық танытты. Повесть 1958
жылы орыс тілінде Москвада шығып, одақ оқушыларына танымал болды. [3;24]
1963 жылы Жұлдыз журналында №7-11 жарияланған Жалын романы кейін
қазақша 1970,1974,1983, орысша 1971,1976, 1982 және вьетнам тілінде
1980 жеке кітап болып шықты. Бұл кітап Ұшқынның шынында да Жалынға
айналуы іспетті еді. Мұнда бірінші кітаптағы жастар есейген, білікті
маманға айналған: Тайман геолог, мұнай кәсіпшілігінің басшысы, Қабен жас
ғалым, диссертация қорғамақ. Бірақ осылардың мінез-құлқында көптеген
өзгерістер бар.
Романның композициясы жаңа, нұсқалы, қызық. Шығарма әдеттегідей
экспозициядан емес, тура кульминациядан басталып, оқушысын үйіре жетелеп
отырады.
Жұмысшы табы жөніндегі санаулы сәтті шығармалар қатарында Бүкілодақтық
жүлде 1972 алған бұл роман біздің замандастар жайлы, көкірегі құштарлық
отына толы ой мен еңбек адамдары туралы туынды; қарт жұмысшы Сардардан жас
мұнайшы Қабенге, яки ұрпақтан ұрпаққа мұра, мирас боп ауысқан ерлік
эстафетасы туралы толғау.
З.Қабдоловтың Менің Әуезовім романында ұлы жазушы Мұхтар Әуезовтің
әдеби бейнесі үздік шеберлікпен сомдалды. Менің Әуезовім романы үшін оған
Қазақстан Республикасының 1998 жылғы Мемлекеттік сыйлығы берілді.
З. Қабдоловтың Адам 1964, Сыр 1975 атты жинақтарына енген
әңгіме-очерктері мен қазақтың М. Әуезов атындағы академиялық және облыстық
театрлардың сахналарына қойылған Сөнбейтін от драмасының негізгі
кейіпкерлері де өзіміздің отандастар, өзімізбен тағдыр-тіршілігі бір
замандастар.
Өзіміздің төл әдебиетімізде ешкімге ұқсамайтын творчестволық беті,
өзіндік көркем стилі, өзгеше суреткерлік болмыс-бітімі бар көркем сөздің
хас шебері Зейнолла Қабдоловтың екі романынан тұратын диалогиясы 1974,
екі том тандамалысы Алматы, 1983, Пекин, 1985 талай үйдің кітап
сөрелерінде тұрса, бұларға кемеңгер Мұхтар Әуезовтің жүз жылдығына арнап
жазып, бастырып шығарған тамаша туындысы Менің Әуезовім атты роман-эссесі
қосылып, академик-жазушының әдеби шығармашылығы байыған үстіне байи түсті.
Зейнолла Кабдолов ғылыми-зерттеу саласында аса жемісті еңбек етті.
Туған әдебиетіміздің әр алуан келелі мәселелерін қозғайтын көлемді
зерттеулерін, көптеген проблемалық мақалаларын өз алдына алғанда, жазушы
шеберлігі мен әдеби еңбектің психологиясы туралы Жанр сыры 1964, Жебе
1977, Мұхтар Әуезов және оның әсемдік әлемі 1986, Сөз өнері 1976,
1982, 1992 секілді монографиялары, өмір мен өнердің өзекті жайларын талдап-
толғайтын Арна 1988, Көзқарас 1996 тәрізді эстетикалық ой-пікір
жинақтары, әсіресе, Қазақстандағы жоғары оқу орындарына арналған Әдебиет
теориясының негіздері 1970 атты тұңғыш оқулығы көпшілік оқырманның
қолынан түспейтін орасан қажет кітаптарға айналды. Ол қазақ әдебиеттану
ғылымы мен сынының ірі жетістіктері ретінде бағаланып келеді.
Зейнолла Қабдолов әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде
табан аудармастан жарты ғасырдан аса ассистент 1950-1952, аға оқытушы
1952-1962, доцент 1962-1972, профессор 1972-1975, кафедра меңгерушісі
болып 1975 жылдан 2000 жылға дейін үздіксіз қызмет етті. Мыңдаған маман
филологтар мен журналистер, тарихшылар мен философтар, жүздеген ғылым
кандидаттары мен докторларын тәрбиелеп шығарды.
Қазіргі қазақ ақындары мен жазушыларының басым көпшілігі, бірқатар
қоғам және мемлекет қайраткерлері З.Қабдоловтың шәкірттері.
Зейнолла Қабдолов – көпқырлы талант: жазушы, ғалым, ұстаз. Үш түрлі
мамандығы бойынша үш салада да қоғамдық қызметтер атқарды: Қазақстан
Жазушылар одағы басқармасының мүшесі, Халықаралық Қазақ ПЭН-клубының
мүшесі, Ұлттық Ғылым Академиясының толық мүшесі, Қазақ университеті ғылыми
кеңесінің мүшесі, Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым министрлігі
М.О.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институты жанындағы филология
ғылымдарының докторы дәрежесін беру жөніндегі диссертациялық кеңес мүшесі,
әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университет жанындағы докторлық диссертация
қорғайтын мамандандырылған кеңестің төрағасы т.б.
З.Қабдолов аса нәтижелі, жемісті жазушылық, ғалымдық, ұстаздық еңбегі
үшін Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің құрмет Грамотасымен,
Халықтар достығы, Құрмет Белгісі, Парасат ордендерімен, көптеген
медальдармен наградталды; ВЦСПС пен СССР Жазушылар Одағы сыйлығының және
Ғылым академиясының Шоқан Уәлиханов атындағы сыйлығының лауреаты
атанды.[4;12-13]
2007 жылы ұзақ жылдар бойы өзі ұстаздық еткен филология факультетінің
бір дәрісханасына Зейнолла Қабдоловтың есімі берілді.
Қай халықтың да жазба әдебиеті өкілдері көркем шығармалар тудырумен
қатар, жалпы сөз өнерінің тағдыр талабына араласып, оның тарихи даму
жолына, талантты тұлғалар ізденісіне орай, әсіресе өз заманының сұранысы,
келелі мәселелері бойынша қалам тербеп отырған. Мұның бәрі еріккеннен
істелмеген, әдеби үрдіске үн қосу, ыстық суығына ортақтас болу міндетінен
шығып жатыр [4,78].
Әдебиет майданындағы әрбір күрескердің қолындағы жалғыз қару – қаламы.
Сол қару нысанаға дәл тигізуді ғана мақсат етуі тиіс. Суреткер қаламынан
сан-алуан шығармалар туады. Және де үздіксіз өмірге келіп жатқан ірілі-
ұсақты туындылар туралы іштен тынып, үнсіз қалмай, әдебиет ағымындағы дұрыс-
бұрыс бағыттарға өз көзқарасын білдіріп отыруды, өзі де барлық жанрда
әдебиеттің бар саласында қалам тартуды қаламгерлік борыш есептеген
көркемсөз қайраткерлері бар.
Орыс әдебиеті алтын ғасырының өкілдері А.С. Пушкин, Л.Н. Толстой, И.А.
Тургенев, Ф.М. Достоевский, Н.А. Некрасов, А.П. Чехов т.б. мәдени-рухани
орта тынысына қоян-қолтық қалай араласып, дем беріп өткені тарихтан
белгілі. Бұл дәстүр күні бүгінге дейін жалғасып келеді. Батыс Еуропа
әлеміндегі және басқа елдерде таралған бұл сабақтастық қазақ әдебиетінде де
игі өрісін тапқан. Ш.Уәлиханов, Ы.Алтынсарин, А.Құнанбаевтан немесе өз
бастауын сонау көш дәуірлерден алатын бұл сөз зергеріндегі жан-жақтылық
сипат А.Байтұрсынұлы, М. Дулатұлы, Ж. Аймауытұлы, С.Сейфуллин, М.Әуезов,
І.Жансүгіров, Б.Майлин, С.Мұқанов, Ғ.Мүсірепов, Ғ.Мұстафин сияқты алыптар
тағылымымен ілгері дами түсуде. Бұлардың көпшілігі дәріс беру, оқулықтар
жазу, ғылыми зерттеулер жасау, сын-пікір айту, аударма жұмысымен шұғылдану
секілді әр кезеңдерде жан-жақты еңбек еткендер. Кейінгі толқын ұрпақтары да
сол көштің ізімен келеді.
Аталған сөз шеберлері ішінде аударма жайлы ғылыми жан-жақты ой қорытып,
аударманың өте-мөте қонымды ғылыми дәлелденген түрлерін жасау, бір сөзбен
айтқанда аударма теориясы мен тәжірибесіне көп еңбек сіңірген Мұхтар
Әуезовті ерекше атар едім.
“Асылы жер бетінде университет секілді қастерлі орын сирек”
(З.Қабдолов). Сол қастерлі құтты қоныста ойлы “жанары өмірден жыр, жаннан
сыр іздеген, әр қадамы мағыналы мақсаттарға апара жатқандай, әр сөзі ақылға
тұнғандай”, тілдескендерді тіліне, үндес пейілдерді дегеніне жеткізер ірі
тұлға, асыл азамат бар.
Ол – ұлы Мұхтар Әуезовтың шәкірті, ұстаздық сияқты “өз уақытыңды аямау,
өзгенің бақытын аялау жолына бүкіл ғұмырын арнаған, Ұлттық Ғылым
академиясының академигі, Қазақстан мен Қырғызстан ғылымдарына еңбегі сіңген
қайраткер, филология ғылымдарының докторы, профессор, әл-Фараби атындағы
Қазақ Мемлекеттік Ұлттық университетінің кезінде ұлы Әуезовке ұя болған
қазақ әдебиеті кафедрасының меңгерушісі, Қазақстанның Халық жазушысы –
Зейнолла Қабдолов ”.
Зейолла Қабдолов – көп қырлы кісі: ғалым, ұстаз, жазушы, әрі аудармашы.
Мұның өзі тап-таза, адал еңбек адамы: атақ пен даңқ дәрежеге тек қана
еңбек арқылы жеткен академик З.Қабдоловтың өресі биік, өрісі кең екенін
аңғартады. Ол кісінің өнегелі ұстаз, рухани тәрбиеші, ғылым мен өнер
жолындағы жандардың, шын мәніндегі қамқоршы әрі ақылшы екенін бұл күнде
көріп-біліп жүрміз.
Құрметті ұстаздарымыздың ірі тұлғасын, адамдық берік қасиеттердің
шынайы сипатын, ұлтының еңбек сүйгіш, үнемі өсу мінездену жолындағы
қайраткерлігін күллі шығармашылық өмір белестерінен, көркем шығармаларынан
жан тазалығын аңғаруға болады.
Ал енді Әбу Сәрсенбаевтың сөзімен айтқанда “ұлы ұстаздан өнеге үйренген
ұстамды шәкірт” қазір әдебиеттану ғылымындағы “алыптар тобының” ішінде
“көркем қаламгерлік – жазушылық нар жүгін көтеріп, зерттеушілікті қатар
ұстанып келе жатқандардың бірі және мейлінге бірегейі”.
Қабдол есімді жұмысшы шаңырағында өскен, мұнайлы Ембінің тұңғышы Доссор
қалашығында орта мектепті тамамдаған өршіл жас 1945 жылы Алматы тау-кен
институтына оқуға түседі. Сол жылы Қазақ мемле-кеттік университетінің
филология факультетіне ауысады. Университет қабырғасында бес жыл білім
алған соң, қазақ әдебиеті кафедрасында ұстазымен бірге қызмет атқарады.
Бұл күнге дейін үздіксіз ұстаздық етіп келе ұстаздық етіп келеді.
1950-1961 жылдары аралығында “Қазақ әдебиеті” газеті мен “Жұлдыз”
журналының бас редакторы, Қазақстан Жазушылар одағының басқармасы-ның
хатшысы қызметтерін атқарады. Ол туған әдебиетіміздің тарихы мен
теориясының аса күрделі мәселелерінен филология ғылымдарының канди-даты
[1961 ж.] және филология ғылымдарының докторы диссертациясын (1970ж.)
қорғады.
Академик М.Қаратаев “алуан қырлы әдебиетші” атаған Зейнолла Қабдолов
жазушы ретінде шағын жанр түрлерінен күрделі жанрларға дейін самғаған
суреткер (Бұл ретте “Өмір ұшқыны” повесін 1955, “Жалын” романын 1963,
“Біз жанбасақ” 1974 т.б айтуға болады) болса, ақын ретінде “Әке”,
“Геолог”, “Пионер мұрат” поэмалары, “Еділ” т.б өлеңдері) біршама танылды.
Ғалым ретінде дүниежүзілік әдебиетпен өнер құпияларын бір басына сыйғызған
білімді зерттеушілік “Әдебиет теориясының негіздері” 1970, “Адам” 1964,
“Жанр сыры” 1964, “Сыр” 1964, “Жебе” 1977, “Әуезовтың әсемдік әлемі”
1986, “Арна” 1988, “Көзқарас” 1996 үлгісін танытатын еңбектері бар.
З.Қабдоловтың көп қырлы қаламгердің әлі де жұртқа жақсы таныла
қоймаған, ғылыми-теориялық тұрғыдан талдауын, тиісті сынын, тиесілі ба-
ғасын күтіп жатқан мол мұрасы – аударма туындылары.
Аударма өнерінің көркем сөз төңірегінде жүрген суреткерге, оның шығар-
машылық шеберлігіне, жазушылық дүниетанымына берері мол.
Бір халықты екінші бір халық аударма арқылы таниды. Аударманың қыры мен
сыры көп күрделі әдеби жұмыс. Сондықтан да, аудармашыға үлкен міндет
жүктеледі. Осындай ауыр жүкті көтеріп, “ар ісінің азабын” ауырсынбай алып
жүрген аудармашылардың бірі – белгілі жазушы-ғалым З.Қабдолов.
Халқымыздың мақтанышына айналған талай-талай үлкен азамат-тардың ұстазы
– халық жазушысы, академик З.Қабдоловтың суреткерлік ізденісі мен сөз өнері
туралы ғылыми еңбектері – қаламгердің баршамызға белгілі қос қанаты.
Қайсысының шоқтығы биік деп сөз жарыстырудың қажеті жоқ. Екеуінің де
терезесі тең. Қыран өзінің қос қанатын тел ұстап, қатар сермейтіні сияқты,
З.Қабдолов үшін көркем шығарма мен әдебиет туралы қисын егіз жүруі керек.
Бірінсіз бірі жоқ [6, 79].
Ақиқат сөзді айтсақ, З.Қабдоловтың болмыс бітіміндегі “тұрлаулы
тұтастықтың” бір қыры – аудармашылық еңбегі – өз дәрежесінде сөз етіл-
меген. Жазушы туралы еңбектерде қысқаша ғана тоқтап өтеді.
“Тоқтаусыз тоқыраусыз жүріп ғылым мен өнер асуларына беттеп бара
жатқан” академик З.Қабдоловтың ғалым, ұстаз жазушы секілді “үш салиқалы
азаматтық сапарына” біз төртінші “биік өнер” жолындағы сүрлеуін
қоспақшымыз.
З. Қабдолов – өз дәстүрін қалыптастырған шебер аудармашы. Ол орыс
халқының ұлы ақыны А.С. Пушкиннің “Балықшы мен балық” туралы ертегісін,
Н.В. Гогольдің (51 таңдамалы хаты) эпистолярлық туынды-ларын, Л. Кассильдің
“Қымбатты балаларым”, В. Добровольскийдің “Сұр шинельді үш жігіт” повесін,
В.Закруткиннің “Судағы станица” романын, М. Горькийдің “Күн перзенттері”
төрт перделі пьесасын, Н. Хикметтің “Елеусіз қалған есіл ер” алты суретті
пьесасын, Гарриет Бичер-Стоудың “Том ағайдың лашығы” сегіз көріністен,
эпилогтан тұратын үш перделі пьесасын (Осы аттас роман бойынша Александра
Бруштейн жазған 3 перделі пьеса), Яшпалдың “Дивья” атты роман бойынша
жазылған 4 перделі, 7 суретті пьесасын, Ян Отченашек пен Ярослав Бланктың
“Мезгілсіз махаббат” лирикалық комедияға құрылған 3 перделі пьесасын, Азат
Шагиняннің “Трамвай паркке кетеді” жиырмасыншы ғасырдың екінші жартысындағы
уақытты бейнелейтін пьесасын, Михаил Шатровтың 2 бөлімнен тұратын “Ар
диктатурасы” пьесасын, А.Н. Островскийдің “Ұшынған ақша” атты бес перделі
комедиясын, Ш. Айтматовтың “Қызыл алма” әңгімесін, т.б. көптеген құнды
шығармаларды қазақ тіліне тәржімалады.
Аудармашы тек қана аударма ісімен шұғылданып қана қойған жоқ, сонымен
біре “биік өнер” туралы әр кезеңде өз пікірін айтып, қазақ аударма
әдебиетінің хал-ахуалына мән берген, осы мәселелерді шешуге байланысты өз
ұсынысын жасап отырады. Сыншы аудармашылар шеберлігін саралап, жетістіктер
мен кемшіліктері туралы ой толғаған.
Аударма жайлы теориялық негізі бар пікір айтқан. Аудару әдіс-тәсіл-
дерінің кейбір жолдарын ұсынған.
Аудармашының сын-талдаулары – 1977 жылы “Жазушы” бапасынан жарық
көрген, әдеби толғаныстары мен талдаулары енген “Жебе” атты ғылыми-зерттеу
еңбегінде көркем аударма жөніндегі “Биік өнер” мақала-сында орын алған.
Және аудармашының 1964 жылдың 22 шілдесінде “Коммунистік еңбек” басылымында
жарияланған Л.Толстой шығармасын аудару туралы “Бағалы байқау” мақаласын
айтуға болады.
Көркем аударманың қоғам өміріндегі ағартушылық, тәрбиелеушілік,
идеологиялық тұрғыда сананы тәрбиелеу мен рухани дамыту ролі жайында,
“Елеусіз қалған есіл ер” атты кітабында сөз етеді.
З.Қабдолов, аудармаға төл шығармасындай мұқият қарайтын және
аудармашыға да қатал талап қоя білген.
М.Әуезов өзінің “Как я работал над романами “Абай” и “Путь Абая” деген
мақаласын қазақшаға аударуды Зейнолла Қабдоловқа тапсырыпты. Мақаланың
сапалы аударылғаны сондай, ұлы жазушы оқып шығып, қаламның ұшын тигізбестен
“Жұлдыз” журналына сол күйінде ұсынған екен ... [6;84].
Аудармашы аса жауапты қиын іске, яғни биік өнерге үлкен біліммен, мол
дайындықпен кіріседі. Себебі, аударманың көтерер жүгі ауыр. Оның аға буын
жасаған дәстүрлі жолы бар екенін, сол арнаның сабасынан шықпай, керісінше
тек алға қарай дамытып, өрісін кеңейту борышын аудармашы жете түсініп,
терең сезінген.
Аудармашының қаламынан қайтадан қазақтың көркем-сұлу да құнарлы тілімен
дүниеге келген аудармалары – тұнып тұрған тың дүние. Оларды аударматану
ғылымы тұрғысынан терең зерттегенде, тұнып тұрған дария астындағы асыл
маржандарына қол жетері сөзсіз.

З.Қабдоловтың проза жанрын аударудағы көркемдік ерекшеліктер. А) В.
Добровольскийдің “Сұр шинельді үш жігіт” повесі.

М. Әуезовты осы негізде проза аудармашысына қажетті талабын есте
ұстаған жөн. ...ол (аудармашы – Ә.Т.) аударылатын шығарма авторының
стиліне өз стилін байланыстырмайды. Сонымен бірге бұл аудармашы негізгі
шығарма авторының тіл, ойлау дүниесіне айрықша мұқият болып, зер салады. Ол
аудармаға сол шығарманың бар материалын біліп алып кіріседі, шығармада
суреттелетін халықтың тарихын зерттейді, кейіпкерлердің дәуірімен ортасымен
терең танысып алады.... Үлкен тәжірибеден туындаған бұл тұжырым қашанда
аудармашы қаперінде жүруі тиіс.[7;139]
Енді нақты аудармаларына тоқталатын болсақ, қажырлы еңбегінің аса құнды
табысы ретінде Владимир Анатольевич Добровольскийдің “Сұр шинелді үш жігіт”
атты повесінің аудармасын айтуға болады. Түпнұсқасы – “Трое в серых
шинелях” атты повесі.
Аудармашы мен орыстың жазушысы В.А. Добровольскийдің арасын жалғап
тұрған творчестволық байланыс жібі бар. Өз әңгімесінде В. Добровольскийдің
повесін аударғаны үшін, шеберлікпен аударылған балама аударманың сапасына
автордың тәнті болып, сонау алыстан арнайы іздеп келіп, ризашылық
білдіргенін айтқан болатын. Осыдан кейін автор З. Қабдоловтың “Өмір ұшқыны”
повесін “Искра жизни” деген атпен орыс тіліне аударған. Бұл аудармасы
жайында М. Роговойдың “Казахстанская правда” газетінің 1958 жылғы 8
қазандағы “Искра жизни” сын және библиографиялық мақаласында жазылған.
Повестің аудармасы 1958 жылы ҚазМКӘБ-нан жарық көрген.
В.А. Добровольскийдің бұл атақты повесін З.Қабдолов аударманың балама
тәсілімен аударған. Түпнұсқасы – “Трое в серых шинелях” атты повесі үш рет
баспалардан басылып шыққан 1949-1950-1951 жылдары, жалпы көлемі – 232 бет.
Ал, аударма нұсқасы – 1950 жылы З.Қабдоловтың тәржімалауымен ҚМКӘБ-нан,
жалпы көлемі – 231 бет болып жарияланады. Тәржіман, түпнұсқаның шырмауынан
шыға отырып, еркін, көсілте сілтеп отырған.
Мысал келтіретін болсақ, түпнұсқада:
По университетским аудиториям ходил стекольщик. Сдвигая в сторону
некрашеные столы, он стеклил окна. Декан физико-математического факультета
доцент Гольдберг открывал сверкающий золотом зубов рот и старательно пускал
струйку пара. Посматривая снизу вверх на Черкашина, он говорил:
– А все-таки теплей стало. Не правда ли? [8;3]
Аударма:
Университет аудиторияларында әйнекші жүр. Сырланбаған столдарды бір
жағына ығыстырып қойып, терезе көздеріне әйнек салып келеді. Физико-
математика факультетінің деканы доцент Гольдберг алтын тісті аузын
жалтырата ашып, демін ернінің ұшымен сызылта шығарады. Көз алдындағы
Черкашиннің бас-аяғын бір шолып алды да:
– Әйткенмен, жылына түсті-ау деймін, а? Солай емес пе? – деді декан
[9;3].
Осы мысалдағы сұраулы сөйлемдерді орнымен қолданған. – А все-таки
теплей стало. Не правда ли? деген сөйлемді – Әйткенмен, жылына түсті-ау
деймін, а? Солай емес пе? деп экспрессивті эмоционалды ақпаратты сақтап
отыра аударған. Сверкающим золотом зубов рот–алтын тісті аузын жалтырата
ашып, старательно пускал струйку пара–демін ернінің ұшымен сызылта
шығарады деген тіркестердің жалпы мағынасын сақтаған. Мұнда старательно
деген сөздің аудармасын сөзбе-сөз алсақ – ынтамен, тырысып 7,967 болса,
струйка сөзі сыздықтаған ағыс және т.б. Көріп отырғанымыздай, тәржімашы
З.Қабдолов сөзбе-сөздікке салынып, әріп қуаламай, өз шығармашылығына,
стиліне сала отырып, осы сөздерге қатысты семантикалық мағыналарды дәл
тауып отырған. Аударуға қиындық туғызатын тіркестерді тәржімашы З.Қабдолов
ернінің ұшымен демін сызылта шығартып отырып, өзі де түпнұсқадан мәдениетті
түрде сызыла шығып кетеді. Қандай шеберлік десеңізші!
Сұр шинелді үш жігіт повесіндегі кейбір реалий сөздерді, яғни
жергілікті ұлттық колоритке тән сөздерді, термин сөздерді аудару барысында
сілтеме арқылы беріп отырған. Оған мысалы, түпнұсқа:
В палате тускло горело электричество. Чемезов медленно повернул серое,
скуластое лицо, мутными глазами поглядел куда-то поверх Виктора и протяжно
вздохнул. На тумбочке, в прозрачной стеклянной банке, стоял букет оранжевых
георгин. Краснощекая сестра нежно оправила лепестки. Чемезов поднял
стриженую голову, поглядел на цветы и заметил безразлично: [8;38].
Аударма:
Палаткадағы электр шамы күнгірттеу ғана сәуле шашып тұр. Чемезовтың
қаны қашып сұрғылт тартқан, жүдеулеу беті ақырын Викторға бұрылып, бұлдыр
көзі оның төбесінен аса, әлдеқайда биікке қадалды да, науқас ауыр күрсініп
алды. Тумбочка үстіндегі, мөлдірдей таза шыны банкеде қызғылт-сары түсті
георгин* гүлі тұрды. Қызыл шырайлы сестра, гүл жапырақтарын ақырын ғана
жазып, жөндей бастап еді, Чемезов шашын тықырлатып алдырған ауыр басын
жастықтан жұлып алып, гүлге қарады да, солғындау түрде бір рет міңгір етті:
[9;40].
Осы үзіндідегі георгин гүлін – әдемілік үшін егілетін ірі гүл, –
деп сілтемемен транскрипциялау тәсілін қолдана отырып, қазақша ұғымға
ендіріп жіберген. Бұл тәсіл, әсіресе, реалии сөздерді аударғанда
қолданылатын тәсілдердің бірі болып есептеледі.
Аударма ғылымында реалии сөздерді аудару әдіс-тәсілдерінің түрлері бар.
Олар:
1. Калька жасау арқылы
2. Жартылай калькалау арқылы
3. Транслитерациялау арқылы
4. Транскрипциялау арқылы
5. Сілтемемен беру арқылы аудару және т.б.

Сол сияқты, З.Қабдолов Сұр шинелді үш жігіт повесін қазақшаға аудару
барысында кейбір қазақша ұғымға жат, кірме, яки термин сөздердің
баламаларын да сілтемемен сілтеп отырған. Оған мысал келтірсек, түпнұсқада:
Саша объяснял Деревянко:
– А сделал я самую простую вещь. Знаете подшипничек? Я его заменил
новым. [8;199].
Аударма:
Саша Деревянкоға өз жайын айтты:
– Менің істегенім тіпті жай нәрсе. Подшипникті* білесіз бе? Мен оның
жаңа түрін жасадым. [9;199].
Бұл үзіндідегі екі адамның қатысуымен жасалатын диалогтағы подшипник
сөзінің қазақша аудармасын – машина валының сақыйнасы, – деп сілтеме
арқылы көркем аударма беттің астына көрсетіп отырған. Бұл дұрыс қадам. Және
де шеберлік!
Шет тілдерден енген осындай сөздерді төл тілімізге тәржімалау кезінде
әжептәуір әуреге салатыны белгілі болса, сол сөздерге мүлде қазақша
баламалары, эквиваленттері, тіпті, осылардың мағыналық бірліктері сәйкес
келмеген жағдайда жаңағыдай – транскрипциялап, аударып, болмаса сілтеме
арқылы сол сөздердің мағыналарын түсіндіре кетіп, болмаса қазақша ұғымға
икемдеп жеткізу жалпы қай халыққа да тән ортақ құндылықтардың бірі. Осындай
тәсілдерге сала отырып, тәржіма жасағанда біз ұлттық қорымызды жаңа қырынан
толықтыра түсеріміз сөзсіз.
Енді, Сұр шинельді үш жігіт повесіндегі В.А. Добровольский
бейнелеген кейіпкерлерді З.Қабдолов қазақшаға қалай жеткізгендігін
түпнұсқамен салыстыра отырып көз жүгіртейік:
Түпнұсқа:
Черкашин не уходил. У него был воинственный вид: серая армейская
шинель и поверх – широкий пояс со звездой. Артиллерийская фуражка – по
уставу, четыре пальца от бровей. Он еще никак не мог отделаться от привычки
козырять старшим по званию. Перед деканом стоял выпрямившись, руки по швам.
Когда уходил из кабинета, спрашивал разрешения. Гольдберг отвечал
преувеличенно удивленно.
– О, пожалуйста! [8;4].
Аударма:
Бірақ Черкашин оп-оңай кете қоймайтын. Оның сырт түрі тым айбынды
еді: үстіне кигені әскери сұр шинель. Шинельдің сыртынан жұлдызды жалпақ
белбеу буынған: басындағы артиллериялық фуражкасы да устав бойынша қасынан
екі-ақ елі жоғары тұр. Ол атағы жоғары адамдардың алдында қолын шекесіне
апарып сәлем беретін мінезінен әлі арылмаған. Деканның алдында да екі қолын
жанына жіберіп, тікесінен тік тұрады. Кабинеттен шығарда кетуге ұлықсат
сұрайды; Гольдберг бұған таңырқап:
– О, ұлықсат, ұлықсат! – деп қалады. [9;4].
Мұнда адамдарды бейнелеу, образ жасау тәсіліне келгенде, көркем
шығармада З.Қабдоловтың алдына жан салмайтын сұңғылалығын оның Ұшқын,
Жалын романдарында ұшырайтын болса, аудармасында да сондай сонылықты
байқаймыз. Ол – ол ма, воинственный вид дегенді сырт түрі тым айбынды
еді, серая армейская шинель–әскери сұр шинель, широкий пояс со
звездой–жұлдызды жалпақ белбеу, Артиллерийская фуражка – по уставу,
четыре пальца от бровей–басындағы артиллериялық фуражкасы да устав
бойынша қасынан екі-ақ елі жоғары тұр деп суретті сөздермен,
Добровольскийдің тілдік-стилін көркемдік тәсілдермен шебер жеткізген. Тыныс
белгілеріне назар аудара отырып, ырғақты сақтағандығы көрініп тұр.
Әсіресе, әскери терминдерді де калька жасау арқылы қалдырып отырған:
Артиллерийская фуражка – по уставу, четыре пальца от бровей. Осы тіркеске
басындағы, жоғары тұр деген сөз қосу (добавление) әдісі
пайдаланылған. артиллериялық деген терминді транслитерация (орыс
алфавитінің әріптерін қолдана отыра, шетел сөзінің әріптік формасын беру)
әдісімен аударған. устав сөзінің қазақша баламы жарғы 7,1063 бірақ,
қолдану аясына қарай бұл сөз келіңкіремейтін сияқты. Сол себептен уставты
сол қалпында калькалау әдісімен қалдырған. Сол сияқты фуражка сөзі де
термин ретінде еніп кеткен реалии сөз. Қасынан екі-ақ елі жоғары тұр
деген тіркеске қараңызшы!? Қазақ, саусақты қатар қойып бір елі екен, екі
елі екен деп өлшейді. четыре пальца от бровей тіркесіне дәл балама болып
тұр.
Түпнұсқа:
Когда-то давно, в сорок первом, в сорок втором или в сорок третьем,
где в землянке или блиндаже он представлял себе это небо, эти огни в
сумерках, аудиторию, голос профессора. [8;11].
Аударма:
Сонау алыс бір кездерде, қырық бірінші, қырық екінші, яки қырық үшінші
жылдары дәл осы Виктор әлдеқайдағы бір жерүйде немесе блиндажда отырып, дәл
мына күз аспанын, күңгірт кеш қойнында жанған мынау оттарды, осы
аудиторияны, профессордың даусын еске алып, ұзақ-ұзақ ойланып қалатын.
[9;12].
Осындағы әскери терминді білдіретін неологизм сөз – блиндаж сөзін
аудармашы З.Қабдолов сол күйінде қалдырған. Оның негізгі білдіретін
мағынасын, 1978 жылы Қазақ ССР Ғылым Академиясының Тіл Білімі Институты
шығарған орысша-қазақша сөздікте жақшаның ішінде – снарядтан, бомбадан
қорғану үшін қазылған орын, – деп көрсеткен.8,62. Мұндай термин сөздерде
ұлттық бояу, ерекшелік, эмоциялық жылу, көңіл ұйытар әсер бола бермейді.
Сол себепті басқа тілге аударылғанда өзінің табиғи қалпын сақтап қалуға
тырысады. Землянке–жерүй баламасымен алған. Түпнұсқадағы небо сөзіне
күз деп нақтылай конкретизация тәсілін қолдана отырып, суреттелер
оқиғаның қай мезгілде өрбігенін байқатады. эти огни в сумерках тіркесін
кеш қойнында жанған мынау оттарды деп табиғат құбылысын бейлеудегі сөз
саптауы, көркемдеуі түпнұсқадан асып түспесе кем соқпайды.
Біз, З.Қабдоловты өзіне ұнаған шығармаларды ғана аударатын аудармашы
деп емес, жалпы қазақ халқына қатысы бар оқиғаларды, тарихи-танымдық мәні
бар көркем шығармаларды аударғандығын В.А. Добровольскийдің Сұр шинельді
үш жігіт повесіндегі мынадай салыстыру үзінділерден байқаймыз:
Түпнұсқа:
– Простите, какие условия? – спрашивал Гольдберг. – Мы в сорок первом
с Казахстане сами себе лабораторию строили. И мороз был. И холод. И
работали. [8;4].
Аударма:
– Ғафу етіңіз, қандай жағдайды айтасыз? – деп сұрайды Гольдберг. – Біз
қырық бірінші жылы, Қазақстанда өз лабораториямызды салып алған болатынбыз.
Қызыл шұнақ аяз да болған, үскірік суық та болды. Сонда да жұмыс
істегенбіз. [9;4].
Осы үзіндіден сол уақыттағы көп нәрсені аңғаруға болады... 1941 жылы
қазақ халқының жерінде, лаборатория салынғанын және т.б. да жұмыстар
атқарылғандығын З.Қабдолов тәржімасындағы кейіпкерлер диалогынан байқаймыз.
Енді аудармасын талдайтын болсақ, Простите сөзін қазақшаға сыпайылап
Ғафу етіңіз деп экспрессивті эмоцияны сақтаған, ал, условияны–жағдай
деп, спрашивал Гольдберг деген төлеу сөзді деп сұрайды Гольдберг, – деп
тәржімалап автор стилін сақтай білген.
Түпнұсқадағы екі жай сөйлемді аудармада бір сөйлем етіп шеберлік
танытқан. мороз деген сөзді аяз деп қана тәржімаламай, өз ойынан қызыл
шұнақ аяз деп фразеологиялық тіркеспен көркемдеп аударған. Мұндағы, шұнақ
(шыңылтыр, шытырлақ) аяз, шұнақ қаққан (қызыл шұнақ) аяз – қатты ызғарлы
суық, бет қаратпайтын үскірік, қатты суық мағынасында қолданылады.
[10;568]. Түпнұсқаны біршама кеңейте отырып, теңеу, эпитет, градация,
гипербола, әсірелеу әдістерін қолданған. Сол сияқты, холод сөзін суық
деп жалаң тіркеске айналдырмай, үскірік деген эпитетпен үстемелеген.
Мұның бәрі сайып келгенде аудармашы З.Қабдоловтың көркемдеу ерекшеліктері,
әдіс-тәсілдері болып табылады.
Қысқасы, көркем аударманы ажарлап қана қоймай, оны мазмұн жағынан да,
пішін жағынан да құбылта құлпыртады. Әрқашан тілге жеңіл, жүрекке жылы
тигізудің тәсілдерін қолданады.
Түпнұсқа:
Ему просто неудобно перед Черкашиным за свое бездействие [8;3].
Аударма:
Жай ғана, Черкашиннің алдында қол қусырып қарап отыруға ұялғаннан,
амалсыз жүрген адам тәрізді... [9;3].
Осы сөйлемдегі за свое бездействие деген түпнұсқадағы жай ғана
тіркесті аудармашы З.Қабдолов, қол қусырып қарап отыруға деген тұрақты
сөз тіркесімен берген[10;410]. Тұрақты сөз тіркесімен бере отырып, ойды ары
қарай дамытып, қосымша өз шығармашылығынан сөз де қосқан. Неудобно деген
сөзге балама ретінде ұялғаннан, амалсыз жүрген адам тәрізді... деп
түпнұсқаны кеңейте отырып алған. Демек, сөзбе-сөз қолданбай контекстегі
негізгі идеяны беруге тырысқан. Бірақ, мұнысымен түпнұсқа шырайы бұзылып
тұрған жоқ, қайта көркейе түскен.
Түпнұсқадағы мағынаға нұқсан келмесе, кей-кейде ойды ары қарай
стильдік тұрғысынан дамытып, әсірелеп, ажарлау да тәржіманың сапалы шығуына
бірден-бір себеп.
Аудармаға өз жанынан сөздер қосу осы екен деп, тисе терекке, тимесе
бұтаққа дегендей беталды көркем аудармаға аудармашы өз тарапынан
шығармашылық ой қоса беруге де болмайды. Олай болған жағдайда аудармашы
түпнұсқа тілін шұбарлап, автордың стилінен ауытқып, түпнұсқа стилі бір
жақта, өзінің ойы басқа жақта болып шығуы мүмкін. Демек, түпнұсқаның өзі
сұранып тұрған жерлеріне ғана логикалық дамыту тұрғысынан өз тарапынан ой
қосып, дәл сол жерге мағыналық бірліктері жақын сөздерді дөп тауып қолдану
да, аударма теориясы мен тәжірибесінде, аударматану ғылымында шеберліктің
белгісі.
Мұнымен айтпағымыз не?...
Мұнымен айтпағымыз – З.Қабдоловтың аудармашылық еңбегін даттау емес,
қайта керісінше, мақтау болып табылмақ. Мақтай отырып, мұндай әсем
аудармамен мақтанамыз да.
Міне, біз З.Қабдолов аудармасын қарастыра, салыстыра отырып, осындай
шеберліктің куәсі болып отырмыз.
Демек, негізсіз мақтау емес, дәлел-дәйек келтіріп айтылған пікір.
Сөзбен сурет салған суреткер, көркем сөз теоретигі, сөзінің қыры мен
сырын, іші мен сыртын терең зерттеген сөз өнерінің психологі немесе сөздің
еті мен сүйегін жіліктеп бөлген көркем сөз хирургінің, яғни З.Қабдоловтың
аудармашылық шеберлігі осы жерде!
Аудармашы З. Қабдолов көркем шығармаларды аудару барысында,
түпнұсқалардан өз шығармаларына ұқсастық іздеген. “Сұр шинельді үш жігіт”
повесі мен “Өмір ұшқыны” повесінің мазмұндық-идеялық желісінде бір-бірімен
үндесіп жатқан сарын лебі бар. Екі шығармада да студенттердің өмірге
араласуы жастардың өмірлік жол таңдауы, жарқын коммунизм идеялары жолындағы
күресі, бас кейіпкерлердің тамаша образы сомдалған.
Аударма 1950 жылы Қазақтың мемлекеттік көркем әдебиет баспасы-нан жарық
көрген.

Б) ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
М.Ю. Лермонтов поэзиясының қазақ тіліне аударылуы және Абай шығармасымен байланысы
Мұхтар Әуезовтың өмірі туралы
Әдебиет танытқыштың әлемдік әдебиеттану ғылым контексіндегі көрінісі
Мұхтар Әуезовтың педагогикалық мұрасын зерттеу, оны оқу-тәрбие жұмысында қолдану
Өлең аудармасының теориясы мен поэтикасы
Халық ауыз әдебиеті және көне түркі әдебиеті, жыраулық поэзия
ХХ ғасырдың басындағы ірі саяси- қоғамдық өзгерістердің ұлттық әдебиетке тигізген ықпал
Абай аудармаларының көркемдік сипаты
XX ғасыр басындағы тарихи қоғамдық өзгерістердың қазақ әдебиетінің дамуына әсері
Қазақ авторлары шығармаларын аударудың стилистикалық мәселелері
Пәндер