Ақтөбе облысының сулары



1. Кіріспе
2. Өзендері
3. Көлдері
4. Физикалық географиялық картасы
Ақтөбе облысысы жерүсті суларына мардымсыз, ол биік тау жүйелерінен және мұхиттардан алыста, материктің түбінде орналасқан. Өзен жүйелері территориясында біркелкі орналаспаған. Ол көптеген көлдер, әсіресе тұзды көлдер орналасқан солүстік-батыста, оңтүстікте және оңтүстік шығыста өте жақсы дамып, өзен жүйесі уақытша суағындары мен жыралар түрінде таралған.
Территорияны гидрографиялық шарттарға байланысты үшке бөлуге болады:
• Батыс, Каспий теңізі бассейніне жатады;
• Шығыс, Торғай өзенінің төменгі сужиын бөлігі мен Шалқар-Теңіз ойысын қамтиды;
• Оңтүстік ағынсыз, Арал теңізіне жатады.
Облыстың басты өзендеріне Ойыл, Сағыз, Қобда, Ембі, Ырғыз, Елек, Торғай, Үлкіаяқ, Ор жатады. Торғайдан басқа ірі өзендердің барлығының бастауы облыстың орталық бөлігінде орналасқан Мұғалжар тауларының бұлақтарыан алады.
Батыста, обылыстың сулы бөлігінде 580 өзен және ұзындығы 10 км болатын уақытша су ағымдардың ұзындықтарын қосқанда 15100 км болады. Бұл Жайық өзенінің сол жақ салалары, Ембі өзенінің бассейні және Жайық-Ембі өзенаралығындағы өзендер.
Облыстың шығыс бөлігінде ұзындықтарын қосқанда 6100 км болатын 190 өзен бар.

Пән: География
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 11 бет
Таңдаулыға:   
Әл -Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті

Реферат

Тақырыбы: Ақтөбе облысының сулары

Тексерген:
Абдреева Ш.Т
Орындаған:
Отжағарова Ш

АЛМАТЫ 2007

Мазмұны

1. Кіріспе

2. Өзендері

3. Көлдері

4. Физикалық географиялық картасы

Кіріспе

Ақтөбе облысысы жерүсті суларына мардымсыз, ол биік тау жүйелерінен
және мұхиттардан алыста, материктің түбінде орналасқан. Өзен жүйелері
территориясында біркелкі орналаспаған. Ол көптеген көлдер, әсіресе
тұзды көлдер орналасқан солүстік-батыста, оңтүстікте және оңтүстік
шығыста өте жақсы дамып, өзен жүйесі уақытша суағындары мен жыралар
түрінде таралған.

Территорияны гидрографиялық шарттарға байланысты үшке бөлуге
болады:

• Батыс, Каспий теңізі бассейніне жатады;

• Шығыс, Торғай өзенінің төменгі сужиын бөлігі мен Шалқар-Теңіз ойысын
қамтиды;

• Оңтүстік ағынсыз, Арал теңізіне жатады.

Облыстың басты өзендеріне Ойыл, Сағыз, Қобда, Ембі, Ырғыз, Елек,
Торғай, Үлкіаяқ, Ор жатады. Торғайдан басқа ірі өзендердің барлығының
бастауы облыстың орталық бөлігінде орналасқан Мұғалжар тауларының
бұлақтарыан алады.

Батыста, обылыстың сулы бөлігінде 580 өзен және ұзындығы 10 км
болатын уақытша су ағымдардың ұзындықтарын қосқанда 15100 км болады. Бұл
Жайық өзенінің сол жақ салалары, Ембі өзенінің бассейні және Жайық-Ембі
өзенаралығындағы өзендер.

Облыстың шығыс бөлігінде ұзындықтарын қосқанда 6100 км болатын 190
өзен бар.

Облыстың су қорының потенциалы 2 млрд. 193 млн. текше м. Ал жерүсті
су қоры су түсуі бойынша орташа жылмен алғанда 3610 млн. текше м.
Облыстың жалпы ауданы 30062900 га, оның 280573 га су алып жатыр. Оның
96031 га өзендер мен бұлақтар, 173293га көлдер алып жатыр, оның ішінде
28648 га тұщысулы көлдерге жатады. Жасанды су тоғандары 11249 га жерді
алып жатыр. Жерасты су қоры 653 млн. текше м судан тұрады.

Жазғы-күзгі және қысқы мезгілдердегі өзендердің гидрогеологиялык
жағдайы суаздылықпен сипатталады – көптеген өзендер жазда кеуіп, қыста
қатып қалады. Облыстың оңтүстік шығыс бөлігінде гидрографиялық жүйелер
нашар дамыған және тұзды ойпаттарда аяқтала тын уақытша суағындар
жүйесінің сиректігімен сипатталады. Ашысай, Манисай, Шаған, Қаулжур,
Жалаңаш суағындары тек қар ерігенде ғана ағыны пайда болып, содан соң
кеуіп қалады.

Жылдық ағынның 75-95% болған кезде,негізінен өзендер қар суымен
қоректенеді. Барлық ұсақ және орташа өзендер жазда кеуіп қалады. Ірі
өзендер,кейбір айналымдарда құрғап, бөлек ағындарға бөлінеді. Су қоры
жыл бойы сақталады.жер асты суларымен қоректенетін бөлек су ағындары
суландырудың,су тасқыныың және сумен қамтамасыз етудің негізгі көзі
болуы мүмкін. Олардағы су көлемі жиі 200-400 мың кубметрге жетеді.

Өзеннің сулы болуының және ондағы өзгерістердің негіщгі факторы
болып қоректену көзі болып табылады. Ақтөбе облысындағы өзендер
негізінен көктемгі қар еруінен, жиі болатын жаңбырлардан, Мұғалжар
тауларындағы бұлақтардан қоректенеді.

Өзендер

Ойыл өзені - Ембі үстіртіндегі бұлақтардан бастау алады және
Бүйрек және Тайсойған құмдарындағы көптеген көлдер мен сорлардың
арасында аяқталады. Өзеннің ұзындығы 800 км, сужиынының ауданы 31.5
мың шаршы км. Өзеннің ені 14 км ден 80 км ге жетеді, тереңдігі 0,5м ден
3,0м ге жетеді, ағыс жылдамдығы 0,2мс. Суы тұщы. Түбі құмды және
тұтқырлы, көптеген түбі құм терең емес шұңғылдар бар. Жағалаулары аласа
және жайпақ,өзен шығыстарында орлы. Өзен аңғары ені 4 км болатын
жерлерде құрғап қалған сағалармен бөлінген.

Ащыойыл өзені. Ойыл өзенінің саласы,ені 10-20 м, тереңдігі 3 м ге
дейін жетеді. Өзендер қараша айының аяғында қатып, наурыз айының аяғында
сәуір айының басында ери бастайды. Қыстың соңында мұздың қалыңдығы 0,8-
1,0 метрге дейін жетеді. Өзендерде су толуы сәуір айының басында
басталады және бес он күн жалғасады, бұл уақытта су деңгейі бір екі
метрге көтеріледі. Су қайту маусым айының бас мен ортасында болады. Ойыл
суы су қайту кезінде жоғарғы минералдылығымен ерекшеленеді.

Сағыз өзені. Қызылалдысай және Даулда өзендерінің қосылуынан, Орал
алды үстіртінен басталады, тұрақты суағыны бар және Тентексор сорындағы
Мақат бекетінен оңтүстікке қарай ақталады. Өзеннің жалпы ұзындығы 510
км, сужиынының ауданы 19,4 мың км. Суы тұзды. Өзеннің ені 3 метрден
48метрге дейін, ал тереңдігі 0,3 метрден 2,0 метрге дейін жетеді,ағыс
жылдамдығы 0,1 мс. Түбін құм басқан. Өзен айналасы ашық, кей
жерлерінде ені 1км ден 4 км ге жетеді және қамысты, батпақты. 4 метр
болатын шұңқырлармен, құрғап қалатын сағалармен, ағындармен кесілген.
Жағалауы жалпақ, кей жерлерінде биіктігі 2 метрден7 метрге жететін,
ұзындығы 2 км болатын орлар бар. Шұңғылдар тереңдігі 0,8 метр болады
және олар жиі кездеседі.

Терісқаққан өзені Сағыз өзенініің саласы, ені 60 метрге, тереңдігі
1,0 метрге дейін жетеді, ағыс жылдамдығы 0.1 мс.Өзендер қараша айының
аяғында қатып, наурыз айының басында ериді, қыстың соңында мұз қалыңдығы
1,0 метрге жетеді. Көктемгі су тасқындары сәуір айында басталып 15-20
күнге созылады. Бұл уақытта су деңгейі 1-2 метрге жетеді, содан соң
күрт тайызданады. Су қайту маусым айының басында болады, Сағыз өзені бұл
кезде ұсақталады, ал қуаңшылық жылдары тартылып, бөлек бөліктерге
бөлінеді.

Ембі өзені Мұғалжар тауларының батыс сілемдерінен басталады.
Өзеннің сағасы Каспий теңізіне 5 км жетпей Атырау облысындағы сорларға
сіңіп кетеді және тек суы мол болған жылдары Каспий теңізіне барып
құяды. Өзеннің ұзындығы 712 км, сужиынының ауданы 40,4 мың шаршы км.
Жол бойы оған 12 өзен келіп құяды,олардың ұзындығы 30 км. Олардың ең
ірісі ұзындығы 212 км болатын Темір өзені. Ембінің жоғарғы ағысында ені
25-260 метр болады,тереңдігі 1 метрге жетеді, кей жерлерінде тереңдігі
3 метр болатын орлар бар, ағыс жылдамдығы жазда 0,1-0,2 мс, көктемде
0,8 мс. Түбі қатты және құмды. Тасаудан ауылынан бастап төменгі ағысы
құрғағыш. Өзен сағасы иірімділі, көптеген салаларға бөлінген, бұлар жаз
келісімен өте ұсақтанып, бөлек кішкене ғана суларға айналады. Жағалауы
кей жерлерде жалпақ, кей жерлерде орлы. Өзенде тереңдігі 0,5 метр
болатын шұңқырлар бар. Өзен айналасы ашық. Өзен суы тұщы, бірақ жазда
тұздалады. Қар суымен қоректенеді. Желтоқсан айының басында мұз
жамылады, наурызда ери бастайды. Су тасуы кезінде орташа деңгейден 1,5-
2,0 метрге көтеріледі, бірақ 5-7 аралығында қайта қайтады.

Темір өзенінің ені 35-40мтер, ал кей жерлерінде 50 метрге жетеді.
Тереңдігі 0,6-4,0 метр. Су толуы кезінде су 1,5-2,0 метрге көтеріледі.
Түбінің топырағы құмды, қатты. Сағасы иірілімді. Жағалауы аласа, жайпақ,
36 метр болатын орлар бар. Өзен желтоқсанның басында, кейде қараша
айының аяғында қаттып, ақпан айында мұз жамылғысының қалыңдығы 0,5
метр болып, наурыз айының аяғында ериді. Су тасуы сәуірде болады, бірақ
та 5-7 күннің ішінде тез қайтады. Суы өте жоғары сапалы тұщы су.

Ырғыз өзенінің суы аз, бастауы Мұғалжар тауының шығыс беткейінде.
Өзеннің жалпы ұзыныдығы 593 км, сужиынының ауданы 31600 шаршы км.
Сағасы иірілімді, тармақталған, ені 80-100 метр. Өзен құмдар арасымен
ағады. Аңғарының ені 1,3-2,0 метр, кей жерлерде 0,3- 0,5 метрге дейін
тарылады. Аңғардың еңістері тік, биіктіктері 5 метрден 8 метрге
жетеді. Ырғыз ауылының жанында өзен ағынынң таралуы басталады.
Көктемдегі ағымның бір бөлігі оңтүстік шығыс бағытқа Аманкөл шатқалына
қарай ағады, содан соң 110 км ден соң Торғай өзеніне барып ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Шұбарқұдық мұнай кен орны
Туризмді дамытуға барынша қолайлы аудандар шығыс аймақта
Орман шаруашылығы аумағын өртке қарсы орналастыру жобасы
ҚР-дағы жасанды және табиғи экожүйе
АҚТӨБЕ ОБЛЫСЫНЫҢ ГЕОЭКОЛОГИЯЛЫҚ МӘСЕЛЕЛЕРІН ШЕШУ ЖОЛДАРЫ
Қызылорда экологиялық ахуал
Экожүйе концепциясы
Табиғат ресурстары және оларды тиімді пайдалану мәселелері туралы
Алға ауданының топонимикасы
Су қорының ластануы
Пәндер