Қазақ әндерінің өткені мен бүгіні


К І Р І С П Е
Қазақ әндерінің өткені мен бүгіні
Музыка (грек. musike, тура мағынасында «музыкалар өнері») - белгілі биіктіктегі дыбыстардан тұратын, адамға өзінің үйлесімді ұйымдасқан сазды әуенімен әсер ететін, дыбыстық көркем бейнеге негізделген өнердің бір түрі. [24, 117]
Қазақтың халықтық музыкалық өнері саласында кең сахара, дархан даладай мол көсіліп иен тараған бір жанр бар. Ол -ӘН.
Ән -поэзиялық және музыкалық әуен бірлестігінен туған, халық арасына мол тараған вокалдық жанр, ғасырлық мәдениетіміздің көркем формасы, заманның тарихи шежіресі, бүгінгі күннің белсенді жаршысы.
Халық даналығы -әнді ертеден-ақ ерекше бағалап, халықтың жаны деп атаған. Бұл өте дәл, мейлінше әділ баға. Өйткені, жақсы ән мен жақсы күй қай заманда, қай халықтың болса да ең асыл арманы мен тілегін айқын бейнелеп, олардың бақытты өмірге ұмтылған ыстық сезімін жеткізе білді, оның жан дүниені тебірентетін үні адамға қайғы үстінде де, демалыс уақытында да көңіл серігі болды. Адам өмір тіршілігін ғана емес, сонымен бірге келешектен күткен, аңсаған арманын да, көңіл түпкіріндегі үмітін де, әлеуметтік теңсіздіктерін де ән арқылы білдіріп, әнмен өрнектеген.
Қазақ халқының тарихында күрделі орын алған ұлылы-кішілі оқиғалардың қай-қайсысы болса да әннен өзінің көрінісін тапқан. Оның өміршеңдігі де осындай қасиетінде.
Әрине, Абай айтқандай: «Әннің де естісі бар, есері бар». Мирасқоры біз болған ән дүниесі халықтың өткен тарихының куәгері саналарлық «есті ән». Мұнда көне заман шындығын шертетін көп деректер мен бірге халық басынан өткерген тарих көшінің де тізбегі секілді мол мағлұматқа кенелетін жайлар бар. Ән -сан ғасырлық тарихы бар, талай-талай ұрпақтан өткен жол-жөнекей жөнделіп, өңделіп, жаңарып бізге жеткен жанр. Ғасырлар елегінен өткен әндер айшықтана, әрленіп музыкалық өнердің інжуіне, асыл қазынасына айнала берген. [1, 3]
Кез келген ұлттың өзіндік кескін-келбеті мен болмыс-бітімін айқындайтын ұғымды оның өзіне тән ұлттық мәдениеті дейтін болсақ, қазақ мәдениетіндегі ән өнерінің алар орны ерекше. Данышпан Абайдың “Туғанда дүние есігін ашады өлең, Өлеңмен жер қойнына кірер денең” деген сөздері қазақ өмірінің бүкіл тыныс-тіршілігі өлеңмен өрнектелетінін айқын көрсетеді. Шындығында сәби дүниеге келгенде “бесік жырымен” әлдилеп қарсы алып, адам дүниеден өткенде “жоқтау” айтып шығарып саламыз. Қадым ғасырлар қойнауынан басталатын осы тамаша дәстүр әлі күнге дейін жалғасын тауып келеді. Бүгінгі күн жастарының тойы да “жар-жар”, “беташармен” өтетіні ата-баба салтына адалдықтың айқын көрінісі іспеттес. Орыстың тамаша ғалымы Г. Потаниннің “Маған бүкіл қазақ даласы ән салып тұрғандай көрінеді” деген сөзі қазақ тұрмысының осындай даралығынан туған тұжырым болса керек.
Ұлтымыздың аса бай ән өнерін дамытуға Абай бастаған, Біржан сал, Ақан сері, Мұхит, Балуан Шолақ, Жаяу Мұса, Үкілі Ыбырай, Әсет, Естай, Нартай, Кенен сияқты халық композиторлары өлшеусіз үлес қосып, оны сапалық жаңа биікке көтерді. Олардың мол шығармашылық мұрасы қазақ операсы мен балетінде және классикалық музыкалық туындыларда кеңінен пайдаланылып, әлемнің ең әйгілі музыкатанушылары тарапынан жоғары бағаға ие болды.
Осы тұрғыдан келгенде қазақтың ғұрыптық өлең-жырларынан бастап, әйгілі халық композиторлары шығармаларын тұтас қамтыған “Қазақтың дәстүрлі 1000 әні” бірегей жобасын ұлттық музыка мәдениеті тарихындағы айтулы оқиға деп бағалаймын. Жинаққа енген халық әндерін К. Байсейітова, Ж. Елебеков, Ғ. Құрманғалиев, Қ. Жандарбеков, Е. Өмірзақов, М. Ержанов, Е. Серкебаев, Р. Бағланова, Б. Төлегенова сияқты саңлақ әншілерімізден бастап, Ж. Кәрменов, Қ. Байбосынов, Б. Тілеухан, Р. Стамғазиев және А. Қосанова сияқты кейінгі буын топжарғандарының нақышына келтіре орындауы жобаның құнын да, маңызын да арттыра түсетіні анық.
“Ел іші - өнер кеніші” дейді дана халқымыз. Әрине, қазақтың дәстүрлі әндері мың әнмен шектелмесі анық. Ендеше, жаңа жоба алдағы уақытта тың туындылармен толысып, бүгінгі ұрпақты халқымыздың баға жеткісіз мол музыкалық мұрасымен сусындата береді деп сенемін. (Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан НАЗАРБАЕВ. ) [19, 1]
Халық әндері -сарқылмас қазына. Оны жай ғана ән салу, көңіл көтеру деп түсінуге болмайды. Себебі, әннің толып жатқан өзге қасиеттері де бар. Ән -өнер. Ән -адамның көңіл-күйі, тебіренісі мен толғанысы, қуанышы мен жұбанышы. Ән-халықтың көркем ой-санасы, көркем тарихы. Ән-өмір айнасы. Олай болса, бізге әсер еткен өмір құбылыстарының барлығы дерлік ән арқауына айналып отырған.
Әннің бір қасиеті -әуезділігі, әсерлілігі, көркемділігі. Бұл уақыт сынынан өтіп, біздің заманымызға жеткен халық әндерінің барлығына тән белгі. Жазба мәдениеті туа қоймаған дала жағдайында нағыз көркем, тыңдаушысына терең сезімге бөлейтін әуен ғана ел аузына ілігіп, ұзақ мерзім өмір сүре алған.
Халық әндеріне тән тағы бір белгі -елдің өмірі, тұрмыс-тіршілігімен сабақтастығы. Кез келген ән белгілі бір оқиғаға құрылады. Соған орай айтайын деген ой-мазмұны да болады.
Қазақ халқының ән өнері сан-салалы. Көне дәуірлерден жеткен бұл мәдениет саласын бірнеше арнаға бөлуге болады. Олар: бақсы сарыны, жыраулық дәстүр, ертегілік, тарихи және лирикалық әндер.
Ән-вокалдық жанр болса, халық әндеріне тән мынадай белгілерді көрсетуге болады:
- Әннің мазмұны, яғни әдеби мәтіні;
- Әннің әуені, яғни мазмұны;
- Әннің жанрлық ерекшелігі;
Халық әндерін біз тақпақ сазды речитативтік тарихи және лирикалық деп білеміз. Бұл ерекшеліктер бірде әннің музыкалық-интонациялық жүйесіне қатысты болса, бірде жанрлық сипатын білдіреді.
Халық арасына кең таралған лирикалық әннің жүздеген үлгілерін атауға болады. «Қамажай», «Бипыл», «Маусымжан», «Сәулем-ай» секілді толып жатқан әннің барлығы да лирикалық жанрға жатады. Лирикалық әннің ерекшелігі онда сюжет болмайды, оның есесіне эмоцияға негізделген сезім лирикасы, поэзиялық параллелизмдер басым ұшырасады. Халық әндерінің стильдік ерекшеліктеріне бойлай түссек, олардың музыкалық әуені мен әдеби мәтіннің бірде сәйкес, бірде сәйкес келмейтінін аңғарамыз. Бұл ерекшелікті ғылым тілімен синхрондық және асинхрондық деп екіге жіктейміз. Асинхрондық жүйеге негізделген әннің музыкасы мен әдеби мәтіні әртүрлі кезеңдерден туғандықтан, олардың құрылымдық жағынан бір-біріне сәйкес келмейтіні байқалады.
Халық әнінің пішіні мен құрылымын талдағанда классикалық музыкаға тән терминдерді қолдануға болмайды. Музыкалық фольклортану ғылымында халық әндерінің дыбыс қатарына байланысты мынадай терминдер қалыптасқан:
Трихорд (до-ми-фа) - 3 дыбыстан тұратын құрылым.
Тетраход - 4 дыбыстан тұратын құрылым.
Пентаход - 5 дыбыстан тұратын құрылым.
Гексаход - 6 дыбыстан тұратын құрылым.
Гептаход - 7 дыбыстан тұратын құрылым. [5, 220]
Қазақтың халық әні формасы жағынан да әралуан. Негізгі және көп тараған түрі әртүрлі екі АВ-АВ құрылыстан жасалған мелодиялық негізгі мазмұны қайталанатын форма болып есептеледі. Бұл формаға еңбек әндері үлгі бола алады.
Сонымен қатар екі бөлімді куплетті ән формаларының қарапайым және күрделі бірнеше түрлері де кездеседі. Толысып, дамыған халық әндері тек қана екі бөлімді формада емес, сондай-ақ әуен құрылыстары 3 және 4 мелодикалық элементтерден де құрылады.
Қазақтың халық әндерінің ырғағында мынадай түрлер кездеседі:
- Музыкалы-метрикалық өлшемдердің барлық түрлері;
- Бір әннің мелодиясында болатын жиі ауысулар мен ырғақтық фигураларды әлденеше рет қайталаулар;
- Ырғақтық терме, желдірме секілді әндерде әлденеше рет қайталануы;
- Өлеңді буынға бөлумен байланысты триольдердің едәуір басым болуы;
Ал ырғақтың өзгеше еркін түрін халық әндерінің қайырмасында кездестіреміз. [ 2, 27]
Совет үкіметінің алғашқы жылдарының өзінде-ақ өнердің басқа салаларына қарағанда халықтық жайсаң жанр-ән творчествосы жедел өркендеді.
Революциялық, советтік қазақ әндерінің тарихына көз жіберсек, ол кездегі творчестволық серпіннің түрліше процесін байқауға болады.
Бұл кезде басты тақырыптың бірі -бостандық, әйелдер теңдігімен қатар, қалың бұқараның оқу-білімге деген ынта-ықыласы да жаңа әндерге негіз болады. Елді индустрияландыру туралы еңбек, жастар, Қызыл әскер, Отан қорғау жөнінде көптеген жаңа әндер туды. Мәселен, Кенен Әзірбаев, Иса Байзақов, Қосымжан Бабақов, Манарбек Ержановтың «Колхозшы», «Бал құйылды даладан», «Машина», «Завод», «Паравоз» әндері формалық, мазмұндық жағымен ерекше назар аударады. Сонымен қатар, Рамазан Елебаев, Смағұл Көшекбаев сынды композиторлардың да әндері жарық көрді. Талантты композитор Нұрғиса Тілендиевтің «Жан сәулем», «Әке туралы ән», «Құстар әні», т. б.
Ән творчествосында, әсіресе лирикалық жанрда ерекше көзге түсіп, халық құрметіне бөленген композиторлардың бірі Шәмші Қалдаяқовтың «Қарагөз», «Қайықта», «Арыс жағасында», «Ақ сұңқарым», «Ақмаңдайлым» және Ескендір Хасанғалиевтің «Әдемі-ау», «Асыл арман», «Атамекен» т. б. әндері. [3, 85]
Міне, осы жылдары қазақтың революционер ақыны және көрнекті мемлекет қайраткері С. Сейфуллин революциялық «Марсельеза» әніне оригиналдық тексті жазды.
Көп ұзамай қазақтың советтік әндеріне типтік жаңа екпін, жекеленген әуендік жаңа интонация ырғақтары және революциялық жұмысшы әндерінің марштық, сергек ырғақ ерекшеліктері ене бастайды. Стильдік жаңару, екшелену процестерімен қатар советтік қазақ елінің жаңарған өмірін жырлайтын әндердің тақырыбы да баий түсті.
Кеңес дәуіріндегі әндер деп 5 тарауға бөліп қарауға болады.
- 1917-1931 жылдар. Қазақ халқының революциялық әндерінің тууы.
Бірінші топтағы революциялық әндерге ескілікті әуендердің музыкалық негізін түгелдей немесе азғана өзгерістермен пайдаланған шығармаларды жатқызуға болады.
Екінші топтағы революциялық әндерге бүтіндей халық әуенімен байланысты, бірақ кейбір өзіндік ерекшеліктері бар туындыларды жатқызуға болар еді. Мұндағы ерекшелік, бір бөлікті әуендер бітпеген қайырма сияқты болып дамып келеді де, ырғақтылық құрылысы жағынан ән кеудесіне қарама-қарсы дамитын жаңа қайырма пайда болады. (мыс, Қуан Лекеровтың «Октябрь» әні)
Үшінші тобына тыңнан туған жаңа шығармаларды жатқызуға болады. Бұл топтағы әндердің авторлары ешбір халық мелодияларын пайдаланбай-ақ өлеңдеріне лайықты әнін де өздері шығарған. (мыс, «Жалпы әлем» әні)
Төртінші тобына жалпы пролетарлық және қызыл әскер әндерімен байланысы бар шығармалар. (мыс, Сағадат Аманжоловтан «Жалшылар қорғаны»)
- 1932-1941 жылдар. Қазақтың профессионалдық музыка өнерінің қалыптасуы мен дамуы.
Отызыншы жылдар. Советтік ән творчествомызда жаңа к ө п ш і л і к ә н д е р і (массовая песня) жанры қалыптасты. Образ шеңбері кеңейді, ән тақырыптары түрленіп, айқындала түсті. (мыс, Р. Елебаевтың әні «Жолдастар»)
- 1941-1945 жылдар. Ұлы Отан соғысы кезіндегі музыка өнері.
Опера жанрының дамуы. «Абай» операсы.
- 1946-1956 жылдар. Соғыстан кейінгі он жыл ішіндегі қазақ музыкасы. (опера, симфониялық музыка, халық аспаптар оркестрі, хор) .
Әндік-романстік стиль қалыптасты. Әндерде ұлттық мелос пен дәстүрлі
әндік және речитативтік мелодия түрлері тұтас, жалпы советтік мелодиялық стиль қалыптасты. (мыс, А. Жұбановтың «Бейбітшілік көгершіні», «Москва», Л. Хамидидің «Жамбыл әні» т. б. )
- 1957-1970 жылдар. Қазақстанның қазіргі кездегі музыкалық өнері. (опералық, симфониялық, балеттік, ораториялық) [2, 302]
Ал, бүгінгі қазақ эстрадасының әндерін сорақыланып бара жатыр деп айтуымызға болады. Олай дейтініміз, жылдан-жылға жаныңды жадыратар қазақ эстрадасының орнын Батыс пен Шығыстан жұлмаланып құрастырылған әндер ауыстырып келеді. Ән өңдеуде де, жазуда да қазақ әніне еш ұқсамайтын Шығыс ырғақтары жаулап алған. Тыңдарман қауым мұндайдан мезі болды. Белгілі композитор әрі саясаткер, өнер ғылымын зерттеп жүрген ғалым Хасен Қожа-Ахмет: «Әр ұлтқа музыкасын да Құдай оның бет-кескініндей ерекше етіп берген ғой. Ал, музыка адамның сөзбен жеткізе алмайтын ішкі жан дүниесіндегі сезімін баяндайтындықтан, ұлттық музыкасы арқылы халықтың болмысын білуге болады» -дейді. «Осылай бола тұра, бүгінгі сазгерсымақтар Батыс пен Шығыстың: араб, түрік, өзбектің музыкасын, әндерін бұрмалап, қазақ әндерін қолдан жасауда. Мұндай дүние қазақ эстрадасын дамытады деп қалай айтуға болады? Бірақ мұны қаперіне алар әнші жоқ. Есесіне, кейбір танымал әншілер сұхбатында: «Қазақ эстрадасы дамып келеді», - дейді. Ән мен әншінің, топтың көбейгені қазақ эстрадасының дамығанын білдірмесе керек. Бүгінгі әндерді жазуда да, өңдеуде де тек шығыс стиліне жол беріліп келеді. «
Қызыл гүлім-ай
» әні патшалық Ресей кезеңіндегі шарапханалық дырду «
Надя қыз
» әніне еліктеп шығарылған болса, орыстың ескі «
қалалық әні
» «
Крутится шар голубой
» сияқты сарында. «Сендерге әрдайым орын бар,
Ақ отау төріне қоныңдар» деген секілді қазақтың «жаңа әні» пайда болды.
Қазіргі біраз ән орыс пен сығанның көше әндерінен тікелей алынған екен. Мысалы, Асқар Жүнісбековтің «Толғанайы» да - орыстың ескі әуені. Құралай Сәтмұхамбетованың «Алтынайы» Болгария сығандарының көше әні болған деседі. Бұларға қойылар тосқауыл жоқ. Біз осы күнге дейін ана тілі мәселесін талқылап жүрсек, енді қазақ музыкасының да тағдыры алаңдатып тұр.
Қазіргі сазгерсымақтардың «ән шығару өнері» қаншалықты дәрежеде? Хасен Қожа-Ахмет ағамыз бұл жөнінде тағы да былай дейді:
«Шын мәнісінде, композиторлық азды-көпті дарыны бар адам әлемнің шартарабынан естіп жүрген әуеніне еліктеп, күніне жүздеген ән, әуен шығара алады. Бірақ халқының алдындағы жауапкершілігін түсінетін шын дарын иесі ұлтының болмысына, тағдырына қауіпті мұндай космополиттік құрамды қойыртпақты халқына ұсынбайды». Бұл жерде өнерді зерттеуші ағамыз ХХ
ғасырдың екінші жартысындағы композиторлар шығармашылығын сөз етеді. Ал, бүгінгі бір сағатта ән жазып, оны студияға апарып, әншісіне ұсынып арам терге түсіп жүрген «композиторлардың» бағыт-бағдары қалай дейсіз? Бүгінде студияда бір ән жазу бағасы 500 доллардан жоғары. Қазақ халқының ән өнері көп ғасырлық мәдениетіміздің көркем формасы есепті мазмұнымен де жұрттың
көкейінен шыққан.
Қазақ музыкасы туралы келелі пікір айтушының бірі, өткен ғасырдың 70 жылдары Түркістанда болып қазақ өнерпаздарымен тікелей пікір алысқан -Август Эйхгорн. Ол: «Қазақ әндері құдіретті де, күшті, өктем әрі сонымен бірге жатық, құлаққа жағымды естіледі. Жапан түзде, немесе ауылда, болмаса мал арасында, айдала мен жазық өңірлерде, таулар мен көсілген алқаптарды аралаған кезінде, жым-жырт аспан астында жалғыз келе жатып оның салған әні тіпті әдемі естіледі». [1, 4]
- ҚАЗАҚ МУЗЫКАСЫ ТУРАЛЫ ТАНЫМ -ТҮСІНІКТЕРГЕ СИПАТТАМА
Ән -құдіретті жанр, жан дүниені ерекше әсерге бөлеп, адамды сәулелі өмірге жетелейтін сиқырлы өнер. Ән тағдыры, жалпы ән проблемасы тек композиторлар мен әншілердің, музыка зерттеушілері мен өнер қайраткерлерінің ғана жанашырлығын қажет етпейді. Ән тағдыры -халықтық проблема. Олай болғанда, ән әлеміндегі түрлі толғақты мәселелерге халықтың, көпшіліктің батыл үн қосып, рухани жаңашылық білдіруі де қажет.
Қазіргі жағдайда, ащы шындыққа жүгінсек және дәстүр жалғастығы биігінен қарасақ, ән салу, ән шығару өнерімізді сәл жүдетіп алдық. Бүгінгі таңда экологиялық табиғат аясының тазалығы қандай қажет болса, ән тағдыры, ән болашағы да халқымызды сондай мазаландырса керек. Кезінде екі ауыз білмейтін қазақ болмаған дейміз. «Бүкіл қазақ даласы ән салып тұрғандай» деген пікірге ие болған, әншілігі аңызға айналған сауыққой халықпыз. Олай болса, ән салу, ән шығару -ұлттық дәстүріміздің жалғасы. Ән өнері -рухани мәдениетіміздің ең көп тараған, көп жайылған мол да жайсаң жанры, өміршең дәстүрі.
Ән күнде туады, бірақ солардың ішінде тек жақсы ән ғана халық арасында ұзақ өмір сүреді. Ән халықтың жадында неғұрлым ұзақ сақталса, оның соғұрлым құнды, бағалы екенінде күмән жоқ. Мұндай әндер ұлттық өнерімізге өзіндік байлығымен рухани үлес болып қосылады. Міне, осы тұрғыда біз қазіргі қазақ әндерінің қалыптасу, даму жолдарын байқататын шолу жасадық, дені халық аузында сақталған әндер туралы әңгімеледік. Шын мәніндегі жақсы, көркем сазды сұлу ән тыңдаушысымен қоса өзінің орындаушысын да шабыттандырып. Аса бір асқақ сезімге бөлейді. Халық даналығы «әні бардың -сәні бар» дейді. Ән -халықтық өнер, халық сәні.
Осы кезге дейін қазақ халқының ән мәдениеті аз зерттелген жоқ.
А. Затаевич, А. Жұбанов, Б. Ерзакович, З. Ахметов, Б. Уахатов, С. Елемановалардан бастап бірқатар зерттеушілер қазақ әндерінің қыры мен сырын әр түрлі бағыттан зерттеп келді. Сол негізде анықталған ғылыми тұжырымдар мен қалыптасқан зерттелу әдістері де жоқ емес.
Ән туралы дереккөздердің бірі -ауызекі әңгіме. Халқымыздың мәдениетіне осы тұрғыдан келіп, түрлі ой-пікірлер айтып жүрген зерттеушілер бүгінде жоқ емес. Олар бірде ауызекі әңгімеге иек артса, кейде тіпті жазушы қиялынан туған көркем шығармалардағы оқиға желісін де тарихи айғақ ретінде алға тарататыны бар. Сол себепті мұндай мәліметтердің бәрі саралап, үлкен талғаммен пайдалануды қажет етеді. Талап пен талғам жоқ жерде біз тарихи шындықтан ауытқып, еріксіз аңыз әңгімелердің жетегінде кете барамыз.
Ән туралы сөз қозғағанда біз әбден зерттеліп, дәлелденген жайларды ғана тілге тиек етуіміз керек. Екіұшты, даулы мәселелердің танымдық, тәрбиелік қуаты болмайды. Ол халықтың тәлімгерлік дәстүріне де жат. [3, 100]
- Музыкалық стиль
Бұл факторларының вокализацияланған түрлерi деформацияланған пропорциялардың ықпалы арқылы сөз сөйлейді. Мелодияның фразалық интонациялық құрылысы синтаксиске екпiндi және екпiнсiз буындарының жүзеге асырылуы арқылы бағынады. Өз кезегiнде ән салудағы сөйлеу дыбыстары интер белдекшесінің қарсы мақамының әсерінен ұлғайады. Бұл факторлардың бір-біріне деген әсерiн дифференциалданған сөз вокализациясының негiзгi түрлерiнiң қатарына аламыз.
- Сөйлеу дыбысының таза музыкалық шарттылығының бiрiншi баспалдағы мелодекламацияда байқалады. Өлең буындарының метрлiк бiрлiгi музыкалық регламент бiрлiгiмен теңестiрілген. Өлең реңктері ритмикалық екпінді буындардың және пеонарлық қысқарудың белгілері арқылы білінеді.
- Сөздiң интонациялық тарабы музыкалық дыбыс көрсеткішінің іс-әрекетімен ұласады. Өлең құрылымында көп жағдайда дауыс созылыңқылығы мен ырғақ айқын көрінеді. Мәтін және ән салудың аралығында немесе дыбыс шығаруда сөйлеу формалары арқылы мелодекламацияны ашуға зор мүмкіндік туады.
- Мәтін мен музыкалық дыбыс шығарудың өзара қиылысатын нүктесі ол псалмодия. Сонымен қатар, ол мелодекламациялық ұзындық бірліктері мен ақындық шеберліктің негізі дифференциалданған ырғаққа негіз болады. Псалмодиялық әннің музыкалық шарттылығы ол бір дыбыстың бірқалапты қайталануы болып табылады.
- Өлең сөздің интонациясы да құрылым негізіне сүйенеді. Егер осындай өлең түрлері кездессе, ол қара өлең құрылысына сай келеді. Композициялық құрылысы псалмодия негізінде және мәтіні синтаксис тобына жатады. Дауыс диапазонындағы басылымдар және сөйлеу интонацияларының жоғарлауы интер белдекшесінде дифференциалданған тритон бағытында қарастырылады. Өлең ырғақтары жуан екпінді буындар мен жіңішке екпінсіз буындарға негізделген.
- Ораторлық сөздiң синтаксистiк айшықтарын композициялық көшiрмеде және интонация жүрiстерiнiң нәтижесінде айырмашылық табуға болады.
- Ариоз тақпағы синтаксистiк өлең құрылымында негiзделген. Өлең құрылымында диапозондық интервал мен өлең метроритмикасының ырғақтық айырмашылығы іспеттес. Ариоз өлеңі ырғақ құрылымына тәуелді бола тұра, ең алдымен синтаксиске арқа сүйейді. Олар салдар мақамының соқтығысуы мен синтаксис өлеңнiң ырғақтық бiрлiгiнiң жойылу кезінде пайда болады. Ариоз өлең интонациясы синтаксистiк топтың фразалық интонациясына арқа сүйейдi.
- Вокализацияланған ырғақтық түрі өлеңнің құрылымы болып табылады. Мақамның соқтығысуы және синтаксистiк ариоз
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz