Бухгалтерлік қызметті ұйымдастыру



Кіріспе

Бөлім 1. Бухгалтерлік есеп және оның атқаратын қызметтері
1.1. Бухгалтерлік есеп туралы жалпы түсінік
1.2. Бухгалтерлік есептің атқаратын қызметтері мен принціптері
1.3. Есеп саясаты туралы түсінік және оған
қойылатын талаптар

Бөлім 2 Бухгалтерлік есеп түрлері, мәні мен маңыздары
2.1. Қаржылық есептің құрамы мен түрлері.
2.2. Басқару есебінің мәні, мақсаттары және міндеттері.
2.3. Салық есебі

Бөлім 3 Есептік бөлім

Қорытынды

Пайдаланылған әдебиеттер
Бухалтерлік есеп көптеген жылдар бойы басқа ғылымдар сияқты дамып, қоғамның экономикалық-әлеуметтік жағдайларына сай өзгерістерге ұшырап келе жатқан, сондай- ақ өмірде өзінің ерекшелігімен оқшауланатын ғылым болып табылады. Белгілі ғалым Б. Де Солозано осы ғылым туралы "Бухгалтерлік есеп барлық ғылымдар мен өнердің ең алдында тұрады, басқалары онсыз өмір сүре алмаса, бухгалтерлік есеп үшін олардың ешқайсысы қажет емес" деген болса оның әріптесі Р.А. Фаулки есеп - бұл барлық бизнестің тілі, яғни философиясы - деп атаған. Бұхгалтерлік есеп ұйымның қаржылық ақпаратын өлшейтін, өңдейтін, есептейтін және оны пайдаланушыларға жеткізіп отыратын жүйе болып табылады. Бұхгалтерлік есеп басқару жүйесінде ең маңызды орындардың бірін иеленеді. Сонымен қатар бухгалтерлік есеп кәсіпорынның активтері мен міндеттемелері, капиталыжәне өндірілген өнімдері мен олардың сатылғандығытуралы ақпараттарды жинақтап көрсетеді. Тек қана бухгалтерлік есеп арқылы ұйымның табыстары мен шығындарын және шаруашылық қызметінің соңғы қаржылық нәтижесін анықтауға болады. Бухгалтерлік есептің ақпараттық жүйесі қаржылық және басқарушы есеп болып екіге бөлінеді.
Бухгалтерлік есеп дегеніміз - кәсіпорынның жай күйін, мүлкін, қорлардағы ақша қаражаттарын, кірісі мен шығысын, қаржы қортындыларын жүргізіп отыру үшін және осы мәліметтер бойынша кәсіпорынның болашақтағы қызметіне бақылау жасауды және соған қарай шаралар жүргізуде алдын-алуға мүмкіндік беретін методикалық жазу.
Кәсіпорын атқаратын қызметі ерекше мәнге ие.
Кәсіпорындағы бухгалтерлік есеп мынаны талап етеді.
1. Кеулімжаев Қ. Қ. , Әжібаева З. Н. , Құдайбергенов Н. А.
Бухгалтерлік есеп принциптері: Оқу құралы. – Алматы: ЭкономикС, 2003. – 105 бет;
2. Радостовец В. К. , Радостовец В. В. , Ғабдуллин Т. Ғ. , Шмидт О. И.
Кәсіпорындағы бухгалтерлік есеп: Өңделіп және толықтырылып 3-ші басылуы. – Алматы: Қазақстан – аудит орталығы, 2002, - 5-тарау, 111 бет;
3. Назарбаев Н. Ә. Қазақстан Республикасыныңұзақ мерзімдік (2030 жылға дейінгі) даму стратегиясы.- Алматы, 1997.
4. Әубәкіров Я. Ә. , Нәрібаев К. Н. , Жатқанбаев Е. Б. , ж. б. Экономикалық теория негіздері. –Алматы: ҚазМҰУ, 1998;
5. Дорнбуш Р., Фишер С. Макроэкономика. Оқулық. – Алматы: ҚазМБА, 1997;
6. Ойкен В. Основные принципы экономической политики. – Москва: Прогресс, 1995;
7. Корнаи Я. Путь к свободной экономике. – Москва: Экономика, 1990.
8. Бухгалтерлік есеп және қаржылық есеп туралы 2002 жылғы 24 маусымдағы Қазақстан Республикасының заңы,
9. Бухгалтерлік есеп стандарттары. Қазақстан Республикасының Ұлттық коммиссиясы
10. Әбдіманапов Ә.Ә Бухгалтерлік есеп теориясы және принціптері Алматы 2001
11. Ержанов М.С Основы бухгалтерского учета и новая корреспонденция счетов Алматы 2003
12. Кутер М.И. Бухгалтерский учет М 1997
13. Ниткин В.М " Теория бухгалтерского учета " М 1999
14. Укашев Б,Е. Бухгалтерлік есеп теориясы Алматы 1999
15. Тасмағанбетов Т.А Қаржы есебі Алматы 1998
16. Бухгалтерский бюллъетень 2004-2005

Пән: Бухгалтерлік іс
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 20 бет
Таңдаулыға:   
КУРСТЫҚ ЖҰМЫС
Тақырыбы: Бухгалтерлік қызметті ұйымдастыру

Жоспары

Кіріспе

Бөлім 1. Бухгалтерлік есеп және оның атқаратын қызметтері
1.1. Бухгалтерлік есеп туралы жалпы түсінік
1.2. Бухгалтерлік есептің атқаратын қызметтері мен принціптері
1.3. Есеп саясаты туралы түсінік және оған
қойылатын талаптар

Бөлім 2 Бухгалтерлік есеп түрлері, мәні мен маңыздары
2.1. Қаржылық есептің құрамы мен түрлері.
2.2. Басқару есебінің мәні, мақсаттары және міндеттері.
2.3. Салық есебі

Бөлім 3 Есептік бөлім

Қорытынды

Пайдаланылған әдебиеттер

Кіріспе

Бухалтерлік есеп көптеген жылдар бойы басқа ғылымдар сияқты дамып,
қоғамның экономикалық-әлеуметтік жағдайларына сай өзгерістерге ұшырап
келе жатқан, сондай- ақ өмірде өзінің ерекшелігімен оқшауланатын
ғылым болып табылады. Белгілі ғалым Б. Де Солозано осы ғылым туралы
"Бухгалтерлік есеп барлық ғылымдар мен өнердің ең алдында тұрады,
басқалары онсыз өмір сүре алмаса, бухгалтерлік есеп үшін олардың
ешқайсысы қажет емес" деген болса оның әріптесі Р.А. Фаулки есеп - бұл
барлық бизнестің тілі, яғни философиясы - деп атаған. Бұхгалтерлік есеп
ұйымның қаржылық ақпаратын өлшейтін, өңдейтін, есептейтін және оны
пайдаланушыларға жеткізіп отыратын жүйе болып табылады. Бұхгалтерлік есеп
басқару жүйесінде ең маңызды орындардың бірін иеленеді. Сонымен қатар
бухгалтерлік есеп кәсіпорынның активтері мен міндеттемелері, капиталыжәне
өндірілген өнімдері мен олардың сатылғандығытуралы ақпараттарды жинақтап
көрсетеді. Тек қана бухгалтерлік есеп арқылы ұйымның табыстары мен
шығындарын және шаруашылық қызметінің соңғы қаржылық нәтижесін анықтауға
болады. Бухгалтерлік есептің ақпараттық жүйесі қаржылық және басқарушы есеп
болып екіге бөлінеді.
Бухгалтерлік есеп дегеніміз - кәсіпорынның жай күйін, мүлкін, қорлардағы
ақша қаражаттарын, кірісі мен шығысын, қаржы қортындыларын жүргізіп отыру
үшін және осы мәліметтер бойынша кәсіпорынның болашақтағы қызметіне
бақылау жасауды және соған қарай шаралар жүргізуде алдын-алуға мүмкіндік
беретін методикалық жазу.
Кәсіпорын атқаратын қызметі ерекше мәнге ие.
Кәсіпорындағы бухгалтерлік есеп мынаны талап етеді.
1. Дәлелділік. (точность)
2. шыншылдық.
3. Өз уақытының яғни барлығы өз уақытымен болуы шарт.
Бухгалтерлік есепті оқуда біз мынандай обьектілерді негізге аламыз.
1. Негізгі және айналмалы капитал.
2. Осы капиталдың шыққан көзі
3. Кәсіпорынның қаржылық жағдайы.
Курстық жұмысты жазудағы мақсат - бухгалтерлік қызметтің мәні мен маңызын
зерттеу және жүргізілу тәртібін талдау болып табылады.

Бөлім 1. Бухгалтерлік есеп және оның
атқаратын қызметтері
1.1. Бухгалтерлік есеп туралы жалпы түсінік
Көптеген адамдар бухгалтерлік есепті - кәсіби мамандарға ғана түсінікті
және солар ғана пайдалана білетін жоғары техникалық мамандық деп ойлайды.
Ал шын мәнінде әрбір адам оны күніне пайдаланып жүргенін байқамайды.
Бухгалтерлік есеп - шаруашылық қызметтердің қорытынды мәліметі. Мысалы
телефон ақысын төлегенде, чек жазып бергенде,табыс салығының декларациясын
толтырғанда т.б жағдайларда сіз есеп концепциясын пайдаланасыз және
бухгалтерлік мәліметтермен жұмыс жасайсыз.
Бухгалтерлік есепті бизнестің тілі депте атайды. Әрбір менеджер, аналитик
немесе инвестор бухгалтерлік есеп жөнінде білуі тиіс егер ол іскерлік
әлемінде табысты жұмыс істегісі келсе.
Бухгалтерлік есептің басты мақсаты - шешім қабылдау үшін аналитиктерді
мәліметтермен қамтамасыз ету.
Бухгалтерлік есеп дегеніміз - кәсіпорынның жай күйін, мүлкін, қорлардағы
ақша қаражаттарын, кірісі мен шығысын, қаржы қортындыларын жүргізіп отыру
үшін және осы мәліметтер бойынша кәсіпорынның болашақтағы қызметіне
бақылау жасауды және соған қарай шаралар жүргізуде алдын-алуға мүмкіндік
беретін методикалық жазу.
Бухгалтерлік есеп мақсаты - барлық кәсіпорындарда орындалатын
операциялардың уақытылы есепке алынып, олардың қазіргі күнгі уақыт
талаптарына сай орындалуына, яғни жүзеге асырылуына бақылау жасау.
Міндеті - халық шаруашылығының барлық салаларында нақты тұжырымды
мемлекеттік талапқа сай есептеу жұмысын жүргізу.
Халықаралық практикада бухгалтерлік есеп удерісін төрт түрлі негізгі сатыға
бөлу қабылданған.
1. Әр түрлі шаруашылық фактілері құжатталынады.
2. Есеп деректері жіктелініп және оларды бухгалтерлік есеп шоттарына,
бухгалтерлік есеп тіркелімінде бас кітапта көрсету жолымен біріктіріп
жазады.
3. Мазмұнына қарай бухгалтерлік есептің мемлекеттік жүйесінің талабына
сай бухгалтерлік қорытынды есеп жасалады.
4. бухгалтерлік есеп удерісінің қорытындылама сатысында ұйымның
шаруашылық қызметіне талдау жүргізіліп, оның нәтижесі кәсіпорын
әкімшілігінің өз қызметіне баға беруі мен алдағы уақытта орындалатын
жұмыстары туралы шешімдер қабылдау үшін пайдаланады.
Бухгалтерлік есеп берудің мақсаты – бұл есепті пайдаланушыларға
кәсіпорынның мүлкі мен қаржылық жағдайын және олардың қозғалысы туралы,
сондай-ақ кәсіпорынның шаруашылық қызметінің қаржылық нәтижелері туралы әрі
ақиқат ақпарат беруден тұрады. Ұйым туралы ақпаратқа мүдделі жеке немесе
заңды тұлға осы кәсіпорынның бухгалтерлік есебін пайдаланушы болып
саналады.

1.2. Бухгалтерлік есептің атқаратын қызметтері мен принціптері
Кәсіпорын атқаратын қызметі ерекше мәнге ие.
Бухгалтерлік есеп мынандай обьектілерді негізге алады.
1. Негізгі және айналмалы капитал.
2. Осы капиталдың шыққан көзі
3. Кәсіпорынның қаржылық жағдайы.
Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп стандартында төмендегідей
принціптер анықталған;
1. есептеу
2. үздіксіз
3. түсініктілік
4. мәнділік
5. маңыздылық
6. сенімділік
7. бейтараптық
8. сақтық
9. толықтылық
10. салыстырмалық
11. дәйектілік
Бухгалтерлік есеп принциптерін мұқият орындау. Бұл постулат
қаржылық ақпаратының дұрыстығына тағы басқа шаруашылық мәліметінің
ақиқаттығына кепіл болатын бухгалтерлік есеп екенін анықтайды. Себебі,
барлық экономикалық мәліметтер бухгалтерлік есеп арқылы жүйеге келтіріліп,
әртүрлі ақпарат мазмұнын құрайды.
Бухгалтерлік есеп жұмысын жүргізу үшін кәсіпорынға күнделікті
орындалып отыратын барлық операциялардың міндетті түрде үздіксіз құжаттарға
жазылып отыратындығы бухгалтерлік есептің басқа ғылымдардан ерекше
екендігін алдыңғы тарауларда айтып өткенбіз. Бухгалтерлік құжат деп
кәсіпорындар мен ұйымдарда орындалған операцияларды дәлелдейтін және алдағы
уақытта орындалатын жұмыстар мен атқарылатын қызметтерге құқық беретін
жазбаша куәлікті атауға болады.
Жалпы кәсіпорындағы атқарылып жатқан жұмыстың, орындалған тапсырманың
үздіксіз, белгілі бір тәртіппен, арнайы үлгідегі қағаздарға жазылып және
оған тиісті адамдардың қолдарының қойылуы (қажет болған жағдайда кәсіпорын
мен ұйым мөр таңбасының басылуы) құжаттау деп аталады. Сондықтан да
құжаттау бухгалтерлік есептің негізі болып табылады. Себебі осы құжаттар
арқылы ғана кез келген уақытта кәсіпорын бойынша орындалған жұмыстың,
атқарылған қызметтің қай мерзімде жасалғанын және оған қандай мөлшерде
шығын жұмсалғанын дәлелдеуге болады.
Орындалған шаруашылық операцияларын бастапқы құжатқа түсіруді
бухгалтерлік есеп теориясында алғашқы есеп сатысы деп атайды.
Бухгалтерлік есептің жай нысанындағы жазбалар сызбасы
Кітап ұйымның кез келген уақыттағы (күнгі)мүліктері мен қаржылық
міндеттемелерінің барлығын анықтауға, бухгалтерлік есеп құруға мүмкіндік
береді. Кәсіп орынның бухгалтерлік есебінің жай нысанындағы аталған есеп
тіркелімінен басқа есеп – төлем тізімдемдемесін ауыстыратын қызметкерлермен
есеп айырысу тізімдемесі жүргізіледі.
Есептің бұл нысаны өндірістік емес салалардағы шағын кәсіпорындар
үшін қолайлы.
Әрбір тізімдеме әдетте, қолданылатын бухгалтерлік шоттың біреуі бойынша
журген операцияларды есептеу үшін қолданылады (шоттардың жұмыс жоспарына
сай).
Бастапқы құжаттар (актілер, жүкқұжаттар, есеп-қисап және тағы басқа)
негізінде шаруашылық операциялар екі тізімдемеде көрсетіледі: біріншіде –
шоттың дебиті бойынша кредиттелуші шот нөмірі, екіншіде –
корреспонденцияланушышоттың кредитібойынша дебиттеуші шоттың нөмірінің
ұқсас жазбасы.
Жеке тізімдемелердегіқаражат қалдықтары, солардың негізінде жазбалар
жүргізілген бастапқы құжаттардың сәйкес мәліметтерімен салыстырылуы керек
(кассалық есеп беру, банк көшірмесі және тағы басқалар).
Кәсіпорынның бір айдағы атқарған жұмыстары туралы мәліметтерін
қорытындылауға арналған қаржы – шаруашылық қызметінің айлық қорытынды
жинақтау тізімдемелері арқылы шахматтық тізімдеме құрылады. Ал бұл
шахматтық тізімдемедегі мәліметтер негізінде кәсіпорынның айналым
тізімдемесі, бухгалтерлік балансы және есеп беру нысандарының басқа да
түрлері жасалады.

1.3. Есеп саясаты туралы түсінік және оған
қойылатын талаптар

Бухгалтерлік есеп принциптері бойынша кәсіпорынның есеп саясаты деп ұйымның
бухгалтерлік есепті жүргізу әдісінің жиынтығын, яғни алғашқы бақылау,
құндық өлшеу, ағымдағы топтау мен шаруашылық (жарғылық және басқа)
қызметтің фактілерін жинақтап қорытындылау жолдарын айтады.
Бухгалтерлік есепті жүргізу әдістеріне шаруашылық қызмет фактілерін
топтау мен бағалау әдістері, активтердің құнын есептеу,құжат айналымын
қабылдауды ұйымдастыру, түгендеу (инвентаризациялау), бухгалтерлік есеп
шоттарын қолдану әдістері, бухгалтерлік есептің тіркелім жүйесі,мәліметті
өңдеу мен басқа да сәйкес әдістер мен амалдар кіреді.
Ұйымның өзінің есеп саясатын өңдеу мүмкіндігі мен қажеттілігі
бухгалтерлік есеп пен басқа екінші деңгейлі нормативтік құжаттар бойынша
баптарда (стандарттарда)қарастырылған бухгалтерлік есептің кез келген
мәселелерін шешудің көп түрлілігімен анықталады. Бухгалтерлік есеп және
қаржылық есеп беру туралы Қазақстан Республикасының заңы мен Бухгалтерлік
есеп прициптерінде кәсіпорын өзінің есеп саясатын құруы барысында бұйрық
немесе жарлық бойынша қажетті құжаттар тізімін бекітуі керек екендігі
көрсетілген. Бұл бекітілетін құжаттардың қатарына мыналар жатады:
- бухгалтерлік есептің уақытылы және есеп берудің толық тиісті
талаптарына сәйкес жүргізілуі;
- бухгалтерлік есеп жұмысын жүргізуде қолданылатын синтетикалық
және аналитикалық шоттарының жұмыс жоспары;
- алғашқы есеп құжаттарының типтік нысандары;
- ұйымның ішкі бухгалтерлік қорытынды есеп құрудағы құжат
нысандары;
- актив пен міндеттемелер түгендеуін (инвентаризациясын) өткізу
тәртібі (реті);
- актив пен міндеттемелер бағалау әдістері;
- құжат айналымы ережелері мен есеп ақпараттарын өңдеу
технологиясы ;
- шаруашылық операцияларды бақылау тәртібі;
- бухгалтерлік есепті ұйымдастыруға қажетті басқа шешімдер.
Кәсіпорынның қабылдаған есеп саясаты сол ұйымдағы бухгалтерлік
есептіңмаңызды мәселелерінің бірі.
Ұйымның есеп саясатын таңдауы мен негіздеуіне келесі негізгі
факторлар әсер етеді:
- меншік нысаны мен құқықтық – ұйымдастырушылық нысаны
(жауапкершілігі шектеулі серіктестік, ашық акционерлік қоғам, жабық
акционерлік қоғам, өндірістік кооператив және тағы басқа);
- салалық қызметінің түрі (өнеркәсіп, құрылыс, сауда, көлік, ауыл
шаруашылығы және тағы басқа);
- қызметінің көлемі, жұмысшылары мен қызметкерлерінің орташа
тізімдік саны және тағы басқа;
- салық салу жүйесімен арақатынасы (әр түрлі салық түрлері бойынша
жеңілдіктер немесе салықтөлеуден босату, салық мөлшері және т.б. )
- қаржы – шаруашылық қызметін дамыту стратегиясы (ұйымның
экономикалық дамуының ұзақ мерзімдік перспективасының
мақсаттары мен міндеттері, инвестициялардың жұмсалу бағыты,
перспективалы мәселелерді шешудің тактикалық тәсілдері);
- ұйымның ақпараттық қамсыздандыру жүйесі (оның тиімді әрекетіне
қажетті барлық бағыттары бойынша);
- материалдық базасының болуы (компьютерлік техникамен басқа да
оргтехника жабдықтарымен қамсыздандырылуы, бағдарламалық - әдістемелік
қамсыздандыру және т.б).
- кәсіпорындағы бухгалтер мамандарының (қаржы бөлімі
қызметкерлерінің) біліктілігі және басшылардың экономикалық батылдылығы,
ынталылығы мен тапқырлық деңгейі;
Кезкелген ұйымның өзінің қызметін іске асыру үшін таңдап бекіткен
есеп саясаты толықтылық, уақыттылық, сақтық, қарама-қайшылықсыздығы мен
орындылық талаптарына сай болу қажет.
Көрсетілген талаптардың әрқайсысының мазмұнын қарастырайық.
Толықтылық. Кәсіпорынның таңдап алған есеп саясаты оның объектілерді
есептеу жолын толық қамтамасыз етуі керек.
Уақыттық. Кәсіпорынның шаруашылық әрекетінің фактілері бухгалтерлік
есеппен бухгалтерлік есеп беруде уақытында көрініс табуы қажет. Ешқандай
операциялар бухгалтерлік есеп шоттарында тіркеу барысында кешіктірілмейді
немесе орындалмай тұрып есепке алынбайды.
Сақтық. Қолданылатын есеп әдістері бухгалтерлік есепке алынуға
тиісті кірістер мен табыстарға қарағанда, жасырын резервтердің жасалуына
жол бермей, шығындар мен міндеттемелерді айқын бейнелеуге дайын болуды
қамтамасыз ету керек, яғни есепке алынған немесе алуға нақтылы мүмкіндік
(кепілдік) бар болатын кірістер алынады.
Қарама-қайшылықсыздығы. Есептің таңдалынған әдістері - әр айдың соңғы
календарлық (күн тізбелік) күніне айналымның аналитикалық есебі мен шоттар
бойынша қалдықтардың синтетикалық есеп мәліметтерінің теңдігін қамтамасыз
етіп отыру қажет.
Орындылық. Кәсіпорынның есеп саясаты бухгалтерлік есепті орынды және
үнемді жүргізуді қамтамасыз етуі керек.
Есеп саясатының мазмұны
Кәсіпорынның есеп саясаты сол кәсіпорында қолданылатын бухгалтерлік
есеп жүйесінің тұтастығын және оны құраушы әдістемелік, техникалық,
ұйымдастырушылық жақтардың барлығын қамтиды.
Есеп саясатының әдістемелік жағына мына элементтер кіреді: мүлік пен
міндеттемелерді бағалау әдістері, мүліктің әрбір түрлері бойынша
амортизация (тозу) есептеу әдістері, табысты (түсімді) есептеу әдістері
және т.с.с.
Осылайша белгіленген заңға сәйкес кез келген заңды тұлға болып
табылатын ұйым өзінің есеп саясатын құрастырған уақытта төменде аталған
бухгалтерлік есептің негізгі әдістемелік аспектілерін айқындауы қажет.
- негізгі құралдарына амортизациялық аударым самасын есептеу
әдістері.
- материалдық емес активтеріне амортизациялық аударым сомасын есептеу
және оларды есептен шығару жолдары.
- шығындарды топтау мен өндіріс шығындарына жатқызу (апару) әдістері.
- өндіріс шығындарын және өнімнің өзіндік құнын есептеу, яғни
калькуляциялау жүйесі.
- жанама шығындарды анықтау және оларды объектілер арасында тарату
әдісі.
- дайын өнімдерді кіріске алудың есебі.
- аяқталмаған өндірісті анықтау және жобалау жолдары.
- материалдық қорларды бағалау әдістері.
- негізгі құралдарды жөндеу бойынша шығындар есебін ұйымдастыру.
- курстық айырманы есептеу.
- тағы да басқалар.
Өндірістік шығындарды есептеу мен өнімнің өзіндік құнын есептуе, яғни
калькуляциялау жүйесі
Өндірістің технологиялық және ұйымдастырушылық ерекшеліктеріне,
өндірістік циклдың ұзақтығына, өнім түріне, оның күрделілігіне, өндірістің
түрі мен сипатына байланысты кәсіпорындар шығындарды есептеу мен өнім құнын
калькуляциялаудың келесі негізгі әдістерін қолдана алады:
- нормативтік әдіс (нармативный)
- өндірістік өңдеу сатысы (попередельный),
- тапсырыстық әдіс (позаказный),
Жанама шығындарды калькуляциялау объектілері арасында тарату әдісі
Жанама (қосымша) шығындарды тарату базасы ретінде кәсіпорын мына
төменде аталған әдістерді пайдалана алады:
- өндірістік жұмысшылардың еңбекақысын төлеуге байланысты тікелей
(прямые) шығындар;
- тікелей шығындардың жалпы сомасы;
- материалдық шығындардың сомасы;
- сметалық мөлшерлеме;
- өткізілген (шығарылған) өнім көлемі.
Аяқталмаған өндірістің бағалануы
Жаппай және сериялы өндірісте аяқталмаған өндіріс былайша бағаланады:
- нақты немесе нормативті (жоспарланған) өндірістік құн бойынша;
- тікелей шығындар бойынша;
- жұмсалынған шикі заттар мен материалдардың құндары бойынша.
Өнімнің бір ғана түрін өндіретін кәсіпорындардың бухгалтерлік
балансында аяқталмаған өндіріс нақты жұмсалған шығындар бойынша
есептелінеді.
Бухгалтерлік есеп және қаржылық есеп беру туралы Қазақстан
Республикасының заңы бойынша кәсіпорындардағы бухгалтерлік есепте
қолданылатын тіркелімдердің мазмұны және бухгалтерлік ішкі есеп мәліметтері
коммерциялық құпия болып есептеледі.
Есеп саясатын дайындау
Кәсіпорынның есеп саясаты осы ұйыфмның құрылған уақытында
дайындалады. Оның дайындауымен кәсіпорынның бас бухгалтері немесе арнайы
есеп (экономакалық) бөлімі айналысады. Дайындалған есеп саясатын
кәсіпорынның басшысы өзінің бұйрығымен немесе өкімімен бекітеді.
Бұйрықтың құрамында есеп саясатының есеп беру жылына қабылданған
барлық пунктерінің мазмұны толық ашылып жазылады. Сонымен қатар ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Кәсіпорында бухгалтерлік қызметті ұйымдастыру
Шағын бизнес субьектілері
Аудиторлар палаталарының өкілеттігі
Аудиторлық қызметті жүзеге асыру
Аудит туралы ақпарат
Мемлекеттік мекемелерде бухгалтерлік есеп жүргізуді ұйымдастыру
Бухгалтерлік есепті ұйымдастырудың теориялық негіздері
Аудитке ілеспе қызметтер
Аудиторлық қызметті ұйымдастыру
Аудиттің заңды жауапкершілігі мен оны құқықтық реттеу
Пәндер