Байқоңырдың экологиялық проблемасы
Кіріспе
1. Бұрынғы мақтаныш
2. Бүгінгі қасірет
3. «Байқоңыр» ғарыш айлағыДеректер
4. Деректер, Апаттар
5. Тарихи анықтамалар
6. «Байқоңыр» кешенінің инфрақұрылымы
7. Жалға беру шарты (1994 ж.)
8. «Байқоңыр» ғарыш айлағының елімізге әкелген пайдасы
Пйдаланылған әдебиеттер

Бұдан 40 жыл бұрын қазақтың Бақыты болған Байқоңыр, қазір – Соры. Бұдан 5 жыл бұрын Байқоңыр Ресейге 99 жылға берілетін бопты деген сыбыс шығысымен Байқоңырдың Қазақстан үшін қаншалықты қауіпті екенін жақсы білетін.
Бүкіл үндеуді жазып отырған Байқоңыр аймағында тұратын, Байқоңырдың қасіретінен көз ашпай келе жатқан, соры бес елі, бақытсыз қазақтар. Біз Байқоңырдан бір емес, екі бірдей қасірет шегіп келеміз. Бірі - жан қасіреті, бірі - тән қасіреті. Жан қасіреті сол - ата-бабаларымыз қасық қанды да, шыбын жанын да аямай қорғап, бізге мұра етіп қалдырған жерімізге қазір кім ие? Орыстар ие. О жер қазір қазақтың жері емес, орыстың жері. О жерге бірде бір қазақ аттап кіре алмайды. О жерде Қазақтсанның бір де бір заңы, тіпті Ата заңы да жүрмейді. Ал енді, айналайын ағайындар-оу, өз жеріңе өзің ие болмаудан асқан не қасірет бар? Біздің қазір шегіп отырған жан қасіретіміз - міне, осы. Ал, тән қасіретіне келер болсақ, біздің қазір суымыз да у, тамағымыз да у, ауамыз да у. Бүкіл аймақта дені сау адам жоқ. Бәрі ауру, бәрі мүгедек. Еңкейген шалдан, еңбектеген балаға дейін ауру. Тіпті құрсақтағы баланың өзі туғанда ауру боп туады. Ал жеріміз ше? Жеріміздің халі бұдан да жаман. Жеріміз күннен күнге қу медиен далаға, Сахараға айналып барады. Бұ қалпымен бүгінгі Байқоңырдың айналасы қу медиен далаға айналса, ертең Қазақстанның бүкіл оңтүстігі қу медиен далаға айналатын болады. Одан бүкіл Қазақстан қу медиен далаға айналатын болады. Содан не істеуіміз керек? Байқоңырды жабуымыз керек. Бұған Президентіміз келісе ме? Келіседі. Келісетіні, оның ойы да біздің ойымыз сияқты. «Байқоңыр Ресейге берілетін болыпты» деген қауесет тарасымен, Президенттің бұған не дегенін бүкіл қазақ біледі. «Жоқ, Байқоңырды Ресейге бермейміз!» дегенді Президент нық айтқан. Және бір айтпай, бірнеше рет айтқан. «Олай болса, Президент Байқоңырды Ресейге неге беріп қойды?» деген сұрақ туады. Беріп қойғаны оны со кезде ешкім қолданған жоқ. Президент: «Жоқ, Байқоңырды Ресейге бермейміз!» дегенде, «Иә, Байқоңырды Ресейге бермейміз!» деген бір қазақ болды ма? Болған жоқ. Бізді қойшы, біз малдың ізіне қараған қазақпыз. Ал, астанадағы халықтың қамын ойлайтын, көзі ашық, көкірегі ояу қазақтар қайда қарады? Олар да жұмған ауыздарын ашқан жоқ. Ал енді халқы қолдамаған Президент не істесін? Ешнәрсе істей алмайды. Ал осындай, іштен тынып, көніп жүрген кезінде бүкіл халық болып: «Байқоңырды өзімізге қаратып алайық!» десек ше? Ол бұған қуана-қуана келіседі. Келісетіні, оның күні-түні ойлайтыны – халықтың қамы. Бізге не керек? Не қымбат? Ғарышты зерттеу қымбат па? Жоқ, қазақтың жері қымбат па? Жалпы, біз не үшін өмір сүреміз? Ғарышты зерттеу жолында, ғаыршты игеру жолында құрбан болу үшін өмір сүреміз бе?

1. ҚР білім және ғылым министрлігінің ғылыми журналы – «Ізденіс», 2001, № 4,5, 105-108 бб.
2. Орталық Қазақстан, 2000, 9 желтоқсан
3. Егемен Қазақстан 2001ж. Ақпан.
4. Егемен Қазақстан 2001ж. Қараша.
2. Орталық Қазақстан, 2000, 9 желтоқсан
3. Егемен Қазақстан 2001ж. Ақпан.
4. Егемен Қазақстан 2001ж. Қараша.
Пән: Экология, Қоршаған ортаны қорғау
Жұмыс түрі: Реферат
Тегін: Антиплагиат
Көлемі: 17 бет
Таңдаулыға:
Жұмыс түрі: Реферат
Тегін: Антиплагиат
Көлемі: 17 бет
Таңдаулыға:
РЕФЕРАТ
Тақырыбы: Байқоңырдың экологиялық проблемасы
Мазмұны
Кіріспе
1. Бұрынғы мақтаныш
2. Бүгінгі қасірет
3. Байқоңыр ғарыш айлағыДеректер
4. Деректер, Апаттар
5. Тарихи анықтамалар
6. Байқоңыр кешенінің инфрақұрылымы
7. Жалға беру шарты (1994 ж.)
8. Байқоңыр ғарыш айлағының елімізге әкелген пайдасы
Пйдаланылған әдебиеттер
Кіріспе
Бұдан 40 жыл бұрын қазақтың Бақыты болған Байқоңыр, қазір –
Соры. Бұдан 5 жыл бұрын Байқоңыр Ресейге 99 жылға берілетін бопты
деген сыбыс шығысымен Байқоңырдың Қазақстан үшін қаншалықты
қауіпті екенін жақсы білетін.
Бүкіл үндеуді жазып отырған Байқоңыр аймағында тұратын,
Байқоңырдың қасіретінен көз ашпай келе жатқан, соры бес елі,
бақытсыз қазақтар. Біз Байқоңырдан бір емес, екі бірдей қасірет
шегіп келеміз. Бірі - жан қасіреті, бірі - тән қасіреті. Жан
қасіреті сол - ата-бабаларымыз қасық қанды да, шыбын жанын да
аямай қорғап, бізге мұра етіп қалдырған жерімізге қазір кім ие?
Орыстар ие. О жер қазір қазақтың жері емес, орыстың жері. О
жерге бірде бір қазақ аттап кіре алмайды. О жерде Қазақтсанның
бір де бір заңы, тіпті Ата заңы да жүрмейді. Ал енді, айналайын
ағайындар-оу, өз жеріңе өзің ие болмаудан асқан не қасірет
бар? Біздің қазір шегіп отырған жан қасіретіміз - міне, осы. Ал,
тән қасіретіне келер болсақ, біздің қазір суымыз да у, тамағымыз
да у, ауамыз да у. Бүкіл аймақта дені сау адам жоқ. Бәрі ауру,
бәрі мүгедек. Еңкейген шалдан, еңбектеген балаға дейін ауру.
Тіпті құрсақтағы баланың өзі туғанда ауру боп туады. Ал жеріміз
ше? Жеріміздің халі бұдан да жаман. Жеріміз күннен күнге қу
медиен далаға, Сахараға айналып барады. Бұ қалпымен бүгінгі
Байқоңырдың айналасы қу медиен далаға айналса, ертең
Қазақстанның бүкіл оңтүстігі қу медиен далаға айналатын болады.
Одан бүкіл Қазақстан қу медиен далаға айналатын болады. Содан
не істеуіміз керек? Байқоңырды жабуымыз керек. Бұған Президентіміз
келісе ме? Келіседі. Келісетіні, оның ойы да біздің ойымыз
сияқты. Байқоңыр Ресейге берілетін болыпты деген қауесет
тарасымен, Президенттің бұған не дегенін бүкіл қазақ біледі.
Жоқ, Байқоңырды Ресейге бермейміз! дегенді Президент нық
айтқан. Және бір айтпай, бірнеше рет айтқан. Олай болса,
Президент Байқоңырды Ресейге неге беріп қойды? деген сұрақ туады.
Беріп қойғаны оны со кезде ешкім қолданған жоқ. Президент: Жоқ,
Байқоңырды Ресейге бермейміз! дегенде, Иә, Байқоңырды Ресейге
бермейміз! деген бір қазақ болды ма? Болған жоқ. Бізді қойшы,
біз малдың ізіне қараған қазақпыз. Ал, астанадағы халықтың қамын
ойлайтын, көзі ашық, көкірегі ояу қазақтар қайда қарады? Олар да
жұмған ауыздарын ашқан жоқ. Ал енді халқы қолдамаған Президент
не істесін? Ешнәрсе істей алмайды. Ал осындай, іштен тынып,
көніп жүрген кезінде бүкіл халық болып: Байқоңырды өзімізге
қаратып алайық! десек ше? Ол бұған қуана-қуана келіседі.
Келісетіні, оның күні-түні ойлайтыны – халықтың қамы. Бізге не
керек? Не қымбат? Ғарышты зерттеу қымбат па? Жоқ, қазақтың жері
қымбат па? Жалпы, біз не үшін өмір сүреміз? Ғарышты зерттеу
жолында, ғаыршты игеру жолында құрбан болу үшін өмір сүреміз бе?
Әлемде ғарышты зерттемей-ақ, ғарышты игермей-ақ тап-тамаша өмір
сүріп жатқан қанша мемлекет бар десеңізші?! Ал енді солар сияқты,
бізде ғарышты зерттемей-ақ, ғарышты игермей-ақ неге тап-тамаша өмір
сүрмейміз? Бұл біздің ғана ойымыз емес, бұл Президенттің де ойы.
Ал енді ойы, арманы бізбен бір Президент біздің Байқоңырды
жабайық! деген талабымызбен неге қуана-қуана келіспейді?
Келіседі. Байқоңырды өзімізге қайтарып алған соң, оны 40-50
жылға жабамыз. 40-50 жылдың ішінде Байқоңыр өзінің баяғы қалпына
келмесе де, бүгінгідей беті ары қарамай, бері қарайтын болады.
Оның ішінде 40-50 жылдың ішінде ғарыш техникасын игеретін өз
мамандарымыз болады, ғарыш техникасын жасап шығаратын өз
өндірісіміз болады. Міне, ғарышты игергіміз келсе, содан соң
барып игеретін боламыз. Ал дәл қазір Байқоңырды өзімізге
қайтарып алып, табан астынан жабуымыз керек. Өйтпесек, ертең,
Байқоңырды жалға берген мезгіл біткен кезде Байқоңырға ие болатын
қазақ қазақ даласында табылмай қалатын болады. Сондықтан
қырылып, құрып кетпейік десек, Байқоңырды өзімізге қайтарып
алалық. Бұл талапты бүкіл халық қолдаса, Президент те қолдайтын
болады. Қайталап айтамыз: Бұл талапты бүкіл халық болып қолдайық!
Қазақ жерін қу медиен Сахараға айналдырып алмайық!
Үндеудің жазылған уақытынан қарап кейбіреудің: Оу,
ұйқысынан шошып оянғандай, мынаның мынаусы қалай? деп менің
баяғыда жазылған Үндеуді баспаға енді ғана ұсынып отырғаныма
таң қалуы мүмкін. Мұның екі-үш себебі бар. Бір себебі - Ана
тілімізді тірілту қандай ескірмейтін әңгіме болса, Жерімізді де
тірілту сондай ескірмейтін әңгіме. Байқоңыр туралы мен Байқоңырды
Ресейге беретін болыппыз деп әңгіме қалай шықты, содан бері
жазып келем. Алғаш Президентіміздің: Жоқ, Байқоңырды Ресейге
бермейміз! дегенін бүкіл халық болып қолдайық! деп осы Алматыда
қазақ тілінде қанша газет бар, солардың бәріне хат жаздым.
Бүгінде Байқоңыр туралы құритын болдық, өйтетін болдық, бүйтетін
болдық деп тынбай мақала жазатын олардың бір де біреуі менің
хатыма ләм деген жоқ. Жалғыз Ана тілі ғана екі мақаламды
басты. Бірақ жаяудың шаңы шықпас, жалғыздың үні шықпас дегендей,
жалғыз Ана тілің үнін кім ести қойсын? Ал, енді елі
қолдамаған Президентіміз не істесін? Бермеймін деген Байқоңырды,
амал жоқ, беруге мәжбүр болды. Бірақ, әлі де кеш емес.
Байқоңырды әлі де болса өзімізге қайтарып алатын болсақ, сөйтіп
40-50 жылға жапсақ, халқымызды да, жерімізді де қайта тірілтіп
алуымызға болады. Міне, баяғыда жазылған Үндеуді кеш те болса,
баспаға ұсынуымның тағы бір себебі осы. Келесі себебі, мен бұл
Үндеуді о кезде Байқоңырдың айналасында тұратын бір-екі қазақтың
аузынан жан шошытатын не бір әңгімелерді естіп барып жазған ем.
Сөйтіп, оларға: мына Үндеуді сонда тұратын елдің бәріне қол
қойдырып, маған жіберіңдер, одан арғы шаруаны мен өз мойныма
алайын дегем. Олар қуана-қуана жарайды деп кеткен. Бірақ, о
шіркіндер со кеткеннен мол кетті. Бүгінге дейін олардан не хат
жоқ, не хабар жоқ. Ал енді, одан бері қанша бала мүгедек болып
туып, қанша бала тумай жатып өлді десеңізші?! Қанша жер күйіп,
өртеніп, шөбі күлге, топырағы тасқа айналды десеңізші?! Қанша мал
қырылып қалды десеңізші?! Қанша адам қазірдің өзінде өлім
аузында жатыр десеңізші?! Біз - қазақ жаратылғаннан осындай
халықпыз. Өлім аузында тұрып, сол өлімнен құтылайық демейміз.
Құдай салды, біз көндік деп, аяғын буған қой құсап, тырп етпей
жата береміз. Кейбір ағайындар бізді баран дейтіні де, олар
баран дегенде біздің үндемей қалатынымыз да осы
барандығымыздан болар, сірә. Ан, енді осы барандығымыздан
арылмасақ, жеріміздің бәрі Байқоңырға аналып кетуі мүмкін. Ал
ондай қауіп бар ма? Бар. Қазақ радиосының жақында бір айтуына
қарағанда, Құдай берсе салған Парламентіміз қазір Қазақстанның
тағы біраз жерін Ресейге Байқоңыр ғып беру жөнінде келісімді
қараған көрінеді. Ал енді осының бәрін естіп, көріп-біле
отырып, қалай ғана шыдарсың?! Міне, бұл – менің түсімнен шошып
оянуымның тағы бір себебі.
Қазақ біреуден күдер үзсе: Әп, бәрекелді! Жарайсың! дейді.
Мен де сол қазағым құсап, Құдай бере салған Парламентімізге: Әп
бәркелді! Жарайсың! Осы бетіңмен тарта бер. Құдай осы бетіңнен
жарылқасын! демекпін.
1. Бұрынғы мақтаныш
Ғарышты қарышты игеру кезеңі болған соң 40 жылдың ішінде
Байқоңырдан бәкенелеу Востоктан бастап, буырқанған Боранға
дейінгі мыңдаған зымырандар ұшырылды. Кез келген ғарыш көлігін
орбитаға шығаруға ең кемі екі двигатель пайдаланылады. Космостық
техника тілінде оларды мәре двигатель пайдаланылады. Ғарыштық
техника тілінде оларды мәре двигателі (стартовый двигатель), жөңку
двигателі (маршевый двигатель) немесе 1-саты, 2-саты деп атайды.
Жердің тарту күшін жеңіп беретін осы бірінші сатының қуаты
ядролық жарылыстан кем түспейді, пайдаланатын отынның құрамы да
күрделі. Өз міндетін атқарғаннан кейін мәре двигательдерді ғарыш
кемесінен бөліп, жерге құлайды. Жер болғанда кәдімгі Қарағанды
облысының Ұлытау ауданындағы малшы ағайындардың жайлауына
жығылады. Бірлі-жарым ауытқып кеткендері анда-санда Торғай
топырағының да апан-топанын шығарып тастайды. Масалы, 1996 жылдың
мамыр айының 14-де Комета атты серігін орбитаға шығаруға тиіс
болған Союз зымыран тасығышының апатқа ұшырап, Арқалықтан 120
шақырым жерге құлағаны баршаға белгілі.
Сексенінші жылдардың ортасына дейін әлемде баянды
бейбітшілік орнату үшін жасалынып жатыр деген кеңес үкіметінің
кесірлі саясатының, жалаң патриотизмнің, жалған намыстың, жел
сөздің жетегінде жүрдік. Қайран идеологияның қуаты-ай, ғарышқа
зымыран ұшқан сайын біз де бөркімізді аспанға атып, алақанымызды
ауырғанша соққылап, астам державалық саясаттың айқайшы тобырына қалай
айналып кеткенімізді де сезбей қалыппыз. Төңірекке төпей төгілген
темір жаңбыр елді есеңгіретіп, жерді жүдетіп, кеңістікті
қаңыратып, ананы аңыратып, орны толмас опаттың құрсауында
қалғанда ғана есімізді жинаған болып жатырмыз.
Аспаннан жауған металдың астында жатқан ел кеңес үкіметі өз
азаматтарының денсаулығына тікелей залал келтіретін жұмыс
жұргізіп жатыр деп ешқашанда ойлаған емес. Ойламақ түгіл,
Мәскеуге, ұлы халыққа деген сенімнің күші сезікке жол бермеді.
Ауылдағы аңқау ағайындар жалтыраған жеңіл металдан жасалған
зымыран қаңқаларын үйлерінің маңына сүйретіп әкеліп, малқора
ретінде пайдаланды, асхана қылды, көздің жауын алатын
қаңылтырларынан шатырлар жасап, оның ішінде дүркіретіп тойлар да
өткізді.
Енді осы зымыранды жаңбыры астында қалған аймақтарға
қатысты мына деректерге назар аударайық:
Ресми құжаттарда тіркелген бір-біріне ұқсас осындай үрейлі
деректерді үйір-үйірмен келтіре беруге болады. Баспасөз бетінде
құлаған зымырандарға байланысты радиациялы, қауіпті, зиянды,
улы деген сияқты жалпылама айыптаулар аз айтылып, аз жазылып
жүрген жоқ. Кеңес үкіметі ғарыш техникасына қатысты барлық
мәліметтерді құпиялық құрсауына қамап ұстады. Ол үкімет енді жоқ,
сондықтан құпияны неге аштың деп ешкім айыптай қоймас, өзімізге
әбден белгілі ғарыш кемелерінің негізгі отыны болып табылатын
гептил (химиялық атауы - нитрозодиметиламин) жайлы ғарыш әскерлеріне
арналған инструкциядан алынған мына сипаттама (характеристика) көптеген
жайлардың бетін-ашып береді:
Неитрозодиметиламин (гептил) – айрықша сасық иісті түссіз
сұйық. Ол ауадағы оттегімен жылдам реакцияға түседі де, суда
шексіз еритін тотықтардың түр-түрі пайда болады. Айналаға тез
тарайды, жер бетінде де, топыраққа сіңгенде де өз қасиеттерін жоймай
ұзақ сақталады. Тірі организмдерге, өсімдіктерге жедел сіңіп
кететін болғандықтан, қоршаған ортаға аса зиянды. Қауіптілігі
жағынан бірінші дәрежелі улы заттардың қатарына жатады. Адам
ағзасына ас жолы, тыныс мүшелері арқылы жылдам тарайды, денеге тиіп
кетсе, тері арқылы да тез сіңеді. Сондықтан адамға қатері орасан.
Ойламаған жерден есіріп кету, тыныс тарылу, бұлшық еттердің
тартылуы, орталық жүйке жүйесіндегі және қан қысымындағы
ауытқулар, бауыр мен бүйректің бұзылуы сияқты аурулар гептилмен
уланудың клиникалық белгілері болып табылады. Сол сияқты
нитрозодиметиламин ұрықты жатырда жатқанда-ақ ауруға шалдықтырады,
адамдардың ұрпақ әкелу қабілетін төмендетеді, қатерлі ісіктердің
пайда болуына және жедел өсуіне әсерін тигізеді.
Байқоңыр ғарыш айлағынан ұшырылған мыңдаған зымырандардың
алғашқы сатыларының барлығына жуығы осы аймаққа түсетіндігін және
олардың әрқайсысында жанып үлгермеген 1 тоннадан 3 тоннаға дейін
гептил болатындығын ескерсек. Ұлытау жерінің қаншалықты
уланғандығын шамалауға болады. Бұрынғы шүйгін шабындықтар, жазира
жайлаулар қу тақырға айналып, өсімдіктердің көптеген түрлері
мүлдем жойылды. 1979 және 1990 жылдары табиғатты белгісіз тажалдан
ақбөкендер жаппай қырылып, өлке өлімтікке бөгіп жатты. Зерттеп-
зерделеген адамға бұл өңірдегі қасқырлардың өзі бір деңенің
шалығына ұшырағандай күдік тудырады. 1993 жылы Кумола өзенінің
бойында қой қоздатып отырған Сарбаев Жұмабайдың әкесі Сейтен
ақсақалды талтүсте үйінің іргесінде қасқыр талап, қан-жоса қылып
кетті. Бұл жалғыз оқиға емес, осы аймақта қасқырлардың ауылға
кіріп, адамға шабуы, бала-шағаны жеп кетуі аз кездеспейді. Зымыран
сатылары үзбей жауатын аумақтың қасқырлары да биологиялық
ауытқуға бой алдырған сияқты.
Биоресурстар және экология министрлігінің есебі бойынша
Байқоңыр ғарыш кешенінің ықпалына ұрынған аумақтың жалпы көлемі
330,4 мың шаршы шақырым екен. Оның 70 проценті Қарағанды
облысының үлесіне тиеді. Облыста кеңес дәуірінде картаға түспеген,
шартты түрде Ташкент-4 деп аталған, қоршаған ортаға әсері
жөнінен Байқоңырдан бірде кем түспейтін тағы бір полигон бар. Ол
- Балқаш жағасындағы Приозерск зымыран сынау айлағы. Бұл кешеннің
жұмысы жайлы шындық экологиялық құжаттарда да баспасөз бетінде
де толық айтылмағандықтан әңгімені әріден бастауға тура келеді.
2. Бүгінгі қасірет
Ұлытау аймағының оңтүстік-батыс бөлігінде зымыран сынықтары
шашылмай жатқан жер жоқ деуге болады. Тек бұрынғы Қарсақпай
кеңшарының аумағында ондаған жерге жиналған (жиналмағаны қаншама!)
зымыран техникасының жалпы салмағы - 20-30 мың тоннадай (1995 жылғы
есеп бойынша). Тіршілік пен тілшілік қарекетімен өзіміз әр жылдары
жүріп өткен жерлерде зымыран сынықтарын және құлаған тұтас
зымыранды Жайрем кентінің оңтүстігіндегі Кенжебай-Самай жайылымынан
бастап, облыстың батысындағы Бозшакөл өңірінен одан да әрі жатқан
Қостанай облысындағы Ақкөл атырабынан. Ақтөбе облысының Балта
шабындығының төңірегінен кездестірдік.
Ленинград политехникалық институтында оқыған кезде зымыран
қарулары бойынша әскери мамандық алып, әуе шабуылына қарсы қимыл
жасайтын бөлімшелерде тиісті деңгейде тәжірибе де жинақтағандықтан,
байтақ далада шашылып жатқан техниканың бәрі бірдей Байқоңырдан
ұшырылған ғарыш кемелерінің құлаған сатылары еместігін бірден
байқағанбыз. 1931-1932 жылдары Қарақұм көтерілісін қарумен басудан
кейін ешқандай соғыс қимылдары жүріп көрмеген алқапта осыншама мол
мөлшерде ұзақ қашықтықтарға ұшатын бүгінгі дәуірдің атом
оқтұмсықты жойқын қарулардың қалдықтары шашылып жатқандығының
құпия сырына жете алмай, әр түрлі болжамдар мен жорамалдар
жетегінде жүрдік. Бұрынғы Жезқазған облысының әуе кеңістігі
арқылы 5-6 зымыран жолдары өтетіндігі жайлы айтылып та, жазылып
та жүр. Әрине, бұл трассалардың зымыран сынау полигондарын бір-
бірімен қосатын траектория екендігі белгілі. Ептеп ауытқуларды
есептемегенде, жоғарыда әңгімелеген зымыран қаңқаларының барлығы
дерлік бұрынғы одақтағы екі қуатты полигон – Астрахан облысындағы
Капустин Яр мен өзіміздегі Приозерскіні қосатын оқтай түзу
сызықтың бойында жатыр...
Шындықтың шымылдығы ойламаған жерден ашыла кетті. 1994 жылы
тамыз айында республикалық баспасөз өкілі ретінде облыс әкімімен
бірге Приозерск қаласында болдық. А.Тарасов ұшыру алаңына апарып,
әскери зымырандармен таныстырды. Қалың әскерилердің ортасында өткен
осы кездесу үстінде оның: сұрақтарыңыз болса, қоя беріңіздер -
деген ақжарқын емеурінінің жетегінде кеткен жалғыз мен болдым.
Обалына не керек, тілшіден тосын сауалдар күтпесе де, генерал
зымырандарды басқару, ұшу барысында бағыттау және қажетті нүктеде
жою төңірегінде қойған барлық сұрақтарыма жауап берді де, сәл
ойланып: Мұның бәрін қайдан білесіз, өзіңіз де ракетчик емессіз
бе? - деп жымия күлді. Шынымды айттым. Тіпті 1975 жылы солтүстік
шекарадағы құпия қалада (Оленогорск-5) қапталдас жатқан зымырандық
бөлімдерде онымен қатар қызмет те етіппіз.
Генералдың жауаптары жорамалымды шындыққа айналдырды. Приозерск
полигоны Капустин Ярдан ұшырылған, керісінше Капустин Яр
Приозерскіден көтерілген зымырандарды жоспарланған нүктелерде жойып
отырған. Зымыран қайта қонатын ұшақ емес, ол міндетті түрде
ауада жойылады. АҚШ-пен текетірес кезінде КСРО-ның қатерлі қарулардың
орасан зор қоймасына айналып кеткендігін бәріміз білеміз. Оларды
шектеу, артығын жою жөнінде мемлекетаралық талай-талай келісімдер
жасалынды. Кеңес үкіметі құлардың сәл алдында ғана басқа жер
жетпегендей оларды құртудың басқа әдістері жоқтай, оқтұмсықтарына
атом зарядтары толтырылған ракеталардың үлкен бөлігінің Жетісу
өңіріндегі Сарыөзек аймағына арнайы әкелініп, жойылғандығынан
ешкім ұмыта қоймаған шығар. Осындай үкімет бодан елдің бос
жатқан даласын аясын ба, талай жаппай қырып-жоятын стратегиялық
тегеурінді қаруларын қасиетті Ұлытау жерінде жойғандығының басты
дөлелі - жоғарыда айтылған. Капустин Яр - Приозерск түзу сызығының
бойында жатқан сұсты сигаралардың қаптаған қаңқалары. Ондай
жұмыстардың болғандығын атақты полигонның айбынды әрі аңғал
қолбасшысы генерал Тарасов та көпшілік алдында жоққа шығара
алмай қалды...
Бұл аймақтағы радиациялық ахуалдың күрделеніп кетуінің басты
себебі де осында жатыр. 1922 жылы Қазақ Мемлекеттік Ұлттық
Университетінің ғалымдары Ұлытау өңіріне экологиялық зерттеу жүргізу
... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz