Инвестиция туралы жалпы түсінік


Пән: Экономика
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 33 бет
Таңдаулыға:   

ЖОСПАР

КІРІСПЕ2

І. ИНВЕСТИЦИЯ ТУРАЛЫ ЖАЛПЫ ТҮСІНІК 3

1. 1 Инвестицияның мәні және оның түрлері5

1. 2 Инвестициялық қызметті басқару 7

1. 3 Кәсіпорынның инвестициялық саясаты 9

ІІ. 2 «Атамекен» Ақ-ның инвестициялық жӘне экономикалық Әлеуетін талдау11

2. 1 «Атамекен» АҚ-ның экономикалық қызметін талдау11

2. 2 Кәсіпорынның инвестициялық тартымдылығын бағалау20

ІІІ. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ ИНВЕСТИЦИЯЛАРДЫ ТАЛДАУ23

3. 1 Қазақстандағы инвестициялар жағдайының көрсеткі23

3. 2 Қазақстан Республикасындағы инвестициялық саясатты жетілдіру жолдары27

ҚОРЫТЫНДЫ32

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР33

Кіріспе

Еліміздің инвестициялық аспектісі ірі салымдары қаржыландыру үшін жағдайлар жасауға, тауар өндіру және қызмет етуді жоғары тиімділікпен нарық қатынастары субъектілерінің сұраныстарына сәйкес ұлғайтуға бағытталуы тиіс.

Курстық жұмыстың мақсаты-Кәсіпорынның инвестициялық саясатын талдау, статистикалық мәліметтерге жүгіне отырып, біздің экономикамыздағы оның жағдайын талдау.

Қазақстан экономикасын тұрақтандыру және дамытудың маңызды жолдарының бірі - инвестициялық қызметті ұлғайту, ең алдымен еліміздің ішкі резервтерін жұмылдыру және көбірек тиімді пайдалану болып табылады.

Президент Н. Ә. Назарбаевтың Қазақстан Республикасына Жолдауында өтпелі кезеңнің қиындығын және XXI ғасырдағы республиканың бет бейнесі айқын көрсетілді. Болашақта Орталық Азиядағы Барыс болу үшін, халықтың әл-ауқатын және қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін экономикалық күш-қуатты арттыру керек. Осы мақсатқа байланысты жеті стратегиялық басым бағыттарды жүзеге асырудың бір көзі - шетел инвестициясын пайдалану. Әрине Қазақстанның халықаралық байланыстары осы кезеңде де алдымен жақын көршілеріміз - Қырғызстан, Өзбекстан, Ресей және басқа да ТМД елдерін қамтиды. Бірақ ірі трансұлттық капиталды, ҚХР, Батыс және Шығыс елдері, Мұсылман әлемімен де экономикалық қтынастар ұлғаяды. Мұны біздің республиканың геосаяси, геоэкономикалық, географиялық жағдайлары талап етеді.

«Қазақстан - 2030» стратегиясында Н. Ә. Назарбаев халықаралық қатынастардың мынадай маңызды бағыттары мен факторларын атады: - қуатты сыртқы күштер келешегімізді айқындауға сөзсіз елеулі рөл атқаратын күннен-күнге өсе түскен ауқымдану мен ұлғайып келе жатқан өзара тәуелділік дәуірде өмір сүріп отырмыз; - шетел инвестициялары мен ішкі жинақталымдардың деңгейі жоғары ашық нарықтық экономикаға негізделген экономикалық өсу; - Ұлттық қауіпсіздікке Ресей, ҚХР, Орта Азия, Таяу және Орта шығыс елдерінің, АҚШ, БҰҰ, Халықаралық валюта қоры, Дүниежүзілік Азия, Еуропа, Ислам даму банктерінің, халықаралық институттардың қолдауларын барынша пайдалану. Кәсіпорын - түрлі өндірістерден және шаруашылықтардан (негізгі, көмекші, қосымша, қосалқы және эксперименттік) тұратын күрделі механизм.

Инвестициялар деп - өнеркәсіпке, құрылысқа, ауыл шаруышылығына және өндірістің басқа да салаларындағы шаруашылық субъектісіне мүліктей, заттай, сондай-ақ ақша қаражаты түрінде, яғни капитал түрінде салынып ол шаруашылықты әрі қарай өркендетіп дамыту үшін жұмсалынатын шығындардың жиынтығын айтады.

І. ИНВЕСТИЦИЯ ТУРАЛЫ ЖАЛПЫ ТҮСІНІК

1. 1 Инвестицияның мәні және оның түрлері

Инвестицияның көзі болып жаңадан жасалған қосымша құнның, яғни таза табыстың пайдаланылмай сақталған бір бөлігі саналады. Басқаша айтатын болсақ, инвестиция көзі - жаңадан жасалынған құн немесе таза табыстың сақталатын бөлігі болып табылады. Шаруашылық субъектілері немесе кәсіпкерлер инвестицияны өзінің таза табысының есебінен, өзін-өзі қаржыландыру немесе ол үшін сырттан несие алу арқылы жасайды. Тағайындалу түрлері бойынша инвестициялар нақтылық және қаржылық инвестиция болып екі түрге бөлінеді.

Нақтылық инвестиция дегеніміз - шаруашылық субъектісіндегі белгілі бір материалдық, өндірістік қорлардың, яғни активтердің өсуіне, дамуына жұмсалыну үшін салынатын салымдар болып табылады.

Қаржылық инвестиция дегеніміз - акционерлік қоғамдар немесе мемлекет шығарған акцияларға, облигацияларға және басқадай құнды қағаздарға банктердің депозиттеріне салынған салымдар болып табылады.

Қазіргі өндіріс үшін ұзақ мерзімді факторлардың маңызын өсуі ерекше. Егерде кәсіпорын ойдағыдай жұмыс істейтін, өндіріс қуаттарын кеңейтетін, өзінің шығарған өнімдерінің бәсекеге жарамдылығын арттыратын және рынокта өзінің жайғасынын нығайтатын болса, онда капитал салу қажет және оны салу пайдалы. Сондықтан да оған инвестициялық стратегияны мұқият әзірлеп жоғарыдағы айтылған мақсаттарға жету үшін оны үнемі жетілдіріп отыруы қажет. Кәсіпорынның инвестициялық екі біріктіруден анықталады: көлемі және ресурстар сипаты, сол сияқты нарыққа және бәсекеге жарамдылығы. Бұл екеуінің біріктілігін талдау кәсіпорының стратегиясын қисынға келтіруге мүмкіндік береді.

Қандай да бір кәсіпкер құрылысты салу үшін қаржы керек етеді. Мұндай жағдайда құрылыс нақты инвестицияның объектісі болып табылады. Кәсіпкер бұл құрылысты қаржыландыру үшін өзінің акцияларын шығарып, басқа біреулерге сатуы мүмкін. Сөйтіп бұл мысалда кәсіпкердің құрылысқа салған салымы нақты инвестиция, ал қатысушының акцияны сатып алуға жұмсаған шығыны қаржылық инвестиция болып саналады.

Жоғарыда аталған инвестицияның қай түрінің болмасын алдына қойған мақсаты салым салған саланы, өндірісті дамыту, ондағы өндірілетін өнімдердің, дайындалатын бұйымдардың сапасын барынша жақсарту, яғни олардың халықаралық стандартқа сай етіп сыртқы рынокта сата алатын дәрежеге жеткізу, өндіріске жаңа техникалар мен технологияны қолдану арқылы табыс табу болып табылады.

Қаржылық инвестициялар иелену мерзіміне қарай мынадай категорияларға жіктеледі:

а) қысқа мерзімдік - иелену мерзімі бір жылға дейін;

ә) ұзақ мерзімдік - иелену мерзімі бір жылдан артық.

Жылжымайтын мүліктерге салынған ивестицияларды иеленуші субъектілер ұзақ мерзімдік ретінде есептейді.

Еншілес, тәуелді және бірлесіп бақыланатын заңды тұлғалардың инвестицияларының есебі

Қазақстан Республикасының Азаматтық Кодексіне сай шаруашылық тараптарды серіктестігі, егер басқа (негізгі немесе бас) шаруашылық серіктестігінің, оның жарғылық капиталындағы үлесінің басымдылығына байланысты немесе олардың өзара келісіміне орай немесе өзгеше жолдармен, шешімдерді айқындауға мүмкіндігі болса, онда ол еншілес деп есептелінеді; тәуелді акционерлік қоғам, яғни бірлесіп бақыланатын заңды тұлғалар деп жасалған келісімдер нәтижесінде инвестицияланған объектіге қатысты қаржылық және өзге аспект деңгейін анықтау құқығына ие болған басқа заңды тұлғалардың ықпалына түсіп қалған серіктестерді айтамыз.

Инвестициялардың есебі 2000 «Инвестициялар» бөлімшесінің шоттарында жүргізіледі, оның құрамына мынадай синтетикалық шоттар кіреді: 2120 «Еншілес серіктестерге салынған инвестициялар», 2140 «Тәуелді серіктестіктерге салынған инвестициялар», 2130 «Бірлесіп - бақыланатын заңды тұлғаларға салынған инвестициялар», 2180 «Басқа инвестициялар».

2120-2180 шоттар активті және күрделі болып келеді. Талдамалы (аналитикалық) есеп инвестицияланған кәсіпорындар мен инвестициялар түрлері бойынша жүргізіледі.

Инвестицияларға есеп жүргізілгенде төмендегідей әдістер қолданылады:

Үлестік қатысу әдісі - инвестицияларды иеленген мезетте сатып алу құнымен көрсетіп, кейінірек тәуелді шаруашылық серіктестерінің таза активтеріндегі өзгерістерде инвестордың үлесі мойындалуына байланысты олардың құнының өсуін (кемуі) есепке алу әдісі. Тәуелді шаруашылық серіктестестігінің таза кірісінде (шығынында) инвестор үлесінің өзгеруі қаржылық - шаруашылық қызмет туралы есепке табысқа жатқызылады.

Үлестік қатысу әдісін қолданған кезде инвестициялардың баланстық құны тәуелді шаруашылық серіктестіктерінің таза табысындағы инвестордың үлесін сараптағандағы өсуі (кемуі) табысқа жатқызады.

Еншілес ұйымдардың жинақталған таза табысының жалпы сомасынан тиісті дивидендтер инвестициялардың баланстық құнын кемітеді.

Еншілес ұйымдардың шаруашылық серіктестігінің активтерінің қайта бағалануына байланысты инвестордың үлесінің өзгеруі, инвестициялардың баланстық құнын көтереді (кемітеді) және меншікті капиталдың бөлімшесінде көрсетеді.

Инвестор өзінің еншілес ұйымдардың таза табысында үлестік қатысын қайта жаңғыртуға, тек таза табыс үлесі, таза шығындар үлесіне тең болғанда ғана мүмкіндік алады.

Құн әдісі - инвестицияларды иелену мезетінде сатып алу құнымен көрсетілетін есеп әдісі. Инвестордың қаржылық - шаруашылық қызметінің нәтижелері туралы есепте, инвестиция табысы деп, тәуелді шаруашылық серіктестігінің, жинақталған жалпы таза табысының сомасынан тиісті дивидендтердің мөлшері алынғаннан кейін барып мойындалады. Инвестицияланған кәсіпорын өте қатаң, ұзақ мерзімді, шектеулі жағдайларда жұмыс істеп, инвесторға табыс бере алу қабілеті төмен болса, инвестицияға иеліктің құны сатып алу құнымен есептеледі. Мұндай шектеулерді тудыратын төмендегідей себептер: реттеуші органның бақылауында болса, кәсіпорын дивидендтері бөлу аспектісіне араласуы мүмкін; кәсіпорын өз қызметін, дивидендтерді (табыстарды) шетелге аударуға шек қойылған немесе валюта бағасы жедел кеміп кететін елде жүргізілуі мүмкін.

Еншілес ұйымдардың шаруашылық серіктестігіне инвестициялар оларды болашақта сату мақсатында алғаннан басқа жағдайда үлестік қатысу әдісі бойынша біріктірілген қаржылық есепте есептеледі; тәуелді шаруашылық серіктестігі инвесторға қаражат беру қабілетін төмендететін қатаң ұзақ мерзімді жағдайда жұмыс істейді. Бұл жағдайда олар құн әдісімен есептелуі тиіс.

Бөлек қаржылық есеп-беруді жүргізуші инвестор, еншілес ұйымдарға біріктірілген қаржылық есеп - беруді жасаған кезде, тек өзінің инвестициясы туралы мәліметті ғана беруі керек. Біріктірілген қаржылық есеп-беруді жасамайтын инвестордың есебі, жеке қаржылық есеп беруден тұрғанымен, ол мынадай жайларды ескереді: үлестік қатысу әдісімен немесе құн әдісімен (тәуелді шаруашылық серіктестігі қатал ұзақ мерзімді шектеулер жағдайында қызмет істесе немесе инвестициялар жақын болашақта сату мақсатында алынса) ; сатып алу құнымен немесе қайта бағалау құнымен немесе ұзақ мерзімді инвестицияларды есепке алудың қабылданған есеп саясатына сай сатып алу мен ағымдағы құнының ең төменгі бағасы бойынша есептеледі.


Инвестициялық қорлардың түрлері: ашық және жабық инвестициялық қорлар және олардың ерекшеліктері

Қорды басқару және қызмет етуге келесі ұйымдар қатысады:

• компанияны басқарушылар қор мүліктерін басқарады, инвестициялық шешімдер қабылдайды, инвестицияларға әкімшілік қызмет етеді; бас-қарушылар сату процесін ұйымдастыру үшін (кері сатып алу) орналастыру бойынша агенттерді қатыстырады;

• қор активтерін сақтаушы (қор типтеріне және елге (мемлекетке) байланысты - қамқоршы депозитаршы, кастодиан) мүлкіне қатысты қор бойынша компанияларды басқарушылардың іс-әрекеттерінің заңдылық функцияларын бақылауды жүзеге асыра отырып, қор мүліктерінің есебін жүргізеді және сақтайды; қор активтерінің номиналды ұстаушысы болып табылады, қор мүлкімен басқарушының нұсқау ережесі бойынша мәмілелер жасалады;

• тіркеуші - қордың бағалы қағаздар иелерінің реестрін жүргізеді, кейде тіркеу функцияларын компанияның басқарушысы жүзеге асырады;

• аудитор - есептің дұрыс жүргізілуін және өздеріне сәйкес елдегі (мемлекеттегі) сектордың есеп беруін тексереді, бірақ олардың мақсаты барлық жерде бірдей.

Қорларды негізгі екі параметр бойынша ажыратады - заңды және операционды құрылым. Қорлар құрылымы бойынша корпаративті, трасталық және келісім-шартты болып бөлінеді.

Корпоративті қорлар. Ең кең тараған Қорлардың типі - корпоративті, ол акционерлік қоғам тәріздес құралады, басқа компаниялардың облигацияларын өздерінің акционерлерінің атынан инвестициялауды жузеге асырады; бұл инвестициялардан түскен табыс, қор акционерлерінің арасында дивидендтер түрінде бөлінеді ал олардың акция пакеттерінің құны қор инвестициясының құнындағы өзгерістерге сәйкес өседі (немесе төмендейді) . Корпоративті қордың иесі акционерлер болып табылады, оны компанияның директоры олардың атынан басқарады. Қордың инвестициялық портфельдік басқаруын компанияның тәуелсіз басқарушысы жүзеге асырады.

Трасталық қорлар. Трасталық қордың қызметінің негізінде қор активтерінің және қордың жариялаған қызметінің мақсаттарының аман сақталуына жауап беретін, қамқоршысы мен қордың басқарушы компаниясы арасындағы нақты бөлініс жатыр. Қамқоршымен келісім-шарт бойынша басқарушы компания қордың инвестициялық портфелін басқарады, тәртіп бойынша, әкімшілік процедураларды жүзеге асырады. Мұндай функциялардың бөлінісі қор мен оның инвесторлары үшін қорға жетекшілік етудің қосымша қорғау құралы болып табылады. Трасталық типті қорлар Ұлыбританияда және Ұлыбританияның бұрынғы колониялары мен Австралия сияқты, британдық жалпы құқығы бар елдерге кеңінен тараған; бұл нысан сирек болса да Америка Құрама Штаттарында пайдаланылады.

Келісім-шарттық қорлар. Кейбір елдердің заңдары бойынша ұжымдық активтерді басқару үшін трасталарды жасауға рұқсат етілмейді, бұл мемлекеттерде (негізінен романо-германдық құқық немесе азаматтық кодекс жүйесімен) ол үшін қордың келісім-шарттық нысаны жасалынған. Мұндай нысан кезінде қор активтерінің заңды иеленушісі болып не басқарушы, не ұйымдасқан инвесторлар болып табылады. Активтердің сақталуына жауап беретін көбінесе банк немесе басқа кредиттік институт, еншілес құрылымы немесе оның бөлімшесі басқарушы болып табылады. Активтерді сақтау функциясымен қордың басқару функцияларын бөлу кредиттік институттардың жоғары репутациясымен және реттеушілер жағынан олардың үстінен қатаң бақылау арқылы жүзеге асырылады.

Инвесторлардың өздері - акционерлер емес, дивидендтермен және капиталдың өсуін алуға құқықтары бар қатысушылар, бірақ дауыс беру құқықтары жоқ. Олар пайдалана алатын жалғыз құқық - ол өздерінің активтерін сату құқығы, егер оларға ол қорды басқару ұнамаса, одан шығып кете алады. Қорлардың бұл типі Германия және Францияда қолданылады. Операциондық көзқарас бойынша жабық және ашық типтегі қорлар болып бөлінеді.

Жабық типтегі қорлар. Мұнда акциялардың нақты белгіленген саны болады, акционерлік қоғамдағы сияқты акциялардың саны, заңдасқан нысанда құрылады. Сондықтан, қордың акцияларын қаңдай да бір тұлға алатын болса, олардың осыған сәйкес саны басқа тұлға арқылы сатылуы керек және бұл операция қор биржасында акцияларды жай қолдан-қолға беру ретінде жүргізіледі. Қосымша акцияларды жасау және шығару немесе акцияларды жою үшін сатып алу, әдетте акционерлердің келісімін талап етеді.

Ашық типтегі қорлар нақтылы белгіленген капиталы бар жабық типтегі қорға қарағанда олардың капиталы өзгермелі болады. Акциялар сатушылар және сатып алушыларға байланысты әрдайым шығарылып және жойылып отырады. Осындай тәсілмен қор капиталының өсуі немесе төмендеуіне акционерлер жиналысын ұйымдастырмай-ақ уақытымен азая немесе кеңейе алады. Ашық типтегі қордың акцияларын қорлардан сатып алуға болады немесе тұрақты түрде көбінесе күн сайын сатуға ұсына алады.

Инвестициялық қорлар қызметісіне қатысы бар ең негізгі көрсеткіштердің бірі болып қордың барлық таза активтері - қордың нарықтық бағамен бағаланған барлық активтерінің белгіленген процедуралары мең қордың барлық міндеттемелері болып табылады. Қор-дың бір акциясына (жарнапұл) есептегендегі таза активтердің құнын акция құны (жарнапұл) деп атау қабылданған. Бұл көрсеткіштер келесі түрде есептелінеді:

Қордың таза активтерінің құны (ТАҚ) = Қордың барлық активтері - Қордың барлық міндеттемелері; Акция құны (жарнапұл) = Таза активтер құны/ айналымдағы акциялар (жарнапұл) саны


1. 2 Инвестициялық қызметті басқару

Инвестицияларды дұрыс басқара білу кәсіпорынның экономикалық тиімділігіне, қаржылық тұрақтылығына, оның өз бизнес саласындағы өміршеңдігіне айтарлықтай әсер ететіні сөзсіз. Сондықтан да, инвестициялық қызметті басқару кәсіпорындағы қаржы менеджментінің маңызды да жауапты міндеттерінің бірі болып табылады.
Инвестицияларды басқарудың құрамына келесілер кіреді:
- инвестицияларды мемлекеттік деңгейде басқару - бұл инвестициялық қызметті заңды түрде реттеуді, бақылауды және ынталандыруды қажет етеді;
- жеке инвестициялық жобаларды басқару - бұл қазіргі заман талаптарына сай әдістер мен басқару техникасын қолдану арқылы инвестициялық жобаны жүзеге асыру барысын жоспарлауды, ұйымдастыруды және бақылауды қамтиды;
- жеке кәсіпорынның инвестициялық қызметін басқару - бұл кәсіпорын тарапынан инвестициялау объектілерін таңдаумен және инвестиция барысын бақылаумен сипатталады.
Кәсіпорын деңгейінде инвестицияларды басқару капитал салымдарының ең тиімді нұсқаларын жүзеге асыруға бағытталады. Осы орайда кәсіпорындардың инвестицияларды басқару барысына толығырақ тоқтала кетелік (1. 3-сурет) .
Кәсіпорын деңгейінде инвестицияларды басқарудың бірінші кезеңі - бұл елдегі инвестициялық жағдайды (климатты) талдау. Ол келесідей көрсеткіштерді ескереді:
- жалпы ішкі өнімнің (ЖІӨ), ұлттық табыстың және өнеркәсіптік тауарлардың өндіріс көлемінің динамикасы;
- ұлттық табысты бөлудің динамикасы;
- мемлекеттің инвестициялық қызметті заңды түрде реттеуі, бақылауы және ынталандыруы;
- инвестициялық нарықтардың, бірінші кезекте несие нарығы мен құнды қағаздар нарығының, даму деңгейі.
Келесі кезең - кәсіпорынның экономикалық даму стратегиясын ескере отырып, оның инвестициялық қызметінің нақты бағыттарын анықтау. Бұл кезеңде кәсіпорын инвестициялық қызметінің салалық бағытын, сонымен қатар өз қызметінің жекелеген кезеңдеріндегі инвестициялаудың негізгі нысандарын анықтайды. Бұл үшін экономиканың жекелеген салаларының инвестициялық тартымдылығы, яғни олардың конъюнктурасы, осы салалардың өнімдеріне деген сұраныстың динамикасы мен болашағы зерттеледі.
Экономика салаларының инвестициялық тартымдылығын зерттеу барысында жүргізілген талдау жұмыстары келесідей маңызды сұрақтарға жауап табуға мүмкіндік береді:
- осы саланың елдегі және әлемдегі дамуының тарихи негіздері;
- бәсекелестік шарттары - салаға кіру кезіндегі бөгеттердің болуы, саладағы бәсеклестердің өзара қатынастары, солардың өнімі тәріздес тауарлардың пайда болу мүмкіндігі;
- өндірушілердің өндірістік қабілеті мен сатып алушылардың төлем қабілеттілігі;
- осы салаға байланысты қолданыстағы заңнаманың негіздері.
Аталған мәліметтер бойынша осы саладағы кәсіпорындарға инвестициялар салудың тиімділігі мен болашағы туралы қорытындылар қалыптасады.
Келесі кезең, яғни инвестициялар салудың нақты объектілерін таңдау, инвестициялық нарықтағы ұсынысты талдаудан басталады. Содан кейін кәсіпорынның инвестициялық қызметінің негізгі бағыттарына және экономикалық стратегиясына сәйкес келетін жекелеген инвестициялық жобалар таңдап алынады. Барлық таңдап алынған инвестициялық объектілер олардың экономикалық тиімділігі жағынан талдауға алынады. Осы талдаудың қорытындысы бойынша инвестициялық жобалар экономикалық тиімділігі (табыстылығы) бойынша сараланып, солардың ішінен неғұрлым үлкен табыс алып келетін жобалар таңдап алынады.
Инвестицияларды басқарудың келесі кезеңі - инвестициялардың өтімділігін анықтау. Инвестициялық қызметті жүзеге асыру барысында кәсіпорындар жекелеген инвестициялық объектілер бойынша инвестициялық жағдайдың өзгеруі нәтижесінде болжамдалған табыс мөлшері күрт төмендеп кетуі мүмкін екендігін ескерулері қажет. Сондықтан да барлық өзгерістерді жан-жақты қадағалап, инвестициялық бағдарламадан шығып кету және капиталды қайта инвестициялау туралы шешімдерді қажет уақытында қабылдай білу керек. Осындай жағдайлардың пайда болу мүмкіндігін ескере отырып, әрбір инвестициялық объект бойынша алдын-ала инвестициялардың өтімділігін бағалап, солардың ішінен өтімділік деңгейі жоғары бағаланатын инвестицияларды жүзеге асырған абзал.
Инвестицияларды басқарудың тағы да бір өте маңызды кезеңі - инвестициялық ресурстардың қажетті көлемін анықтау және оларды қаржыландыру көздерін іздестіру болып табылады. Бұл кезеңде кәсіпорынның жоспарлы бағыттары бойынша инвестициялық қызметті жүзеге асыруға қажетті қаржылық ресурстардың жалпы көлемі анықталады. Инвестициялық ресурстарға деген мұқтаждықтарға сүйене отырып, оларды қаржыландыру көздері анықталады. Кәсіпорынның меншікті қаражаттары жетіспейтін жағдайда шеттен қаражаттар тарту туралы шешім қабылданады.
Жоғарыда аталған шаралардың барлығын жүзеге асырған соң кәсіпорынның инвестициялық қоржыны қалыптасады. Инвестициялық қоржын кәсіпорынның барлық инвестициялық жобаларының жиынтығы болып табылады.
Инвестицияларды басқарудың қорытынды кезеңі - инвестициялық тәуекелдерді басқару болып табылады. Бұл кезеңде алдымен кәсіпорын барлық инвестициялық объектілер бойынша кездесуі мүмкін тәуекелдерді анықтап алып, содан кейін осы тәуекелдерді мүмкіндігінше азайтуға байланысты шаралар қолданылады.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Инвестиция есебі
Қазақстандағы инвестицияны басқару ерекшеліктері
Инвестицияның мәні,формалары мен түрлері
Қазақстанның инвестициялық саясаты
Инвестицияның бағалануы
Инвестициялық қызметінің құқықтық нысаны және тиімділігі
Ұйымның инвестициялық және инновациялық қызметін талдау
Кәсіпорынның инвестициялық қызметінің мәні
Таза инвестиция - негізгі капиталмен амортизация қосындысын шегергендегі есептелген жалпы инвестиция
Инвестициялық процестердің даму жағдайы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz