Билік туралы



I Кіріспе
II Негізгі бөлім
1. Билік ұғымы және оның түрлері
2. Биліктің функциясы, көздері мен ресурстары
3. Саяси билік пен мемлекеттік билік. Биліктің
легатимдігі
III Қорытынды
IV Қолданылған әдебиеттер
Еліміз тәуелсіздігін алып, демократиялық мемлекеттермен терезесі теқ құқықтық мемлекет орнатуға ұмтылыс танытып отырған қазіргі кезеңде — халықтық саяси сауатын көтерудің маңызы орасан зор. Бұл бүгінгі қоғамдық және саяси құрылыстық мәнін біліп, өмірдегі өз орнын анықтауға, өз құқықтары мен бостандықтарын дұрыс түсініп, пайдалануға мүмкіндік береді Саяси ғылымның негіздерін игеру арқылы, әсіресе, қазіргі өтпелі кезеңдегі күрделі қоғамдық саяси жағдайда еркін бағдар ұстап, іс-әрекет жасауға, ішкі және сыртқы саясат құбылыстарын дұрыс ұғынуға, басқа адамдардық құқықтарын қадірлей отырып, өзінің мақсат-мүддесін қорғауға тек жол ашады. Сонымен катар, жалпыхалықтық құндылық игіліктерге негізделген демократиялық, тәртіпті құрметтеуге, ортақ мәселелерді ұжымдасып шешуге үйретеді. Ол адамға саяси кажеттіктерін мемлекет тарапынан іске асырудың жолдары мен әдістерін дұрыс таңдап алуға, демократиялық тәртіптерді қалыптастыруға көмектеседі. Сондықтан бүкіл дүние жүзі мемлекеттері саясаттануды мойындап, жоғары және орта арнаулы оқу орындарында жеке пән ретінде оқытуда. Еліміз егемендігін алған соң біздің Республикамыздық барлық жоғары оку орындары да оны міндетті академиялық пән етіп енгізді. Әйтсе де оқытушылар мен студенттер саясаттанудың қазақ тіліндегі әдебиеттері мен оку құралдарына аса мұқтаж болып отыр.
1. Қуандық Есенғазы Сләмғазыұлы «Саясаттану негізі» Астана 2000ж.
2. Д.А. Жамбылов «Саясаттану» Алматы 1996ж.
3. Рахметов, Болатова, Исмағанбетова «Социология» Алматы 2003
4. Ибрахим Шамшатұлы, «Әлеуметтану» Алматы 2004
5. Абдсаттаров «Әлеуметтану» Алматы 2004

Пән: Социология, Демография
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 15 бет
Таңдаулыға:   
Жоспары

I Кіріспе
II Негізгі бөлім
1. Билік ұғымы және оның түрлері
2. Биліктің функциясы, көздері мен ресурстары
3. Саяси билік пен мемлекеттік билік. Биліктің

легатимдігі
III Қорытынды
IV Қолданылған әдебиеттер

Кіріспе

Еліміз тәуелсіздігін алып, демократиялық мемлекеттермен терезесі теқ
құқықтық мемлекет орнатуға ұмтылыс танытып отырған қазіргі кезеңде —
халықтық саяси сауатын көтерудің маңызы орасан зор. Бұл бүгінгі қоғамдық
және саяси құрылыстық мәнін біліп, өмірдегі өз орнын анықтауға, өз
құқықтары мен бостандықтарын дұрыс түсініп, пайдалануға мүмкіндік береді
Саяси ғылымның негіздерін игеру арқылы, әсіресе, қазіргі өтпелі кезеңдегі
күрделі қоғамдық саяси жағдайда еркін бағдар ұстап, іс-әрекет жасауға, ішкі
және сыртқы саясат құбылыстарын дұрыс ұғынуға, басқа адамдардық құқықтарын
қадірлей отырып, өзінің мақсат-мүддесін қорғауға тек жол ашады. Сонымен
катар, жалпыхалықтық құндылық игіліктерге негізделген демократиялық,
тәртіпті құрметтеуге, ортақ мәселелерді ұжымдасып шешуге үйретеді. Ол
адамға саяси кажеттіктерін мемлекет тарапынан іске асырудың жолдары мен
әдістерін дұрыс таңдап алуға, демократиялық тәртіптерді қалыптастыруға
көмектеседі. Сондықтан бүкіл дүние жүзі мемлекеттері саясаттануды мойындап,
жоғары және орта арнаулы оқу орындарында жеке пән ретінде оқытуда. Еліміз
егемендігін алған соң біздің Республикамыздық барлық жоғары оку орындары да
оны міндетті академиялық пән етіп енгізді. Әйтсе де оқытушылар мен
студенттер саясаттанудың қазақ тіліндегі әдебиеттері мен оку құралдарына
аса мұқтаж болып отыр.

1.БИЛІК ҰҒЫМЫ ЖӘНЕ ОНЫҢ ТҮРЛЕРІ

Билік адамзат баласының тіршілігімен қоса пайда болып, ғасырлар бойы
қоғам дамуының ағымына сай өзгеріп, жан-жақты жетілдіріліп отырылған
құбылыс. Бүгінде билік ұғымы адамзат өмірінде көптеген мағынларда айтылып,
әр түрлі әдістер арқылы күнделікті тіршілікте қолданылып, іске асырылып
жатады.
Билік-ерікті немесе мәжбүрлі бағыну, бой ұсыну деген сөз. Басқару және
бағыну бұл екеуі биліктің екі жағы. Оларды бір-бірінен бөліп қарауға
болмайды. Екеуі де қоғамға қажет. Бұлар ірі саяси құрылым формасында да
көрінеді. Олар мемлекет пен қоғам үкімет және бұқара жұртшылық арасында
болады.
Биліктің өзі басқару түрінде көрінеді, ал басқару билік түріндс
болады. Ал бұл екі үғымның арақатынасын талдар болсақ. Онда басқарудың өзі
биліктің жүргізілуі емес. Басқару ұғымы билікке қарағанда кеңірек. Ал билік
дегеніміз басқарудың элементі, басқару процесінің көзі. Кейде басқару,
билік жүргізушінің мақсатына жетуі үшін, өзінің биліктік еркін іске асыру
процесі болып табылады дсп білу орынды сияқты. Сонымен, басқару дегеніміз
биліктің мақсатты бағытталған әсерін, мүмкіндік жағдайынан шындық жағдайға
айналдыратын процесс болып табылады.
“Билік” дегеніміз біреулердің басқаларға өмір жүргізуге, бұйрық
беруіне, басқаруға деген қүқығы мен еркі, біреулердің басқалар жөнінде
дегенін іске асыру және олардың тәртібі мен қызметіне белгілі бір ықпал ету
қабілеті мен мүмкіндігі. Бұл жерде ықпал ету мен билік етудің айырмашылығын
ескеру қажет. Билік дегеніміз тұтас алып қарағанда бұл ерік, бедел, құқық,
күш қолдану, қорқытып-үркіту, иландыру, алдау, сияқты құралдардың
көмегімен, адамдардың қызметі мен тәртібіне белгілі бір әсер еудегі қабілет
пен мүмкіндік.
Билікті топтаудың антропологиялық принципіне тоқталар болсақ. Бұл
антропология терминінің өзі адамның шығу тегін, нәсілін зерттейтін
биологиялық ғылым деп білуіміз керек. Осы принцип бойынша билікті жүзеге
асырудың бірнеше түрлері бар. Олар қорқыту, үрей туғызу арқылы, сендіру-
иландыру, қызығушылығын шақыру аркылы іске асырылады. Қорқыныш тек зорлық
әрекетімен қысым жасаудан басқа, үрей туғызып соны санаға әбден сіңіріп,
сендіру ықпалымен де пайда болады. Адамды иландыру, негізінен бір нәрсеге
сендіру арқасында жүргізіледі. Үрей, қорқыныш кейде сезімге де әсер етіп
сол арқылы беріледі. Сөйтіп сезім қосымша ресурс болып саналады. Ұлттық
және діни сезімдер қанау мен еркіндік, тәуелділік, патриоттық қызғану мен
шаттану т. б. Сезім жеке фактор ретінде өз бетімен ресурс бола алмайды.
Сондай-ақ биліктің ресурсы - коры қауқары әртүрлі өлшем белгілеріне
байланысты ерекшеленеді.
Ал саяси билік бәрінен бұрын қоғамдық тәртіпті сақтау қажеттілігінен
туындайды да өзінің кызмет етуі процесіндс осы тәртіпке сүйенеді. Егер
саяси билік болмаса мемлекеттік өкіметтің тұтастығын, тұрақтылығын сақтау
да мүмкін емес.
Жалпы алғанда саяси билік дегеніміз таптың, әлеуметтік топтың,
мемлекеттің, оның органдарының сондай-ақ жеке адамның тарапынан халыққа
жасалатын үстемдік және оны іске асыру болып табылады. Осы мағыналардың ара-
жігін ажыратып айтар болсақ. Олар мыналар: Біріншіден, біреуге немесе бір
затқа иелік ету қабілеті, қүқығы және мүмкіндігі. Олар құқық, бедел, ырық,
иландыру, сендіру, күшпен басын-жаншу, мәжбүр ету құралдары арқылы
адамдардың тіршілігіне, жеке басына, іс-әрекеттеріне және қызметтеріне
пәрменді ықпал ету болып табылады. Екіншіден, зандар шеңберінде адамдарға,
ұжымға саяси үстемдік жүргізу. Үшіншіден, мемлекеттік органдардың жүйесі
және оның аппараттарының қызметі, ондағы тиісті мемлекеттік, әкімшілік
ұйымдарда істейтін, құқыққа ие болған жеке адамдар мен органдар.
Билік деген үғымның өзі бір топ түсініктердің негізі болып табылады:
мәселен, билік ету, билік ұстаушы, билікке жаны құмар, билікті жеккөруші
және т. б. Билік ету әдістері әртүрлі болуы мүмкін, демократиялық,
авторитарлық т.б.
Билік бізге әртүрлі салада көрінуі мүмкін. Мысалы, экономикалық,
саяси, рухани салалардағы биліктер, мемлекеттік билік, жергілікті жердегі
билік, жеке билік, ата-ана билігі және т.б. Билік ауқымы мен көлемі жағынан
шексіз, шекті, аумақтық болып бөлінеді. Ал биліктің түрлеріне
(вариациялары) келсек олар дарабилік, қосбилік, көпбилік, толық билік,
жалпы билік биліксіздік, қолайлы билік, биліктің бұрмалануы, билік
дағдарысы, дәрменсіз билік деп те бөлінеді.
Ал енді осы биліктерді мазмұны жағынан жіктер болсақ, олар былай
топталады. Қызмет саласы жөнінен (саяси, идеологиялық, әлеуметтік,
экономикалық, заңдық, діни т. б.);
Көлемі-қуаты жөнінен (мемлекеттік, халықаралық, от-басылық, т. б.).
Билік мазмұны жағынан әр түрлі белгілері бойынша институционалануы
жағынан - үкіметтік, қалалық, мектептік және т. б. болады.
Биліктің субъектісі бойынша - таптық, партиялық, халықтық,
президенттік, парламенттік және басқа саны жағынан - дара билік
(монократиялық), олигариялық (біріккен топ), полиархиялық институттардың
адамдардың бірігуі. Басқарудың әлеуметтік типі бойынша - монархиялық,
республикалық; басқару тәртібі бойынша - демократиялық; авторитарлық,
деспоттық, тоталитарлық, бюрократиялық және т. б.
Құрылымдық-формальдық белгілері бойынша - институттық, институттық
емес, жеке билік, екі жақты немесе көп жақты билік (олигархиялық,
полиархиялық); Жүзеге асыру тәсілі бойынша - үстемдік, күштеу, мәжбүр ету,
(заң шеңберінде) иландыру, сендіру т.б.
Билік жүргізушінің билік ету шеңбері бойынша - жеке билік жүргізу,
коллегиялық топ болып басқару; Басқару тәртібі бойынша - деспоттық,
авторитарлық, конституциялық, либералдық, демократиялық, бюрократтық т.б.

2. БИЛІКТІҢ ФУНКЦИЯСЫ, КӨЗДЕРІ МЕН РЕСУРСТАРЫ

Функциясы бойынша - билік басқарушы, бақылап-қадағалаушы,
ұйымдастырушылық, басқарушылық, тәртіптік міндеттерді атқарады. Мәселе
биліктің жіктелуіне тірелген де, осы бағытта, XX ғасырдың ірі ойшылы болып
саналған емес ғалымы Макс Вебер жасаған биліктің типологиясын басшылыққа
аламыз. М. Вебер биліктің жүзеге асырылуының өзін оның маңызды бөлігі деп
білген. Ол биліктің кең түрдегі түсінігін "жеке субъекті белгілі бір
қарсылықтардың бар екеніне қарамастан әлеуметтік қатынастардың аясында өз
еркіндігін жүзеге асыру мүмкіндігі яғни үстемдігі деп есептеген. Онда
үстемдік дегеніміз "белгілі бір топты арнаулы мағынада нұсқауларға
бағындыру мүмкіндігі".
М. Вебер үстемдікті жіктеуді заңдылық (легитимность) тегі іі бойынша
алады да оның үш түрін айқындайды.

1. Ашық, жария, үстемдік. Бұл негізгі қабылданған иемесе күштеп
енгізілген заңдарға сәйкес жүргізіледі. Бұл түрдегі үстемдікте
биліктің белгісі - қолданылып жүрген заң шеңберінде жүзеге
асырылады.

2. Дәстүрлі үстемдік. Ол қалыптасқан дәстүрдің қуаттылығына деген
сенімге негізделеді.

3. Харизматикалық үстемдік. Ол қауымдастық мүшелерінің өз
көсемдерінің шамадан тыс (өте жоғары) кабілетіне, беделіне деген
сенімге негізделген.

Биліктің жария, ашық ұйымдастырылуы жалпыға бірдей қабылданған
нормаларға (зандарға) сәйкес іске асырылады және оның ақылға қонымды,
парасатты негізі болады. Осыған орай саяси көсемдер билік басына сайлау
немесе заңда көрсетілген басқадай тәртіптер бойынша келеді.
Дәстүрлі билік әдетте жеке адамның қолында болады. Мәселен жоғары
дәрежелі өмірші, мүрагерлік жолымен тағайындалатын хан, патша т.б.
Саяси биліктің харизматикалық түрі халық бұқарасының соқыр сеніміне
негізделген биліктің мейілінше ерекшелігін, қайталанбайтындығын мойындауға
негізделген. Мұның өзі дәстүрлі биліктен ұтымды (рационалды) билікке өту
кезеңіне сай келеді.
Тарихтың он бойындағы билік төңірегіндегі, ол үшін болатын
күрес күрделеніп ақыры саяси проблемаға айналды. Бұл проблеманы тек XVII
ғасырда ғана саяси ойшылдар құрылымы жағынан қайта қарап, оны
демократияландыруға талпыныс жасалды. Оны бұрынғыдай билеушілердің еркіне
жібермей заңға бағындырып, қоғамға тиімділігіне назар аударуға қол
жеткізілді. Осы қадамның арқасында тұтас билікті бірнеше тәуелсіз дербес,
бірақ өзара тығыз байланысты, бірін-бірі бақылай отыратын биліктерге
бөлудің негізі жасалды. XVII ғасырдың ортасында билікті бөлудің алғашқы
жобасын ағылшынның көрнекті философы Джон Локк (1632-1704 жж.) жасайды. Ол
билікті заң шығарушы, атқарушы (оның ішінде сот билігі де бар) және
халықаралық қатынастарды басқарушы федеративті етіп болды. Кейінірек XVIII
ғасырда француздың ағартушысы Шарль Луи Монтескье (1689-1755 жж.) билікті
боліп басқарудың қазіргі қолданылып жүрген қағидасын жасап берді. Бүл
қағида бойынша билік заң шығарушы (парламент, жергілікті өзін-өзі басқару
органдары) атқарушы (үкімет және оның мекемелері, жергілікті жерлердегі
басқару әкімшіліктері-префектуралар және т.б.) және сот (конституциялық
және жоғары сот, сот жүйесі, қадағалау органдары және т.с. с.) болып
бөлінеді. Бұл схемада жоғары биліктің тағы бір субъектісі қажет сияқты. Ол
өзара жанжалдасқан жағдайда төрелік айтып табыстырушы міндетін атқарушы
ретіндегі Монтескье ұсынған монарх, президент немесе билік жүргізуші партия
басшысы. Олардың бұл жердегі ролдері әр елде әртүрлі. Осылай бола тұрса да
ол жаңағы билік буындарына ең жоғары төрелік айтуды конституциялық сотқа
жүктейді. Ал конституциялық сот қоғамдағы биліктің барлық сатыларының, оның
мүшелерінің өзара қатынастарын заңға сәйкестеңдіріп отырушы міндетін
атқарған. Бөлінген биліктер арасындағы қатынастар тиісті зандар мен
конституция қағидалары негізінде реттеледі. Сондай-ақ, билікті қолдануды
демократияландыру мақсатымен бөлінуінің өзі әлеуметтік бақылау, сын айту
және халық тарапынан қолдаушылық әрекеттерге байланысты. Мұны жүзеге асыру
үшін қоғамда арнайы құрал-баспасөз белсенді рол атқарады. Олардың қоғамдық
пікірге ықпалы күшті болады. XX ғасырдан бастап бұқаралық ақпарат
құралдары, сөз бостандығы жағдайында шынайы әрекет етіп "төртінші билік"
деген атқа ие болды.
Бүгінде өркениетті болып саналатын, құқықтық мемлекеттердегі
биліктің; бөліну принципі заң шығарушы, істі атқарушы, сот болып
демократиялық мазмұнға ие болып отыр. Осы аталған мемлекеттік билік саяси
билік болып табылады. Демократиялық мемлекетте саяси биліктер құрылымы мен
жүйесі, адамдардың билікті жүзеге асыруға қатысы, билікке бұқараның бақылау
жасауы шешуші роль атқарады. Саяси биліктің түпкі мақсаты халықты
басқаратын толық билікке жету. Саяси билікті бір орталықтан бағытталған
белгілі бір қатынастарды реттейтін бақылап оны әрекетке келтіретін саясат
деп те түсінуге әбден болады.
Билікті қоғамдық қүбылыс ретінде танып біліп, оның қызметін, мәнін
ашып біліп жатсақта әлі де оған қатысты (яғни осы ұғымға) зерттеуші
ғалымдар арасында әртүрлі пікірлер баршылық. Билік пен саясат өзара тығыз
байланысты ұғымдар. Біз билікті саясатты іс жүзіне асыратын құрал ретінде
мойындаймыз. Өкімет билігін алу үшін күрес және оны ұстап тұру қоғамның
саяси өміріндегі басты мәселе болып табылады. Билікті иемдену демократиялық
жол сайлау немесе тағайындау арқылы әлде зорлық күшпен басып алу арқылы
жүзеге асырылады. Биліктің тұтқасын ұстаған саяси күш оны жүзеге асыратын
құрылымдарды да өмірге әкеледі (парламент, министрлер кабинеті, президентік
билік т.б.). Олар өздерінің қызметі барысында өз саясаттарын өздері жасап,
билікке әсер етеді. Яғни өздеріне тиімді етіп құрған билік құрылымдары
арқылы жүзсеге асырылады. Сөйтіп бұл екі ұғым бірін-бірі туғызып отырады.
Саяси биліктің жан-жақты қасиеті болады. Ол барлық қоғамдық қатынастардың
саласында, саяси процесстерге араласып қоғамдық топтарды, адамдарды бір-
бірімен әрекетке келтіреді, қарама-қарсы да қояды. Тарихи даму барысында
саяси ой-пікірдің қалыптасуынан бастап саясат пен өкімет билігінің
ажырамастығы белгілі. Саяси өкімет билігі қоғамдық сипатта болып, арнаулы
құрылымдар арқылы жүзеге асырылады. Өкімет билігі мемлекеттің зандарына,
белгілі адамдардың адамгершілік тәрбиесіне ықпал етіп иландыру арқылы әдет-
ғүрып, дәстүр, сана-сезімдеріне сүйене отырылып жүргізіледі. Сондай-ақ,
билік заң орындарының күш қоддануы арқылы да жүргізілуі ықтимал. Қоғамдық
өмірдің әр түрлілігі сияқты, өкімет билігінің қоғамдық қатынастардың да
құрылымдары сан қырлы. Өкімкт билігі дегеніміз мақсатқа жетудегі
мемлекеттегі белгілі бір объектілерге жасалатын әртүрлі әрекеттер. Өкімет
билігінің негізгі ресурсы – көзі болады. Осылар арқылы әртүрлі бағытта
өкімет билігі жүзеге асырылады. Өкімет билігінің ресурсын, көздерін әр
түрлі жағдайларға белгілеріне сай топтауға, жіктеп білуге болады. Бұл
жердегі ең басты өлшем өкімөт билігін жүзеге асыратын қүралдарды,
жағдайларды біліп тану болып табылады. Өкімет билігін жүзеге асыратын
құрылымдарға заң шығарушы, сот, қүқық қорғау органдары, әртүрлі әкімшілік
органдары, министрліктер, көпшілік қозғалыстардың лидерлері, мемлекеттік
және партия биліктері жатады. Саяси биліктің іске асырылуы нормаланып, сол
мемлекеттің ұлттық ерекшеліктерінің, дәстүрінің, заңдарының принциптері
негіздеріне сай жасалынады. Саяси билікті атқарушылар тамаша жүйеленген
негізге сүйенеді. Ол негіз арнайы құрылған басқару аппараттары, құқық
қорғау органдары ондағы адамдар тобы. Мемлекеттік аппарат билігі жазылған
және жазылмаған заңдар негізінде де әрекет ететін ерекше басқару жүйесі
болып табылады. Тек, олардың билік ету әрекеттерінің мазмұны жалпы қандай
мемлекетте өмір сүрулеріне байланысты болады. Ол мемлекеттердегі саяси
биліктер ондағы тәртіптердің (демократиялық, авторитарлық, тоталитарлық)
мазмұнына қатысты.
Саяси биліктің әр түрлі, саяси институттар мен саяси қатынастардың
жүйесімен сипатталатын үш дәрежесі бар.
Институциональды биліктің құрылысы өзара бірлікте әрекет ететін үш
функционалды деңгейге бөлінді.

1. Биліктің жоғарғы сатысының макро саяси жүйесі (үкімст, оның
орталық мекемелері) қоғамның негізгі ішкі процесіне және
мемлекеттің сыртқы саясатына тарайды.
Макробилік (макро-көлемді, ірі) мемлекеттік Орталық
институттары қызметінің жоғары дәрежесі (президент, парламент,
министрлер кабинеті).

2. Биліктің орта немесе аралық деңгейі (мезобилік)
биліктің орта буындарынан құрылған олар әр дәрежедегі
бюрократтанған (муниципалдық) жергілікті жердегі басқару
орындарындағы биліктерді де қамтиды. Бұл деңгей
институционаланбаған биліктің формалды емес (қоғамдық ұйымдар,
қозғалыстар, топтармен) халықпен тікелей байланысты яғни саяси
билік ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Саяси билік теориясы
Атқарушы биліктің құрылымы
Саясаттың негізгі мәселесі билік
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ МЕМЛЕКЕТТІК БИЛІКТІҢ АТҚАРУШЫ ОРГАНДАРЫ
МЕМЛЕКЕТТІК БИЛІКТІҢ ҚҰҚЫҚТЫҚ ТАБИҒАТЫ
Орталық атқарушы органдар
Мемлекеттік билік түсінігі
Билік - әлеуметтік феномен ретінде
Билік саяси феномен
Биліктің қызметтері мен жіктелуі
Пәндер