Исламдағы мазһабтар


Пән: Дінтану
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 6 бет
Таңдаулыға:   

Исламдағы мазһабтар

Ғаламдағы барлық жаратылысқа барлық нығметтерді, жақсылықтарды беретін тек қана Аллаһу Таағала екені баршамызға мәлім. Барлық нәрсені бар еткенде тек Аллаһу Таағала. Сондықтан да Оған шексіз мадақтар болсын.

Аллаһу Таағала алғашқы адам және алғашқы пайғамбар ретінде Адам алейһиссаламды жаратты. Одан бүкіл адамзат баласы тарады. Жер бетінде адамдар саны арта бастағаннан кейін, олардың осы дүниеде еркін және тыныш өмір сүрулері үшін пайғамбарларды жіберді. Пайғамбарлар адамдарға тура жолды көрсетіп, жүректеріне сенім ұялатып «Дін» ұсынып отырды.

Дін - адамдарды мәңгілік бақытқа қауыштыру үшін Аллаһу Таағала тарапынан көрсетіліп отырған жол. Барлық пайғамбарлар бір ғана иман туралы айтқан, яғни үмбеттерінен бір ғана нәрсеге иман етуді қалаған. Аллаһу Таағала расулдары арқылы жіберген кейбір иман негіздерін қолданыстан алып жаңа үкімдер енгізген. Әрбір дін, өзінен бұрын келген діннің үкімдерін жойып отырған.

Соңғы пайғамбарымыз Мұхаммед (с. а. у) өзінен бұрын келген барлық діндердің үкімдерін қолданыстан шығарған. Қазіргі кезде әлемдегі жалғыз дұрыс дін - Мұхаммед (с. а. у) уағыздаған Ислам діні. Бұл діннің ешқандай үкімі бұзылмаған.

Ислам адамдарды бір - бірін жақсы көруге, бір - біріне жәрдемдесіп, бауырларша өмір сүруге шақырады. Мемлекеттерді дамытуды, адамдардың рух, тән және пікірлеу тұғысынан еркін өмір сүруін қалайды. Аллаһу Таағаланың бұйрықтарын құрметтеуді, бүкіл тірі жанға мейірімді болуды бұйырады. Ислам жанды - жансыз әрбір жаратылғанға деген жауапкершілікті жүктеген. Сонымен қатар, адам нәпсісінің хайуани және шахуани ласықтардан тазаруын қамтамасыз етуде. Жаман әдеттерден аулақ болып, нәпсіні тәрбиелеуге шақырады. Жалқаулыққа, уақытты бос өткізуге тыйым салып, ғылымға, техникаға, өнеркәсіпке, саудаға, егіншілікке, өнерге үлкен мән береді. Діні, отаны, сенімі басқа болған адамдарға күш көрсетуге тыйым салады. Жеке адамның, жанұяның және ұлттардың құқықтары мен міндеттерін көрсетеді. Тірілерге, өлгендерге, туылатындарға, баршаға өзіне тән құқық және жауапкершілік жүктеуде. Ислам діні адамзаттың осы дүние мен ақыретте бақытты болуын көздейді. Қазірде дінсіз адамдар мен ұлттардың бірқатар істерде жетістікке қол жеткізуі Ислам дініне сай әрекет жасауларына байланысты болып отыр. Ал, ақыретте бақытқа жету үшін Ислам дініне сеніп, иман келтіру де қажет.

Ислам үш негізгеден тұрады:

  1. Білім
  2. Амал (әрекет)
  3. Ықылас

Бұл дегеніміз, ислам діні туралы білім алу, үйренгендерін жүзеге асыру, жасаған барлық ісін Аллаһтың ризашылығы үшін жасау керек. Ислам ғылымы - иман білімі, фиқһ білімі, қалб білімдеріне бөлінеді. Сонымен қатар, ислам дінінің қайнар көздері бар. Ол төртеу.

  1. Құран Кәрім
  2. Хадис шәрифтер
  3. Ижма- и уммат
  4. Қияси фуқаһа

Ислам діні осы төрт дәлелге сүйенеді.

Әрбір мұсылманның сенім мен амалдағы өз мазһабын үйренуі уәжіп. Мазһаб - жол деген сөз. Сенімдегі мазһаб- әһли сүннет уәл-жамағат мазһабы. Бұл сахабалардың сенімі және имандары дегенді білдіреді. Сахабалар ислам дінінің нұры мен жарығы. Мұсылмандардың имамдары, көсемдері мен сүйеніштері. Қазіргі кезде шариғи үкім шығара алатын жоғары білімді ғалымдар жоқ. Сол себепті әрбір мұсылман белгілі төрт мазһабтың бірін ұстануы керек. Төрт мазһабтың ешқайсысын ұстанбаған адам мазһабсыз болады. Мазһабсыз адам адасушы, не иманнан безген адам болып саналады.

Әһли сүннеттің жүздеген мазһабтарының ішінен қазірде тек төрт имамның мазһабы ғана кітаптарға толық жазылып, қалғандары ұмыт болған.

Белгілі төрт мазһабтың ұлы имамдары :

  1. Имам Ағзам Абу Ханифа
  2. Имам Мәлик бин Әнәс
  3. Имам Шафии
  4. Имам Ахмед бин Ханбәл

Менің сенімдегі мазһабым - әһли сүннет уәл- жамағат. Амалдағы мазһабым - Имам Ағзам Абу Ханифа мазһабы.

Төрт мазһабтың киім кию үлгісі

Аллаһ Таағала әрбір жаратылысқа өзіне тән ерекшеліктерді тарту еткен. Әйел адамның қоғамдағы және отбасындағы орны, сондай - ақ болмысы, тәні ер адамдарға қарағанда мүлде өзгеше. Әйел адам осы ерекшеліктерін қорғай білген кезде ғана қоғамдағы биік мәртебесін сақтай алады. Әйел адам өзінің аналық мейірімімен, күйеуіне деген ізеттілігімен қымбат. Ол осы қасиеттерімен әрдайым жоғарғы тұрады. Осы тұрғыдан алғанда, орамал тағу, етек-жеңі ұзын киім кию, яғни хиджаб кию - әйел адамның нәзік болмысы мен әдемілігін бөтен адамдардың арам пиғылынан, сұқ көзінен сақтайтын бірден-бір қорған . Әрі ол әйел затын мейірімділік, нәзіктік, ар - ұяттылық сияқты тағы басқа әйелге тән асыл қасиеттерімен танытатын нышан. Ең алдымен, әйелдердің басын жауып, ұзын киім киюі - Құранның тікелей бұйрығы. Әйел болсын, мейлі ер болсын «мен мұсылманмын» дейтін жан үшін Аллаһтың әмірін аттап өтуі дұрыс емес.

Осы сауал бойынша Казақстан Республикасының Мұсылман Діни басқарма Орталығының уағыз - насихат бөлімінінң ұстазы, дінтанушы Спанов Талғат мырза былай дейді: «Еш бір мазһабтың өзіне тән киім кию үлгісі бекітілмеген. Біз тек тікелей Құран Кәрім қағидасына сүйенеміз. Әйел адамның беті мен қолдары және тобықтың төменгі жағынан басқа жерлері жабық болуы керек. Сондықтан да мұсылман әйелге аталмыш ағзаларынан тыс жерлерін бөгде ерлерге көрсетуі харам етіледі. Бұл туралы Құран Кәрімдегі Нұр сүресінің 31- аятында және Ахзаб сүресінің 59- аятында жазылған».

Ислам діні әйел киімінің шеңберін сызып берген. Аллаһ Таағала Құранда: « Мүмін әйелдерге айт! Ұятты жерлерін қорғасын. Көкіректерін көрсетпесін. Бірақ өздігінен көрінгендері басқа. Сондай - ақ бүркеніштерін омырауларые түсірсін! Көріктерін көрсетпесін! Тәндерінің сұлулықтары білінсін деп аяқтарын жерге ұрып жүрмесін» деп (Нұр сүресі, 31 - аят) бұйырған.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Имам матуриди ақидасы
Тахауи ақидасы – Имам Тахауи
Ханафи фикх мазхабының негіздері мен ерекшеліктерін жас ұрпаққа көрсете білу
Сабуни іліміндегі таным және оның маңызы мен мәні
Исламдағы ағымдардың шығу себептері
Ханафи мазхабтың ұлттық құндылықтарымызбен үйлесуі
ХАНАФИ МАЗХАБЫ ЖӘНЕ ОНЫҢ БАСТЫ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
Ислам құқығына кіріспе: теория және практика мәселелері
Ханафи мазһабының қалыптасуының діни-тарихи алғышарттары
Ислам діні Қазақстанда
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz