Қазақстан Республикасындағы жұмыссыздық мәселесі



КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...3

1 ЖҰМЫССЫЗДЫҚ СИПАТЫ МЕН ТҮРЛЕРІ ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..5

1.1 Жұмыссыздықың экономикалық мәні және оның экономикаға тигізетін әсері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 5

1.2 Жұмыссыздық және оның түрлері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 9


2 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ЖҰМЫССЫЗДЫҚ МӘСЕЛЕСІН ЖҰӨ ЖӘНЕ БАСҚА ДА ЭКОНОМИКАЛЫҚ КАТЕГОРИЯЛАР АРҚЫЛЫ ТАЛДАУ

2.1 ҚР.сы жұмыссыздық деңгейінің қазіргі таңдағы статистикалық көрсеткіштері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 14

2.2 ҚР жұмыспен қамту мәселесін ғылыми тәжірибеде талдау ... ... ... ... .20

ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..30

ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..32
Бүгiнгi таңда әлемнiң дамыған елдерiнiң қай-қайсысын алып қарасақта олардың экономикасының негiзгi бағытының бiрi әлеуметтiк салаға бағытталған болып келедi. Өйткенi әлеуметтiк сала сол елдегi халықтың тұрмыс жағдайын, халықтың өмiр сүру деңгейiн және сол елдiң жалпы экономикасының жағдайын көрсетедi.
Сондықтан әрбiр елдiң экономикасы халықтың әлеуметтiк жағдайын көтеру үшiн тұрақты экономикалық өсудi қажет етедi. Елiмiздiң нарықтық экономикаға өтуiне байланысты еңбек рыногының қатынастары күрделене түсуде. Ал әлеуметтiк саланың жағдайын жақсарту ең бiрiншi сол елдiң еңбек рыногына, халықтың ақшалай табыстарына, елдегi экономикалық активтi халық пен жұмыссыздық деңгейiне байланысты болады.
Осы еңбек рыногында макроэкономикалық тепе-теңдiктiң бұзылуы экономикада қоғам дамуына тиiмсiз құбылыс болып табылатын жұмыссыздықты қалыптастырады. Экономикада жұмыссыздар болып еңбекке жарамды жастағы еңбекке қабiлеттi, бiрақ қазiргi уақытта жұмыс орны жоқ адамдар табылады. Сондықтан да жұмыссыздық ел экономикасының жағдайын көрсететiн бiрден-бiр көрсеткiш. Себебi, жұмыссыздық тiкелей елдiң экономикалық құрылымына, өнеркәсiп салаларына, жалақы деңгейiне, халықтың әлеуметтiк жағдайына әсер етеді.
Тақырыптың өзектілігі Қазақстан Республикасы проблемасының өзектілігі жұмысбастылық пен жұмыссыздықтың әлеуметтiк-экономикалық мәнi мен мазмұнын ашып, оның макроэкономикалық теңсіздікке және макроэкономикалық көрсеткіштеріне әсерін қарастыру, жұмыссыздықтың елiмiз экономикасындағы жағдайы мен ерекшелiктерiн қарастыру болып табылады.
Сондықтан курстық жұмыс тақырыбы “Қазақстан Республикасындағы жұмыссыздық пен жұмысбастылық ” деп алынды.
1 Жұмамбаев С.К. Еңбек рыногы экономикасы: Оқу құралы. – Алматы: Қазақ университетi, 2003 – 171 б.
2 Мамыров Н.Қ., Тiлеужанова М.Ә. - Макроэкономика. - Оқулық. – Алматы. Экономика. - 2003. – 432 бет.
3 Статистический ежегодник. Алматы. – 2008г. – 467 стр.
4 Джумамбаев С.К. Рынок труда в казахстанской экономике. – Алматы: Ғылым, 2006 г.
5 Ивашковский С.Н. - Макроэкономика. - Учебник. – 2-е изд., испр., доп. – М., - Дело. 2002. – 472 с.
6 “Халықты жұмыспен қамту туралы” Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтарындағы заңы // Егемен Қазақстан, 2001 ж, 30 қаңтар. 15-16 бет.
7 Н. Ә. Назарбаев. «Қазақстан әлемдегі бәсекеге барынша қабілетті 50 елдің қатарына кіру стратегиясы» Жолдауы, Астана, 2006 жыл, 1 наурыз. 251-252 бет.
8 «Обзор макроэкономической ситуации в Казахстане» // Бердибек Сапарбаев, РЦБК, №4, 2007 г.
9 Журнал. Экономика и права Казахстана, 2008 г. № 1,2,3.
10 Е.Б.Жатканбаев, К.С.Мухтарова. Безработица как фактор снижения уровня жизни населения \\Вестник КазГУ. Серия Экономическая,2007№1 61-67 бет.
11 Н.Ә.Назарбаев Қазақстан халқына Жолдауы «Жаңа әлемдегі жаңа қазақстан», 2007ж 3 наурыз.
12 «Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008-2010 жылдарға арналған орта мерзімді фискалдық саясаты туралы» - Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы, 2007 жылғы 29 тамыз, №754, Астана, Үкімет Үйі.

Пән: Экономика
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 27 бет
Таңдаулыға:   
МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 3

1 ЖҰМЫССЫЗДЫҚ СИПАТЫ МЕН ТҮРЛЕРІ ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...5

1.1 Жұмыссыздықың экономикалық мәні және оның экономикаға тигізетін
әсері
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... 5

1.2 Жұмыссыздық және оның
түрлері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 9

2 Қазақстан Республикасы жұмыссыздық мәселесін ЖҰӨ және басқа да
экономикалық категориялар арқылы талдау

2.1 ҚР-сы жұмыссыздық деңгейінің қазіргі таңдағы статистикалық
көрсеткіштері
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... 14

2.2 ҚР жұмыспен қамту мәселесін ғылыми тәжірибеде талдау
... ... ... ... .20

ҚОРЫТЫНДЫ
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ..30

ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... 32

КIРIСПЕ

Бүгiнгi таңда әлемнiң дамыған елдерiнiң қай-қайсысын алып қарасақта
олардың экономикасының негiзгi бағытының бiрi әлеуметтiк салаға бағытталған
болып келедi. Өйткенi әлеуметтiк сала сол елдегi халықтың тұрмыс жағдайын,
халықтың өмiр сүру деңгейiн және сол елдiң жалпы экономикасының жағдайын
көрсетедi.

Сондықтан әрбiр елдiң экономикасы халықтың әлеуметтiк жағдайын көтеру
үшiн тұрақты экономикалық өсудi қажет етедi. Елiмiздiң нарықтық экономикаға
өтуiне байланысты еңбек рыногының қатынастары күрделене түсуде. Ал
әлеуметтiк саланың жағдайын жақсарту ең бiрiншi сол елдiң еңбек рыногына,
халықтың ақшалай табыстарына, елдегi экономикалық активтi халық пен
жұмыссыздық деңгейiне байланысты болады.

Осы еңбек рыногында макроэкономикалық тепе-теңдiктiң бұзылуы
экономикада қоғам дамуына тиiмсiз құбылыс болып табылатын жұмыссыздықты
қалыптастырады. Экономикада жұмыссыздар болып еңбекке жарамды жастағы
еңбекке қабiлеттi, бiрақ қазiргi уақытта жұмыс орны жоқ адамдар табылады.
Сондықтан да жұмыссыздық ел экономикасының жағдайын көрсететiн бiрден-бiр
көрсеткiш. Себебi, жұмыссыздық тiкелей елдiң экономикалық құрылымына,
өнеркәсiп салаларына, жалақы деңгейiне, халықтың әлеуметтiк жағдайына әсер
етеді.
Тақырыптың өзектілігі Қазақстан Республикасы проблемасының
өзектілігі жұмысбастылық пен жұмыссыздықтың әлеуметтiк-экономикалық мәнi
мен мазмұнын ашып, оның макроэкономикалық теңсіздікке және
макроэкономикалық көрсеткіштеріне әсерін қарастыру, жұмыссыздықтың елiмiз
экономикасындағы жағдайы мен ерекшелiктерiн қарастыру болып табылады.
Сондықтан курстық жұмыс тақырыбы “Қазақстан Республикасындағы
жұмыссыздық пен жұмысбастылық ” деп алынды.
Бұл тақырыпты орындаудағы негiзгi мақсат болып жұмысбастылық пен
жұмыссыздықтың экономикалық мәнін ашу, олардың түрлері мен әлеуметтік-
экономикалық салдарын қарастыру, сонымен қатар еліміздегі жұмыссыздық пен
жұмыспен қамту жағдайын және олардың құқықтық негіздерін талдау болып
табылады.
Мақсатқа жету барысындағы атқарылатын мiндеттер келесiдей болып
табылады:
- Жұмыссыздықты еңбек рыногының элементi ретiнде қарастыру және жан-
жақты талдау;
- Жалақы және жұмысбастылық және олардың өзара байланысын қарастыру,
сонымен қатар елiмiздегi жұмысбастылық пен жалақы деңгейiн талдау;
- Жұмысбастылық пен жұмыссыздықтың жалақы, инфляция және жұмысшы күшi
ұсынысы және сұранысымен байланысын анықтау;
- Жұмыссыздықтың түрлерi мен олардың экономикаға тигiзер әсерiн
қарастыру;
- Жалақы, жұмысбастылық, кәсiподақтар және жұмыссыздық, олардың өзара
байланыстары, мәселелерiн және шешу жолдарын ұсыну болып табылады.
- Қазақстандағы жұмыссыздық мәселесiнiң жалпы жағдайын, олардың
өзiндiк ерекшелiгiн қарастыру.
Бұл жұмысты Жұмамбаев С.К. Мамыров Н.Қ. қарастырған. Жұмыстың
құрылымы екі бөлімнен тұрады.

1 ЖҰМЫССЫЗДЫҚ СИПАТЫ МЕН ФОРМАЛАРЫ

1. Жұмыссыздықдың экономикалық мәні және оның экономикаға
тигізетін әсері

Жұмыссыздық жеке адам және қоғам үшiн көптеген әлеуметтiк-экономикалық
мәселелердi өзiмен алып келедi. Жеке адам үшiн ол өндiрiстен кету деген
сөз, қызметкер еңбек табысы көзiнен айырылып, көтерiңкi психикалық жүк
көтередi. Ал қоғам үшiн ол жоғары салық шығынына ұшыратады, адам капиталы
жойылады, қоғамның әлеуметтiк жiктелуi күшейедi, жастарға байланысты
мәселелер асқынады және т.б. бос уақыт пайдасы жұмыссызбен келетiн
кемшiлiктердi басып кетуi шүбәлi болып келедi. Сонымен қатар бұл құбылыстың
кемшiлiктерiн бiржақты атай берген дұрыс емес. Нарықтық экономикаға
жұмыссыздықтың табиғи деңгейi тән, жұмыс күшiнiң белгiлi резервi әрқашан да
болып тұрады. Табиғи жұмыссыздықтың болуы нарықта экономиканың нормальдi
қызметiне қажеттiлiгi бар деуге болады. 1, 36 б
Жұмыссыздық мәселелерi көптен берi зерттелуде, бiрақ жұмыссыз қатарына
кiмдi жатқызу керек, жұмыссыздық көрсеткiштерi, жұмыссыздық деңгейiне әсер
ететiн факторлар және т.б. сұрақтар осы уақытқа дейiн талқыланып жатыр.
Қазақстан жағдайында бұл мәселелер шиеленiсе түстi, өйткенi экономикалық
дағдарыс және әлеуметтiк еңбек қатынастары күрт өзгеруiне байланысты адам
қылықтарына өзгешелiктер ендi.
Жұмыссыздық туралы көптеген анықтамаларды жинақтап қорытсақ, оған
келесiдей анықтама беруге болады: жұмыссыз адам – ол қазiргi жалақы мен
еңбек жағдайында жұмысы жоқ, бiрақ жұмыс iстей алатын және жұмыс iздеп
жүрген адамдар. Ал жұмыссыздықты – экономикалық белсендi халықтың бiр
бөлiгiн жұмыссыздар құрайтын экономикадағы құблыс деп бiлемiз. Халықаралық
еңбек ұйымының анықтамасы бойынша жұмыссыз деп табыс әкелетiн жұмысы жоқ,
жұмыс iстеуге дайын және соңғы төрт ай iшiнде жұмысты әр жолмен iздеген
адам танылады.
Жұмыссыздықты есептеу формуласы (u) жұмыссыздар саны (U) экономикадағы
белсендi халық санына (L) бөлу арқылы табады және пайызбен көрсетiледi.
3, 97 б
u = U L = U U+E
(1)
Шындығында еңбек рыногында еңбек сұранысы еңбек ұсынысынан артық болып
отырады. Яғни, экономика заңдылығы бойынша жұмыссыздықтың табиғи деңгейi
орын алады дегендi бiлдiредi. Егер де осы табиғи деңгейден асып кетсе
(жұмыссыздық табиғи деңгейi Оукен заңы бойынша 3%) , онда экономикада
тұрақсыздық жағдай жұмыссыздық мәселесi орын алады.
Бұл жағдайды келесi еңбек рыногының тепе-теңдiк графигiнен көруге
болады. Сурет-1. 2, 568 б

Жұмыссыздық NS
W1 A B

E
WE

Nd

Na NE Nb N

Сурет-1 – Еңбек рыногындағы тепе-теңдiк

Бұл суреттен көретiнiмiз еңбек сұранысы қисығы Nd мен еңбек ұсынысы
қисығы NS қиылысында Е нүктесi пайда болады, ол нүкте еңбек рыногындағы
тепе-теңдiктi сипаттайды. Осы тепе-теңдiк нүктеге сәйкес WE нақты
жалақының және NE жұмысбастылық деңгейiнiң тепе-теңдңгi шығады. Егер
жалақы W1 деңгейде жоғары болатын болса, онда рыноктық сәйкессiздiк
нәтижесiнде ұсынылатын еңбек көлемi еңбекке сұраныстан В-А мөлшерде өседi,
осының нәтижесiнде Nb- Na мөлшерде экономикада жұмыссыздық пайда болады.
Сонымен, жұмыссыздық бұл еңбек рыногындағы сұраныс пен ұсыныс
сәйкессiздiгiнен пайда болатын еңбек рыногының бөлiнбес элементi. Жұмысшы
күшi болып табылатын адамдар еңбек рыногына қатысуына байланысты бiрнеше
категорияға бөлiнедi.
Еңбекке қабiлеттi адамдар – жасына және денсаулығына қарай еңбек
етуге қабiлеттi адамдар. Адамдардың жекелеген категорияларға бөлiнуi
олардың экономиканың рыноктық немесе рыноктық емес секторларында жұмыс
iстеуiне байланысты жүргiзiледi. Яғни, рыноктық емес құрылымда қызмет
ететiндерге мемлекеттiк әскер, полиция, мемлекеттiк аппарат және т.б.
институттар кiредi.
Жұмыссыздар болып еңбекке жарамды жастағы еңбекке қабiлеттi, бiрақ
жұмыс орны жоқ адамдарды айтады. Жұмысы бар тұлғалар және жұмыс күнi толық
емес тұлғалар жұмысбасты адамдар болып табылады. Жалпы жұмысшы күшiне
жұмыспен қамтылғандар мен жұмыссыздар жатады.
Жұмысшы күшi құрамына кiрмейтiндер өзара жеке категория болып
табылады. Бұларға жұмысы жоқ және жұмыс iстеу талабы жоқ адамдар жатады.
Сондай-ақ жұмыс iстегiсi келетiн, бiрақ әр түрлi себептермен жұмыс iстеуден
күдер үзген адамдар. Адамдардың бұл категориясы жұмыссыздарға кiрмейтiн
адамдарға жатады.
Жұмыспен қамтылу мен жұмыссыздық келесi көрсеткiштер арқылы
сипатталады:
1) Институционалдық емес адамдар;
2) Жұмыс iстеушiлiердiң саны;
3) Жұмыссыздар саны;
4) Жұмысшы күшiнiң құрамына кiрмейтiн адамдардың саны.
Осы көрсеткiштердiң арасында өзара келесiдей байланыс бар:
1) Жұмысшы күшiнiң саны ЧРС = ЧЗ+ЧБ;
2) Халықтың жұмыспен қамтылу дәрежесi ЧЗ = ЧЗЧИН;
3) Халықтың жұмыссыздық дәрежесi УБ = ЧБ (ЧЗ+ЧБ);
4) Жұмыссыздықтың нормасы NБ = ЧБ (ЧЗ+ЧБ) * 100%; 1, 117 б
Макроэкономика тұрғысынан осы көрсеткiштердiң дәрежесi мен динамикасы
бiрнеше факторларға тәуелдi, оларға демографиялық, жастық және жыныстық,
этникалық, халықтың әлеуметтiк құрамы, жекелеген аймақ пен салалардағы
еңбек рыногындағы сұраныс пен ұсыныстың арақатынасы.
Жұмыссыздықтың дәрежесiн батыс статистикасы қолданатын
көрсеткiштермен айқындауға болады, яғни жұмыссыздықтың таратылуы мен
мерзiмiнiң ұзақтылығын. Жұмыссыздықтың таратылуының көрсеткiшi жұмысшы
күшiнiң жұмыссызданған бөлiгiн сипаттайды. Жұмыссыздықтың ұзақтық
мерзiмiнiң көрсеткiшi бар болған жұмыссыздықтың орташа ұзақтығын
сипаттайды.
Батыс экономистерiнiң көбiсi рыноктық жағдайда жұмыссыздықтың белгiлi
бiр дәрежесiн болуын заңды және қажет деп мойындайды. Дж.Кейнс амалсыз
жұмыссыздықтың түсiнiгiн жиынтық сұраныстың бейiмдiлiгiнiң жеткiлiксiз
екендiгiнен болады деп есептейдi. Оның пiкiрiнше, толық жұмыспен қамтылу
тиiмдi сұраныстың қосымша кеңеюiне байланысты жұмысшылардың санының
өзгермеген жағдайы болып табылады. Тиiмдi сұраныстың әрi қарай өсiмi тек
таза инфляциялық өсiм болады. Осындай кезде амалсыз жұмыссыздық нолге тең.
Кейбiр экономистер жұмыссыздықты еңбек рыногының икемдiлiгiнiң
көрсеткiшi деп санайды. Осы жағдайда жұмыссыздықтың табиғи дәрежесi туралы
айтылады. Экономика ресурстардың қаншалықты жақсы қолданылатындығына
байланысты сипатталады. Негiзгi экономикалық ресурс жұмысбастылықты
қолдайтын жұмыс күшi болады, бұл экономикалық саясаттың маңызды мақсаты.
Табиғи жұмыссыздық деңгейi - бұл жұмыс iстеудi қалайтындардың жалпы
санының iшiнде жұмысы жоқ азаматтардың статистикалық көрсеткiшi.
Статистикалық деректерде әрбiр адам үш түрлi санаттың бiреуiне жатады.
Оларға: жұмыс iстейтiн, жұмыссыз және жұмыс күшiне кiрмейтiндер. Жұмыс
iстейтiн адам деп – үй шаруасымен немесе оқумен шұғылданбайтын, апта бойы
жұмыс iстейтiндер осы топқа кiредi.
Жұмыссыздық мәселелері көптен бері зерттелуде, бірақ жұмыссыз
қатарына кімді жатқызу керек, жұмыссыздық көрсеткіштері, жұмыссыздық
деңгейіне әсер ететін факторлар және т.б. сұрақтар осы уақытқа дейін
талқыланып жатыр. Қазақстан жағдайында бұл мәселелер шиеленісе түсті,
өйткені экономикалық дағдарыс және әлеуметтік еңбек қатынастары күрт
өзгеруіне байланысты адам қылықтарына елеулі өзгешеліктер енді.
Қазақстан заңдарында кімді жұмыссыз қатарына жатқызу керек екені
жазылған. Статистикалық жинақтарда да бұл түсінікке анықтама берілген.
Соларға қарамастан, жұмыспен қамту және жұмыссыздықтың шын күйін бағалау
өте қиын. Мысалы, көптеген адамдар жұмыссыз қатарына жатқызатын барлық
критерийлерге сәйкес келеді, бірақ объективті және субъективті себеппен
жұмыспен қамту жөніндегі қызмет орындарында жұмысқа орналастыратын
мүмкіншілігіне сенбеу, алыс жерде тұруы, азаматтардың өз құқыларын білмеуі
және т.б. Екінші жағынан, халықтың жұмыспен қамтылуын көрсететін мамандар
әр түрлі себеппен бұрмаланады: олар демалыста болуы мүмкін, ауырып жұмысқа
көпке дейін шықпайды, кәсіпорын әкімшілігінің ынтасымен өндіріс біраз уақыт
тұрап қалады және т.б.
Жұмыссыз туралы көптеген анықтамаларды жинасақ, оған келесідей
анықтама беруге болады: жұмыссыз - ол қазіргі жалақы мен еңбек жағдайында
жұмысы жоқ, бірақ жұмыс істей алады және жұмыс іздеп жүрген адам. Ал
жұмыссыздықты- экономикалық белсенді халықтың бір бөлігін жұмыссыздар
құрайтын экономикадағы құбылыс деп білеміз. Халықаралық еңбек ұйымының
анықтамасы бойынша жұмыссыз деп табыс әкелетін жұмысы жоқ, жұмыс істеугу
жайын және соңғы төрт ай ішінде жұмысты әр жолмен іздеген адам танылады.
Жұмыссыздықтың табиғи деңгейi дегенiмiз – оң өлшем, өйткенi уақытша
жұмыссыздарға да жұмысқа орналасу үшiн уақыт керек. Құрылымдық
жұмыссыздарға да оқу курстарынан өту үшiн уақыт керек. Егер жұмыс iздеп
жүрген адамдардың саны бос жұмыс орындар санынан көп болса, онда еңбек күшi
рыноктары сәйкес келмейдi деген сөз, мұндай жағдайда жиынтық сұраныс
тапшылығы мен циклдiк жұмыссыздық пайда болады. Басқа жағынан қарағанда
жиынтық сұранысы артық болған жағдайда жұмыс күшiнiң жетiспеушiлiгi
байқалады, яғни бос жұмыс орындарының саны жұмыс iздеп жүрген адамдар
санынан артық болады. Мұндай жағдайда жұмыссыздықтың нақты деңгейi
жұмыссыздықтың табиғи деңгейiнен төмен болады. Еңбек күшi рыноктарындағы
мұндай тапшылық инфляциямен қатар болады. 2, 563 б
Экономикадағы жаппай жұмыссыздықтың орын алуы әлеуметтiк-экономикалық
мәселелердiң макроэкономикалық сипаттағы ең ауыр жағдайы екенi белгiлi. Ол
қоғам өмiрi мен адамдар арасындағы өркениеттiк қатынастар формаларына нақты
қауiп тудырады. Мысалы, жаппай жұмыссыздық орын алған кезде қоғамда ұрлық,
адам өлтiру, тонау, адамдарға сенiмсiздiк жиi қайталанады. Бұл дегенiмiз
экономикалық құылыс болып табылатын жұмыссыздықтың өршуi қоғамдық,
адамзаттық қатынастарға керi әсерiн тигiзедi дегендi бiлдiредi.
Қандай да қоғам болмасын, жұмыссыздықтың әлеуметтiк және экономикалық
шығындарымен байланысты болады. Қоғамның экономикалық шығындары өндiрiлген
тауарлар мен қызметтердiң құнымен, мемлекеттiк бюджетке түсетiн салық
түсiмдерiнiң азаюымен, жұмыссыздық бойынша төленетiн жәрдемақының өсуiмен,
мемлекеттiк еңбек, жұмыспен қамту және әлеуметтiк қорғау органдарға
жұмсалатын қаражаттармен өлшенедi.
Жұмыссыздық өз кезегiнде макроэкономикалық әлеуметтiк-негативтiк
процестердi күшейтедi. Қоғамдағы әлеуметтiк қайшылықтарды шиеленiстiредi.
Сондықтан барлық елдер жұмыссыздық мәселесiн басты орынға қойып, онымен
күрес жүргiзедi. Бұл мәселе бiздiң елiмiз үшiн де өзектi болып табылады.
Өйткенi елiмiз экономикасында егемендiгiн алғаннан кейiн жаппай жұмыссыздық
орын алып, ол соңғы бiрнеше жылда ған шешiмiн тауа бастады. Ендi
жұмыссыздық мәселесiн ұлттық экономика деңгейiнде қарастырайық.

1.2 Жұмыссыздық және оның түрлері

Шетелдік мамандар жұмыссыздықтың себептерін талдай отырып, оның
әртүрлі нысандары тудыратын нақты факторларды қарайды. Жұмыссыздықтың
мынадай сан алуан нысандары болады: жасырын, фрикциондық, маусымдық,
құрылымдык, технологиялык және т.б. осыларға толық тоқталайық.
Жасырын жұмыссыздық - өндіріс пен мемлекеттік аппаратта артық жұмыскерлерді
қолданған жағдайда орын алады. Шын мәнінде, олардың жұмысын аз ғана жұмыс
күшімен орындауға болады.
Фрикциондық жұмыссыздық — еңбек нарығында бос жұмыс күші туралы ақпарат
жоқтығының нәтижесінде болады.
Маусымдық жұмыссыздық - ауыл шаруашылығының кейбір салаларында, әсіресе
қайта өңдеу өнеркәсібінде, жұмыс күші тек маусымдық кезеңде колданылғанда
болады.
Құрылымдық жұмыссыздық - өндіріс қаутының жетіспеуінің нәтижесінде, сондай-
ақ жынысының, жасының, ұлтының және басқа жеке қасиеттерінің
ерекшеліктеріне байланысты жұмыс таба алмаған жағдайда болуы мүмкін.
Технологиялық немесе өшпелі жұмыссыздық — адамды машиналармен ауыстыру
Нәтижесінде болады, ол жұмыскердің кәсібін өзгертуді немесе басқа
мамандықты игеруді қажет етеді.
АҚШ конгресінің экономикалық статистика комиссиясының жүргізген
зерттеулерінің мәліметі бойынша, казір шет елдерде жұмыссыздықтың 70-ке
жуық нысандары және олардың болуыыың ерекше себептері де бар екен. Батыс
елдерінің мамандары жұмыссыздықтың нысандарын екі үлкен негізгі топқа
бөледі:
1. жиынтық сұранымның жетіспеуіне байланысты болатын, соның ішінде ең
алдымен, циклдық жұмыссыздықты жатқызады;
2. жиынтық сұранымның өзгеруіне байланыссыз болатын
жұмыссыздықты жатқызады.
Біздің елдегі жұмыссыздыктың негізгі нысандары - жасырын және фрикциондык
болып табылады. Нарық қатынастарының қалыптасу барысында, жасырын
Жұмыссыздық ашық жұмыссыздыққа айнала басгады. 1992 жылы жасырын
жұмыссыздықтың ауқымы кеңи түсті. Осы аталған жылдың желтоқсан айының
өзінде-ақ 138 мыңға таяу адамы бар 160 кәсіпорындар жұмыссыз тоқтап
тұрды. Осындай кәсіпорындардың
2000-нан астам жұмыскерлері еңбектен босатылды, 25000 адам еріксіз
демалысқа жіберілді.
Жұмыссыздық зардабын бәсеңдететін факторлардың бірі - ғылими-
техникалык өрлеу, жаңа қосымша жұмыс күшін қажет ететін өндіріс түрлері мен
шаруашылык салаларын тудырады, ол материалдық өндіріс саласында еңбек етуге
қабілеті бар тұрғындарды жұмыспен қамтамасыз етуді көбейтеді. Жалпы, ғылыми-
техникалык революция жағдайында жұмыспен камтуды тұрақты түрде өсіру
негізінен, өндірістік емес салалардың дамуы арқылы жүзеге асырылады. Оның
ұлғаюы, тұрғындардың әр түрлі қызмет түрлеріне деген шығынының тез өсуімен
және халық шаруашылығының орташа көрсеткішіне қарағандағы жоғары еңбек
ауқымдылығымев сипатталады.
Қазақстан Республикасының 1991 жылдың шілде айында "Халықты жұмыспен
камтамасыз ету" туралы заң қабылданған болатын. Алайда, ол заң елімізде
болып жатқан сан қилы өзгерістерге байланысты жарамсыз болып қалды.
Сондықтан біз өркениетті елдердің тәжірибесіне сүйене отырып, осыдан үш жыл
бұрын жаңа заңньң жобасын "Еңбек" министрлігі арқылы Парламентке ұсынған.
Ол заң мәжілісте талкыланып, кабылданды. Ұсынған сол жобада мекемемізге
тіркелу мәселесі біршама оңайлатылған. Баяғыдай құжат жинауға уақыт
кетпейді, әрбір келушінің төлқұжаты мен жұмыстан не үшін босатылғандығы
туралы анықтама кағазы болса жетіп жатыр.
Жұмыссыздық проблемаларын шешуде еңбек биржалары айтарлықтай орын
алады. Нарық қатынастары дамыған елдерде еңбек биржасы алғашқыда
жұмыссыздарға жәрдем беру максатында адамгершілік институттары ретінде
пайда болды. Уакыт өте келе еңбек қатынастарының дамуына сәйкес, оның
мақсаты мен кызметіде өзгереді.Еңбек биржасы бұл еңбекті жалдау барысында
жұмыскерлер мен кәсіпкерлердің арасында делдалдық келісім жасалатын,
тұракты жұмыс жасайтын мекеме. 1991 жылдың бірінші шілдесінен бастап
Қазақстанда барлык жерлерде тұрғындарды еңбекпен қамту қызметі жұмыс істей
бастады.
Қазіргі таңда Қазақстанда жұмыспен қамту жағдайына шолу жасасақ, еңбек
ресурстары 1992 жылы 9,4 миллион адамға жетті, немесе халықтың жалпы
санынан ол 17 миллион адам, 55 % - ін құрады. Халық шаруашылығы
қызметінің барлық салаларында 7,4 миллион адам жұмыспен қамтылған
олардың 6 миллионға таяуы немесе 81%- ы экономиканың мемлекеттік секторында
жұмыс істейді. Бұл мемлекеттік кәсіпорындардың әлі де басым екендігін, яғни
нарық механизміне тән еңбекпен камту қатынастарының калыптасуының өте баяу
жүріп жатқандығын көрсетеді. Сонымен қатар, казіргі еңбекпен қамту
қатынастары әкімшілік экономика жағдайында калыптаскан жұмыспен қамтамасыз
ету қатынастарының терең дағдарысын көрсетіп отыр. Біздің коғам әкімшілдік
басқару жүйесі жағдайында халықты толық әсіресе тиімді еңбекпен қамту
мәселесін шеше алмады. Еңбекпен толық қамту дегеніміз, ол -халық
шаруашылығы көлемінде еңбекке деген қабілеті бар халыкты жұмыс орындарымен
қамтамасыз ету. Ал тиімді еңбекпен қамту дегеніміз-қоғамдық қажеттіліктерді
минималды еңбек шығындармен қанағатгандыру.
Өндірісі дамыған батыс елдерінің тәжірибесі, тиімді еңбекпен қамту,
тек еңбек нарығы өмір сүрген жағдайда ғана болатындығын көрсетті. 1991 жылы
еңбекпен қамту кызіметіне жұмыс іздеп жүрген 185 мың адам өтініш білдірді,
оның 75 мыңы еңбек биржасы арқылы жұмысқа орналасты. Сол жылы бірінші 4 мың
адам жұмыссыз деп тіркелді, оның 75 пайызы әйелдер болды. Ал 1992 жылы
ресми түрде 70,5 мың адам жұмыссыз деп тіркелді. Олардың 54 пайызы
жұмыссыздық бойынша жәрдем ақы алады. Жұмыссыздардың 80 пайызына дейінгісі
әйелдер ал олардың жартысына жуығы 29 жаска дейінгі жастар еді. Әрбір
жұмыссыздың бесіншісі жоғары білімді, әр екіншісі - орта кәсіпті маман, әр
үшіншісі-жалпыға бірдей орта білімді.Болжаммен, үстіміздегі жылдың аяғына
қарай Қазақстанда тіркелген жұмыссыздардың саны 250-500 мың адам болуы
мүмкін деп күтілуде. Сондықтан мемлекет дүниежүзінде жинақталған тәжірибеге
сүйене отырып, бұл процесті реттеуді үйрену қажет.
Қазақстан Республикасында халықты жұмыспен қамту туралы
Осы мәселе туралы Қазақстан Республикасы заңына сәйкес , жұмыстан
босап қалып, жұмыссыз деп тіркелген азаматтарға бұрынғы жұмыс орындағы
негізгі жалағысының 50 пайыздан кем емес мөлшердегі, бірак республикада
калыптасқан орташа жалақы мөлшерінен жоғары және өмір сүру минимумынан
төмен болмайтын жәрдем ақша беруге кепілдік береді.
Олармен бірге мемлекет жұмыс күшінің ұсынымын азайту үшін иммиграцияны
шектеу, шетел жұмысшыларының репартиясын ынталандыру, жұмыс аптасының
ұзақтығын қысқарту, жұмыс орнын бөлу және мерзімнен бұрын құрметті
демалысқа шығару сияқты жұмыспен камту саясатын жүргізеді. Мемлекет қосымша
жұмыс орындарын жасау үшін каржы бөлу бағдарламасын жүзеге асырады, сөйтіп
жұмыссыздықтан мейлінше жапа шеккен, бірінші кезекте жастар, жұмыссыз
болатындарға үнемі жәрдем көрсетеді. Еңбек нарығы- барынша күрделі және
жетілмеген нарық түрі болып табылады.

2 Қазақстан Республикасы жұмыссыздық мәселесін ЖҰӨ және басқа да
экономикалық категориялар арқылы талдау

2.1 ҚР-сы жұмыссыздық деңгейінің қазіргі таңдағы статистикалық
көрсеткіштері
Қазақстандағы еңбек рыногы жағдайына келетiн болсақ, әрине бұл
әлеуметтiк-экономикалық сала болғандықтан, елiмiздiң экономикалық
дағдарысты басынан кешiрген жылдары бұл еңбек рыногы да күрт нашарлап
кеттi. Оның келесiдей себептерiн атап өтуге болады:

1) Елдегi экономиканың дағдарысқа ұшырауы, өндiрiс орындарыныңқысқарып,
халықтың жұмыссыз қалуына әкелiп соқтырды;
2) Елiмiз егемендiгiн алғаннан кейiн Қазақстаннның еңбек рыногына жұмыс
күшi ұсынысының имиграциясы мен эмиграциясы ең күштi әсер бердi.
Яғни, елге келушiлерге қарағанда, елден кетушiлер саны көп болды.
Сондай-ақ елден кетiп жатқандардың көпшiлiгi бiлiктi, бiлiмдi және
бәсекелестiк қабiлетi жоғары, еңбекке қабiлеттi жастағы азаматтар
екенiн ескерсек, бiздiң қоғамымыздың еңбек потенциялына орны толмайтын
шығын әкелгенiн айтуымыз керек.
3) Ұлттық экономикамыздың құлдырауымен байланысты әлеуметтiк сала да
нашарлап, халқымыздың өсiмi кемуде, оған бiр жағынан өтпелi кезеңде
басты әсер етiп отыр;
4) Фирма мен кәсiпорындар өнiмiнiң бәсеке қабiлеттiлiгiнiң нашар болуына
байланысты, олардың сатуға шығарған өнiмдерiне сұраныстың аз болуы
жалақының төмендеуiне әкелдi. Осының салдары экономикалық активтi
халықтың санының азаюына әкелгенi белгiлi немесе көлеңкелi экономикада
қызмет етушiлер саны артты; 7
Алайда осындай келеңсiз жағдайлар орын алғанымен, елiмiз
экономикасының соңғы жылдары жоғарғы қарқынмен дамуы, стратегиялар мен
реформалардың оң нәтижесiн беруi, жекешелендiрудiң толық қанды жүруi, шағын
бизнес саласының дамуы, бiлiм саласына реформаның жасауы, өнеркәсiп
орындарының ашылуы, қаржы рыногында тұрақтылықтың болып, инфляция
деңгейiнiң төмендеуi және мемлекеттiк саясаттардың тиiмтi түрде жүзеге
асуынан еңбек рыногында келесiдей оң нәтижелер көрiне бастады:
1) Елiмiздегi жұмыс күшiнiң жылдамдылығы жоғары, Ресеймен салыстырғанда
еңбек рыногын қалыптастыру алда. Кадрлар дайындауда жеке меншiктi оқу
орындары кәдiмгiдей үлкен роль атқарады.
2) Соңғы бiрнеше жыл iшiнде экономиканың тұрақты дамуымен байланысты,
фирма мен кәсiпорындардың санының өсуi, ауыл шаруашылығында
реформалардың жүргiзiлуi, өндiрiс немесе қызмет көрсету салаларының
дамуына байланысты жұмыссыздық азайып, экономикалық активтi халықтың
саны өсуде;
3) Бәсекеге қабiлеттi экономика құру және рыноктық қатынастарды дамыту
адамдардың бiлiмiн жетiлдiруге, еңбек қабiлеттiлiгiн арттыруға
ынталандырады. Бұл дегенiмiз жалпы жалақының өсуiне әкеледi.
Елiмiздегi жалақының нақты өсiмi 2005 жылдың алғашқы алты айында 13,2%
құрап отыр, ал 2006 жылы жалақының өсуі 30%-дан асып кетті.
Елiмiздегi орташа айлық жалақының өсуiн келесi суреттен көре аламыз.
Егер осы жалықының өсуiмен жұмыссыздық деңгейiн салыстыратын болсақ, онда
елiмiзде жалақының өсуiмен байланысты жұмыссыздықтың төмендеп отырғанын
көремiз. 6



















Сурет-2 – Еліміздегі жалақының өсу деңгейі

4) Елде жалпы экономиканың тұрақты өсуi, несие және лизингтiк
қатынастардың дамуына байланысты жеке меншiк кәсiпорындар мен
фирмалардың еңбекке сұранысы өсiп, онда жалпы жұмыс iстейтiн адамдар
үлесi 70-80% болып отыр.
5) Жалпы елдегi жұмысыздық 1998 жылғы 13,5% жоғары деңгейiне жеткеннен
кейiн 1999 жылдан бастап төмендей бастады. Яғни, осы жылдары ұлттық
экономиканың басқа көрсеткiштерi де қарқынды дамыды. Оның бiр мысалы,
ЖIӨ-нiң көлемi 9,8%-ға өсуiмен сипатталады және инфляция деңгейi де
бiршама тұрақталды.
Ендi осы елiмiздегi еңбек рыногының қазiргi кездегi және оны өткен
жылдармен салыстырып, статистикалық көрсеткiштерiне назар аударсақ.
Еңбек рыногындағы басты статистикалық көрсеткiштерге келесi
көрсеткiштердi жатқызамыз: жұмысбастылық, экономикалық активтi немесе
активтi емес халық, жұмыссыздық, жалдамалы және жеке меншiк секторында
қызмет ететiн жұмысшылар.
Қазақстанда жұмыссыздықты есептеумен статистика бойынша агенттiк
щұғылданады. Елiмiзде статистикалық мәлiметтерде жұмыссыздықтың екi
көрсеткiшi есептелiнiп жүр: ол жұмыссыздықтың ресми және жалпы деңгейi.
Соңғы жылдар бойынша жұмыссыздық деңгейiн келесi кестеден көре аламыз.
Жұмыс күшi – жұмыссыздар мен жұмыс iстейтiндердiң ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Жұмыссыздық түсінігі және оның түрлері
Қазақстан Республикасындағы жұмыссыздық себептері мен формалары жайлы мәлімет
Жұмыссыздықтық экономикалық және әлеуметтік зардаптары
Қазақстан Республикасының жұмыссыздық себептері мен формалары
Нарыққа көшу кезеңіндегі Қазақстанның әлеуметтік жағдайы
Жұмыссыздықтың экономикалық маңыздылығы
Жұмыссыздық жағдайын зерттеудің теоритикалық әдітемелік негіздері
Қызметкердің орташа айлық жалақысы
Қазақстан Республикасындағы еңбек нарығы жайлы
Қазақстан Республикасындағы еңбекпен қамту және жұмыссыздықты бағалау модельдері
Пәндер