Жеңіл бетондар қасиеттері


Пән: Құрылыс
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 16 бет
Таңдаулыға:   

Жеңіл бетондар қасиеттері

Жеңіл бетонның орташа тығыздығы, жоғарыда келтірілгендей, толтырғыш тығыздығына байланысты. Неғұрлым толтырғыш жеңіл және шығыны көп, солғұрлым бетонның орташа тығыздығы төмен. Сондықтан жеңіл бетонның құрамын анықтарда оны жеңіл толтырғышпен мүмкіншілігінше көбірек толтыруға тырысады. Мұндай жағдайда толтырғыш түйіршіктерінің тығыздана орналасуының арқасында азғана цемент шығынында берік бетон құрылымын алуға мүмкіндік туады. Онымен қатар бетонның басты қасиеттерін (тығыздығын, жылуөткізгіштігін, беріктігін) тиімді үйлестіру мүмкіндігі пайда болады.

Бетонды кеуекті толтырғышпен мүмкіншілігінше толтыруды ірі және майда толтырғыштар араласын рационалды түйіршіктер құрамынан алу жолымен және де компоненттерді еріксіз араластыру, бетондық араласпаны үдемелі нығыздау (жүк түсіре дірілдету, дірілдепрокат, дірілдебастырма және т. б. ) және т. б. технологиялық әдістерін қолдану арқылы қамтамасыз етеді.

Жеңіл бетон беріктігі, кәдімгі ауыр бетон беріктігі сияқты, қолданылған материалдар саласына және цемент тасының кеуектілігіне байланысты. Жеңіл бетон құрамын анықтау үшін бетон беріктігі су шығынымен байланыстыратын эксперименталдық тәуелділікті пайдаланған ыңғайлы. Бұл жерде суцемент қатынасын пайдалану қолайсыз, себебі кеуекті толтырғыштың берілген шығынында жеңіл бетон қоспасының суқажеттігі тұрақты болып қалады, ол цемент шығынына ол аз байланысты. Мұны кеуекті толтырғыштың суқажеттілігі цементтікінен әжептеуір жоғарылығымен түсіндіруге болады.

Минималдың шығу коэффициенті - кеуекті толтырғыштармен жеңіл бетон араласпасын даярларда оны ерітуге қажетті оптималдық су шығын белгісін білдіретің маңызды көрсеткіш.

Жеңіл бетондық қоспа оны араластыруға кететің су шығыны жетімсіз болғанда да және артық болғанда да ыңғайлы төселімділігінің нашар болатындығымен сипатталынады. Су шығыны оптималдығынан кем болғанда байланыстырушы илемесінің жұмсақтығы қоспа құрамаларын өзара жақындатып біріктіруге және тұтас структура құруға жетімсіздеу болып қалады. Ал, оптималдығынан артық су бетондық қоспаның бөлектелуіне әкеліп тірейді, демек бетондалынатын конструкцияның әр бір бөлігінде бетон қасиеті әртүрлі болып шығады.

Жеңіл бетон сапасын маңызды екі көрсеткішпен багалайды: беріктігі бойынша класпен және орташа тығыздығы бойынша маркамен. Қысқандағы беріктігі бойынша тығыз структуралы конструкциялық жеңіл бетон кластары В2, 5-В40 білікті созудағы беріктігі бойынша кластары - В0. 8-В3. 2. Орташа тығыздығы бойынша жеңіл бетон маркасы осы көрсеткіштің максимальдық мағынасын көрсетеді (кг/м 3 ) . Орташа тығыздығы бойынша конструкциялық жеңіл бетон үшін бекітілген маркалар: Д 800; Д 900; Д 1000; Д 1100; Д 1200. 100 кг/м 3 қадамымен Д 2000 дейін. Ерекшелігі тығыздығы бойынша белгілі маркалардары конструкциялық жеңіл бетон үшін қысқандары беріктігі бойынша кластары шектелінген диапазонда нормалынады. Айталық, Д1000 және Д 1100 маркаларында кластары В2, 5-В125 шек аралығында болады.

Жеңіл бетонның орташа тығыздығы нормалау сондай-ақ оның кеуектігін нормалау талапқа сай белгілі жылуөткізгіштігімен бетон алу қажеттігімен байланысты, олай болатыны мұндай бетон көпшілігінде сыртқы қоршалаушы конструкциялар жасау үшін қолданылады.

Жеңіл бетон тиімділігі конструкциялық сапалық коэффициентімен (КСК) - (Kg/P o6 ) толықтау анықталады. Түрлі кеуекті толтырғыштар негізінде алынған жеңілбетондар үшін бұл көрсеткіш 0, 025-тен 0, 26-га дейін ауыткиды. Беріктігі жоғарылаған сайын және конструкциялық бетонға өтуі КСК шамасындағы айырмашылығын азайтады.

Жеңіл бетондардың деформативтік қасиеттерінің ерекшелігі олардың серпінділік модулінің төмендігімен байланысты. Бірдей кернеудегі жеңіл бетондардан жасалынған конструкциялардағы деформация ауыр бетондардан жасалынған сондай конструкциялардағы деформациядан 1, 5-2 есе асып кетуі мүмкін. Жеңіл бетондардың деформативтік қасиеттерінің жоғарылығы олардан жасалынған конструкциялардың жарыққа берілмейтің қасиетіңе арқау болады. Жеңіл бетонда кеуекті толтырғыштардың деформалануының үлкендігінен цемент тасына шөгуін шамалы ғана азайтады, сондықтан жеңіл бетондардың толық шөгуі ауыр бетондардікінен 15-20%-ке үлкен болып 1, 5 мм/м жетеді. Ауыр құмдарды қолдану шөгу шамасын 40% төмендетуге мүмкіндік тудырады.

Жылуөткізгіштігінің төмендігі - жеңіл бетонның ауыр бетоннан артықшылығы. Осы қасиетіңің арқасында жеңіл бетоннан жасалынған сыртқы қоршалаушы конструкцияларында жылуқоршағыш қосымша қабат орнатылмайды (2. 2 кесте) . В 12, 5 - В40 кластардағы конструкциялық жеңіл бетондарды кәдімгі немесе тезқатаюшы портландцементтер, М 400 - М 600 шлакты портландцементтер негізінде жасайды. Ветонның ерітіңділік бөлігінің беріктігін арттыру үшін майда толтырғыш ретіңде кварцтық құмды пайдаланады. Бұл құмды қолданғандағы конструкциялық жеңіл бетонның орташа тығыздығы 1700-2000 кг/м 3 .

Ауыр бетонмен бірдей беріктікте жеңіл бетонның конструкциялық сапалық коэффициенті 20-40%-ке жоғары болып шығады. Сондықтан жеңіл бетондарды көпірлердің аралық құрылыс конструкцияларына және арқалық фермаларына қолдану анағұрлым пайдалы.

2. 2 кесте

Жеңіл бетондардың жылуөткізгіштік коэффициенті, Вт/(м 0 С)

Бетон түрі: Бетон түрі
Бетонның орташа тығыздығы, кг/м3: Бетонның орташа тығыздығы, кг/м 3
Бетон түрі:
Бетонның орташа тығыздығы, кг/м3: 600
800
1000
1200
1400
1600
1800
Бетон түрі: 1
Бетонның орташа тығыздығы, кг/м3: 2
3
4
5
6
7
8
Бетон түрі: Керамзитбетон
Бетонның орташа тығыздығы, кг/м3: 0, 2
0, 25
0, 3
0, 4
0, 5
0, 6
0, 7
Бетон түрі: Перлитбетон
Бетонның орташа тығыздығы, кг/м3: 0, 15
0, 22
0, 28
0, 35
0, 4
0, 45
0, 55
Бетон түрі: Плак пемзасы қолданылған бетон
Бетонның орташа тығыздығы, кг/м3: -
-
-
0, 35
0, 4
0, 5
0, 6
Бетон түрі: Отындық шлак қолданылған бетон, аглопоритбетон және табиғи кеуекті толтырғыш-тары қолданылған бетондар
Бетонның орташа тығыздығы, кг/м3: -
0, 23
0, 30
0, 45
0, 55
0, 65
0, 75
Бетон түрі: Ірікеуекті (құмсыз) бетон
Бетонның орташа тығыздығы, кг/м3: 0, 25
0, 3
0, 35
0, 45
0, 5
0, 65
0, 85

Жеңіл бетондардың түрлері

Кеуектендірілген бетонның кәдімгі тығыз жеңіл бетоннан айырмашылығы оның цементтік тасы кеуектендірілген болып келеді. Жеңіл толтырғыштарды қолдана жасалынған жеңіл бетонды кеуектендіру олардың тығыздығын төмендетіп жылутехникалық қасиетің жақсартуға ықтималын тигізеді. Кеуектендіру әсіресе жеңіл құм болмай қалғанда немесе қолдағы бар толтырғыштар қасиеті берілген тығыздықтағы жеңіл бетон алуды қамтамасыз ететің жағдайда аса қолайлы тәсіл.

Құрылыста беріктігі 3, 5-10 МПа кеуектендірілген керамзитбетон жиі қолданады. Беріктігі 3, 5 МПа көпқабатты қоршалаушы конструкцияларында жылуқорғалаушы қабат орнату үшін пайдаланады, одан беріктігі жоғары бетонды - бірқабатты бұйымдар үшін колданады. Кеуектендірілген керамзитбетон тығыздығы 700-1200 кг/м 3 . Одан қабырғалық панельдерді және ірі блоктарды, біріктірілген жамылтқы плиталарын және басқа да ғимараттардың элементтерін жасап шығарады. Құрылыс бұйымдарының пайдалану жағдайына байланысты олардың аязға тұрақтылығы нормаланады: әрдайым суланып тұрмайтын қабырғалық панельдермен блоктар үшін - F25, іргелік панельдер мен блоктар үшін - F35. Ал бұйымдарды ылғалдылығы 70% асатын ауалық ортада пайдаланағда олардың ішкі жағынан қорғаныш буоңашалайтын қабатпен сынайды және арматураны коррозиядан қорғайтын шаралар қолданылады. Бетон қоспасын кеуектендіруді бастапқы компонеттерін араластырғышта араластыру процессінде жүргізеді. Ол үтігін көбіктенетің газденетің қоспаларды, ауаіліктіретің қоспаларды (сабындалынған ағаштық (ЦНИИПС-1), нейтралданылған ауаіліктіруші карамай, сабындалынған конифоль және т. б. ) пайдаланады. Мұндай қоспаларды суда белгілі концентрацияда ерітіп, ерітіңді түрінде арнаулы өлшеуіштерден өткізеді.

Жеңіл бетондарды кеуектендіргенде іліктірілген ауаның максимальдық көлемі 12%-ке дейін жетеді. Іліктірілген ауа көлемі қоспа түріне және мөлшеріне, толтырғыштар қасиетіңе қоспаны даярлау тәртібіне байланысты. Кеуекті ірі толтырғыштар бетонда белгілі бір шекке дейін көбейген сайын, түйіршіктері майда және жеңіл болтан сайын іліктірілетің ауа көлемі едәуір көбейе түседі Жеңіл бетондыққоспаны жаксы кеуектендіру үшін үдемесі араластыру тәсілін қолданады, сонда қоспадағы ауалық көбіктердің өлшемдері кішірейіп, майда кеуектер пайда болады және қоспа тұрақтылығы жоғарылайды.

Кеуектендірілген бетондардың орташа тығыздығы және жылуөткізгіштігі айтарлықтай төмендейді. Орташа тығыздығы бойынша бетон маркасы Д 800-Д 1400, қысқандағы беріктілігі бойынша кластары В2, 5-В7, 5.

Структурасы кеуектендірілген жеңіл бетондарды (мысалы, керамзиткөбіктібетон, керамзитгаздыбетон, ) сырттың қоршалау конструкцияларында пайдаланудың тиімділігі зор.

Беріктігі жоғарылау керамитбетон (20 МПа және одан жоғары) азаматтық және өнеркәсіптік ғимараттарының жамылтқы және жабыңқы конструкцияларын, сондай-ақ үшқабаттық қабырғалық панельдерін, арқалықтарын және т. б. конструкцияларын жасауға қолданады.

Мұндай керамзитбетонды даярларда беріктігі жоғарылау керамзитті қолданады. Өдетте 5-10 немесе 2, 5-10 мм фракциялы керамзит қолданады. Беріктігі жоғарылау керамзиттің 5-20 мм фракциясын пайдаланады. Ондағы түйіршікаралық қуыстың көлемін минимумға жеткізу үшін құрамындағы фракция 10-20 мм мөлшері 70%, фракция 5-10 мм мөлшері 30% болуы қажет. Беріктігі бойынша керамзит маркасын керамзитбетон беріктігіне байланысты таңдап алады. Беріктігі 20 МПа керамзитбетон алу үшін, мысалы, беріктігі бойынша керамзит маркасы М 100-М 250 аралығында болуы тиіс, ал беріктігі 40 МПа - керамзит маркасы М 250-М 350.

Беріктігі жоғарылау керамзитбетонды беріктігі жоғары цементті қолдана және С/Ц төменгі мағынасында даярлайды. Су шығынының мүмкіншілігінше азайту мақсатында кәдімгі жұмсартқыштарды және супержұмсартқыштарды қолданады.

Беріктігі 20-50 МПа жеңіл бетондарды тек керамзиттік ұсақ тас негізінде ғана емес, белгілі басқа табиғи және жасанды жеңіл толтырғыштар негізінде де алуга болады.

Ірікеуекті бетон цементтен, судан және ірі толтырғыштан даярланылған бетондық қоспаның қатаюы нәтижесінде алынады. Бетон құрамында құм жоқтығының және цемент шығыны шектілігінің (бар болғаны 70-150 кг/м 3 ) арқасында ірі кеуекті бетонның орташа тығыздығы 1700-1900 кг/м 3 .

Ірі толтырғышта түйіршіктер аралығындағы бос кеңістік байланыстырушы затын толық толтырмағандықтан пайда болған үлкен қуыстар Ірікеуекті бетон құрылымында жетерліктей көп. Ірікеуекті бетонный жылуөткізгіштігі 0, 64-0, 95 Вт/ (м °С) . Қысқандары беріктігі бойынша бетон класы В 7, 5 аспайды; созғандағы беріктігі нормаланбайды.

Ірікеуекті бетонды тек қысымдық күшті қабылдайтын конструкцияларға қолданады. Одан тұтас және жиналмалы (блокты) үй қабырғасын тұрғызады. Ірікеуекті бетоннан тұрғызған қабырғалары арқылы жел-үрленуш болдыртпау үшін оларды міндетті түрде екі жаіынан сылақпен сылайды.

Егер Ірікеуекті бетон алу үшін кеуекті толтырғыштар (керамзиттік қиыршық отын шлактары және т. б. ) қолданған болса, онда орташа тығыздығы 500-700 кг/м 3 жылуоңашалағыш материал алынады. Оны плита түрінде қабырғаларды және жамылтқыларды қаптап жылуағымына тосқауыл жасайды.

Ұялы қуысты бетондар - жеңіл бетондардың бір түрі. Оның құрылымы да ауамен немесе басқа газбен толтырылған араның ұясы тәрізді сансыз көп қуыстары көзге көрініп тұрады. Ұялы қуыстар әдетте диаметрі 0, 5-3 мм шар формасында, бетон денесінде біркелкі орналасқан.

Ұялы бетон қолданылган кеуекқұрушы түріне, қолданылған цементке, қоспаларға, катаю жағдайына арналуына байланысты жіктелінеді

Кеуекқұру тәсілі бойынша кеуектібетон газдыбетон және көбіктібетон болып екі топқа бөлінеді. Газдыбетон бетондық қоспаны газқұраушы қосымша мен байланыстырушы арасында жүретін реакциядан бөлініп шығатын газбен көптіріліп алынады. Көбіктібетон бетондық қоспаны тұрақты техникалық көбікпен араластырылып алынады. Газдыбетонды құрылыста кеңінен қолданады. Себебі одан іріөлшемді бұйымдар жасау қолайлы (бөлшектеліну белгісі тіпті болмайды, автоклавка дейінгі ұстау уақыты қысқа, құрамы біркелкі, беріктігі жоғары және т. б. ) .

Байланыстырушы түрі бойынша портландцемент немесе аралас цементтер негізіндегі газды және көбіктібетондар, ізбестікремнеземдылық байланыстырушы негізіндегі газды- және көбіктібетондар, шлактық байланыстырушыдағы газды және көбіктішлактыбетондар, гипстік байланыстырушы негізінде газды- және көбіктігипстібетондар болып бөлінеді. Тағы кремнеземдық қоспаларды қолдана алынатын газды-, көбіктікүлбетондарды, газды-, көбіктікүлсиликаттары деп аталатын ұялы бетондар түрі кездеседі

Қатаю жағдайы бойынша автоклавтық және автоклавсыздық ұялы бетондар деп бөлінеді.

Автоклавтық бетон автоклавта қаныққан су буы ортасында катаяды, ал автоклавсыздар - табиги жағдайларда, буагыш камераларда атмосфералық қысымда, термоактивтік формаларда, электрқыздырғышы бар арнаулы формаларда және т. с. с. жағдайларда қатаяды. Мұндай жағдайда қатаятын бетондар құрылыста онша көп қолданылмайды. Автоклавта 0, 8-1, 2 МПа бу қысымдығымен өңделген бетон беріктігі жетерліктей жоғары болып шығады. Оның себебі будың жоғары температурасы және ылғалды орта байланыстырушы қатаюын елеулі жылдамдатады, цемент минералдарының бетонның кремнеземдық компонентерімен әрекеттесуін үдемелетіп көптеген жаңа гидросиликаттық құрамалар тууына тиімді әсерін тигізелді.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Бетондық араласпаның қасиеттері
Бетон араласпасының технологиялық қасиеттері
Бетондар және олардың құрамы, ерекшеліктері, қасиеттері, құрылыста қолданылуы
Жеңіл бетондар
Жобалау сатылары және жобалау нормалары
Газды бетон бұйымдарының түрлері
Органикалық байланыстырғыш заттарға жалпы сипаттама
Өнеркәсіптік ғимараттың темірбетондық және бетондық конструкциялық элементтері жайлы
Полимербетондар ерекшелігі, техологиясы
Ғылыми-зерттеу жұмысы туралы есеп «Жылуфизикалық қасиеттері жақсартылған қоршау құрастырмаларына арналған ұсақ тартылған байланыстырғыш цементтікүлден монолит бетон әзірлеу» (ii кезең) (аралық)
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz