Әдебиеттің әліп биі-асылы Ахмет
І. Кіріспе
ІІ.І тарау. Әдебиеттің әліп биі.асылы Ахмет
1.1. Ахмет Байтұрсыновтың алфавит жүйесіндегі маңызы
1.2. Қазақ халқының алфавиті
ІІІ. ІІ тарау. Ахмет Байтұрсынұлының қазақ халқына арналған алфавиті
2.1. Алфавиттің ғылыми ерекшеліктерін сипаттау
ІV. Қорытынды.
V. Пайдаланған әдебиеттер

ХІХ ғасырдың жарқын жұлдыздары – Шоқан, Ыбырай, Абай салған ағартушылық – демократтық бағытты ілгері жалғастырушы, жаңа буынның төл басы, дарынды ақын, ірі ғалым, әрі журналист Ахмет Байтұрсынов 1873 жылы 28 қаңтарда бұрынғы Торғай облысы, Жангелдин ауданы, Сарытүбек деген жерде дүниеге келген. Әкесі Байтұрсын Шошақұлы еліне беделді , намысқор, қайрат иесі болған. Өз тұсындағы әділетсіз ел билеушілердің зорлығына қарсы тұрған. Ел-жұртына қиянат жасаған Торғай уезі Яковлевті соққыға жыққан. Ақыры, іс насырға шауып, Байтұрсын інісі Ақтаспен Сібірге 15-жылға жер аударылады. Бұл оқиға 13 жасар, Ахметтің жүрегіне үлкен жара салған.
Ауыл молдасынан хат таныған Ахмет 1886-1891 жылдары Торғай қаласындағы екі сыныптық мектепте, 1891-1895 жылдары Орынбордағы мұғалімдер даярлайтын мектепте оқиды. Одан әрі оқуды жалғастыруға мүмкіндігі болмайды, өздігінен оқып, білімін жетілдіреді. 1895-1909 жылдар арасында Ахмет Ақтөбе, Қостанай, Қарқаралы уездеріндегі ауылдық, болыстық және екі сыныптық училищеде бала оқытады.
Осы кезде қазақ жеріне орыс шаруаларының көптеген көшіп келуі жергілікті халықтың тілін, мәдениетін елдігін сақтап қалу мәселесін күн тәртібіне қояды. Тіл құрыса, халық та құриды. Ұлт атымыз өшпесін десек, қазақ әдебиеті мен тілін өркендетуді қолға алу керек деп ойлайды Ахмет.Осы ойын іске асыруға кіріседі. Осы жолдағы ізденістерін ол 1896 жылы А. Алекторовқа жолығудан бастайды. Алекторов бұл кезде Омбыда отырып, Ақмола, Семей болыстарының оқу жүйесін басқарып тұратын болатын. Онымен Ахмет қазақ даласында бала оқыту жайы туралы кеңеседі. Ахмет орыс оқымыстыларының миссионерлік мақсатын , олардың қазақтарды орысша оқыту арқылы орыстандыру саясатын көздейтінін түсінеді. Осыдан секем алады.Қазақты өнер-білімге жетектеу өзгелердің емес, өзі тектес оқығандардың парызы деп түйеді. Алекторовтан алған екінші әсері- Ахметтің білім мен өнер жолындағы ой пікірінің кеңейе түсуі еді. Қазақ тарихы мен фольклорынан аса бағалы материал жинап, зерттеген Алекторов Ахметтің көп көмескі түсініктерің айқындап алуына, алдына жаңа мақсаттар қоюына елеулі әсерін тигізеді.
Ағартушылық жолға түсіп, «қайтсем,халқыма пайдамды тигізем, қалай көзім ашам, ұйқысынан қалай оятам» деген мақсат Ахметті әдебиетке алып келеді. Ол әдебиетті халыққа ықпал етер күш санайды. Осы мақсатпен өлеңдер шығарады, И.А. Крылов мысалдарын аударып, сол үлгіде өзі де мысалдар жазады. Оның 1909 жылы Петербургте «Қырық мысал» деген кітабы, 1911 жылы Орынборда «Маса» деген өлендер жинағы басылады. Ахметтің Орынборға келгеннен кейінгі қызметі өте күрделі, әрі өнімді болған. Оның қоғамдық ой-пікірлері 1913 жылы 2-ші ақпанда шыға бастады, өзі ұйымдастырған «Қазақ» газетінде жариялана бастайды. Ол «Қазақ» газетінде патша үкіметі орындарынын құлағына жақпайтын мақалалар да жариялап отырған. Ол үшін талай рет ақшалай айып салынып, Ахмет түрмеге жабылған.

1. Қазақ әдебиеті газеті 1990 жыл
2.Қазақ әдебиеті 11-сынып 2003 жыл
3.Ахаң туралы ақиқат «Қазақстан» «Шапағат» 1992 жыл

Мазмұны
І. Кіріспе
ІІ.І тарау. Әдебиеттің әліп биі-асылы Ахмет
1. Ахмет Байтұрсыновтың алфавит жүйесіндегі маңызы
2. Қазақ халқының алфавиті
ІІІ. ІІ тарау. Ахмет Байтұрсынұлының қазақ халқына арналған алфавиті
2.1. Алфавиттің ғылыми ерекшеліктерін сипаттау
ІV. Қорытынды.
V. Пайдаланған әдебиеттер
Кіріспе
ХІХ ғасырдың жарқын жұлдыздары – Шоқан, Ыбырай, Абай салған
ағартушылық – демократтық бағытты ілгері жалғастырушы, жаңа буынның төл
басы, дарынды ақын, ірі ғалым, әрі журналист Ахмет Байтұрсынов 1873 жылы
28 қаңтарда бұрынғы Торғай облысы, Жангелдин ауданы, Сарытүбек деген жерде
дүниеге келген. Әкесі Байтұрсын Шошақұлы еліне беделді , намысқор, қайрат
иесі болған. Өз тұсындағы әділетсіз ел билеушілердің зорлығына қарсы
тұрған. Ел-жұртына қиянат жасаған Торғай уезі Яковлевті соққыға жыққан.
Ақыры, іс насырға шауып, Байтұрсын інісі Ақтаспен Сібірге 15-жылға жер
аударылады. Бұл оқиға 13 жасар, Ахметтің жүрегіне үлкен жара салған.
Ауыл молдасынан хат таныған Ахмет 1886-1891 жылдары Торғай
қаласындағы екі сыныптық мектепте, 1891-1895 жылдары Орынбордағы
мұғалімдер даярлайтын мектепте оқиды. Одан әрі оқуды жалғастыруға
мүмкіндігі болмайды, өздігінен оқып, білімін жетілдіреді. 1895-1909 жылдар
арасында Ахмет Ақтөбе, Қостанай, Қарқаралы уездеріндегі ауылдық, болыстық
және екі сыныптық училищеде бала оқытады.
Осы кезде қазақ жеріне орыс шаруаларының көптеген көшіп
келуі жергілікті халықтың тілін, мәдениетін елдігін сақтап қалу мәселесін
күн тәртібіне қояды. Тіл құрыса, халық та құриды. Ұлт атымыз өшпесін десек,
қазақ әдебиеті мен тілін өркендетуді қолға алу керек деп ойлайды Ахмет.Осы
ойын іске асыруға кіріседі. Осы жолдағы ізденістерін ол 1896 жылы А.
Алекторовқа жолығудан бастайды. Алекторов бұл кезде Омбыда отырып, Ақмола,
Семей болыстарының оқу жүйесін басқарып тұратын болатын. Онымен Ахмет
қазақ даласында бала оқыту жайы туралы кеңеседі. Ахмет орыс
оқымыстыларының миссионерлік мақсатын , олардың қазақтарды орысша оқыту
арқылы орыстандыру саясатын көздейтінін түсінеді. Осыдан секем
алады.Қазақты өнер-білімге жетектеу өзгелердің емес, өзі тектес
оқығандардың парызы деп түйеді. Алекторовтан алған екінші әсері- Ахметтің
білім мен өнер жолындағы ой пікірінің кеңейе түсуі еді. Қазақ тарихы мен
фольклорынан аса бағалы материал жинап, зерттеген Алекторов Ахметтің көп
көмескі түсініктерің айқындап алуына, алдына жаңа мақсаттар қоюына елеулі
әсерін тигізеді.
Ағартушылық жолға түсіп, қайтсем,халқыма пайдамды тигізем,
қалай көзім ашам, ұйқысынан қалай оятам деген мақсат Ахметті әдебиетке
алып келеді. Ол әдебиетті халыққа ықпал етер күш санайды. Осы мақсатпен
өлеңдер шығарады, И.А. Крылов мысалдарын аударып, сол үлгіде өзі де
мысалдар жазады. Оның 1909 жылы Петербургте Қырық мысал деген кітабы,
1911 жылы Орынборда Маса деген өлендер жинағы басылады. Ахметтің
Орынборға келгеннен кейінгі қызметі өте күрделі, әрі өнімді болған. Оның
қоғамдық ой-пікірлері 1913 жылы 2-ші ақпанда шыға бастады, өзі
ұйымдастырған Қазақ газетінде жариялана бастайды. Ол Қазақ газетінде
патша үкіметі орындарынын құлағына жақпайтын мақалалар да жариялап отырған.
Ол үшін талай рет ақшалай айып салынып, Ахмет түрмеге жабылған.
1925-1931 жылдар ішінде Қазақстанды басқарған Ф.И. Голошекин
Қазақстан кеңестік өзгерістерден тыс қалған деп санап, онда Кіші Октябрь
төнкерісін жүргізу саясаты ұстанды. Елдегі байлық пен малды тәркілеу
жұмысын жүргізді. Халықты ашаршылыққа ұшыратты. Қазақ зиялыларының
көпшілігі оны қолдаған жоқ. Голошекин өзіне қарсылық білдіргендерді
ұлтшыл деп жариялап, олардың көзін жоды қолға алды. А. Байтұрсынов қара
тізімге ілінген отыз адамның басы болып, 1929 жылы 2 маусымда тұтқынға
алынды, жер аударылды. Азапты қуғын-сүргінен 1934 жылы қазанда ғана оралған
ол 1937 жылы 8 қазан күні қайта ұсталып, 8 желтоқсанда атылды.
Менің мақсатым алдағы уақытта Ахмет Байтұрсынов туралы оқып,
танысып, Ахмет Байтұрсыновты мысалшы деп тану, және оны басқаларға үлгі
етіп, оның шығармаларын мұраға қалдыру.

Бұл – алмағайып аласапыран жылдарда алты алаштың айбарына айналған
жас ұрпақты қасиетті тіл арқылы ақ жолға бастаған ардақты Азаматтың есімі.
Бұл – тарихи тамырын сон-а-ау сақ дәуірінен бермен қарай тартып жатқан Ұлы
Даланы еркін жайлаған, танымы терең, бітімі бөлек, рухы биік, жүрегі жомарт
жұрттың өрелі өрісін бірінге жалғаған ойшылдың есімі.
Ахмет Байтұрсынов басқаруымен шығып тұрған Қазақ газеті қазақ
халқының рухани, мәдени, тарихында үлкен орны бар басылым болды. 1923 жылы
Мұхтар Әуезов ... .. Қазақтың еңкейген кәрі, еңбектеген жасына түгелімен
ой түсіріп, өлім ұйқысынан оятып, жансыз денесіне қан жүгіртіп,күзгі таңның
салқын желіндей шиырықтырған,етек-жеңін жиғызған Қазақгазеті болатын.Ол
газетінің жаны кім еді? Ішіндегі қажымайтын қайрат,кемімейтін екпін кімнің
екпіні еді? Ол екпін ұйықтаған қазақты айқайлап оятуға заман ерік бермеген
соң Маса болып талай ызыңдап оятамын деп ұзақ бейнетті міндет қылып
алған, Ахаңның екпіні болатын - деп жазғанда. Қазақ газеті 1917 жылдың
шілде айынан Алаш ұйымының ресми органына айналды да, көп ұзамай Торғай
облыстың Советтері съезінің (шешімін қабылдады) шешімімен жабылды.. Ревком
жұмыстарының барысы, экономикалық және ағарту ішіндегі қиыншылықтар туралы
мән-жайды хабарлау үшін С.С.Пестовский мен А.Байтұрсынов В.И.Лениннің
қабылдауында болған.Олардың хабарларын зейін қоя тыңдағаннан кейін ұлы
көсем оларға қазақ оймағын басқаруға қатысты қаулылар дайындау қажеттілігі
және оны қазақ тіліне аудару туралы мән – жайды хабарлау үшін
С.С.Пестовский мен А.Байтұрсынов В.И.Лениннің қабылдауында болған. Олардың
хабарларын зейін қоя таңдағаннан кейін ұлы көсем оларға қазақ оймағын
басқаруға қатысты қаулылар дайындау қажеттігі және оны қазақ тіліне аудару
туралы ақыл-кеңес береді.
Ахмет Байтұрсыновтың өмірі мен қызметінің белгілі бір кезеңіне маңыз беріп,
оны өсіріп тұрған бір уақиға оның 1920 жылдың 7 сәуірінде РКП(б)-ның
Орынбор комитетіне партия мүшелігіне алуды өтініп берген арыды.
4 апрель, 1920 жыл
Бұл жеке адамның өтініші қатарына қалмай, совет шындығы ықпал еткен
сол тәрізді адамдарының саяси санасы қалай биіктегенін аңғартатын документ
ретінде сол кездегі Қырғыз автономдық әскери-рефолюциялық комитетінің
органы болып саналатын Известияның 1920 жылғы 16-шы соңында жарияланды.
Осы санда Ахмет Байтұрсынов деген мақала ба-сылды. Онда сол кез үшін
Ахмет Байтұрсыновтың партияға кіруге берген арызының маңызы атап
көрсетілді.
Алайда, ол Коммунистік партияның биік мақсаттары мен міндеттерін терең
түсініп, қызу қызмет ету биігіне көтеріле алмады. Өйткені, 20 – жылдардағы
қоғамдық, экономикалық, саяси-рухани, мәдени өмірдегі өзекті өзгеістерді
түсініп, ерекше екпін, қиын қопарылыс бой көтере бастаған, бірақ әлі
орнығып, қалыптасып үлгірмеген жаңалықтардың мән – мазмұнын, сырқырларын
бірден танып, оған ілегу оңай да емес.
Ахмет Байтұрсыновпен заманы, қызметі қатарлас болған революцияшыл
ақын С. Сейфуллин оның туғанына 50 жыл, толуына байланыста Еңбекші қазақ
газетінде мақала жариялап, онда: ...Өзі үшін ұлтшыл болған қулардан
бөлініп, Ахмет сол қамы үшін коммунист партиясына кірді. Әрине, Ахмет
Коммунист партиясында да көп бала алмады. Көп бала алмайтыны белгілі еді.
Ахаң байлардың құлдығында шіріген жарлылардың айғайшысы емес, олардың
шоқпаршысы емес, бірақ бойын, кедейін айырмай қазақты ғана сүйетін адал
жүрек, ұлтжанды еді. Қалай болса да жазушысы аз, әдебиеті нашар қазақ
жырларына оқу һәм тіл құралдарымен қалған қызметі таңдай, - деп жазды.
Ол юбилярдің көзқарасындағы кейбір үстірттіктерді осалдықтарды, қоғамдық
күрделі топтық мүдделерді танып, айырудың әлсіздіктерін де ашып айтты.
Қазақ АССР-і құрылғаннан кейін Ахмет Байтұрсынов 2 жыл бойы республиканың
Халық ағарту комиссары, Бүкілресейлік Орталық Атқару Комитетінің, Қазақ
орталық Атқару Комитетінің мүшесі болып жұмыс істеді, одан соң Түркістан
Компаниясы Орталық Комитетінің газеті Ақ жолда , Халық ағарту
комиссариаты жанындағы Қазақстан академиялық орталығында еңбек етті.
Ахмет Байтұрсыновтың ғылыми – творчестволық мұрасын негізінен үш
үлкен салаға бөліп қарауға болады. Олар: автордың ағартушы, ғылыми,
тілтану, әдебиетанудің алғашқы іргесін қалаушы ретіндегі еңбегі, ақындық
және аудармашылық творчествасы.
Білім совет тюркологы академик А.Н.Кононовтың Ахмет Байтұрсыновты
көрнектітюркологтардың қатарында еске алып, оның қазақ алфавиттік жүйелеу,
оқу құралдарын жасау фонетика мен грамматика саласындағы қазақ мәдениеті
мен әдебиеті туралы зерттеулерінің маңызы туралы жазуы да тектен-тек емес.
Кейінгі қоғамдық және басшылық қызметтер атқарған кездерінде де
Ахмет ғылым саласындағы жұмыстарын тоқтатпаған, ал 1923 жылы Москвада
қазақтың эпостық жыры Ер сайынды алға сөзбен, ғылыми түсініктемелермен
бастырып шығарған.
Ахмет өз ұлтының бостандығы мен тәуелсіздігі жолындағы күресте
бұқараның жүрегіне қозғау салып, ұйқысынан оятар қаруы - өлең сөз деп
түсінді. Қазақ халқының тағдыры, бүгінгісі мен ертеңгісі Ахмет поэзиясының
өзегі болады. Ол өзінің ағартушылық, демократтық, гуманистік идеяларын
халқына поэзия тілімен жеткізуді қалады. Ақын арманы – адамның диханшысы
болып халқына қызмет ету.
Адамның диханшысы қырға шықтым,
Көгі жоқ, көгалы жоқ – қорға шықтым.
Тұқымын адамдықтың шаштым, ектім,
Көңілін көтеруге құл халықтың.
Ақын Жиған - терген өлеңінде осындай ғаріп күйге түсудің себебін
іздестіреді. Өткенге қарасам, хандар халықты жөндеп баға алмай, басқаға
сатыпты. Бері келген соң шен – шекпенге сатылыпты. Балыстықты сатып алыпты.
Ұлық мақсаты, мәз болыпты. Халықтан алым алыпты деп, келеңсіз жайларды
көрсетеді. Қабағын түйіп, қаһарын жиып, көкті бұлт торлап тұр. Ел болса,
баяғы қалпы, әлі ұйқыда. Дос пен қосты айырмайды. Түксиген мұртты обыр
обып, сорып тұр. Қрғадай қарқылдаған, шешенсіген мырзаларжың жолы үлгі
емес. Ол жаңа жол табуға шақырады. Жолдар бар өзге, жоба бар сөзге,
жүрекке деп, ойға жөн дейді.
Қазағым – елім,
Қайқайып белің,
Сынуға тұр таянып.
Талауда малың,
Қамауда жаның,
Аш көзіңді оянып.
Қанған жоқ па әлі ұйқың,
Ұйықтайтын бар не сиқың!
Ахмет Байтұрсынов – қазақтың тілі мен әдебиетін зерттеген
ұлкен ғалым .1929 жылы 1 мамырда өз қолымен орыс тілінде жазған
өмірбаянында: 1901 жылдардан бастап, бала оқытқан кездерден бос
уақыттарымда, өз бетімен білімімді толықтырдым ,әдебиетпен шұғылдандым. Ал
Орынборға келгеннен кейін, ең алдымен қазақ тілінің дыбыстық жүйесі мен
грамматикалық құрылысын зерттеуге кірістім. Одан кейін қазақ
алфавитін,емлесін ретке салып,жеңілдету жолында, қажетсіз сөздерден
арылтуға, синтаксистік құрылысын өзге тілдердің әсерінен тазартуға
әрекеттендім. Төртіншіден, қазақ прозасын жасанды кітаби сипаттан, арылтып,
халықтың сөйлеу тәжірибесіне икемдеу үшін, ғылыми терминдерді жасауға
кірістім және стильдік өндеу үлгілерін көрсетумен шұғылдандым.,-деп
жазады. Бұл сөздер Ахметтің ғылыми жұмыспен қашан, қалай, қан-ай
мақсатпен шұғылданғанын көрсетеді.
Ахмет Байтұрсынов ең әуелі қазақ балаларына ана тілінде
сауат ашатын әліппе жазды. Ол әліппе Оқу құралы деген атпен алғаш рет
1912 жылы Орынборда басылды. Бұл Оқу құралы 1912-1925 жылдар арасында
жеті рет қайта басылып, ұзақ пайдаланылады.
1926 жылы ол әліппенің жаңа түрін жасады. Бұл осы күнгідей
суреттермен жабдықталған оқулықтың үлгісі еді.Кейін мектеп оқушыларына ғана
емес, ересектердің сауатын ашуға арналған Әліп – би де жазады.(1924-1926)
Енді Ахмет мектепке қазақ тілін пән ретінде оқытатын оқулық
жазуға кіріседі. Оны Тіл – құрал деп атап,үш кітап етіп жазды.Ол
кітаптары 1914-1916 жылдары басылып шықты, 1928жылдарға дейін өнделіп, алты
– жеті рет қайта басылды. Тіл - құрал оқулығы қазақ тілінің фонетикалық
және грамматикалық құрылымын талдап, жүйелеген ғылыми жұмыстың басы
болды.
Тілші ғалымның келесі бір еңбегі Тіл - жұмсар деген атпен
екі кітап болып,1928 жылы Қызылорда қаласында басылды.
А.Байтұрсынов 1927-28 жылдары Жаңа мектеп журналына оқыту
әдестемесін сөз ететін бірнеш мақалаларын жариялады.Ол қазақ тілінің
табиғатын, құрылымдық жүйе –заңдылықтарын зерттеуде орыс тілі ғылымының
тәжірибелерін басшылыққа алды. Қазіргі грамматикаларындағы тілдік
терминдерді жасады.
Ахмет Байтұрсынов қазақ тілінің ғана емес, әдебиеттану
ғылымының да негізін салушы. Ол халқмыздың бай ауыз әдебиетін, ертегі-
аңыздарын, эпостық жырларын, шешендік сөздерін, мақал-мәтелдерін, жоқтау
өлеңдерін жинап, бірсыпырасын бастырып шығарды.Бұл жұмыспен 1895 жылдан
бастап шұғылданды. Бұған Тургайская газетінің беттерінде бастырған
Киргизские приметы и пословицы деген мақаласы куә.
Ахмет 1923 жылы қазақтың эпостық жырының бірі Ер Сайынды,
1926 жылы қазақ халқының жоқтау өлеңдерін (23) бастырды.
2. Қазақ халқының алфавиті
Қазір қазақ халқының рухани дамуы бір жолайрықта тұрған сияқты.
Руханиятымызға батыс мәдениетін үлгі етеміз бе? Жоқ дәстүрлі ұлттық
мәдениетімізді негіз етіп алып, соны одан ары дамытамыз ба? Ғаламдасу
бағытына бүтіндей бейімделіп, оның ауыр да, рахымсыз талаптарына шартсыз
тізе бүгеміз бе? Жоқ ұлттық болмысызды сақтай отырып, әлемдік
қауымдастықтың құрамында дербес рухани құндылығы бар ұлт ретінде өмір
сүреміз бе? Осының бәрі бүгінгі күннің алдындағы аса жауапты міндеттер.
Осындай шешімін таппаған мәселелердің қатарында алфавит таңдау проблемасы
да тұр. Бұл өзі шешімін тапқан, таңдауы біткен мәселе секілді. Басқа түркі
текті халықтармен бірге латын алфавитіне көшеміз деген пікір жұрт арасында
орнығып үлгерген. Түркия бұрыннан латын алфавитін қолданып келеді, басқа
туысқан жұрттар да ептеп көшіп жатыр. Көптен бөлінбеу, көштен қалмаудың
қамын ойлағанда бұл да дұрыс таңдау болып тұрғандай. Барар жерді мақтай
бер, қалар жерді таптай бер дегендей латын алфавитінің ерекшелігін
айтқанда таңдайымыз таңдайымызға жұқпайтын шешен болып алдық. Жұрттың көбі
латын графикасын алу тиімді дегенге шынымен сенеді, оның артықшылығын дәл
бір өзі зерттеп біліп отырғандай тамсана отырып айтады. Олардың тұжырымдары
бойынша түркі халықтарының біразы латын графикасына көшіп жатыр. Түркілік
қауымдастықтан бөлініп қалмас үшін бізде латын графикасына көшуіміз керек.
Онан қалса бұл алфавит экономикалық жақтан тиімді, техникалық жақтан
артықшылықтарға ие. Озық ғылыми техникаға жеткізетін жол. Көз алдағы
жағдайларды ескергенде және мәселеге бір ғана экономикалық тұрғыдан
қарағанда, бұл пікірлердің орынды жағы да жоқ емес. Дегенмен, біз қандай
алфавитті таңдаймыз, оның болашақ үшін қандай тиімділігі бар деген сауалдың
төңірегінде әлі де асықпай ойланып келелі шешім қабылдауымыз қажет әрі оған
мүмкінідігіміз бар.
Бірінші алфавит халықтың рухани болмысын қалыптастыратын негізгі
факторлардың бірі, ол бір топтың, жекелеген қайраткерлердің еркімен немесе
басқалардың ықпалымен шешілетін мәселе емес.
Екінші алфавит болашақ үшін де тарих үшін де қызмет ететін болу
керек. Латын алфавитіне көшу түркі халықтары ортақ тұжырымға келіп барып
қабылданған шешім деп көңілімізді алдарқатамыз. Солай бола тұрса да біздің
ойымызша латын графикасын қабылдауда алфавит таңдаудың алғы шарттары мен
себебі толық ғылыми негізде қарастырылып отырған жоқ.
Алфавит таңдауда үш түрлі басты шарт болуы керек: бірінші – тарихи
шарт, екінші – ғылыми шарт, үшінші – саяси шарт.
Тарихи шарт – қабылданатын алфавит руханияттың тарихи тамырын тануға
қызмет ететін, төлтума алфавит болу керек. Сол алфавитті қолдану халықтың
тарихи жадын сақтауға негіз болуы лазым.
Ғылыми шарт – қабылданатын алфавит сол ұлттың дыбыс жүйесіне сәйкес
келетін және дыбыстың даму мүмкіндігіне кедергі болмайтын алфавит болу
керек.
Саяси шарт – таңдалатын алфавит ұлттың рухани жадын дамытуға, саяси
және рухани дара болмысын қалыптастыруға, ұлттық мемлекеттің, ұлттық
идеологияның дамуына қызмет ету керек.
Міне, осы үш түрлі шарттың бірі кем болса ол алфавит ұлтқа қызмет ете
алмайды. Сонымен бірге техникалық прогрестің талаптарына толық жауап
беретін артықшылыққа ие болуы да алфавиттің артықшылығы болып саналады.
Алфавиттің техникалық және экономикалық тиімділігі, екінші орындағы
шарттар. Жоғарыда айтылған негізгі үш түрлі шарт бірдей болғанда соңғы екі
шартқа лайықты мән беруге болады. Біздің латын алфавитін қабылдауда қосымша
шарттарды бірінші кезекте қарастырып отырған сияқтымыз. Өйткені,
экономикалық факторлар өткінші сипатқа ие. Айталық экономикалық әлеуетіміз
бекемделген соң тағы алфавит қабылдамаймыз ғой. Ал, техникалық
артықшылықтарына келсек, әр алфавиттің өзіндік артықшылықтары бар. Бұл
жерде шешуші фактор адам екенін ұмытпаған жөн.
Жоғарыда аталған ең басты үш түрлі шартты негізге алғанда бізге ең
тиімдісі көне түркі алфавитін жетілдіріп, пайдалануымыз. Оның себептерін
нақтылап айтар болсақ:
Бірінші қажеттілік көне түркі алфавитін жетілдіріп ұлттық алфавит
ретінде пайдалану. Көне түркі алфавиті біздің тарихи төлтума алфавитіміз.
Сонымен бірге дербес ұлт болудың бір шарты дербес тіл, дербес жазу, таңбасы
болу. Бұл тұрғыдан да төлтума алфавитіміздің маңызы зор. 80-жылдарда батыс
социологтары ХХІ ғасырдың соңында дүниеде 5-7 ұлт қана қалады. Ол ұлттар
дербес тілі, дербес жазуы бар және оны сақтап дамыта алған ұлттар деп
болжам жасаған екен. Сондықтан да дүниедегі көптеген ұлттар тіл, жазу
мәселесіне ерекше көңіл бөліп отыр. Кезінде қытайда латын алфавитін аламыз
ба, Қытайдың таңбалы жазуын сақтап қаламыз ба? деген мәселе төңірегінде
қоғамдық талқы жүрген еді. Сонда қытай зиялылары ұлттық болмысызды жоғалтып
алмаудың, ұлт ретінде жойылып, құрып кетпеудің бірден бір кепілі –
қытайдың таңбалы жазуын сақтап қалу деп шешкен. Бір миллиардтан артық
халқы бар, 5000 жылдық ұлттық тарихы бар қытайлар жазуымыздан айырылсақ ұлт
ретінде жойылып кетеміз деп осынша алаңдап отырғанда, біздің ғаламдасудың
қадамына ілесеміз деп ең негізгі ұлттық құндылықтарымыздың бірегейінен бас
тартуымыз қандай батырлық. Ал, еврейлер ұлт ретіндегі даму болашағын
кемелдендіру үшін әлдеқашан өліп қалған көне еврей тілін тірілтуге жан
салуда. Сонда олар ағылшын тілі мен ағылшын алфавитінің артықшылығын
білмей көрмей отыр ма? Әлде біздей танымай отыр ма? Жоқ, олар алфавит
таңдаудағы тарихи шартты заң ретінде қабылдап, сол заңның талабына жүгініп
отыр. Бұл тұрғыдан біз олардың озық тәжірибесін қабылдаудан бас тартпауымыз
керек. Өйткені, біз зайырлы мемлекеттің өміршең мәдениетін қалыптасыру үшін
күресіп жатқан елміз.
Екінші дербес жазудың болуы – мемлекеттік құпияларды сақтаудың
техникалық кепілі. Бұл өз кезегінде ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз етудің
де бір кепілі. Қазір біз компьютерде Американың программаларын қолданамыз.
Сондықтан біздің компьютерлеріміздегі құпия деректеріміз сол программаларды
жасаушылар мен оны жақсы білетіндер үшін дайын аспен тең. Жапондықтар
өздерінің компютерлік жүйесін әлемге ашпай құпия ұстауда. Ол құпиялықтың
басты кепілі жапон графикасының даралығы. Бүгінгі күні хаккэрлер емін-еркін
кіре алмайтын дүниедегі бірден бір жүйе осы жапондықтарға ғана тән.
Біздің ел даму үстінде және даму мүмкіндігі барынша мол ел. Сондықтан
біз бүгінгі күннің талабын қанағаттандыру үшін емес, ертеңгі күннің асқақ
мұраттары үшін де жауап бере алатын жол іздеуге тиіспіз. Техникамыз дамиды,
саяси ықпалымыз күшейеді, біздегі техникалық, саяси және рухани
құндылықтарымызға басқа елдер қызығатын болады, сонда өзімізді өзіміз
қорғай алатын, өзімізде бар құндылықтарды басқалардың алдында бағалай
алатын құралға ие болуға тиіспіз. Мұндай техникалық және рухани қорғаныстың
іргетасы алфавиттен басталады.
Үшінші ұлттық төл алфавиттің болуы – ұлттық дыбыстық
ерекшеліктерімізді бұзбай таза сақтаудың және оны дамытудың жалғыз ғана
кепілі. Табиғаты жат бөтен халықтардың дыбыстық ерекшеліктеріне арналған
алфавиттердің қайсысы болса да біздің дыбыстық мүмкіндігімізге сәйкеспейді,
соның салдарынан ұлтымыздың дыбыстық жүйесі бұзылады. Тіл қатынас құралы
ғана емес – ойлаудың да құралы. Тіл ойдың қабы. Қабы бұзылған ой құтысы
бұзылған аспен тең. Ойдың қабын таза сақтай алмасақ, ақыл-ойдың дамуы
туралы сөз қозғаудың өзі артық. Орыс алфавитін қабылдаудан біздің кейбір
дыбыстарымыз бұзылған. Айталық ң дыбысын айта алмайтындар мен ести
алмайтындар қазақ жастарының үштен екісін құрайды. Олар мың деген сан
есімді мын деп, мең деген зат есімді мен деп дыбыстайды. Ң деген
дыбысты жеке айтсаң құйрығы бар н ба, құйрығы жоқ н ба деп сұрайды.
Көптеген адамдар і дыбысының орнына и дыбысын, ө дыбысының орнына
у дыбысын қолданады. Мысалы, Өмірбек деудің орнына Умирбек дейді.
Темірді Тимур-ға алмастырады. Ә дыбысы адам аттарында қолданыстан
шыққан. Оның орнына түгел А дыбысын қолданамыз. Мысалы, Әбдібекті
Абдыбек дейміз.
Төртінші ұлттық алфавиттің тарихи жазу болуы – тарихи жадымызды
қалпына келтірудің ұлттық патриоттық сезімді жетілдірудің, отаншылдық
тәрбиені сіңірудің ең тиімді жолы. Тарихымыз тереңде, көне түркілер біздің
ата-бабаларымыз, олардан қалған мұралар біздің рухани байлығымыз деген
сөздерді қанша мәрте естігенмен, жастардың бойында ол тарихтың өзінікі
екеніне сенімі аз. Сенім болмаған соң нақты тарихи таным да қалыптаспайды.
Тілі бөтен, өзі біле бермейтін жат алфавитпен жазылған бөтен мәдениет
ретінде қабылдайды. Біздің жастардың көне түркі ескерткіштерін зерттеуге
көп қызықпауының себебіде осында болса керек. Егерде ол ескерткіштердің
жазуларын таныса, ол алфавитті өздері қолданып отырса тарихи мұраның
рухын бойларына тез сіңіре алады. Ол мұралардың өздеріне ғана тиесілі
мұра екеніне, онда жазылған тарих өз ата-бабаларының тарихы екеніне ақылы
ғана емес жандары сенеді. Сенім күшейген жерде ұлттық тарихи жады да
күшейеді. Ұлттық мақтаныш, ұлттық патриоттық сезім, отаншылдық рух,
тарихқа, өз ұлтына деген құрмет осыдан қалыптасады.
Бесінші көне түркі алфавитінің техникалық артықшылықтары. Латын
алфавитіне көшуді жақтаушылар оның осы заманғы ғылыми техникаға
икемділігін басты назарда ұстайды. Соның ішінде компьютерге кіргізуге
қолайлы дегенді алға тартады. Алайда, бұл басты шарт емес. Жазудың
қолайсыздығы жағынан дүниеде алдыңғы орында тұратын елдер Қытай, Жапон,
Корей елдері. Мысалға қытайды алсақ, олар иероглифтерінің санына өздері
әлі жеткен емес, қанша сөз болса сонша иероглиф бар. Бірақ олар біздің
жазуымыз компьютерге кірмейді деп өздерінің тарихи жазуларынан жерінген
жоқ, керісінше, жазуларын компьютерге кіргізе білді. Қытай жазуын
компьютерде басу үшін алдымен ағылшынша транскрипсиясын жазып алып, сонан
соң қытайшаға айналдырады. Сонда бас-аяғы 30 әріпті компьютерге кіргізе
алмасақ, оны өзіміздің осалдығымыздан көрмей, не ге бар пәлені алфавитке
(әріпке) аударуымыз керек. Реті келгенде айта кеткен жөн көне түркі
алфавиті солдан оңға, оңнан солға, жоғарыдан төмен, төменнен жоғары төрт
бағытта бірдей жазуға қолайлы алфавит. Бұл аса сирек кездесетін артықшылық.
Әсіресе, компьютерлік операцияларды жүзеге асыруда теңдессіз қасиетке ие.
Қазақстан қазір Орта Азия аймағында жетекші орындағы ел, оның үстіне
Орталық Азия елдерінің саяси одағын құруға бастамашы болып отыр. Ғылыми
жақтан да түркологияның орталығы болуға мүмкіндігі бар ел. Бұл
бастамашылық біздің мүмкіндігізбен салыстырғанда әлі де жетілдіре түсуді
қажет етері анық.
Біз берісі қазақ халқының, арысы тұтас түркі жұртының болашағы үшін
басқалардан артық жауапкершілікті арқалауға тиіспіз. Себебі, біздің рухани
потенциалымыз басқа түркі жұрттарына қарағанда әлдеқайда артық. Тіл байлығы
жағынан біз бәрінің де алдындамыз. Мысалға туыстық атауға келсек түріктер
шожық, шожығым шожығы дегеннен ары бара алмайды. Ұйғыр, өзбектерде бала
неуере, пәй неуере арғы жағы бұлдыр. Қазақта ата, бала, немере, шөбере,
шөпшек, немене, жүрежат, туажат жаутанысам болып кете береді. Оның
үстіне тіл тазалығы жағынан да қазақ тілі алдыңғы орында. Көне түркі
тілінің тазалығын сақтап қалған жалғыз тіл – қазақ тілі. Түрік тілінде
ағылшын тілінің элементі басым болса, ұйғыр, өзбек тілдерінде араб, парсы
сөздерінің ара салмағы жоғары. Оның үстіне түрік тіліндегі ағылшын сөздері
бүтіндей түрік тіліне сіңіп кеткен. Ол сөздерді қабылдаған кезде де түрік
тілінің ерекшеліктеріне бейімдеп қабылдаған. Ұйғыр, өзбек тілдеріндегі
араб, парсы сөздері де осындай. Ол сөздердің басқа ұлттың сөзі екені
ажыратылмай кеткен. Ал, қазақ тіліне келсек, біздің лексикамыздағы араб,
парсы сөздері аз. Ал, орыс тілінен кірген сөздер біздің тіліміздің
ерекшелігіне сәйкес өзгерістерге түспеген. Орыс тілінің өз ерекшелігі
бойынша қабылданған. Бұл арада біздің шет тілдерден сөз қабылдаудағы
кемшілігіміз болып аталып келген, басқа халықтардың сөздерін әуелгі
болмысын өзгертпей, өз тіліміздің заңдылығына бейімдемей қабылдай салатын,
өзіміз сол сөздің табиғатына бейімделіп кететін ерекшелігіміз біздің
тіліміздегі шет тілдерден кірген сөздерді оңай ажыратып алуға мүмкіндік
беретін артықшылық тетік болып отыр.
Экономикалық жақтан да Түркиядан басқа ешбір түркі текті мемлекет
Қазақстанмен теңдесе алмайды. Біздің табиғаи байлықтарымыз, географиялық
жағдайымыз басқалар орындай алмайтын талаптарды орындауға мүмкіндік
береді.
Қазіргі дүниелік ағымға қарағанда түркі халықтарының жеке-жеке
мемлекет бола тұра рухани тұтастыққа жетуі саяси жақтан да аса маңызды.
Н.Назарбаевтың Орта Азия одағын құру идеасы да осындай қажеттіліктің талабы
екені даусыз. Ал, түркі халықтарының басын саясат арқылы біріктіре
алмайтынымыз анық. Экономикалық мүдделер ұлттардың одақтасуына түрткі
болғанмен, біртұтастыққа жеткізетін жол бола алмайды. Таза тіл мәселесі де
бұл проблеманың түйінін шеше алмайды. Өйткені, әр халық өз тілін сүйеді,
өз тілін сақтап қалғысы келеді. Ал оларға ортақ тіл жасап беру ешкімнің де
қолынан келмейді. Түрік халықтарының басын біріктіру деген сөз олардың
басын қосып жаңа ұлт жасау емес, қайта түркі тектес халықтардың рухани
тұтастығына қол жеткізу. Түркі тектес халықтардың тағдырының ортақ екеніне
әр түркі тектес азаматтардың көзін жеткізу. Бұл рухани тұтастыққа жетудің
жалғыз жолы – ортақ алфавиттің болуы. Ол ортақ алфавит сөзсіз көне түркі
алфавиті негізінде жасалуы керек. Сонда бұл алфавитке түркі халықтарының
бәрі де құрмет ететін болады. Ал онан ары түркі халықтарына ортақ ту,
әнұран болса, рухани тұтастықты одан әрі бекемдей түсетіні анық.

Ахмет Байтұрсынұлы қазақ балаларын ел қатарына қосылып, білім алуына 1896
жылдары көңіл бөле бастады. 1905 жылдары Ресей Кіндік үкіметіне жазылған
петициядан, редакторы болып Қазақ газетін шығарып, оның бетінде мәселелер
көтеруінен, қазақ балаларын ана тілінде сауаттандырып, әрі ана тілінде
оқыту үшін жүргізген күресінен, ең соңғысы сол ана тілінде оқытатын
оқулықтар жазуынан, халық ағарту кадрларын дайындап, жас қазақ
интелегенциясы өкілдерін баулуынан танылады.
Ахммет Байтұрсынұлын үстіміздегі ғасырдың алғашқы онжылдықтарындағы
қазақ қауымы көшінің рухани басшысы етіп танытқан – оның қазақ халқын
іргелі жұрт қатарына қосу үшін жүргізген күресі және сол күресте ұстанған
бір қаруы - ағартушылық идеясы болды.
Оқу-ағарту идеясы – Ахмет Байтұрсынұлының әлеуметтік қызметінің арқауы,
азаматтық борышының негізі, идеологиялық платформасының тіреуі. Бұл
плдтформаны мықтап ұстауға итермелеген- оның туған халқының тағдырын
ойлаған қам- қарекеті.ХХ ғасырдың басындағы қазақ қоғамы жатқан отар ел
болатын.Халқы үшін сол кезде бебеу қаққан ойшылдардың көзімен көріп,
сөзімен айтқанда, бұл тұстағы қазақ халқы көгі қараңғы, көңілі ұйқылы,
еспесі жоқ қайығы қалтылдақ, малы талауда, жаны қамауда болған қайран ел,
қайран жұрт еді. Қазақ халқын әлеуметтік теңдікке, азаматтық мәдениетке
жеткізетін, амал- әрекеттің бастысы түгел қазақты сауатты етіп, көзін
ашу, наландық, өнерсіздік ата жолдасымыз болған соң, олжалы жерде үлестен
қағылғанымыз, ордалы жерде орыннан қағылғанымыз, жоралы жерде жолдан
қағылғанымыз – бәрі надандық кесапаты.
Халықты ағарту мектептен, баладан басталады. Ахмет Байтұрсынұлы қазақ
балаларының әйтеуір көзі ашылып, сауатты болуын, ғана емес, тек ана тілінде
сауаттануын, содан соң барып өзге ұлт мәдениетіне, тіліне қол созуды
принципті талап етті. 1913 жылдың өзінде ол Қазақ газеті мінбесін
пайдаланып, қазақ қоғамына оқу- білімнің қажеттігін халықтың экономикалық
тұрмыс жағдайымен байланыстырып дәллдейді. Ахмет бұдан 80 жылдай бұрын
байқап- түйгендері, айтқан пікірлері дәл бүгінгі күні айтылып жатқан
мәселелерімізбен үндес келеді. Қазақ жерінде өндіріс жоқ, шикізатын
сатады, сол шикізатынан жасалған өнімді екі- үш есе қымбат түрде сатып
алады. Бұл надандықтан келген кемшілік деп жазды Қазақ газетінде.
Надандық деп отырғаны - халқының білім- ғылымнан қалыс келе жатқандығы.
Қалыс қалуға үлкен себеп - қазақ жерінде мектептер аз, сол аз мектептердің
өзінде мұғалімдер жетіспейді, ұлт кадрларын даярлайтын орындар жоқ дейді.
Демек, қазақ халқы қараңғы дегенде, кінә халықта емес, сол қараңғылықтан
ққтқаратын мүмкіндіктердің жоқтығында екендігін алты миллион қазаққа ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz