Қазақ тіліндегі көнерген аталымдардың метафоралануы
Адамды қоршаған шынайы болмыс нысандары өзара байланыста, үйлесімде немесе өзгешелікке құрылған. Осы байланыстарды бақылаушы да, танушы да, зерттеуші де, бағалаушы да ең алдымен адам болғандықтан, олардың көрінісі тілде бейнеленеді. Осы ретте, адам санасының, ойының ең бір күрделі процесі ретінде метафоралы ойлау қабілетін айтуға болады. Шынайы болмыс заттары мен құбылыстарына атау беруде кең қолданылатын метафора тәсілі сөзқосым атауларының жасалуына да ұйытқы болады. Метафораның аталым қажеттілігін өтеудегі белсенділігі тілдік жүйеде байқалады.
Күрделі сөздің жасалуындағы метафора құбылысының маңызы ғалым Б. Қасым еңбегінде айқын дәлелденген: «Тілдік метафоралар – туынды сөздерде метафоралық қасиеттер күңгірттеніп, соның нәтижесінде жаңа лексемалардың пайда болуы. Метафора аталым тұрғысынан бейнелілік қасиетінен өтіп, тек ұғымға атау беру қызметіне көшеді» [1, 255] − деген ғалым пікірі жаңа жасалымдардың туындауындағы метафораның қызметінің маңызын көрсетеді. Тілдегі қолданыста бар тілдік таңбалардың мағыналық өрісін пайдалана отырып жаңа ұғымға атау беру метафора арқылы жүзеге асады. Сондықтан да, метафора – аталымның бір тәсілі ретінде терең зерттеуді қажет ететін мәселе.
Әсіресе, метафоралану арқылы жасалған қолданыстық мағына – көнерген аталымдардың көпмағыналылығында жиі қолданылатын құбылыс.
Бір кезеңдерде түрлі мән беріліп, көркемдік және бейнелілік қызметте қолдану нәтижесінде, қазақ тіліндегі көптеген көнерген аталымдар өзінің нақты заттық, атауыштық қасиетке ие болған. Айталық, байтақ сөзі бұл күндегі әдеби тілде «ұшы-қиыры жоқ, кең» деген сын есімдік мағынада қолданылады. Ал Н. Кенжеғұлұлының шығармаларында байтақ сөзімен қатар пайтақ вариантында да кездеседі.
Он алтыншы ғасыр басында-ай, Пайтағын билеп Балыхтың [Н.К.ІІт], − десе, мұндағы пайтақ сөзінің семантикасы бөлекше, яғни Балых елінің жеріне үстемдік ету. Байтақ бұрын қазақ тілінде зат есім мағынасында қолданылып, «белгілі жұрт, халық тұтастығы» («этникалық-территориялық бірлік»), яғни «ел, жұрт» деген ұғымды білдірген. Екінші бір мағынасында мынадай жолдар кездеседі:
Мұнысы Әміршінің дұрыс емес,Есітсе ертең халық бұл шешімін, Қалайша пайтағынан ұшырмайды?! [Н.К.ІІт]. Бағында сайрар бұлбұл, көлде бақа, Мінбесе, кірмес күші, хан пайтағын [E.К]. Жайсында жай жүргенде адам қатар, Патшаның күші болады пайтағында [E.К].

1. Қасым Б. «Қазақ тіліндегі заттық күрделі атауларының теориялық негіздері»: филол. ғ. д. ... дисс. − А., 2002. − 313б.
2. Болғанбаев Ә. Қазақ тілінің синонимдер сөздігі. − Алматы, 1975. − 504 б.
3. Бартольд В. В. Очерк истории Семиречья. − Фрунзе, 1943. – 173 с.
4. Құнанбаев А. Шығармаларының толық жинағы, − Алматы, 1945,− 405 б.
5. Персидско-русский словарь. − М., 1960. – 1236 б.
6. Оңдасынов Н.Д. Арабша-қазақша түсіндірме сөздік. – Алматы: «Мектеп», 1989. ІІ т. – 284 б.
7. Ізтілеуов Т. Назым. – Алматы: Жазушы, 1972. – 19 б.
8. Қазақ тілінің сөздігі. − Алматы, 2008. − 824 б.
9. Мұратбаева И.С. Қазіргі қазақ және орыс тіліндегі метафораланған терминдердің семантикасы: филол. ғыл. канд. ... дисс.: − Алматы, 2000. − 165 б.

ҚАЗАҚ ТІЛІНДЕГІ КӨНЕРГЕН АТАЛЫМДАРДЫҢ МЕТАФОРАЛАНУЫ
(Ерімбет пен Нұртуған шығармалары бойынша)
Өтемісова Гүлмира Жеткергенқызы
Халықаралық Бизнес Академиясының доценті
Филология ғылымдарының кандидаты
Алматы қаласы
Адамды қоршаған шынайы болмыс нысандары өзара байланыста, үйлесімде
немесе өзгешелікке құрылған. Осы байланыстарды бақылаушы да, танушы да,
зерттеуші де, бағалаушы да ең алдымен адам болғандықтан, олардың көрінісі
тілде бейнеленеді. Осы ретте, адам санасының, ойының ең бір күрделі процесі
ретінде метафоралы ойлау қабілетін айтуға болады. Шынайы болмыс заттары мен
құбылыстарына атау беруде кең қолданылатын метафора тәсілі сөзқосым
атауларының жасалуына да ұйытқы болады. Метафораның аталым қажеттілігін
өтеудегі белсенділігі тілдік жүйеде байқалады.
Күрделі сөздің жасалуындағы метафора құбылысының маңызы ғалым Б.
Қасым еңбегінде айқын дәлелденген: Тілдік метафоралар – туынды сөздерде
метафоралық қасиеттер күңгірттеніп, соның нәтижесінде жаңа лексемалардың
пайда болуы. Метафора аталым тұрғысынан бейнелілік қасиетінен өтіп, тек
ұғымға атау беру қызметіне көшеді [1, 255] − деген ғалым пікірі жаңа
жасалымдардың туындауындағы метафораның қызметінің маңызын көрсетеді.
Тілдегі қолданыста бар тілдік таңбалардың мағыналық өрісін пайдалана отырып
жаңа ұғымға атау беру метафора арқылы жүзеге асады. Сондықтан да, метафора
– аталымның бір тәсілі ретінде терең зерттеуді қажет ететін мәселе.
Әсіресе, метафоралану арқылы жасалған қолданыстық мағына – көнерген
аталымдардың көпмағыналылығында жиі қолданылатын құбылыс.
Бір кезеңдерде түрлі мән беріліп, көркемдік және бейнелілік қызметте
қолдану нәтижесінде, қазақ тіліндегі көптеген көнерген аталымдар өзінің
нақты заттық, атауыштық қасиетке ие болған. Айталық, байтақ сөзі бұл
күндегі әдеби тілде ұшы-қиыры жоқ, кең деген сын есімдік мағынада
қолданылады. Ал Н. Кенжеғұлұлының шығармаларында байтақ сөзімен
қатар пайтақ вариантында да кездеседі.
Он алтыншы ғасыр басында-ай, Пайтағын билеп Балыхтың [Н.К.ІІт], − десе,
мұндағы пайтақ сөзінің семантикасы бөлекше, яғни Балых елінің жеріне
үстемдік ету. Байтақ бұрын қазақ тілінде зат есім мағынасында қолданылып,
белгілі жұрт, халық тұтастығы (этникалық-территориялық бірлік), яғни
ел, жұрт деген ұғымды білдірген. Екінші бір мағынасында мынадай жолдар
кездеседі:
Мұнысы Әміршінің дұрыс емес,Есітсе ертең халық бұл шешімін, Қалайша
пайтағынан ұшырмайды?! [Н.К.ІІт]. Бағында сайрар бұлбұл, көлде бақа,
Мінбесе, кірмес күші, хан пайтағын [E.К]. Жайсында жай жүргенде адам қатар,
Патшаның күші болады пайтағында [E.К].
Мұндағы пайтақ – белгілі бір мекендегі белгілі бір ел, яғни кішігірім
хандық. Бұл сөз қазірде қолданылатын байтақ ел, байтақ жұрт деген тұрақты
тіркестердің қалыптасуына себепкер болған. Байтақ сөзінің алғашқы мағынасы
келе-келе күңгірттеніп, кең, ұшы-қиыры жоқ деген мәнге ие болып қалған:
байтақ дала – кең дала, байтақ өлке – кең өлке, ұлан байтақ.
Метафора арқылы қалыптасқан ақындар тіліндегі көнерген аталымдар –
сапалық өзгеріске түсіп, ауыс мағынаға көшкен, түптөркіні бұрынғы жалпы
халықтық қолданыстағы көнерген аталымдар. Олар көркемдік және бейнелік
қызметте қолдану нәтижесінде, қазақ тіліндегі көптеген көнерген аталымдар
өзінің нақтылы заттық, атауыштық қасиетке ие болған.
Ақындар шығармаларында дүние, әлем дегенді шартарап деп атау, өмірді
жалғаншы деп метафоралық тәсілдермен қолдану жиі ұшырасады. Мысалы,
Жазылып біткеннен соң Орақ – Мамай, Лезде тарап кетті шартарапқа [Н.К.Іт].
Өзімді жыққан жанға тиемін! деп, Дариха жар шақыртты шартарапқа [Е.К].
Арасат майданында тергелерміз, Өткен соң бұл опасыз жалғаншыдан [Е.К].
Құдайға шүкір деп жүрмін, Жалғаншым әзір ажарлы [Н.К.ІІт]. Мұндағы
жалғаншы қазір пассивтенген көнерген аталым, ал қазіргі тіл қолданысында
жалғаншы − болмағанды болды деп, жалған сөйлейтін, өтірікті судай сапырып
қулықпен күн кешетін адам деген мағынада қолданылатынын ғалым Ә. Болғанбаев
Қазақ тілінің синонимдер сөздігінде түсіндіріп өтеді [2, 504].
Сондай-ақ, ақындар шығармаларында территориялық-этникалық тұтастық
мағынасында ел сөзімен қатар жұрт, алаш (бірақ алаш – тек қазақ жұрты
мағынасында) сөздері де кездеседі. Негізінде, бұл кезеңдерде жұрт, ел, алаш
сөздері синонимдер ретінде өлең талғамына қарай бірінің орнына екіншісі
қолданыла бергенге ұқсайды. Мысалы, Кеңесіме құлақ сал, Ақылды туған
алашым! [Н.К.Іт]. Саған Алашта көрінгеннің бәрі көмек, Болмаса, Жүсіпке не,
айтып қорғаш?! [Е.К]. Сондай-ақ, қазіргі қазақ тіліндегі алты алаш тіркесі
бүкіл халық, көпшілік қауым деген мағынаны білдіреді. Бұл Нұртуған ақын
шығармаларында былайша сипат алады: Жариялап бұл күндегі алты Алашқа.
Шақырып патша алдырды айналасын, Қолына жілік беріп жариялап, Мінгізіп алма
сағақ, хан Қарасын [Н.К.Іт].
Алғашқы кезде алаш сөзі жағымды ұғым болмаған. Мавренахрды билеуші
Махмудтың інісі Ахмед монғолша киініп, монғолша қаруланатын өте қатал адам
болыпты. Ол ұрыстарда қалмақтарға бірнеше рет өлтіре соққы береді, жеңілген
қарсы жақты қатты қырғынға ұшыратады, сондықтан қалмақтар оған алаш! −
қан құйлы, бас кесер, жауыз деген жаман атақ тағады [3, 76].
Бұл тарихи деректі қазақ халқының ұлы ақыны, ойшыл демократы Абай
Құнанбаев та өзінің Біраз сөз қазақтың қайдан шыққаны туралы деген
еңбегінде сөз еткен: Ахмет хан қалмақты көп шауыпты, көп қырыпты. Қалмақ
рақымсыздығына қарай, мынау бір алашы болды ғой депті, жан алушы дегеннің
орнына, сонан соң сол хан, бұл атты қалмақ қорыққаннан қойды ғой, енді
сіздер шапқан уақытта алашы, алашы деп ұран-сүрен салыңыз деп бұйырып,
бұларға айқай салғанда, көп жанның айқайымен алаш-алаш деп кетіпті.
Сондықтан алаш болғанда, Алашы хан болғанда, қалмаққа не қылмап едік деп
алаш ұранды қазақ атанған себебі сол екен [4, 405].
Монғол тілінде алаач – кісі өлтіруші, жендет, жанкешті деген мағынада
қолданылады [5, 19]. Бұл фактілер қазақ тіліндегі алаш сөзінің тарихи мәнін
толық ашып беретін тәрізді.
Қалмақтар мен түркі тұқымдас халықтардың соғысы кезінде жеңілген жақтың
жеңушілерге айтатын лағынет, қарғыс сөзі келе-келе жауынгершілік ұранға
айналған. Жауға шапқанда түріктер үрей туғызу үшін алаштап ұран көтерген.
Бертін келе бір елдің жағымсыз мағынасында қолданылған алаш сөзі басқа бір
елдер үшін (соның бірі қазақ) жеңістің кілті, елдіктің ұйытқысы батырдың
нышаны сияқты болып көрінген. Алаш сөзі қазақ тіліне осындай жолдармен
келіп кіргенге ұқсайды.
Осы ұғымнан 1917-1919 жылдары Қазақстанда ұйымдастырылған Кеңес үкіметі
үшін байшыл, ұлтшыл контрреволюцияшыл болып есептелген ұйым аты Алашорда
болып аталғаны белгілі.
Алашордашылардың іс-әрекеті сол кезде саясатқа жат қылық, халық
мүддесін сатқандық болып көрінуіне байланысты екіжүзділігі әшкереленгеннен
кейін, алаш сөзі де құлаққа түрпідей тиетін болған. Алаш партиясының, оның
мүшелерінің аяусыз жазалануына, қырғынға ұшырауына байланысты бұл ұғым да
көнеріп, қазақ тілінің лексикалық құрамынан ығысып қалды. Алайда, еліміздің
егемендік алуынан кейін, олар ақталып, алаш сөзі қайта терілді, өз
мәнінде қолданыла бастады.
Сонымен қатар Ерімбет пен Шораяқтың Омарының айтысында өлең айтқан
мағынасындағы сөз тіркесі бәйіт айтқан түрінде кездеседі. Мысалы,
Ұшырар жүрегінде қадаса көз,
Сияды еркі бардың аузына сөз.
Сен түгіл патша ағзамға бәйіт айтқан,
Ерекем – аты шыққан құрулы тез! [Е.К].
Н. Оңдасыновтың Арабша-қазақша түсіндірме сөздігінде: Бәйіт арабтың
байтун деген сөзінен шыққан − өлең деген мағынаны білдіреді, дей келе,
бәйітсымақ − өлеңсымақ, бәйітші – бәйіт айтушы, бәйітшілік – ақындық деп
түсіндіріп өтеді [6, 68]. Негізінде бәйіт айту, жарапазан айту салт-
дәстүрлік қызметте айтылатын өлеңдер мағынасын білдіретін тіркескен аталым.
Бұл мысалдардағы назым, бәйіт сөздері – қазіргі ұйғыр тілінде негізінен осы
мағынада қолданылатын сөздер, бірақ әрқайсысының стильдік ерекшеліктері
бар.
Кей жағдайда көнерген аталымдарды (историзм мен архаизм) шекарасын
ажырату да қиынға түседі. Мұндағы басты қиыншылықтардың бірі − көнерген
аталымдардың бұл екі тобындағы кейбір ұғымдардың көп мағынада
қолданылатындығы.
Парсы тілінде құранның әрбір бөлігін пара деп атайды. Ал, Ерімбет пен
Нұртуған ақындар бұл аталымды бірде кез келген заттың бөлігі ретінде өлең
тіліне енгізіп, поэтикалық метафора жасаса, енді бірде алым, ауыз
бастырық мағынасында қолданылуы да кездеседі. Мұнан кейінгі пара сөзі:
көптік мағынада; зат атауын; қимыл атауларын білдіреді.
1-кесте
Жоғарыда пара сөзінің бес түрлі мағынасы көрсетілді. Соның ішінде
І-ші, ІІІ-ші, ІV-ші мағыналары қазіргі тіл қолданысында мүлде жоқ,
пассивтенген, бірақ ІІ-ші және V-ші мағынасы актив қабатта қолданылады.
Кейбір араб-парсы сөздері қатарласа қолданылып, синонимдік қатар
түзген. Мәселен, қазіргі өлең деген мағынада араб-парсы тілі арқылы
кірген назым, бәйіт сөздері қолданылған. Бірақ әрқайсысының қолданылуында
сәл де болса бір-бірінен ажыратарлық өзгеше мағыналық реңк болса керек. Осы
күні көп қолданыла бермейтін назым сөзі ақындар өмір сүрген тұста
(ХІХ ғасырдың соңғы кезі мен ХХ ғасырдың бас кезінде) жиі
жұмсалатын болған. Мысалы, ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz