Қола дәуіріндегі металлургия


Пән: Жалпы тарих
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 11 бет
Таңдаулыға:   

Жоспары:

1. Дәуірдің ерекшеліктері

2. Андронов мәдениеті

3. Кен ісі, металлургия

Қола дәуіріндегі металлургия

Неолит дәуірінде - ақ байқала бастаған шаруашылық өзгерістері біздің заманымыздан бұрынғы ІІ мыңжылдықта малшылық - егіншілік экономикасы мен жоғары дамыған металлургияның қалыптасуына жеткізеді. Өндіруші тұрапаттағы экономикаға көшу Қазақстан аумағындағы бүкіл жағжайды түбірінен өзгертті. Қоныстарын жиі өзгертетін, жігерлі пысық малшы тайпалар ұлан - байтақ және қуатты бірлестіктер құрды, бұлардың қалыптасуында аулау үшін ғана емес, сонымен қатар тайпалар арасындағы қақтығыстарда да жиі пайдаланылатын болды. Қару жасау бірте - бірте металл өңдеудің дербес саласына айналды.

Археологиялық материалдар бойынша, андронов тұрпатты ескерткіштер қалдырған далалық малшы - егінші тайпалардың мәдени ортақтығы жақсы мәлім. Барлық жергілікті өзгешіліктеріне қарамастан, ұлан - байтақ аумаққа тараған бұл тайпалар неолит дәуіріндегі тайпалық ала - құлалықты айқын мәдени біркелкілік ауыстырғанын көрсетті.

Қола дәуіріндегі қоғамның ілгері басуы екі факторға байланысты. Олардың бірі - жаңа дәуірді белгілеген фактор - палеометалдардың өндірістік жолмен игерілуі болды.

Біздің заманымыдан бұрынғы ІІ мыңжылдықтың ортасында Қазақстан тайпалары қола бұйымдар жасау ісін меңгерді. Қоланың өзі бұйымының неге арналуына қарай әр түрлі пропорцияда мыс пен қалайының, кейде сүрменің, күшаланың, қорғасынның қорытпасы болып табылады. Мыспен салыстырғанда қоланың бірсыпыра артықшылықтары бар: оның өзгешілігі - өзі қатты, балқу температурасы төмен, түсі алтын сияқты әдемі. Қола еңбек құралдары мен қару жасау үшін қолданылатын негізгі шикізат бола бастады. Қазақстан жер қойнауында полиметалдардың, ең алдымен металлургияның мықты ощағы шығуының бір себебі болды.

Біздің заманымыдан бұрынғы ІІ мыңжылдықтың басында - ақ Еділ бойы, Орал өңірінің Қазақстан мен Алтайдың далалық тайпаларында кещенді малшылық - егіншілік шаруашылық қалыптасады. Ал Біздің заманымыдан бұрынғы ІІ мыңжылдықтың ортасында Қазақстанның далалық тайпаларында алғашқы өндірістің өрлеу байқалады, мал шаруашылығы жедел дамиды. Осы уақыттан бастап далалық Евразия тұрғындарының шаруашылығында мал шаруашылығы неғұрлым көбірек орын ала бастайды. Біздің заманымыдан бұрынғы ІІ мыңжылдықтың аяғында - І мыңжылдықтың басында далалық өңірлердегі тұрғындардың көпшілігі шаруашылықтың маманданған жаңа түріне - көшпелі мал шаруашылығына көшеді. Батыс Азия мен Шығыс Европаның далалық аймағында бақташы тайпаларының бөлініп шығуы, шынында біздің заманымыдан бұрынғы ІІ мыңжылдықтың басында болды деуге келеді, алайда әр қилы табиғи ортадағы даму қарқынының әр түрлі болғанын ескеру керек.

Алғашқы экономиканың қайта құрылуына бәрінен бұрын табиғи - климаттық өзгерістер себепші болды. Мәселен, қола дәуірінде ұзаққа созылған салқын - ылғал кезеңнің орнына климаттың жылыллық пен қуаншылыққа қарай бірте - бірте өзгеруінің мың жылдан асатын дәуірі келді, сөйтіп ксеротермиялық минимум дәуірі басталды. Қуаншылық дәуірінде өзендердің суы тартылды, жайылмадағы алаңқайлар бірте - бірте құрғады, көлдердің су деңгейі төмендеді, түптеп келгенде, Солтүстік жартышардағы құрлықтардың жалпы ылғалдылығы азайды.

Климаттың жедел құрғауына байланысты Шығыс Европа мен Батыс Азиядағы далалық тайпалардың шаруашылығы мен тұрмысында болған өзгерістерді археологиялық деректемелер де растайды. Батыс және Орталық Қазақстанның ұзақ уақытқа арналған қонсытарында сумен жабдықтаудың жаңа әдісі - құдық қазу шығады.

Егер Қазақстанның солтүстік аудандарының тұрғындары мен Батыс Сібірдің орман және тайгалы аймақтарының тайпалары энеолит пен алдыңғы қола дәуірінде шаруашылық және мәдениет жағынан бір - біріне көп ұқсас болса, кейін климат өзгергенде бұл ұқсастық жойылады. Біздің заманымыдан бұрынғы ІІ мыңжылдықтың ортасында, Орталық Қазақстандағы сияқты бұл аудандарда да малшылық - егіншілік шаруашылық өрістеп, мал шаруашылығы басым дамиды.

Оңтүстік Сібірде Нарым өлкесінің тайгалы - батпақты аудандарына дейін бұл аймақтың тұрғындарына тән емес ежелгі мал шаруашылығының шаруашылық дәстүрлерінің кең таралуын және Қазақстанның далалық тайпалары мәдениеті ықпалының күшеюін, сірә нақ сол табиғи - климаттық құбылыстармен түсіндіруге болар.

Қола дәуіріндегі экономиканың басты - екі бағыты болып табылатын мал шаруашылығы мен металлургияның тез дамуы өндіргіш күштердің өсуіне, қоғамдық еңбек мамандануының күшеюіне, қоғамдық өмірдегі ірі өзгерістерге жеткізді. Жеке отбасылар оқшауланды, отбасылық меншік кеңейді, рулық қауым ішінде мүлік теңсіздігі өсті.

Қола дәуірінде Сібірдің, Жайық өңірінің, Қазақстанның және Орта Азияның ұлан - ғайыр далаларын тегі жағынан және тарихи тағдырларының отақтығы жағынан туыс тайпалар мекендеді; бұл тайпалар өзінше бір үлгідегі жарқын мәдениет қалдырды. Бірінші ескерткіштің табылған жері Ачинск маңындағы Андроново селоснының атына қарай бұл мәдениет ғылымыда шарты түрде « Андронов мәдениеті » деп аталады.

Андронов мәдени - тарихи қауымның негізгі орталықтарының бірі Қазақстан аумағында болды. Батыс аудандардың андроновтық тұрғындары қима мәдениетінің туысқан тайпаларының ықпалына үнемі түсіп және өз тарапынан оларға тікелей ықпал жасап отырды.

Археологиялық деректер андроновтық тұрғындардың басым көпшілігі отырықшылық өмір сүргенін көрсетеді. Қоныс - мекендер кең жайылма шалғыны бар өзендердің жағаларына орналасты. Андроновтық уақытқа байланысты металдан жасалған еңбек құралдары, қарулар және сәндік заттар: ұңғысы бар, дүмі шығыңқы балталар, сағасында ойығы бар пышақтар, балға-

шоттар, найзалар мен жебелердің өзгеше ұштары, білезіктер, айналар, моншақтар және әр түрлі ілмешектер көп тарады.

Андроновтық тұрғындары басқа тайпалардан айыратын мәдениеттің ең басты этнографиялық белгілері жерлеу ғұрпы, геометриялық өрнегі бар балшық ыдыстардың өзінше бір жиынтығы, металл бұйымдардың түрлері болып табылады.

Андронов тайпалары тұрқы әр түрлі тас қоршаулар түрінде зираттар тұрғызды, олар тік бұрышталып, дөңгелектей, сопақталып қоршалатын болды. Кейде, әсіресе Орал өңірінде бұлардың орнына обалар үйілді. Өлген тайпалас адамдар не өртелді, не не ерекше әдіспен бүйірінен жатқызылып қол - аяғы бүктеліп, тас тақталарданжасалған « жәшікке » немесе қазылған төрт бұрышты щұңқырға салынып жерленді.

Ыдыстар қолдан жапсырылып жасалды. Мұның алдындағы уақытта ыдыстардың түбі шығыңқы домаланып келетін болса, ол енді тайпақ болды. Олардың сырты тарақ тәрізді немесе тегіс қалыппен түсірілген күрделі геометриялық өрнектермен сәнделді.

Сәндік заттардың андроновтық тайпалар мәдениетінің тараған шегінен аспаған ерекше түрлері: алтын жапырақшадан бір жарым қайырым бүктеліп жасалған сырғалар, бас киімге және басқа да киімге тағылатын « көзілдірік тәрізді » және « табан із тәрізді » сәнді салпыншақтар, қақтама өрнекті тоғалар шеттері иректеліп түйілген білезіктер болды.

Өндіріс техникасының дамығандығы және қола заттар мен балшық ыдыстар түрлерінің әдемілігі мәдениет деңгейінің жоғарғы болғанын көрсетеді.

Алдыңғы қола дәуірінің қоныстарында тастан және бұғы мүйізінен жасалған теселер табылды. Жер қопсытатын таятармен және мүйіз теселермен салыстырғанда тас кетпендер өнімдірек болды, бұлармен жерді жақсырақ қопсытуға болатын еді. Тастан астық үгетін құралдар да, астық түйгіштер, тоқпақшалар, келілер, келсаптар пайдаланылған болса керек, ал соңғы қола дәуірінде бітімі әр түрлі қола және мыс орақтар, қола шалғылар пайдаланылды. Неғұрлым жетілген құралдардың пайда болуына байланысты егіс те біраз өсті. Негізінде бидай, қара бидай, тары егілді. Дәнді дақылдардың бұл түрлерінің бәрі қоныстарда салынған үйлер мен қора - қонсыларда айқын көрінеді.

Қазақстан аумағында тараған аудандардың бәрінде қола дәуірі мәдениетінің даму сатыларын сипаттайтын материал шаруашылық тұрпатынынң өзгергенін көрсетеді, қола дәуіріндегі тайпалар үй маңында мал өсіруден жайлауда мал бағуға, одан кейін көшпелі мал шаруашылығына көшті. Нақ осы жағдай материалдық мәдениеттегі өзгерітерді туғызды, дегенмен бұл өзгерістер барлық жерде бірдей болған жоқ. Географиялық және басқа факторларға байланысты бір аудандарда әуелі жабайы хайуандарды қолға үйретубасталды, ал екінші бір аудандарда әуелі қарапайым кетпендік егіншілік шығып тарады.

Соңғы онжылдықтарда ( 1976-1994 ж. ж. ) мыс балқыту өндірісі мен қыш құмыра жасаудың, кен кәсібінің және металл өңдеудің, сондай - ақ мал шаруашылығы мен аң аулаудың, егіншілік пен үй кәсібінің ежелгі тарихын толықтырған, Сарыарқаның оңтүстік бөлігіндегі дамыған және соңғы қола кезеңдері ескерткіштерінің кезеңдерге бөлінуі мен хронологиясын нақтылай түсуге мүмкіндік берген жаңа деректемелер мәлім болды.

Кен ісі, металлургиясы. Қола дәурінде адам қоғамының өндіргіш күштерінің дамуында мал шаруашылығымен және егіншілікпен қатар әр түрлі рудаларды өндіру, тас пен сүйекті ұқсату аса маңызды рөл атқарды.

Қазақстан аумағында мыстың, қалайының және алтынның бай кендері бар екендігі ежелгі уақыттан белгілі болатын. Көптеген көне кен орындары - мыс ( Жесқазған, Зыряновск, Қаршыға, Жалтыр, Ащылы, Ұратөбе, Күшікбай ), қалайы ( Атасу тауы, Қалба және Нарым жоталары ), алтын ( Степняк, Қазаншұнқыр, Балажал, Ақжал, Дайбай, Майқапшағай, Ақабек ) кен орындары бұл аймақтың ежелгі металлургия оталықтарының бірі болғанын көрсетеді.

Геологиялық зерттеулер ежелгі заманда тоттанған мыс рудаларын өндіріп, балқыту ісінің зор мөлшерге жеткенін аңғартады. Ең жұпыны есептін өзі Жезқазған өңірінде балқытылған мыстың көлемі шамамен 100 мың тонна болғанын көрсетеді. Успенск мыс руднигінен 200 мың тонна руда шығарылған, ал Имантау кен орнынан ежелгі заманда касситерит шығарылған кеніштерінің барлық зерттелген орындары бойынша жүргізілген есептің көрсетуінше мұнда 130 тонна қалайы өндірілген. Кені қазылып алынған орындардың аумағы мен шығарылған руданың көлемі мыс, қалайы және алтын кеніштерінің талай ғасырлар бойы пайдаланылып келгенін көрсетеді.

Мысы мен қалайысы мол, тотықтанған руда ғана ( малахит, азурит, кастерит ) өндірілді. Өндірудің түрі мен әдісі рудалы қабаттың орналасу жағдайына байланысты болды. Ұңғып алу жұмысы тек рудалы өзектердің бойымен жүргізілді, ал бос топырақ қозғалмай қала берді. Қопсыма рудалар босаң құрама тастардан, кварциттерден жасалған тоқпақшалармен, балталармен қарапайым « қайлалау » арқылы өндірілді. Қайлалауға келмейтін тығыз рудаларға отпен уату әдісі қолданылады. Өзектің үстіне немесе забойдың алдындағы қуысқа от жағылды, ал тас әбден қызған кезде оған су құйылады. Босаған қабат тас шотпен уатылып, ағаш күрекпен тері қақпа салынды, сөйтіп сыртқа шығарылды.

Отпен уатумен қатар үңгіме де пайдаланылды; оның ізі Жезқазған маңында сақталған ( Орталық Қазақстан ) . Ежелгі руда қазушылар ірі рудалы тастың астын үңгіп қазатын болған, содан кейін кварциттік балғамен соққылап, асты үңгіленген руданы түсірген. Терең қазылғанда төбесі опырылып түспеу үшін әр жерде тіреме қабат қалдырылған, кейде ағаш тіреуіштер қолданылған. Алайда шахталар талай рет құлап, руда қазушыларды басып қалып отырған. Үңгімелерде табылған адам қаңқалары және олардың жанындағы рудаға толы шірімей сақталған тері қаптар осыны көрсетеді.

Жер бетінде кен орнынан сыртқары жерде, әдетте көктемде су ағатын жырада немесе су жинау үшін арнайы қазылған орда руда тас балғамен және руда уатқышпен уатылып, кейін жуылатын болған. Су руданы « сулап »

байыту үшін - оны алғашқы рет кен - тастан айырып алу үшін қажет болды. Әбден уатылған руда ағаш күрекпен немесе ірі жануардың жауырынымен жиналып алынып, тері қақпа салынып, қоныстағы қорытатын жерге тасылды. Күрек ретінде пайдаланылған жануарлар сүйектері Милықұдық, Сорқұдық, Кресто ( Орталық Қазақстан ) ежелгі кен орындарынан кездесті; олар әбден мүжіліп, бетін мыстың жасыл тоты басқан.

Руда өндіріліп, уатылған жерлерде металдан, тастан, сүйектен жасалған көптеген кен құралдары - төрт қырлы қола балға шоттар, тас құралдардан - ауыр қайлалар, балғалар, сыналар, руданы үгетін келсаптар, келілер, содай - ақ сүйек, ағаш құралдардан - марал мүйізінен жасалған балғалар, киік мүйізінен жасалған сыналар, руданы қақпа салатын жануар жауырындары, ағаш күректер табылды. Руда тікелей қоныста немесе қонысқа жақын жерде қорытылды. Қорыту үшін көрік тәрізді қорыту пештері салынды; бұлардың іздері Милықұдықта, Жезқазғанда, Шүлбі өзенінің Ертіске құяр жерінде, Қанай ауылының маңында табылды. Қанай ауылының қонысы жанында, сайдың жарында, көмір аралсақан көп мыс күлі жиналды. Руданы балқыту үшін ағаш көмірі, флюс ретінде кварц, жоса пайдаланылды. Мыс рудасының күлі Атасу, Суықбұлақ қоныстарында, кесек - кесек рудалар, шлактар, мыс құймалары Былқылдақ - 1, Бұғылы - 1 қорымдарында, Бескөл - 1, Алексеевка, Трушинково, Қанай, Петровка - 2 қоныстарында табылды.

Мыс рудасы мен қалайы рудасы жеке - жеке балқытылды, ал кейінірек, белгілі бір затты құйғанда, мысқа қажетті мөлшерде қалайы қосылды. Мұны Г. Н. Щерба Саясу учаскесінің төменгі жағынан тапқан металды қалайының домалақ кесектері бар құймалар дәлелдейді. Қола заттарға жасалған химиялық және спектрлік талдау ежелгі металлургтердің қара дүрсін технологиясымен әр түрлі құралдарға қалайы мен мысты өздерінің қалауынша қосқанын көрсетеді. Олар қорытпада қалайының үлесі көбірек болса, металдың қатты, бірақ омырғыш болатынын, ал оның үлесі азырақ болса, онда, керісінше металл неғұрлым жұмсақ және иілгіш болатынын білген. Сондықтан соққыш құралдар жасау үшін 5 проценттен 9 процентке дейін, тескіш құралдар үшін және құрылыс құралдарының кейбір түрлері үшін 9 проценттен 12 процентке дейін және одан да көп қалайы қосатын болған. Сәндік заттарда да қалайының проценті көп болады. Ал орақтарда қалайының проценті аз болады, өйткені қалайысы көбірек болса, орақтың жұқа жүзі сынғыш келеді және тез істен шығып қалады.

Құйма шеберханаларының қалдықтары Мало - Красноярка, Алексеевское, Новоникольское - 1, Петровка - 2 қоныстарынан табылады. Бұларда бітімі әр түрлі тас және балшық құйма қалыптарда шаруашылыққа және тұрмысқа қажетті құралдардың көпшілігі - орақтар мен қанжарлар, пышақтар, найзалар мен жебелердің ұштары құйылды. Сәндік заттар көбінесе соғу, қақтау, ойып өрнектеу арқылы жасалды. Олар киімге тағуға арналған дөңгелек, қыспа өрнекті ілгектер, тізбектер, білезіктер, моншақтар, өңіржиектер және т. б.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қола дәуіріндегі қазақстан тайпалары
Жезқазған - Ұлытау өңірінің металлургия орталықтары
Андронов дәуірінің шеберлері
Қазақстандағы қола дәуірі жайлы
Қола дәуіріндегі Қазақстан жері
Қазақстандағы қола дәуірі туралы
Қола дәуірінің тарихнамасы
Қазақстан аумағындағы қола дәуірінің қоныстары
Қола дәуіріндегі Қазақстан туралы ақпарат
Қарқаралы өңірінің ежелгі металлургия ескерткіштерін зерттеу тарихы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz