Қазақстан мен Қытай Халық Республикасының экономикалық байланысы (1991-2009 жж.)


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
ӘЛ-ФАРАБИ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ
УНИВЕРСИТЕТІ
Тарих факультеті
Қазақстан Республикасының тарихы кафедрасы
Магистрлік диссертация
Қазақстан мен Қытай Халық Республикасының
экономикалық байланысы (1991-2009 жж. )
Тарих - 6N0203
Орындаған 2 курс магистранты Момунтаева Л. Б.
Ғылыми жетекші,
т. ғ. д., профессор Алтаев А. Ш.
Кафедра меңгерушісінің
рұқсатымен қорғауға жіберілді
т. ғ. д., профессор Алтаев А. Ш.
Алматы, 2011
МАЗМҰНЫ
ҚЫСҚАРТУЛАР
КІРІСПЕ
- Қазақстан Республикасы мен Қытай Халық Республикасының экономикалық байланысының қалыптасу жолдарыҚазақстан мен Қытай Халық Республикасы арасындағы
экономикалық байланыстың қалыптасу кезеңдері
- 1. 2 Қазақстан Республикасы мен Қытай Халық байланысының құқықтық негізінің қалануы
- Екі жақты экономикалық қатынасының негізгі бағыттары және олардың даму үрдісі2. 1 Өзара экономикалық қарым-қатынастағы энергетика саласы жәнеондағы қиындық тудырған мәселелер2. 2 Қазақстан Республикасы мен Қытай Халық сауданың дамуы2. 3 Көлік және коммуникация саласы бойынша әріптестік
- ҚОРЫТЫНДЫ
- ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
ҚЫСҚАРТУЛАР
АҚШ -Америка Құрама Штаттары
АТА - Азиялық-Тынық мұхиттық аймақ
БҰҰ (ООН) - Біріккен Ұлттар Ұйымы
БРИК - Бразилия, Ресей, Үндістан және Қытай елдері
БХӨЖ (ВСНП) - Бүкілқытайлық халық өкілдер жиналысы
ЕЭА - Еркін экономикалық аймақ
КҚК (КТК) - Каспий Құбыр Консорциумы
ҚКП - Қытай Коммунистік Партиясы
ҚҰМК (КННК) - Қытайдың Ұлттық Мұнай компаниясы
ҚР - Қазақстан Республикасы
ҚХР - Қытай Халық Республикасы
ІЖӨ - ішкі жалпы өнім
ШҰАА - Шыңжаң Ұйғыр Автономиялы ауданы
ШЫҰ - Шанхай ынтымақтастық ұйымы
CNODC - Қытай Ұлттық Мұнайгаз Корпорациясы
CNOOC - Қытайдың мұнай және химия корпорациясы
CNPC - Қытай Ұлттық Мұнай Корпорациясы
КІРІСПЕ
Зерттеу жұмысының жалпы сипаттамасы. Диссертациялық жұмыс Қазақстан Республикасының тәуелсіздік алғаннан кейін тарихи тамыры терең әрі көршілес жатқан Қытай Халық Республикасымен экономикалық байланысының қалыптасуы мен оның негізгі бағыттарының даму үрдісін тарихи тұрғыда зерттеуге арналған.
Тақырыптың өзектілігі. Қазақстан - Ресей мен Қытайдай әлемдік державалар арасында шаңырақ көтерген ел. Тәуелсіздікті сақтау үшін Қазақстан осы екі елмен ерекше саясат жүргізу керек. Тарих Абылай ханнан кейін араға үш жүз салып қазаққа қайтадан тәуелсіз мемлекет құру мүмкіндігін берді. XX ғасырдың аяқ шені, дәлірек айтсақ, 1990-шы жылдар жетпіс жыл бойы социалистік тәртіп орнатып келген Кеңес Одағының құрамында болған Қазақстан үшін тарихи бетбұрысты кезең болды. Кеңес Одағы ыдырағаннан кейін тәуелсіздік туын көтерген жас мемлекет халықаралық қатынастардың субъектісі ретінде бүкіләлемдік сахнаға шығып, сыртқы әлеммен, шет елдермен жоғары мемлекетаралық дәрежеде қатынастар орнату мүмкіндігіне ие болды. Ол Біріккен Ұлттар Ұйымы, Еуропадағы Қауіпсіздік және Ынтымақтастық Ұйымы секілді беделді халықаралық ұйымдарға мүше болып, алыс-жақын шет мемлекеттермен ресми байланыстар орнатып, сан-саладағы ынтымақтастықты дамыта бастады. Қазақстан Республикасының жаңаща дамуы қарсаңында бұл өңірге қатысты әлемнің алпауыт мемлекеттерінің қызығушылығының артқанын байқаймыз. Қазақстанның стратегиялық маңызды өңірге айналуы оның геосаяси және геоэкономикалық жағдайымен түсіндіріледі. Біріншіден, Қазақстан шығыс пен батысты, оңтүстік пен солтүстікті байланыстыратын маңызды жол тораптарының тоғысатын жерінде орналасқан болса, екіншіден, табиғи ресурстарға, шикізат қорына өте бай болып келеді.
КСРО ыдырағаннан кейін Қазақстан әлемнің ірі державалары ғана емес, сондай-ақ орташа деңгейдегі аймақтық «күш орталықтары» қатысқан жаңа «үлкен ойынның» сахнасына айналды. Егер XIX ғ. - XX ғ. басында негізгі ойыншылар Ресей және Британ империялары болса, енді Ресей Федерациясы, АҚШ, Қытай, Түркия, Иран, Үндістан, Пәкістан, Сауд Арабиясы, сонымен қатар, еуропалық мемлекеттер де белгілі дәрежеде қатысады. 1990-шы жылдары аталмыш мемлекеттердің Қазақстанға қатысты саясатында экономикалық мүдде басым тұрды. Кейінірек геосаяси жағдайдың өзгеруіне байланысты аймақтағы ойыншылардың, оның ішінде АҚШ-тың саяси белсенділігінің артқанын байқауға болады. Әсіресе, 2001 жылы 11 қыркүйек оқиғаларынан кейін АҚШ-тың аймақтағы әскери-саяси ықпалы күшейе түсті. Бұл жағдай өз кезегінде Қытай мен Ресейді алаңдатты. Сөйтіп олар бірлесіп ынтымақтаса отырып, АҚШ-тың аймақтағы белсенуіне тосқауыл қоюға тырысып бақты. Қазақстанның жалпы ахуалының қалыптасуы мен бағытталуы ең бірінші кезекте Ресеймен және Қытаймен айқындалады. Сондықтан да Қазақстан үшін солтүстіктегі және шығыстағы көршілер - Ресеймен және Қытаймен байланыстарды дамытып, нығайту алғашқы мақсаттардың бірі болып табылады. Әлемнің осы екі ірі державасы Қазақстанның сыртқы саясатындағы басымдықтардың қатарына кіреді. 2006 жылдың наурызындағы Қазақстан Президенті Н. Назарбаевтың халыққа Жолдауында осы екі мемлекетпен ынтымақтастықты дамытуға ерекше назар аударылған. Сондықтан Қазақстанның геосаяси жағдайы, тікелей Қытаймен шекаралас болуының өзі тақырыптың өзектілігін айқындайды. Қазақ елінің тәуелсіздік алғаннан кейінгі жаңа кезеңдегі халықаралық қатынастар жүйесіне өзіне тиесілі орынды иеленуде әлем елдерімен, әсіресе көршілес Қытаймен және Ресеймен байланыстары зерт теудің өзектілігін айқындайды.
Әлемде 97 халықаралық ұйым болса, Қазақстан олардың 64-не мүше. Қазақстанның өзін қазіргі таңда 117 мемлекет мойындаған, жүзден аса мемлекетпен дипломатиялық қарым-қатынастар орнатылған, 40-қа жуық мемлекетте Қазақстанның елшіліктері мен өкілдіктері жұмыс істейді, ал Қазақстанда шет мемлекеттер мен халықаралық ұйымдардың 56 дипломатиялық өкілдіктері қызмет жасайды.
Ежелгі өркениет елі болып табылатын Қытай - ұлы мемлекет. Аспан асты елінің 1979 жылдан бастап жүргізген ашық есік және реформалар саясатының нәтижесі оның экономикалық даму деңгейін әлем таңданарлық дәрежеге жеткізгені мәлім. Қытайдың жалпы ішкі өнімінің жылдық орташа өсімі 9, 4 % құрап, 2003 жылы 1 трлн. 400 млрд. АҚШ долларды көрсеткен. Белгілі американдық саясаттанушы-ғалым Г. Киссинджердің Қытайдың әлеуеті жөніндегі сөзін келтірсек: «Барлық ұлы және әлеуеті зор мемлекеттердің ішінде Қытай алға басудың ең жоғарғы деңгейінде. АҚШ қуаттылыққа әлдеқашан жеткен, Еуропаға берік тұтастыққа жету үшін әлі де еңбектену керек, Ресей - сүрініп келе жатқан алып, ал Жапония бай, бірақ әлі де жасық. Қытай болса, экономикалық дамудың 10 пайызға жақындаған жыл сайынғы қарқынын сақтап, өте күшті ұлттық тұтастық сезіміне және одан да мықты әскери күшке ие бола отырып, ұлы державалар арасында әлдеқайда қатысты жоғары өсімді көрсетіп отыр». Американдық саясаткер Збигнев Бжезинский өзінің «Великая шахматная доска» атты кітабында 20-шы ғасырдың соңғы онжылдығында қалыптасқан әлемдік геосаяси жағдайға баға бере отырып, Қытайды әлемдік емес, аймақтық держава деп атайды. Автор қандай қолайлы жағдайда дамығанның өзінде объективті себептер Қытайды 2020 жылға қарай әлемдік мемлекетке айналдыруға қол жеткіздіре алмайтынын айта келе, былайша қорытынды жасайды: «Қытай қазірдің өзінде құрлықтағы геосаяси тұрғыдан алғанда ең ықпалы күшті мемлекет болып табылады. Оның әскери және экономикалық қуаты көршілес елдермен, Үндістаннан басқа, ешқандай салыстыруға келмейді. Сондықтан өз тарихының, географиясының және экономикасының талаптарына сәйкес Қытай аймақтағы өз ықпалын нығайта түсері хақ».
Ежелгі Ұлы Жібек жолының гүлдену шағынан бастап Қазақстан жері Қытай үшін өте маңызды өңір болған. Осы Жібек жолы арқылы Қытай елі батыспен сауда қатынастарын дамытқан, яғни аймақ Қытайды Еуропамен жалғастырушы, байланыстырушы көпір болды десе де болады. Ал бүгінгі ғаламдасу заманында да аймақтың Қытай елі үшін маңызы одан сайын арта түсті. Өйткені, бүгінгі таңда, интеграциялық процестердің жандануы сыртқы саясатта көптармақтылықты, барлық мемлекеттермен тығыз байланыстар орнатуды ұстануды қажет етеді. Қытай Халық Республикасының әлемдік саясатта, әлемдік экономикалық қатынастар жүйесіндегі жетекшілік рөлінің артуы бұл елдің сыртқы саясатын зерттеудің маңыздылығын және қажеттілігін айқындайды. Сондықтан Қытай сыртқы саясатының негізгі принциптері мен ұстанымдарын анықтау, әсіресе, оның қазақ еліне қатысты ұстанған сыртқы саясатына талдау жасау өте қажет. Сол себепті Қытайдың Қазақстандағы стратегиялық мақсаттары мен мүдделерін айқындаудың маңыздылығы зерттеудің өзектілігін арттырады. Қытайдың Қазақстандағы сыртқы саясатындағы негізгі салалар ретінде сауда-экономикалық және саяси ынтымақтастықты атауға болады. Аталған мәселелерге ғылыми тұрғыда баға беру, талдау және сараптау тарих ғылымы үшін өте маңызды.
Зерттеу жұмысының нысаны. Қазақстан Республикасы мен Қытай Халық Республикасы арасындағы экономикалық ынтымақтастығының бағыттары, олардың даму үрдісі мен деңгейіне талдау жасау.
Зерттеу жұмысының пәні. 1991-2009 жж. аралығында Қазақстан Республикасының сыртқы саясатындағы Қытай Халық Республикасының алатын орны, өзара экономикалық бағыттағы ынтымақтасығының қалыптасуы мен даму деңгейі.
Диссертациялық зерттеу жұмысының мақсаты. Қазақстан Республикасы мен Қытай Халық Республикасы арасындағы экономикалық байланыстың негізгі бағыттарын жүйелі әрі кешенді түрде зерттей отырып, тарихи тұрғыда талдау жасау.
Зерттеу жұмысының мақсатына сәйкес мынадай міндеттер түйінделеді:
- Қазақстан Республикасы мен қытай Халық Республикасы арасындағы
экономикалық байланыстың қалыптасу жолының кезеңдерін анықтау;
- Екі жақты экономикалық байланыстың негізгі бағыттарын айқындау;
- ҚР мен ҚХР арасындағы мұнай және газ саласындағы мәселелерді
сараптау;
- ҚР мен ҚХР әріптестігіндегі сауданың орнын анықтап, даму деңгейіне
баға беру;
- Қазақстан - Қытай қатынасындағы көлік және коммуникация
саласының маңыздылығын ашып көрсету;
- Екі мемлекеттің өзара инвестициялық саясатын талдау.
Зерттеу жұмысының хронологиялық шеңбері. Қазақстан Республикасының тәуелсіздік алған жылынан бастап, яғни 1991 жылдан 2009 жылға дейінгі аралықты қамтиды.
Зерттеу жұмысының деректік негізі. Тақырыпқа қатысты деректерді үлкен үш топқа бөліп қарасытруға болады.
Бірінші топқа заңдық-құқықтық негіздегі, мемлекеттік маңызы бар құжаттар жатады. Оның ішінде дипломатиялық құжаттар, ІІМ құжаттары, екі мемлекет арасындағы келісімдер бар. Атап айтқанда, ең алдымен, ҚР Конституциясы, ҚХР Конституциясы, ҚХР сыртқы саудасы туралы Заң, «Қытай Халық Республикасы мен Қазақстан Республикасы арасындағы Достық өзара қатынастар негіздері туралы Бірлескен Декларация», «2003-2008 жж. аралығындағы Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы туралы Бағдарлама», «Қытай Халық Республикасы мен Қазақстан Республикасы арасындағы ХХІ ғасырда жан - жақты ынтымақтастықты одан әрі нығайту туралы бірлескен декларация», т. б. сияқты ресми құжаттарды атауға болады.
Екінші топты мемлекет басшылары, ресми тұлғалар мен өкілдердің, мемлекеттік қызметкерлерінің тақырыпқа қатысты сөйлеген сөздері, берген сұхбаттары, баяндамалары және зерттеушілердің еңбектері құрайды. Мұнда ҚР Президенті Н. Ә. Назарбаевтың, СІ Министрі болған Қ. Тоқаевтың, Қытай тарапынан Дэн Сяопин, Ли Пэн, Цзян Цзэминнің сөйлеген сөздері, баяндамалары басты болып табылады.
Үшінші топқа мерзімді басылым, баспасөз және интернет желісіндегі мәліметтерді жатқызуға болады. Олар қазақстандық «Егеменді Қазақстан», «Жас алаш», «Панорама», «Казахстанская правда», газеттерінде және «Дипломатия жаршысы», «Ақиқат», «Шекарашы», «Отан тарихы», «Қазақ тарихы», «Саясат», «Қоғам және дәуір», «Қазахстан - Спектр», «Аналитик», «Континент», «Центральная Азия» журналдарында; ресейлік «Известия», «Независимая газета», «Аргументы и факты», «Проблемы Дальнего Востока», «Мировая экономика и международные отношения», «Нефть и газ» сияқты газет пен журналдарды, қытайлық “Renmin ribao”, “Zhongguo ribao”, газеттері мен «Көрші», «Контимост», “Shijie jingji yu zhegzhe” журналдарында жинақталған. Ал әлемдік электронды интернет жүйесіндегі қытайлық “Xinhua”, “Zaobao”, “China. org. cn”, “CRL Onlinr” ресми сайттары.
Тақырыптың зерттелу деңгейі. Қытай мен Қазақстан арасындағы 1990-шы жылдардағы байланыстар көптеген зерттеулерде орын алған. Бүгінгі таңда Қазақстан мемлекеті мен Қытай арасындағы экономикалық байланыстар кең аумақты саяси қызығу құралына айналды. Қытайдың сыртқы саясаты, оның ішінде Қазақстанға қатысты саясаты мәселелері көптеген зерттеушілердің еңбектеріне арқау болды.
Зерттеу жұмысында пайдаланылған еңбектер қатарында Қазақстан Республикасы елбасының еңбектерін айтуға болады. Мемлекет басшысының еңбектерінде елдің жалпы жүргізіп отырған ішкі және сыртқы саяси бағыты мен өзара байланыстарды дамытудағы ұстанымы айқын көрінеді және қарастырылып отырған тақырыпты талдауға көмектеседі. Мысалы, Н. Назарбаевтың «Қазақстанның егеменді мемлекет ретінде қалыптасуы мен дамуының стратегиясы», «Ғасырлар тоғысында», «Сындарлы он жыл» атты кітаптары еліміздің егемен ел ретінде ішкі және сыртқы саясатын қалыптастырып, даму бағытын қарастырған. Оның ішінде міндетті түрде шығыс көршіміз - Қытаймен сан-саладағы ынтымақтастық, Қазақстанның бұл мемлекетпен өзара тиімді, достық, тату көршілік байланыстарды дамытудың қажеттілігі баяндалады. Қазақстанның егемен ел ретінде сыртқы саяси бағыттарын айқындауы, оның халықаралық қауымдастыққа толыққанды мүше ретінде кіруі және Қазақстан - Қытай байланыстары мәселелерін Қ. Тоқаевтың «Под стягом независимости», «Внешняя политика Казахстана в условиях глобализации», «Беласу» атты еңбектерінен біле аламыз. Оларда тәуелсіздік алғаннан бергі Қазақстанның жүргізген саясаты баяндалып, сыртқы саясаттың бағыттары, кезеңдері және басым жақтары қарастырылған. Соның ішінде Орталық Азия елдерінің Қытаймен байланысына жалпы шолу жасай отырып, Қазақстан мен Қытай арасындағы байланыстар қарастырылып, жекелеген салаларына талдау жасалынған.
Қытай мен Қазақстан арасындағы байланыстар белгілі саяси қайраткер, дипломат Қ. Сұлтановтың да зерттеу еңбектерінің негізін құрайды. Ол өзінің зерттеулерінде Қазақстан мен Қытай арасындағы екіжақты байланыстың қалыптасуы мен дамуын, Қазақстан мен Қытайда жүргізілген экономикалық реформаларға баға бере отырып, олардың болашағы жөнінде сөз қозғайды. Қ. Сұлтановтың Қазақстан мен Қытай арасындағы өзара ынтымақтастықты қарастыруға бірқатар мақалалары арналса, «Пробуждение гиганта», «Реформы в Казахстане и Китае» атты кітаптары Қытайдың ашық есік саясаты мен реформалар жүргізуі нәтижесінде қол жеткізген жетістіктеріне талдау жасай отырып, Қазақстан мен Қытайдағы экономикалық реформалардың ерекшеліктеріне, ортақ жақтарына баға беріледі.
Қытайтанушы-ғалым К. Ш. Хафизованың еңбектері, бірқатар ғылыми мақалалары қазіргі заманғы, яғни, Кеңес Одағы ыдырап, Орталық Азия елдері, соның ішінде, Қазақстан тәуелсіздік алғаннан кейінгі Қытай мен Қазақстан арасындағы байланыстарға арналған. Сонымен қатар, Шыңжаңның Қазақстанмен саяси, әскери, қауіпсіздік, сауда-экономикалық және мәдени ынтымақтастығына талдау жасалынған.
Қытай мен Қазақстан арасындағы қарым-қатынасты зерттеуші К. Сыроежкиннің де еңбектері талданған. Оның еңбектері аталмыш мемлекеттер арасындағы сауда-экономикалық және саяси байланыстарды қарастырады. Сонымен қатар, автордың ғылыми мақалаларында тарихи шолу жасау арқылы Қытай мен Қазақстанның шекара мәселесінің шешілу процесі кеңінен талқыланған.
Сонымен бірге зерттеуші М. Лаумулиннің бірқатар басылымы Қытай мен Қазақстанның қарым-қатынасы тұсындағы батыс зерттеушілерінің, әсіресе американдық зерттеушілердің көзқарасын баяндайды. Олардың ішінде Г. Фуллер, Дж. Гинсбург, Ч. Аделенд, Н. Платт, М. Олкотт және т. б. бар. 2005 жылы ҚР Президенті жанындағы Қазақстан стратегиялық зерттеулер институты басып шығарған «Политика КНР на современном этапе: реалии и перспективы» атты ғылыми зерттеу кітабы жарық көрді. Бірінші тарауда М. Т. Лаумулин мен К. Л. Сыроежкин Қытайдың сыртқы саясатының тетіктерін аша отырып, оның Еуразия, Батыс бағыттарындағы саясатына талдау жасайды. Олар Қытайдың «аймақтық ойыншыдан» біртіндеп халықаралық қатынастардың маңызды ғаламдық факторына айналып бара жатқандығын айтып, аспан асты елінің сыртқы саясатын зерделей келе мынадай түйін жасайды: «Еуразия мемлекеттері үшін, ең алдымен, Ресей мен Қазақстан үшін мына фактіні түсініп алу өте маңызды - қытай мемлекетінің сыртқы саясатының маңызды мақсаты этникалық қытайлардың ірі, экономикалық және саяси ықпалы күшті, ұлттық-әлеуметтік оқшауланған отарларын құру болып табылады».
Қытайдың тарихы мен оның басқа елдермен және аймақтармен байланыстарын зерттеген ғалымдар қатарында В. Моисеев, Р. Сүлейменов секілді отандық ғалымдар бар.
Қазақстан мен Қытайдың өзара ықпалдастығы тақырыбына қатысты зерттеулердің көп болуына қарамастан, арнайы экономикалық ынтымақтастығына қатысты жекелеген зерттеулер жоқтың қасы.
Зерттеу жұмысының теориялық-методологиялық негізі. Зерттеудің методологиялық негізін тарих ғылымының мынадай жалпы теориялық принциптері құрайды: қажетті мәліметтерді табу және оларға сипаттама берудегі тарихи таным; оқиғалар мен жағдайларды зерттеуде тарихи объективтілік, нақтылық; қоғамдық құбылыстардың дамуын және өзгеруін зертеудегі нақтылы-тарихи әрекет; танымдағы жан-жақтылық, олардың бір-бірімен ара қатынасы және байланыстары.
Ғылыми жұмыста қоғамдық ғылымдар саласындағы зерттеушілердің еңбектері және ондағы көтерілген концептуалдық мәселелер өткен және қазіргі кезеңдегі байланыстық мағына дәрежесінде пайдаланылды.
Қойылған міндеттерді орындау барысында жалпыға мәлім зерттеу әдістері қолданылды. Ғылыми әдістің жалпыдан жалқыға көшу принципін сақтай отырып, еңбекте анализ, синтез, салыстыру және басқада әмбебаптық зерттеу әдістері барынша пайдаланылды.
Зерттеу жұмысын жүргізу барысында Қазақстан Республикасы мен Қытай Халық Республикасының өзара экономикалық саясатын анықтауда «Мемлекеттік сыртқы саясатындағы ұлттық және мемлекеттік мүдделерді сақтау принципі» методологиялық принципінің арқау болуы нәтижесінде зерттеу жұмысының мазмұнын объективті түрде сараптауға, Қытай - Қазақстан экономикалық ынтымақтастығының нысандары мен бағыттарын анықтауға, оның шынайы сипатын тура айқындауға мүмкіндік туғызады.
Зерттеу жұмысының ғылыми жаңалығы. Тақырып бойынша жарық көрген нақты деректер мен ғылыми зерттеулер негізінде Қазақстан Республикасы мен Қытай Халық Республикасының экономикалық байланысы (1991-2009 жж. ) тарихи тұрғыда талданып, сарапталған. Алынған кезеңге сәйкес Қазақстан - Қытай экономикалық әріптестігінің жағдайына өзіндік тұрғыда баға беруге тырысқан.
- Қазақстан тәуелсіздік алғаннан кейінгі Қытайдың біздің елмен
экономикалық ынтымақтастығының деңгейін ашуға талпыныс жасалынды;
- ҚР мен ҚХР арасындағы дипломатиялық құжаттар мен өзара
сапарларға талдау жасау негізінде Қазақстан мен Қытай арасындағы экономикалық әріптестігінің даму үрдісі жүйелі түрде қарастырылды;
- Экономикалық бағыттағы ынтымақтастығы нәтижелеріне сүйене
отырып, Қытайдың Қазақстандағы осы сала бойынша сыртқы саясатының болашақтағы бағдары мен байланыстарының дамуына болжам жасалынды;
- Екі ел арасындағы экономикалық қарым-қатынас жайлы өз зерттеуін
Жүргізген авторлардың еңбектерін шынайылық принцип тұрғысынан заңдастырдық және ғалымдар жариялаған еңбектің пайда болу уақытымен санастық;
- Егеменді еліміздің ғалымдарының зерттеулеріндегі Қазақстан және
Қытай арасындағы экономикалық ынтымақтастығы мәселесінің жазылу шамасына өзімізше талдау жасалынды.
Зерттеу жұмысының қолданбалы маңызы. Диссертациялық жұмыс арқылы оқырмандар Қазақстан Республикасының Қытай Халық Республикасымен жүргізген экономикалық байланысының қалыптасу тарихымен таныс бола алады. Яғни, оның негізгі даму үрдісін объективті түрде бағалап, оны тереңінен танып білуге м. мкіндік алады. Сонымен қатар, ҚР мен ҚХР арасындағы экономикалық ынтымақтастығының негізгі бағыттары, ондағы жетістіктер мен кемшіліктер туралы мәлімет ала алады. аталған тақырыптағы зерттеу жұмысы кез-келген оқырманға Қазақстан мен Қытай арасындағы экономикалық байланысы жайында толық әрі жүйелі көрініс қалыптастыруына мүмкіндік береді.
Зерттеу жұмысының сыннан өтуі. Аяқтау жұмысы әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық ұниверситеті Тәуелсіз Қазақстан тарихы кафедрасында дайындалып, талқыланып, қорғауға ұсынылды. Зерттеу жұмысының негізгі мәселелері диссертанттың 2 ғылыми мақаласында көпшілік назарына ұсынылды.
Зерттеу жұмысының құрылымы мен көлемі. Зерттеу жұмысы кіріспе, екі тараудан, қорытынды мен пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады. Диссертациялық жұмыстың көлемі - 83 бет.
- Қазақстан Республикасы мен Қытай Халық Республикасының
экономикалық байланысының қалыптасу жолдары
1. 1 Қазақстан Республикасы мен Қытай Халық Республикасының
экономикалық байланысының қалыптасу кезеңдері
Қазақстан мен Қытай арасындағы сауда-экономикалық байланысының
даму тарихы сан жылдарға созылған. Оның даму үрдісі саяси жағдайларға тікелей тәуелді болды және түрлі өзгерістерге ұшырап отырды, себебі, көршілес жатқан мемлекеттердің геосаяси жағдайы да, олардың әріптестік орнатудағы қызығушылықтары да өзгеріп отырған.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz