Беттік активті заттар


Кіріспе
Беттік активті заттар өндірістің түрлі салаларында, сонымен қатар күнделікті тұрмыста да үлкен қолданысқа ие. Бұл заттардың көмегімен беттік фазааралық қабаттың қасиеттерін айтарлықтай өзгертуге және соның нәтижесінде фазалар шекарасындағы өтетін процестерге әсер етуге болады. БАЗ-ды қосу арқылы материалдың беріктігін төмендетуге, бетонды қоспалар мен керамикалық композициялардың иілімділігін арттыруға болады. БАЗ-ды металдарды коррозиядан қорғауда, мұнай өндірісін сапаландыруда, рудаларды байыту кезінде флотацияда, өрт сөндіруге қажет көбіктерді алуда, т. с. с. салаларда пайдаланады.
Сонымен қатар, БАЗ әмбебап әсерге ие синтетикалық жуғыш заттардың негізі болып табылады. Дәл осы бағытта өндірілетін БАЗ-дың көп мөлшері жұмсалады. Жуғыш әсердің механизмі бірнеше кезеңдерден тұрады. БАЗ ерітіндінің беттік керілуін төмендетеді, бұл кірленген заттардың жібітілуін және ерітіндінің тар жерлерге енуін жақсартады. БАЗ-дың кір бөлшектеріне және өңделіп жатқан бетке адсорбциялануы сол бөлшектердің беттен бөлінуін және ерітіндіде қалуын қамтамасыз етеді. Түзілген көбік кірлерді әкетуге көмектеседі. Майлы кірлерді тазалау солюбилизация нәтижесінде іске асады. Солюбилизация деп коллоидты БАЗ ерітіндісінде жай сұйықтықтарда ерімейтін заттардың коллоидты еруін айтады.
Жуғыш әсер
БАЗ-дың өзге ерітінділеріне қарағанда коллоидты БАЗ-дың судағы ерітінділері жуғыш әсерге ие болып келеді. Жуғыш әсер деп әр түрлі беттерден кірлерді кетіруге бағытталған және сол кірлердің ерітіндіде қалуын қамтамасыз ететін коллоидты - химиялық процесті айтады. Аталған кірлерге табиғаты минералды немесе органикалық болып келетін қатты қоспалармен араласқан майлы өнімдер (жануар майы, майлы қышқылдар, мұнайөнімдері) жатады.
Жуғыш әсердің майлы кірлерді кетіру кезеңдері 1-суретте көрсетілген.
Жуғыш әсердің кезеңдері
1-Коллоидты БАЗ-дың сулы ерітінділерінің (С) майлы кірлерді (М) және қатты бетті (Қ) жібітуі; 2 - адгезияны жеңу және қатты беттен майлы кірлердің алынуы; 3 - диспергирлену және пептизиция; 4 - солюбилизация; 5, 6, 7 - кірлерді эмульсия, суспензия түрінде суда және көбіктерде ұстап тұру.
Бірінші кезең - қатты беттің жібітілуі; бұл кезде шекаралардың алмасуы болады: кір бет-ауа шекарасы мен қатты бет-ауа шекаралары май-су және қатты бет-су шекараларына алмасады. Жібіту фазааралық қабатта БАЗ-дың адсорбциясы кезіндегі беттік керілудің төмендеуі нәтижесінде жақсарады.
Жуғыш әсердің екінші кезеңінде кір бөлшектерінің қатты беттен ажыратылуы іске асады. Майлы кірлердің кету құбылысын түсіндіру үшін мынадай белгілеу жүргізейік:
Майлы кірлердің адгезиясынан асу кезіндегі Гиббс энергиясының өзгерісін былайша көрсетуге болады:
Өздігінен жүретін процестер үшін былай деп жазуға болады:
Кірлердің өздігінен кетуі үшін сумен шекаралас жерде май мен қатты дененің беттік керілуі -нен үлкен болуы тиіс. Бұл процесс коллоидты БАЗ-дың адсорбциясы нәтижесінде болады. Сонымен, жуғыш әсердің бірінші және екінші кезеңдері коллоидты БАЗ-дың беттік қасиеттерімен байланысты.
Механикалық әсер етудің нәтижесінде, мысалға жуу кезінде, жуғыш әсерді күшейтуге болады, әсіресе ( ) шарты орындалмаған кезде және адгезиялық әсердің өздігінен бұзылуы жүрмеген кезде. Бұндай кезде БАЗ-дың әсерінен кір бөлшектердің адгезиясы төмендеп, оларды механикалық жолмен кетіру мүмкін болады.
Коллоидты БАЗ-дың айрықша ерекшеліктері жуғыш әсердің кір бөлшектерін сулы ортада ұстап қалу және олардың тазаланып жатқан бетке қайта отыруын болдырмау кезеңінде көбірек байқалады.
Бөлшектердің суда қалуы БАЗ ерітінділерінің коллоидты қасиеттерімен анықталады. Алдымен бөлшектердің ұсақ бөлшектерге диспергирленуі жүреді. Пептизация нәтижесінде қатты кірдің ірі бөлшектерінің кіші бөлшектерге дейін ұнтақталуы немесе агрегаттардың бұзылуы болады. Содан кейін бөлшектердің бетінде адсорбцио - сольваттық қабат түзіледі, бұл өз кезегінде бөлшектердің агрегациясына кедергі жасап, олардың қалыпты күйде болуын қамтамасыз етеді. Былайша айтқанда, стабильді суспензия түзіледі. Пептизация коллоидты БАЗ-дың суспендирлеу әсерімен бірге қатты бөлшектерді ұстап тұрады.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz