Қылмыстық құқық бойынша жазаның жүйелері



Кіріспе
Негізгі бөлім
1. Қылмыстық құқық бойынша жазаның жүйелері мен түрлері және ұғымы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..4
2. Жазаның мақсаттары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..5
3. Жазаның түсінігі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .6
4. Жаза тағайындаудың жалпы негіздері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..9
5. Үкімдердің жиынтығы бойынша жаза тағайындау ... ... ... ... ... ... 13
6. Қылмыстық құқықтағы жаза институтының даму тарихы ... ... ... 16

Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 26
Қолданылған әдебиет тізімі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .27
Қылмыстық заңның өзінде барлық соттар үшін міндетті бо¬лып табылатын жекелеген жазаларды қолданудың шарты, шегі және тәртібі белгіленген. Мұның өзі Республика аумағында қылмысқа қарсы күрес саласында біркелкі жазалау қызметін жүзеге асыруға мүмкіндік береді. Сотталған адамға келтірілетін айырудың мәніне қарай жазаның, түрлері мынадай топтарға бөлінеді:
Сотталған адамға моральдық жағынан әсер ететін жаза түрлері. Бұған жататындар: қоғамдық жұмыстарға тарту, арнаулы, әскери немесе құрметті атағынан, сыныптық шенінен, дипломатиялық дәрежесінен, біліктілік сыныбынан және мемлекеттік наградадан айыру.
Сотталған адамның құқығына шек қоюмен байланысты жаза түрлері: белгілі бір лауазым атқару немесе белгілі бір қызметпен шұғылдану құқығынан айыру, әскери қызметбойынша шектелу.
Сотталған адамды материалдық жағынан айыруға байланыс¬ты жазалар: түзеу жұмыстары, айыппұл, мүлікті тәркілеу.
Сотталған адамның құқығынан немесе бас бостандығынан айыруға байланысты жаза түрлері: өлім жазасы, бас бостандығынан айыру, қамау, тәртіптік әскери бөлімде ұстау. Жаза түрлерін топтастырудың бұдан басқа түрлері жалпыға мәлім. Жаза жүйелеріне кіретін барлық жаза түрлері негізінен үш топ¬қа бөлінеді: Қылмыстық заңның баптарының санкцияларында қосымша шаралар қолдану немесе қолданбау мүмкіндігі айтылған болса, онда соттардың оны тағайындау туралы мәселені қарап, қабылданған шешімнің дәлелдерін үкімнің дәлелдеу белігінде міңдетті түрде көрсетуге тиіс. Соттардың назары мынаған аударылсын: қосымша жазаның айыппұл, мүлікті тәркілеуі сиякты түрлері қосымша жаза ретінде тек егер олар сотталушыны кінәлі деп таныған ҚК бабтарының диспозицияларында қосымша жаза ретінде көзделген болса ғана қолданылуы мүмкін.
1. Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының «Қылмыстық жаза тағайындаған кезде соттардың зандылықты сақтауы туралы» 1999 жылғы 30 сәуірдегі № 1 нормативтік қаулысы (Егемен Қазақстан. 1999.21 мамыр).
2. Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының «Соттардың рецидивті қылмыстар жөніндегі қылмыстық істерді қарау тәжірибесі туралы» 1994 жылғы 27 мамырдағы нормативтік қаулысы (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты Жаршысы. 1994. №3).
3. Анденес И. Наказание и предупреждение преступлений (пер. с англ.) М., 1979.
4. Беляев Н. А. Цели и наказания и средства их достижения. Л., 1962.
5. Гальперин И.М. Наказание. Социальные функции, практика применения. М., 1993.
6. Карпец. И.И. Наказание. Социальные, правовые и кримино¬логические проблемы. М., 1973.
7. Ной КС. Сущность и функции наказания в советском госу¬дарстве. Саратов, 1973.
8. Полубинская СВ. Цели уголовного наказания. М., 1990.
9. Шаргородский М.Д. Наказание, его цели и эффективность. Л., 1973.
10. Уголовное наказание: понятие, виды, назначение// Уго¬ловное право. Часть общая. Екатеринбург, 1994. Т.З.

Пән: Құқық, Криминалистика
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 29 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар

Кіріспе
Негізгі бөлім
1. Қылмыстық құқық бойынша жазаның жүйелері мен түрлері және
ұғымы ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ..4
2. Жазаның
мақсаттары ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ...5
3. Жазаның
түсінігі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... 6
4. Жаза тағайындаудың жалпы
негіздері ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... 9
5. Үкімдердің жиынтығы бойынша жаза
тағайындау ... ... ... ... ... ... 1 3
6. Қылмыстық құқықтағы жаза институтының даму тарихы ... ... ... 16

Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... .26
Қолданылған әдебиет
тізімі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
...27

Кіріспе

Қылмыстық заңның өзінде барлық соттар үшін міндетті болып табылатын
жекелеген жазаларды қолданудың шарты, шегі және тәртібі белгіленген. Мұның
өзі Республика аумағында қылмысқа қарсы күрес саласында біркелкі жазалау
қызметін жүзеге асыруға мүмкіндік береді. Сотталған адамға келтірілетін
айырудың мәніне қарай жазаның, түрлері мынадай топтарға бөлінеді:
Сотталған адамға моральдық жағынан әсер ететін жаза түрлері. Бұған
жататындар: қоғамдық жұмыстарға тарту, арнаулы, әскери немесе құрметті
атағынан, сыныптық шенінен, дипломатиялық дәрежесінен, біліктілік сыныбынан
және мемлекеттік наградадан айыру.
Сотталған адамның құқығына шек қоюмен байланысты жаза түрлері: белгілі
бір лауазым атқару немесе белгілі бір қызметпен шұғылдану құқығынан айыру,
әскери қызметбойынша шектелу.
Сотталған адамды материалдық жағынан айыруға байланысты жазалар:
түзеу жұмыстары, айыппұл, мүлікті тәркілеу.
Сотталған адамның құқығынан немесе бас бостандығынан айыруға
байланысты жаза түрлері: өлім жазасы, бас бостандығынан айыру, қамау,
тәртіптік әскери бөлімде ұстау. Жаза түрлерін топтастырудың бұдан басқа
түрлері жалпыға мәлім. Жаза жүйелеріне кіретін барлық жаза түрлері
негізінен үш топқа бөлінеді: Қылмыстық заңның баптарының санкцияларында
қосымша шаралар қолдану немесе қолданбау мүмкіндігі айтылған болса, онда
соттардың оны тағайындау туралы мәселені қарап, қабылданған шешімнің
дәлелдерін үкімнің дәлелдеу белігінде міңдетті түрде көрсетуге тиіс.
Соттардың назары мынаған аударылсын: қосымша жазаның айыппұл, мүлікті
тәркілеуі сиякты түрлері қосымша жаза ретінде тек егер олар сотталушыны
кінәлі деп таныған ҚК бабтарының диспозицияларында қосымша жаза ретінде
көзделген болса ғана қолданылуы мүмкін.

1.Қылмыстық құқық бойынша жазаның
жүйелері мен түрлері және ұғымы
Жазаның жүйелері деп қолданылып жүрген қылмыстық заңда белгіленген
соттар үшін міндетті және тұжырымды, ауырлығына қарай белгілі тәртіппен
орналасқан жазаның түрлерін айтамыз.
Қылмыс жасады деп танылған адамдарға мынадай негізгі жазалар:
а) айыппұл салу;
б) белгілі бір лауазым атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу
құқығынан айыру;
в) коғамдық жұмыстарға тарту;
г) түзеу жұмыстары;
д) әскери кызмет бойынша шектеу;
е) бас бостандығынан шектеу;
ж) қамау;
з) тәртіптік әскери бөлімде үстау; и) бас бостандығынан айыру;
к) өлім жазасы қолданылуы мүмкін
(39-бап, 1-бөлігі).
Екінші топқа қосымша жазалар жатады:
Қосымша жазалар деп негізгі жазаға қосылып тағайындалатын, жазаның
мақсатын жүзеге асыруда оған кемекші рөл атқаратын жазаларды айтамыз.
Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының Қылмыстық жаза тағайыңдаған кезде
соттардың заңдылықты сақтауы туралы 1999 жылғы 30 сәуірдегі № 1
нормативтік каулысының 25, 26-тармақтарында Негізгі және қосымша жазаларды
дұрыс үйлестіре білу, оны даралап көрсету принципін дәйекті түрде жүзеге
асыруға, жазаның мақсатына жетуге көмектеседі, осыған байланысты соттар
үкім шығарған кезде әр іс бойынша, әсіресе, ауыр, аса ауыр, сыбайлас
жемқорлық қылмыстар жасаған адамдарға қосымша жаза қолдану қажеттілігі
мәселесін қараған жөн.
Қосымша жазалар сотталушыны кінәлі деп таныған заң баптарында
көрсетілген шекте тағайындалады. Егер қосымша жаза ҚК-нің 41 немесе 50-
баптарының негізінде қолданылса, оның мерзімі заң бойынша жазаның осы
түріне белгілеген шектен аспауы керек,—делінген. Сондықтан да қылмыстық
заңның баптарының санкцияларында қосымша жазаларды қолдану немесе қолдану
мүмкіндігі көрсетілсе, онда соттардың оны тағайындау туралы мәселені қарап,
қолданған шешімнің тұжырымдарын үкімде міндетті түрде көрсетуге тиіс. Ал
қосымша жаза қолданылмаған жағдайда үкімнің қорытынды бөлімінде ондай
шешімнің қабынданбауына сілтеме жасалмайды. Кінәлі сотталған кезде ол
жауапқа тартылған қылмыстық, заңның баптарында қосымша жаза қолдану
міндетті деп көрсетілсе, сот оны Қылмыстық кодекстің 55-бабында көрсетілген
шарттар болған жағдайда ғана осы бапқа сілтеме жасай отырып, қабылданған
шешімнің дәлелдерін үкімде міндетті түрде көрсете отырып, оған қосымша
жазаны қолданбауы мүмкін.
Қосымша жаза жекедара тағайындалмайды, ол тек қана негізгі жазаға
қосылып тағайындалады.
Сотталғандарға негізгі жазалардан басқа мынадай қосымша жазалар:
а) арнаулы, әскери немесе күрметті атағынан, сыныптық шенінен,
дипломатиялық дәрежесінен, біліктілік сыныбынан және мемлекеттік
наградаларынан айыру;
б) мүлкін тәркілеу қолданылуы мүмкін (39-бап, 2-бөлігі). Үшінші топқа
негізгі де, қосымша да жаза ретінде қолданылатын жазалар жатады. Оларға
жататындар: айыппұл салу, белгілі бір лауазым атқару немесе белгілі бір
қызметпен айналысу құқығынан айыру және қоғамдық жұмыстарға тарту.
Осы көрсетілген жаза түрлері негізгі жаза ретінде тағайындалуы да немесе
басқа жазаға заңда белгіленген реттерде қосымша жаза ретінде қоса
тағайындалуы да мүмкін. Сонымен, қолданылып жүрген қылмыстық заңда мазмұны
мен мәні әр түрлі жаза түрлері көрсетілген. Бұл жазаларды дұрыс қолдану —
қылмыспен тиімді күрес жүргізудің негізгі шарты болып табылады. Енді осы
жазаның жекеленген түрлеріне сипаттама береміз.

1. Жазаның мақсаттары
Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 38-бабының 2-бөлігінде
жазаның мақсаты — әлеуметтік әділеттілікті қалпына келтіру, сондай-ақ.
сотталған адамдарды түзеу, сондай-ақ сотталғандарды да, басқа адамдарды да
жаңа қылмыстарды істеуден алдын ала сақтаңдыру екендігі айтылған.
Әлеуметтік әділеттілікті қалпына келтіру, сотталған адамға жаза
тағайындау және жазаны орындау арқылы оны түзеу, сөйтіп жаңа қылмыс
істеуден оны сақтандыру жазаның арнаулы ескертуі болып табылады.
Әлеуметтік әділеттілікті қалпына келтіру дегеніміз қылмыс істеген адамға
әділетті жаза тағайындау, істелген қылмыстың қоғамға қауіптілігі,
келтірілген зиян мөлшері, жаза тағайындаудың басты негіздері, кінәлінің
жеке басының ерекшеліктері ескеріле отырып, қылмысына сай келетін, әділ
жаза тағайындау болып табылады. Әлеуметтік әділеттілікті қалпына келтіру
үшін заңдылық принциппен қатаң басшылыққа алып жасалған қылмысқа әділ
құқылық баға және лайықты жаза белгілеу қажет.
Жазаның мақсаттары қылмыстық құқықтың жалпы міндеттері арқылы
белгіленеді. Қылмыстық кодекстің 2-бабындағы осы заңның міндеттері заң
қорғайтын мүдделерді қорғау, алдын алу делінсе, ол міндеттерді жүзеге асыру
үшін қылмыстық жауаптылық негіздері белгіленіп, қылмыс ұғымы айқындалады,
қылмыс істеген адамдарға қолданылуға тиісті жазамен өзге де қылмыстық-
құқылық ықпал ету шаралары белгіленеді.
Арнаулы сақтандырудың иелері болып, қылмыс істеп сотталғандар танылады.
Жазаның мақсаты Бұл адамдардың тарапынан тағы да қылмыс істеу фақтісінің
орын алмауын көздеуі болып табылады. Жазаның осы кездеген мақсатына
жетуінің құралы — сотталғандарды түзеу арқылы, еңбекке адал, заң талаптарын
мүлтіксіз орындау рухында тәрбиелеу болып табылады. Бұл жерде түзеу
дегеніміз қылмыс істеп сотталған тұлғаның әлеуметтік, психологиялық
көзқарасын өзгертіп қылмысты құбылысқа, қоғам ережелерін бұзуға, еңбексіз
күн керіске деген пиғылдарын, жазадан қорықса да өзгертіп дұрыс жолға салу
болып табылады.
Сондықтан да қылмыскерге жаза тағайындау арқылы оны түзеу жазадан
қорықса да қылмыс істемейтін, заң талаптарын қалт жібермей мүлтіксіз
орындайтын адам етіп қалыптастыру болып табылады. Жазаның басқа бір мақсаты
— басқа адамдарды қылмыс істеуден сақтандыру болып табылады.
Бұл қылмыс істемеген, бірақ тәртіптік, әкімшілік құқық қалыптарын бұзып,
биморальдық күйге түсіп жүрген, қылмыс істеуі мүмкін, тұрақсыз элементтерге
бағытталады. Мұндай әлеуметтік тұрақсыз адамдарды қылмыстық құқықта
көрсетілген жазамен қорқыту арқылы және қылмыс істегендерге жазаның сөзсіз
қолдануын ескерту, қылмыстан сақтандырудың жалпы түрі болып табылады.
Мұндай сақтандыру қылмыстық құқықтың тәрбиелік функциясының бір көрінісі
болып табылады. Қылмыстық құқық қалыптарының жеке түрлерінің санкцияларында
көрсетілген жазаларда қылмыс істеген кінәлі адамдарға қолданбақшы болып
қорқыту арқылы қылмыстық заң барлық азаматтарға, олардың психологиялық сана-
сезіміне әсер ету арқылы, олардың әлеуметтік әділеттілікті, адам өмірінің
қорғалуының, құқық тәртібін нығайтудың қажеттілігі туралы көзқарастарының
қалыптасуына жағдайлар туғызады.
Сол сиякты жаза — қылмыстының жанын кинау немесе адамгершілік намысына
тиіп, қорлау мақсатын көздемейді. Бұл тарихи қалыптасқан қылмыстық құқықтың
адамгершілік принципі болып табылады. Осы жерде жазаның мақсаттары туралы
Заңның қалпының өзінде қарама-қайшылық жоқ па екен деген заңды сұрақ
туындайды. Жаза сотталған адамның құқықтары мен бостандықтарына шек қою
арқылы, соз жок, оның жанын қинайды, адамгершілік намысына тиеді. Бұл жерде
қарама-қайшылықты жою үшін жазаның мақсатын және кұрамын, мазмұнын дұрыс
айыра білген жөн. Жаза қылмыстының жанын қинау немесе адамгершілік намысына
тиіп қорлау мақсатын тіпті де көздемейді. Сотталған адамның құқықтары мен
бостандықтарына заңда көрсетілген шекті қою жазаның мазмұнын, ал арнаулы
және жалпы сақтандыруды жүзеге асыру жазаның мақсатына жету құралын
кұрайды. Сотталған адамның қоғамнан оқшауланып, түзеу мекемесінде жазасын
өтеуі, әлбетте, оның жанын жеуі сөзсіз, бұл жазаның жазалау элементтері
болып табылады.

2. Жазаның түсінігі

Қылмыстық жаза мемлекеттік күштеу шараларының бірі болып табылады және
ол мемлекеттің қылмыспен қарсы күрес жүргізу құралдарының бірі ретінде
қолданылады. Мемлекет қылмысқа қарсы күрес жүргізуде әр түрлі
ұйымдастырушылық, тәрбиелік, экономиқалық, рухани шаралардың барлық түрін
кенінен қолданады, сөйтіп қылмыстан сақтандыру мәселелеріне ерекше көңіл
бөледі. Сондықтан да біздің жас, тәуелсіз мемлекетіміз қылмысқа қарсы күрес
қылмыстық жазаны қолдануда ең негізгі басты күрес деп саналмайды, бұл
кұбылыскд қарсы күресте шешуші мәселелер жоғарыда аталып өткен
экономиқалық, ұйымдастыру, тәрбие, қоғам мүшелерінің белсенділігін, олардың
құқылық сана-сезімін жетілдіру арқылы жүзеге асырылады. Сондықтан да
қылмыстық, шара мемлекеттік күштеу шарасы ретінде тек арнаулы, заңда
көрсетілген жағдайда ғана жүзеге асырылады.
Қылмыс істеген адамдарға мұндай шараны қолдану мемлекеттің атқаратын
функцияларының бірі ретінде қарастырылады. Әсіресе ауыр, өте ауыр қылмыс
істегендерге соған сәйкес ауыр қылмыстық-құқылық күштеу шараларын қолдану
мемлекеттің міндеті болып табылады. Мемлекеттік күштеу шаралары сан алуан.
Оларға тек қылмыстық құқылық шаралар ғана емес, азаматтық, әкімшілік,
тәртіптік шаралар да жатады. Қылмыстық шара мемлекеттік күштеу шараларының
жеке бір түрі бола отырып, өз ерекшеліктерімен оқшауланады.
Біріншіден, қылмыстық шара — мемлекеттік күштеу шарасы ретінде қылмыстық
заңмен ғана белгіленеді. Қылмыстық кодексте жазаның сот үшін міндетті
тізбектері мен оны қолданудың тәртібі тұжырымдалған. Сот қылмысқа кінәлі
адамға қылмыстық заңда көрсетілген шараның шеңберінде оның шегінен шықпай,
жаза тағайындайды. Тек ерекше жағдайларда ғана сот көрсетілгеннен гөрі
неғұрлым жеңілірек жаза тағайындауға құқылы.
Екіншіден, мемлекеттік күштеу шарасы ретіндегі қылмыстық жазаны мемлекет
атынан тек қана сот тағайындайды. Қылмыстық кодекстің 38-бабында жаза
дегеніміз соттың үкімі бойынша тағайындалатын мемлекеттік мәжбүрлеу
шарасы, — делінген. Қылмыстық жазамен салыстырғанда басқа да мемлекеттік
күштеу шаралары мемлекеттік орғандар немесе лауазымды орғандар арқылы
жүзеге асырылады. Мысалы, қоғамдық тәртіпті бұзған адамды полиция бастығы
әкімшілік жауапқа, салық инспекциясының лауазымды адамы салықтан
бұлтарушыларды заңда көрсетілген тәртіппен жазалайды немесе әкімшілік
комиссиясы өзіне берілген кұзырет шеңберінде әкімшілік құқық бұзушыларды
жауапқа тартады. Осы аталған орғандардың немесе лауазымды адамдардың бірде-
біреуі қылмыстық жаза қолдануға құқылы емес. Қылмыстық жазаны колдану — тек
қана соттын құзыреті.
Үшіншіден, заңда көрсетілген тәртіппен сотталған адамды жазадан босату,
сондай-ақ тағайындаған қылмыстық жазаны жеңілдету тағы да сот арқылы жүзеге
асырылады. Тек қана рақымшылық және кешірім беру актілерімен жазадан босату
немесе жазаны жеңілдету Қазақстан Республикасы Конституциясына сәйкес
Парламент немесе Республика Президенті арқылы жүзеге асырылады, ал басқа
жағдайларда бұл мәселелерді шешу тек соттың міндеті болып табылады. Бұл да
қылмыстық жазаның басқа мемлекеттік күштеу шараларынан мәнді өзгешелігін
көрсетеді.
Төртіншіден, қылмыстық жаза жария түрде ашықтан-ашық тағайындалады.
Яғни, қылмыс адамның кінәсін анықтау оған жаза тағайындауды қажет деп табу,
қылмыстық жазаның нақты түрі мен көлемін анықтау, жеке немесе заңды
тұлғалар арқылы емес мемлекет арқылы жария, ашықтан-ашық түрде белгіленеді.
Қылмыстық, жаза кінәлі адамға мемлекет атынан белгіленеді, жеке немесе
лауазымды адамдар сот тағайындаған жазадан ешкімді де босата алмайды, заңды
күшіне енген сот үкімі мемлекеттік, жеке кәсіпорын, ұйым, мекеме, лауазымды
және жай адамдардың орындауы үшін Республика аумағында міндетті болып
табылады.
Бесіншіден, мемлекеттік күштеу шаралары ретінде қылмыстық жаза қылмыстық
заңда көрсетілген нақты қылмысты жасаған кінәлі адамға колданылуы мүмкін.
Яғни, бұл жерде жаза адамның кінәлі түрде істеген іс-әрекетінің қылмыстық-
құқылық зардабы болып табылады. Сондықтан да қылмыстық заңда адам өз
кінәсі анықталған қоғамға қауіпті әрекет немесе әрекетсіздік және пайда
болған қоғамдық қауіпті зардаптар үшін ғана қылмыстық жауапқа тартылуға
тиісті,—делінген. Сондай-ақ, әрбір істелген қылмысқа жаза тағайындау
міндетті емес. Мұның мәні мынада: егер тергеу жүргізген немесе істі сотта
қараған кезде жағдайдың өзгеруімен байланысты кінәлінің істеген қылмысының
қоғамға қауіпті мәні жойылса немесе оның өзі қоғамға енді қауіпті емес деп
танылса, қылмыс нышандары бар іс-әрекет жасаған адамды қылмыстық
жауаптылықтан босатуға (68-бап) болады.
Қылмыстық жазаны қолдану кінәліні басқа түрдегі азаматтық, әкімшілік
немесе тәртіптік құқылық жауапкершілікке тартумен де ұштастырылуы мүмкін.
Қылмыстық жаза мемлекет атынан қылмысты іс-әрекеттер үшін кінәлінің
кінәсін бетіне басу арқылы берілетін теріс құқылық баға болып табылады.
Бетіне басудың және кінәлаудың дәрежесі қылмыстың ауырлығына, кінәлінің
жеке тұлғасына және оның қылмысты іс-әрекетті істеудегі мінез-құлқына
тікелей байланысты болады.
Жаза сотталған адамға белгілі бір зардап келтірумен тікелей байланысты
болады. Мысалы, соттың кінәліні бас бостандығынан айыруы немесе белгілі бір
кәсіппен шұғылдануға немесе белгілі бір лауазым иесі болуға тыйым салуы,
мүлкін тәркілеуі мүмкін. Ерекше ауыр қылмыс жасаған жағдайда кінәліге заңда
көрсетілген негізде ерекше жаза — өлім жазасын тағайындауы да мүмкін.
Сөйтіп, кез келген қылмыстық жаза тағайындағанда сотталған адам
материалдық, моральдық, мүліктік зардап шегеді. Өйткені жаза езінің мәні
жөнінен кінәліні жазалау болып табылады.
Қылмыстық жазанын басқа да мемлекеттік күштеу шараларынан ерекшелігі сол,
оны қолдану кінәліге барлық уақытта да сотталғандық туралы атақ береді.
Сотталғандықтың кінәлі үшін белгілі бір құқылық зардабы бар, ол
сотталғандығы туралы өмірбаяныңда көрсетілуі керек, сотталғандық кейбір
жағдайларда қылмысты ауырлататын мән-жайларға жатады. Немесе сотталғандық
атақ кейде қылмысты саралауға, жазаның мөлшерін, сондай-ақ жазаны өтейтін
колонияның түрін белгілеу үшін маңызды мәнге ие болады.
Сонымен, қылмыстық жаза дегеніміз сот арқылы мемлекет атынан қылмыс
жасаған адамға қылмыстық заңмен белгіленген мемлекеттік шараны қолдану
болып табылады.
Қылмыстық жазаның әкімшілік құқық бұзушылық үшін қолданылатын жазадан
айырмашылығы мынадай: біріншіден, қылмыстық жаза бұл істелген қылмыстың
зардабы, ал әкімшілік шара болса, ол қылмыс болып табылмайтын қоғамға
жаттеріс әрекеттер үшін ғана тағайындалады.
Екіншіден, қылмыстық жаза сот арқылы мемлекет атынан та- ғайындалады.
Әкімшілік шараларды әкімшілік орғандары, лауазым адамдары немесе судья
тағайындайды. Үшіншіден, қылмыстық жазаның әкімшілік жазадан ерекшелігі сол
сот үкімі бойынша тағайындаған қылмыстық жаза кінәліге сотталғандық атақ
береді, ол әкімшілік жазаға тартылғандар үшін мұңдайда құқылық зардап
болмайды.

3. Жаза тағайындаудың жалпы негіздері

Қылмыстық құқык. жаза тағайындағанда кінөлінің жекедара жауапкершілік
принципін негізгі басшылықка алады. Осы мәселеге байланысты Қазақстан
Республикасы Жоғарғы Сотының 1999 жылғы 30 сәуірдегі Қылмыстық жаза
тағайындаған кезде соттардың заңдылықты сақтауы туралы № 1 нормативтік
қаулысында былай делінген:
Қазақстан Республикасы Конституциясының барлық адам заң мен сот алдында
тең, ешкім де сот үкімінсіз қылмыс жасауда кінәлі деп танылуға жатпайды
және қылмыстық жазаға тартыла алмайды деген қағидаларын басшылыққа ала
отырып, соттар қылмыстың түрі мен ауырлығына, айыптының қызметтегі және
қоғамдағы орнына қарамастан, әрбір қылмыстық істі заңға сәйкес бұлжытпай
шешуі қажет екендігіне жете назар аударуға тиіс. Заңның бұзылуын ештеңе де
ақтай алмайды. Қылмыстық жаза тағайындаған кезде соттар ҚК-нің 52-бабында
көрсетілген жаза та-ғайындаудың жалпы қағидаларын бұлжытпай сақтауы, сондай-
ақ сотталушы жасаған қылмыс ауырлығы бойынша кай санатқа жататындығын;
рецидивтің болуын және оның түрін; сотталушының қылмыстық әрекеті қай
сатыда тоқтатылғанын; қылмысты топ, ұйымдасқан топ немесе қылмыстық
кауымдастық жасаған жағдайда сотталушынын қатысу дәрежесін; қылмыстық
мақсатқа жету үшін оның әрекеттерінің мағынасын және келтірген немесе
келтірілуі мүмкін зиянның сипаты мен көлеміне ықпалын; қылмыстар жиынтығын;
жазаны жеңілдететін немесе ауырлататын жағдайларды; сол қылмыс үшін
көзделген жазаға қарағанда неғұрлым жеңіл жаза тағайындау немесе шартты
соттау негіздерін сскеруі тиіс. Сондай-ақ, қылмыстық заңда қылмыс жасаған
адамдардың жасы кәмелетке толмағандарына, жасы 65-тен асқан ер адамдарға,
сондай-ақ әйелдерге қылмыстық жаза тағайындаудың ерекшеліктері көзделгенін
ескере отырып, соттар сотталушылардың жынысын және жасын ескеруі қажет.
Сотталушынын нақты қылмыс істеудегі кінәсі анықталған жағдайда сот оған
жазаны, істеген қылмысы үшін жауаптылық қаралған заңның тиісті баптарында
көрсетілген шектен шықпай тағайындайды. Мұндай ретте, сөз жоқ, істелген
қылмыстың ерекшелігі және кінәлінің жеке тұлғасы жанжақты еске алынады. Тек
қана осы мәселелерді есепке алған жаза ғана әділ әрі заңға сай деп
танылады.
Қылмыстық кодекстің 52-бабында жаза тағайындаудың жалпы негіздері
көрсетілген. Онда былай делінген:
52-бап. Жаза тағайындаудың жалпы негіздері.
1. Қылмыс жасауға айыпты деп танылған адамға осы Кодекстің Ерекше
бөлімінің тиісті бабында белгіленген шекте және осы Кодекстің Жалпы
бөлімінің ережелері ескеріле отырып, әділ жаза тағайындалады.
2. Қылмыс жасаған адамға оның түзелуі және жаңа қылмыс-тардың алдын
алу үшін қажетті және жеткілікті жаза тағайындалуға тиіс. Егер жасалған
қылмыс үшін көзделген жазаның онша қатаң емес түрі жазаның мақсатына жетуді
камтамасыз ете алмайтын болса ғана ол үшін көзделгендері арасынан неғұрлым
қатаң жаза тағайындалады. Жасалған қылмыс үшін осы Кодекстің Ерекше
бөліміндегі тиісті баптарда көзделгеннен неғұрлым қатаң жаза осы Кодекстің
58 және 60-баптарына сәйкес қылмыстардың жиынтығы бойынша немесе үкімдердің
жиынтығы бойынша тағайындалуы мүмкін. Жасалған қылмыс үшін осы Кодекстің
Ерекше бөліміндегі тиісті баптарда көзделгеннен қатандығы төменірек жаза
тағайындау үшін негіз осы Кодекстің 55-бабында белгіленеді.
3. Жаза тағайындау кезінде қылмыстың сипаты мен қоғамдық қауіптілік
дәрежесі, айыпкердің жеке басы, сонымен бірге оның қылмыс жасағанға дейінгі
және одан кейінгі мінез-құлқы, жауаптылық пен жазаны жеңілдететін және
ауырлататын мән-жайлар, сондай-ақ тағайындалған жазаның сотталған адамның
түзелуіне және оның отбасының немесе оның асырауындағы адамдардың тіршілік
жағдайының ықпалы ескеріледі.
Қылмыстық заңның осы бабында көрсетілген талаптарды бірнеше топқа
бөлуге болады. Оның біріншісі, әділ жаза тағайындалуы болып табылады.
Әділеттілік принципі Қылмыстық кодекстің 3-бабында арнайы көрсетілген. Осы
бапқа сәйкес адамның қылмыс кұрамының белгілері бар іс-әрекеті ғана
қылмыстық жауаптылықтың негізі болады. Бір қылмыс үшін ешкімді де қайтадан
қылмыстық жауапқа тартуға болмайды делінген. Жазаның, әділеттілігі істелген
қылмыстың ауырлығына, оны істеу жағдайларына және кінәлінің жеке басының
кім екендігіне сай келуі қажет. Тағайындалған жаза қылмыскердің іс-
әрекетінің заңдылық зардабы, нәтижесі болуы керек.
Жазаның шегі оның іс-әрекетінің шегіне сайма-сай дәл келуі керек.
Осыған байланысты тым жеңіл немесе тым ауыр жаза тағайындалуға жол
берілмеуі керек. Тағайындалған жаза істелген қылмысына пара-пар келетін
әділ болғанда ғана ол өз мақсатына жетері анық.
Жаза Қылмыстық кодекстің Ерекше бөлімінін тиісті бабында белгіленген
шекте тағайындалады. Яғни, сот жаза тағайындағанда кінәлінің істеген
қылмысы үшін жазаның мелшерін, түрін сол баптың санкциясы көрсеткен шектен
шықпай тағайындауға міндетті. Сондықтан да әділ жаза тағайындаудың
алғышарты іс-әрекетті дұрыс саралау, яғни істелген іс-әрекеттін
белгілерінің нақты қылмыс құрамы белгілеріне дәлме-дәл сай болуын анықтау
өте қажет. Қылмысты дұрыс сараламау әділетсіз жаза таға-йындауға әкеліп
соғады. Қылмыстық заңның нақты құрамының санкциясында көрсетілген жаза
мөлшерінің ең жоғарғы шегінен шығып, жаза тағайындауға заң ешқандай жол
бермейді. Керісінше, сот жаза тағайындағанда қылмыстық заңның 55-бабында
көрсетілген шарттарды еске ала отырып, кінәліге белгілі бір қылмыс үшін
кезделген жазадан гөрі неғұрлым жеңіл жаза тағайындауға құқылы.
Сондай-ақ сот жаза тағайындағанда Ерекше бәлімнің нақты бабынын
санкциясының шегін ескермеумен бірге Кодекстегі Жалпы бөлімнің ережелерін
де басшылыққа алуға міндетті. Яғни, сот адамды қылмыстық жауаптылыққа тарту
үшін алдымен онын іс-әрекетінде қылмыс кұрамы бар ма, жоқ па осы мәселені
анықтайды. Егер қылмыс құрамы бар болса, ол біткен немесе бітпеген қылмыс
па, қылмыскер оны жеке өзі немесе басқалармен бірге істеді ме деген
мәселелерді анықтайды. Бұл сұрақтарға жауап алу үшін ен алдымен Қылмыстық
кодекстің Жалпы бөліміндегі қыл-мыстың ұғымы, оның сатылары, қылмысқа
қатысу ұғымы, іс-әрекеттін қылмыстылығын жоятын жағдайлар, қылмыстық заңның
уақыттағы, кеңістіктегі, қылмыс жасаған адамдарға қатысты қолданылуы сияқты
мәселелерді анықтау керек. Қылмыстың құрамы бар іс-әрекеттерге жаза
тағайындағанда сот ең, алдымен адамды қылмысты жауаптылықтан және жазадан
босатуға негіздер бар ма, жок, па деген мәселелерді анықтауға міндетті.
Егер сот жасаған қылмысы үшін жаза тағайындау қажет деп тапса, онда ол
Қылмыстық кодекстің Жалпы бөлімінен жазатуралы бөліміндегі негізгі
қағидаларды — жазаның ұғымы мен мақсаты, жазалау түрлері, жаза
тағайындаудың жалпы негіздерін басшылықка ала отырып біткен немесе бітпеген
қылмыстарға, қайталанған, қатысып жасалған қылмыс үшін, қылмыстардың,
үкімдердің жиынтығы үшін жаза тағайындаудың ерекшеліктерін ескереді. Сондай-
ақ мерзімдерді қосу кезінде оларды белгілеу, жаза мерзімдерін есептеу және
жазаны есепке алу туралы Жалпы бөлімінін ережелері негізгі басшылыққа
алынады.
Егер жасалған қылмыс үшін көзделген жазаның онша қатаң емес түрі
жазаның мақсатына жетуді камтамасыз ете алмайтын болса ғана сол үшін
көзделгендердің арасынан неғұрлым қатаң жаза тағайындалады. Бұл жерде
балама санкцияларды қолдану туралы сөз болып отыр. Қылмыстық кодекстің 39-
бабында жазаның түрлерінің тізбегі онша қатаң еместен, қатаң түріне қарай
тізбектеліп берілген. Осыған орай сот жазаның мақсатына жету үшін қажет деп
тапса, санкцияда көрсетілген балама жазалардың қатаң түрін тағайындауға
құқылы. Қылмыстық кодекстің 48-бабының 3-бөлігінде қылмыстардын, және
үкімдердің жиынтығы бойынша жазаның қатаң түрін тағайындаудың тәртібі және
оның шегі арнайы көрсетілген.
Сот жаза тағайыңдағанда істелген қылмыстың сипатын және қоғамға
қауіптілік дәрежесін, айыптының жеке басының кім екендігін, істің
жауаптылықты жеңілдететін және ауырлататын мән-жайларын еске алады.
Осы айтылған фақторлардың ішінде есепке алынатын екі негізгі белгі
бар. Ол біріншіден, істелген қылмыстың қоғамға қауіптілік дәрежесі,
екіншіден, кінәлінің жеке басының кім екендігі, басқа айтылған жағдайлар
мен мән-жайлар Бұл жоғарыда айтылған екі фақторлардың мазмұнын нақ-тылап
толықтыратын, оларға бағынышты түсінік болып табылады.
Осы жоғарыда айтылған екі негізгі фақторға сипаттама берелік.
Бірінші, істелген қылмыстың қоғамға қауіптілік дәрежесін анықтау арқылы
жаза тағайындау. Заң бойынша әрбір істелген нақты қылмыстың қоғамға
қауіптілігі екі жағынан: сапалық (қоғамға қауіптілік сипаты) және сандық
(оның дәрежесі) белгілері арқылы белгіленеді. Қылмыстың қоғамға қауіптілік
дәрежесі қылмыстың объективтік және субъективтік белгілері арқылы
анықталады. Мұның ішінде объективтік белгілері (қылмыстың объективті
зардабы, іс-әрекеттің мәні, қылмыстың істелген уақыты, тәсілі, оның
жағдайы), субъективтік белгілері, кінәнің формасы, қылмыстық ниет немесе
мақсат жанжақты еске алынады.
Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының 1999 жылғы 30 сәуірдегі
Қылмыстық жаза тағайындаған кезде соттардың заңдылықты сақтауы туралы
нормативтік қаулысының 2-тармағында: Соттардың назары ауыр және аса ауыр
қылмыс, әсіресе қылмысты ұйымдасқан топ немесе қылмыстық қауымдастық болып
жасаған, қоррупциялық, қылмыстар жасағаны үшін кінәлі болып танылған,
сондай-ақ, бұрын сотталған, бірақ түзелгісі келмейтін адамдарға заңда
көрсетілген жазалаудың қатаң шара-ларын міндетті түрде талқылап, қолдану
керектігіне аударылады.
Жасалған қылмыстың қоғамдық қауіптілігінің дәрежесін анықтағанда,
соттар қылмыстың ауырлығын анықтау тәртібін реттейтін ҚК-нің 10-бабының
талаптарын, сондай-ақ нақты қылмыстық әрекет (кінәнің түрі, себебі, тәсілі,
жасаған қылмыстық жағдай мен кезеңі, одан болған ауыртпалық,
сотталушылардың әрқайсысының қылмысқа қатыстылығының дәрежесі мен сипаты,
т.б.) жағдайының барлығы ескерілуі тиіс, — деп жоғарыда айтылған заң
талаптарының мазмұны ашып көрсетілген.
Қылмыстық кодекстің 52-бабының келесі бір маңызды талабы айыптының
жеке басының кім екендігін анықтау болып табылады. Өйткені оны сипаттайтын
мән-жайларды дұрыс анықтаудың жазаны даралаудағы маңызы зор.
Осы мәселеге байланысты жоғарыда аталған Жоғарғы Соттың нормативтік
қаулысының 3-тармағында:
Соттар жазаның түрі мен мөлшерін белгілеу үшін елеулі мәні бар
сотталушының жеке басының мәліметтерін жан-жақты, толық және объективті
түрде тексеруі керек. Атап айтқанда, сотталушының денсаулығын, еңбекке
қабілеттілігі мен қатыстығын, білімін, сотталғандығы туралы мәліметтерді
анықтау керек. Сотталушының отбасы жағдайы анықталғаннан кейін, соттар ҚК-
нін 52-бабының 3-бөлігіне сәйкес жазаны тағайындаған кезде тағайындалған
жаза оның отбасы немесе оның асырауындағы адамдардың жағдайына кандай әсер
ететінін ескеруі керек, — деп ескертілген.
Сот нақты жағдайларға байланысты әр уақытта да кінәлінін жеке басын
сипаттайтын әлеуметтік мәні бар барлық жайттарды анықтауы қажет. Оның
ішінде кінәлінің қылмыс істегенге дейінгі немесе одан кейінгі мінез-құлқы,
оның еңбекке, оқуға деген көзқарасы, өмір сүру салты, өзін қоршаған ортаға
қатынасы, оны сипаттайтын оң немесе теріс мән-жайлардың бәрі де ескерілуге
жатады. Бұрын сотталғандарға, ішімдікпен, нашақорлықпен әуестенушілерге,
қоғамдық тәртіпті бұзушыларға, қатыгездікпен немесе сыбайласып қылмыс
жасағандарға шектен тыс жеңіл жаза тағайындауға болмайды. Керісінше,
мемлекет, қоғам, отбасы алдындағы өз міндеттерін адал орындап жүрген,
өндірісте, тұрмыста жағымды мінездерімен сипатталатын адамдардың бірінші
рет қылмыс жасауы олар үшін жеңілірек жаза тағайындауға негіз бола алады.
Соттардың сотталушының жеке басының мәліметтерін жан-жақты объективті
түрде тексеруі оларға тағайындалатын жазаның түрі мен көлемін белгілеу үшін
елеулі маңызы болып табылады. Сондықтан да қылмыстық құқықтың адамгершілік
принципін басшылыққа ала отырып, сот жаза тағайындағанда сотталушының
денсаулығын, отбасы жағдайын, еңбекке қабілеттілігі мен оған деген
көзқарасын, білімін, мүгедектігін, асырауындағы адамдардың санын, тағы да
басқа мәліметтерді жан-жақты еске алады.

5. Үкімдердің жиынтығы бойынша жаза тағайындау

1. Егер сотталған адам үкім шығарылғаннан кейін, бір жазаны толық
өтегенге дейін жаңадан қылмыс жасаса, сот соңғы үкім бойынша сот
тағайындаған жазаға соттың алдыңғы үкімі бойынша жазаның өтелмеген бөлігін
толық немесе ішінара қосады.
2. Үкімдердің жиынтығы бойынша түпкілікті жаза, егер бас бостандығынан
айырумен байланысты болмаса, осы Кодекстің Жалпы бөліміндегі осы жазалау
түрі үшін көзделген жазалардың ең жоғары мерзімінен немесе мөлшерінен
аспауы керек.
3. Үкімдердің жиынтығы бойынша бас бостандығынан айыру түріндегі
түпкілікті жаза 25 жылдан аспауы керек. Егер адам үкімдердің жиынтығында
осы Кодекстің 58-бабынын төртінші бөлігінде аталған қылмыстардың біреуін
болса да жасаған деп танылған үкім қамтылатын болса, бас бостандығынан
айыру түріндегі үкімдер жиынтығы бойынша түпкілікті жаза 30 жылдан аспауы
керек.
4. Үкімдердің жиынтығы бойынша түпкілікті жаза қайта жасалған қылмыс
үшін тағайындалған жазадан да, соттың оның алдындағы үкімі бойынша
тағайындалған жазаның өтелмеген бөлігінен де артық болуы тиіс.
5. Үкімдердің жиынтығы бойынша жаза тағайындау кезінде жазалардың
қосымша түрлерін қосу осы Кодекстің 58-бабында көзделген ережелер бойынша
жүргізіледі (Қылмыстық кодекстің 60-бабы).
Осы айтылған зан нормаларының мазмұны төмендегідей:
Қылмыс жасап үкім бойынша жаза алған адамның тағы да қылмыс істеуінің
қоғамға қауіптілігі орасан, сондықтан жаңа Кылмыстық кодекс мұндай
қылмыскерлерге қылмыстардың жиынтығы бойынша жаза тағайындауға қарағанда
қатаңырақ жаза тағайындау тәртібін белгілеген.
Үкімдердің жиынтығы бойынша жаза тағайындағанда сот істелген қылмыстың
ауырлығына қарамастан заң талабына сәйкес бұрынғы үкім бойынша
тағайындалған, жазаның өтелмей қалған бөлігін түгелдей я болмаса ішінара
қосып белгілейді. Қылмыстық кодекстің 58-бабында көрсетілген сіңіру ережесі
бұл бапқа колданылмайды.
Үкімді жинақтап тағайындаған ақырғы жаза жаңа істелген қылмысқа
тағайындалған жазадан да, сондай-ақ алдыңғы үкім бойынша өтелмей қалған
жазаның бөлігінен де артық болуы керек.
Бірнеше үкім бойынша жаза өтеу мерзімі соңғы кылмысы үшін үкім
шығарылған уақыттан бастап есептеледі. Үкімдерді жиынтықтап қосқаңда
жазанын жалпы мерзімі егер ол бас бостандығынан айырумен байланысты болмаса
жазаның сол түріне белгіленген ең ұзақ мерзімінен аспауы тиіс. Бас
бостандығынан айыру түріндегі жазаларды қосқанда жазаның жалпы мерзімі 25
жылдан аспауы тиіс, ал заң бойынша бас бостандығынан айыру жазасы 20 жылдан
артық мерзімге тағайындалған қылмыстар бойынша—немесе өлім жазасы немесе
өмір бойы бас бостандығынан айыру қолдануға болатын қылмыстар істегені үшін
жазаның жалпы мерзімі 30 жылдан аспауы тиіс (58-бап, 4-бөлігі). Үкімдерді
жиынтықтап жаза тағайындағанда негізгі жазаға жа-уаптылықты белгілейтін
бапта көрсетілген қосымша жазаларды да қосуға құқылы. Әр түрлі түрдегі
қосымша жазалар жеке-жеке орындалады.
Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының Қылмыстық жаза тағайындаған
кезде соттардың заңдылықты сақтауы туралы 1999 жылғы 30 сәуірдегі № 1
нормативтік ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қылмыстық құқықтағы жаза мақсаттары
«ҚР қылмыстық құқығы (жалпы бөлім)» пәні бойынша оқу – әдістемелік кешен
Жазаның түсінігі және мақсаттары
Қылмыстық жазаның мақсаттары
Бас бостандығын шектеудің қылмыстық жаза ретіндегі ерекшеліктері
Қылмыстық жаза
ҚЫЛМЫСТЫҚ ЖАЗАНЫҢ ЖҮЙЕЛЕРІ ЖӘНЕ ТҮРЛЕРІ. ЖАЗА ТАҒАЙЫНДАУ
Жазаның жүйелері мен түрлері
Жазаның мақсаты мен және оның маңызы
Жазаның жүйелері және түрлері
Пәндер