Іле Алатауы өзендерінің қалыпты жылдық ағындысын бағалау


Пән: География
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 32 бет
Таңдаулыға:   

ӘЛ-ФАРАБИ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ

География факультеті

Құрлық гидрологиясы кафедрасы

ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС

Іле Алатауы өзендерінің қалыпты жылдық ағындысын бағалау

Орындаушы:

4 курс студенті Тайрахунова Б. Ж.

Ғылыми жетекші:

т. ғ. к., доценті Махмудова Л. К.

Норма бақылаушы: Жанпеисова С. Р.

Қорғауға жіберілді

“___”2010 ж.

Кафедра меңгерушісі:

г. ғ. к., доцент Абдрахимов Р. Г.

Алматы, 2010

РЕФЕРАТ

Дипломдық жұмыстың тақырыбы Іле Алатауы өзендерінің қалыпты жылдық ағындысын бағалау.

Дипломдық жұмыс 38 беттен, 3 кестеден, 6 суреттен тұрады.

Негізгі қолданылатын сөздер: су өтімі, су деңгейі, ағынды, ағынды модулі, ағынды қабаты, ағынды көлемі, экстраполяциялау, су жинау алабы, тұстама, су айрық сызығы, сабалық кезең, өзен арнасы, бекет, қамтамасыздық қисығы, өзен аңғары, вариация коэффициенті, асимметрия коэффициенті, корреляция, регрессия, репрезентативтік кезең, орташа квадраттық ауытқу, ұқсас-өзен, ағынды үлестірімі.

Зерттеу объектісі - Іле Алатауы өзендері.

МАЗМҰНЫ

:
Кіріспе: Кіріспе
:
: 1
Кіріспе: Іле Алатуының физикалық географиялық сипаттамасы
:
: 1. 1
Кіріспе: Жер бедері және геологиялық құрылымы
:
: 1. 2
Кіріспе: Топырақ және өсімдік жамылғысы
:
: 1. 3
Кіріспе: Климаты
:
: 1. 3. 1
Кіріспе: Ауа температурасы
:
: 1. 3. 2
Кіріспе: Жел
:
: 1. 3. 3
Кіріспе: Атмосфералық жауын-шашын
:
: 1. 3. 4
Кіріспе: Қар жамылғысы
:
: 1. 3. 5
Кіріспе: Күн радиациясы
:
: 1. 4
Кіріспе: Алаптың гидрографиясы
:
: 2
Кіріспе: Іле Алатауы өзендері ағындысының гидрологиялық режимі және зерттелгенділігі
:
: 2. 1
Кіріспе: Алаптың гидрологиялық зерттелгенділігі
:
: 2. 2
Кіріспе: Зерттеу аймағының гидрологиялық режимінің ерекшеліктері
:
: 3
Кіріспе: ҚАЛЫПТЫ ЖЫЛДЫҚ АҒЫНДЫНЫ ЕСЕПТЕУ
:
: 3. 1
Кіріспе: Гидрометриялық бақылау деректері жеткілікті болған жағдайда қалыпты жылдық ағындыны бағалау
:
: 3. 2
Кіріспе: Гидрометриялық бақылау деректері жеткіліксіз болған жағдайда қалыпты жылдық ағындыны бағалау
:
: 4
Кіріспе:
:
: 4. 1
Кіріспе:
:
: 4. 1. 1
Кіріспе:
:
: 4. 1. 2
Кіріспе:
:
: 4. 2
Кіріспе:
:
: 4. 2. 1
Кіріспе:
:
: 4. 2. 2
Кіріспе:
:
: 4. 2. 3
Кіріспе:
:
: 4. 3
Кіріспе:
:
: 4. 3. 1
Кіріспе:
:
: 4. 3. 2
Кіріспе:
:
: 4. 3. 2. 1
Кіріспе:
:
: 4. 3. 2. 2
Кіріспе:
:
:
Кіріспе: Қорытынды
:
:
Кіріспе: Пайдаланылған әдебиеттер
:

1 Іле Алатауының ФИЗИКАЛЫҚ-ГЕОГРАФИЯЛЫҚ СИПАТТАМАСЫ

Қарастырылып отырған аудандағы өзен ағындарының қалыптасуына физико-географиялық кешен, сонымен қатар антропогендік факторлар әсер етеді.

Ағынның қалыптасуының басты табиғи факторларына жер бедері, ауданның геологиялық құрылымы, климат, топырақ және өсімдік, өзендердің су режимі және гидрографиясы жатады. Ағынның қалыптасуына антропогендік (сыртқы) әсерлердің қалыптасуына баға беруде келесілерді ескеру керек: ормандардың қысқаруы, суармалаудың дамуы, автомобиль жолдарының төселуі, елді мекендер ауданының үлкейуі, жаңа құрылыстар, сонымен қатар спортты - туристік орталықтардың салынуы. Бұлардың барлығы топырақ - грунттың эрозия үрдісіне, жер беті ағындарының мөлшеріне, ластаушы заттардың ландшафты өзендік Іле Алатауы өзендері алаптарына жылысуына алып келеді.

Іле Алатауына алғашқы зерттеулер XIX ғасырдың елуінші жылдарында жасалған, кейінірек оның геологиясына, жер бедеріне, климатына және топырақ, өсімдік жамылғысына, гидрографиясына, гляциологиясына және т. б. мәселелерге көптеген ғылыми зерттеулер жасалған. Іле Алатауының және оның солтүстік беткейінің барлық физико-географиялық кешендерінің жағдайларына жалпылама анықтама, толық қатарымен [1 - 11] жұмыста берілген.

Төменде берілген жұмысты толық ашу мақсатында Іле Алатауы үшін осы факторлардың қысқаша сипаттамасы берілген.

1. 1 Жер бедері және геологиялық құрылымы

Таулы аудандарда гидрологиялық элементтердің, ал негізінен тау өзендерінің ағындарының биіктік белдемін анықтайтын басты фактор жер бедері болып табылады.

Іле Алатауы Тәңіртау (Тянь-Шань) тау жүйесінің шеткі солтүстік доғасының бірі болып табылып, субендік бағытта (43 0 с. е. ) 75 0 және 78 0 б. б. аралығында созылып жатыр. Іле Алатауының барлық жағында жоталар байқалмайды. Шелек өзенінің орта ағысының суы оң жақ жағалауында ол шығысқа қарай таралған Даланшық, Сарытау, Төре - Жайлау жоталарына таралады. Шелектен ары қарай олар Сұғыты - Богыты тау түрінде және Торайғыр және Сейректас жоталары болып жалғасады.

Жотаның шекаралары: шығыста Шарын өзені, батыста Қастек асуы, оңтүстікте Шелек және Чон-кемин өзендері болып табылады. Жотаның солтүстік бөліктегі аумағы тауалды жазықтығының жолақтарымен берілген [1] . Анағұрлым абсолюттік биіктік (4000 - 4500 м. абс. Және одан да жоғары) жотаның орталық бөлігінде талғар тау түйінінде (Шелек - Кемен) байқалады. Бұл жердегі шыңдардың биіктігі 4500-4600 м. абс құрайды. Жотаның ең үлкен нүктесі Талғар шыңы, оның биіктігі 4973 м. абс [11; 12], бұл шың өз алдына жотаны екі бөлікке - шығыс және батысқа бөледі және қазіргі мұз құрсанудың орталығы болып табылады. Шығысқа сияқты батысқа қарайда жотаның биіктігі төмендейді.

Жотаның жалпы таралып жатқан ұзындығы 250 - 300 км. алып жатыр, ал оның анағұрлым жоғары орталық бөлігі 150 км. шамасында.

Іле Алатауы анық көрінген симметриялы емес көлденең қималы. Сонымен, Талғар таулы түйінінде оңтүстік беткейдің ені шамамен 8 км. құрайды, ал солтүстік - шамамен 30 км.

Іле Алатауының оңтүстік беткейі Шелек өзенінің алабына дейін көршілес мемлекет Қырғызстанға жатады, сол себепті жұмыста қарастырылмайды.

Іле Алатауының солтүстік беткейі Ұзынқарғалы өзенінің батыс су айрығынан батыста Шелек өзенінің су айрығына дейін [1; 2] шығыста үлкен құламалыққа ие және меридианды бағытта терең өзендік аңғарлармен мүшеленген. И. С. Соседованың [5] картометриялық анықтауы бойынша оның таулық бөлігінің ауданы шамамен 4400 км 2 құрайды. Су айрықтан тау алдына дейінгі арақашықтық 800-ден 900 м-ге дейін биіктіктермен қоса алғанда бар болғаны 20-30 км-ді құрайды, солтүстікте оның аумағын 500-600 м. абс абсолюттік белгімен баяу шөлейтті кеңістікке ауысатын, тауалды жазықтығы алып жатыр.

Таулы бөлігінде жер бедерінің үш биіктік белдеуі бөлінеді: биік таулы - мұзды, орта таулы және төмен таулы - тау алды, бұлар баяу тау алды жазықтыққа ауысады, ал тау алды жазықтықтарының шектерінде екі белдемге бөлінеді: ысырынды конусы белдемі және тауалды жазықтығының аккумлятивті белдемі [1; 4; 11 ] .

Биік таулы - мұзды белдеу ( 2800 - 3000 м-ден жоғары) . Оның таулы ауданының шамамен 40 %-н, негізінен жотаның осьтік белдемін алып жатыр. Биік таулы - мұзды белдемнің жер бедерінің сыртқы көрінісі анағұрлым жоғары тектоникалық амплитудамен құралған, жазықтық денудациямен, бұрынғы және қазіргі мұз құрсанумен.

Мұз құрсану ауданы негізінен 3700-ден 4100 м - ге дейінгі биіктік аралығында орналасқан. 3000 м. изогипстардан төмен тіпті қалың мұздардың өзі түспейді. Солтүстік жазықтықтағы мұздықтар үшін фирналық сызықтың орта деңгейі 3800 м абс. изогипс болып табылады.

Іле Алатауының таулы өзендерінің алаптарының мұз құрсануы әртүрлі. Қазіргі мұз құрсанудың анағұрлым үлкен аудандары Шелек, Талғар, Есік, Түрген және Үлкен Алматы өзендерінің алаптарында орналасқан. Соңғы онжылдықтағы бақылау нәтижелері көрсеткендей климаттың ғаламдық жылынуымен байланысты мұз құрсанудың деградациясы (қысқаруы) байқалады. Осылардың әсерінен мұздықтардың санының қысқаруы, олардың ауданының және көлемінің қысқаруы байқалады. 1 кестеде [12] берілгендері бойынша Іле Алатауының мұз құрсануының 1955 және 1990 жылдарда салыстырмалы сипаттамалары берілген. Мұздықтардың аудандары моренасыз фернау стадиясында көрсетілген. Іле Алатауының мұз құрсануының деградациясы кезіндегі мореналық - мұздық кешен туралы толық мағлұмат Е. Н. Вилесованың бағалауы бойынша 2004 жылға дейінгі кезеңде А 1 кестеде келтірілген . Іле Алатауының мұздықтарының орташа өлшемі бірте - бірте кішірейген. 1955 жылы бұл аудандағы мұздықтардың орташа ауданы 0, 94 км 2 , 1979 жылы - 0, 86 км 2 , 1990 жылы - 0, 62 км 2 [12] .

1 кесте - Іле Алатауының мұз құрсануы

Бассейндер: Бассейндер
Мұздықтар саны: Мұздықтар саны
Мұзқұрсану F, км2: Мұзқұрсану F, км 2
Мұз көлемі, км3: Мұз көлемі, км 3
∆К1955-90:

∆К

1955-90

∆ F (55-90): ∆ F (55-90)
∆ V (55-90): ∆ V (55-90)
Бассейндер: 1955
Мұздықтар саны: 1990
Мұзқұрсану F, км2: 1955
Мұз көлемі, км3: 1990
∆К1955-90: 1955
∆ F (55-90): 1990
∆ V (55-90): км 2
%
км 3
%
Бассейндер: Ұзынқарғалы
Мұздықтар саны: 16
Мұзқұрсану F, км2: 19
Мұз көлемі, км3: 12, 9
∆К1955-90: 9, 2
∆ F (55-90): 0, 417
∆ V (55-90): 0, 2777
+3
-3, 73
28, 9
-0, 1393
33, 4
Бассейндер: Шамалған
Мұздықтар саны: 10
Мұзқұрсану F, км2: 10
Мұз көлемі, км3: 2, 6
∆К1955-90: 1, 54
∆ F (55-90): 0, 054
∆ V (55-90): 0, 0322
0
-1, 06
40, 8
-0, 0218
40, 4
Бассейндер: Қаскелен
Мұздықтар саны: 20
Мұзқұрсану F, км2: 22
Мұз көлемі, км3: 13, 5
∆К1955-90: 10, 7
∆ F (55-90): 0, 575
∆ V (55-90): 0, 5047
+2
-2, 83
21, 0
-0, 0703
12, 2
Бассейндер: Ақсай
Мұздықтар саны: 18
Мұзқұрсану F, км2: 19
Мұз көлемі, км3: 13, 5
∆К1955-90: 10, 6
∆ F (55-90): 0, 490
∆ V (55-90): 0, 4029
+1
-2, 86
21, 2
-0, 0871
17, 8
Бассейндер: Қарғалы
Мұздықтар саны: 7
Мұзқұрсану F, км2: 10
Мұз көлемі, км3: 3, 9
∆К1955-90: 2, 4
∆ F (55-90): 0, 160
∆ V (55-90): 0, 0863
+3
-1, 46
37, 5
-0, 0737
46, 1
Бассейндер: Үлкен Алматы
Мұздықтар саны: 49
Мұзқұрсану F, км2: 55
Мұз көлемі, км3: 33, 9
∆К1955-90: 21, 9
∆ F (55-90): 1, 164
∆ V (55-90): 0, 6835
+6
-12, 0
35, 3
-0, 4805
41, 3
Бассейндер: Кіші Алматы
Мұздықтар саны: 12
Мұзқұрсану F, км2: 19
Мұз көлемі, км3: 9, 3
∆К1955-90: 6, 35
∆ F (55-90): 0, 339
∆ V (55-90): 0, 2234
+7
-3, 0
31, 7
-0, 1156
34, 1
Бассейндер: Талғар
Мұздықтар саны: 92
Мұзқұрсану F, км2: 98
Мұз көлемі, км3: 112, 5
∆К1955-90: 79, 7
∆ F (55-90): 4, 704
∆ V (55-90): 3, 1100
+6
-32, 8
29, 2
-1, 5940
33, 9
Бассейндер: Есік
Мұздықтар саны: 49
Мұзқұрсану F, км2: 39
Мұз көлемі, км3: 49, 5
∆К1955-90: 34, 8
∆ F (55-90): 2, 068
∆ V (55-90): 1, 3505
-10
-14, 7
29, 8
-0, 7175
34, 7
Бассейндер: Түрген
Мұздықтар саны: 34
Мұзқұрсану F, км2: 39
Мұз көлемі, км3: 35, 7
∆К1955-90: 26, 3
∆ F (55-90): 1, 569
∆ V (55-90): 1, 1429
+5
-9, 36
26, 2
-0, 4261
27, 2
Бассейндер: Барлығы:
Мұздықтар саны: 307
Мұзқұрсану F, км2: 330
Мұз көлемі, км3: 287, 3
∆К1955-90: 203, 54
∆ F (55-90): 11, 540
∆ V (55-90): 7, 8141
+23
-83, 8
29, 2
-3, 7259
32, 3
Бассейндер:

Шелек:

Іле Алатауының оңтүстік беткейінде

Мұздықтар саны: 87
Мұзқұрсану F, км2: 100
Мұз көлемі, км3: 153, 3
∆К1955-90: 131, 2
∆ F (55-90): 10, 2
∆ V (55-90): 8, 78
+13
-22, 0
14, 4
-1, 4
13, 9
Бассейндер: Кунгей Алатауының солтүстік беткейінде
Мұздықтар саны: 164
Мұзқұрсану F, км2: 157
Мұз көлемі, км3: 132, 8
∆К1955-90: 93, 9
∆ F (55-90): 5, 85
∆ V (55-90): 3, 98
-7
-38, 9
29, 3
-1, 86
31, 9
Бассейндер: Барлығы:
Мұздықтар саны: 251
Мұзқұрсану F, км2: 257
Мұз көлемі, км3: 286, 2
∆К1955-90: 225, 2
∆ F (55-90): 16, 02
∆ V (55-90): 12, 77
+6
-61, 0
21, 3
-3, 25
20, 3
Бассейндер: Іле Алатау бойынша жалпы саны:
Мұздықтар саны: 394
Мұзқұрсану F, км2: 430
Мұз көлемі, км3: 440, 6
∆К1955-90: 334, 74
∆ F (55-90): 21, 74
∆ V (55-90): 16, 59
+36
-105, 8
24
5, 13
23, 6

Биік таулы - мұзды белдем үшін беткейдің төменгі бөлігінде және өзендердің арналарында борпылдақ сынықты материалдың көптеп жиналуы сипатты. Арнаға дейін жететін сусымалар, сонымен қатар бұрынғы және қазіргі мореналардың борпылдақ сынықты материалдары селдік ағындардың пайда болуында үлкен рөл атқарады.

Өзен аңғарлары және олардың салалары негізінен ендері 3-тен 5 метрді құрайтын арналармен көрсетілген. Арлалар делювиалды және мұздықты түзілімді ірі сынықты материалдармен толтырылған. Жайылма көрсетілмеген. Берілген белдеуде табылған және жағалық аймаққа түсетін, ластаушы заттар, төмен температураға байланысты және микрофлора құрамының кедейлігіне байланысты ешқандай айналымдарға енбейді. Жағалық аймақтан ластаушы заттардың көшуі тек беттік ағынмен іске асады және өзеннің арнасына және ең қысқа жолмен оның салаларына бағытталады. Берілген биіктік белдеуде ластаушы заттардың жағалаулық белдемге түскенде немесе селдік су тасу жүргенде жер беті суларының ластануының қауіптілігімен ерекшеленеді.

Орта таулық белдеу (1400 - 1500 м ден 2800 - 3000 м-ге дейін ) . Іле Алатауының таулық ауданының шамамен 25 %-н алып жатыр. Бұл белдеу үшін 2000 м-ден жоғары жер бедерінің біршама мүшелілігі, шатқалдарының жүйесі және терең аңғарлардың V - түрлі формасы, 25-30 0 - дан 40 0 -қа дейінгі тік беткейлердің барлығы тән. Мұнымен қатар аңғар тереңдігі 500 м-ге дейін кішірейеді, ал аңғар ені үлкейеді. Берілген белдеудің жер бедері борпылдақ сынықты материалдардың денудациясының және аккумуляциясының, әсіресе көп мөлшерде ұйықты және коллоидты бөлшектер бар, беткейлерде және шатқалдардың түбінде қарқынды дамуымен сипатталады. Беткейлер ең жоғарғы шыңына дейін топырақты - өсімдікті жамылғымен жабылған. Бірақ, біраз мөлшерде жалаңаш жерлер кездеседі, бұл: жартастар, сусымалар және т. б.

Орта таулы белдеу ағынның еріген қар суларынан, нөсер және грунт суларынан қалыптасуына әсер етеді. Көлденең мүшелену тереңдігі алдыңғы белдеуге қарағанда анағұрлым аз. Мүшелену 600-800 м (42, 5 %) алып жатыр. Горизонтальді қатынаста орта таулы нашар мүшеленген [13] . Өзендердің жайылмасы 200-300 м, анық көрінеді, аумақтар кеңейіп, қайта қысқарып кезектесіп тұрғандай көрінеді.

Жағалаулық аймаққа топырақтың бетіне түскен ластаушы заттар не беттік ағыспен өзен арналарына және олардың салаларына көшеді, не жауын - шашын арқылы грунтты-топырақ қабатына және грунт суларына түсіп, сол арқылы сызашықтанғанда өзен арнасына түседі. Бұл биіктік белдеуде, сол немесе басқа жолмен өзен арнасына түсетін ластаушы заттар, топырақ-грунттардың дипрессиялық фракциялармен физикалық және физико-химиялық сіңіруі нәтижесінде біраз өзгереді, микробиологиялық жайылуы, сонымен қатар еріген заттармен топырақтың химиялық әрекеті болады. Мұнымен олардың улылығы біраз төмендейді. Өзендік сулардың өзін - өзі тазарту үрдісі жүреді [14] . Сонда да бұл белдеу жер беті суларын жағалаулық аймақтағы улы заттармен ластау қауіптілігінің жоғарғы дәрежелігімен сипатталады.

Төмен таулы - тау алды белдеу (800-900 м-ден 1400-1500 м-ге дейін) Іле Алатауы таулы аумағының ауданының 35%-н алып жатыр.

Бұл белдеу үшін жота массивінен солтүстік бағытқа кететін таулы қырқалар сипатты. өзен аңғарларының тереңдігі 300-400 м-ге жетеді және шатқалдың түрлері бар. 1000 м-ден жоғары биіктіктегі беткейлердің тіктілігі 20-дан 30 0 -қа дейін. Кейбір аудандардың иілім бұрыштары 2 - ден 10 0 -қа дейін. Төмен таулы белдеудің жер бедері биіктіктің біршама амплитудасымен, бірақ біршама горизантальді мүшеленумен ерекшеленеді. Ең үлкен вертикалды мүшелену (600-700 м) 5, 8 % құрайды [13] .

Таудың етегінен ақырындап жазық ой Іле ойпаңына ауысатын, еңісті тау алды жазықтығы басталады. Бұл ойпаңның анағұрлым төмен бөлігінде Іле өзенінің аңғары және Қапшағай су қоймасы бар.

Геоморфологиялық шектерде бұл тауалды - жазықтықты бөлікте екі аймақ бөлінеді: ысырынды конус аймағы және тауалды аккумулятивті жазықтық. Ысырынды конустары 1000 м-ден 800 м-ге дейінгі биіктіктерде орналасқан. Олардың ылдилығының орташа мәні шамамен 3 0 , ал ені 10-12 км-ге жетеді.

Аккумулятивті жазықтық ысырынды конусы аймағынан төмен орналасады. Оның жер бедері үлкен емес төбелерден және терең емес жыра сайлардан тұрады.

Төмен таулы- тау алды белдеуі ылдилықтың төмендеуіне, жер бедерінің вертикальді мүшеленуіне, атмосфералық жауын-шашыннығң мөлшерінің өзгеруіне байланысты ағынның қалыптасуына, биік таулы - мұзды және орта таулы белдеуге қарағанда көп қатыспайды. Сонымен қатар, ысырынды конус аумағында жотаның негізгі өзендерінде топырақ - грунттардың фильтрациялық қабілеттілігіне және олардың қалыңдығына байланысты, арналық ағыстың жоғалуы болады.

Әр түрлі жолмен жағалаулық аймаққа түсетін, ластаушы заттардың көшуі беттік секілді, жер асты жолдарымен де іске асады. Жауын-шашын арқылы топырақтың қалың қабатына сіңеді де, ластаушы заттар белгілі мөлшерде оларға қанығады және физико-химиялық трансформацияға және биологиялық деструкцияға итеріледі.

Іле Алатауының тау өзендерінің алаптарының геологиялық құрылымы ағынға және су балансына үлкен әсер етеді.

Іле Алатауының геологиясын зерттеуге көптеген жұмыстар арналған. Н. Г. Кассина [15], Д. Н. Казанли [16], Г. Ц. Медоева [17], Н. Н. Костенко [18], және басқаларының жұмыстары анағұрлым белгілі.

Геологиялық - тектоникалық қатынаста Іле Алатауы Солтүстік - Тяньшаньдық беттік жүйеге жатады [19] . Бұл жерде беткей түзілім үрдісі протерозойда және полеозойда жүрген. Іле алатауы аумағының геологиялық құрылымы алуан түрлі, бұл жерде әр түрлі жастағы және генезистағы жыныстар таралған, протерозойдан бастап осы кезеңге дейінгі.

Таулы бөлікте полеозойлық кристалды магмалардан түзілген жыныстар таралған. Негізінен бұл жыныстар гранитойдтық қатардан: граниттер, сиениттер, гранитоидтар, аляскидтар және т. б. Олар жотаның осьтік аймағы үшін сипатты және қарастырылып жатқан аумақтың 70 %-н алып жатыр. Тауалды және тау асты жазықтықтар кайназойлық жыныстардан құрылған. [1; 19] .

Төрттік ( плейстоцендік) түзілімдер кеңінен таралған және негізінен қойтасты - малтатасты түзілімдермен, гравиилермен, құмтасты саздақтармен, ал 1500 м-ден төмен - төмен таулы және тауалды аймақтарда орманды (лессовидными) саздақтармен жайылған.

Жотаның етегінде орналасқан негізгі өзендердің ысырынды конустары 40 м-ден Шелек өзені аңғарында және Ұзын ағаш өзені аңғарында 70 м, 430

Іле Алатауының аумағының гидрогеологиялық жағдайларын Н. Г. Кассин (1930 ж. ), В. Ф. Шлыгин [20], У. М. Ахмедсафин [21; 22] және басқа зерттеушілер зерттеген. [20] берілгені бойынша бұл жерде жарықшақты үлкен мүшеленгендігінің арқасында жарықшақты сулар өзендік аңғарлармен қарқынды кәрізденеді де терең жер асты ағысының қалыптасуына қатысады.

1. 2 Топырақ және өсімдік жамылғысы

Топырақ - өсімдік жамылғысы судың сапасының және ағынының қалыптасуының негізгі факторы болып табылады. Оның жағдайы белгілі мөлшерде су обьектілерінің экологиялық жағдайларына әсер етеді, өйткені топырақ құрамында жиналған ластаушы заттар су эрозиясы өнімдерімен бірге су обьектілеріне түсіп және адам денсаулығына кері әсер етуі мүмкін.

Топырақ - өсімдік жамылғысының зерттеуге көптеген жұмыс арналған. Н. А. Северцованың (1983 ж. ), Р. И. Аболинаның [35], С. И. Соколованың [36], М. А. Глазовтың [37; 38], Р. И. Чупахинаның [39], А. А. Науменконың [6; 40], Р. М. Насырованың [6], С. И Соколованың, И. С. Ассингтың, С. К. Серпикованың [41] және басқаларының жұмыстары анағұрлым белгілі.

Топырақ - өсімдік жамылғымсын реттеуде жер бедерінің әсерінен вертикальды белдемділігі, динамикалық геодлогиялық үрдістер, топырақ құраушы жыныстардың құрамы мен қаситеті, антропогендік әсерлері және т. б. ескеріледі. Анағұрлым толық вертикальдық белдемділік жотаның орталық бөлігінде, оның солтүстік беткей шектерінде анықталады, көрінеді. Бұл жерден жоғарыдан төменге қарай кезекпен келесі вертикальдық ландшафты белдеулер бөлінеді [11] .

Гляциалды - нивалды белдеу(3400 м-ден жоғары) . Бұл шектерде топырақ жамылғысы тек біраз жерлерде ғана кездеседі, және тасты болып келеді, және аз дамыған. Қатты жауын-шашынның аккумуляциясы секілді тау өзендерінің қоректенуі де үлкен рөл атқарады.

Альпілік белдеу (3400 - 3300 м-ден 3100 - 3000 м-ге дейін) . Топырақтар таулы-шалғынды альпілік, қаңқалық, қалыңдығы аз 20 - 50 см аралығында. Солтүстік, солтүстік - шығыс және солтүстік - батыс экспозициядағы жоталарды алып жатыр. Және мұздықтардың әсерінен туған жер бедерінің кең таралған - каралар, циркалар, трогты аңғарлар сияқты формаларына ие. Топырақ астында - тасшақпа, қойтастар бар.

Бұл белдеудің өсімдік жамылғысы кобрезиевтік альпілік шалғынмен және басқаларымен көрсетілген.

Субальпілік белдеу( 3100 - 3000 м-ден 2800 - 2700 м-ге дейін) . Субальпілік белдеуге өтерде жартастар мен сусымалардың алып жатқан аудандары қысқарады.

Солтүстік экспозиция беткейлерінде таулық - шалғынды субальпілік топырақтар таралған, осы шегарадағы гумусты горизонттардың қалыңдығы 50-70 см аралығында, тасшепті материалдар төселген. Оңтүстік беткейлерде - альпілік және субальпілік қалыңдығы аз және тасты таулық - шалғыннан айырмашылығы бар, таулық-далалық топырақтар таралған.

Өсімдік жамылғысына келсек әртүрлі дәнді шөптер, субальпілік шалғындар, манжетка, герань, көгалдар, және т. б. таралған.

Ельовых лесов және биік таулы субальпілік шалғын белдеуі (2800 - 2700 м-ден 1800 м-ге дейін) .

1. 3 Климаты

Іле Алатауының климатын әр түрлі маман иелері зерттеген: метеорологтар, гидрологтар, географтар, топырақтанушылар және т. б. Гидрологиялық мақсаттарға Іле Алатауының климаттық жағдайларына анағұрлым жалпылама сипаттамалар [3; 5; 9; ] жұмыстарда толық қарастырылған.

Бұл аудан климатына континенталдық, жергілікті биіктіктерге байланысты фронтальдық үрдістердің болуы тән. Іле Алатауы аумағы үшін жылы, ал төмен таулы және тау алды жазықтықты аймақ үшін ыстық жаз, қыста салқын және жылы ауа райының ауысып туруы тән, ауа температурасының үлкен жылдық және тәуліктік амплитудасының тербелісі, ауаның біраз құрғақшылығы және атмосфераның мөлдірлілігінің және тауға жоғарлаған сайын күн сәулесінің радиациялығы осы аумақ климатына тән.

Іле Алатауы материктің түбінде орналасқандықтан, ол солтүстік, солтүстік-батыс және батыс полюстік және арктикалық ауа массаларының кеулеуіне итермеленген. Сонымен қатар полярылық ауаның қайталанып тұруы болады, кейін тропикалық, ең соңғы кезекте антикалық ауаның қайталануы болып тұрады [2] . Қысқы мерзімде бұл жерде ашық ауа райымен және төмен температурамен жүріп тұратын, сібірлік антициклоны тұрады. Көктемгі айларда Атлантика, Ортажерлік, Қара теңіз аудандарынан дымқыл ауа массаларының келуінен, жауын-шашынның түсуіне байланысты циклон байқалады. Жота аумағына күзде және қыста ауа температурасын бірден төмендететін, арктикалық масса кіреді.

Іле Алатауының таулы аудандарында жалпы циркуляциялық үрдістерден, таулық - аңғарларда болатын желдермен, максималдық қайталанулар мамыр - қыркүйекте болатын жергілікті циркуляция байқалады.

Сұйық ағыстың қалыптасуына және ластаушы заттардың миграциясына әсе ететін негізгі климаттық сипаттамаларға күн радияциясы, ауа температурасы, атмосфералық жауын-шашын, қар жамылғысы, жел жылдамдығы және т. б. жатады. Төменде бұл сипаттамалар қолда бар материалдарға негізделіп, негізінен [23 - 25] жұмысынан алынды.

1. 3. 1 Ауа температурасы

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Оңтүстік – Шығыс Қазақстан өзендерінің ең мол ағындысының параметрлерін климаттың өзгерісін және антропогендік факторларды есепке ала отырып бағалау
Кіші Алматы өзені – СЭС-тен 164 км жоғары бекетінің гидрологиялық сипаттамаларын есептеу
Шарын өзенінің су ресурстарын бағалау
Іле өзенінің су режимі
Кіші Алматы өзенінің шаруашылықта қолданылуы
Балқаштың климаты континентальды
Іле-Балқаш аймағының су ресурстарын бағалау
Іле өзені – Қапшағай бекетіндегі су сапасының химиялық көрсеткіштерін анықтау
Сарысу өзені алабының зерттелмеген өзендерінің ағындысын есептеу
Алакөл көлінің экологиялық жағдайы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz