Заң алдындағы жауаптылық және оның қағидалары


Жұмыс түрі: Дипломдық жұмыс
Тегін: Антиплагиат
Көлемі: 52 бет
Таңдаулыға:
Жоспар
Кіріспе
1 ЗАҢ АЛДЫНДАҒЫ ЖАУАПТЫЛЫҚ ЖӘНЕ ОНЫҢ ҚАҒИДАЛАРЫНЫҢ ТҮСІНІГІ
- Заң алдындағы жауаптылықтың түсінігі
1. 2 Заң алдындағы жауаптылықтың және құқықтық санкцияның қағидаларының түсінігі
1. 3 Заң алдындағы жауаптылықтың және құқықтық санкцияның қағидаларының түрлері
2 ЗАҢ АЛДЫНДАҒЫ ЖАУАПТЫЛЫҚТЫҢ ЖӘНЕ ҚҰҚЫҚТЫҚ САНКЦИЯНЫҢ ҚАҒИДАЛАРЫНЫҢ ЖҮЙЕСІ
2. 1 Заңдылық қағидасы
2. 2 Әділеттілік қағидасы
2. 3 Гуманизм қағидасы
ҚОРЫТЫНДЫ
ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
КІРІСПЕ
Зерттеу тақырыбының өзектілігі. Қазақстан Республикасы Конституциясының 1 бабы мемлекеттің ең қымбат қазынасы адам және адамның өмірі, құқықтары мен бостандықтары деп жариялайды. Адам мен азаматтың құқықтары мен бостандықтарын тану, сақтау және қорғау мемлекет міндеті болып табылады. Әрі қарай, Конституциясының 17 бабында «Адамның қадір-қасиетіне қол сұғылмайды» делінген, яғни жеке тұлғаның қадір-қасиеті мемлекетпен қорғалады. Конституцияның аталған нормалары қоғамның қай саласы болсын, қандай субъектілеріне болсын бірдей, тең жағдайда қолданылады. Біздің зерттеу тақырыбымыз құқық бұзушыға қолданылатын Заң алдындағы жауаптылықтың және құқықтық санкцияның қағидаларына арналады1.
Заң алдындағы жауаптылықтың қағидалары - құқық нормасымен, құқықтық қатынастармен, құқық қолданумен, құқықтық идеологиямен, құқық қорғаумен, құқық бұзушылықпен тікелей байланысты күрделі, кешенді феномен.
Бүгінгі таңда Қазақстан қоғамы құқық бұзушылық санының айтарлықтай өсуімен, мемлекет, оның органдары мен лауазымды тұлғаларының тарапынан, сондай-ақ құқықтық қатынастардың өзге де қатысушыларының тарапынан болатын азаматтар мен заңды тұлғалардың субьективтік құқықтары мен заңды мүдделерін бұзушылықпен қақтығысып отыр. Осыған байланысты заң алдындағы жауаптылық институты құрылатын негізгі бастауларды нақты айқындау өте өзекті болып отыр, өйткені, осы мәселедегі нақтылық заң шығарушылықтың тұрақтылығы мен жүйелі келісімділігінің, бірыңғай құқық қолданушылықтың және де мемлекетте заңдылық пен құқықтық тәптіптің қамтамасыз етілуінің нәтижесінің кепілдігі болып табылады.
Жоғарыда айтылғандарды ескере отырып, мақсаты осы феноменнің дамуындағы негізгі мәселелерлі табу, нормативтік реттеудің кемшіліктерін анықтау, сондай-ақ заң алдындағы жауаптылық институтын жетілдірудің жолдарын белгілеу болып табылатын әрекет етуші заңнамада бекітілген Заң алдындағы жауаптылықтың және құқықтық санкцияның қағидаларының анализі өте орынды болып табылады деп білеміз.
Теориялық тұрғыда тақырыптың өзектілігі сол, бұл мәселе заң ғылымында осы күнге дейін полемикалық болып қалып отыр. Заң алдындағы жауаптылықтың түсінігін, мазмұнын, санатын анықтауда біркелкі пікір жоқ, заң алдындағы жауаптылықтың жеке қағидаларын анықтау мәселелеріндегі көзқарастарда да бірегейлілік жоқ. Сонымен қатар, осы мәселелердің теориялық тұрғыда дұрыс шешілуі жалпы алғанда құқық субъектілерінің қызметін алдын ала анықтайды, атап айтқанда, құқыққолданушылар мен заңшығарушылардың, ал бұл ақыр аяғанда заңдылық пен құқықтық тәртіптің жағдайына әсер етеді.
Жүргізілген зерттеулер осы уақытқа дейін заң алдындағы жауаптылықтың теориясы да, Заң алдындағы жауаптылықтың және құқықтық санкцияның қағидаларының тұжырымдамасы да қылмыстық құқықтың әсерінде қалып отырғандығын көрсетті. Заң және оны бұзғаны үшін жауапкершілік өзара тығыз байланысты және, осылайша қылмыстық құқық жалпы алғанда құқықтың өкілі рөлін иемденеді, жалпыны ауыстыратын бөлік болып табылады» деп жазады. Мойындауларды ескерсек, бүгінгі таңда отандық ғылымда қалыптасқан дәстүр құқықтың жеке және жария болып бөлінуі ендігі жерде өзгеріссіз күйде бола алмайды. Жеке және жария құқық түбегейлі түрде құқықтық режимдері бойынша ажыратылады, бұл жеке-құқықтық және жария-құқықтық жауапкершіліктің болмысына, мазмұнына, белгілеріне, сондай-ақ олардың қағидаларының жүйесіне әсер етпей қоймайды.
Осы айтылғандарға орай, құқық теориясының затын және оның құқықтану жүйесіндегі орнын ескере отырып, Заң алдындағы жауаптылықтың және құқықтық санкцияның қағидаларының жалпы теориялық тұжырымдамасын жасау өте өзекті болып табылады.
Тақырыптың зерттеліну деңгейі. Заң алдындағы жауаптылық және құқықтық санкция заң әдебиеттерінде бірнеше рет зерттелді. Әр уақытта осы мәселелерді қарауға А. Н. Ағыбаев, С. С. Алексеев, Б. Т. Базылев, Д. Н. Бахрах, С. Н. Братусь, А. С. Булатов, А. С. Ибраева, О. С. Иоффе, В. Н. Кудрявцев, В. А. Кучинский, О. Э. Лейст, В. С. Нерсяснец, С. С. Сартаев, С. Н. Сәбекенов, И. С. Самощенко, М. Х. Фарукшин, Шаргородский, М. Д. Шиндяпина, Р. Г. Ягутан және т. б. ғалымдар бет бұрған.
Қарастырылып отырған мәселе тек құқық теориясының шеңберінде ғана емес, сонымен қатар азаматтық, қылмыстық, әкімшілік құқық ғылымдарында да зерттелгендігін атап өткен жөн. Сондай-ақ көрсетілген авторлардың еңбектерін жоғары бағалай отырып, олардың көпшілігінде Заң алдындағы жауаптылықтың және құқықтық санкцияның қағидаларының мәселесі өзге ғылыми мәселелердің элементі ретінде қарастырылғандығын немесе зерттеудің жеке қағидалар шеңберінде шектелгендігін мойындаған жөн.
Курстық жұмыс кіріспе, екі тараудан, қорытынды, пайдаланған әдебиеттер тізімінен тұрады тұрады.
Кіріспеде жұмыстың мақсаты ашылды.
Бірінші бөлімде заң алдындағы жауаптылықтың және құқықтық санкцияның түрлері, түсінігі, қағидалары қарастырылды.
Екінші бөлімде заң алдындағы жауаптылықтың және құқықтық санкцияның қағидаларын жүйесін талдау берілді.
1 ЗАҢ АЛДЫНДАҒЫ ЖАУАПТЫЛЫҚ ЖӘНЕ ОНЫҢ ҚАҒИДАЛАРЫНЫҢ ТҮСІНІГІ
1. 1 Заң алдындағы жауаптылықтың түсінігі
Әдебиеттерде заңды жауапкершілікті мемлекеттік мәжбүр етумен қамтамасыз ету сияқты құқықтың белгісімен тығыз байланысты, құқықтанудың фундаменталды санаты деп айтылады. Жауапкершілік мәселесі әрқашан ғалым заңгерлердің назарында келеді, алайда, мұндай қызығушылықтар оның тәжірибелік және теориялық өзектілігін арттыра түсетіндей.
Заңды жауапкерлік маңыздылығы оның екі түрлі табиғатымен түсіндіріледі. Бір жағынан, бұл құқықтық норма ұстанымдарын бұзатын азаматтарға әсер етудің ең бір қатаң институттарының бірі, сәйкесінше мемлекеттің қорғану, оның өмір сүру тұрақтылығын қолдау әдістерінің бірі болып табылса, екінші жағынан, заң алдындағы жауаптылық қоғамның қалыптасқан тәртіптерге қол сұғушылықтардан өзін-өзі қорғау болып табылады. Заң алдындағы жауаптылық туралы дәлелді теориялық көзқарастарды жинастырып, өңдеу, аталған құбылысты нормативті реттеуді оңтайландыруға септігін тигізеді және сәйкесінше жауапкершілік институтын жүзеге асыру тиімділігін күшейтеді.
Жоғарыда айтылып кеткеніндей, заң әдебиеттерінде жауапкершілік тақырыбы салалық ғылымда болсын, жалпы құқық теориясында болсын белсенді түрде талқыланып келеді. Жауапкершіліктің мәніне байланысты барлық пайымдауларды талдай келе, жауапкершілік түсінігін анықтаудағы көзқарастардың қайшылығын олардың теориялық негізінің түрлілігімен негізделетінін көруге болады. Осыдан келіп, теориялық негізі бойынша жауапкершіліктің барлық тұжырымдарын екі топқа бөлуге болады.
Бірінші топқа жауапкершілікті құқыққа қайшы мінез-құлықтың салдары ретінде қарастыратын көзқарастарды жатқызуға болады. Құқық бұзушылықсыз, жауапкершіліктің болуы мүмкін емес.
Екінші топқа, жауапкершілікті құқық бұзушылық жасамайтын тұлғаның құқыққа сай мінез-құлқы деп, басқа адамдардың, қоғамның, мемлекеттің алдындағы қарыздарлық сезім деп, сыртқы және ішкі бақылау нысаны, адамның өзінің іс-әрекетін алдын-ала болжау мүмкіндіктері мен қасиеттерінің ара-қатынасы деп, құқықтық қатынас субъектілерінің жай-күйі деп пайымдайтын көзқарастарды жатқызуға болады.
Жауапкершілік туралы сөз болғанда оның құқыққа қайшы әрекет пен және оның салдарымен байланыстылығы жөнінде ғана түсінік пайда болады. Жауапкершілікті осылайша түсіну жалпылама дәстүрге айналған. Дегенмен аталған теориялық тұрғы шеңберінің өзінде, жауапкершілік түсінігін бірауыздан құқықтық әдебиеттерде талданбай келеді. Бірқатар авторлар аталған категорияны мемлекет пен қоғамның құқық бұзушылығық әрекеттерін кінәлаудан тұратын, құқық нормаларының талаптарын орындатуға мемлекеттік мәжбүр ету деп талдайды .
Мәжбүр ету белгісі құқықтың негізгі және мәнді мінездемесі болғандықтан, жауапкершіліктің кез-келген құқықтық құбылыс секілді мемлекеттік мәжбүр етумен байланыстылығымен келісу керек. Алайда, мәжбүр ету белгісі басқа да құқықтық құбылыстарға тән болғандықтан, жауапкершіліктің анықтаушы белгісі болып қызмет атқара алмайды.
Сондай-ақ, мұндай тұрғыдан келу жауапкершілк пен тұлғаға мәжбүр ету шараларын қолдануды біріктіріп жібереді: мысалы ҚР Қылмыстық кодексінің 38 бабына сәйкес жаза сот шешімімен тағайындалатын мемлекеттік мәжбүр ету шарасы деп түсіндіріледі. Алайда заң шығарушы жауапкершілік пен жазаның арасын нақты түрде шектейді. Мысалы, ҚР Қылмыстық кодексінің 5 тарауында қылмыстық жауапкершілік пен қылмыстық жазадан босатылу негіздері қарастырылған 2.
Заңды жауапкершілікті мемлекеттік мәжбүр ету түрінде түсіну біздің ойымызша толық дәлелденбеген, негізсіздеу, өйткені, құқықтағы мәжбүр етудің түрлі қыры және түрлі көріністері бар. Мәжбүр ету - құзырлы мемлекетік органдар мен лауазымды тұлғалардың, қоғам өкілдірінің қоғамдық қауіпсіздік пен тәртіпті қорғау мақсатында, құқық бұзушылықпен және басқа да зиянды салдармен күресу мақсатында процессуалды тәртіпте бекітілген мәжбүр ету шаралары мен құқықтық нормаларда көрсетілген санкцияларды қолдану жолымен субъектілердің мінез-құлқы мен санасына физикалық, психикалық және басқа да әсер етуі. Заң алдындағы жауаптылық жалпы құқық секілді мемлекеттік мәжбүрлеумен байланысты екені күмән туғызбайды. Алайда, мемлекеттік мәжбүрлеумен басқа да мәжбүр ету шаралары байланысты болып келеді. Осыған байланысты теорияда былайша қарастырылады:
Ескерту шаралары - болуы мүмкін құқық бұзушылықтың алдын алу үшін қолданылатын, сондай-ақ қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында пайдаланылатын мемлекеттік мәжбүр ету шараларының бір түрі. Бұған мысал ретунде құжат тексеру, бостандықтан айыру орындарынан босап шыққан тұлғаларды әкімшілік бақылауды келтіруге болады.
Бұлтартпау шаралары - құқыққа қайшы әрекеттерді тоқтату үшін немесе олардың зиянды салдарының алдын алу үшін қолданылатын мемлекеттік мәжбүр ету шараларының бір түрі.
Жауапкершілікті мемлекеттік мәжбүр ету деп түсінуді басшылыққа ала отырып, ескерту шарасы мен бұлтартпау шарасын қолдануды жауапкершілік деп айтуға толық негіз бар деген қорытындыға Д. Н. Бахрах келеді [4, 21 б. ] . Мұндай көзқараспен толық келісуге болмайды деп ойлаймыз. Өйткені жауапкершілік шараларын қолдану мен бұлтартпау шараларын қолдану үшін әртүрлі негіздер қажет.
Сондай-ақ, әдебиеттерде мәжбүр ету шараларының ішінде қорғау шаралары деген ұғым да бар екені айтылады. Бұлардың арасындағы түсінікпен шектеулер туралы сұрақтар осы күнге дейін жалғасын тауып келе жатқан даулы мәселе. Біздің пікірімізше, қорғау шаралары деп құқыққа қайшы әрекеттері үшін немесе субъективті құқықты бұзғаны үшін тұлғаға қолданылатын жеке немесе мүліктік сипаттағы құқықтан айыру жазасын көздемейтін, заң шеңберіндегі құқықтық шаралары деп түсіну қажет. Олардың қатарына мәмілені жарамсыз деп тануды даулау, құқықты мойындау, шарттан бас тарту мысалдарын келтіруге болады. Жауапкершілікті мемлекеттік мәжбүр ету ретінде қарастыра отырып, қорғау шаралары жауапкершілік шаралары болып табылатынын мойындау қажет. Мұндай қорытындыға көбінесе И. С. Самощенко мен М. Х. Фарукшин келеді. Құқықтағы қорғау шараларының мәселесін талдай отырып, олар «қорғау шараларын бөліп шығарумен келісуге болмайды, өйткені мемлекеттің бір фактіге теріс жауап қайтаруы, құқық бұзушылыққа мемлекеттік мәжбүрлеуді қолдану жасанды түрде түрлі тәртіптегі құбылысқа айналдырады» деген қорытындыға келеді . Қорғау шаралары мен жауапкершілік шараларының арасын шектеуге С. Н. Братусь те қарсы шығады. Ол заңды міндеттерді мәжбүрлеп орындатуды заң алдындағы жауаптылық деп қарастырады. Зиянның орнын толтыру, оның пікірінше, қорғау шарасы да, жауапкершілік шарасы да болып табылады ] . Д. Н. Бахрах жауапкершілікке қалпына келтіру шараларын да, бұлтартпау шараларын және өндіріп алу шараларын да енгізеді ] . Мұндай көзқарастарды негізді деп есептеуге болмайды деп санаймыз. Әрекет етіп тұрған заңнамаларды талдау, заң шығарушының «құқық қорғау», сондай-ақ «жауапкершілік» категорияларын пайдаланатынын көрсетеді. Егер бір құбылыс туралы сөз болса, онда екі түрлі термин қолданудың қажеті болмас еді. Сонымен қатар қорғау шаралары мен жауапкершілік шаралары мәні бойынша айырмашылықтарға ие. Жоғарыда қорғау шараларына анықтама беріліп өтті. Ал жауапкершілік шаралары деп заңмен рұқсат берілген шеңбер мен нысанда жеке немесе мүліктік сипаттағы құқықтан айыруға әкеліп соғатын, құқыққа қайшы әрекет үшін немесе субъективтік құқықты бұзғаны үшін қолданылатын құқықтық тәсіл деп түсіну керек деп ойлаймыз. Осылайша, жауапкершілік шаралары мен қорғау шараларын оларды қолдануда жеке немесе мүліктік сипаттағы құқықтан айырылуға әкеліп соғады ма жоқ па, сол жағынан белгілеу қажет секілді.
Мұнда айта кетер жәйт, «айыру» категориясы осы күнге дейін даулы күйде қалып отыр. Әдетте құқықтан айырылуды, орындалмаған міндетті жаңа міндетке ауыстыру, бұзылған міндеттен шығатын немесе құқықтан айырылу немесе бұзылған міндетке жаңа міндеттің қосылуы, құқықтық мәртебесі өзгеруімен байланысты құқық бұзушы үшін жағымсыз салдары деп түсіндіріледі. Шынында, заң алдындағы жауаптылық әрқашанда құқықтан айыру мен қосымша міндеттер жүктеуден көрініс табады, яғни заң алдындағы жауаптылық шараларын жүзеге асыру заңды мәртебенің өзгеруіне әкеліп соғады. Алайда, қорғау шараларын қолдануда субъектіде кейде қосымша міндеттер пайда болады. Мысалы, тиісті емес сападағы тауар берілген сатып алушы тауардың кемшілігін белгіленген мерзімде ақысыз түрде жоюды талап ете алады, яғни қорғану шарасын қолдана алады. Бұл жағдайда сатушыда алдын болмаған, қосымша міндет пайда болады: тауардың кемшілігін жою жөніндегі іс-әрекеттер жасау, сәйкесінше қорғау шараларын қолдану заңды мәртебенің өзгеруіне әкеледі.
Құқықтан айыруды субъектілерге тиесілі конституциялық құқықтардан (өмір сүру, бостандық, жеке басқа қол сұғылмаушылық, тұрғылықты жерді таңдау ж. т. б. ) айыру не шектеу, немесе мүліктік саладағы кемсітуден көрініс табатын заң алдындағы жауаптылық шараларын қолдану салдары деп түсінген жөн деп ойлаймыз.
Мәлiметтi байқамай жасалған құқық бұзушылық байынша заңды жауапкершiлiкті мемлекеттiк мәжбүрлеу мүмкiн емес, сондықтан осы тұжырымды жақтаушылары анықтайтын белгiлер болып: тек қана құқық бұзушының дербес немесе мүлiктiк затты сатып алу кезінде қандай да бір ақаулықтар немесе шектеулер пiшiнде жоқ, бірақ қолдану барысында қолдану ережесін дұрыс жасамаған жағдайдың салдарынан заттың немесе мүліктің ақаулығы пайда болса, заңды жауаптылық ешқандай тарапқа қолданылмайды. Осы позиция қазiргi таңда ғалымдардың пікірі бойынша мемлекеттің қателігі деп санайды. Заңға қайшылық және соттау екi әр түрлi ұғымдар мұндай тәсiлдермен теңестіруге болмайды есептеймін. Мораль - бұл тарихи ашылмалы-жабылмалы және дамитын өмiрлiк қағида, көзқарастар, бағалар, мiнез-құлықтың нормалары, адамдардың анықтайтын және реттейтiн қатынастарына негiзделген, қоғамға, мемлекетке, ұжымға, жанұяға, қоршаған ортаға бағытталған сенiмдердiң жиынтығы . Мораль және құқық - әлеуметтiк нормалардың әр түрлi топтары және оның теңестiре алмайтын және құқық реттеуi керек болған қатынастағы заңға сүйенген әсерiн айғақсыз тарату болып табылады3.
Тiптi, (жауапкершiлiктiң өлшемдерiн материалдық құқықтық қатынаста қолдану) өлшем қолданудың жағдайларында заңды жауапкершiлiк болып табылмайды. С. Н. Братусь осыған ұқсас пiкiрді ұстанады: заңды жауапкершiлiкте мiндеттiң орындалуы жанама түрдегi мемлекеттiк мәжбүрлеу болып табылады. Егер мiндет ерiктi жағдайда орындалса, онда бұл заңды жауапкершiлiк болып табылмайды. Автор бұл пікірінде iс жүзiнде оқиға онының сыртқы пiшiннен әсер етуiн тәуелдiлiк ете алмайды, деп ойлайды. Бұл, оқиғаның сипаттамасы туынды қолданудың түрі ретiнде факультативтi iлтипатқа қабылданбағанында емес, қолданудың түрі ретiнде факультативтiк жауапкершілік болып санналады. Жауапкершiлiктiң өлшемi оның қолдану әдiстемесі ретінде тәуелдiлiк сипаттамасынан тыс сақтайды.
В. М. Горшенев және В. В. Меньшиктің пікірі бойынша заңды жауапкершiлiк, бұл (азамат, ұйым, лауазымды адам және тағы басқа) тұлғаның мемлекетпен танылатын қабiлеттiлiктерін қолдану кезінде заңсыз әрекетi жасау және оның игiлiктеріне тәуелдi айырулар түрде мемлекеттiк ықтиярсыз әсердi қолдану кезіндепайда болатын жауапкершілік. В. М. Горшенев және В. В. Меньшиктің осы позициясына Э. Лейст өз еңбектерінде қисынды сынағыштық пiкiр көрcеткен: парыздың ұғынуымен тұлға құқық бұзушылықа әдейі барады, заңды түсінеді(адамның қабiлеттiлiгi өз қызметiнiң нәтижелерiн болжау), яғни заңды жауапкершілікті қолдану міндетті болып табылады . И. С. Самощенко және М. Х. Фарукшин заңға сүйенген институт мазмұнына қосылған жауапкершiлiктiң түсiнуiне мұндай тәсiлдеме iс жүзiнде әдiл көрсеткен . Одан басқа, авторлар, мұндай заңды жауапкершiлiктiң анықтамасын негiзге ала отырып, заңды тұлғаларды заңды жауапкершiлiгінің табиғатын анықтау мүмкiн емес деп көрсетедi.
В. М. Горшенев заңды жауапкершiлiк зардаптың, онына тәуелдi игiлiктерін айыруын құқық бұзушылық кезінде және мәжбүрлеу шараларын тiкелей заңға сүйеніп қолданылу мәртебесінiң компоненттеін бір бірлеп деп түсiндiре бастады. Ол мұндай түсiндiру барысында екi дербес ұғымдарды ерекшелейдi: жауапкершілік заң бойынша қалай қолданылған және нақты құқықтық қатынастың қалай пайда болғандығы . Егер жауапкершіліктің астында (қоғамдық қатынастардың нақты түрін реттейтiн заңға сүйенген нормалардың тобы) заңды жауапкершiлiк институты қолданса, жеке жауапкершiлiкті ұқсас түсiнуге болатын болса, онда - заңды жауапкершiлiк бұл құқықтық қатынас кезінде тұлғаны қорғау теориясының мiндетi деген анықтамаға сай болар еді.
Өз уақыты бойынша теорияда «жауапкершiлiк» ұғымы анықталып және заңдық жауапкершiлiк ерекшеленіп келген. В. А. Тархов заңды жауапкершiлiктi бұл қажеттiлiк кезінде өз әрекеттерiнне есеп беру, деп түсіндірген . Ол қоғамдық қатынастар ненi бұзбайтында ойлайды, жауапкершiлiк бар болғанымен қолданылылмайды. Жауапкершiлiкке тарту қажеттiлiк туындайтындай мiндеттi орындалады және қоғамдық қатынастарды бұзады. Заңды жауапкершiлiк - бұл мiндеті реттелген құқық өз әрекеттерiнде есеп беру болып табылады. «Есептiң талап етуi - жауапкершiлiктiң негiзгi белгiсі және мәнi, ал соттау негізінде жазалау - бұл ендi басқа сұрақ» . Айтып ескертетін жайт, жауапкершiлiк термины түсiндiрілуi сол сияқты теорияда мойындауды таппаған және iс жүзiнде бiрден сынамаларға ұшыраған. Бұл феномен назарсыз қалдырмады, терминның анықтамасы не теория жағынан алғанда дәулетсiз және iс жүзiнде жемiссiз болып қала бермеді. Анықтамасын әр түрлі ғалымдар әр түрлі жорамалдады, бірақ нақты, қатып қалған анықтамасы жок. Ол жеке құқықта жауапкершiлiкке қолданылмайтын, өйткенi бұл позицияда сезiктi, айыпкер, айыпталушы үшін айыптау дегенді білдіреді. Әдебиеттерде, семантикалық iздеулер туралы түсіндермелер аз, өйткенi ол әр түрлi сөздерді және түсініктерді білдіреді және де арқа сүйейтiн түсiндiрме сөздiктерде қалай құқықтың зерттеуiн ауыстырып жiберетiнiн атап өтiледi. Семантикалық iздеулер құқықтың зерттеуiн алмастырып отырады, ол қарама қайшылыққа жол бермейді4.
- Заң алдындағы жауаптылықтың және құқықтық санкцияның қағидаларының түсінігі
Әлденеше рет заң алдындағы жауаптылық қағидалары теорияның зерртеу пәні болған. Сонымен қатар авторлар күші көбірек жауапкершілік қағидаларының нақты мәні мен мазмұнын ашуға жинақталған болатын. Бұл ретте Заң алдындағы жауаптылықтың және құқықтық санкцияның қағидасы ұғымының өзіне және бұл категорияның құқық қағидалары жүйесінде алатын орнына аз көңіл бөлінген.
Заң алдындағы жауаптылық құқықтық құбылыс екендігі күмән тудырмайды, демек онда бүтін объективтік құқықтың белгілері, қоғамдық қатынастардың реттеуішінің бірі ретінде көрініс табады. Осыған орай «Заң алдындағы жауаптылық қағидалары» ұғымын, жалпырақ категория «құқық қағидалары» арқылы ашу керек.
Құқық қағидаларының мәселесі құқықтанудың аса маңызды теориялық сұрақтарын қозғайды, өйткені олардың мәні мен мазмұнын анықтау құқық жүйесінің қалыптасу негізін, қайсы бір құқық жүйесінің ерекшеліктерінің себептерін айқындауға мүмкіндік береді.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz