Арал теңізі туралы



Арал теңізін апаттан сақтау үшін көптеген жобалардың ұсынылғаны белгілі. Алайда олардың көпшілігі тенізді толтыруды емес, оны тек бүгінгі деңгейде ұстап қалуды көздейді. Ол ұсыныстар мынандай болатын:
1. Сыр және Амудария өзендерінің суларын тиімлі пайдалану;
2. Оңтүстіктен солтүстікке карай Возрождение аралын пайдаланып дамба салу. Кіші Аралдан тұз өндіріледі, ал Үлкен Арал Сыр және Амудария есебінен сақталады;
3. Жел тұрғанда аспаннан тұз жаумас үшін жағалауларға сексеуіл т.б. жасыл желек ағаштарды отырғызу;
4. Арал аймағын Иран еліндегідей жер асты суларымен камтамасыз ету;
5. Сібір өзендерінің бір бөлігін Аралға бұру.
Бұл шаралардың теңізді бұрынғы қалпына келтіре алмайтыны анық. Әрине Сібір өзендерінің бір бөлігін Аралға тартуға болар еді, бірақ ол біріншіден қымбатқа түседі, екіншіден Ресей оған келісе коймайды.
АҚШ, Жапония, Канада ғалымдарының Арал теңізінің суын бұрынғы деңгейіне жеткізу үшін 200 миллиард доллар қажет дейтін көрінеді. Аралды бұрынғы қалпына келтіру үшін іргелі зерттеу жолымен Каспий-Арал каналының ғылыми-техникалық дәлелдемесі жасалынады. Сол жоба бойынша Арал апатын шешу үшін 300 млн доллар жеткілікті екеніне көз жеткізген.
Каспий теңізінен деңгейі бір кезде көтеріліп, бір кезде төмендеп кететіні, яғни ғасырлық тербелісі бұрыннан белгілі құбылыс. Соңғы көтерілуінде теңіз деңгейі 214 см-ге өсіпті. Каспиймен шекарасы жанасқан мемлекетттердің (Ресей, Казақстан, Иран, Түрікменстан, Әзірбайжан) біраз жағалық жерлері судың астында қалды. Кәзірдің өзінде де бұл елдердің мұнай өндіріп тұрған көптеген кен орындары мен халық орналасқан жерлері су астына кету қаупі бар.
Егер жоғарыда көрсетілген (214 см) судың қабатын Каспий теңізінің акваториясының ауданына (380 000 км2) көбейтсек, ол 800 км текше километр (800 км3) су болады. Бір кызығы, дәл осыншама су көлемі кұры
Қолданған әдебиеттер:
1) "Зерде" республикалық ғылыми-көпшілік журнал.
№9. 2002 ж.
2) "Атамекен" газеті 1 қаңтар 2001 ж.

Арал теңізін апаттан сақтау үшін көптеген жобалардың ұсынылғаны
белгілі. Алайда олардың көпшілігі тенізді толтыруды емес, оны тек бүгінгі
деңгейде ұстап қалуды көздейді. Ол ұсыныстар мынандай болатын:
1. Сыр және Амудария өзендерінің суларын тиімлі пайдалану;
2. Оңтүстіктен солтүстікке карай Возрождение аралын пайдаланып дамба
салу. Кіші Аралдан тұз өндіріледі, ал Үлкен Арал Сыр және Амудария есебінен
сақталады;
3. Жел тұрғанда аспаннан тұз жаумас үшін жағалауларға сексеуіл т.б.
жасыл желек ағаштарды отырғызу;
4. Арал аймағын Иран еліндегідей жер асты суларымен камтамасыз ету;
5. Сібір өзендерінің бір бөлігін Аралға бұру.
Бұл шаралардың теңізді бұрынғы қалпына келтіре алмайтыны анық. Әрине
Сібір өзендерінің бір бөлігін Аралға тартуға болар еді, бірақ ол біріншіден
қымбатқа түседі, екіншіден Ресей оған келісе коймайды.
АҚШ, Жапония, Канада ғалымдарының Арал теңізінің суын бұрынғы деңгейіне
жеткізу үшін 200 миллиард доллар қажет дейтін көрінеді. Аралды бұрынғы
қалпына келтіру үшін іргелі зерттеу жолымен Каспий-Арал каналының ғылыми-
техникалық дәлелдемесі жасалынады. Сол жоба бойынша Арал апатын шешу үшін
300 млн доллар жеткілікті екеніне көз жеткізген.
Каспий теңізінен деңгейі бір кезде көтеріліп, бір кезде төмендеп
кететіні, яғни ғасырлық тербелісі бұрыннан белгілі құбылыс. Соңғы
көтерілуінде теңіз деңгейі 214 см-ге өсіпті. Каспиймен шекарасы жанасқан
мемлекетттердің (Ресей, Казақстан, Иран, Түрікменстан, Әзірбайжан) біраз
жағалық жерлері судың астында қалды. Кәзірдің өзінде де бұл елдердің мұнай
өндіріп тұрған көптеген кен орындары мен халық орналасқан жерлері су астына
кету қаупі бар.
Егер жоғарыда көрсетілген (214 см) судың қабатын Каспий теңізінің
акваториясының ауданына (380 000 км2) көбейтсек, ол 800 км текше километр
(800 км3) су болады. Бір кызығы, дәл осыншама су көлемі кұрып бара жатқаны
Аралға жетпей тұр! Каспий теңізіндегі артық суды шарпып алып Аралға құйса
екі теңіз де өздерінің баяғы күйлеріне келер еді. Мұны екі теңізді каналмен
косу арқылы оңай жүзеге асыруға болады. Арал Каспийден 74 метр биіктікте
орналасқан және екеуінің арақашықтығы 500 километрді құрайды. Жоба бойынша
Каспий-Арал каналын салуды 2 кезеңге бөліп жүргізу керек. Алдымен каналдың
аса терең емес табан бөлігін минерал жыныстың ішінен қазып, одан шыққан
топырақты каналды бойлай жағалауға үйеді. Каналды бетонмен каптап, жылына
25 текше километр (25 км3) су жүретіндей етіп іске қосады. Екінші кезеңде,
каналдың жағасында жиналған үйінді топырақты тегістеп жайып, каналдың екі
жағынан бірдей дамба көтереді. Соның нәтижесінде каналдың көлемі кенейіп,
40 текше километр (40 км3) су жүретін болады. Бұл есептеу жайдан-жай,
кездейсоқ алынып отырған жоқ. Олар Аралды қалпына келтіру жұмысында
құрылысқа өте аз шығын жұмсап, энергияны үнемді пайдалануға мүмкіндік
береді.
Әрине, аталған жоба бойынша бірінші кезектегі каналдың құрылысын 3-4
жылда, ал екінші кезектегі құрылысты асықпай, келесі 15-20 жылдың ішінде
салуға болар еді. Бірақ та, біз күткенмен де Каспий күтпейді, сондықтан бұл
жұмысты ұзақ мерзімге қалдыруға әсте болмайды.
Канал жағалауларынын дамбасын салуды каналды қазу жұмысымен қатар
жүргізгенде оны толығымен 5-6 жылда аяқтауға болады. Жоғарыда, соңғы 15
жылдың ішінде Каспийдің суы 800 км3-ге артты делік. Яғни, ол жыл сайын 53
км3 су қосылғанын, немесе теніз денгейінің жылына 14 см-ге көтерілетінін
білдіреді. Егер Каспий теңізінен жылына 40 км3 су алынып тұрса, ол теңіз
суының көтерілуіне жақсы тежеу болмақ. Аралды суға толтыруға кажетті 25
жылдың ішінде су деңгейінің көтерілу қарқыны осы күйінде сақталғанның
өзінде Каспий суының деңгейі 3,5 метрдің орына тек 0,87 метрге ғана
көтеріледі. Сөйтіп 25 жылдың ішінде Аралға 1000 км3 су құйылады.
Канал Үстірт шоқысынан өтетін болғандықтан Каспийдің суын насоспен
айдап, оны 150 метрге көтеру қажет. Канал кұрылысы мен насос станцияларының
шығыны 300 млн долларды құрайды. Оның 43 бөлігі канал құрылысына, ал
қалғаны насос станциясы сияқты косымша қондырғыларға жұмсалады.
Судың булану нәтижесінде Каспийдің тұзы Аралдың түбіне жиналып, оның
тұздылығын арттыруы мүмкін. Оның алдын алмаса, тағы да 100-150 жылдағы
кейін ол өзінің пайдалы маңызын жояды. Осындай жағдайды болдырмас үшін енді
Аралдан Каспийге қарай ағатын екінші канал салу керек. Сонда Каспий-Арал
каналы Аралды сумен толуды камтамасыз етсе, екінші Арал - Каспий каналы
теңіздің тұздылану балансын бірқалыпты ұстап отырады. Екінші Арал—Каспий
каналын салу көп қаржыны талап етпейді. Жоба бойынша ол 30 млн долларға
бағаланып тұр. Бұл каналға насос станиясының қажеті жоқ, канал қазылып суға
жол берілсе болды, ылдиға қарай судың өзі зымырайды. Каспийге кұятын
Арал—Каспий каналының ұзындығы негізгі каналға карағанда 2,5 есе қысқа
болмақ.
Екінші каналдың кұрлысын еліміздің экономикасы бекіп, аяғынан тік
тұрып, Аралымыздың арнасы суға толғаннан кейін 25-30 жылдан соң бастауға
болады. Иншалла!
Каспийге құятын Арал Каспий каналы іске косылған соң Арал Каспийден
жылына 20 км3 су алумен ғана шектеледі. Каспийдің су балансының тепе-
теңдігі 20 км3 судан бұзылмайды.
300 млн доллар! Кәзіргі жағдайда бұл тиімді баға ма, әлде көп пе?
Адамзаттың уайым-қайғысыз, шаттанып өмір сүруі үшін үлкен екі аймақта
тұратын миллиондаған халықты апаттан құтқаруға жұмсалатын 300 млн доллар
ешкандай қымбатшылық емес! Бәрі де салыстырмалы түрде айқын болады. Мысалы,
"Стеллс" атты американдық бомбалаушы ұшағының құны 840 млн доллар. Ла-Манш
арқылы өтетін туннельдің кұрлысы 80 млрд доллардан асып түсті.
Көріп отырғанымыздай, Аралды құтқарумен асау Каспийге тұсау салуға 300
млн доллар соншалықты қол жетпейтін сома емес. Каспий жағасында орналасқан
қазақ жеріне судың көтерілуіне байланысты 40 млрд теңге (40 млн доллар)
зиян келтіріледі. Оның үстіне әсіресе төмендегі мәселелерді ескерсек, канал
құрлысының тиімділігіне тағы көз жеткіземіз.
1. Арал бүкіл планетаның жанды жарасы. №1 экологиялық апат. Орталық
Азия мен Казақстанның және т.б. елдердің тағдыры Арал мәселесін дұрыс
шешуге тікелей байланысты.
2. Каспий теңізін айналдыра дамба салу үшін жұмсалатын қаражат пайда
келтірмейтін өлі капиталмен ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Арал теңізінің зерттелуі
Арал теңізі зерттелу тарихы, географиясы және игеру мәселелері
Арал теңізінің зерттелу тарихы
Арал теңізінің зерттелу тарихы, экологиялық жағдайлары
Каналды бетонмен каптап, жылына
Солтүстік Арал теңізінің экологиялық күйі
Қазақстандағы ең ірі теңіздің қазіргі экологиялық ахуалы
Ғаламдық экологиялық мәселелер (Арал және Семей аймақтары)
Арал дағдарысының себеп салдары
Аралды апаттан қорғау шаралары
Пәндер