Емдік туризмнің түсінігі


МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ . . . 3
1 ЕМДІК ТУРИЗМНІҢ ТҮСІНІГІ . . . 4
1. 1 Емдік туризм типологиясы . . . 6
1. 2 Емдік туризмнің даму тарихы . . . … . . . 9
1. 3 Емдік туризмдегі санаторлық-курорттық мекемелердің түрлері және орналастыру ерекшеліктері . . . 15
2 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ ЕМДІК ТУРИЗМІНІҢ ОРТАЛЫҚТАРЫ . . . 21
- Бальнеологиялық курорттар . . . 24
2. 2 Балшықты курорттар . . . 26
2. 3 Клматтық курорттар . . . 27
3 ҚАЗАҚСТАН МЕН ӘЛЕМДЕГІ ЕМДІК ТУРИЗМНІҢ ДАМУЫ . . . 30
- Емдік туризмнің даму мәселелері мен келешегі . . . 36
- Қазіргі заманғы курорттық орталықтың трансформациялары . . . 37
ҚОРЫТЫНДЫ . . . 38
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ . . . 40
КІРІСПЕ
Емдік туризмді негізіне қарай ең басты туризм түрі деп айтуымызға болады. Себебі емдік туризм ол адамдардың денсаулығын жақсарту мақсатындағы туризм түрі болғандықтан. Өйткені денсаулық ол адамның өмірдегі ең басты, ең негізгі құралы деп айтуымызға болады. Емдік туризм өзінің ежелгі әрі бай тарихымен негізделеді. Әр бір елде өзінің табиғи ресурстарына және социалды-экономикасына байланысты дамыған.
Негізінде емдік туризмді адамдар бос уақытына және де мезгілге байланысты емдік сауықтыру мақсатында, санатори мен курорттарды қолданады. Курорттардың емдік туризм мақсатындағы бірнеше түрлері бар. Атап айтсақ - климаттық, бальнеологиялық және батпақпен емдеу курорттары. Осы курорттарға байланысты екінші бөлімінде айтылып кеткен, яғни емдік туризмдегі курорттардың қай түрінде қалай емделуге болады және де олардың ерекшелігі неде.
Әр-бір туризм түрінің өзінің мақсаты бар, соған байланысты осы туризм түрінің яғни, емдік туризмнің дамуының мақсаты. Ол шетелдік инвесторларды және де серіктестіктерді өзіне қарай қызықтыру:
А) рекреациялық зоналар және курорттардың бітпеген материалдық - техникалық базасының реконструкциясы үшін қажетті инвестиция көлемін тартуды қысқа уақыт ішінде қамтамасыз ету мүмкіндігі;
Б) жоғары эффектілі туристерді курорттық емдеу арқылы жергілікті және республикалық бюджетке қосымша валюталық қаржыны тарту;
В) рекреанттарға қызмет көрсетудің халықаралық стандарттарын қамтамасыз ететін әлеуметтік-өндірістік инфрақұрылым мен қызмет көрсету сферасын құру;
Г) Елдің курорттық-санаторийлік жүйесінің базасын дамыту үшін, сол елдің емдік - курорттық ресурстарын дамыту туралы мемлекеттік бағдарламаны құру қажет;
Д) жоғарғы оқу орындарында туризм мамандығы бойынша кадрларды дайындау;
Е) емдік туризм бойынша зерттелетін мәселелер мен тақырыптар тізбесін анықтау.
1 ЕМДІК ТУРИЗМНІҢ ТҮСІНІГІ
Курорттық емделуді ғажап физиолог Павлов И. П. былай деген “Емделушіге жазылған барлық дәрігерлік анықтамалар орнында қозғалмай қалушыларға әсер етеді себебі негізгі аурудың ошағы әлі қалпына келе қойған жоқ. Мұндағы ең басты талпыныс - адамды отырған орнынан дереу түрде алып шығу, күнделікті атқарып жүрген жұмысынан босату, оның ойын денсаулығының сау болуына қарай итермелеу ондай жағдайды бірнеше күндей қалпында қадағалап отыру”.
Емдік туризм - бұл тұрғылықты жерден алшақтап демалу мен емделу мақсатында табиғи факторларды өзіне сіңіру. Сонымен қатар санаторлы-курорттық жерлер мен емдік орындарға саяхат жасау.
Санаторлы-курорттық емделудің негізі мынада жатыр ол:
Біріншіден адам баласы өзінің өмір сүру қалпынан ауытқып, жаңадан құрылған жерге келіп қоныстанады, және табиғи жанға-жайлы жағдайға кеңеледі.
Екіншіден ауруға төтеп бере алатын арнайы емдік режимді орнатады
Үшіншіден бұның мәні мынадан тұрады оған негізінен табиғи емнің факторларын қолдану мақсатында - минералды сулар мен емдік батпақтарды және жайлы климатқа толығы мен ем алып шығуына себепші болады. [1] .
Курорттық немесе курорттық емес санаторияларға барудың ең басты мәні науқасты өзінің бұрынғы өмір сүрген және де ауруы асқынған ортасынан алшақтатып оны жанға жайлыкөңілінен шығатын аймаққа апару керек.
Бұл қоршаған орта мен табиғи жағдайдың (климаттық т б) тұрақтануы жұмыстағы адамдар мен қарым-қатынастың орнықты болуы әсер етеді.
Осындай кезеңде қоршаған ортаның жағдайы адамға оңды әсер қалдырса және адамның сол аймаққа бейімделуі көбінесе оның денсаулығына байланысты. Адам салмағының нашарлауы қоршаған ортада әр түрлі ауруларды жұқтыруына себепші болады.
Ал одан өзге ортада курорттағы науқасқа ең маңызды емделу жолдарын ұсына алады. Оның әсер ету күші адамға курортта салауатты өмірі мен тәбетінің дұрыс сақталғаны үшін жағымды әсер қалдырады.
Табиғи жағдайдың орнығуы науқастың психикасына әсер етіп ғана қоимай оның жүйке жүйесі процестерінің қалпына келуіне жол ашып ағзадағы өмірлік талпынысын арртыруда басты рөл атқарады.
Курорттан кейін бастапқы қалпына қайта келу үшін акклиматизациядан өтуі керек.
Рекреация - бұл адам баласы өзінің бос уақытын танымдық сауықтыру спорттық және мәдени-көңіл көтеру іс-шараларын өткізу мен шектелмейді және осы шаралар бір күндік, апталық, жылдық сонымен қатар өмірлік циклдерді жүзеге асыру мақсатында орындалады [3] .
Адам өзіне бірнеше рекреациялық аспектілерді біріктіре алады Олар: Медико-биологиялық, әлеуметтік-мәдени, экономикалық, политикалық, және экологиялық болып бөлінеді.
Рекреациялық аспектілердің маңыздылары мыналар болып табылады: Ол мынау; медико-биологиялық олар мынандай құрамдардан тұрады:
- Осы ауруға шалдыққан денсаулығын қалпына келтіруге курортология әдісімен емдік процестің аяқталуын күтетін зиялы қауым.
- Дені сауыққан адамдардың шаршағанын басатын аурудың әдістемесінде және кәсіби маман ретінде қабылдауға болады.
Туризм арқылы сауығу - бұл адамның өндірістік және өндірістік емес психологиялық жағынан шаршауын кетіре алады. Дені сау адамның жұмыстағы және үй шваруашылығындағы ауырпашылықтан шаршауы адамның жұмыс істеу қабілетін төмендетіп жібереді.
Орындалып жатқан жұмыстың талпынысына қарай отырып оннан екі түрлі шаршау белгілерін анықтауға болады Олар: Интенсивті және тәулік бойы жұмыс істеу барысында функционалды потенциалдың төмендеуі салдарынан жүйке жүйесі орталығының және жұмыс істейтін ағзаның тежелуіне әкеліп соғады. Осы орайда жұмыстық қабілеті дереу қалпына келеді. Ең аз деген интенсивті ұзақ жұмыста функционалды потенциалдың әлсіреу тереңдігі күрделеніп жұмыс бабына ұзақ мерзімдей дайындалады [4] .
Физиологиялық өзгерістердің болуын қадағалау мақсатында еңбегі демалысқа ауысуы керек
Рекреациялық әрекеттің қасиеті шаршағанын басатын оның белсенділігін арттырады. Белсенді қасиеттің қалпына келу процесінде пассивті демалысқа қарағанда өтуі анық байқалады.
Келесі бір түрі ағзаның жасына қарай әр түрлі рекреациялық қасиеттердің түрлеріне тәуелді болуы керек
Мысалы: Балалар рекреациялық қасиеттің хал-ахуалынан әр түрлі әсер алу мақсатында жүктің физиологиялық және психологиялық жасының негізінде ауыр болуы ғажап емес.
Тәулік бойы ауыр салмақтан күшті әсер алуы жасөспірімдер жасына байланысты.
Орташа жас пен жасы келген адамдардың салмақты көтеруі бірдей болуы керек және тыныштық қалпында өтуі тиіс.
Осыған орай әр бір жасқа арнайы цикл тәрбие мақсатында жүргізіледі.
Емдік сауықтыру туризмінің түсінігі И. В. Зориннің және В. А. Квартальныйдың анықтаулары бойынша бұл
Біріншіден Емдік және демалу мақсатындағы туризм
Екіншіден Жалақылары төмен тұрғындардың туристік саяхатында тұрмыстық жағдайы нашар, әлеуметтік жағынан қорғалмаған емделу мен рекреациядан өтуді қажет ететін адамдар саны.
Демалу зонасы мен қала сыртына жақын орналасқан қолайлы жағдайы және (орманды массивті өзен-көлдері) тек демалуға арналған.
Курорттық орындар - жанға жайлы табиғи факторлары мен денсаулықты қалпына келтіру үшін профилактикалық ауруларды емдеуге арналған.
Куроттық емделу - адам денсаулығын бастапқы қалпына келтіру процесінде әр түрлі курорттық ресурстарды пайдалану арқылы жүзеге асырылады.
- Емдік туризм типологиясы
Рекреациялық тұтынудың медико-биологиялық аспектісі санаторлық-курорттық емдеудің құрылымы мен көлемін анықтауды оқып-білумен қорытындылады. Аймақтық медициналық статистиканың негізіне қарай курортологтар тұтынушылардың санаторлық-курорттық емделудегі жиынтық баластарын жасайды және оларды қанағаттандыру мүмкіндіктерін анықтайды.
Рекреациялық - емдеу шаралары - бұл арнайы шаралар жүйесі, санаторлық-курорттық емдеу әдістерімен қатаң анықталады: климатпен емдеу, бальнеологиялық емдеу, балшықпен емдеу және т. б. Рекреациялық-сауықтыру шараларының түрі әртүрлі болып келеді. Бұған кіретіндер: қыдыру, суға шомылу, күн және ауа ванналарын алу, ойындар, жай демалыс және т. б.
Медико-биологиялық баға бергенде климат басты роль атқарады. Климатологтар мен курортологтар демалушылар мен туристердің климаттық ресурстарына баға беруге толық жүйеде сипатталған әдістер берген (Чубуков, 1975) . Климат дегеніміз белгілі бір аудандарға лайықты ауа райының көп жылдық режимі. Оның адамға әсері нақтылы ауа райы арқылы беріледі. Ауа райының кешенді әсеріне жауап ретінде басты баға адам организмінің жағдайы болу керек.
Курортология (курорт және грек. logos - ілім) - емдік қасиеті бар табиғи факторларды зерттеп, оларды пайдалану жолдарын қарастыратын медицинаның бір саласы. Курортология микробиология, химия, физика, биофизика, физиология, т. б. ғылым салаларымен тығыз байланысты. Оның медициналық климатология, климатотерапия, бальнеология, бальнеотерапия, балшықпен емдеу, қымызбен емдеу, т. б. салалары бар. Курортологияның негізгі шұғылданатын мәселелері: жұмыс істеп тұрған курорттардың және әлі іске қосылмаған курорттық жерлердің емдік қасиеттерін тексеріп, дұрыс пайдалану жолдарын іздестіру; кейбір табиғи минералды суларды, шипалы балшықтарды, т. б., басқа жаққа тасымалдағанда емдік қасиеттерін жоғалтпауын қадағалау; аурулардың түр-түріне, кезеңіне байланысты оларға курорттық емнің қалай әсер ететінін анықтап, сауықтандыру орындарында олармен емдеу әдістерін ұсыну; курорттардың медициналық тұрғыдан жұмысын дұрыс ұйымдастыру жолдарын қарастыру, т. б. Курортология ғылымының жетістіктері нәтижесінде курорттық факторлардың (климаттық, минералды сулардың, емдік балшықтың, т. б. ) адам организміне әсерінің механизмдері анықталды. Бұлар адам денсаулығына рефлекстік жолмен, яғни жүйке жүйесі арқылы гуморальдық, гормондық өзгерістерге дәнекерлік жасайды; тікелей зат алмасуға әсер етіп, организмнің ауруға қарсы тұру қабілеттілігін арттырады; организмде пайда болған зиянды микрофлораны жойып, улы заттарды пайда болуының нәтижесінде емдік шараларды қолдану тәртібін іске асырады. Сондықтан курортология ғылымының негізгі мақсаты - курорттық факторлардың қандай аурулардың қандай түріне және олардың қай кезеңінде пайдалы екенін анықтау болып есептеледі. Қазақстанда Курортология саласындағы зерттеулер КСРО ҒА Қазақ бөлімшесінің Эксперементтік және клиникалық институтында (қазіргі Хирургия ғыл. орт. ) Курортология бөлімі ұйымдастырылғаннан кейін басталды (1945) . Бұл бөлім 1950-1984 ж. Қазақстан Денсаулық сақтау министерінің Өлкелік патология ғылыми-зерттеу институтының (қазіргі Гигиена және эпидемия ғылыми-зерттеу орталығы), ал 1984 жылдан Кардиогогия ғылыми-зерттеу институтының құрамына кіреді. Курорт (нем. Kur - емдеу және ort - орын, жер, аймақ) - қолайлы климаты, минералды суы, емдік балшығы және табиғи шипалы қасиеттері бар жерлерде салынған емдеу-профилактикалық мекемелер (санаторийлер) кешені. Курортта емделудің жақсы нәтиже беруі онда қолданылатын емдеу әдісімен қатар, адамның көңіл күйінің жақсаруына, күнделікті жұмыс пен тұрмыс жағдайларынан уақытша босауына тығыз байланысты. Емдеу әдісіне қарай Курорттар бальнеологиялық, шипалы балшықпен, климатпен, қымызбен емдейтін болып бөлінеді. Бальнеологиялық Курорттарда минералды бұлақтардың шипалы суымен емдейді. Шипалы балшықты курорттарда балшық, лай, тұздың қою ерітіндісі қолданылады. Климатпен емдейтін Курорттарда күн сәулесі мен ауа, теңізде, өзен көлде шомылу арқылы емделеді. Емдік қасиеті жоғары минералды суы бар Қазақстандағы бальнеологиялық Курорттар: “Сарыағаш”, “Алмаарасан”, “Жаңақорған”, т. б. Шипалы балшықпен емдейтін Курорттар: “Мойылды”, “Жаңақорған”, т. б., ал республикалық маңызы бар “Бурабай” климатпен және қымызбен емдейді.
Емдік курорт - профилактикалық мақсаттардың қолданылуына табиғи аумағы қорғалынып, қажетті табиғи емдік ресурстардың және мекемелердің, инфрақұрылым объектілерінен жайғастырылған. [4] .
Бальнеологиялық курорты - курорт, табиғи емдік ресурстарының минерал суын қолданатын орын көзі.
Жергілікті мағынасы бар курорт - емдік профилактикалық мақсаттарда қолданылуында табиғи аумағы қорғалып, жергілікті бақылау органдарымен жүргізіледі.
Аудандық мағынасы бар курорт - емдік-профилактикалық мақсаттарда қолданылуында табиғи аумағы қорғалып, мемлекеттік органдардың күштері бар мекеме.
Федералдық мағынасы бар курорт - емдік профилактикалық мақсаттарда қолдануында табиғи аймағы қорғалып, мемлекеттік күштерінің федералдық ережелерімен орындалатын мекеме.
Санаторий (лат. Sano - емдеймін, айықтырамын) - науқасты табиғи шипалы емдермен (ауа райы, минералды су, шипалы балшық т. б. ), физиотерапия, емдік физкультура арқылы емдейтін және профилактика жүргізетін мекеме. Алғашқы Санаторийлер дәулетті адамдар үшін 19 ғ-дың 2-жартысында Бат. Европада салына бастаған. Санаторийлер үлкендерге, балалар мен жастарға, сонымен қатар ата-анасы мен балаларға ажыратылады. Санаторийлер бір профильдік (ұқсас аурулар үшін) және көп профильдік (екі және көп мамандандырылған бөлімдер) деп бөлінеді.
Емдік санаторийлер мен паисионаттар - төсектермен жабдықталған және табиғи емдік факторлардың (климат, минералды сулар, емдік балшық және т. б. ) шипалық қасиеттері негізінде нақты мерзім ішінде науқасты еңбекке жарамды ету емімен қамтамасыз ететін емдеу - алдын алу ұйымдары. Олардың барлығы мамандандырылған және бір немесе көппрофильді, әдетте курорттар мен емдік-сауықтыру орындары шегінде орналасқан.
Санаториийлер - профилакторийлер - төсектермен жабдықталған, қызметкерлерді жұмыстан бос уақытында, өндірістен үзіліссіз, емдік-сауықтыру шараларымен қамтамасыз ететін ұйымдар жанында қызмет атқарушы емдеу-алдын алу ұйымдар.
Демалыс үйлері, пансионаттар, базалар мен басқа демалыс ұйымдары, туристік базалар - демалыс үшін арналған, онда демалушыларға нақты мерзімге орналастыру мен тамақтандыру немесе тек орналастыру ұсынылады, сонымен қатар туристік-экскурсиялық қызмет көрсету және әдетте курорттардың, емдеу-сауықтыру орындарының, қала маңындағы аймақтардың шегінде орналасқан. Мұндай ұйымдар жыл бойы (жылдық) немесе маусым бойы (маусымдық) жұмыс істей алады.
Қымыз және шұбат емі - қымыз және шұбат, ем мақсатында қолданылады, ол жылқының және түйе сүтінің қышқылдық бактериялар мен дрождар. Осы екі сусындардың емдік және тағамдық байлы белоктардан тұрады, витамин және минерал заттардан, этил спиртінен, антибиотиктерден, аминқышқылдардан және спецификалық майлардан тұрады.
Қазақстан табиғи байлықтар мен минералдық ресурстардың әртүрлілігі жаңа емдік мекемелерді құруға мүмкіндік береді. Ең бірінші оны табиғи - географиялық және басқа жағымды жағдайларды қарастыру керек. Ол жаңа мекемелерді табиғи көркем жерінде, жағымды климат пен ыңғайлы жолдар және мәдени, медициналық қызметтерді құруға мүмкіндік береді.
- Емдік туризмнің даму тарихы
Туризм қоғамдық, шаруашылық және кеңістіктік құбылыс ретінде ежелгі замандарға терең кең тамыр жайған мол дәстүрге ие. Туристік әдебиеттерде туризмнің дамуын кезеңдерге бөлу жайында көптеп айтылады, әсіресе В. Унцкер мен Дж. Мариотти секілді ғалымдардың отақ еңбегінде.
Бұл еңбекте К. Пшеславскийдің (1973) бөлген кезеңдерді келтірілген, оның келесідей кезеңдері бар:
1. Туризм XVIII ғасырдың соңына дейінгі туризм:
а) ежелгі туризм;
б) орта ғасырлар мен қайта өрлеу дәуірі кезіндегі туризм;
в) XVII және XVIII ғасырлардағы туризм;
2. XIX және XX ғасырлардағы - Дүниежүзілік соғысқа дейінгі туризм;
3. Қазіргі заманғы туризм.
Туристік саяхаттар, сауда-саттық сапарлар өзінің мәнін жоғалтқанда басталады деп санйды. Біздің заманға дейінгі мың жылдықта ескі Египетте аталынып жүрген, осындай алғашқы көшіп-қонушылыққа жататыны - діни негізіндегі саяхаттар. Біздің заманға дейінгі ғасырда египет фараоны Нехао Африка төңірегінде атақты үш жылдық саяхат құрған.
Ертеректе туристік саяхаттар қалаларды көріп, жасанды көлдер, шипалы бұлақтарға барумен байланысты болды; кейініректе жиілеп салына бастаған пирамидалар саяхаттанушылардың назарын аудара бастады. Алйда, жақсы дамыған жол торлары мен сапалы түнеу үйлері және арзан асханалардың тек қана ежелгі Греция мен Римде пайда болуы бұл саяхаттарды белгілі мөлшерде тежеді. Туризм ол кездегі ешқандай табыс көзіе әкелмеді.
Ежелгі Грецияда курортология мен емдік туризм пайда бола бастады.
Римдіктер өздерін сауықтыру үшін жылы су көздеріне және курорттарға барып тұруды жақсы көрді. Емдеу құдайы Асклепийдің храмдары көне замандарда құрыла бастайды, классикалық кезеңде (5-6 ғғ. б. з. д. ) олардың саны 60-тан астам болады. Олар қаладан қашық, қыраттау, жақсы климаты бар жербе салынды. Швейцариядағы курорт Сент Моритц әйгілі ерекшелігімен пайдаланылды.
Туристік саяхаттардың ерекше формасы емдік жерлерге сапар шегу болды. Алғашында қалада тұратын бай гректер мен римдіктер қала сыртындағы ауылды мекендерге шығып отырса, кейініректе бұл саяхаттардың географиялық шектеулері кеңейе түсті. Минералды бұлақтар мен храмдардың қасында қазіргі санаторийлерге ұқсас объектілер салына бастады, ал емдік жерлер жоғары комфортты жағдайлары мен ойын-сауықтық көп түрлілігімен әйгілі болды.
Ол кездерде ең әйгілілерден Байедегі, Компаниядағы (қазіргі Италия) шомылу орындары болды.
Емханалардан басқа римдік провинцияларында бұл кезде Aguae Calidae (қазіргі Виши, Франция), Aguae Helveticae (қазіргі Баден, Щвейцария), AguaeHerculi (қазіргі Байе Херкулан, Румыния), Aguae Solis (қазіргі Бат, Ұлыбритания) әйгілі болды.
Қазіргі кездегі туризмнің классификациясы ең алдымен кеңістіктің әлеуметтік-эканомикалық құбылысын, аумағын, туристік шаруашылығының кәсіпорындары, туристік іс-әрекеттері мен жалпы туризмді жоспарлау қажетті. Осы классификациясының мәні тиризмнің формаларын және түрлерін анықтаумен бітеді.
Қоғамдық функциялардың және технологиялық өндірістерінен туризмнің үш формасын көрсетеді:
а) емдік туризм
б) денсаулық-сауықтыру
в) танымдық
тұлғалардың физикалық және рухани күштерін қалпына келтіретін негізгі адамдардың қанағаттандыратын спектрлерін көрсетеді.
Формалар мен кластардан ерекше, туризмнің түрлері әртүрлі. Олар факторлардан тәуелді, олардың маңыздылардың бірі:
- бос уақыттың ұзақтығы мен көптігі;
- жасы, жынысы, денсаулықтың жағдайы, рухани дамуының деңгейі, адамдардың өзінің талғамы және олардың материалдық жағдайы;
- табиғи жағдайларының әртүрлілігі мен маусымдылығы;
- негізгі жылжу мүмкіндіктерінің бар болуы.
Мақсаттарды, жағдайларды, бағыттарды және қазіргі кездегі туризм-
нің даму масштабтарын формаларға, кластарға және түрлерге бөлуге болады.
Адамдардың денсаулығын сақтау және күшейту, оладың еңбекке деген ынтасын арттыру бұл әр мемлекеттің әлеуметті саясаттың міндеті, олардың шешуі туризмнің басты рөлі болады, сонымен қатар негізгі емдік функциялар мен белсенді демалыс және т. б. Санаторно - курорттық ем, адамдардың қиын аурулардан өткенін, қайта өз денсаулығын нығайту үшін
арналған және де емдік процессін жалғастыруға мүмкіндік береді.
Туризм арқылы емдеу - өндірістіе және өндірістік емес мәселелерін шешудің бір рөлі, адамның физикалық және психологиялық шаруадан шыққан. Дұрыс ұйымдастырылған және белсенді демалыстың кең қолдануы (жаяу жүру, қайықта жүзу, велосипедпен тебу және т. б. ) адамдарды физикалық жағынан күштерді нығайтатын, сыртқы ортаға және жағымсыз әсерлерден кері ұстауға мүмкіндік береді. Денсаулық сауықтыру туризмі, адамдардың денсаулығын күшейтеді, адам ағзасының маңызды жүйесін қалпына келтіреді. Бұл жағдайлардың мәндері: көп жүрулер, саяхаттар, экскурсиялар, мерекелер, ауа және күн сәулелік ванналар, теңіздік және өзендік жүзулер және т. б. жатқызуға болады. Әлеуметтік-эканомикалық мәні бар туризм функциясы өте жоғары, өйткені ол миллион адамдардың денсаулығын және еңбекке талпынысының күшеиюіне бағытталған.
Емдік және сауықтыру шараларын қолданбасақ, онда келешектегі ұрпақтардың дамуына жол бермейді, өйткені, сол кезде еңбектік қажеттіліктер мен қоғамның белсенді дамуы азаяды.
Қарастырылған үш формада туризмнің классификациясы қалыптасады, яғни оны кластарға, түрлерге, әртүрлілікке бөлінеді. Осылардың бөлінуінің нәтижесінде әртүрлі критериялар мен признактер бар.
Санаторлық-курорттық емі - бұл халықтың көмегіне емдік-профилактикалық түрі. Бұл емді физиологиялық және шынайы деп есептеуге болады. Шынайы емдік факторға климат, минералды сулар, емдік балшық, теңіз шомылуы және т. б. жатады. Табиғи емдік факторлармен бірге физиотерапия, диетотерапия, емдік шынықтру, массаж, инерефлексотерапия және т. б. курортта істейді.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz