Моральдық шығынды өндіру ар-намысты, қадір-қасиетті және іскерлік беделді сот арқылы қорғау


Жұмыс түрі: Дипломдық жұмыс
Тегін: Антиплагиат
Көлемі: 63 бет
Таңдаулыға:
Мазмұны
Кiрiспе. 3
- Моральдық шығынды өндіру ар-намысты, қадір-
қасиетті және іскерлік беделді сот арқылы қорғау.
- Ар-намыс, қадір-қасиет және іскерлік бедел - мүлiктiк
емес өзiндiк құқықтар ретінде. 6
- Моральдық шығынды өндіру- азаматтардың
құқығын қорғау. 21
1. 3. Ар-намыс, қадір-қасиет және іскерлік беделді сот арқылы қорғау. 27
II. Ар-намысты, қадір-қасиетті және іскерлік беделді
азаматтық құқықтық қорғау.
2. 1. Ар-намыс, қадір-қасиет және іскерлік беделді азаматтық
құқықтың объектісі ретінде қарау. 30
2. 2. Моральдық зиян келтіру салдары және оны қалпына
келтіру тәртібі. 36
2. 3. Соттардың моральдық зиянды өтеу туралы заңнаманы
қолдануы туралы 39
III. Адам өмірі мен денсаулығына келтірілген зиян үшін
және моральдық зиян келтіргені үшін жауапкершілік.
3. 1. Адам өмірі мен денсаулығына зиян келтірудің салдары 48
3. 2. Моральдық зиян және оның зардаптары үшін жауапкершілік 56
Қорытынды 60
Қолданылған әдебиеттер 61
Кіріспе
Адамның қадiр-қасиетiне қол сұғушылық үшiн әлеуметтiк жауаптылық идеясы азамат қоғамы дамуының алғашқы кезеңiнде-ақ - қоғамда адамгершiлiк туралы ұғым қалыптасқаннан зерттеле басталды. Алайда, қоғамның мемлекеттен осы заманғы реформалаушы азаматтыққа дейiнгi даму үрдiсiнде моральдық талап адамдардың өзара қараым-қатынасын нормативтiк реттеу жүйесiне енгенi аян. Олар: кiсi өлтiрмеу, ұрлық жасамау, қиын жағдай туа қалса, көмектесу, ақиқатын айту, уәденi орындау және т. б.
Қоғамдық сана өз қалыптасуының бастапқы кезiнде адам өлтiру, зақым келтiру, жәбiрленушi немесе оның туыстары пайдасына ақшалай өтемақы iздестiрiлуiне, туғандары тарапынан аздап кек алу дәстүрiн пайдалануға құқық беретiн.
Моральдық зиян жәбiрленушiге жан азабын немесе тән азабын салып, азаматтың қадiр-қасиетiне нұқсан келтiрген мүлiктiк емес игiлiктерi мен құқықтарының бұзылуы ретiнде айқындалады.
Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасында жәбiрленушiнiң басынан кешiрген қорлану, түңiлу, тән қиналуы, төзiмiнiң таусылуы, қысым жасалу, ашуландыру, ұялту, залал шегу, қолайсыз жағдайда қалу сияқты зиян шегушiлiгi нақтыланған.
Қазiргi уақытта моральдық зиян деп мүлiктiк те, мүлiктiк емес сипатта жасалып, заңмен қорғалатын кез келген игiлiк пен өзiндiк құқыққа қол сұғушылық түсiндiрiледi. Қолданыстағы жария анықтамаға сәйкес моральдық зиян - бұл жеке және заңды тұлғалардың өзiндiк мүлiктiк емес игiлiктерi мен құқықтарының бұзылуы, соның iшiнде жәбiрленушi бастан кешiрген залалдар (Қазақстан республикасы Азаматтық кодексiнiң 951-бабының 1-тармағы) .
Құқық бұзушылық жасалумен байланысты моральдық зиянды барлық жағдайда игiлiк пен құқықтығ кемiтiлуiмен теңдестiре беруге әсте болмайды. Заң шығарушы мұны iшiнара көре бiлiп, «моральдық зиян өтелуге тиiс, мүлiктiк зиянға қарамастан өтеледi» деп атап көрсеткен. Соның нәтижесiнде ол моральдық зиян демiктiлiк мiндеттеменiң бiрден-бiр негiзi болып табылатын жағдайларды қамтиды.
Қылмыстық iстерде моральдық зиянды өтеу тәжiрибесi өзге судьялар басшылыққа алатын өлшемдер туралы соттарға мүмкiндiк бермейдi.
Кесiлген төленетiн өтемақы бiр мың теңгеден үш миллион теңгеге дейiн қарастырылған. Зиянның орнын толтыру жөнiндегi қадағалау және кассациялық iс жүргiзудiң негiзгi бөлiгi қызмет (еңбек) мiндеттемесiн атқарып жатқан қызметкелерге, сондай-ақ қауiп-қатерi көп көздердiң әрекетiне қатысты. Азаматтық құқық теориясында моральдық зиянның азаматтық құқық бұзушылық салдарынан туындау мүмкiндiгi туралы талай рет атап көрсетiлдi.
Моральдық зиянға төленетiн өтемақы мүмкiншiлiгi жөнiнде алғаш рет КСРО-ның «Баспасөз және басқа да бұқаралық ақпарат құралдары туралы» заңында қарастырылды. Бұл республикалық заңнамаларда да көрiнiс тапты. Ол кездегi моральдық зиян үшiн жауапкершiлiк ерекшелiгi шектеу жүргiзе отырып қолдану едi.
КСР Одағының және республикалардың азаматтық заңнамасының моральдық зиян үшiн жауапкершiлiк негiзi кәсiпкер, кредиторлар болса, коммерциялық емес сипат пен мiндеттемелердiң бұзылу жағдайы ескерiлмейтiн. Сонымен бiрге моральдық зиян өтемақы құқығы көзделген заңнама кесiмi күшiне енуден бұрын жасалса, төленбейдi. Бiрақ, жәбiрленушiге моральдық зиян келтiрушiлiк заң күшiне енгеннен кейiн де жалғасса, өтемақы сөзсiз төленедi.
Моральдық зиян деп азаматтың құқық бұзушылық, оған тиесiлi мүлiктiк емес игiлiктер мен өзiндiк құқықтардың кемiтiлуiнен немесе олардан айырудан туындаған жан немесе тән азабын түсiну қажет. Тек осы жағдайда әрбiр адам күй кешкен мүлiктiк емес зиянды саралау арқылы бағалау қамтамасыз етiлуi тиiс. Моральдық зиянның өтемi мөлшерiне қарай балама түрде өтелетiн мүлiктiк зияннан бiрқатар факторлармен ерекшеленедi. Алайда, моральдық зиянның ауыр және жеңiлдiгi ол үшiн жауапкершiлiктi айқындағанда шешушi рөл атқарады.
Егер қорқыту, адамды ұрлау, бас бостандығынан заңсыз айыру, психиатриялық стационарға заңсыз орналастыру, адамдарды пайдалану үшiн азғырып-көндiру, жала жабу, қорлау сияқты моральдық зияндар бiрiншi рет жасалуы мүмкiн. Адамдарға қарсы жасалған осы қылмыстардың кейбiрi бiздiң заңнамасы үшiн жаңалық болып табылады. Әрине, қорқыту, жала жабу, қорлау сияқтылар бұрынғы қылмыстық заңнамада да айтылғаны белгiлi.
Жалған жала жабу жәбiрленушiге мүлiктiк емес зиян келтiретiнiн айтуға тиiспiз. Тәжiрибеде жәбiрленушiнiң iскерлiк беделiне қаяу түсiредi.
Бұрынғы өзара уағдаласушы қарсы агенттер онымен нақтылы мәлiметтер жасасудан бас тартып, кiрiс келтiруiне қөлеңке түсiретiнi, сөйтiп, айналым қаржысы азаятыны аян. Бұл жағдайлар моральдық қана емес, мүлiктiк зиянды да келтiредi.
Қорыта келе айтарымыз Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты пленумның «Соттардың моральдық залалдың орнын толтыру жөнiндегi заңды қолдануы туралы» 1995 жылғы 22 желтоқсандағы № 10 қаулысы күшiн жойып, сол кездегі төраға Қ. Мәми қол қойған. «Соттардың моральдық зиянды өтеу туралы заңнаманы қолдануы туралы» 2001 жылғы 21 маусымда қабылданған № 3 нормативтiк қаулысы қолданылуда.
Осы құжатқа сәйкес соттар назары мүлiктiк емес игiлiктер мен өзiндiк құқықтарды қорғаудың және азаматтарға келтiрiлген моральдық зиянды толық өтеудiң конституциялық құқықтар мен бостандықтарды жүзеге асырудың, құқықтық мемлекет пен азаматтық қоғам құрудың тиiмдi тәсiлi болып табылатынына аударылған. Мұны ел егемендiгiнiң азаматтарымыздың құқықтары мен заңды мүдделерiн қорғау жөнiндегi игi қадам деп түсiнемiз.
І. Моральдық шығынды өндіру - ар-намысты, қадір-қасиетті және іскерлік беделді сот арқылы қорғау.
1. 1. Ар-намыс, қадір-қасиет және іскерлік бедел - мүлiктiк емес
өзiндiк құқықтар ретінде.
Қазіргі таңда мүліктік емес өзіндік қатынастарға ерекше назар аударылды. Қазақстандық цивилистері де артта қалып отырған жоқ. Өйткені халықаралық құқықта адам құқықтары бірінші орында тұрады. Мұны растайтын мына дәлелдемелерді келтірейік. БҰҰ Жарғысында Адамның құқықтары мен қадір-қасиетін қорғау мәселелері баянды етіледі. Өзінің алғашқы бастамаларының бірі ретінде “Адам құқықтары туралы халықаралық билль” жасауды БҰҰ-ның адам құқықтары жөніндегі Комиссиясы қолға алды. Осыдан кейін, 1918 жылғы 10 желтоқсанда қабылданған “Адам құқықтарының жалпыға бірдей деклорациясы” қабылданды да адам құқықтары мен бостандықтарының қорғалуы айтарлықтай ұлғайды.
Жоғарыда аталған халықаралық нормативті-құқықтық актілері ҚР-да ратификацияланды. ҚР-да Конституцияға сәйкес адам құқықтары мен бостандықтары танылды және оларға кепілдік беріледі. 1 Адам құқықтары мен бостандықтары әркімге тумысынан жазылған, олар абсолюттік деп танылады, олардан ешкім айыра алмайды, заңдар мен өзге де нормативтік құқықтық актілердің мазмұны мен қолданылуы осыған орай анықталады. 2 Конституцияның нормаларын көрсете отырып, мына шешімге келдік: адам құқықтары мен бостандықтары Конституциялық деңгейде реттеледі және қорғалады.
Жалпы нормативтік құқықтық актілер мүліктік емес өзіндік қатынастарды реттеген кезде, оның нормалары шартты түрде екіге бөлінеді: жалпы және арнайы нормалар. Жалпы нормалар мүліктік емес өзіндік қатынастарды жалпы түрде сипаттайды. Ал арнайы нормалар мүліктік емес өзіндік қатынатсардың жеке түрлерін реттйді және қорғайды. Мүліктік емес өзіндік қатынатсар жеке тұлғаға тәсілі негізінен азаматтық құқық нормаларымен жүзеге асырылады.
Сонымен егер мүліктік емес өзіндік қатынастар отбасылық, еңбек, әкімшілік және басқа құқық салаларының нормаларымен реттелінетін болса, онда олар азаматтық құқықтың нысанасына кірмейді. Қалған жағдайлардың барлығында азаматтық құқықтың нысанасына кірмейді. Қалған жағдайлардың барлығында азаматтық құқық нормаларымен реттелінеді.
Мүліктік емес игіліктер мен мүліктік емес өзіндік құқықтарды пайдалану арқылы жүзеге асырылады. Аталған игіліктер мен мүліктік емес өзіндік құқықтар азаматтық құқықтың объектілері болып табылады. Олардың мынадай үш ерекшеліктері бар: 1) мүліктік мазмұны болмайды; 2) жеке тұлғадан ажыратылмайды, яғни олар бөлінбейді, сатылмайды, берілмейді және т. с. с. ; 3) жеке тұлғаны дараландыріу қасиетіне ие болады.
Ескертетін бір жайт-мүліктік емес игіліктер және оларға байланысты мүліктік емес өзіндік құқықтарды реттемейді, ол тек қана қорғау қасиетін жүзеге асырады. Ал екінші топ ғалымдардың пікіріне келсек, мүліктік емес өзіндік құқықтардың реттелінуін және қорғалуын пара-пар қоюға болмайды. Өйткені аталған құқықтарды реттеудің өзі оларды қорғау болып табылады. Соңғы кезде ғалымдардың копшілігі осы пікірді қолдайды.
Мүліктік емес өзіндік құқықтарды реттеген кезде азаматтық құқықтың мүмкіндіктері шексіз емес. Соның салдарынан Азаматтық кодексте мүліктік емес өзіндік құқықтарды құқықтық реттеудің біртұтас жүйесі жоқ. Азаматтық кодекс азаматтық заңдардың ірге қалаушы актісі бола отырып, мүліктік емес өзіндік құқықтардың бүкіл алуан түрлілігін көрсете алмайды.
Мүліктік емес өзіндік қатынастар мүліктік емес сипаттағы игіліктермен байланыста болып құрылады. Мүліктік емес игіліктер жеке тұлғаларға тиесілі болады. Олар тумысынан беріледі(өмір, денсаулық, және т. с. с. ) немесе заңға сәйкес пайда болады, яғни заң күшімен белгіленеді(есім алу құқығы, тұрғын үйге қол суғылмау құқығы) .
Мүліктік емес игіліктер құқық субъектілерінің ққоғамдық маңызы бар қасиеті боып келеді. Аталмыш игіліктер құқықтық қатынастарында жоғары бағаланады.
И. А. Покровский адамның мүліктік емес игіліктеріне өмірін, денеге қол суғылмаушылығын, бостандығын жзатқызады. Аталған игіліктер адам үшін өте маңызды әрі қажетті болғандықтан оларды қорғау әрекеттері ежелден-ақ пайда болды. Осы әрекеттерді біз көптеген жаратылыстық - құқықтық доктриналар құлады да позитивизмнің дамуына әкеп соқтырды, яғни ерекше субьективтік құқықтары және жеке тұлғаның құқықтары еңсерілді. Позитивистік теория бойынша, заң азаматтардың өмірлерін, денеге қол суғылмаушылығын, бостандығын және ар-намысын қорғайды, ал жаңа ғана аталған өмірге, босьандыққа ешқандай субьективтік азаматтықт құқықтары болмайды. Субъективтік азаматтық құқықтарының құрылымы жасанды болады. Жеке тұлғаның субъективті азаматтық құқығы заң бұзылған жағдайда пайда болады. Ал оның мазмұны келтірілген зардаптакрды өтеумен айқындалады.
И. А. Покровскийдің айтуынша мүліктік емес игіліктер мен оларға байланысты мүліктік емес құқықтар концепциясының дамуы мүліктік айналымның өсуіне байланысты болады. Өйткені мүліктік айналымның өсуіне байланысты болады. Өйткені мүліктік қызығушылық арасынан мүліктік емес сипаттағы қызығушылық көріне бастады. Алғашында олар есім алу құқығына негізделеді. Егер белгілі бір тұлға саудамен айналасатын болса, онда аталмыш игіліктер оның іскерлік бедел саудада маңызды рөл атқарады. Сонымен қатар осы концепцияның дамуына адамның жеке өмірін қорғау әрекеттері өз әсерін тигізе бастайды. Мысалы, жеке бастың құпиясын сақтау, адамның суреттік бейнесін оның келісімінсіз пайдалану мәселелері және тб. Қазіргі кезде аталып өткен мәселе Конституциялық деңгейде шешіледі. ҚР Конституциясының нормаларына сәйкес, әркімнің өзінің жеке салымдары мен жинаған қаражатының, жазысқан хаттарынң, телефон арқылы сөйлескен сөздерінің, почта, телеграф арқылы және басқа жолдармен алысқан хабарларының құпиялылығы сақталуына құқығы бар. 3
Жоғары келтірілген адам құқықтары танылғанна кейін олар субъективтік құқықтар деген мәртебеге ие болды. Себебі аталмыш құқықтар адам болмысымен тығыз байланыста болады. Сондықтан да жеке тұлғаның өзіндік құқықтары деп аталып кетті - “Personlich-keitsrechte”
Кеңестер заманында бірқатар ғалымдардың ойынша, мүліктік емес өзіндік құқықтар тұлғалардың субъективтік құқықтары ретінде қарастырылып, олардың азаматтық құқық қабілеттілігін құрап отырды. Екінші жағынан мүліктік емес өзіндік құқықтары тұлғаның құқық қабілеттілігінің элементі ретінде қарастырылды. 4
Сол кездегі заң әдебиеттеріне жүгінсек мынадай ой-пікірлерді кездестіруге болады. Мүліктік емес өзіндік құқықтардың пайда болуы нақты бір заңды фактілерге байланысты емес. Тұлғада құқық қабілеттілігі пайда болғаннан кейін оның мүліктік емес өзіндік құқықтары сол кезден басталады және заңды фактілерге тәуелді болмайды. 5
М. М. Агарков субъективтік құқықты керісінше сипаттады. Субъективтік құқық дегеніміз мемлекеттік аппараттың мәжбүрлеу шарасын жүзеге асырудың жеке тұлға мүмкіндігі, яғни субъективтік құқықтың пайда болуы нақты бір заңды фактіге байланысты болады. Мысалы, мүліктік емес игіліктерге қол сұғушылығы. Бірақ та жоғары келтірілген пікірлер бір біріне қайшы тұрғанымен, мынадай көз-қарас өзгеріске ұшыраған жоқ. Субъективтік құқық ресми түрде танылған жеке және заңды тұлғалардың заңға сүйеніп әрекет жасау мүмкіндігі, құқықтық қатынастардағы субъектілердің екі жақты мүдде-мақсаттарының орындалуы деп танылады. Оның ішінде әрекеттер жасау мүмкіндігі мүліктік емес игілік ретінде қарастырылмайды. Субъективтік құқық тұлғаға мүліктік және рухани қажеттіліктерді қанағаттандыру мүмкіндігін береді, яғни тұлға әлеуметтік игіліктерді ешбір кедергісіз пайдаланып жүреді.
Сөйтіп азаматтық құқық ғылымы мүліктік емес игіліктерді және мүліктік емес өзіндік құқықтарды ажыратып көрсетеді.
Қазіргі кездегі құқықтық доктринаға сүйенетін болсақ, ешбір құқық саласы тұлғаға ар-намысын, қадір-қасиетін, денсаулығын, есімін және т. б. мүліктік емес игіліктерді бере алмайды. Арнайы құқықтық нормалар болғандықтан субъектілерде олардың өмірлері, ар-намыстары және қадір-қасиеттері, жеке бас бостандығы және қол суғылмаушылығы танылады. Осындай арнайы құқықтық нормалар болғандықтан мүліктік емес игіліктерді қорғау мүмкіндігі пайда болады, яғни тұлғаның белгілі бір мүліктік емес игілікке мүліктік емес өзіндік құқығы бар екені делінеді. Қазіргі кездегі әдебиеттеріне сәйкес мүліктік емес игіліктердің экономикалық сипаты болмайды. Сонымен бірге олардың мүліктік емес өзгермелі көріністерге ие болады. Олар бізге белгілі тұлғадан ажыратылмайды. Мүліктік емес өзіндік құқықтары мүліктік емес игіліктерге бағытталған қатынастардан пайда болады.
Бірақ ҚР Азаматтық Кодексінде мүліктік емес игіліктер мен мүліктік емес өзіндік құқықтары ажыратылып көрсетіледі. Жеке мүліктік емес игіліктерге және құқықтарға: жеке адамның өмірі, денсаулығы, қадір-қасиеті, абырой, игі атақ, іскерлік бедел, қадір-қасиеті, абырой, игі атақ, іскерлік бедел, жеке өмірге қол сұқпаушылық, жеке құпия мен отбасы құпиясы, есім алу құқығы, автор болу құқығы, шығармаға қол сұқпаушылық құқығы және басқа да материалдық емес игіліктер мен құқықтар жатады. 6
Жоғары келтірілген нормаға сәйкес заң шығарушы орган мүліктік емес игіліктерді және мүліктік емес өзіндік құқықтарды ажыратып көрсеткен жоқ. Олар бір деңгейде қарастырылады. Сонда цивилисттердің қаншама пікірлері болғанымен заң шығарушы орган аталған игіліктер мен құқықтарды бөліп қарастырған жоқ.
Жоғары аталған пікірлерге сүйеніп мынадай шешімге келуге болады. Мүліктік емес игілік-азаматтық құқықтық ерекше объектісі, оның экономикалық және мүліктік сипаты болмайды. Олар нақты жеке немесе заңды тұлғаға тиесілі болады және өзгермелі қасиетке ие болыпкеледі. Мүліктік емес өзіндік құқық-тұлғаның субъективтік жеке (өзіндік) құқығы, ал осы құқықтың объектісі мүліктік емес игіліктер болып табылады.
Қазіргі таңда адам құқықтарын қорғау мәселесі алдыңғы орынға шықты. Оның негізін адамдардың қызығушылығы және құндылығы құрайды. Осы мәселе прогресивті түрде дамып жатыр. Шынайы прогресс адам құққықтары мен бостандықтарынсыз ілгері қарай жүре алмайды. Адам құқықтары ішінде ар-намысқа, қадір-қасиетіне және іскерлік беделіне құқығы өте маңызды болып келеді.
Егер де қоғам аталған үш категорияны қорғамаса, онда оның болашағы жоқ, оны тәртіпсіздік, құқық бұзушылық нашар деңгейге түсіріп жібереді. Ал біздің елімізде олай емес. ҚР Азаматтық кодексінде арнайы нормалардың болуы бұл жағдайды растайды.
Кез келген мемлекет адам құқықтарын қорғайтын шешімдерді шығарады. Себебі адам өмірі, бостандығы, құықтары оның басты байлығы ретінде саналады. Оларды қорғау мемлекеттің басты белгі-нышаны болып саналады. Сонымен бірге қоғамда болып жатқан құқықтық қатынастардың барлығы адам құқықтарына бағытталады. Ар-намысына, қадір-қасиетіне және іскерлік беделіне құқығы меемлекет пен қоғамның басты әлеуметтік-құқықтық құндылығы және қажеттілігі болып табылады. ҚР оларды қорғауды міндеттенеді. Сондықтан да біз өзіміздің елімізді құқықтық мемлекет деп айта аламыз. Себебі бұның қағидалары республикамыздың Конституциясында тікелей айтылады. Қазіргі таңда адам құқықтарының қорғалуы атқарушы, заң шығарушы және сот билік тармақтарының жұмыс істеу қабілеттілігін және деңгейін көрсетіп тұрады.
Біріншіден, ар-намысына, қадір-қасиетіне және іскерлік беделіне құқығын алып көрсету үшін субъектінің құқық әрекеттігін және тиісті мінез құлығын біліп алуымыз керек. Осы құқықтың ерекшелігіне келсек, оның мазмұны және мәні адамның өмір сүру жағдайымен тығыз байланысты болады. Сондықтан да көптеген ғалымдар ар-намысына, қадір-қасиетіне және іскерлік беделіне құқығын субъективтік құқықтарға жатқызбайды. Себебі аталған үш категорияларға құқық азаматтық құқық қабілеттігіне немесе әрекет қабілеттігіне жатады.
Бұл пікірді Л. К. Рафиева сынап теріске шығарды. Оның айтуынша, ар-намысына, қадір-қасиетіне және іскерлік беделіне құқығы әрекет немесе әрекетсіздікпен емес, оның бұзылуынан сақтап қалумен, тығыз байланыста болады.
Болашақта әр субьективті құқықтар мен міндеттерді иеленеді, оның саяси, мүліктік және субъектитік құқықтары тұлғаның құқықтық мәртебесін көрсетіп тұрады. Осы құқықтардың құрамына ар-намысына, қадір-қасиетіне және іскерлік беделіне субъективтік құқығы кіреді. . Аталған құқықтар құқық қабілеттіліктен пайда болмайды. Себебі олар азаматтық немесе ұйымның құқық ьсубъектілігі болып табылады.
Азаматтық құқық ар намысына, қадір қасиетіне және іскерлік ибеделіне құқығы бұзылғанға дейін мүліктік емес өзіндік қатынастарды қорғайды. Осы құқық бұзылған жағдайда азаматтық құқық пайда болған мүліктік емес өзіндік қатынастарды реттеп отырады.
Кейбір құқықтанушылардың айтуынша, ар-намысына, қадір-қасиетіне және іскерлік беделіне құқығының мазмұны әрекет жасау мүмкіндігімен ұштаспайды. Сондықтан да, бұл мүмкіндік әрекет етпейді. Соған байланысты О. С. Иоффе мынадай шешімге келді “ар-намысына, қадір қасиетіне, және іскерлік беделіне құқығы тұлғаның талап ету құқығы болып табылады және тұлғаның қоғамдық моральдық -саяси бағалануы оның әрекетіне немесе әрекетсіздігіне тікелей тәуелді болады”7
Бұл пікірге сүйенетін болсақ мынадай шешімге келіге болады: адамның ар-намысына, қадір-қасиетіне және іскерлік беделіне құқығы тумысынан емесадамның әрекет жасау мүмкндігі пайда болған кезде жаратылады. Бірақ мына тұжырыммен келісуге болмайды, себебі адамның құқықтары тумысынан пайда болады және олар абсолютті болып табылады. Сонымен бірге бұл тұжырым ҚР Конституция нормаларына қайшы келеді.
Ар-намысына, қадір-қасиетіне және іскерлік беделіне құқығын ерекше субъективтік құқық ретінде қарастыру қажет. Өйткені оның мәні адам ар-намысының, қадір-қасиетінің және іскерлік беделінің қол суғылмауында және оларды бұзылмауын талап етуінде болады. Сондықтан мына жағдайларды атап өтіп, келесідей қорытындыға келу ықтимал: ар-намысына, қадір-қасиетіне және іскерлік беделіне құқығының болуы оның бұзылуымен немесе бұзылмауымен байланысты емес. Ол бұзылған жағдайда тек қана оны қорғау қажеттігі пайда болады.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz