Ақша қаражаттарының есебі туралы



1. Ақша қаражаттарының жалпы сипаттамасы. Есеп айырысу нысандары.
2.Вексельдер арқылы есеп айырысу
3.Банктегі арнайы шоттардаш ақша қаражатын есепке алу
4.Ақша қаржысы, құнды қағаздарың және есеп берудің бланкілерін тугелдеу
5.ДЕПОЗИТТІК ОПЕРАЦИЯЛАР ТУРАЛЫ ТҮСІНІК. ДЕПОЗИТТЕР ТҮРЛЕРІ
6.ДЕПОЗИТТЕРДІ ТАРТУ ЖӘНЕ 7.ҚАЙТАРУ ЕСЕБІ
8.ПАЙЫЗДАРДЫ ЕСЕПТЕУ ЕСЕБІ
Барлық шаруашылық жүргізуші субъектілер өз ақша қаражаттарын банкі мекемелерінің тиісті шоттарында сақтап және міндеттемелері бойынша төлемдерін, әдетте, осы мекемелер арқылы ақшасыз нысанда, ал қажет жағдайда Қазақстан Республикасының Ұлттық банкісінің нормативтік құжаттарымен белгіленген шегінде нақты ақшамен есептесуді жүзеге асырады. Егер де заңды тұлғалардың арасындағы төлем сомасы 4000 айлық есептік көрсеткіштен (АЕК) асып түссе, онда олар тек ақшасыз тәртіпте айырысуларды жүзеге асырады. Бұл келтірілген мәлімет заңды тұлғалардың арасындағы әрбір мәміле (контракт, келісімшарт) бойынша шартты түрде пайдаланылады. Егер де контрактсомасы көрсетілген лимиттен асатын болса, онда төлем ақшасыз тәртіпте орындалуы керек, тіптен олар жартылай орындалса да, әрбір төлемнің сомасы 4000 АЕК-тен аспауы керек.
Ақша қаражаттарын сақтау үшін және заңды тұлғалар арасында есеп айырысу үшін Қазақстан Республикасының банк мекемелерінде банк шоттарын ашады. Банк шоттары - бұл банк мен клиенттер арасындағы келісім-шарттың қатынастарын көрсететін әдіс. Банк шоттары теңгемен де, шетелдік валютамен де жүргізіледі және ол ағымдық, жинақтық және корреспонденттік болып бөлінеді.
Корреспонденттік шоттар - банк шоттары банктер мен ұйымдардың кейбір операция түрлерін жүзеге асырады.
Ағымдағы (есеп айырысу) және жинақ шоттары - бұл да банктік шоттар, бірақ олар жеке және заңды тұлғалар үшін, сондай-ақ заңды тұлғаның оқшаланған бөлімшелері үшін де ашылады.
Шетелдік валютадағы қаражаттардың қолда бары мен қозғалысын есептеу үшін субъектіге арнап ағымдагы (есеп айырысу) шоттар ашуы мүмкін. Ол сыртқы экономикалық қызметін жүзеге асыратын және енімін валютаға сататын субъект үшін ашылады. Аккредитивтер, чек (аванс) кітапшаларының шоттарын және басқаларын субъектілер ақша қаражаттарын оқшаулап сақтау үшін және тиісті операцияларын жүргізу үшін ашады.
Субъект шоттарындағы қаражат олардың иелерінің әмірі бойынша есептен шығарылады. Субъектінің рұқсатынсыз шоттағы қаражатты есептен шығаруға соттың, мемлекеттік салық қызметінің рұқсатымен және қолданылып жүрген заңдарда көзделген басқа жағдайларда ғана жол берілуі мүмкін.
Субъектілердің шоттарынан төлем жасау, егер заңдарда езгеше көзделмесе, субъектінің басшысы белгілеген кезектілікпен жүзеге асады.
Қазақстан Республикасының аймағында ақшаны төлеу мен аударуды жүзеге асыруда келесі әдістерді: қолма-қол ақшаны аударуды; төлем тапсырманы ұсынуды; чектерді беруді; вексельдерді немесе олардың индоссаменттері арқылы беруді; төлем карточкасын пайдалануды; тікелей дебеттік банкі шоттарына аударуды; тапсырма-талап төлемдерін ұсынуды; инкассалық жарлығын ұсынуды; республиканың заң актілерімен белгіленген басқа да әдістерін пайдаланады.

Пән: Бухгалтерлік іс
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 21 бет
Таңдаулыға:   
АҚША ҚАРАЖАТТАРЫНЫҢ ЕСЕБІ

1. Ақша қаражаттарының жалпы сипаттамасы.
Есеп айырысу нысандары.

Барлық шаруашылық жүргізуші субъектілер өз ақша қаражаттарын банкі
мекемелерінің тиісті шоттарында сақтап және міндеттемелері бойынша
төлемдерін, әдетте, осы мекемелер арқылы ақшасыз нысанда, ал қажет жағдайда
Қазақстан Республикасының Ұлттық банкісінің нормативтік құжаттарымен
белгіленген шегінде нақты ақшамен есептесуді жүзеге асырады. Егер де заңды
тұлғалардың арасындағы төлем сомасы 4000 айлық есептік көрсеткіштен (АЕК)
асып түссе, онда олар тек ақшасыз тәртіпте айырысуларды жүзеге асырады. Бұл
келтірілген мәлімет заңды тұлғалардың арасындағы әрбір мәміле (контракт,
келісімшарт) бойынша шартты түрде пайдаланылады. Егер де контрактсомасы
көрсетілген лимиттен асатын болса, онда төлем ақшасыз тәртіпте орындалуы
керек, тіптен олар жартылай орындалса да, әрбір төлемнің сомасы 4000 АЕК-
тен аспауы керек.
Ақша қаражаттарын сақтау үшін және заңды тұлғалар арасында есеп айырысу
үшін Қазақстан Республикасының банк мекемелерінде банк шоттарын ашады. Банк
шоттары - бұл банк мен клиенттер арасындағы келісім-шарттың қатынастарын
көрсететін әдіс. Банк шоттары теңгемен де, шетелдік валютамен де
жүргізіледі және ол ағымдық, жинақтық және корреспонденттік болып бөлінеді.
Корреспонденттік шоттар - банк шоттары банктер мен ұйымдардың кейбір
операция түрлерін жүзеге асырады.
Ағымдағы (есеп айырысу) және жинақ шоттары - бұл да банктік шоттар, бірақ
олар жеке және заңды тұлғалар үшін, сондай-ақ заңды тұлғаның оқшаланған
бөлімшелері үшін де ашылады.
Шетелдік валютадағы қаражаттардың қолда бары мен қозғалысын есептеу үшін
субъектіге арнап ағымдагы (есеп айырысу) шоттар ашуы мүмкін. Ол сыртқы
экономикалық қызметін жүзеге асыратын және енімін валютаға сататын субъект
үшін ашылады. Аккредитивтер, чек (аванс) кітапшаларының шоттарын және
басқаларын субъектілер ақша қаражаттарын оқшаулап сақтау үшін және тиісті
операцияларын жүргізу үшін ашады.
Субъект шоттарындағы қаражат олардың иелерінің әмірі бойынша есептен
шығарылады. Субъектінің рұқсатынсыз шоттағы қаражатты есептен шығаруға
соттың, мемлекеттік салық қызметінің рұқсатымен және қолданылып жүрген
заңдарда көзделген басқа жағдайларда ғана жол берілуі мүмкін.
Субъектілердің шоттарынан төлем жасау, егер заңдарда езгеше көзделмесе,
субъектінің басшысы белгілеген кезектілікпен жүзеге асады.
Қазақстан Республикасының аймағында ақшаны төлеу мен аударуды жүзеге
асыруда келесі әдістерді: қолма-қол ақшаны аударуды; төлем тапсырманы
ұсынуды; чектерді беруді; вексельдерді немесе олардың индоссаменттері
арқылы беруді; төлем карточкасын пайдалануды; тікелей дебеттік банкі
шоттарына аударуды; тапсырма-талап төлемдерін ұсынуды; инкассалық жарлығын
ұсынуды; республиканың заң актілерімен белгіленген басқа да әдістерін
пайдаланады.
Ақшасыз есеп айырысудың негізгі пысандары: төлем тапсырма; чек; вексель;
тапсырма-талап төлемдері; кеден мен салық қызметінің органдарының
инкассалық жарлықтары болып табылады..
Төлеуші мен алушылар өзара есеп айырысу пысандарын келісім-шарт негізінде
анықтайды; сондай-ақ олардың арасында болатын талаптары мен міндеттемелерді
зачетқа да жатқыза алады.
Төлем тапсмрмаларымш есеп айырысу. Төлем тапсырмалары онда көрсетілген
соманы бенефициардың пайдасына ақшаны жіберушіге қызмет көрсететін банк-
алушының ақшаны аударғаны туралы тапсырмасы болып табылады. Қызмет пен
жұмысты және тауарлы-материалдық құндылықтарды өтеу үшін есеп айырысу
көзінде, сондай-ақ қызмет пен тауарға алдын-ала төлем жасаған кезде,
аванстық төлемдер жасаған кезде төлем тапсырмаларын пайдаланады.
Төлем жасаушы банкке белгіленген нысандағы бланкілердегі төлем тапсырманы
ұсыпады. Тапсырмаларга қоса төлем жасаушы банктің талап етуі бойынша
салынатын салықтың шот-фактуралары және төлемдердің мақсатын растайтын
басқа да құжаттары бірге тапсырылады. Төлем тапсырмалары жазылып берілген
күннен бастап 10 күн бойы күшінде болады (жазылған күні есепке алынбайды).
Төлем тапсырмалары төлем жасаушының шотында қаражат болғанда ғана орындауға
қабылданады. Төлем құжаттарын электрондық түрінде де, қағаз ретінде де
ұсынуы мүмкін. Бұл құжаттардың данасын әрбір банк өздері дербес анықтайды.
Негізінен алғанда, олар екі данада толтырылады, біріншісі банкте
қалдырылады да, оның электрондық көшірмесі бенефициарға жіберіледі, ал
екіншісі иесіне, яғни ақшаны жіберушіге кол қойылып, штамп басылып
қайтарылады. Төлем тапсырманың нысаны 201 бетте келтірілген.
Төлем тапсырмасын толтыру көзінде келесі реквизиттері (көрсеткіштері)
көрсетіледі:
- төлем тапсырмасының нөмірі;
- төлем тапсырмасының жазылған күні;
- жеке теңестірілген немесе теңдестірілген (идентификацияланған) коды
(ЖТК немесе ИИК)
- жіберуші мен бенефициардың банкі шоттарының нөмірі;
- бенефициардың коды (БК немесе КБе) және жіберушілердің коды (ЖК немесе
КОд) - бұл кодтар екі символдан (белгіден) тұрады: біріншісі - резиденттік
белгісін, ал екіншісі – экономиканың секторын көрсетеді;
- бенефициар - аудару жасалған ақша кезде қаражатын алушы;
- банк-алушы - банкатауы, аударылған ақшада, оның мекен-жайы көрсетіледі;
- бенефициар банкісі - бенефициардың пайдасына келіп түскен ақша
қаражатын қабылдайтын банк жіберушімен жасалған келісім-шарттын, негізінде;

- жіберушілердің теңестірілген немесе теңдестірілген
( идентификацияланған) банктік коды (ЖТБК немесе ИИК) –
филиал аралық айналымдарының коды (ФАК немесе МФО);
- төлем арналымының коды - ҚР ҮБ нормативтік-құқықтық актісімен
белгіленген және соның негізінде төлемдерді жүзеге асыратын кодтық
белгілер, ал ол үш символдан (белгілерден) түрады;
- бюджеттік классификациясының (жіктемесінің) коды - салықтарды кері
кайтаруда қойылатын код;
- валюттелген күні - ақша қаражатын бенефициардың (алушының) банктік
шотына ақша қаражатын аударған күні төлем жасаушының ынтасымен анықталады.
Төлем құжатына кез келген жөндеудін түрін жасауға руксат етілмейді.
Шапуашылық жүргізуші субъектілердің арасындағы жасалған келісімдері бойынша
төлем тапсырмалары; жедел мерзімді, мерзімінен бұрын және мерзімі кейінге
қалдырылған болып бөлінуі мүмкін.
Жедел мерзімді төлем мынадай нұсқалар бойынша жүзеге асырылады:
аванстық төлем, яғни тауар тиелгенге дейін; тауар тиелгеннен кейін, яғни
тауарлар үшіп шоттарды тікелей акцептеу жолымен; ірі мәмілелер көзіндегі
ішінара төлемдері.
Мерзімінен бұрын немесе мерзімі кейінге қалдырылған төлемдер шарттық
катынастар аясында тараптардың қаржылық жағдайына зиян келтірмейтіндей етіг
жасалуы керек.
Субъектілер: жеке өздеріне тиесілі қаражатты (зейнетақы, алимент,
жалақы, іс-сапар шығыстары, авторлық қаламақы) жекелеген азаматтардың
атына; жалақы төлеуге арналған, банк мекемелерінде аударым алушының атын,
оның нөмірін, сондай-ақ егер қаражат шотқа аударылуға тиіс болса, онда ол
орналасқан банктің аты мен немірін көрсетеді. Тапсырмаға қаражат
алушылардың тізбесі қоса беріледі, онда кім, қандай мақсаттарға ақша
алатыны көрсетіледі. Байланыс кәсіпорындары кәсіпорындарға жолданған әрбір
аударым алушы бойынша барлық аударымдардың жалпы сомасына төрт дана етіп
жазылатын төлем құжаттары келіп түскеннен кейін төлейді.
Чектермен есеп айырысу. Чек беру төлемді жүзеге асырудың бір тәсілі
болып табылады, онда төлем чек беруші аттас төлем құжатын ұстаушыға беру
жолымен жасайды. Чек беру ез мәні бойынша чекті ұстаушының ақшалай
міндеттемесін орындау болып табылмайды, бірақ ол соны орындау үшін жазылған
болса да. Аталған міндеттемені орындау тек чекбойынша ақшаны алатын кезде
ғана болады. Чектер жабылатын және жабылмайтын болып бөлінеді. Біріншісі -
депозиттермен қамтылған, ал екіншісі - қамтылмаған болып белінеді. Бұл
кезде чектердің төленетіндігі жөніңде банктердің кепілдік беруі мүмкін,
оның ішінде жабылмайтын чектер бойынша да. Чекті колданумен байланысты банк
пен чек берушінің міндеті мен құқығы, чекті қолдану туралы жасалған келісім-
шарттың негізінен шығады, яғни бұл келісім-шартта, банк өз клиенттеріне чек
берушіге (заңды және жеке тұлға) чегін төлеуді, яғни чек берушінің міндетін
өзіне алады, ал клиенттер өз кезегінде банкі белгілеген (демек чектерді
беру мен пайдалану) ережелерін сактауға міндетті. Чек ұстаушылардын құқығы
чек берушіден чекті алған көзінен бастап пайда болады. Чектерге, есеп
айырысу шотының төлем құжаттарына қол қою құқығына ие тұлғалар қолдарын
қояды және қолдарында кітапша иесінің мөрінің таңбасы болуы керек. Чектер
жарамсыз болып қалатындықтан чекте жазылғандарды түзету және өшіруге
болмайды. Егер чекті толтыру көзінде қателіктер жіберілсе, онда чекте және
чектін түбіртегінде қиғашынан "бұлінген" деп жазу жазылады, мерзімі
қойылады және кітапша иесінің қолы қойылады.
Чекті чек ұстаушы төлеуге чек жазылған күні қабылдайды және - елеуге
қабылдаған күннің ертеңіне чек үстаушы арқылы қызмет көрсететін банкке
ұсынылуы тиіс. Чек кітапшасынан алынған чектің күшінде болу мерзімі,
жазылған күнін есептемегенде, әдетте, 10 күннен аспайды.
Банк чек берушіден (немесе чек ұстаушыдан) чекті қабылдамауына болады,
егер де мынадай жағдайлары анықталса:
- егер де жазумен жазылған сомасы цифрмен көрсетілмеген болса:
- чектің мерзімі өтіп кетсе;
- төлем құжаттарында жасанды жазулардың белгілері бар болса. немесе
түзетулар бар болса);
- чек әртұрлі қолмен және әртүрлі сиямен жазылған болса;
- чектің қорғалу деңгейі оның талабына сай келмесе (қорғалу деңгей,
бестен кем болмауы керек);
- чекте көрсетілген реквизиттер қате болса;
- чектегі қойылған қолда үлгі ретінде қабылданған құжаттардағы қолымен
сәйкес келмесе;
- чектің жабу сомалары жеткілікті болмаса;
- чектің басқа да дефектілері бар болса.
Дефектісі бар чектер чек устаушыларға қолхат жазылып қайтарылады.
Чектердің дефектілері табылса, банктің бас бухгалтері ол туралы Клирингтік
палатаға хабарлайды, ал олар ондай чектердщ өнделуін тез арада тоқтатады.
Бұндай дефектісі бар чектерге акт жасалады, ол акт төрт данада болады:
біріншісі — банкте қалса;
екіншісі — көшірмесімен біргеішкі істер органдарына беріледі;
үшіншісі — Клирингтік палатаға беріледі;
төртіншісі— чекті беруші банкке беріледі.
Мерзімі өтіп кеткен чек кітапшалары пайдаланбауына байланысты чект;
беруші банкке қайтарылады.

Вексельдер арқылы есеп айырысу

Вексель - біржақты сөзсіз орындалатын ақша міндеттемесін қамтитын
қатаң нысанда белгіленген төлем құжаты. Ол жай және аударма болып келеді.
Жай вексель (соло-вексель) - талап етуі бойынша немесе белгіленген
мерзімде келешекте вексельде көрсетілген ақша сомасын вексель ұстаушыға
төлейтіні туралы вексель ешқандай талқылауға жатпайтын міндеттемесінен
тұрады.
Аударма вексель (тратта) - вексель берушінің (трассанттың) үшінш:
тұлғаға (трассатқа) бірінші вексель ұстаушыға (ремитентке) немесе оның
бұйрығы бойынша келешекте белгілі бір уақытта, не ұсынған кезде, вексельде
көрсетілген ақшаны төлейтіні туралы басқаша ешбір шарт қойылмайтындығы
туралы міндегтемесі Аударма вексель өз табиғаты бойынша "бұйрыққа" ұқсас
болып келеді.
431 және 432 шоттар бойынша жазбалар есеп айырысу шотындағы жазбаларға
сәйкес жазылады.
431 және 432 шоттарының дебеті келесі шоттардын, кредитімен
корреспонденцияланады:
452 "Кассадағы шетелдік валюта түріндегі қолма-қол ақша" - валюталық
кассадан валюталық шотқа өткізілген валютаның сомасына;
301 "Алынуға тиісті борыштар"- тиелген өнім, орындалған жұмыстар мен
көрсетілген қызметтер үшін теленетін валюталық қаржы келіп түсті;
725 "Бағам айырмашылығынан түскен табыс" - шетелдік валютаның ұлттық
валютаға катысты бағамының өсуінін. нәтижесінде пайда болған оң бағам
айырмашылығының сомасына;
431 және 432 шоттарының кредиті келесідей шоттардың дебетімен
корреспонденцияланады:
4.52 "Кассадағы шетелдік палюта түріндегі нақты ақша" - валюталық
шоттан валюталық кассаға алынған валютаның сомасына барабар;
671 "Жабдықтаушылар және мердігерлермен есеп айырысу" - жеткізілген
материалдық қорлар, атқарылған жұмыстар және көрсетілген қызмет үшін
шетелдік фирмалардың (шот фактуралары) инвойсы төленді;
844 "Бағам айырмашылығы бойынша шыққан шығыс" - шетелдік валютаның
ұлттық вадютаға қатысты бағамынын төмендеуінің нәтижесінде пайда болған
теріс бағам айырмашылығының сомасына.

Банктегі арнайы шоттардаш ақша қаражатын есепке алу

Кәсіпорыңцар банкілердің арнаулы шоттарында жасалатын операцияларының
есебі 42 "Банктегі арнайы шоттардағы ақша қаражаттары" деген бөлімшесінің
шоттарында жүреді. Олардың қатарына келесі шоттар кіреді:
421 "Аккредитивтегі ақша қаражаттары" шоты. Бұл шотта аккредитивтегі
ақша қаржыларының қозғалысы есепке алынады. Аккредитив - клиенттің
тапсыруымен өзі келісімге отырған контрагенттің пайдасына берілген
банкісінің сөзсіз орындалуы тиісті міндеттемесі. Ол бойынша аккредитив
ашқан банк (банк-эмитент) жабдықтаушыларға төлем жасай алады немесе осындай
төлемдерді олар аккредитивте көзделген құжаттарды ұсынған жағдайда басқа
банкілердің жүзеге асыруына өкілеттік бере алады.
Аккредитивтің келесі түрлері ашылады:
жабылатын (депоненттелген); қайтарып алынатын немесе қайтпайтын;
дәлелденген және трансферабельдік (аудармалы) болып бөлінеді.
Жабылатын (депоненттелген)аккрецтшті ашқан кезде банк-эмитент
орындаушы банкке аккредитивтің сомасына тең ақша сомасын (жабылатын) оның
билігіне беріп, ал ол өзінің міндеттемесінің әрекет ету мерзімінде осы
ақшаны мүмкіндігінше аккредитив бойынша төлем жасау үшін пайдаланатын
жағдаймен келіседі.
Қайтарып алынатын аккредитивті банк-эмитент бенефициармен алдын-ала
келіспей-ак (мысалға, келісім-шартта қаралған жағдайды сақтамаған жағдайда)
жоюы немесе өзгертуі мүмкін. Қайтарып алынатын аклредитив жағдайында барлық
билікті өзгерту туралы жағдайды төлеуші тек банк -эмитент арқылы
бенефициарға бере алады. Бірақ езгерту мен жоюдыңалдында орындаушы банк,
аккредитив жағдайына сәйкес, бенефициар қойған және бенефициар банкісі
қабылдаған құжаттарды төлеуге міндетті.
Қайтпайтын (немесе қайтарып алынбайтын) аккредитивте банк-эмитенттт
барлық жағдайын орындаған кезде аккредитив бойынша төлем жасауды қатан
түрде өз міндетіне алады. Қайтпайтын аккредитив бенефициардың келісімінсіз
өзгертуге немесе жоюға жатпайды.
Бенефициар аккредитивтің пайдалануын өз мерзімінен бұрынтоктатаалады,
егер де бұндай жағдай шартта қаралса.
Дәлелденген аккредитив - бұл банк-эмитент болып саналмайтын басқа
орвіндаушы банктердің қосымша кеплідігі бар болса ғана жүзеге асатын
аккредитив.
Трансферабельдік (аударма) аккредитив - бұл бенефициардың өзінен басқа
(екінші бенефициар болып саналатын) бірнеше түлғаның немесе аккредитивті
толық немесе ішінара пайдаланатын мүмкіндігін қарастыратын аккредитив.
Аккредитив тек бір ғана бенефициармен есеп айырысуға арналуы мүмкін.
Аккредитив бойынша есеп айырысу тәртібі және оның мерзімі бенефициар мен
телеушінің арасындағы келісім-шартта белгіленеді. Сондай-ақ келісімнің
ішінде: банк-эмитенттің атауы, аккредитивтің түрі және оны пайдалану
тәсілі, аккредитивтіңашылғаны жөнінде жабдықтаушыны хабардар ету тәсілі,
аккредитив бойынша каржы алу үшін бенефициар ұсынған құжаттардың толық
тізімі және нақты сипаттары, тауарларды тиегеннен кейін құжаттарды ұсыну
мерзімі, оларды рәсімдеуге қойылатын талаптар, басқа қажетті құжаттар мен
шарттары болуы қажет.
Аккредитивтің қандай түрге жататындығы анық болуы керек, яғни қайтарып
алынатын ба, жоқ әлде қайтарып алынбайтын ба? Егер де бұндай белгілері анық
болмаса, онда ондай аккредитивтер қайтарып алынбайтын болып саналады.
Сондай-ак аккредитивтің пайдалану тәсілі де анық болғаны жөн: ұсынған
заматта төленетін немесе бөліп-бөліп төлеуге болатын және аудармалы
вексельді акцептеу немесе негоциациялау үшін пайдаланатын болып бөлінеді.
Аккредитив бойынша қаржы алу үшін бенефициар тауарларды тиеген соң,
тауарлардың тиелгені жөнінде және басқа да аккредитивтің шарттарында
көзделген құжаттарды қызмет етуші банк мекемесіне ұсынады. Аккредитив
бойынша төлемді растайтын құжаттар жабдықтаушы арқылы банкке аккредитивтің
мерзімі өткенге дейін ұсынылуы және аккредитивтің барлық шарттарының
орындалғанын айғақтауы керек. Осы шарттардың біреуі бұзылған жағдайда
аккредитив бойынша төлеу жүзеге асырылмайды.
Бенефициар банкісі аккредитив бойынша қаржының дұрыс пайдаланылуын
бақылайды,сол үшін аккредитив беруші оған аккредитив сомасынан белгіленген
көлемде делдалдық ақша төлейді. Аккредитив ұсынылған тапсырыста делдалдық
ақшаның сомасы жеке көрсетіледі. Бенефициар банкісі (атқарушы банк)
аккредитивті төлеу көзінде жабдықтаушының аккредитив бойынша барлық
шарттарын сактағанын тексереді, сондай-ақ шоттар тізбесінің дұрыс
рәсімделгенін, ондағы бенефициардың қолы мен мөрінің белгіленген үлгіге сай
болуын тексеруге міндетті.
Егер аккредитивтің шарттарында уәкілетті сатып алушының келісімі
көзделген болса, онда акцептік жазбаның бар болуы және уәкілдің қолының
ұсынылған үлгіге сәйкестіп тексеріледі.
Сатып алушының уәкілі жабдықтаушыдан тауарды қабылдап алар кезде шот
тізбесінде тауардыңтиелген күні, тауарлы-көлік құжаттарының нөмірі, тауарды
байланыс мекемелері арқылы жөнелткен жағдайда почта квитанциясының немірі,
қабылдау, қабылдау-өткізу құжаттарының нөмірі немесе толтырылған күні және
тауар жөнелтілген көліктің түрі көрсетілмесе шот-тізбесін төлеугеберуге
болмайды.
Жабдықтаушы арқылы банкіге реестрдің (шот-тізбесінің) үш данасы
ұсынылады, олардың ішінен бір данасы мемориадды ордер ретінде
пайдаланылады, үшінші данасы шот-тізбесінің қабылданғанын білдіретін қолхат
ретінде жабдықтаушыға беріледі де, ал екінші данасы тауарлы-көлік
құжаттарының қаттамасымен және банкінің белгісімен жабдықтаушыға тапсыру
үшін банк-эмитентке жіберіледі.
Аккредитивті колма-қол ақша түрінде телеуге рұқсат етілмейді.
Егер аккредитивтің шарттарымен уәкілетті сатып алушының акцепті
көзделген болса, онда аталған тұлғалар атқарушы банкіге келесі құжаттарды:
төлқұжат немесе оны алмастыратын құжат; банкіде жоқ болған жағдайда өз
қолының үлгісін (қолдың үлгілері карточкасының бланкісіне толтырылады); іс-
сапар куәлігі немесе аккредитив ашқан ұйым берген сенімхатын ұсынуға
міндетті,
Аккредитив есебінен төлеу үшін, акцептелінген шоттар тізбесінде
(реестрінде) немесе тауарлы-көлік құжаттарында (накладнойында) өкілеттік
берілген тұлға акцепт жөнінде жазбаны береді.
Аккредитивтін мерзімінің өтуіне байланысты жабдықтаушыға қызмет
көрсететін банктегі аккредитив жабылады. Аккредитивтің жабылғаны жөнінде
атқарушы банк банк-эмитентті хабардар етеді. Жабдықтаушыға қызмет
көрсететін банкте пайдаланылмаған сомалар оның көрсетуімен қаржылар алынған
шотқа қайтадан аударылады; сатып алушының өзімен тұтастай немесе бөлшектеп
кері қайтарылған аккредитивтің сомаларына банк-эмитенттен мәлімдеме келіп
түскен күні кемітіледі. Аккредитивтің жабылғаны жөнінде банк-эмитентке
хабарлама жіберіледі.
Банктің кінәсінен жіберілген кемшіліктерден басқа барлық бенефициарға
түскен шағым банктің қатысуынсыз тараптардың өз арасында қаралады.
Егер аккредитив қысқа мерзімге берілген немесе ұзақ мерзімге берілген
несиелердің есебінен ұсынылған болса 601 "Банк несиелері" шотында, ал егер
аккредитив есеп айырысу шотынан ұсынылған болса 441 "Есеп айырысу шотындағы
қолма-қол ақша" шотында аккредитивтің ашылуы мүмкін, ол кезде жоғарыдағы
шоттар (441, 604) кредиттеледі де, 421 "Аккредитивтердегі ақша қаражаттары"
шоты дебеттеледі
Жабдықтаушылар шотын төлеу 421 шоттың кредиті бойынша және 67!
"Жабдықтаушылармен және мердігерлермен есеп айырысу" шотыныңдебеті бойынша
көрсетіледі; пайдаланылмаған аккредитивті тұтастай немесе бөлшектей кері
қайтару 441,431,432,601 шоттарының дебеттерінде және 421 шоттың кредитің де
көрсетіледі.
Банктерге комиссиондық төлемдері төленген кезде 821 шоты дебеттеледі
де, 441 шоты кредитттеледі.
422 "Чек кітапшаларындағы ақша қаражаттары" шоты бойынша есеп айырысу
чек кітапшаларындағы чектер арқылы есепке алынады. Чек - бұл өзінің шот
есебінен қаражатты алушының (чек ұстаушы) шотына белгілі бір соманы аудару
жөніндегі арнаулы қағазға (бланкке) толтырған клиенттің (чек берушінің)
өзіне қызмет көрсететін банкке берген жазбаша тапсырмасы.
Чек кітапшасы бойынша депоненттелген сомасы берілген кезде 422
дебеттеліп, 431, 432, 441, 601 шоттары кредиттеледі.
Кітапшалардағы чектерге төлем жасалуы үшін чектер чек ұстаушылар
арқылы банкке чек реестрімен ұсынылады. Чек кітапшаларын есеп беруге
жабдықтаушыларға (экспедиторларға) және басқа тұлғаларға беру көзінде 334
"Басқа да дебиторлық қарыздар" шотының, "Өздеріне берілген чек кітапшалары
бойынша есеп беретін тұлғалар" деп аталатын аналитикалық шоты дебеттеліп,
687 "Басқа кредиторлық қарыздар" шотының "Чек кітапшалары бойынша есеп
беруші тұлғалармен есеп айырысу" деп аталатын аналитикалық шоты
кредиттеледі. Төленген чектердің сомасына 687 шоты дебеттеліп, 422 шоты
кредиттеледі.
423 "Банктердегі арнайы шоттардаш қолма-қол қаражат" шотында айрықша
сақтауды талап ететін қаражаттар есепке алынады. Бұлар үкіметтің жәрдемі
ретінде алынған қаражат, жергілікті бюджеттен мақсатты қаржыландыру,
мектепке дейінгі балалар мекемелерін қаржыландыратын кәсіподақ және басқа
да ұйымдардың қаражаты, мәдени-ағарту мекемелерінің, демалыс лагерьлері,
ата-аналардың балаларын балалар мекемесінде ұстауға жұмсайтын қаражаттары,
кәсіпорынның өтініші бойынша жеке шоттан күрделі қаржыны қаржыландыруға
шоғырландыратын және жұмсалатын қаражаттар.
424 "Басқа да" шотында субъектінің құрамына кіретін филиалдардың,
құрылымдық бірліктердің ақша қаражаттары көрініс табады, онда ағымдағы
шығыстарын (еңбек ақы, кейбір шаруашылық шығыстары, іс сапар шығыстары
т.б.) жүзеге асыру үшін жергілікті банк мекемелерінде ағымдағы шотын ашады.

Ақша қаржысы, құнды қағаздарың және есеп берудің бланкілерін тугелдеу

Кассаны түгелдеу көзінде кассада тұрған ақша белгілері мен басқа да
құндылықтардың нақты бар болуы тексеріледі. Қатаң есептегі бланкілер де
тексеруден өткізіледі. Кассадағы ақша белгілері мен басқа да құндылықтардын
нақты бар болуын есептеу көзінде қолма қол ақшалар, құнды қағаздар
(акциялар, облигациялар, чектер, вексельдер, коносаменттер және заңға
сәйкес құнды

ДЕПОЗИТТІК ОПЕРАЦИЯЛАР ТУРАЛЫ ТҮСІНІК. ДЕПОЗИТТЕР ТҮРЛЕРІ

Банктер өзінің активті операцияларын жүргізу үшін пассивті
операцияларды өткізу нәтижесінде пайда болатын тартылған қаржыларды
қолданады.
Коммерциялық банктің пассивті операциялары келесі нысанда жүзеге
асырылуы мүмкін:
- банк қорын қалыптастыру және ұлғайту үшін банктердің
пайдасы есебінен аударулар;
- басқа заңды түлғалардан алынған несиелер;
- депозиттік операциялар.
Депозиттік операциялар - бұл заңды және жеке тұлғалардың тартылған
қаржылары бойынша белгілі бір мерзімге немесе талап ету салымы бойынша
банктердің операциялары.
Депозиттік операцияларды жүргізу көзінде кез келген банк өздері
дайындаған депозиттік саясатты ұстанады және олар өз кезегінде келесі
ережелерге негізделеді:
- депозиттік операциялар банктің пайда табуына немесе болашақта
пайда табуға мүмкіндік жасауға негізделіп ұсынылады;
- депозиттік операцияларды ұйымдастыру үдерісінде депозит-тік
операциялар субъектісінің әр түрлілігіне және депозиттердің әр түрлі
нысандарының үйлесімділігіне ұмтылыс болады;
- депозиттік операцияларды жүзеге асыру барысында осы және депозиттер
мен несиелік салымдардың мерзімдері мен сомалары бойынша несие ұсыну
операциялары арасындағы өзара байланыс пен өзара келісімділіктің болуын
қамтамасыз ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Кәсіпорынның технико-экономикалық сипаттамасы
Ақша қаражаттар қозғалысының есебі
Кәсіпорындағы ақша қаражатының қозғалысы
Жауапкершілігі Шектеулі серіктестік «А-БЕК» матеилдарының нәтижесінде ондағы ақша қаражаттарының есебін қазіргі талап деңгейіне сай уйымдастыру
Ақша қаражаттар қозғалысының мәні мен маңызы
Қысқа мерзімді активтер есебін зерттеу
Кәсіпорындағы ақша қаражаттарының есебі
ХҚЕС ЖАҒДАЙЫНДАҒЫ ҚЫСҚА МЕРЗІМДІ АКТИВТЕРДІҢ ЕСЕБІМЕН ТАДАУЫН ұЙЫМДАСТЫРУ
Кассадағы және есеп айырысу шотындағы қолма-қол ақшаның есебі жайлы
Ақша қаражаттарының есеп айырысу және валюталық шоттардағы есебі
Пәндер