Таза ауа тіршілік кепілі туралы ақпарат


Жоспар

І Кіріспе

Автомобиль және таза ауа

ІІ Негізгі бөлім

1. Таза ауа тіршілік кепілі

2. Автомобиль түтінінің адам денсаулығына тигізетін әсері

ІІІ Қорытынды

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

Кіріспе

Ауаның ластаушылардың ішінде автомашиналардың алатын орны ерекше. Жыл сайын олар 280 млн. тонна шамасында көміртек тотығын, 56 млн. тонна көмірсутек, 28 млн. тонна азот тотығын ауаға қосады. Бұл газдар құрамында 200-ден астам өте күрделі заттар қосындылары бар. Олардың ішінде зиянсыздары - азот, оттек, сутек, судың булары; зияндылары - көміртек, азот тотығы, этилен, этибензол, метан, метан, толуол, (а) прирен, күйе күкіртті түтін т. б.

Автомашиналардан бөлінген қалдық газдардың 75%, көміртек тотығынан 15%, көмірсутектен 7% азот тотығынан тұрады. Автомашина қозғағышы 1 тонна бензин жаққанда 12, 3 кг 1 тонна дизель отынын жаққанда 24, 5 кгазот тотығы бөлінеді. Автомашиналардан ауаға қосылатын көміртек тотығы (СО) халық оны иісуті газ деп те атайды. Бұл газ адамдардың және жылы қанды жануарлардың қанындағы гемолабин (қанның ішіндегі бояушы қызыл зат) қосылып дененің оттекті пайдалануына кесел жасап, оттек тапшылығына, дененің әлсіреуіне, түрлі ауруларға төтеп бере алмайтын халге түсіреді. Ауыр қолды жұмыс істейтін кісілер көміртек тотығын аз жұтсада инфаркт, миокарт (жүректің жұлшық етінің жансыздануы) ауруына шалдығуы мүмкін.

ГФР -дегі 12 жылға созылған зерттеулер автомашиналар жүретін тас жолдарға жақын тұратын кісілердің арасында қатерлі ісіктен өлгендер саны жолдан алыс тұратындармен салыстырғанда 9 есе артық болғанын көрсетеді.
Таза ауа тіршілік кепілі

Адам әрекеті тек жер бетіндегі суды ғана емес ауаны да ластап келеді. Күн сайын өнеркәсіп орындары ауаға орасан зор улы газ және оларға қоса өте майда бөлшектерден тұратын қоспаларды шығарып жатады. Олар ауамен бірге адам мен жануарлардың денесіне сіңеді және жер бетіне шөгеді. Кейде оларды жел алғашқы шыққан орнына мыңдаған километр жерге айдап апарады. Міне, сондықтан да газ немесе қатты зат түрінде бөлініп шығатын заттардан ауаны қорғау адам денсаулығы үшінде, тіршілік үшінде үлкен мән алады.

Осы уақытта ауаға улы қосындыларды жібермеу, адамзат батасының алдында тұрған үлкен мәселе.

Ауаның әр түрлі жолмен былғануы атмосферада бірте-бірте түпкілікті мутагенді өзгерістер тудыратыны анықталып отыр. Мысалы, қалалардың үстін, 2000-2500 м биіктік көлемінде газдар мен ұсақ бөлшектерден тұратын қарақошқыл (не тұман екені, не бұлт екені белгісіз) түтін басып тұрады. Осындай көрініс Атматы қаласына тән құбылыс. Осындай құбылыстардан қала ішіне күн сәулесінің ультра күлгін сәулесі жетпейді. Соңдықтан қала ішінде неше түрлі жұқпалы ауру тарайтын микробтар көбейіп кетеді. Олар неше түрлі көз, тері өкпе дерттерін адамдарға дарытады. Адамдар көп мөлшерде ауруға шалдығады. Әсіресе тұмау адамдарды әбден әлсіретіп жібереді. Арнаулы түрде жүргізілген деректер бойынша, жаз айларында күн сәулесінің 20 дан 50 процентіне дейін қала үстіндегі қарақошқыл көрініс тұтып қалатыны анықталды. Қарақошқыл көрініс күн сәулесінің спектрлік құрамын өзгертеді. Алматы үстіндегі күн сәулесінің құрамында тек 0, 5 процент ультракүлгін сәуле бар екені анықталды, ал тау бөктерлеріндегі ультракүлгін сәулелердің мөлшері 20 %-ке жететіні белгілі болды.

Өнеркәсіп орындары атмосфераны газдармен және ұзақ қалқып жүретін майда шаң-тозаңдармен ластайды. Әсіресе миллиондаған тонна көмір мен мұнайдың жануы негізінде пайда болатын көмір, қышқыл газының көлемі аса үлкен. Халықаралық зерттеулердің қорытындылары бойынша, бұл газдың көлемі жылына 0, 3-0, 5 процент өсіп отыратыны анықталды. Ал оның табиғи мөлшері 0, 003%. 1958 жылдан бері оның көлемі тағы да 1, 13 процентке өсті. Егер ауаның көмір қышқыл газымен толықтырылуы жақсы нәтиже бермейтіні белгілі. Егер қөмірқышқыл газы жинала берсе, онда күн сәулесінің энергиясы жерге жетпей биосферадағы сулар қатып қалып мұзға айналады, яғни, мұз дәуірі қайтадан оралуы мүмкін деген болжам бар. Ал екінші көзқарсқа тоқталатын болсақ, онда ауада көмір қышқыл газының мөлшері көбейеді де, жер бетіндегі энергия космос кеңістігіне тарамай қалады, ауаның температурасын жоғарлатып жібереді. Сол себептен жер бетіндегі мәңгі қарлар мен мұздар еріп кетіп теңіздер мен мұхиттардың сулары көбейіп, деңгейлері көтеріледі, яғни жер бетін топан суы басып кетеме деген ғылыми болжам бар. Қазіргі кезде ауаның жылынуын көпшілік біледі. Оның күнделікгі радио-телевизор хабарлары айтып жатады. Газет-журналдардан оқып жатырмыз 0, 04 процентке дейін СО2 жиналуы ғалымдардың болжауы бойынша, дүние жүзінде тірі организмдерге қолайсыз "парниктік эффект" дейтін құбылысты тудырады. Климат мүлдем өзгеріп кетеді жылдық орташа температура 0, 8-3 градусқа дейін өседі.

Ауада кейінгі кезде оттектің азаюы байқалып отыр. Өйткені оны көптеген организмдер, неше түрлі транспорттар пайдаланады. Бір, автомобиль 1000 километрдей жол жүргенде бір адамның бір жыл ішінде дем алуға жұмсайтын оттектің мөлшеріндей оттекті жояды. Жағылған бір тонна таскөмір 10 адамның бір жылда тыныс алатын оттекті жояды. Тек қана жанар маймен таскөмір ағаш, торф, газ жанғанның өзінде жер жүзіндегі оттектің сұрапыл көп бөлігі жанып, тіршілік дүниесінен жойылып жатады. Бұл жолдарды ойлаудың өзі қорқынышты.

Қазіргі кезде атмосфералық ауаның аса көп мөлшерден тыс улануы АҚШ-та болып отыр. Әбден шегіне жеткен өндіріс жүйелері басқа биосфера байлықтарын аяусыз пайдаланумен қоймай дем алатын ауаны да адам өміріне қауіп туғызатын улы газға айландырып отыр. Бұның өзі тек Америка халқы емес, басқа да көршілес отырған елдерге нұқсан келтіруде. Өйткені ауа өне бойы бір жерде тұра бермейді. Жел арқылы басқа жаққа ауысып отырады да улы, зиянды заттарды тарата береді, АҚШ-та жыл сайын ауаға 150-160 миллион тоннадай зиянды заттар қосылып отырады. Яғни жыл басына шаққанда бұл әрбір адамға 400-500 килограмнан келеді зиянды заттардың жалпы химиялық құрамында 5 1 проценттей кеміртектің тотығы, 18 процент күкірттотығы, 12 процент көмірлі оттек, 6 процент азот тотығы, 12 процент әртүрлі заттар бары анықталды. Осындай улы газдардың 60 проценттейі транспорттардан шығады. 150 миллионнан астам автомобильдерден бір жыл ішінде ауаға 100 миллион тоннадай зиянды газдар қосылып отырады. Ал жер жүзінде 300 миллиондай автомобильдерден ауаға қосылып отыратын улы газдардың көлемі 200-250 миллион тоннадай болады.

Атмосфераның түтін және газ қосындыларымен ластануы адам денсаулығына зиянды құбылыстар туғызады. Бұл құбылыс әсіресе метеорологиялық жағдайдың әсерінен ауа сирек алмасатын қалаларда жиі кездеседі оны смог деп атайды. Ағылшын сөзі - тұман деген мағына береді.

Автомобиль түтінінің адам денсаулығына тигізетін әсері

Жер шарының аса ірі калаларында «фотохимиялық тұман (смог) » түзілу үрдісі жылдан-жылға қарай өсіп отыр Фотохимиялық тұман (улы қосылыс) өсімдіктер әлемі мен жануарлар дүниесіне, соңдай-ақ, адамзат баласына өте үлкен зиян келтіру де. Осы жағдайларға сәйкес, шет елдің мемлекетерінде және біздің республикамызда атмосфералық ауаны қорғау мақсатында автомобильдердің қозғаушы күшін жетілдіру, нейтрализатарлар орнату, газбен электр қуатымен жүретін электромобильдерді шығару мәселесі туып отыр. Сонымен бірге сутек отындарын пайдалану және жанар майлардың альтернативті түрлерін жасау шешу жолдары зерттелуде.

Ауаның жер бетіндегі қабатын автомобиль және өнеркәсіп газдары мен түтіннен тұратын қалың тұман басады. Күн сәулесі жиналған газдарды (фотохимиялық реакция) ыдыратып улы қоспалар түзеді. Ол кезде адамдардың көзі ауырады, өкпесін улы газ толтырады, үздіксіз жетеліп тынысы тарылады. Бұл орасан үлкен күйзелікке ұшыратады, жүздеген, мыңдаған адамдардың өмірін алып кетеді. Міне, 1952 жылы аса зардапты Лондонның түтінді тұманы туралы американ ғалымы Л. Баттонның жазғанын төмендегі тараулардан оқисыздар.

Ортаны қорғау агенттігі 1984 жылы Америка Құрама Штаттары конгресіне «Ауаның ластануынан болатын экономикалық зиян» деген баяндама өзірледі. Зиянның жалпы көлемі орта есеппен алғанда жылына 2, 3 миллиард доллар болған. 1990 жылы ол көлем 16, 9 миллиардқа жеткен.

1960 жылдардың басы мен ортасында біздің елімізде (бұрынғы СССР-де) химия өнеркәсібі ғана жыл сайын атмосфераға 95 мың тонна изотопты, 12 мың тонна күкірт қышқылды, 30 мың тонна күкіртгі ангидритті және көптеген басқа заттарды атмосфералық ауаға таратқан.

Атмосфера ластануына зардабы сан алуан, әрі өте салмақты болып келеді. Күн радиациясының интенсивтілігін шұғыл төмендейді. Күн сәулесі энергиясыңың 40-50 процентке жуығын Нью-Йорк және басқада ірі қалалардың атмосферасы сіңіріп тұрады. Бағалы өнімнің көптеген мөлшері жоғалады. Егер біздің еліміздің (ТМД елдерінің) барлық цемент зауодтарыңда жетілдірілген тозаң ұстағыш кондырғылар орнатылған болса, олар өнеркәсіп үшін жыл сайын 2 миллион тоннаға дейін цемент материалдарын сақтаған болар еді. Шаң-тозаң жер бетіне шөгеді де оны ластайды. Нью-Йоркте ғана бір шаршы километр территория айына 26 тонна күйе жиналатыны туралы ғьшыми деректер біздің қолымызда бар.

Планеталардың радиоактивті элементтермен ластануы (уалануы) - саналы және сауатты адамдарға белгілі. Жапонияда атом бомбасының жарылуы қасіретінің салдарынан атмосферада ядролық қаруларды сынауға қарсы шығу біздің барлығымыздың бұл зәру проблемалар егжей-тегжейлі қанықтырады.

Ядролық жарылыстың зәрлі сәукелелері бірде-бір сауатты және
саналы адамды тыныш қалдыру мүмкін емес. Семей атом полигонінде
болған оқиға былай сипатталынады. Атом бомбасын жару үшін
жергілікті халықты көшіріп, сынақ өткенше бір жеті халықты басқа
жерде ұстаған. Ал ауылда үлкенді-кішілі 54 адам қалған, олар атом
бомбасы жарылған жаққа қарап қара түтіннің ішінен қызылды-жасылды отындарды көріп тамашалаған. Қараңғы қазақ қайдан білсін! Ол оттардың нағыз жан азабы екенін. Сол адамдардан күні бүгінгі біреуі де қалмай барлығы өліп қалған.

Қолда бар ғылыми деректерге қарағанда Невада штатындағы полигонда 1957 жылдан бастап ядро қондырғыларының 200 астам жер астында жасырып сыналған. Барлық сынаулардың 3/1-і радиактивті элементтердің атмосфераға енуімен байланысты. Атом қаруның сынағы жүргізілетін Невада шөлінде 540 шаршы км-дей алаң уланып кеткен. Аляскадағы атом жарылыстары мұхит суларының радиоактивті төгінділерімен уланған. Бұл кемінде 66 жыл сақтады деп ғылымдар тұжырым жасайды.

Атом энергетикасы дамып келеді. Мұның өзі раиоактивті заттардың ағуы болмауына ғалым физиктер, атом саласындағы мамандар кепілді бере алмайды. Ғылымдар атап кеткендей ядролық технологияның «бейбітшілік» мақсатындағы ең күрделі мәселе - жоғары активті заттардың қалдықтары - цезий - 137, тронций - 90 және басқаларын сақтауда болып отыр. Қазір Америкада осындай қалдықтардың 340 мың тоннасы жинақталған. Бұлардың қоймасы сенімді деп айтуға. Вичленде, Вашингтон штатында ғана соңғы 15 жыл ішінде осындай ағып кету 16 рет болған. Сыртқы ортаға 1400 тонна радиоактивті қалдықтар түскен.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Табиғатты тиімді және ұқыпты пайдалану
Су тіршілік көзі
Табиғаттың адам өміріне маңызы
Денсаулық - зор байлық. Жұмысқа қабілеттіліктің сатылары
Салауатты өмір сүру салтын оқушыларда қалыптастыру
Денсаулық энцикполедиясы
Жезқазған - Балқаш өңірінің экологиясы туралы
Қоршаған орта экологиясы
Оқушылардың салауатты өмір салтын қалыптастырудың педагогикалық негіздері
Салауатты өмір сүру деңгейі
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz