Қазақстанға капиталистік қатынастардың енуінде тау-кен өнеркәсібіндегі шетелдік акционерлік қоғамдар мен өнеркәсіптің дамуы


Пән: Жалпы тарих
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 49 бет
Таңдаулыға:   

Ф-ОБ-001/033

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ

БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

Қ. А. Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік Университетінің

Шымкент институты

Тарих факультеті

«Қазақстан тарихы» кафедрасы

ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС

«»

Шымкент 2009 ж

Ф-ОБ-001/033

МАЗМҰНЫ

Кіріспе . . . 3

Тарау І. Қазақстанға капиталистік қатынастардың енуінде тау-кен өнеркәсібіндегі шетелдік акционерлік қоғамдар мен өнеркәсіптің дамуы . . .

1. 1. XIX ғ. аяғы - ХХ ғ. басындағы Қазақстанның тау-кен өнеркәсібіндегі шетелдік акционерлік қоғамдар

1. 2. ХІХ ғасырдың соңы мен ХХ ғасырдың басындағы өнеркәсіптің дамуы

Тарау ІІ. ХХ ғасырдың басындағы Қазақстандағы сауда мен жәрмеңкелердің ролі және сауда жолдары

2. 1 Революцияға дейінгі Қазақстандағы сауда-экономикалық орталықтары ретінде маусымдық жәрмеңкелердің ролі

2. 2. Қазақстанға капиталистік қатынастардың енуі барысындағы қатынас жолдары мен сауданың жай-күйі

Қорытынды

Пайдаланған әдебиеттер тізімі

Ф-ОБ-001/033

Кіріспе

Тақырыптың өзектілігі. Тәуелсіз Қазақстанда нарықтық қайта жаңарулар күрделі жүруде. Орта тапты қалыптастыру өтпелі кезеңнің ең маңызды проблемалардың бірі болып саналады. Осымен байланысты, Қазақстанның жаңа экономикалық тарихтың осы және өзге де проблемаларын түсінуде ХІХ ғасырдың екінші жартысы мен ХХ ғасырдың басындағы дәстүрлі қоғамының капиталистік трансформациялану кезеңінің аса маңызы бар, өйткені өткеннен сабала отырып, қазіргі проблемалардың шешімін табуға болады.

Ресей капитализмінің отары ретіндегі революцияға дейінгі Қазақстанда негізінен өнеркәсіптің екі саласы, жергілікті жерде шикізаттар саласы дамыды. Бұлар тау-кен өндіруші және кен-зауыт өнеркәсібі, сондай-ақ ауыл шаруашылык, көбінесе мал өнімдерін ұқсату жөніндегі өнеркәсіп. Тау-кен өнеркәсібі кенді Алтайда және Орталық Қазақстанда дамыды. Онда түсті металдар мен көмір кен орындары игеріле бастады. Әрине бұл өнеркәсіптің жоспарлы дамуы болған жоқ. Кен орындары жеке кәсіпкерлерге сатылды, олар 20 жылдай пайдаланып, кен қоры азайысымен, ол кен орындарын тастап кетті. 30-жылдарда Алтайда А. Демидовтың зауыттары мен кеніштері пайда болды, ол қайтыс болғаннан кейін олар кен құрамынан күмістің табылуы себепті «Кабинеттің» (патша әулетінің) меншігіне көшті. Бұл кәсіпорын-дарда басы-байлы шаруалардың еңбегі пайдаланылды, артта қалған техника, міңдетті күш-көлік міндеткерлігі қолданылды, сондықтан да олар реформадан кейінгі ке-зеңде құлдырауға ұшырады, ал XIX ғасырдың аяғына қарай жекелеген әрекеттерге (1887 жылы Зырянда байыту фабрикасын салу, неғұрлым жетілген өндіріс техникасы мен технологиясын қолдану және т. б. ) қарамастан жұмысын мүлде тоқтатты. "

Орталық Қазақстанда көмір және түсті металдар кен орындарын пайдалану неғұрлым табысты болды, оларға XIX ғасырдың 30-жылдардың басынан орыс

Ф-ОБ-001/033

көпестік капиталы назар аударған болатын, бұған мұнда патша әулеті монополия-сының болуы да ықпал етті.

1834 жылы көпес С. И. Попов Қарқаралы уезінде Богословск күміс-қорғасын және басқа да бай кен орындарын игере бастады. 1839 жылы ол қорғасын мен күміс балқытуға арналған Благодатно-Степановский (Куфский) зауытын, ал 1849 жылы Александровск (Баянауыл) зауытын салды. Жиырма жылдан сәл астам уақыт пайдаланғаннан кейін екі зауыт та өз жұмысын тоқтатты С. И. Поповтың мұрагерлері 1858-1859 жылдары Новониколаевск күміс-қорғасын зауытын (Богословск кен орыны негізінде) салды, ол 1877 жылға дейін жұмыс істеді.

XIX ғасырдың 40-жылдарында көпестер Н. Ушаков, А. Рязанов, Зотов жергілікті байлардаң Қарағанды көмір кенішін, Успенск мыс кеніші бар Нілді алқабын, Жезқазған және Спасск-Воскресенск кенді аудандарын арзанға сатып алып, мыс өндірумен айналысты. Н. Ушаков 1857 жылы Спасск мыс зауытының негізін қалады. С. А. Попов (С. И. Поповтың немересі) 1887-88 жылдары Қарқаралыға жақын жерде Косьмо-Демьяновск, Балқаш көлінің жағалауына жақын жерде Степановск зауыттарының негізін қалады, олар араға үзіліс салып, біріншісі 1913 жылға дейін, екіншісі 1907 жылға дейін жұмыс істеді.

Зерттелу деңгейі. Ғалымдар Ресейде капитализмнің дамуы кезеңінде, әсіресе реформадан кейінгі кезеңде Қазақстандағы қанаушылар тобының құрылымы алуан түрлі әлеуметтік топтар жүйесі болғанын, отарлаушы өкімет қызметке тартқан сұлтандардың, мал мен құнарлы жайылымдарды немесе ауыл шаруашылық өнімін өңдейтін кәсіпорындарды иеленуші байлардың, ауылдағы сот билігін өз қолына сақтап қалған билердің, міндетіне қарамағындағы ауылдардан салық жинау кіріп, жергілікті шенеуніктік аппаратқа айналған старшындардың мүдделері тығыз ұштасып кеткенін көрсетті.

Е. Ділмұхамедов пен Ф. Маликовтің, Е. Бекмұхамедовтың, М. Тұрсынованың,

Ф-ОБ-001/033

Г. Есенғалиеваның, М. Асылбековтың, Ц. Фридманның еңбектері өнеркәсіп пен көлікті, сауданы және қаржы саясатын Қазақстанда пролетариаттың қалыптасу проблемасын тығыз байланыста алып зерттеудегі елеулі жетістіктерді дәлелдейді.

Өлкені отарлау жағдайының мәні тау-кен өнеркәсібінде мейлінше толық көрінді. Е. Ділмұхамедов пен Ф. Маликов бұл саланың реформадан кейінгі уақыттағы даму ерекшелігін, оның өсу қиыншылықтарын қарастырған. Авторлар мұрағат материалдары негізінде ХХ ғасырдың басында кен-зауыт және мұнай өнеркәсібіне монополистік шетел капиталының енуін, Спасск мыс рудалары акционерлік қоғамының, Атбасар мыс кеніштері акционерлік қоғамының, Риддер және Қазақ кен-өнеркәсіп қоғамы мен басқаларының тарихын зерделей білді.

Авторлар кен өндіру өнеркәсібінде жұмысшы санының өсуі ерекшеліктерін және олардың революциялық күресін көрсетуді өздерінің басты міндеті деп білді. Алайда авторлар Қазақстанда жұмысшы санының өсуі деректемелеріне көбірек қатысты материалды баяндаған. Олар мұны қазақ шаруаларының жіклетуі, табыс іздеп кетушілердің көбеюі нәтижесінде, майдангерлердің жұмысшылар қатарына ауысуынан, Орал мен Сібір зауыттарынан жұмысшылардың келуінен, кедейленген мещандар есбінен болды деп біледі. Авторлар 1838, 1870, 1895 жылдардағы жұмысшылар жалдау туралы алғашқы заңдарды атаған; өкініштісі, олар фабрика заңдарының мазмұнын ашып көрсетпеген. Олардың шамамен есептеп шығарған деректері бойынша, бұл өнеркәсіптегі жұмысшылар саны 1860-1880 жылдармен салыстырғанда, ХХ ғасырдың басында 2-3 есе скен. Бірақ бұл цифрлар сенімді емес, өйткені олар әр-түрлі жылдардағы әр түрлі деректерден құрастырылған. Ауыл шаруашылық шикізатын ұқсатумен айналысатын барлық жұмысшыларды өнеркәсіп пролетариатына қосып есептеу мүмкіндігін де күдік келтіреді. Егер, мысалы,

Ф-ОБ-001/033

Сырдария облысының деректеріне қарағанда, онда 1906 жылы 900 кәсіпорындарында небәрі 2000- дай адам жұмыс істеген, мұндай кәсіпорындарды фабрикалар, ал олардың жұмыскерлерін пролетарлар деп атауға бола қоймас. Авторлардың еңбектеріндегі өнеркәсіп пролетариаттарына әлеуметтік-экономикалық сипаттаманың айқын болмауы, сондай-ақ өнеркәсіп жұмысшыларының жалпы санын да (6, 5 мың) салалар бойынша да есептеулердің негізіне алынған әр түрлі мұрағат материалдары мұқият тексеруді қажет етеді.

Қазақстанның 1917 жылға дейін тарихы аз зерттелген аудандарның бірі-Маңғыстау, сондықтан М. Тұрсынованың монографиясы белгілі бір дәрежеде өзіне назар адаруды қажет етеді. Автор ХІХ ғасырдың бірінші жартысында көшіп жүруге мүмкіндігі болмаған қазақ отбасылардың қалайша отырықшы-лыққа көшіп, балық аулаумен айналысуға мәжбүр болғанын, артельдерге біріккен және ХІХ ғасырдың екінші жартысында балық аулауды ғана емес, сонымен қатар оны өңдеу мен сатуды да өздерінің қолына шоғарландырған балық өнеркәсіпшілерінің оларды біртіндеп қалайша қаратып алғанын көрсеткен.

М. Асылбеков зерттеген мәселелер кешенінде революцияға дейінгі Қазақстанның экономикасына темір жолдардың ықпалы мен оны Ресей империализмінің шикізаттық шылауына айналдыру және сонымен бірге клммуникациялар жасаудың объективті оң нәтижелері көрсетілген. М. Асылбеков жергілікті өндірістік маңызы бар Триоцк, Екібастұз, Спасск-Қарағанды, Риддер темір жолдарының құрылысы туралы құнды ғылыми материал жинаған.

Зерттеулерден Дала өлкесінің бүкіл экономикасы сияқты, революцияға дейінгі Қазақстанның аумағында қатынас жолдарының на нашар дамып, оның біркелкі болмағаны, кең-байтақ кеңістіктің бір-бірімен байланыс жасалмағаны

Ф-ОБ-001/033

көрінеді. Мұны мына цифрлар көруге болады: 1917 жылы өлкенің 1000 шаршы шақырымына-небәрі бір шақырымдай, бұл ретте Сырдария облысында-1127 шақырым, Торғайда-932, Оралда-310, Семейде-236, Ақмолада-178 шақырымнан келген, Жетісу облысында бірде-бір шақырым темір жол болмаған.

Диплом жұмысының мақсаты мен міндеттері.

Дипломдық жұмыс отан тарихының бір өзекті және аз зерттелген проблемаларының бірі-капиталистік қатынастардың Қазақстанда орнауына арналған. Сонымен бірге кәсіпкерлік таптың қалыптасуы да қаралады. Бұл таптың маңызды бөлігін әр түрлі кәсіпкерліктердің өкілдерін біріктірген көпестік сословие құраған.

Сондықтан диплом жұмысының мақсаты- ХХ ғасырдың басындағы Қазақстанға капиталистік қатынастардың ену тарихын зерттеу болып табылады. Осы мақсаттарға жету үшін төмендегідей міндеттер қойылады:

-XIX ғ. аяғы - ХХ ғ. басындағы Қазақстанның тау-кен өнеркәсібіндегі шетелдік акционерлік қоғамдар түсінігіне;

-ХІХ ғасырдың соңы мен ХХ ғасырдың басындағы өнеркәсіптің дамуына;

-Революцияға дейінгі Қазақстандағы сауда-экономикалық орталықтары ретінде маусымдық жәрмеңкелердің роліне;

-Қазақстанға капиталистік қатынастардың енуі барысындағы қатынас жолдары мен сауданың жай-күйі түсінігінің мәнін ашу.

Дипломдық жұмыстың теориялық және әдістемелік негізі. Зерттеу жұмысының теориялық негізін отандық және шетелдік ғалымдардың ғылыми қорытындылары құрайды. Диплом жұмысының тарихи оқиғаларға және сан-саладағы мемлекеттік құжаттарға жинақтау, талдау, жүйелеу әдістері қолданылды. Сонымен қатар кеңінен колданылатын тарихи-салыстырмалы және жүйелеу әдістері де зерттеу жұмысына арқау болды.

Диплом жұмысының қолданыстық маңыздылығы. Зерттеу жұмысының

Ф-ОБ-001/033

тақырыбы халықаралық қатынастар тарихына арналған еңбектер қатарын толықтыра алады. Зерттеудің негізгі қағидалары мен тұжырымдарын халықаралық қатынастар мамандары, саясаткерлер, журналистердің пайдалануына болады. Жұмыстың материалдары халықаралық қатынастар мен сыртқы саясатты зерттеушілердің, сонымен қатар мемлекеттік сыртқы саяси, экономикалық және мәдени мекемелер үшін де көмекші құрал ретінде практикалық қызығушылығын арттыруы мүмкін. Сонымен бірге зерттеу жұмысының материалдары халықаралық қатынастар, саясаттану, тарих мамандықтары бойынша оқитын студенттерге жалпы және арнайы курстарды жүргізу процесінде де қолданыла алады.

Жұмыстың құрылымы мен көлемі. Диплом жұмысы кіріспеден, екі тарау және тараушалардан, қорытындыдан тұрады. Жұмыстың соңында пайдаланған әдебиеттер тізімі және қосымшалар берілді.

Дипломдық жұмыстың хронологиялық шеңбері Зерттеу ХІХ ғасырдың соңы мен ХХ ғасырдың басына дейінгі аралықты қамтиды.

Ф-ОБ-001/033

Тарау І. Қазақстанға капиталистік қатынастардың енуінде тау-кен өнеркәсібіндегі шетелдік акционерлік қоғамдар мен өнеркәсіптің дамуы

1. 1. XIX ғ. аяғы - ХХ ғ. басындағы Қазақстанның тау-кен өнеркәсібіндегі шетелдік акционерлік қоғамдар

XX ғасырдың басында Ресей экономикасына шетел капиталы кіре бастады. Ондағы монополистік капитализмнің кеңінен қанат жайып, күш алуы мен әлі де болса қоғамдық-экономикалық салада сақталып отырған дағдарыстардың арасындағы қайшылық орыс империясының дербёс деңгейде дамыған мемлекеттердің қатарына қосылуына бөгет жасады. Керісінше, Ресейдің қоғамдық-экономикалық өміріндегі қайшылық шетел капиталының ықпалының күшеюіне мүмкіндік берді [1; 126-127] .

Шетелдік кәсіпкерлер, әсіресе, табыстың ең бай көзі ретінде тау-кен өнеркәсібіне араласуға көп күш салды. Олардың бұл саладағы капиталының үлес салмағы 70%-ға жетті. Жат жерлік алпауыттарды ең алдымен қазына байлығы мол әлі толық игерілмеген орыс империясының ұлттық аймақтары қызықтырды. Қашанда өзінің пайдалы қазбаларымен кәсіпкерлердің ерекше назарында болған қазақ сахарасында XIX ғасырдың ортасынан былай қалыптасқан өнеркәсіп орындарына кеңес дәуіріне дейін 50 Ресей және шетелдік акционерлік қоғамдары өздерінің капиталдарын салды.

Шетел капиталы, әсіресе, мыс, қорғасын, қалайы, мұнай сияқты пайдалы кен қазбаларына үлкен қызығушылық білдірді. XX ғасырдың басында шетел капиталы қазақ даласына енеді және өзінің қол астына өлкенің барлығы дерлік тау-кен өнеркәсібін алады да, орыс капиталына күшті бәсекелес ретінде шығады. Олардың арасында өлкенің шикізат көздерін басып алу және байлығын пайдалану үшін күрес басталады. Бірақ Ресей өнеркәсібі өзінің артта қалған техникасы және біршама әлсіз капиталымен бәсекелестік күреске төзе алмайды. Тек орыс кәсіпкерлерінің бірқатары Стахеев, Федоров және

Ф-ОБ-001/033

Романвтар кенді Алтайда және Ембіде шетел капиталы құрған акционерлік қоғамдарға жарнашы ретінде, өздерінің қызметін жалғастырды.

Шетел капиталының енуі акционерлік қоғамдарды құру және оларды қаржыландырумен, қиын қаражат жағдайына тап болған өнеркәсіптерді сатып алу және қайта құру жолдарымен іске асты. Осылайша, көбінесе шетел капиталы бетперде үшін орыс туының астында әрекет етуді немесе жарнашыларды орыс капиталистері болған "аралас" компаниялар құруды артық көрді.

Өздерінің қол астына барлық тау-кен өнеркәсібі мен шикізат көздерін басып алғаннан кейін шетел капиталы мыс, полиметалл көмір және мұнай кен орындарын өңдеу бойынша түрлі шетел және аралас акционерлік қоғамдар құра бастайды.

XX ғасырдың басында Орталық Қазақстанда орныққан ірі шетелдік серіктестіктердің бірі "Спасск мыс кеніштерінің акционерлік қоғамы" болды. Қоғамның құрылуынан көп бұрын мыс ісіне көңіл қойған ағылшын кәсіпкерлерінің бір тобы, Қазақстанға өздерінің инженерлерін сол кездегі Рязановтарға жататын көптеген ашылған және өңделген кен орындарын тексеруге жібереді. Рязановтар кәсіпорындары XIX ғасырдың екінші жартысындағы Қазақ жеріндегі мыс балқыту өнеркәсібінің ошағы болды. 1898 жылы өндіріс ісін жалғастырғанымен, қаржыларының жеткіліксіздігінен, әрі патша үкіметінің тарапынан несие-қарыз алудан үміті үзілген Рязановтар әулеті Спасск зауыты мен кен орындарын ағьілшын кәсіпкерлеріне жалға-беруге мәжбүр болды. Келісім-шарт 3 жыл мерзімге бекітіледі және ағылшындардың сенімді адамы, Мәскеу дворянині фон-Штейн деген біреумен қол қойылады. Онда " . . . Біз, Рязановтар мен Козицина, кәсіпорындарды 1904 жылдың 1 шілдесінен, 1907 жылдың 30 маусымына дейін фон-Штейнге 3 жылға жалға береміз, бір жылдық жалдау құны 60 мың сом, ал барлық 3 жылға 180 мың сом,

Ф-ОБ-001/033

оның 12 сомы фон-Штейн келісімге қол қойысымен, екі жылға бірден төленуі тиіс, қалған 60 мың сом 1905 жылдың 1 шілдесіне дейін төленуі тиіс . . . " деп жазылды[2; 62] .

Әрине, шетелдік кәсіпкерлер Спасск мыс зауытын, мыс және көмір кеніштерін жалға алумен шектелгені жоқ. Олардың түпкі мақсаты осынау мол байлықты түгелдей өз меншігіне айналдыру еді. Болашақтағы кен игеруден түсетін табысты былай қойғанда кәсіпорындардың құнының өзі ағылшындардың шығарған қаржысын өтейтін еді.

Сол кездегі патшалық Ресейдің заңы бойынша шетелдік кәсіпкерлердің далалық аймақтағы кәсіпорындарды сатып алуға құқы жоқ еді. Бірақ қазақ даласының ен байлығына көздері тұнған шетледік алпауыттар заңды айналып өтетін жолды табуға тырысты, сөйтіп ықпалды делдал іздей бастады. Ағылшындар көп кешікпей мұндай адамды табады. Ол Франция президенті Мари-Франсуа Сади Карноның ұлы француз кәсіпкері Клод Эрнест Жан Карно болды. Әкесінің беделін, өзінің жеке байланысын пайдалана білген француз азаматы, кен инженері Клод Эрнест Жан Карноға 1904 жылдың 3 шілдесіндегі Мемлекеттік мүлік және егін шаруашылығы министрлігінің шешімімен Ақмола облысына қарасты Рязановтар мен көпес әйел Козицинаның меншігінде болған Спасск мыс зауытын, Спасск-Воскресенск, Өспен мыс, Қарағанды, Саран тас көмір кеніштерін алдымен белгілі бір мерзімге жалға алуға, кейіннен толықтай жеке меншікке алуына рұқсат етілді.

Мұндай істерде әккі болған, ағылшын кәсіпкерлері өздерінің қолдарына өзгеше, дүние жүзілік деп айтуға болатын мыстың кен орыны, мол көмір кенінің тигенін тез түсінеді. Карно жоғарыда айтылған кәсіпорындарды игеруге басқа кәсіпкерлерді қатыстыруды немесе басқаларға беруді патша үкіметінің келісімімен шеше алатын болды. Ол Ресейдегі тау-кен ісіне қатысты барлық заң актілерін орындауға міндетті болды және орыс

Ф-ОБ-001/033

кәсіпкерлеріне берілетін жеңілдіктерді пайдалануға құқы болды. Шын мәнінде Спасск қоғамы ағылшын-фрацуздікі болды. Шығарылған акцияның жартысына жуығы француз кәсіпкерлерінің қолында болды. 1904 жылы Лондонда құрылған, жалпы капиталы 300 мың фунт стерлинг болатын бұл қоғамның басқарма мүшелігіне 4 ағылшын, 4 француз кәсіпкерлері кірді. Басқарма төрағасы болып ірі ағылшын кәсіпкері, парламент мүшесі Артур Фелль, орынбасары болып француз кәсіпкері К. Э. Жан карно сайланды.

"Спасск қоғамының ісінде әлі күнге дейін ағылшын және француз капиталдары мүдделі және бірқуатта Париж және Лондон биржаларында қоғамның акциялары бағаланады"-деп жазады Зив В. С. өзінің еңбегінде 1906-1907 жылдары жылына өндіріс қуаттылығы 5 мың тонна (300 мың пұт) мыс алынатын, шахта пештерімен Спасск мыс қорыту зауыты, сонымен бірге кен орындары және көмір шахталары салынды. 1908жылы қоғам Спасск зауытын Қарағандымен жалғастыратын, ұзындығы 40 км. Тар табанды темір жол салды. Осы жолмен көмір Қарағандыдан Спасск зауытына, ал зауыттан Өспен кен орнына тасылды, ал Сарысу байыту фабрикасына қоспа және Өспен кен орнынан кен фабрикаға түйелермен жеткізілді.

1917 жылдың қарсаңында, осы тар табанды темір жолда алты паровоз, 95 платформа және үш вагоннан тұратын жылжымалы состав болды. Құрал-жабдықтар және материалдар Спасск кәсіпорыңдарына жақын арадағы темір жол станциясы -Петропавлдан көлік-арба транспортымен тасылды.

Бесжыл ішінде (1910-1914 жылдары) кендегі мыстың орташа мөлшері: Оралда-3, 6%; Кавказда -4, 1%; Ачинск-Минусинск ауданында-2, 9%; ал Қазақстанда-14%-ыз болды.

Қоғам бірінші кезекте тек қана бірінші дәрежелі кен шығарумен айналысты, ал бұдан басқа үйіндіге кеткен екінші дәрежелі кен шығарылды. Инженер А. И. Тименің есептеуінше 1889-1917 жылдары Өспен кен орнынан мыс

Ф-ОБ-001/033

мөлшері 25%-ыз, 1. 2 млн. пұт бірінші дәрежелі кен; мыс мөлшері 10%-ыз, 2. 8 млн. пұтқа жуық екінші дәрежелі кен шығарылды [3; 185] .

Тек, соңғы онжылдықта шетел капиталының енуімен, бұл аудан үлкен маңызға ие болды, мыс орыту 1904жылы 30. 5 мың пұттан, 1913 жылы 309 мың пұтқа дейін, яғни он есеге артты, - деп жазады өз еңбегінде Брейтерман А. Д.

"Атбасар мыс кендері" акционерлік қоғамы Қарсақпай-Жезқазған ауданын-да жұмыс істеді. 1906 жылы Лондонда "Атбасар мыс кендері акционерлік қоғамы" құрылды. Алғашқыда қоғамның негізгі капиталы 250 мың фунт стерлинг болса, кейіннен ол 500 мыңға дейін есті. 1907 жылы ағылшын-американ капиталистері жалға Жезқазған кен орнын және Байқоңыр кендерін екі жыл мерзімге алады, осы уақыт ішінде бұл ауданда бірқатар геологиялық барлау жұмыстарын жүргізеді. Ал 1909 жылы қаңтарда Рязановтардан Жезқазған кен орнын және Байқоңыр кеніштерін 260 мың сомға сатып алады. 1908 жылы Жезқазғанға келіп қайтқан ағылшын инжинері Гарвей Лондонда қоғамның жалпы жиналысында сөйлеген сөзінде Жезқазған кені дүние жүзіндегі ең бай, құрамындағы металдың шегі жоқ байтақ мыс даласы деп сипаттады. Мыс кеніштерінің Байқоңыр көмір кенішіне жақын орналасуы да оның тиімділігін көрсетті. Тіпті транспорттың қиындығы да, Жезқазғанның темір жол желісінен тысқары болуы да шетелдік кәсіпкерлерді тоқтата алмады. Өндірістен түсетін пайданың оны игеруге кететін шығынды толық қайтаратынына сенімді болған акционерлік қоғам кен өндіру ісін бастау керек деп шешті.

Жезқазғаннан 127 км. жерде орналасқан Байқоңыр көмір кен орынын, қоғам Қарсақпай зауыты мен Жезқазған кен орнын отындық база ретінде пайдалана бастады. 1913 жылы өндірістік қуаты 5 мың тонна мыс өндіретін Қарсақпай мыс балқыту зауытының құрылысы басталды. Құрылыс алаңы Жезқазғаннан Байқоңырға дейінгі жол ортасында орналасты. Бір уақытта байыту фабрикасы-

Ф-ОБ-001/033

ның құрылысы да іске кірісті. 1914 жылы Қарсақпай зауытын кен орнымен және отын базасымен, жалғастыратын тар табанды темір жол сала бастады. Зауыт пен байыту фабрикасының құрылысын 2-3 жыл ішінде бітіруді болжады, бірақ бұған бірінші дүние жүзілік соғыс кедергі болды.

Қарсақпай зауыты біршама жаңа техника базасында салынды. Барлық жабдықтар шетелден әкелінді. Бірақ ол басқа да материалдармен бірге құрылыс алаңына үлкен қиындықтармен жеткізілді. Құрылыс материалдарын тасудың негізгі транспорт түрі түйелер болды. Қарсақпай зауытына ең жақын темір жол стансасы, одан 360 шақырымда орналасқан Орынбор темір жолының Жосалы стансасы болды.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақстан өнеркәсібін игеруге қатысты патшалық саясат
ХІХ ғ. екінші жартысында Қазақстанға капиталистік қатынастардың енуі және дамуы
Xix ғасырдағы сауда сипатының өзгеруі
ХIX ғасырдың жартысы мен ХХ басында Қазақстан жеріндегі кәсіпкерліктің дамуы
1970-1980 жылдардағы Қазақстан
Соғыстан кейінгі халықтың жағдайы
Қазақстанда кәсіпкерліктің дамуы
Өнеркәсіп құрылымы және орналасу заңдылықтары
Оңтүстік Қазақстандағы сауда-өнеркәсіп орталықтарының қалыптасу және даму тарихы
Кәсіпкерлік адам қызметінің ерекше саласы туралы ақпарат
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz