Бағалау әдістемелері


Бағалау әдістемелері.
Бағалау тәсілін таңдау көбінде кәсіпорынның бүгінгі күнгі қаржылық жағдайы мен оның болашағына байланысты.
Еліміздің нарықтық экономикаға ауысуы ғылым мен тәжірибенің бірқатар жаңа салаларын тереңдете дамытуды талап етті. Жекешелендіру үдерісі, қор нарығының пайда болуы, сақтандыру жүйесінің дамуы, коммерциялық банкілердің мүлікті кепілдікке алып, несие беруге ауысуы жаңа қызметке - жылжымалы және жылжымайтын мүлікті, сонымен қатар мүлік кешені ретіндегі кәсіпорынды бағалауға, олардың нарықтық бағасын анықтауға сұраныс тудырды. 2000 жылғы 30 қарашадағы «Қазақстан Республикасындағы бағалау қызметі туралы» Қазақстан Республикасының Заңында бағалау - бағалау объектінің ықтимал нарықтық немесе басқа бағасын анықтау болып табылатындығы жөнінде айтылады. Бағалау қызметі - бұл бағалаушылардың объектілердің нарықтық немесе басқа бағасын анықтауға қатысты заңмен басқаша қарастырылмаған жағдайда, нақты бір күнді белгілеуге бағытталған кәсіпкерлік қызметі. [31]
Бизнесті бағалау - иесінің табыс көруін қамтамасыз ететін мүлік кешені ретіндегі компанияның бағасын анықтау. Бизнестің бағасын анықтау барысында компанияның барлық активтерінің: жылжымайтын мүлігінің, машиналары мен құрал-жабдықтарының, қойма қорларының, қаржы салымдарының, материалдық емес активтерінің бағасы есептеледі. Сондай-ақ, компания жұмысының тиімділігі, оның бұрыңғы, бүгінгі және келешек табыстары, нарықтағы даму жоспарлары мен бәсекеге қабілетті ортасы бөлек бағаланады. Осындай кешенді қарастыру нәтижесінде бизнестің шынайы бағасы мен оның табыс әкелу қабілеті анықталады.
ҚР Мемлекеттік стандарттарында кәсіпорынды мүлік кешені ретінде бағалау материалдық және материалдық емес активтерді, қызмет етуші кәсіпорынның бар міндеттемелерін бағалау ретінде анықталады.
Кәсіпорынды мүлік кешені ретінде бағалау келесі мақсаттарда пайдаланыла алады:
- сатып алу-сату;
- кепілдікке несие алу;
- бухгалтерлік есеп мақсаттарында (қайта бағалау) ;
- жарғылық капиталға енгізу;
- кәсіпорынды қайта құру немесе жою және т. б.
Кәсіпорынды мүлік кешені ретінде бағалау Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің 2002 жылғы 21 қарашадағы №171 және Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің 2002 жылғы 2 желтоқсандағы №597 «Бағалау қызметінің субъектілерімен кәсіпорынды мүлік кешені ретінде бағалау әдістеріне қойылатын талаптарды қолдану бойынша Ережелерді бекіту туралы» бірлескен бұйрығының негізінде жүзеге асырылады.
Бағалау әдісін таңдау көбіне кәсіпорынның сол сәтте қандай қаржылық жағдайда болуына және оның келешегінің қандай болуына байланысты болады. Қаржылық талдау бизнесті бағалауда үлкен рөл атқарады. Қаржылық талдау мәліметтерінің негізінде бағалаушы кәсіпорынның сол сәттегі жағдайы жөнінде тұжырымдар жасап, негізгі көрсеткіштердің өзгеру себептерін талдай алады және өндірістік немесе коммерциялық қызметті жетілдіру, сондай-ақ оны қаржыландырудың құрылымын өзгерту бойынша шара қолдана алады. Қаржы есептерінің рөлі бағалаушыларға нақты кәсіпорынның ағымдағы жағдайы мен болашағына қатысты білікті пікірлер қалыптастыруға көмек беруден тұрады. Табысқа қатысты көзқарас шеңберіндегі қаржылық талдаудың нәтижелері ерекше мәнге ие болады.
Бизнесті бағалауға қажет құжаттар мен мәліметтердің тізімі:
- Құрылтай құжаттарының көшірмелері (Жарғы, Құрылтай шарты, Тіркелу туралы куәлігі) ;
- Эмиссия проспектілерінің, құнды қағаздарды шығару қорытындылары жөнінде есептердің (акционерлік қоғамдар үшін) көшірмелері.
Компанияның қызмет түрлері мен ұйымдастыру құрылымы.
- Соңғы 3-5 жыл ішіндегі бухгалтерлік есеп мәліметтері (немесе алдыңғы кезеңдердің ықтимал саны) :
- бухгалтерлік баланс;
- табыс пен шығындар туралы есеп.
- Аудиторлық тексеру өткізілген жағдайда, аудитордың соңғы қорытындысы.
- Негізгі қорлар ведомості.
- Мүліктің инвентарлық тізімдері.
- Барлық активтер туралы мәліметтер (жылжымайтын мүлік, қорлар, бөгде қоғам акциялары, вексельдер, материалдық емес активтер және т. б. ) .
- Несиелік қарыздың шифрін ашу;
- Дебиторлық қарыздың шифрін ашу:
- қалыптасу мерзімдері бойынша;
- дебиторлық қарыз түрлері бойынша;
- күмәнді қарыз үлесі.
- Еншілес компанияларының, холдингілерінің болуы жөнінде ақпарат (бар болса), оларға қатысты қаржылық құжаттама.
- Кәсіпорынның тауар/қызмет бойынша жоспарланатын жалпы табысын, қажетті инвестицияларын, шығындарын, таза пайдасын жылдар бойынша көрсетілген жуырдағы 3-5 жылға даму жоспары.
- Аталған құжаттар тізімі алдын ала сипатта болады және бағалаушының бағалау тапсырмасымен егжей-тегжейлі танысуынан кейін қысқартылуы немесе кеңейтілуі мүмкін.
Бизнес жағдайы мен келешекте даму жоспарларына байланысты компания бағасын есептеу келесі тәсілдерді қолдануға негізделуі мүмкін:
- Мүліктік тәсіл (шығындық) ;
- Табыстық тәсіл;
- Салыстырмалы тәсіл.
Сурет Бизнесті бағалау тәсілдері
Мүліктік тәсіл (cost approach to value) - бағалау объектінің құнын бағалаудың бағалау объектінің тозуын ескере отырып, бағалау объектін қалпына келтіруге немесе ауыстыруға қажетті шығындарды анықтауға негізделген әдістерінің жиынтығы. Кәсіпорынның бағасын шыққан шығындар тұрғысынан қарастырады. Кәсіпорынның бағасы кәсіпорынның барлық міндеттемелерді өтегеннен кейін қалған активтерінің бағасына тең болып саналады. Бұл жағдайда, әдетте, кәсіпорынның активтері мен міндеттемелерінің баланстық бағасы инфляция, нарық конъюктурасының, пайдаланылатын есептеу әдістерінің өзгеруі салдарынан нарықтық бағасына сәйкес келмейді. Нәтижесінде кәсіпорын балансын түзету қажеттігі туындайды. Мұны жүзеге асыру үшін алдын ала кәсіпорын балансының әрбір активінің нарықтық бағасын бөлек бағалау жасалады, кейін міндеттемелердің нарықтық бағасы анықталады. Бұдан кейін активтердің нарықтық бағасынан міндеттемелердің нарықтық бағасы алынып тасталады, осының нәтижесінде кәсіпорынның жеке капиталының нарықтық бағасы қалыптасады.
Есептеулер жүргізу үшін кәсіпорын балансының бағалау күніндегі (немесе соңғы есепті күніндегі) мәліметтері пайдаланылады, оның статьялары активтер мен пассивтердің нарықтық бағасын ескере отырып түзетіледі.
Бұл тәсіл екі негізгі әдістермен беріледі:
- таза активтер әдісі;
- жою бағасы әдісі.
Мүліктік (шығынды) тәсілдің нақты жүзеге асырылуы кәсіпорынның жағдайына, атап айтқанда, оның жұмыс жасау-жасамауына, келешекте дамуына немесе құлдырау күйде болуына байланысты болады, соңғы аталған жағдайда активтерді бөлек сату неғұрлым орынды болып саналады.
Мүліктік тәсіл- жылжымайтын мүлік құнынын бағалауының жиынтық әдісін атаймыз, яғни бұл тәсіл арқылы мүліктің тозуын ескере отырып, шығын негізінде анықтау. Мүліктік тәсіл ауыстыру қағидасы негізінде негіздіелген. Мүліктік тәсілге байланысты жалпы жылжымайтын мүліктің құны ( Соб ) фрмула арқылы анықталады:
Соб= Сзу+Свс-Сиз,
Мұндағы: Соб- жылжымайтын мүліктің құны;
Сзу-жер участкесі құнының соммасы;
Свс- қайта қалпына келтіру құны;
Сиз- жиынтық тозу.
Мүлікті бағалауға шығынды тәсілдің қолданылуы келесідей кезеңдерден тұрады:
- Жер участкесінің нарықтық құнын бағалау;
- Мүліктің қайта қалпына келтіру немесе ауыстыру құнын бағалау;
- Тозуды түрлеріне қарай есептеу;
- Мүліктің қорытынды құнын бағалау;
Мүліктік тәсіл
Жойылу құны әдісі
Таза активтер құнының әдісі
Бағалауды жүргізу, шығын қатынасын бағалау кезінде таза активтер құнының әдісі маңызды рөль атқарады. Таза активтер - деп жалпы активтер мен жалпы міндеттемелерінің шегерімін айтамыз.
Таза активтер құнының әдісі бірнеше кезеңдерге бөлінеді:
- Нарықтық бағаға сәйкес өнеркәсіптің жылжымайтын мүлігін бағалау;
- Материалдар мен негізгі құрал жабдықтардың негізделген нарықтық құнын анықтау;
- Материалдық активтерді көрсету және бағалау;
- Ұзақ және қысқа мерзімді қаржылық салымдарының нарықтық құнын анықтау;
- Тауарлы-материалдық қорлардың ағымдық құнға ауысуы;
- Өнеркәсіп міндеттемелерінің ағымдық құнға ауысуы;
- Дебиторлық қарыздың бағалануы;
- Болашақ кезеңдегі шығындардың бағалануы;
- Меншікті капиталдың құнын анықтау;
Таза активтер пайдалылығының коэффициентін мына формула арқылы табамыз:
Котр=П/ЧМА=П/СКмат,
Мұндағы: П - таза пайда;
ЧМА - таза материалдық активтер;
СКмат - материалдық активтердің меншікті капиталы.
Активтерді жинақтау әдісі- бұл өнеркәсіптің жиналған активтерін бағалау дегенді білдіреді. Активтерді жинақтау әдісі кез-келген мүліктің нарықтық құнын анықтау үшін қолданады. Әдістің мақсаты- міндеттемелерді қоспағандағы әр активтің нарықтық құнын анықтау. Активтерді жинақтау әдісімен толығырақ танысу үшін, келесідей ұғымдарды білуіміз қажет:
Материалдық активтер:
- нақты;
- қаржылық.
Нақты активтер : жылжымайтын мүлік, негізгіқұрал-жабдықтар, өлшеуіш приборлар, айналым қорлары.
Қаржылық активтер:
- бағалы қағаздар;
- банктік депозиттер.
Жойылу құны әдісі- кез-келген бағалау объектісінің жойылу құнын анықтау үшін қолданады. Яғни барлық міндеттемелер мен шығындарды қосып, жойылу құнын анықтау.
Табыстық тәсіл (income approach to value) - бағалау объектінен күтілетін табыстарды анықтауға негізделген бағалау объектінің құнын бағалайтын әдістер жиынтығы. Әдіс мүліктің ағымдағы бағасын оның болашақта пайдаланылуы және/немесе сатылуынан күтілетін келтірілген бағаға теңестіруге негізделген. Табыстық тәсіл инвестициялық уәж тұрғысынан неғұрлым қолайлы болып саналады, себебі ондағы кәсіпорын бағасы ретінде активтер жиынтығының (ғимараттар, құрылыстар, машиналар, құрал-жабдықтар, материалдық емес құндылықтар және т. б. ) бағасы емес, келешектегі табыс ағымын бағалау ұғылады. Табыстық тәсіл ықтимал инвестордың бұл бизнеске одан түсетін болашақ табыстардың ағымдағы бағасынан артық соманы төлемейді деп болжайды.
Бұл тәсіл шеңберінде жұмыс жасап тұрған кәсіпорынның бағасын анықтаудың бірнеше әдістері бар. Нақты әдістің таңдалуы бағалау объекті мен мақсатына, Бағалаушының құзырындағы бар ақпаратқа, нарықтық ортаның жағдайына және ақырғы нәтижелерге әсер ететін бірқатар басқа да факторларға байланысты болады. Табыстылық тәсілі компанияның әрі қарай дамуы туралы (қаржылық модел құру) мүмкіндік болған кезде қолданылады.
Табыстық тәсіл шеңберінде бизнес құнын келесі әдістермен анықтауға болады: капитализациялау мен дисконттау әдістері қолданылады.
Табыстылық тәсілі бойынша бағалау табыстар болжамын құруды қарастырады.
Табыстардың бірқалыпты түсуіне байланысты капитализация немесе дисконттау әдісі қолданылатыны шешіледі.
Егер, болашақ табыстар бүгінгі табыстарға шамамен тең болса немесе олардың өсу қарқыны тұрақты болса, капитализациялау әдісі қолданылады. Капитализациялау әдісі бизнестің қызмет етуінің шексіз мерзімін болжайды.
Дисконттау әдісі қаржылық көрсеткіштер тұрақсыз болғанда, сонымен қатар, жақын арада бизнес тоқтап қалатын болса (себептерге қарамастан), немесе бизнестен шығу қарастырылса қолданылады. Бұл әдіс бойынша бағалау болжам кезеңінің әр жылына жеке ақша ағынының болжамын құру. Әрі қарай болжаудан кейінгі кезеңдегі компанияның құны анықталады. Бизнестің алдын-ала бағасы анықталады. Ол болжау кезеңі ішіндегі ақша ағындарының ағымдағы құны мен болжау кезеңінен кейінгі құнның бүгінгі мөлшері. Қажет болған жағдайда түзетулер (көбінде бақылаусыз сипат үшін жеңілдіктер мен жеткіліксіз өтімділік үшін жеңілдіктер ескеріледі) енгізіледі де компанияның қортынды нарықтық құны анықталады.
Табыстылық тәсілі компанияның әрі қарай дамуы туралы (қаржылық модел құру) мүмкіндік болған кезде қолданылады. Табыстылық тәсілі шегінде капитализациялау мен дисконттау әдістері қолданылады. Табыстылық тәсілі бойынша бағалау табыстар болжамын құруды қарастырады.
Табыстардың бірқалыпты түсуіне байланысты капитализация немесе дисконттау әдісі қолданылатыны шешіледі.
Егер, болашақ табыстар бүгінгі табыстарға шамамен тең болса немесе олардың өсу қарқыны тұрақты болса, капитализациялау әдісі қолданылады. Капитализациялау әдісі бизнестің қызмет етуінің шексіз мерзімін болжайды.
Дисконттау әдісі қаржылық көрсеткіштер тұрақсыз болғанда, сонымен қатар, жақын арада бизнес тоқтап қалатын болса (себептерге қарамастан), немесе бизнестен шығу қарастырылса қолданылады. Бұл әдіс бойынша бағалау болжам кезеңінің әр жылына жеке ақша ағынының болжамын құру. Әрі қарай болжаудан кейінгі кезеңдегі компанияның құны анықталады. Бизнестің алдын-ала бағасы анықталады. Ол болжау кезеңі ішіндегі ақша ағындарының ағымдағы құны мен болжау кезеңінен кейінгі құнның бүгінгі мөлшері. Қажет болған жағдайда түзетулер (көбінде бақылаусыз сипат үшін жеңілдіктер мен жеткіліксіз өтімділік үшін жеңілдіктер ескеріледі) енгізіледі де компанияның қортынды нарықтық құны анықталады.
Дисконтталған ақша ағындары әдісі
PV = Σ (CF i /(1+r) i )
Мұнда: PV- Болашақтағы бос ақша қаражаттар ағынының бүгінгі жиынтық сомасы;
CF i - i кезеңіндегі бос ақша қаражаттарының ағыны;
r - дисконттау мөлшерлемесі;
i - дисконттау кезеңінің тізімдік номері.
Дисконтталған ақша ағындары әдісі мынаны қарастырады:
- Жоба жиектерін анықтау;
- ақша ағындарының болжамдарын құру;
- болжаулы кезең өткеннен кейінгі кезеңдегі компания құнын есептеу;
- дисконттау мөлшерлемесін анықтау;
- компанияның алдан-ала бағасын есептеу;
- Қортынды бағаға түзетулер енгізіп есептеу
1. Жоба жиектерін анықтау
Жоба жиектері - ол компанияның тұрақты даму көрсеткіштеріне жету кезеңі, немесе болжауға қолайлы кезең
Болашақатағы бос ақша қаражаттар ағынының бүгінгі жиынтық сомасының жиегі компаниядаға болжаудың нақты болуы мен жоспарлау кезеңіне байланысты.
2. Ақша ағындарының болжамдарын құру
CF = Inflow - Outflow
Ақша қаражаттар ағынының құрылымы
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz