Академик Ө. А. Байқоңыровтың өмір жолы


Пән: Тарихи тұлғалар
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 14 бет
Таңдаулыға:   

Академик Ө. А. Байқоңыровтың өмір жолы

Өмірхан Аймағамбетұлы 1912 жылы қыркүйектің 12-де Қарағанды обылысының бұрынғы Жезді ауданы Ұлытау кеншарында дүниеге келген. Оның әкесі Қарсақбай, Шымкент заводтарында металлург - жұмысшы болып істеген.

Бәлкім, академик Ө. А. Байқоңыров бойындағы табандылық пен қайсарлық, кенші кәсібіне деген құрмет, сондай-ақ, болашақта оның азаматтық және ғалымдық тұлғасын қалыптастырған касиеттер де сол кезінде дарыған болар. Өмірхан Аймағамбетұлы Қарсақбай заводы жанындағы завод-фабрика мектебін (ФЗО) бітіріп, алғашқы еңбек жолын металлург-жұмысшы мамандығынан бастайды. Ол оқу кезінде комбинаттың бас геологы, болашақ ҚазССР Ғылым академиясының президенті, академик Қаныш Сәтбаев сол кезде Қарсақбай заводының бас инженері болған А. П. Иванов т. б. білікті мамандардан дәріс алады.

1935 жылы Ө. А. Байқоңыров Қазақтың кен-металлургия институтына оқуға түседі. Студент кезінде-ақ ол институттың қоғамдық жұмысына белсене араласады. 1940 жылы институтты бітірісімен Жезқазғанға жолдама алады. Инженерлік ісін ауысым бастығынан бастаған жас маман Байқоңыров ірі кен басқармасының бастығы, Комбинаттың бас инжинері қызметіне дейін көтеріліп, 18 жылдан астам уақыт тікелей кен өндірісімен айналысады.

Өмірхан Аймағамбетұлы өңдірісте тек өз міндетін қалтқысыз орындаушы маман болып қалмай, өндірістің жаңашыл, өнертапқыш білікті инженері болып танылғанын ерекше айта кету керек.

1941 жылы соғыстың ауыр кезеңі еді. Ел өнеркәсібі мысқа тым зәру болатын. Сол себепті Ө. Байқоңыровтың тәжірибесінің жетімсіздігіне, жастығына қарамай Қазан төңкерісі қарсаңында ұңғылап өтіп, бітірмей тастап кеткен №13 шахтаны қалпына келтіру тапсырылады. Уақыт оқпан бекітпесін толық істен шығарып, шахта үсті ғимараттарын да жарамсыз күйге келтіргенді. Мұның бәрін қалпына келтіру керек еді. Бірақ жас маман бір жылға жеткізбей шахтаны толық қалпына келтірумен тынбай, соғыс кәсіпорнына қажет мыңдаған тонна мыс ағызған кен де бере бастап еді. Осы шахтада Ө. Байқоңыровтың басшылығымен ұңғылардың жаңа әдісі сынақтан өткізіледі.

Бұдан соң ол ұзақ уақыт сол кезде Жезқазғандағы ең ірі «31-32» шахта басқармасын және «31-32» - «Йетро» шахта басқармасы бірлестігін басқарады, Жезқазған кен-металлургия комбинатының бас инжинері міндетін атқарады.

Сол жылдары Ө. А. Байқоңыровта қазбаны шапшаң өту ісін ұйымдастыру тәрізді онсыз да қарбалас ісі көп кезеңнің жауапты шақтары жиі болыл тұратын. Мұны қазақтың классик жазушысы Ғабиден Мұстафиннің «Жезқазған» очерктер жинағындағы мына сөздерден: « . . . Өмірханның бірнеше шахталарды басқаратындығын, тәуліктің денін жерастында өткізетіндігін әңгіме барысында бірден аңғардым. Ол әр саладан хабары бар білімді адам екен. Әңгіме барысында оның өндіріс технологиясын жете білуімен коса бүгінгі қазақ әдебиетінен де мол мағлұматты екендігін де аңғардым . . . » - анық көруге болады.

Инженер Ө. А. Байқоңыровтың ізденісі нәтиже бере бастайды. Мәселен, жүргізген шараларының нәтижесінде «31-32» шахта басқармасы бір жылдан кейін кен қазудан жоспарды асыра орындап, КСРО Министрлер Кеңесінің ауыспалы Қызыл туын жеңіп алады.

Осы кезде Ө. А. Байқоңыров КСРО Мемтехника және кеніш мақүдцағап кенүңгірлік-діңгекті қазу жүйесінің тиімділігі жоғары нұсқасын ұсынады. Мұны өндіріске енгізгенде бұрғышылардың еңбек өнімділігін 1, 78 есе өсіруге, ал 1т кеннің өзіндік құнын төмендетуге мүмкіндік алады. Сол жылдары Ө. А. Байқоңыров өндірісте үлкен экономикалық тиімділігімен ерекшеленген 10-нан астам кен қазу жүйелерінің прогрессивті жаңа нұсқаларын сынау жұмысын ұйымдастырады (Ө. Байқоңыровтың 1952ж. №2 «Горный журналындағы» мақаласына қараңыз), бүгінгі тазартыс және даярлау, сондай-ақ шахта құрылысы жұмыстарын механикаландыруға негіз болған жабдықтардың бастапқы түрлерін өндіріске енгізеді. Осылайша Ө. А. Байқоңыров басқаратын осы шахта жұмыстары 1941-1945 жылдардағы Екінші дүниежүзілік соғыс кезінде ерекше маңыз алып еді. Металға бай кентіректерден кен алуды да бастаған (Ө. А. Байқоңыровтың 1948ж №5 «Горный журналындағы» және Г. Подконың 22 маусым 1947 жыл №122 «Казахстанская правда» газетіндегі мақалаларына қараңыз), жаңа кен учаскесін уақытылы даярлап іске қосу мақсатымен қазбаны шапшаң өтуді де ұйымдастырған (1948 жыл №7 «Механизация тяжелых и трудоемких работ» журналындағы Ө. А. Байкоңыров мақаласына қараңыз), КСРО Мемлекеттік комителнің авторлық куәлігін алған бұрғылау ісі озық отыратын жоғары өнімді жада кен қазу жүйесін ұсынып, өндіріске енгізген инженер - Ө. А. Байқоңыров болатын Аталмыш жүйе - кеншілердің еңбек өнімділігін арттыруға, кен өнімдерінің өзіндік құнын айтарлықтай кемітуге мүмкіндік береді. Кен тастарын тиеуге үш даңғыралы сырма қалдырғыларын өндіріске енгізу де, кейін өндірісте қолдау тауып кеткен өзі жүргі кен машиналарының алғашқы үлгісін №31 шахтада өткізілген сынағына да Ө. А. Байқоңыров басшылық еткен болатын.

«Өндірістің бүге-шегесіне дейін білетін, әрі ғылымға деген құштарлығы талабына лайық, әркімде бола бермейтін қабілет иесі Өмірхан Аймағамбетұлы Байқоңыров 1951 жылы өндірістен қол үзбей жүріп, кенші-ғалым академик А. С. Поповтың жетекшілігімен техника ғылымдарының кандидаты ғылыми дәрежесін табысты қорғап шығады. )

1952-1962 жылдары Қазақтың кен-металлургия институтының (қазіргі Қ. И. Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық университеті) директоры болып істейді. Академик Ө. А. Байқоңыровтың нағыз ұйымдастырушы талантының көрініс тапқан жері осы кезең десе болғандай. Ол институттың материалдық-техникалық базасын қайта құрып дамытуға, ғылыми-зерттеу жұмыстарын ұйымдастыруға және институт факультеттерін жаңа мамандықтармен кеңейтіп, дамытуға зор енбек сіңірді.

1959 жылы «Рудалы кендерді қазу» кафедрасы бойынша Қазақтың кен-металлургия және Москваның кен институттарының ұсынысымен Ө. А. Байқоңыровқа профессор ғылыми атағы берілді.

Осы ретте академик Қ И. Сәтбаев ұсыным-пікірінде былай деп атап өтті: «Ө. А. Байқоңыровты 25 жыддай білетін болғандықтан мен оған профессор ғылыми атағын беру туралы ҚазКМИ Ғылыми кеңесінің шешімін толық қолдаймын және Ө. А. Байқоңыровты бұл атаққа толық лайық деп білемін». Шынында да Ө. А. Байқоңыров ҚазКМИ институты директорлық қызметіне кіріскенше, 18 жыл бойы Жезқазған кен-металлургия комбинатында еңбек етіп, білікті инженер, өндіріс жаңашылы ретінде танылған-ды. Ө. А. Байқоңыров өндірісте жүргенде-ақ Қазақ ССР Ғылым Академиясы Кен ісі институтының Жезқазғанда жүргізген ғылыми-зерттеулеріне белсене қатынасқан-ды. Мәселен, 1946-1952 жылдары ол өз жұмысына қосымша, Жезқазған кеніштері жағдайында жаңа кен қазу жүйелерін жасау және оны сынақтан өткізуде ҚазССР Ғылым Академиясының эксперименттік жұмыстарын басқарып, бұл жұмысында да ғылыми талдау өрісін меңгерген, өндірістің өзекті мәселесін дер кезінде қойып, оларды дұрыс шешу жолдарын табуда өзіне талап қоя білетін маман, әрі іздемпаз зерттеушілік қабілетін танытады.

1962 жылы профессор Ө. А. Байқоңыров ҚазССР ҒА-ның толық мүшелігіне, сол жылы Академияның сессиясында Академик хатшылығына қоса сайланады. Бұл туралы КСРО академии Л. Д. Шевяков былай деп жазған-ды: «Ө. А. Байқоңыровтың ғылымдағы, өнеркәсіптегі және оның ұйымдастырушылық қызметіндегі сіңірген еңбегін ескере келіп бұл өте орынды жоғарылату деп санаймын». Академик Н. В. Мельников: «профессор Ө. А. Байқоңыров мұндай жоғары атаққа өте лайықты, оны жоғарылатуға толық негіз бар, - деп атай келіп - шын мәнінде де профессор Ө. А. Байқоңыров кен ісі ғылымын, әсіресе, бұрғы арттыру жұмыстары мен рудалы кенді қазу жуйелерін дамытуға үлкен үлес қосты. Жиырма жылдан бері профессор Ө. А. Байқоңыровтың жариялаған теориялық қағидалары оны кен ісі саласындағы ерен ғалым қатарында танытты», - деп баға берді.

Ө. А. Байқоңыров тау-кен факультетінің жетекші кафедраларының бірі - «Кен қазу технологиясы және кешенді механикаландыру» кафедрасын басқарды. Қысқа мерзімде Ө. А. Байқоңыров аталмыш кафедра жанынан -жерасты кен қазу жүйесі, кен қазу процестерін модельдеу, кен жұмыстарын механикаландыру, кеніштегі сейсмикалық құбылыстарды басқару тәрізді зертханалар кешенін ұйымдастырды. Осы зертханаларда аспиранттар, инженерлер және оқытушылар күрделі теориялық мәселелерді шешетін болды.

1969 жылы академик Ө. А. Банқоңыровтың докторлық диссертациясы ретінде берілген «Жерасты кен орнын қазуды жіктеу және казу әдіс - ерін талдау» монографиясы жарияланды.

Ө. А. Байқоңыров республиканың қоғамдық өміріне өзіндік үлес қосқан азамат. Ол 1951-1954 жылдары Қазақ ССР Жоғарғы Кеңесінің және Алматы қалалық Кеңесінің депутаты болып сайланды, Қазақ ССР ҒА Президумының және республиканың Жоғары және орта арнаулы Білім министрлігінің Коллегия мүшесі, Қазақ ССР «Білім» қоғамының Президум мүшесі, Қазақ ССР ҒА-ның Әлем және Жер жайлы республикалық ғылыми-техникалық қоғамы Президумының мүшесі, Қазақ ССР АО БМ-нің ғылыми-әдістемелік кеңесі кен секциясының төрағасы, Қазақ Совет энциклопедиясының бас редакция мүшесі, КСРО мен Одақ республикаларының жер қойнауы туралы негізгі Заң жобаларын даярлау комиссиясының мүшесі, В. И. Ленин атындағы Қазақ политехникалық институты мен Қазақ ССР ҒА-ның Кен ісі институты ғылыми Кеңестерінің мүшесі, т. б.

Академик Ө. А. Байқоныровтың сіңірген еңбектері үкімет кітапаттарымен аталып өтті. Атап айтқанда ол Ленин орденімен (1961ж), «1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысындағы ерлік еңбегі үшін», «Ерлік еңбегі үшін В. И. Лениннің туғанына 100 жыл толу құрмстіне», «ҚазССР-нің 50 жылдығы» медальдары және ҚазССР Жоғары Кеңесінің грамоталарымен, бірінші дәрежелі «Шахтер даңқы», «КСРО Наркомцветінің социалистік жарыс озаты» белгілерімен марапатталды. Халық шаруашылығында қол жеткізген жетістіктері үшін 1970 жылы ҚазССР халық шаруашылығы жетістіктері көрмесінің (ХШЖК) бірінші дәрежелі дипломы және алтын медалімен марапатталды.

1971 жылдың қарашасында оған Қазақ ССР - ның жоғары мектебіне еңбек сіңірген қызметкер құрметті атағы берілді.

Өмірхан Аймағамбетұлы өз ұлтының болашағы үшін жан аянбай қызмет еткен, сол үшін халқының сүйікті ұлы атанған азамат. Бұл туралы ақын К. Салықов былай деп жырға қосады:

Асыл аға,

Астананың төрінде,

Бара жатыр,

Ғылымның тың өрінде.

Жезқазғанның забойында жүргендей,

Жылылық көп

Күлімдеген өңінде.

Бір қиындық,

Бір куаныш өмірде,

Дақ салмастан көңілге

Жайраң қағып қуанышпен келеді

Сол бірбеткей Ақ ниетті жөнінде.

Академик Ө. А. Байқоңыровтың ғылыми жолы

Академик Ө. А. Байқоңыровтың негізгі ғылыми еңбектері қатты пайдалы қазбаларын жерасты қазу проблемасына, кен қазу тәсілдерінің бірыңғай жіктеуішін жасау мен оны тандау әдіснамасына тау жыныстарының физико-механикалық қасиеттері мен тау қысымын зерделеуге, кен қазудың технологиясы мен кешенді механикаландыру да, дамытуға жерасты жағдайында толассыз ағынды технологияны қолдану мәселелеріне арналған. Болашақ академиктің ғылыми жолы Жезқазғанда - өндірістс жүрген кезінде-ақ басталған еді. Ол өндірістен қол үзбей жүріп 1951 жылы кандидаттық диссертация қорғайды.

1954 жылы шахта басқарып жүрген кезде жазылған «Жезқазғанның көлбеу жатқан калың кен шоғырларын қазу үшін озық терең бұрғылау мен құрастырылған табан-төбекертпешті алумен қазудың камералы діңгекті қазу жүйесі» - деп аталатын еңбегі өндіріс басшысымың ғылыми қабілетін анықтап берді. Бұл Ө. А. Байқоңыровтың көзімен талдау және өндірістік мол тәжірибесі негізінде ұсынылған ашық забой жүйесінін жаңа нұсқасы болатын.

Аталмыш кен қазу жүйесінің нұсқасы 1940-1950 жылдары Жезқазғанның №31 шахтасында эксперименттік сынаудан өткізілді. Сөйтіп, бұл кен казу жүйесі КСРО Мемтехника байқауынан өтіп, №1697 авторлық куәлік алады және Жезқазған мыс комбинаты Басқармасы мен Қазақ ССР ҒА-сының Кен ісі институты ұсынысымен жоғары өнімді жерасты кен казу жүйесін іздестіру және оны өндіріске енгізу тақырыбы бойынша Одақтық конкурсқа жіберіледі.

Академик Ө. А. Байқоңыров ұстанған ғылым жолының атап өтер ерекшелігі - үнемі жаңалық іздеу, соны идеяны іске асыруға ұмтылыс және шешетін проблемаларды теориялық тереңнен қарастыру. Ол 300-ден астам ғылыми еңбектер мен өнертапқыш ұсыныстардың авторы болып табылады. Өне бойы ізденісте жүретін ол, кен қазуды механикаландыру және технологиясы бойынша әрқашан жас зерттеушілерді қолдайды және прогрессивті бағытқа бастаушы ұстаз болып қалады.

1969 жылы Ө. А. Байқоңыровтың «Жерасты кен орнын қазуды жіктеу және қазу өдістерін тандау» монографиясы жарық көрді. Бұл автордың көп жылдық шығармашылық ізденісі және аса мол өндірістік тәжірибесі нәтижесінде туындаған іргелі еңбек еді.

КСРО ҒА-нъщ академии М. И. Агошков пен Казақ ССР ҒА-ның академигі А. С. Поповтың КСРО Жоғары және АО БМ-нің Жоғары Аттестациялық Комиссиясына осы монографиясы үшін Ө. А. Байқоңыровқа техника ғылымдарының докторы ғылыми дәрежесін беруге ұсыныс жасауының негізінде оның тау-кен ғылымындағы дүниежүзілік жаңалығынан болатын. Бұл ретте академик М. И. Агошков: «Профессор Ө. А. Байқоңыровтың монографиясы жерасты кен қазу әдісін одан әрі жетілдіруге бағытталған терең теориялық зерттеу және кен ісі ғылымына қосылған күмәнсіз елеулі үлес» - деп жазды. Ал, ҚР ҒА-ның толық мүшесі, ғылым мен техникаға еңбек сіңірген қайраткер, академик А. С. Попов өзінің ұсыным-пікірінде:

«Зерттелетін мәселелер кешенінің күрделілігіне қарамай, авторларды логикалық сәйкестілікпен көрсете білген, сол арқылы жұмыстың практикалық және ғылыми құндылығын айқындауға мүмкіндік алған. Тұжырымдай келгенде, академик Ө. А. Байқоңыровтың бұл енбегі қатты кендерді жерастында қазудағы ұғымамызды бір ізге келтіретін біртұтас монография екендігінде күмән жоқ», - деп жазды.

Академик Ө. А. Байқоңыров өзінің көптеген ғылыми зерттеулерінде кен өндірісінде толассыз ағыны технология әдісін енгізу мәселссіне көңіл аударған. Жезқазған кеніштері жағдайында кенді үзіліссіз тиеу және тасымадцауды қамтамасыз ететін, жарылыс жұмыстарының тиімділігін арттыруға мүмкіндік беретін кен қазудың толассыз ағынды технологиялық жүйесін ұсынған-ды. Ө. А. Байқоңыров өзінің А. А. Зарубинскиймен бірігіп жазған «Қатты жыныстар мен кеннің пластинкалы конвейері» атты монографиясында жемірлі ірікесекті кен тастарын тасмалдауға арналған арнайы пластинкалы иілгіш конвейер ұсынған-ды. Кітапта осындай үлгідегі конвейердің құрылымы, есептеу әдістемесі, эксперименттік сынақ нәтижесі және кен жұмысындағы толассыз ағынды технологияның ерекшелігі берілген. Осы үлгілі конвейерлер Жезқазған қеніші жағдайыңда сыналып, циклды толассыз ағынды технологияның перспективасын анықтады.

1967-1968 жылдары В. И. Ленин атындағы Қазақ политехникалық институтында профессор Ө. А. Байқоңыров пен В. А. Мельниковтың «Тау-кен геофизикасының негіздер» - монографиясы шын мәнінде осы саладағы алғашқы еңбек. Ал, академик Ө. А. Байқоңыровтың «Толтырмалы жерасты кен қазу» монографиясында шетел және отандық кеніштердің тәжірибесін қорыта келіп, қатайма қоспаларды даярлау, өңдіру, және толтырымдық массивтің мықтылығын бақылаудың теориялық негіздері баяндалған. Онда Қазақстанның ірі түсті металл және көмір өнеркәсібінде толтырмалы кен қазу жүйесін қолдану мүмкіншілігі қарастырылған. Бүгінгі таңда бағалы кен қазу ісінде толтырмалы қазу жүйесі кеңінен қолданылып келеді. Соның нәтижесіңде жер қойнауынан алынатын кеннің түсімі өсті, ал кен өнімін кұнарсыздану көрсеткіші күрт төмендеді. Сондықтан да «Толтырмалы жер асты кен қазу» монографиясы теориялық және практикалық маңызы жағынан кен ісіне қосылған сүбелі үлес болып табылады. Ал, ғылымның «Жерасты кен қазу шама шарттарын физико-техникалық бақылау әдістері» атты еңбегінде жерасты кен қазудың технологиялық процестерін бақылауды жаңаша құрудың принципі берілгенді.

Қазақ ССР ҒА-ның Кен істі институтында Ө. А. Байқоңыровтың басшылығымен технологиялық процестердің қауіпсіз және тимді шама шарттарын дұрыс таңдап алу үшін, кен жұмыстары кезінде массивте пайда болатын физикалық өріс, статикалық және динамикалық кернеу өрістерін зерттеу арқылы массив қасиеттерін зерделейтін тау кендік геофизика динамикалық фотосерпімділік зертханалары құрылды.

Академик Ө. А. Байқоңыровтың 12 монографиясы («Недра» Москва, «Ғылым» (Алматы, Москва) баспаларынан), 300-ден аса ғылыми мақала мен кітапшалары жарық көрді. Ол 70-астам өнертабыстың иесі.

Академик Ө. А. Байқоңыровты кен ісі ғылымы саласында дүниежүзілік маңызы бар жаңалық ашқан ірі тұлға - ұлы ғалым. Ол өзінің мол тәжірибесін жастарға жалықпай бере білген, аспиранттар мен ізденушілердің үлкен тобына жетекшілік еткен ұлағатты ұстаз.

Ө. А. Байқоныров Қазақстанда өзінің ғылыми мектебін құрды, даярланған 60-тан астам ғылым кандидаттары мен докторлар сол мектептің түлектері.

Профессор Ө. А. Байқоңыровтың ұстаздық жолы

1952 жылдан 1962 жылға дейін Ө. А. Байқоңыров қазақ политехникалық институтының ректоры болды. Бұл кезеңде ректорға профессор-оқытушылар арасында ғана емес, аспиранттар мен студенттермен де педагогикалық және ғылыми-зерттеу жұмыстарын реттеу және дамыту жолында жоғары оку орнының беделін арттыратын үлкен іс атқаруға тура келді.

Ө. А. Байқоңыров институт құрылысын жөңдеу, оның зертханаларын жаңа жабдықтармен, аппаратуралармен жасақтап, дамыту, жаңа факультеттер мен кафедраларды құру, факультеттерде мамандандыруды дамыту, ғылыми педагогикалық кадрларды дайындауды анағұрлым жақсартқан институттың кандидаттық диссертация қорғау жөніндегі кеңестің ұйымдастыру тәрізді қомақты жұмыстар жүргізді. Соның бірі Ө. А. Байқоңыровтың тікелей басшылығьшен құрылған кен технологиясының зертханасы мен кен қазу технологиясының кабинеті болды.

1964 жылдан бастап «Кен казу технологиясы және кешенді механикаландыру» кафедрасын басқара жүріп, Ө. А. Байқоңыров жерасты кен қазудың арнайы курсынан дәріс оқыды, студенттердің курстық және дипломдық жобаларына жетекшілік етті. Оның кафедраға келуімен оқытушылар құрамы нығайды, әдістемелік даярлық алға басып, жүргізілетін сабақ сапасы артты.

Кен-металлургия өндірісін сапалық жаңа деңгейге көтеру қажеттілігі күн тәртібіне қойылды. Әрине мұндай жағдайда бірінші кезекте алдымен даярланатын инженер кадрларының сапасына қойылар талаптың артатындығы белгілі. Өмірдің өзі қойып отырған осындай талаптар кен-металлургия өндірісі технологиясының әрбір бұрандасына дейін жетік білетін, әрі экономикалық проблемаға сай минералдық шикізат қорын дамыту стратегиясын білетін Ө. А. Байқоңыров басшылық ететін ҚазКМИ тәрізді республикадағы бірден бір техникалық жоғары оқу орнына қойылды. Бұл істе абыроймен орыңдалды.

Сол кездегі Ө. А. Байқоңыров басшылығымен өз шешімін тапқан өзекті мәселелерді былайша топтауға болар еді:

- Өткен XX ғасырдың ортасына дейін ауыл мектебін бітірген жастарға өз республикасындағы бірден бір техникалық жоғары оқу орнына түсуге мүмкіндік болмай келген-ді. Мұның басты себебі: оларға өздері білім алған - түсінікті тілде, яғни қазақ тілінде қабылдау емтиханың тапсыруға мүмкіндік жасалмады, олар орыс тілінде шығарма жазуға мәжбүр болды. Сөйтіп, талантты талай қазақ жастарының алдында ҚазКМИ-дың есігі жабылып еді: Ө. А. Байқоңыровтың ректор болып келуінен бастап мұндай қайшылық өз шешімін таба бастады. Атап айтқанда, қазақ мектебін бітірген талапкерлерге қабылдау емтиханын өз ана тілінде тапсыруға мүмкіндік туғызыдды, ал кейін олар студент қатарына қабылданғанда орыс тілін оқыту мәселесі ұйымдастырылған болатын. Осылайша, Ө. А. Байқоңыров қазақтың ұл-қыздарының техникалық жоғары білім алуына жол ашқан еді.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Академик Ө.А.Байқоңыров
Ө.А.Байқоныровтың өмір жолы
БАЙҚОҢЫРОВ Өмірхан Аймағамбетұлы
ҚазҰТУ - мақтаныштары
Ақбақай кенорнының геологилық сипаттамасы
Халықаралық қатынасқа іскерлік мәдениет
Қазақ елінің тарихы
ҒАЛЫМНЫҢ ҒЫЛЫМИ МҰРАСЫ
Қазақ әдебиеті және Зәки Ахметов
Қ.И.Сатпаевтың жер қойнауын зерттеуі мен Қазақстан Өндірісінің дамуына қосқан үлесі
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz