Коммерциялық банк қызметіндегі аудиттің рөлі



Н.Ә.Назарбаев: “Біз экономикамыз бен мемлекеттігіміздің берік іргетасын қаладық. Қазақстанның алдағы дамуы, кемел келешегі экономикалық әлеуметтік, саяси және әкімшілік тұрғыда жан-жақты сараланып, түбегейлі жаңа кезеңге батыл қадам бастық”.
Қазақстан Республикасының Елбасының осы сөздерінде айтылғандай тәуелсіздік алғаннан бергі он жеті жыл ішінде елімізде талай өзгерістер болды. Біздің экономикамыз әлеуметтік бағыттағы демократиялық,азаматтық қоғамның экономикасы болуға бет алды. Біз тәуелсіздіктің екі жағы бар екенін білеміз. Бір жағы – саяси тәуелсіздік болса, екінші жағы – экономикалық тәуелсіздік. Ғылыми тұрғыдан алғанда экономикалық тәуелсіздік саяси тәуелсіздіктің негізі болып табылады.Экономикалық тәуелсіздігі жоқ елдің тәуелсіз ел болуы екі талай. Тұрақты да күшті экономика болмайынша саяси даму ауыр да баяу жүріп, елді тұрақсыздандыруға соқтыруы мүмкін екені белгілі болды. Алдымен экономика содан кейін саясат деген қағида өзін толық ақтап шықты. Елімізде орнаған саяси тұрақтылық сыртқы инвесторлар үшін экономиканың тартымдылығын қамтамасыз етті. Экономикамыз бен мемлекеттігіміздің берік іргетасы қаланды. Біздің елде мүлдем жаңа экономикалық жүйенің іргетасы қаланды. Ішкі тұрақтылыққа дамудың әлеуметтік іргесінің беріктігіне қол жеткізіп, өңірдегі ең еңселі экономика сомдалды . Елбасының “Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан” атты Қазақстан халқына жолдауында еліміздің әлемдегі бәсекеге қабілетті елу елдің санатына қарай жасайтын қарышты қадамдары туралы айтылған еді. Елбасы үкіметке экономиканың өсуі мен қаржылық мүмкіндіктерге сүйене отырып, халықтың әл- ауқатын жақсарту жөніндегі жұмысты жалғастыра беруді тапсырды.
Елбасының Қазақстан халқына “Қазақстан-2030” барлық қазақстандықтардың өсіп-өркендеуі, қауіпсіздігі және әл-ауқатының артуы жолдауында XX ғасырдың 90-шы жылдары республика экономикасында орын алған дағдарыстың себептері ашылып, оны жеңудің жолдары айтылған.
Қазақстан Республикасында нарықтық қатынастың дамуы шаруашылық әдістерін және формаларын қайта өзгертудің объективті қажеттілігін тудырады. Нарық жағдайына бейімделудің қиындығына қарамастан , елде ғылыми-техникалық саясат, маңызды теориялық және іс-тәжірибелік білім саласына айналатын нақты ғылыми әзірлемелерді әлеуметтік-экономикалық қызметтің жаңа әрі озық нарықтық бағытын түбегейлі және қолданбалы зерттеу белсенділікпен жүргізілуде. Елдің микроэкономикасын басқару құралына аса қажетті түрлі бизнес салаларындағы коммерциялық банк қызметін талдау, аудит және басқару есебі сияқты арнайы ғылымдарға айрықша маңыз беріліп отыр.
Сонымен бірге ақпаратты жасаушылар мен пайдаланушылар арасындағы мүдделердің сәйкессіздігі, меншік түрлері және нарық жағдайында пайда болатын басқа міндеттемелер бойынша бақылау объектілерін шектеу белгілі бір бизнес саласындағы қалыптасқан жағдайға тиянақты аудит жүргізуді талап етеді.
1.Назарбаев Н.Ә. Қазақстан -2030.Барлық қазақстандықтардың өсіп-өркендеуі, қауіпсіздігі және әл-ауқатының артуы. Ел Президентінің Қазақстан халқына жолдауы.// “Егемен Қазақстан”.1997жыл 11-қазан.
2.Абленов Д.О. Аудит негіздері: Оқулық.-Алматы: Экономика, 2005.- 400 бет;
3.Сейітқасымов Г.С. Банковское дело- Алматы: Қаржы-қаражат, 1998.-576 с.;
4.Абленов Д.О. Анализ концепций формирования финансовой отчетности/В кн.: Экономика Казахстана на пороге XXI века / Под ред. Д.э.н., проф. Н.К. Мамырова .-Алматы: Экономика, 1998.-825с.
5.Абленов Д.О. Финансовый анализ: Учебно-методический комплекс для студентов экономических вузов.- Алматы: Экономика , 1999.-24с.
6.Абленов Д.О. Управленческий анализ: Типовая программа для студентов экономических специальностей вузов.-Алматы: ВШБД, 2002-33 с.
7.Абленов Д.О. Экономический анализ: Учебно-методический комплекс для студентов экономических специальностей вузов.-Алматы: ВШБД,2002.-24 с.
8.Ажибаева З.Н. Аудит .-Алматы: Экономика, 2004.527с.
9.Ержанов М.С. , Даулетбеков Г.Б. и др. Аудит-1: Учебник.-Алматы: Бастау,2005.282с.
10.Ержанов М.С. Теория и практика аудита .-Алматы: Ғылым , 1994-151c.
11.Балапанова А.Ж. Развитие аудиторской деятельности Казахстана в условиях рыночной экономики. Вестник КазНУ:А-2001-№6(28)с.119-125.
12.Балапанова А.Ж. Аудиторлық тәуекел оның компоненттері және мәні. Хабаршы-А, 2003-№5(39) с.51-55.
13.Банки Казахстана №1-2007
14.Банки Казахстана №2 -2007
15.Банки Казахстана №7-2008

Пән: Банк ісі
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 46 бет
Таңдаулыға:   
Кіріспе
Н.Ә.Назарбаев: “Біз экономикамыз бен мемлекеттігіміздің берік
іргетасын қаладық. Қазақстанның алдағы дамуы, кемел келешегі экономикалық
әлеуметтік, саяси және әкімшілік тұрғыда жан-жақты сараланып, түбегейлі
жаңа кезеңге батыл қадам бастық”.
Қазақстан Республикасының Елбасының осы сөздерінде айтылғандай
тәуелсіздік алғаннан бергі он жеті жыл ішінде елімізде талай өзгерістер
болды. Біздің экономикамыз әлеуметтік бағыттағы демократиялық,азаматтық
қоғамның экономикасы болуға бет алды. Біз тәуелсіздіктің екі жағы бар
екенін білеміз. Бір жағы – саяси тәуелсіздік болса, екінші жағы –
экономикалық тәуелсіздік. Ғылыми тұрғыдан алғанда экономикалық тәуелсіздік
саяси тәуелсіздіктің негізі болып табылады.Экономикалық тәуелсіздігі жоқ
елдің тәуелсіз ел болуы екі талай. Тұрақты да күшті экономика болмайынша
саяси даму ауыр да баяу жүріп, елді тұрақсыздандыруға соқтыруы мүмкін екені
белгілі болды. Алдымен экономика содан кейін саясат деген қағида өзін толық
ақтап шықты. Елімізде орнаған саяси тұрақтылық сыртқы инвесторлар үшін
экономиканың тартымдылығын қамтамасыз етті. Экономикамыз бен
мемлекеттігіміздің берік іргетасы қаланды. Біздің елде мүлдем жаңа
экономикалық жүйенің іргетасы қаланды. Ішкі тұрақтылыққа дамудың әлеуметтік
іргесінің беріктігіне қол жеткізіп, өңірдегі ең еңселі экономика сомдалды .
Елбасының “Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан” атты Қазақстан халқына жолдауында
еліміздің әлемдегі бәсекеге қабілетті елу елдің санатына қарай жасайтын
қарышты қадамдары туралы айтылған еді. Елбасы үкіметке экономиканың өсуі
мен қаржылық мүмкіндіктерге сүйене отырып, халықтың әл- ауқатын жақсарту
жөніндегі жұмысты жалғастыра беруді тапсырды.
Елбасының Қазақстан халқына “Қазақстан-2030” барлық
қазақстандықтардың өсіп-өркендеуі, қауіпсіздігі және әл-ауқатының артуы
жолдауында XX ғасырдың 90-шы жылдары республика экономикасында орын алған
дағдарыстың себептері ашылып, оны жеңудің жолдары айтылған.
Қазақстан Республикасында нарықтық қатынастың дамуы шаруашылық
әдістерін және формаларын қайта өзгертудің объективті қажеттілігін
тудырады. Нарық жағдайына бейімделудің қиындығына қарамастан , елде ғылыми-
техникалық саясат, маңызды теориялық және іс-тәжірибелік білім саласына
айналатын нақты ғылыми әзірлемелерді әлеуметтік-экономикалық қызметтің жаңа
әрі озық нарықтық бағытын түбегейлі және қолданбалы зерттеу белсенділікпен
жүргізілуде. Елдің микроэкономикасын басқару құралына аса қажетті түрлі
бизнес салаларындағы коммерциялық банк қызметін талдау, аудит және
басқару есебі сияқты арнайы ғылымдарға айрықша маңыз беріліп отыр.
Сонымен бірге ақпаратты жасаушылар мен пайдаланушылар арасындағы
мүдделердің сәйкессіздігі, меншік түрлері және нарық жағдайында пайда
болатын басқа міндеттемелер бойынша бақылау объектілерін шектеу белгілі бір
бизнес саласындағы қалыптасқан жағдайға тиянақты аудит жүргізуді талап
етеді.
Қазақстан Республикасында индустриясы дамыған елдердің озық
тәжірибесіне сәйкес бизнестің жаңаша кешенді тәуелсіз кәсіби аудиті жүзеге
асырылуда. Бизнестің кәсіби аудит мәселесін зерттеудің көкейкестілігі
мүмкіндігінше аз шығынмен аса жоғары экономикалық тиімділікке қол жеткізуді
оңтайлы ұйымдастыруға ұмтылатын барлық қатысушылардың мүддесінен білінеді.
Аудит жоспарлау , талдау,үйлестіру, есеп, ұйымдастыру, бақылау және реттеу
сияқты басқару қызметтерімен тығыз байланысты. Егер есептің көмегімен
ақпарат аөздері қалыптасатын болса, онда оның кешенді аудиті коммерциялық
банктердің экономикалық үрдістерін жоспарлау, ұйымдастыру және реттеу
барысында жіберілген кемшіліктер мен қателіктерді анықтауға және оны
қайтадан болдырмауға мүмкіндік береді.
Қазақстан Республикасының бүкіл халық шаруашылығының нарықтық
экономикаға өтуі, кәсіпкерліктің жедел дамуы, ұйымдардың жаңа ұйымдастыру-
құқықтық нысандары мен меншіктің сан қырлы нысандарының пайда болуы
экономикалық бақылау жүйелері механизмдеріне түбегейлі әсер етті. Бақылау-
тексерушу қызметтер құрылымдары менбақылау түрлерінде түбегейлі өзгерістер
болды.Қазақстандағы экономикалық бақылау нарықтық экономиканың маңызды
элементтерінің біріне айналып отыр.Басқарудың барлық жүйесі мен
деңгейлерін қажетті ақпараттармен қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін жаңа
бақылаушы мемлекеттік және мемлекеттік емес органдар пайда болды және
әрекет етуде. Қазіргі нарық жағдайындағы экономикалық бақылаудың
перспективті және тиімді түрлерінің бірі тәуелсіз бақылау болып отыр.Соңғы
жылдары елімізде тәуелсіз аудиторлық бақылау жүйесін құру, аудитор
кадрларын дайындау және олардың қызметін лицензиялау, қабылданған жекелеген
заң актілерінде сай аудиторлардың кәсіби міндеттерін , құқықтары мен
жауапкершілітерін реттеу жөнінде көптеген жұмыстар жүргізілді.
Аудиттің ақпараттық негізі бухгалтерлік есеп болып табылатындықтан
ұйымдарды тексеретін аудиторлар бухгалтерлік есептеме нақтылығымен олардың
аудиторлық дәлелдерін және өндірісті жетілдіру мақсатындағы шығындарды,
қаржыларды жетілдіру жөніндегі ұсыныстарды, жобаларды бизнес жоспарлармен
жоспарларды жасау үшін дәйекті ақпараттар алу және қызмет процесін
басқарудың тиімділігін арттыру мақсатында басқа іс-шараларды іске асыру
үшін тексерудің арнаулы әдістері мен тәсілдерін қолдана білу керек.
Коммерциялық банк қызметіндегі аудиттің ұйымдастырылуы, жүргізілу
тәртібі және оны нарықтық экономиканың даму барысындағы өзгерістерге
бейімделуін толығымен танысып және зерттеу мақсатында курстық жұмыстың
тақырыбы “Коммерциялық банк қызметіндегі аудиттің рөлі” деп таңдап алынды.
Курстық жұмыстың өзектілігі- Қазақстан Республикасының әлемдік
қауымдастыққа интеграциялануына және жаһандану үрдісіне қатысуына
байланысты аудиттің халықаралық стандарттарына сәйкес келіп, өзінің ұлттық
стандарттарын сауатты және бәсекеге қабілетті етіп ұйымдастыруы. Жұмыс екі
бөлімнен тұрады: Бірінші бөлім-кіріспе деп аталады. Кіріспеде жалпы
коммерциялық банктердегі аудиттің жүргізілуі, дамуы үшін жасалынып жатқан
шаралар, соның ішінде Елбасының бағдарламалары жөнінде жазылған. Екінші
бөлім – бәсекеге қабілетті елге - бәсекеге қабілетті ұйымдастырылған аудит,
соның ішінде ішкі және сыртқы аудиттің маңыздылығы және олардың бір-бірінен
айырмашылығы қарастырылған. Қорытынды бөлімде жалпы коммерциялық банк
қызметіндегі аудиттің рөлі, оны дұрыс ұйымдастырмау немесе сауатты
орындамау салдарынан орын алатын тәуекелдер, нарықтық экономиканың дамуымен
сәйкесінше елдегі аудиттің даму үрдістеріне, өзгерістеріне баға беру.
Еліміздің аудит стандарттарының халықаралық аудит стандарттарына сәйкес
келіп , өзіндік ұлттық аудит жүргізу үрдісін қалыптастыру бағыттарын
зерделеу.
Курстық жұмыстың мақсаты: Банктің әлемде бәсекеге қабілетті болуы
үшін сенімділігін қамтамасыз етуде аудиттің ролін анықтау және оның жоғары
деңгейде жүргізілуінің аса маңызды екеніне көз жеткізу. Жұмысты жазу
барысында экономикалық әдебиеттерді, журналдарды, газеттерді, ғылыми
еңбектерді пайдаланып , банк қызметіндегі аудиттің орындалу үрдістерімен
толық танысу мүмкіндіктері болды . Жұмысты жазу барысында қойылған
міндеттер:
-Бәсекеге қабілетті ұйымдастырылған аудитті анықтау;
-Коммерциялық банк аудитінің мақсаттары мен міндеттерін талдау;
-Банктік бақылау элементі болып табылатын сыртқы аудиттің мәнін ашу;
-Ішкі аудиттің банкті басқару сапасын дамытудағы басты қажеттілік
екеніне көз жеткізу;
-Коммерциялық банк қызметіндегі аудитті талдау.

1.Бәсекеге қабілетті елге –бәсекеге қабілетті ұйымдастырылған аудит.

Аудит термині осыдан екі мың жыл бұрын “audio” деген латын сөзінен
шыққан,аудармадағы мағынасы “ол естиді” немесе “естуші” дегенді білдіреді.
Рухани оқу орындарында озат оқушыны аудитор (тыңдаушы) деп атаған.Оған
оқытушы басқа оқытушылардың сабақта өткен материалды қалай меңгергенін,
тапсырманы қалай орындағанын, яғни оқу үлгерімдерін тексеріп отыруды сеніп
тапсыратын болған.Еуропаның көптеген елдерінде мемлекеттік басқару мен
шаруашылық қызмет салаларында лауазымды тұлғалардың ауызша есеп беруін
тыңдаушы қызметкерді аудитор деп атаған.Есеп берудің бастапқы ауызша түрі
көптеген адамдардың сауатсыз болуына байланысты қолданылған, сөйтсе де орта
ғасырдағы адамдар есеп берудің ауызша түрі жазбашадан да жақсы болады деп
есептеген. Олардың ойынша кез келген құжатты қолдан оңай түзей салуға
болады, ал бақылаушы – аудитордың көзіне тура,тік қарап тұрып өтірік айту
мүмкін емеснемесе өте қиындеп санаған. Арнайы әдебиеттерде аудиттің пайда
болу кезеңі өзгеше әрі қарама-қайшылыққа толы. Бір авторлардың айтуынша,
есеп берудегі мәліметтердің дұрыс көрініс табуын жасау және бақылау біздің
дәуірімізге дейінгі Ivмыңжылдығынан басталады. Сонымен бірге , Ніл,Тигр
және Ефрат өзендерінің жазықтарындағы Таяу Шығыстағы ежелгі өркениетте
жоғары дәрежеде ұйымдастырылған мемлекет құрылып , шаруашылық қызмет
жүргізілді, үкімет өнім,мүлік , салық жинау,орындалған жұмыс, қазынаны
толтыру және кіріс пен шығыс есептерімен айналысты. Бақылаудың әр түрі
жүзеге асырылды ,оның ішінде аудит те бар. Мұндағы мақсат – қателіктерді
азайту және басқарушы тарапынан алдау әрекеттеріне жол бермеу. Ревизиялық
қызмет Вавилон, Мысыр, Рим, Қытай және Греция сияқты антикалық елдерде де
болған.Осы тарихи мәліметтермен таныса отырып аудиттің пайда болуы көне
заманнан келе жатқанына және тамырын тереңнен тартатындығына көз
жеткіземіз.
Еліміздің бәсекеге қабілетті елу елдің қатарына қосылу міндеті
қойылған болатын. Мемлекеттің дамуы үшін оның барлық секторлары бірдей
дамуы керек.Экономикасы дамыған ел ірі мәселелерді шешіп, технологиялық
және қаржылық жағдайларға тез бейімделіп, сондай-ақ ғаламдық трендтерді екі
қадам бұрын сезіне отырып, қалыптасқан жағдайларды тиімді түрде пайдалана
алады.Қазақстан Республикасының экономикасы әлемдік экономиканың бір
бөлігіне айналып , жаһандық бәсекелестік арнасына енбей қоймайтындығына
анық көз жеткіздік.Дамыған елдермен тереземіз тең болып, халықаралық
деңгейдегі әртүрлі қарым-қатынас жасау,келісім шарттар жүргізу
экономикамыздың алға қарай жасап жатқан қадамдары,даму жолындағы
жетістіктері деп айтсақ артық болмас. Дүние жүзінің елдерімен әріптестік
құру біздің елге, ел экономикасына үлкен сенімнің болуына байланысты.
Экономиканың бәсекеге қабілетті дамуына зор үлестерін қосатын коммерциялық
банктердің қызметіндегі аудиттің ролі ерекше. Еліміз бәсекеге қабілетті
болу үшін коммерциялық банк қызметі бәсекеге қабілетті болу керек.
Коммерциялық банктердің бәсекеге қабілетті болуы – тиімді аудиторлық
жүйені құруға , ішкі және сыртқы аудиттің дұрыс ұйымдастырылуына, сауатты
жүргізілуіне байланысты. Экономикалық бақылау нарықтық экономиканың маңызды
бөлігі болғандықтан коммерциялық банктердегі аудит- дамудың
алғышарттарының бірі. Қазіргі уақытта нарықтық қатынас жүйесінде
коммерциялық банктердегі аудит жұмысы тез дамуда. Аудиттің тиімді
қолданылу және сауатты жүргізілу үшін бірнеше аудиторлық қызмет туралы
заңдар мен заңнамалық актілер қабылданған болатын. Осы заңдардың қабылдануы
және іске асырылу аудитке деген қажеттілікті көрсетеді. Барлық ұйымдар,
мекемелер, коммерциялық банктер қызметіндегі аудиттің сауатты жүргізілуі
осы заңдардың орындалуына байланысты.Егер коммерциялық банк қызметіндегі
аудит оларға қойылатын талаптарға сай жүргізілсе және сәйкесінше қағидалары
орындалса, аудиттің дұрыс жүргізілуі тәжірибе негізінде дәлелденсе банктің
қызметі қарқынды түрде дамиды. Банк қызметіндегі аудитті жүргізу қағидалары
ретіндегі тәуелсіздік, объективтілік, кәсіби біліктілік, құпиялылықтың
толық орындалуы қажет. Коммерциялық банктердің бәсекеге қабілетті болуы,
соның ішінде аудиттің бәсекеге қабілетті болуы үшін маманның , яғни бақылау
қызметін жүргізуші аудитордың бәсекеге қабілетті болуы қажет. Бәсекеге
қабілетті маман болу- қазіргі заманда мол ақпаратқа ие болып, тиімді
пайдаланып өзінің жұмысына адал қызмет ету. Жіберілген бір қателіктің өзі
банктің қызметіне зор нұқсан тигізіп, банк жұмысына кері әсер
қалыптастырады.Ал бұл қателік ел экономикасының дамуына зиянын тигізері
сөзсіз.Өйткені коммерциялық банктердің сапалы қызметі қаржылық сектордың
дамуының , ал ол өз кезегінде экономиканың дамуының нәтижесі. Сол үшін
әрбір тұлға, осы банк қызметіндегі аудитті жүргізуші мамандар, өздерінің
жұмыстарына жауапкершілікпен қарап , бақылау мен тексеруді жүргізу
барысында сауаттылық танытып, өз ісінің білгір және білікті маман болу
қажет.Сондықтан әрбір жоғары оқу орнында білім алушылар өз уақытын тиімді
пайдаланып сауатты маман болуға қазірден бастап дағдылану керек.Тек өз
еліміздің аудиторлық қызметімен таныс болмай, шетелдің аудиторлық
қызметінің тәжірибесін оқып-үйреніп, тиімді жақтарын өз елімізде игеруге,
қолдануға тырысу керек.Өйткені өз интеллектуалдық қабілетімізді қандай
дәрежеде қолдану өз еркімізде.
Аудит нарықтық экономика жағдайында барлық шаруашылық процесіне
қатысушылардың қызметінде маңызды рөл ойнайды. Ол анық ақпаратпен
қамтамасыз етеді, серіктестер арасындағы сенімділікті қалыптастыруға
септігін тигізеді, оңтайлы басқарушылық шешімдерді іріктеу мен
кемшіліктерді жоюбойынша ұсынысты әзірлейді, сондай-ақ қаржылық жағдайды
тұрақтандыруға, шаруашылық жүргізуші субъектілер қызметінің тиімділігін
арттыруға және тұтастай қоғамның әлеуметтік-экономикалық жағдайын
жақсартуға ықпал етеді.
Аудитті қаржылық, экономикалық,техникалық, заңдық және басқа
салаларында жүргізуге болады. Коммерциялық банк қызметіндегі аудиттің
негізгі мақсаттарының бірі- қаржылық есеп берулерінің нақты екендігін
анықтау болып табылады.Коммерциялық банкте клиенттің нормативті –құқықтық
актілердегі талаптарды сақтауын бақылауда үлкен мән беріледі.Банктің қызмет
нәтижелері және олардың заңды сақтауы туралы ақпараттың тәуелсіз расталуы
мемлекетке , меншік иелеріне, акционерлерге, инвесторларға, кредиторларға
және олардың бизнес бойынша серіктестеріне қажет.
ҚР “Аудиторлық қызмет туралы ” заңында мынадай анықтама берілген:
“Аудит Қазақстан Республикасының заңында белгіленген талаптарға сәйкес
қаржылық есептіліктің дұрыс және объективті жасалғаны туралы тәуелсіз пікір
білдіру мақсатында заңды тұлғалардың қаржылық есептілігін тексеру болып
табылады.”
Коммерциялық банк қызметіндегі аудиттің мазмұны алға қойылған
мақсаттар мен бақылау объектілерін ескеру арқылы нақтылануы мүмкін.
Қаржылық есеп беру аудитінің мақсаты- белгіленген талаптарға сәйкес барлық
елеулі аспектілер бойынша қаржылық есеп берулердің жасалғаны немесе
жасалмаған туралы аудиторға өз пікірін білдіруге мүмкіндк беру.
Бұл негізгі мақсат экономикалық әлеуетті, қаржылық ресурстарды,
салықтарды дұрыс есептеудің талдауын, қаржылық жағдайды жақсарту бойынша
шараларды әзірлеуді,банктердің кірістері мен шығыстарын, қызмет
нәтижелерінмен шығынды оңтайландыруды жақсы пайдаланатын резервтерді
анықтаудың шарттары мен міндеттері туралы клиентпен болатын арадағы
келісімшартпен толықтырылуы мүмкін.
Егер банк аудитінің объектісіне ондағы бухгалтерлік есептің жағдайы
кіретін болса,онда банктің мақсатына, оның қолданыстағы заңның талаптарына,
коммерциялық банктердің өз ішінде қабылданған есептік саясатпен және
мемлекет белгілеген жалпы нормаларға , стандарттарға және ережелерге
қаншалықты сәйкестігін тексеру жатады.
Егер коммерциялық банк аудитінің объектісне барлық шаруашылық
қызметтері кіретін болса, онда мақсат- осы қызметтің тиімділігін бағалау,
шығынды барынша кемітудің ықтимал жолдарын анықтау, банк қызметінің
пайдалылығы мен өнімділігін арттыру, жұмыстың аса жоғары түпкілікті
нәтижелеріне қол жеткізу үшін ұсыныстарды әзірлеу.Аудит мақсатының
консалтингтік қызмет жүзеге асыру барысында клиенттің коммерциялық қызметін
жақсартатын жоғары сапалы кеңес беру қызиеті болады, сонымен қатар
аудитолрдың беделі мен табысы қоса өседі.Алға қойылған аудит мақсаттарына
жету үшін нақты міндеттерді шешіп алу қажет. Олардың ішінен ерекшелеп
мыналарды көрсету керек :
1).Коммерциялық банктің қаржылық есептемесінің шындыққа жанасымдылығын
қамтамасыз ету және осы есеп беруді пайдаланушылар үшін ақпараттық
тәуекелді қолайлы деңгейге дейін азайту;
2).Шешім қабылдаудың логикалық тұрғыдан негізделген базасын құру үшін
жеткілікті дәрежеде құзыретті мағлұматтарды алып, бағалау;
3).Банк экономикасын немесе оның белгілі бір қызмет түрінің , оның
ішінде , инвестициялық , маркетингтік және сыртқы экономикалық қызметін
жүйелі талдау;
4).Банк қызметі және оның жарғысының бір-біріне сәйкестігін, жасалған
бизнес – жоспардың және басқа да атпсырмалар мен нормативтердің
орнықтылығын(негізділігін ) тексеру;
5).Заңның сақталуын, бухгалтерлік есепті жүргізудің және есеп берудің
дұрыстығын,банктердің қаржылық жағдайы туралы шындыққа жанасымды ақпаратпен
пайдаланушылардың қамтамасыз етілуін бақылау;
6).Заңды белгілейтін бастапқы құжаттар мен олардың шынайы мазмұнына
банктік операцияларының қаншалықты сәйкесетіндігін тексеру;
7).Банктің қаржылық, маркетингтік, инвестициялық және басқа
қызметтерін бақылау мен есебі саласындағы әртүрлі мәселелер бойынша
клиентке кеңес беру қызметін көрсету;
8).Клиенттің меншігін бекітіп беруге , оның бизнесінің тиімділігін
арттыруға және кемшіліктерді жоюға ықпал ету.
Коммерциялық банк аудитінің ең нақты міндеттері алға қойылған мақсаттарға,
оның түрлері мен жүргізілуі әдістеріне сәйкес болуы керек.
Аудиттің түрлерін зерттеуде зор әдістемелік маңызы бар. Аудиттің
түрлері субъект ретінде ішкі және сыртқы аудит болып бөлінеді. Заңдылық
тұрғыдан ерікті және міндетті болып , ал жұмыс көлеміне қарай толық және
бөлікті тексеру болып, ал техникалық орындалу тұрғыснан қол жұмысы түрінде
және компьютерді пайдалану болып бөлінеді.
Ерікті аудит банк тарапынан өз еркімен жүргізіледі. Бұл жағдайда аудит
тексеруінің көлемін және қойылатын талапты банк шешеді.Міндетті аудит
мемлекет құрылымының арнайы анықтаған шешімі бойынша жүргізіледі.Көбінесе
бұл жағдайда заң орындары банкке аудит тексеруін талап етеді.Тексеру
жүргізу тәртібін , жұмыс көлемін заң орны тапсырады.
Нарықтық қатынастың даму барысында коммерциялық банк қызметіндегі
жалпы аудиттің атқаратын рөлі өте үлкен.Сонықтан да банктегі аудиттің әр
түрінің атқаратын қызметі де, тапсырушылар талабына сәйкес олардың аудит
қызметінің даму барысында алатын орны да ерекше.
Коммерциялық банк қызметіндегі жалпы аудит туралы, оның ішінде сыртқы
аудит туралы осыған дейін көптеген түсініктер қарастырылды.Енді сол сыртқы
аудиттің ерекшеліктеріне тоқталамыз.Біріншіден , сыртқы аудит аудит
фирмалары немесе жеке аудиторлар мен тапсырушылармен келісім-шарт жасау
арқылы жүргізіледі. Оның негізгі мақсаты бухгалтерлік қаржы ақпаратын
тексеріп және оның табыстылық көрсеткіштерінің дұрыс анықталғандығын,
шығарылғандығын дәлелдеп, оның қаржылық жағдайына түсініктеме беру.Осындай
тиянақты тексеру жүргізілгеннен кейін аудиторлар банктерге , олардың
қаржылық жағдайларына экономикалық талдау жасап олардың экономикасының даму
бағытын көрсетіп, оның қаржылық жағдайын нығайту жолдарын айтып, қаржы
қолданудың тиімді, пайдалы қолдануына түсініктеме береді. Осы орайда
аудитор сол банкті ңқаржы жағдайының және төлем жасау тұрақтылығын, қандай
даму, қаржы қорларының бар екеніне толық түсініктеме береді. Сыртқы
аудиттің объектісі – коммерциялық банктер.Сыртқы аудиттің
мақсатытапсырушының талабына сәйкес анықталады.(2,15-б.)
Коммерциялық банктерге аудит қызметін жүргізгенде , оның негізгң
мақсаты бухгалтерлік есеп жұмысының жүргізілу жағдайы, оның
көрсеткіштерінің нақты дұрыстығын анықтау, содан кейін тапсырушы талабына
сәйкес өз ойын айту және меншік иесінің мүддесін қорғау.
Сыртқы аудит қызметін атқарушылар – жеке аудиторлар жжәне аудит
фирмалары.Аудиторлардың өз қызметіндегі ең негізгі мақсаты меншік иесінің
мүддесін қорғау, яғни , акционердің кәсіпкерлік үшін арнаған қаржы қандай
жағдайда іске асырылуда?-деген сұрақ ерекше орын алады.Сыртқы аудит
қызметін осы тұрғыдан қарастырсақ, онда оның өзіндік ерекшелітері бар.
Біріншіден, банк басшылары өзінің және банк жұмысын , оның қаржылық
жағдайын тек қана жақсы жағынан, мүмкінділігі болса өсіріп көрсетуге
тырысады. Ал акционер, меншік иесі өз тарапынан тек шындықты , нақты
шаруашылық жағлайын білуге құштар.Нарықтық қатынас жағдайында ешқандай
фирма банктің нақты жағдайын білмей сыбайлас болып қарым-қатынасқа
бармайды.
Сыртқы аудиттер өз жұмысын сол елдегі заңды түрде қабылданған аудит
стандартына , бухгалтерлік стандарт принципіне сәйкес жүргізеді.
Фирмалардың, банктердің балансы басылымға , тек қана аудитор өз
қорытындысын бергеннен кейін және балансқа мөрін басқаннан кейін ғана
шығады. Әрине , аудитор қорытындысы банк ақпаратының дұрыстығын , қаржы
көрсеткіштерінің дұрыс анықталғандығын растап қана қорытынды бергеннен
кейін ғана баланс басылымға рұқсат алады. Ал осы процестердің басылымға
шығуының үлкен мағынасы бар.
Сыртқы аудит мақсаттары:
1).Мемлекеттік салықтағы басқа құрылымдардың тапсыруымен келісім-шарт
бойынша жүргізілетін аудит қызметі.
2).Коммерциялық банктердің тапсыруымен келісім-шарт бойынша
жүргізілетін аудит қызметі.
3).Акционерлердің, банктің шетелдік сыбайластарының тапсырумен
келісім-шарт бойынша жүргізілетін аудит қызметі.
Қаржы ақпаратының , бухгалтерлік есеп ақпаратының дұрыстығын тексеру;
Қаржылық, шаруашылық жағдайына сараптау жасау, ұсыныстар енгізу:
-шаруашылық туралы;
-қаржы стратегиясы;
-салықты жоспарлау;
-бухгалтерлік есеп, ақпарат.
-шаруашылық жағдайы н сараптау;
-есеп айырысу және несие беру, уақтылы қайтару жағдайына баға беру.
Ақпараты басылымға шыққан коммерциялық банктер біріншіден, өзінің
дербес шаруашылық субъектісі екеніне кепілдік алып, одан әрі қызметімен
айналысуға ерікті болғанын дәлелдейді. Олай дейтін себебіміз, аудит
қорытындысы сол коммерциялық банктің өткен уақытта тапқан табыс сомасы
ақпаратта дұрыс есептелінген деп анықтама жасайды. Яғни, коммерциялық
банктер мемлекет алдында заң тұрғысынан салық төлеу процесін дұрыс
жүргізген субъект болып танылады.
Екіншіден, басылымдағы ақпарат мәліметі бойынша сыбайлас банктер
күдіксіз қарым-қатынасқа келеді. Себебі, басылымға шыққан материалдарды
сыбайластар зерттеп , талдап, сыбайластыққа сенімді екен деген қорытынды
жасайды. Осы орайда, аудит қорытындысы өзінің негізгі функциясының бірі,
пайдалануға дайындалған мәліметінің рөлін атқаратын банк ақпаратын
бекітеді.
Үшіншіден, аудит қорытындысымен қызмет ететін банктен сол елдің бір
қалыпты дамуына негіз болады. Тұрақты халықты жұмыс орнымен қамтамасыз
етеді. Қалыптасқан экономика құрылымына айналады.
Төртіншіден, қалыптасқан экономика құрылымы болған елде тиянақты
нарықты қатынас заңдылығы қалыптасып, сол заңдылыққа сәйкес ол елде тауарға
нарықты қатынас бағасы тұрақты бір жүйеге келеді. Соның нәтижесінде сол
елдің экономикасы, әлеуметтік жағдайы тұрақты даму жолына түседі. Яғни,
аудиторлық тексеру коммерциялық бантің тиянақты қызметін жасап, даму
барысын қамтамасыз ететін механизм. Дамыған елдердің экономикасының
тұрақтылығын қамтамасыз етіп отырған- ол бірден бір нақты механизм аудитор
қызметі. Сондықтан да оған шетелде үлкен мағына беріледі.
Аудиторлық қызмет жүргізбей коммерциялық банк басылымға шықпайды,
яғни өзінен-өзі экономикалық қыспаққа түседі. Біріншіден, мемлекет алдында
өзінің банк ретіндегі құқысын қорғай алмайды. Екіншіден, сыбайлас банктер
қарым-қатынас жасамайды, үшіншіден банкілер сенімсіздік танытып, өзара
несиелендіру үрдісі тоқтап, жалпы есеп айырысу процесін тежей бастайды.
Коммерциялық банк қызметіндегі сыртқы аудит өзінің жұмыс процесінде
ішкі аудит жұмысының сомасына баға береді. Қаншалықты тиімді
жүргізілетіндігінің тиімділігін, сенімділігін, оның аудит барысындағы рөлін
анықтайды. Ондағы негізгі мақсатішкі аудит қаншалықты аудит күдігін
жіберетіндігін , аудит стандартын қандай дәрежеде қолданатынын анықтау.
Ішкі аудит жұмысын тексерген сыртқы аудит өзінің ойын, жетістіктерін және
кемшіліктерін, жетіспеушіліктерін жазбаша түрде анықтап басшыларына
тапсырады.
Сыртқы аудит соңғы жылдары тек қан қаржы ақпаратын тексеріп қана
қоймай коммерциялық банкке экономикалық талдау жасап, оның қызметінің табыс
сомасына баға береді, оның жұмысының табыстылық және экономикалық
тиімділігін анықтайды. Сыртқы аудитті қазіргі кезде “Заңды аудит” деп те
атайды. Себебі, ол тапсырушы алдында тәуелсіз, тек қана сыртқы мәлімет пен
пайдаланушылар алдында ғана жауапкершілікте.
Жоғарыда келтірілген сыртқы аудит туралы берілген түсінік негізінде
шетелдерде толығымен қолданылады, оның қағидалары жұмыс бабында толық іске
асырылуда.Қазір Қазақстан Республикасының жалпы аудит қызметі, соның ішінде
коммерциялық банктердегі аудит қызметі жаңадан ғана дамып, қалыптасып келе
жатыр. Осы орайда ең өкініштісі – аудит қызметі толық міндетті түрде
таратылған жағдайда еліміздегі жүргізіліп жатқан реформаның әлдеқайда сәтті
жүргізілуіне, нарықты қатынас заңдылықтарының тез қалыптасуына көп көмегі
тиетіні сөзсіз. Мысалы , аудит міндетті түрде барлық шаруашылық
субъектілеріне жүргізілсе салық төлеу, өндіру проблемасы түгелдей жойылар
еді. Әрине ,ұйымдастыру , мамандар дайындау , моральдық, этикалық аудит
принциптерін бірден іске асыруөте ауыр жұмыс. Мысалы бір ғана фактор.
Біздің халқымыздың психологиялық түсінігі бойынша, ақша төлеп тексерушіні
шақыру деген ол тек қана ауру немесе есі түзу емес адамның ісі деп
түсінеді.
Сондықтан Қазақстан Республикасының аудит қызметі , соның ішінде
коммерциялық банктегі аудит қызметі жан-жақты таратылуы қажет, бірақ біздің
елдің өзіндік экономикалық , әлеуметтік, тарихи даму ерекшеліктеріне сәйкес
аудит принциптерін лайықты түрде қарастыру қажет. Әрине ,оның ішінде
ұйымдастыру , құрылымы туралы көптеген өзгерістер енгізу өте қажет.
Ішкі аудит бұрын қалыптасқан ішкі бақылау жұмысының жүйесіне жатады.
Оның ерекшелігі коммерциялық банк қызметіне ішкі бақылау арқылы тәуелсіз
қызмет көрсету. Ішкі аудиттің қажеттілігі сыртқы аудит қажеттілігі сияқты
өте қажет жұмыс тәртібі. Сырттан қарағанда ішкі аудиттің тәуелсіздік
сақталуы мүмкін емес сияқты. Соған қарамастан ішкі аудит өзінің жұмысы ,
ақпарат тапсыру барысында түгелдейдербестігін сақтайды.
Аудит қызметі қалыптасқан елдерде ішкі аудит , үлкен және орталау
шаруашылық субъектілерінен құралады. Оның ұйымдастыру ерекшелітері:
1).Коммерциялық банктердің басшылары , әкімшіліктері ішкі ацдит қажет
болған жағдайда өзіне, ішкі тобын құруға шешім қабылдап, аудиторлық куәлігі
бар маман іздейді;
2).Аудитор маманы мен банк басшылары келісім-шарт жасасып:
а).аудитор тобының атқаратын қызметін нақты анықтайды;
б).жұмыс атқару тәртібі, жұмыс орны,аудитордың және тапсырушының
міндеті нақты көрсетіледі;
в).аудитор тобының штаты анықталып, еңбек ақы төлем сомасы
анықталады.
Бұл келісі-шарттың заңдылық құқысы бар, осы орайда ескеретін
жағдайаудитор тобы келісмім-шартта көрсетілген еңбек ақысы туралы
тапсырушыға тәуелді емес. Яғни, қажылану , төлем мәселесі аудит қызметіне
ешқандай әсерін тигізбейді. Сондықтан да , ішкі аудит тобы өз қызметін
жүргізуде , барлық өзіне қажетмәләмет жинауда банк басшыларынан ешқандай
қысым немесе тергеушілік кездестірмейді. Тағы да ішкі аудит тобының
тәуелсіздігі жоғары сатыдағы аудит фирмаларының бақылауы арқылы іске
асырылады. Себебі, ішкі аудит тобы өз жұмысы туралы тікелей жоғарғы
сатыдағы аудит құрылымына , директорлар қоғамының комитетіне ақпарат
тапсырып отырады. Сондықтан да ішкі аудит тобына тапсырушылар немесе басқа
әкімшілік құрылымы ешқандай қысымшылық немесе өздерінің тарапынан ешқандай
талап , міндет қоя алмайды.
Ішкі аудиттің ең негізгі мақсаты-ол, коммерцияялық банк туралы
құралған мәліметтің дұрыстығына,шындығына бақылау жасау, сөйтіп басқару
барысында қолданылатын мәліметтің шындығын, дұрыстығын қамтамасыз ету.
Ішкі аудиттің мақсаты банктердің экономикалық саясатыының орындалуына
бақылау жасау, қазіргі кезде біздің елімізде есеп саясатының орындалуына
немесе өзгеріс болса оның себебін орынды немесе орынсыз екеніне аудиторлық
анықтама жасау. Ішкі аудит тобы осы өзінің ізгі мақсатын іске асыру үшін
жүйелі түрде бухгалтерлік есеп жұмысына үздіксіз тексеру жүргізіп отырады.
Ішкі аудит қызметі қалыптасқан елдерде аудит қызметі қаржы ақпаратын
, информация құрылымын, бухгалтерлік есеп жұмысын ғанғт тексеріп қоймай
басқалай да көптеген экономикалық қызметтер көрсетеді. Олар банктердің
қызметіне талдау жасапоның экономикалық даму жолына болжам жасау, қаржы
стратегиясын белгілеу, маркетинг зерттеуін жүргізу, басқару жұмысына
түсініктеме беру тағы басқа сол сияқты қызметтер. Яғни, ішкі аудит тобы
тапсырушылар талабына сәйкес жан-жақты қызмет көрсетеді. Сонымен қатар,
ішкі аудитор тобы сол банк құрылымының бір бөлімі болып табылады.
Коммерциялық банк шаруашылығында аудит тобы ішкі бақылаушы ғана емес ол
есеп саясатының орындалуын бақылап , баға беріп отыратын сарапшы рөлін
атқарады.
Қорыта келгенде , ішкі аудит банк саласында басқарушылық жұмысын жүргізуге
өте қажет қызмет. Аудит жұмысы арнайы анықталған “Ереже” талабына сәйкес
жүргізіледі. Ішкі аудит ережесінде оның құрылымы , аудитордың қызметкерлік
ережесі, аудит стандарты, нормативтік құжаттары, әдістемелік ереже
нұсқаулары анықталған. Ішкі аудит жұмысың тиянақты және жақсы жүргізілуі
сол ішкі аудит жағдайының сапасына , онда қаратсырылған талаптардың
құндылығына, кәсіпорынның эконмикалық саясатына байланысты болады. Ішкі
аудит жағдайы өз кезегінде “контракт” келісім-шарты міндетін атқарады.
Себебі, онда ішкі аудиттобының құқысы, міндеті бір жағынан, екінші жағынан
банк басшыларының құқы мен міндеті анықталған. Осы ішкі аудит жағдайында
оның негізгі мақсаты , жұмыс көлемі ішкі бақылауындағы және анықталған
экономикалық қылмыстарға жауапкершілігі белгіленген.
Ішкі аудит ережесін дайындауға жауапты қызметкерлер қатысуы қажет.
Біріншіден, экономика және қаржы директоры, бас бухгалтер, тексеруші
комиссияның бастығы. Әрине , бұл құжаттың жоғарғы сатылы құрылымда ,
акционерлер қоғамында немесе жалпы жиналыста бекітілгені жөн. Сонда ол ішкі
аудит тобының тәуелсіздігіне көп көмегін тигізеді. Іщкі аудит тобының
тәуелсіздігі тексеру комиссиясының және директордың нақты келісім, билік
жасап оның құқы мен өкілдігін анықтап бекітуімен кепілдік алады.
Ішкі аудиторлық тексерудің объектісі қаржы ақпараты, өндіріс
процессіжәне компьютер жүйесі. Себебі, банктердің негізгі шығыны осы
көрсетілген шаруашылыққа тәуелді. Оның ішінде өндіріс батысының шығыны,
әсіресе материал шығыны, қызметкерлерге еңбекақы шығыны , тағы басқа
шығындар коммерциялық банк және оның басшысы үшін арнайы тексеру және
немесе ішкі бақылау барысын ұйымдастыру ішкі аудит жағдайында қарастырылуы
керек. Жалпы ішкі аудит жан-жақты көптеген бақылау және тексеру міндетін
атқаруға міндетті. Ішкі аудит тексеру жасаумен барлық бухгалтерлік
құжаттардың дұрыс жазылуын, әкімшілік тәртіптің орындалуын, қабылданған
директивті шешімнің және банк бойынша шығарылған бұйрықтың орындалуын
қадағалап тексеріп отыруға міндетті. Онымен қоса түгелдеу процесін жүргізу
және оның нәтижесін шығарып басқарушылық мәліметін талдау арқылы жалпы
шаруашылықтың даму жолдарын қарастырады.
Ішкі аудит жалпы бақылау жоспарын жасады, оның ішінде банктердің іс-
әрекеттеріне оперативтік, жедел бақылау –тексеруді жетілдіру, әсіресе сату
барысы, өндіріс шығыны, таза табысты болжау, өндіріске негізгі құралды
енгізу, қаржыландыру , көзін қарастыру мәселелерімен айналысады.
Аудитордың негізгі қызметі әртүрлі бөлімдерді, сектордың жұмысын
тексеріп, ондағы өндіріс шығынын , мөлшерден артық шығынын талдап немесе
жетістіктерін қарастырып оның қорытындысын банк басшыларына уақытылы
хабарлап отыру. Негізінде аудиттің мақсаты мен міндеті,оның құрылымы және
ішкі аудит тобының құрамы тапсырушы банктің талабына сәйкес анықталады.
Ішкі аудит құрылымы келесі бірнеше топтан құралады:
- инвестицияның дұрыс және тиімді пайдалануы, банк мүлкінің,
материалының түгелдігін, еңбек және ақша, қаржы ресурсын дұрыс пайдалану,
салық саясатын және салық сомасын дұрыс есептеуді бақылау тобы болып ;
арнайы қаржы ақпаратын бақылау, арнайы тексеруші және тексеру тобы болып
бөлінеді. Аудит қызметі барысында бұл ішкі аудит топтары , тапсырушының
қойған міндетіне, талабына сәйкес жұмыс жасай береді. Әрине , мамандар
біліктілігіне байланысты, олар барлық саланың жұмысына әмбебап болғаннан
кейін аудит қызметінің сапасы да , жоғары орындалуы да жедел болады.
Арнайы топтарға түсініктеме және онда қызмет мамандарға мінездеме
берейік. Арнайы топтарға қызмет атқаратын мамандардың түрі:
- аудит стандартының мамандары. Ішкі аудит қызметінің құрамында
өздерінің арнайы аудит стандарты мен қызметі жүргізіледі. Стандарт
мамандары банк бухгалтерлік есебінде, есеп саясатының орындалу барысында
аудит стандартының дұрыс қолданылуын , оның тек түрі ғана сақталмай,
негізгі талаптарының дұрыс қолданылуын, оның тек түрі ғана сақталмай,
негізгі талаптарының орындалуын қадағалап , бақылау және тексеру жүргізеді.
Анықталған кемшілік болса оны тек банк басшысына хабарлауға міндетті;
-ішкі аудит тобының қызметкерлерінің біліктілігіне жауапты адам.
Дербес, жеке біліктілігін көтеру бірнеше вариантта жүргізіледі: сырттан
мамандар шақырып, соның көмегімен оқыту арқылы өз тобының біліктілігін
арттыру; Әр аптада немесе ай сайын барлық мамандарды шақырып тексеру
материалдарын , талдауға түскен құжаттарды қарастыру арқылы мамандар
біліктілігін көтеру; мамандар біліктілігін арттыру үшін бухгалтерлік
жұмысқа, экономикалық қызметтерге жіберу немесе мамандар алмастыру.
Әрине , бұл жоғарыда келтірілген әрбір тәсілдің өзіндік ерекшеліктері
бар, әрқайсысының өзіндік жақсы жағы да, кемшілігі де бар. Ішкі аудит
тобының басшысы өзі тиімді жолын пайдалануы қажет.
-мәлімет жиынтығына (банкте ) жауапкер: ішкі аудит қызметінде
нормативтік құжаттар қоры (заң, ереже-нұсқау, қағидасы т.б.) барлық
директивалық құжаттар жинағы, ағымдағы өзгерістерді, жетістік
көрсеткіштерін зерттеп, басшыларға қажет кезінде тиісті мәлімет беріп
отыратын маман;
-бухгалтер, эксперт-сараптаушы;
-заң маманы-шаруашылық әрекеттерінің заңдылығына, банктің құқын
қорғаушы.
Келесі ерекше мәселе, ол ішкі аудит құрамына білікті мамандар жинап
алу. Қазіргі кезде бухгалтер мамандығы жеткіліксіз, ал білікті аудитор одан
да аз. Оған тағы бір себеп аудит қызметін өте тығыз уақытта
жүргізілуерекшелігі. Қатал, қауырт графикпен қызмет атқаруға кез келген
маман шыдас бере бермейді.
Ішкі аудит тобы шаруашылық субъектілерінің және филиалдарының
қаржылық ақпаратын нақты, жүйелі тесеріп отырады. Олар сол банктің
құрамында және еңбекақысын сол жерден алып отыратындықтан өзінің қызметі
мен банк сенімін ақтауға міндетті. Ішкі аудит қызметі, оның берген кеңсі,
ұсынысы банк қаржылық жағдайының тұрақтылығын, тиянақтылығын қамтамасыз
етеді.
Ішкі аудит қызметі үлкен банктерде , фирмаларда , халықаралық
корпорацияларда қызметкөрсетуінің рөлі өте жоғары. Себебі, ондай ірі
банктерде , фирмаларда , корпорацияларда тексеру құрылымы болады, ал
олардың сәйкесінше тексеру бөлімдері болады. Яғни, ондай бантерде ішкі
аудит тобы бухгалтерлік есепті, күнделікті шаруашылық әрекеттерді,
құжаттарды тексерудің орынына олар сол банктің экономикалық даму жолдарын
қарастырып, банктің қаржылық жағдайының күшею жолдарын , табыстылықты
көтеруді қарастырады.
Ішкі аудит өз қызметін талапқа сай орындап, оның рөлін көтеру үшін ол
тек қана банктің басшылық талабына сай қызмет жасауға міндетті.
Ішкі аудит жалпы үлкен көлемді жұмыс атқарады. Оның ішінде банк
мүлкін тиімді пайдалануды тексеру, жұмысшылар күшін, еңбекақы төлемінің
тиімділігін бақылау.Аудит туралы баслымдарда , ғылыми зерттеулерде ішкі
аудит – негізінде оперативтік ішкі бақылау , тексеру деп тегін айтпаса
керек. Өйткені, тек қана ішкі бақылау , тексеру арқылы банктердің
шығындарына нақты бақылау жүргізіліп, іс жүзінде тексеру жасап
жауапкершіліктегі мамандарға тікелей үкім беріледі және жіберілген
кемшіліктер оперативтік түрде түзетіледі. Содан кейін әрбір банк
бөлімшелерінің басшыларына шығындардың дұрыс есептелуіне жауапкершілік
бекітіледі.
Ішкі аудит қызметінде жабдықтаушылармен, сатып алушылармен есеп-
айырысу, банк операциялары, қаржы, салық, әлеуметтік қамсыздандыру
мекемелерімен , дебиторлармен, кредиторлармен есептесу процесі тексеріледі.
Сонымен қатар күнделікті касса әрекетін бақылап, тексеріп отыру, құнды
қағаз әрекеттерінің ерекше дамуына сәйкес ішкі аудит қызметінде құнды қағаз
биржасындағы оның бағасының толқуы, соған сәйкес құнды қағаз пакетін сатып
алу немесе сату барысында жүйелі бақылау жасап, кәсіпкерге өзінің ұсынысын
жасап отырады. Бұл өз бетінще ерекше экономикалық ізденіс болып табылады.
Әрине, ішкі аудиттің күнделікті жұмысы- банктердегі бухгалтерлік
есептің ұйымдастыруын, күнделікті дұрыс жүргізілуін, материалдармен және
мамандармен қамтамасыз етуін бақылап,қадағалап , тексеріп отыру. Ішкі
аудиттің бухгалтерлік есеп тобы қолданылатын бухгалтерлік есеп фирмасын ,
алғашқы есеп немесе бухгалтерлік құжаттау барысын, есеп кестесін толтыр
тәртібін, екі жақты жасаудың дұрыстығын, бас кітапты жүргізуді,
бухгалтерлік ақпарат жасауды тексеріп отырады.
Ішкі аудиттің жаңа бір ағымы ол, банкте басқару жұмысының құндылығын,
тиімділігін анықтау. Осы тұрғыдан, банктің басқару жүйесі, қызметкерлердің
міндеті н бөлу, олардың жауапкершілігіне талдау жасап , басқару құрылымын
жақсарту, жетілдіру имақсатымен өздерінің ұсынысын жасайды. Мамандар
дайындауға олардың біліктілігін, іскерлігін жетілдіруге, қайта дайындауға
ерекше көңіл бөлінеді.
Қорыта келгенде, ішкі аудит қызметі коммерциялық банкті жан-жақты
қамтиды. Банктердің жеке бөлімшелерін қоса отырып, мемлекет заңын,
нормативтік құжаттар талабын қалай орындалатына бақылау жасайды. Сондықтан
да ішкі аудиттің бақылау,тексеру барысында банктерде қандай толқу
өзгерістер болса да уақтылы анықталып оның түзету немесе өзгеріс енгізу
жолдары қарастырылады. Соның нәтижесінде банк қаржылық жағдайын жақсартуға
арналған, оған әсерін тигізетін факторларды пайдалану жолдары
қарастырылады.
Ішкі аудит қызметі күнделікті жүйелі жұмыс жүргізунәтижесінде банк
басшыларына, тапсырушыларға банк қызметін басқаруға, жұмыс тиімділігін
арттыруға қажетті анықтамалармен, мәліметтермен қамтамасыз етеді.
Қазіргі кезде ішкі аудит қызметі күннен күнге қиындап, күрделеніп
отыр. Оған себеп өндіріс көлемінің жедел өсуі, өндіріс технологиясының өте
күрделі түрде дамуы, соған сәйкес экономикалық мәліметті қалыптастыру
барысының күрделенуіне сәйкес болып тоыр. Оған қоса қазіргі кезде өте көп
шатысып жатқан қаржыны пайдалану заңдары да себеп болып отыр. Сондықтан дс
ішкі аудит қызметін атқарушы мамандар өте жоғары сатыдағы білімді,
тәжірибелі болуы қажет. Олар өз жұмысын тиянақты, орынды, аудит этикасын
өте жоғары ұстайтын мамандар болуы керек. Сонда ғана олар жоғарғы беделді
кәсіпорын ұжымының сеніміне ие болады.
Ішкі аудит бөлімдерінің, топтарының қызметі банк бөлімдерінің жұмыс
жоспарымен тікелей байланысты болады. Себебі ол топтар сол банк бөлімдеріне
бақылау, тексеру жасап отырады. Олар өз жоспарын банк басшыларына бұйрық
ретінде бекіттіріп , өзінің қызметінде басшылық құжаты ретінде қолданады.
Аудит тобының жоспары бір жылдық көлемге жасалады, ол құжатпен банк
бөлімінің басшысы ішкі аудит тобының жұмысына бақылау жасап отырады, ал
аудит тобы бөлімше бастықтарына міндетті түрде өз жұмыстары туралы мәлімет
беріп отырады. Ол жоспар құпиялықта сақталуы қажет. Ішкі аудиттің жылдық
жоспары орындалмаған жағдайда оның қалдығы келесі жылға аударылады. Кейбір
жағдайда, ішкі аудит мамандары жоспарланған жұмысты игере алмауы немесе
мамандық біліктілігі жетпеген жағдайда олар сыртқы аудит мамандарынан көмек
сұрайды. Осы орайда айтатын болсақ, сыртқы және ішкі аудит қызметкерлері
тығыз байланыста жұмыс жасайды, бір-біріне көмек көрсетеді. Олардың
арасындағы бір- біріне сенімділік олардың аудиторлық этика кодексімен
бекітіледі.
Экономикасы дамыған елдерде ішкі аудиттің иеленетін орны сыртқы
аудитпен бірдей деуге болады.Елімізде сыртқы аудиттің қалыптасуы бар болса
да, отандық ішкі аудит барлық жағынан әлі даму үстінде.Ішкі аудиторлардың
халықаралық институты (Institute of International Auditors, АҚШ) ішкі
аудитке мынандай анықтама береді: “ішкі аудит ұйымдардың жұмыстарын өз
мүдделері үшін тексеру және бағалау негізіндегі тәуелсіз қызмет”.Ішкі аудит-
экономикалық субъект негізінде меншік иеленушілерінің өздері үшін ішкі
құжаттарының дұрыстығын, бухгалтерлік есеп беру мен ішкі бақылау
жүйесіндегі сенімділік пен бекітілген тәртіпті сақтауды бақылау
жүйесі.Басқа да отандық авторлар аудитті былай сипаттайды: “Экономикалық
субъект негізінде олардың меншік иелерінің өз мақсаттары үшін
ұйымдастырылған және бухгалтерлік есеп беруді жүргізу тәртібін сақтау
бойынша ішкі құжаттарының дұрыстығын, ішкі бақылау жүйесінің функционалдық
сенімділігін анықтау барысындағы жалпы аудиттің құрамдас бөлігі.”Осы
айтылған анықтамаларды өзара толықтыру мақсатында оларды логикалық түрде
біріктіруге болады.Нәтижесінде келесі анықтаманы алуға мүмкіншілік туады:
ішкі аудит – ұйымның басқару салаларын және әртүрлі функционалдық
аспектілерін бақылау бойынша ішкі құжаттарымен шектелген, ұйымдарды
басқару органдарына көмек ретінде арнайы бақылау орган өкілдерінің жүзеге
асыратын қызметі.
Коммерциялық банктердегі ішкі аудит банктік тәуекелдерді ең қолайлы
деңгейге дейін төмендетумен қоса, банктің имиджін сақтау іс-шараларымен
байланысты үрдісті білдіреді.Коммерциялық банктердегі аудит басқа
шаруашылық жүргізуші субъектілердің аудитінен ерекшеленеді.Ішкібанктік
аудиттің ерекшеліктері келесі факторлардың әсерінен көрініс табады.
• Банктік келісімдермен байланысты тәуекелдердің ерекше табиғаты;
• Банктік операциялардың масштабы және қысқа мерзімді кезеңде көп
мөлшерлі шығындардың болу мүмкіндігі;
• Келісімдерге қызмет көрсетуші компьютерлік жүйеге толық
тәуелділік;
• Жаңа өнімдердің және банктік қызметтердің динамикалық түрде
дамуына бухгалтерлік есептің , аудиттің, заңнамалық базаның
параллельді түрде сәйкес келмеуі.
Еліміздегі ішкі аудит шектелмеген десе де болады.Соңғы екі жылда ішкі
аудиттің халықаралық стандарттарына негізделген стандартты құру және
енгізуге бағытталған алғашқы қадамдар жасалуда.Несиелік ұйымдарда
аудиторлық тексерулерді жүргізу үшін стандарттарды тәжірибелік қолдану
барысында банктік аудит бойынша жетекшілік дайындау көзделіп отыр.
Коммерциялық банктегі аудиттің ерекшелігі- оның операция жүргізілу және
құжаттық рәсімделу кезінде жүзеге асырылуы және жұмыстағы кемшіліктерді
уақытында анықтау, оларды ескерту барысында қажетті шараларды қолдану.
Өздерінің активтерін көбейту үшін филиал жүйелерін кеңейту немесе кіші
банктерді сатып алумен айналысатын банктер осы филиалдардың және құрылымдық
бірліктердің қызметін зерттеу үшін аудиторлардың қызметін пайдаланады.Осы
жағдайда банктің ішкі аудиторлары-бас кеңсенің филиалға қатынасы тәуелсіз
сыртқы аудиторлар ролін атқарады, олар өте жоғары құлшынспен банктің
гүлденуіне қызығушылық танытады.Банктік қызмет көрсетудің америкалық
нарығында өте кіші рынок қатысушыларын сатып алу жолымен банктердің ірілену
тенденциясы көрініс табуда.Кіші банктер қызметін жалғастыру үшін банктік
топтарға бірігеді немесе өте ірі банктік корпорациялармен сатып
алынады.Нәтижеде жалпы тәжірибе көрсетіп отырғандай қаншалықты банк ірі
болса, соншалықты ішкі аудит бөлімдерін ұйымдастыруға көп мән береді.Ішкі
аудиттің ерекшеліктері сыртқы аудитпен ұқсастықтары және айырмашылықтары
негізінде көрінеді.Тәуелсіз сыртқы аудит пен ішкі аудиттің ұқсастықтары
тексеру жүргізу техникасы мен әдісіне байланысты. Олардың екеуі де
бухгалтерлік есептегі жазуларды және оларды енгізу процедураларын зерттейді
және жұмыс есептерін құрастырады.Бірақ ішкі және сыртқы аудиттің есеп
берулерді тексеру құлшынысы мен мақсаттары әртүрлі.Сондықтан осы қызмет
түрлерінің арасында айырмашылық бар.Коммерциялық банк қызметіндегі ішкі
аудиттің негізгі ерекшеліктері:
• Коммерциялық банк қызметіндегі аудит шынайы мамандармен жүзеге
асырылады;
• Жоғары жетекшілік өкілдері ретінде ішкі аудиторлар банк
бөлімшелерінің немесе филиалдарының қызметінің қойылған
міндеттерге қаншалықты сәйкестілігін, қызметкерлердің қаншалықты
дұрыс таңдалғанын , басшылықпен тағайындалған банкнің құрылымы
жұмыс нормативтері мен ережелеріне сәйкестігін , банкінің басқа
бөлімшелерімен өзара тиімді әрекеттесуін анықтайды;
• Ішкі аудитті жүргізу бойынша ұсыныстар коммерциялық банктің
тарапынан қойылады ;
• Ішкі аудиттің негізгі мақсаты- жұмыстағы олқылықтарды және
қате шешімдерді табу, дер кезінде оларды түзету және олардың
қайталануын болдырмау;
• Ішкі аудит- коммерциялық банктегі ішкі бақылау жүйесінің негізгі
элементтерінің бірі;
• Коммерциялық банктің ішкі аудит институттары болып ревизорлар,
ревизиялық комиссиялар, ішкі аудиторлар және ішкі аудиторлар
топтары саналады.
Банк ішкі аудитті оны банкроттыққа итермелейтін қаржылық
жағдайының күрделенуін болдырмау, банкінің барлық бөлімдері мен
құрылымдық бөлімшелерінде жағымсыз құбылыстарды жою,ішкі банктік
резервтерді анықтау және жинақтау мақсатында жүзеге асыруға
міндетті.Соңғы жылдары ішкі аудитке жоғары қызығушылық әлемдегі
бірқатар банкілердің шығынға ұшырауына байланысты пайда болды.
Ең алдымен ол банк қызметкерлерінің қате әрекеттерімен
байланысты. Олар уақытында анықталмаған және сол кезеңде қызмет
еткен бақылау органдары арқылы шаралар қолданылмаған. Англияның
көне банктерінің бірі Barings – те 1995 жылы болған
банкроттықты мысал ретінде келтіруге болады, сонымен қатар Нью-
Иорктағы Daiwa банкісіндегі сауда орындарның және Жапонияның
Sumitomo корпорациясының мыс нарығындағы көп мөлшердегі
шығындарын айтуға болады.Осы жағдайларды талдау негізінде
мынандай қорытындыға келуге болады: егер банкілерде ішкі
бақылаудың тиімді жүйелері болған болса , бұл шығындарды алдын
ала болжап , болдырмаудың шараларын іске асыруға болған болар
еді.Осы жүйелер шығынға ұшырататын мәселелерді дер кезінде
анықтау немесе олардың алдын алу, шығындарды азайту мақсатында
қызмет етер еді.
Кез келген коммерциялық банктің қызмет көрсету ауқымына
байланыссыз бақылау-талдау әрекеттерін орындайтын ішкі аудит
бөлімі болуы қажет.Банкілерде мұндай қызмет түрінің болуы сыртқы
аудит жұмысын жеңілдетеді және соған сәйкес оны жүзеге асыруға
жұмсалатын шығындарды азайтады.Коммерциялық банкте ішкі аудит
бөлімінің болуы оның имиджін көтереді .
Коммерциялық банктегі ішкі аудиттің мақсаттары мен
міндеттері.
Ішкі аудиттің негізгі мақсаты – Ұлттық банктің нормативтік актілеріне
банктердің жүргізетін қаржылық және шаруашылық операцияларының сәйкестігін
тексеру және бухгалтерлік есеп берудің шынайылығын қалыптастыру .Басқа
сөзбен айтқанда , коммерциялық банктегі басқару органдарына ішкі бақылау
жүйесімен әртүрлі салаларды бақылауды тиімді жүргізу үшін көмек.Ішкі
аудиттің міндеті ретінде әртүрлі қызықтыратын сұрақтары бойынша бақылау
ақпараттарын беру арқылы басқару органдарының қажеттіліктерін қамтамасыз
ету түсіндіріледі.
Коммерциялық банктегі ішкі аудиттің негізгі міндеттері:
• Банктің және құрылтайшылардың меншігін сақтауды бақылау
(банктің күзетін бақылау, тонау жағдайларын ескерту,
ақшалай қаражатты және мүлікті иемдену, ақшалай
қаражатты және мүлікті басқару сенімі берілген
тұлғалардың меншікке дұрыс емес қатынасы салдарынан
болатын шығындар, қызмет жағдайын пайдалану арқылы
олқылық танытуды ескерту , жарамсыз мүлікті баланстан
шығару тәртібін сақтау ,мүліктердің зақымдануына
байланысты жойылулар мен жетіспеушіліктер, қарыздарын ,
инветарьлау материалдарының рәсімделуін тексеру);
• Бар қорлар мен резервтерді анықтау мен жинақтау (банк
басқармасымен тағайындалған шығындар сметасының
орындалуын бақылау, банктің қорларын мақсатқа сай
пайдалануын бақылау, ақшалай ресурстарды үнемдеу режимін
күшейту );
... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Банктік қызмет етуде аудиттің мәні
Ішкі банктік бақылау әдістері мен тәсілдері
Қаржылық есептеме
Аудиттің мәні, мазмұны және даму тенденциялары
Аудиторлық қызмет ұғымының мәнi
Аудит: әдістемелік маңызы, түрлері
Бухгалтерлік есеп және аудит
Негізгі құралды кәсіпорын ішінде ауыстыру
Банктегі бухгалтерлік есептің міндеттері
Қазақстан Республикасының банктерінің операциялары
Пәндер