Қазақстанның әлемдік экономикаға ойдай кірігуі


Пән: Экономика
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 83 бет
Таңдаулыға:   

Қазақстан әлеуметтік-экономикалық жаңару мен саяси демократияландырудың жаңа кезеңіне қадам басқалы тұр.

Әлемдік елдер тобының ішінен орын алуымызға мүмкіндік беретін басты негіздер:

Біріншіден , дамып келе жатқан қоғамның іргетасы бәсекеге қабілетті бір ғана шикізат секторымен шектеліп қалмайтын ашық нарық экономикасы

бола алады.

Екіншіден , біз ел халқының барлық топтары тұрмысының жоғары сапасын қамтамасыз ететін қоғам құрудамыз.

Үшіншіден , біз демократиялық қоғам орнатудамыз.

Төртіншіден , біз құқықтық мемлекет құрып оны нығайта береміз.

Бесіншіден , біз барлық діндердің тең құқылығына кепілдік береміз және осы заманғы зайырлы мемлекет орнатамыз.

Алтыншыдан , біз қазақ халқының дәстүрін, тілі мен мәдениетін сақтап, түлете береміз. Сонымен қатар ұлтаралық келісімді қамтамасыз етеміз.

Жетіншіден , өз елімізді халықаралық қоғамдастықтың толық құқылы және жауапты мүшесі ретінде қарастырамыз.

Қазақстанның әлемдік экономикаға ойдай кірігуі

Жаңа экономикалық жағдайларға жылдам бейімделуге қабілетті ел болуын қалаймыз. Қазақстан көп тарапты халықаралық экономикалық жобаларға белсене қатыса алады, өйткені қолайлы экономикалық-географиялық жағдайымызға және қолымыздағы ресурстарымызға сүйенеді.

1. 1 Индустрияны дамыту, әлемдік рыноктың бәсекеге қабілетті бола алатын тауарлар мен қызметтерді өңдіру.

Біз түпкі өнімдер мұнайын экспортқа шығаруға бағдарланған өндірістерді, мұнай-газ, көлік саласында және машина жасау мен металлургиядағы, химия мен агроөнеркәсіп кешеніндегі салаларда бірлескен кәсіпорындар құруымыз керек, биотехнологиялық орталықтар, ақпараттық технологиялар паркін дамыту міндеті тұр. 1

Қазақстанның экономикалық дамуының қазіргі таңдағы қарқыны ең алдымен көлік-коммуникация кешенін жеделдете дамытуды талап етеді. Еліміздегі жүк айналымының 70 пайызы, жолаушылар тасымалының 60 пайызы темір жол көлігінің үлесіне тиеді. 2

Темір жол саласындағы жүк айналымының өсу үрдісі барған сайын үдей түсуде. Мысалы, 2005 жылы 172 миллиард т\ш жетті. Ал 2006 жылдың қорытындысы бойынша ол көрсеткіш 188, 7 миллиард т\ш жетті.

Қазақстан өзінің транзиттік әлеуетін тиімді пайдалануға зер салуда. Еліміз Темір жолдар ынтымақтастығы ұйымының, Экономикалық ынтымақтастық ұйымының, Еуропа-Кавказ-Азия көлік дәлізі ТРАСЕКА-ның, Темір жол көлігі жөніндегі орталық кеңестің және басқа да бірқатар халықаралық ұйымдардың мүшесі. 3

Сонымен қатар Алматы - Астана, Алматы - Бішкек, Атырау - Орал, Ақтөбе-Қарабұтақ-Қостанай облысы шекарасы, Астана-Бурабай автожолдары күрделі жөндеуден өткізіліп, пайдалануға берілді.

Көлік страгегиясы шеңберінде 2006-2012 жылдары республикалық маңыздағы автожолдарына 830 миллиард теңге, жергілікті маңыздағы жолдарға 271 миллиард теңге қаржы бөлінетін болады. Бүл қаржыға 25, 6 мың шақырымдық республикалық маңыздағы жолдар, 18 мың шакырымнан астам жергілікгі маңыздағы жолдар жөнделеді.

Алда Алматы-Қорғас, Шымкент-Ташкент, Қордай-Тараз-Шымкент-Түркістан автожолдарын қайта салу міндеті тұр. Оған шамамен 286 миллиард теңге жұмсалмақ.

2006-2008 жылдары әуе кемелері паркі Боинг-737-800, Аэробус-320 үлгісіндегі әуе кемелерімен, ал 2010 жылдан бастап батыстық өндірістің жаңа буыны 1-2 класты әуе кемелерімен толықтырылмақ. Ал еліміздегі негізгі тасымалдаушы - "Эйр Астана" компаниясының ұшақтарының санын 35-ке дейін жеткізу көзделуде.

Көлік стратегиясы шеңберінде республика Үкіметінің қаулысымен Теңіз көлігін дамытудың 2006-2012 жылдарға арналған бағдарламасы бекітілді.

Бүгінгі күнге порттың жүк тиеу қуаты 10 миллион тонна мұнай өнімдері, 1, 5 миллион тонна құрғақ жүк шамасында. Жүк тасқыны көлемінің ұлғаюына байланысты мемлекеттік жеке әріптестік негізінде Ақтау портын солтүстік бағытқа кеңейту көзделген. Осы жоба іске асырылғанда 2012 жылға өткізілетін мұнай өнімдері 40 миллион тоннаға, құрғақ жүк 3, 2 миллион тоннаға көтеріледі, яғни тиісінше 4 және 2 еседен астамға ұлғаяды.

Қазақстанның көлік жүйесін кешенді дамыту үшін жаңадан 1600 шақырымдық темір жол салынып, жүк тасымалы көп 2700 шақырым жол учаскелері электрлендіріледі. 50 мың шақырым автомобиль жолы салынып, қалпына келтіріледі.

Жалпы Көлік стратегиясы бойынша 3, 4 триллион теңгенің ондаған инвестициялық жобасы жүзеге асырылмақ, оның ішінде шамамен 380 миллиард теңгелік концессиялық негізгі 15 жоба бар.

2003 жылдан бері еліміздегі темір жол кәсіпорындарында америкалық "General Elektric" компаниясымен бірге магистральді тепловоздарды жетілдіру жұмыстары жүргізілуде. Соның арқасында локомотивтердің пайдалану мерзімдері 15 жылға, ұзартылуда. Осындай локомотивтерді өзімізде шығару үшін Астанада арнайы бірлескен зауыт салу ісі қолға алынды. Бәсекеге қабілеттілігіміз өндірісте шындалды. 4

Біз Қазақстанның әлемдегі бәсекеге қабілетті 50 елдің қатарына қосылу бағдарламасын ұсынған Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың Жолдауында металлургияны дамытуға арқа сүйеуіміз керек. Қазір электролиз зауытының құрылысы қарқынды жүріп жатыр.

Кезінде жеріміздегі өндіріс орындары мен зауыттарда да еркіндік болған жоқ. Павлодар алюминий зауыты таза алюминий алатын шикізат-глинозем өндірумен ғана шектелді. Қазір зауыт глиноземді өндіреді, ал таза қанатты металл-алюминий алу мен оның шикізатының арасындағы өзіндік құны басқаша. Егемен елдің тұңғыш зауыты, ғасырдың ірі жобасы аталып жүрген электролиз зауытының салынып жатқан құрылысы жоғарыда атап өткен озық ойлар мен жаңа идеялардың, Елбасы нұсқаған басымдықтардың нәтижесі. Таза қанатты алюминий металын алатын электролиз зауыты енді өзімізде жұмыс істейтін болады. Елбасының еліміз үшін шикізат өндірісінен гөрі дайын өнім шығаруға қол жеткізіп, отандық алюминий өндірісін қолға алуды ұсынған идеясы жүзеге асты. Әрі бұл өндіріс орны 90-шы жылдардың басындағы нарықтық экономика мен өмірдің қатал талаптарына сәйкес индустриялық-инновациялық әдіс үлгісімен жұмыс істеуге көшті. Кластерлік әдіс келді. Бұл әдістің тиімділігі, тез арада маңайындағы барлық кәсіпорындарды іске жұмылдырып, бірыңғай экономикалық жүйе құра алады. Осының нәтижесінде зауыт өзінің қырық жылғы тарихында тұңғыш рет биылғы жылы бір миллион 500 мың тонна глинозем өндірді. Бұл жетістік әлемдік деңгейде сапасы жөнінен бәсекеге түсе алатын отандық глинозем өндірісі іске асты деген сөз. Біз бәсекеге қабілеттілікті - стратегиялық басымдықтар өлшемі деңгейінде қарауға қол жеткіздік5.

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың Қазақстанды әлемде барынша дамыған 50 елдің қатарына қосу жөніндегі стратегиясы еліміздің агроөнеркәсіп кешенінің алдына үлкен міндеттер жүктегені белгілі.

Еліміз бойынша 2000 жылдан соңғы кездерге дейін әр сиырдан сауылатын жылдық сүттің орташа мөлшері 1969 литрден 2078 литрге жеткенде (қосылғаны 109 литр), осы көрсеткіш асыл тұқымды малдар іріктелген базалық шаруашылықтарда 3312-ден 3996 литрге (қосылғаны -

648 литр), ал селекциялық топтарда бұдан да жоғарылап - 4987 литрден 6209 литрге (қосылғаны 1222 литр) өскен. Сонда жай сиырға қарағанда асыл тұқымды сиырдың сауылатын сүт көлемі үш есе артық шығып отыр. Бұл малдың күтімі мен осы мәселеге ғылымның қатысуы күшейген сайын олардан алынатын кіріс көлемінің де арта беретінін білдіреді.

2005 жылдың басындағы есеп бойынша асыл тұқымды саналатын малдың мөлшері ірі қара ішінде 3 пайызды, қойда - 5, 3; жылқыда - 1, 2; түйе ішінде - 6, 9; шошқада 4 пайызды құрайды. Сондықтан да еліміздің аграрлық ғалымдары Елбасының ұлттық экономиканың бәсекелестік қабілетін арттыру үшін ең алдымен білім мен ғылымға көбірек көңіл бөлу керек деген тұжырымын белсене қолдап отыр.

Орталықтың қызмет аясындағы Алматы, Шығыс Қазақстан, Жамбыл, Павлодар, Солтүстік Қазақстан, Оңтүстік Қазақстан облыстарындагы 11 асыл тұқымды зауыт пен 34 асыл тұқымды шаруашылықта сүт бағытындағы Алатау, Әулиекөл, Симменталь, Далалық қызыл тұқым секілді асыл тұқымды малдардың жылына 4-5 мың тонна сүт беретін төрт ішкі тұқымдық түрін құру жөніндегі зерттеу жұмыстары жалғасуда. Бүтіндей алғанда селекциялық үдеріске 24699 бас асыл тұқымды мал тартылып отыр.

Ал ет бағытындағы ірі қара шаруашылығындағы селекциялық зерттеу жұмыстары қазақтың ақ бас сиыры мен әулиекөл секілді отандық асыл тұқымды жетілдіру, сондай-ақ Санта-гертруда ("Жетісу" қазақ өңірілік түрін) мен галловейлік тұқымды сақтап, көбейту мен таратуға негізделген. Оған Ақмола, Алматы, Шығыс Қазақстан, Қостанай облыстарындағы 4 асыл тұқымды мал зауыты мен 11 асыл тұқымды шаруашылық тартылды.

Тұқым жақсартушы бұқаларды төменгі өнімділіктегі сиырларға бір рет қолданған жағдайдың өзінде олардан өсірілген төлдерінің тірі салмағы әдеттегіден 48-75 килограмм шегінде артатыны, мұның өзі қосымша сойыстық салмақпен 27-41 килограмм аралығында қосымша ет өндіруге мүмкіндік беретіні дәлелденген. Сондықтан асыл тұқымды зауыттардың өз өңірлеріндегі мал шаруашылығын дамытуға тигізер ықпалын олардағы бұқаларды қолдану арқылы сондай-ақ бұл зауыттардың еншілес шаруашылықтарын құру арқылы арттыру - қазіргі жүргізіліп жатқан ғылыми жұмыстардың өзіндік бір қыры болып отыр. 6

Жылына 300 мың тонна астықты жоғары технологиялық негізде қалдықсыз өңдеп, биоэтанолдан басқа тағы бірнеше өнім шығарылады.

Жоғары технологияларға негізделген және қалдықсыз өнім шығаратын "Биохим" осындай өңдеуші кластер болып табылады. Негізгі өнім биоэтанол екенін жоғарыда айтып өттік. Ол - жанар-жағармайдың октандық санын көтеретін биотұнба, былайша айтқанда, этил спирті. Бидайды тереңдетіп өңдеу арқылы алынған өнімді кейін бензинге қосады. Сонда қалдықсыз жанады. Ауаға тарайтын зиянды да улы заттар әлдеқайда азаяды. Алып өндіріс жылына 57 мың биоэтанолдан басқа 19200 тонна клейковина, 58 мың тонна ұн, 50 мың тонна кебек, 24 мың тонна жемазық ашытқы, 25600 тонна көмірқышкыл газ өндіреді. Мемлекет басшысының облыс аграршыларымен өткізген жиында "Ішкі рыноктың шектеулігі бізді басқалармен қатаң бәсеке-лестікке түсе отырып, экспортқа шығаруға мәжбүрлейді. "Биохимда" жылына 8, 2 миллиард теңгенің өнімдері шығарылып, 70 пайызын сыртқы рынокқа жөнелту көзделген. Тек 2006 жылдың өзінде 5, 2 миллион тонна астық жиналып, бұрын-соңды болмаған рекордтық көрсеткішке қол жетті. Үш жылдың ішінде 31 миллиард теңгенің ауылшаруашылығы техникасы сатып алынды. Жұмыстың 76 пайызға дейіні нақ осы заманғы жоғары өнімді техникамен атқарылды. "Биохимнің" құрылысын жүргізген "Баско" ком-паниясы 100 мың гектар алқапка дәнді дақыл, шошқа, ірі қара өсіреді. 250 мың мекенге арналған құс фабрикасы бар. Ірі биотехнологиялық жобаны іске асыруға "Қазақстан Даму банкі 10, 6 миллиард теңге инвестиция салды.

Астық элеваторларының сыйымдылығы 150 мың тоннаға дейін жетеді, Екі диірменнің тәуліктік қуаттылығы - 910 тонна. Клейковина өндіру, ферменттеу, сүзу цехтары, сыйымдылығы 4, 5 мың тонна спирт қоймасы, әкімшілік, қызметтік-тұрмыстық корпустар, сумен жабдықтау, канализация құбырлары бар. Астық тиелген вагондарды қабылдау және дайын өнімдерді тиеп, жөнелту үшін темір жол желісі салынды. Үкіметтің қаржылық қолдауы арқасында жарты жылдың ішінде Тайынша қаласына 46 шақырымдық су құбыры тартылып, кәсіпорынмен қатар қала тұрғындарына да таза ауыз су жеткізілді. "Аксесс-Энерго" компаниясы арзандатылған электр қуатын бөлді.

Бұл маңай үлкен құрылыс алаңына айналатын түрі бар. Алдағы уақытта мал фермаларын, құс фабрикасын, ет комбинатын салу жоспарланып отыр. Ондағы мақсат - ет, сүт өнімдерін ұқсатып пайдалану. Астық қалдықтары - күнжарма, кебек түрлі белоктармен байытылып, жұғымды жемазық ретінде пайдаланылад ы . Жылуды пайдалану есебінен жылыжай ашып көкөніс өсіру қолға алынбақ. Биопластика, биополимер өнімдерін игеретін болады. Асханалық газды су ісі жолға қойылмақ. 7

Бүгін еліміздің өзінің даму барысындағы басты ұстанымы - Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың әлемдегі бәсекеге мейілінше қабілетті елу елдің қатарына қосылу стратегиясы. Бұл- өміріміздің барлық жағын қамтитын күрделі де кешенді міндет. Осы міндетті орындау барысындағы ақпараттық технологияны дамытудың рөлі мен маңызы ерекше. Әлемдік кеңістікте озық технологиялар мен оның даму қарқыны экономикалық дамудың маңызды тетігі болып отыр. Мысалы, қыркүйек айында Бүкіләлемдік экономикалық форум жариялаған әлемдегі бәсекеге қабілетті елдердің 2006-2007 жылдардағы индексінде Ирландия - 14,

Үндістан - 46 орындарға көтеріліп, үздік елуліктің қатарынан орын алды. Бұл табысқа олар ақпараттық технологияларды дамыту арқылы жетті. 90-жылдардың басында бұл елдердің экономикалық көрсеткіштері төмен еді. Сондықтан сарапшылардың өзі де олардың осыншалықты тез де сапалы ілгерілеушілікке қол жеткізе қоятынын болжай қоймаған.

Қазақстанның қазір және алдағы кезде бәсекелестікке қабілеттілігін айқындайтын әлеуметтік-экономикалық дамуының тағы да бір маңызды факторы -халықтың білімділік деңгейін көтеру, қазіргі білім жүйесін дамыту. Еуразия университетінде оқыған лекциясында Нұрсұлтан Әбішұлы осы мәселені айрықша атап өтті.

Білім беру әдістемелері оқытудың, кадрларды даярлау мен қайта даярлаудың ең озық технологияларына негізделуге тиісті. Оның ақпарат-тандырылу деңгейі, осы заманғы ақпараттық-коммуникациялық технологияларды енгізу білім беру процесіне, оған қатысушылардың өзара қарым-қатынас стиліне, білім берудің соңғы нәтижесі - маманның кәсіптік даярлығына әсер етеді. 8

Қазақстан соңғы жылдары білім жүйесін ақпараттандыру мәселесінде бірқатар оң нәтижелерге қол жеткізді. Оларды былайша талдауға болады:

-мектептерді компьютерлік және мультимедиялық техникалармен, білім берудің интерактивтік құралдарымен жабдықтау;

-мектептерде оқытудың 60, ал кәсіптік білім берудің 10 пайызын электрондық жүйеге көшіру;

-1500 мектеп пен басқа да білім беру нысандарын қамтитын «Қашықтан оқытатын спутниктік арна» құру.

Дей тұрғанмен, әлі де көптеген мәселелер шешіле қойған жоқ. Олардың арасында осы саланың даму қарқыны мен бағыт-бағдарына өзгеріс енгі-зетіндей дәрежедегі маңызды мәселелер де бар. Дәл сондай мәселелер төңірегінде ыждағаттылықпен, мақсаткерлікпен жүмыс істеу керек:

Бірінші - ғылым мен ақпараттандырудың өзара байланысы.

Бүгінгі озық ақпараттық технологиялар әлемі - бұл ғылыми жетістіктердің, инженерлік ойлардың, оларды тиімді іске асырудың нарықтық механизмінің үйлесуі нәтижесі. Осы орайда ғылым мен өндірістің және нарықтық қатынастың арасындағы байланыс қазірше ақсап тұр.

Қазақстанда экономиканы диверсификациялау басталды, осы қажеттілікке орай мемлекет жақын жылдарда ғылымды дамыту мен оның жетістіктерін өндіріске енгізуге айрықша назар аударады. Ғылымды қаржы-ландыру 25 есеге артып, 350 миллиард теңгеге жетеді. Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев өзінің бұл бастамасын өткен жылы «Отан» Республикалық саяси партиясының ҮІІІ съезінің мінберінде тұрып айтты. Сол қаржының бір бөлігін ақпараттандырудың, соның ішінде білімді ақпараттандырудың ғылыми жедел дамытуға жұмсау керек екендігіне сенімдімін. Мұнсыз осы заманғы ақпараттық технологиялардың жоғары ұстанымдары туралы айтудың өзі қиын.

Ақпараттық технология озық ғылыми жетістіктерді жедел өндіріске енгізудің керемет механизмдерін пайдалану мүмкіндігін береді. Сол механизмдерді еліміздің мүддесі үшін, білім мен ғылымды дамыту жолында пайдалануымыз қажет.

Екінші-мемлекеттік және салалық бағдарламалар, соның ішінде ақпараттандыру бағдарламасын жасау мен оларды іске асыру барысында жүйелілік деңгейін шұғыл көтеру .

Осы орайда жақында Елбасымыз мемлекеттік басқарудың, сыбайлас жемқорлықпен күрестің тиімділігі мен ашықтығын қамтамасыз ету үшін электрондық үкімет құру мәселесін негізгі фактор ретінде атап өтті. Бұл- үлкен іс. Жақын болашақта ол әрбір Қазақстан азаматының өміріндегі маңызды тетік болуға тиісті. Ендеше Қазақстан азаматтарын электронды үкі-метті пайдалануға үйретуіміз керек, олардың білім деңгейі соған сәйкес болуға тиісті, білімді ақпараттандыру мәселесі де осы міндетпен астасып жатқаны мақұл.

Үшінші-қашықтан білім беру технологиясын ендіру барысында жоғары оқу орындарының материалдық және зияткерлік құндылықтарының бытыраңқылығы.

Білім беру стандарттары барлық жоғары оқу орындары үшін бірдей және міндетті. Бірақ білім берудің ақпараттық технологиясын ендірудің сапасы мен деңгейі әр түрлі болуы мүмкін. Себебі, әр оқу орны өзінің қаржылық, зияткерлік және материалдық мүмкіндіктерін ескере отырып оны өздерінше енгізеді. Осындай сәйкессіздікті жою жолдарын ойлану керек.

Төртінші-қашықтан оқытудың бағдарламалық, ақпараттық, тех-никалық тұрғыдан қамтамасыз етілуі, соның ішінде білім беруді басқару жүйесі де бар, әлі де жеткілікті дәрежеде емес.

Қашықтан оқыту, әсіресе екінші білім беру мен мамандарды қайта даярлау жүйесінде өте маңызды. Сондықтан да тиісті жүйені жасаған кезден бастап жоғары сапалық деңгейді қамтамасыз етудің рөлі күшті. Білім және ғылым министрлігі бүкіл ел аумағында сапалық деңгейді көтеруге мүмкіндік беретіндей біркелкі білім беру порталын жасауды жеделдеткені дұрыс.

Қазақстанда озық ақпараттық технологияларды жасауға жақсы ғылыми, математикалық негіз бар. Бірақ коммерциялық негізде әлемдік дәрежедегі жоғары бағдарламалық өнімдер дайындай алатындай программистер өте аз.

Бесінші-қашықтан оқытудың нормативтік-құқықтық негізі ха-лықаралық стандарттарға сәйкес келмейді. Бізде екі мемлекеттік стандарт бар. Олар білім берудің мемлекеттік стандарты және қашықтан оқытуды ұйымдастыру ережесі. Осы екеуін халықаралық нормаларға сәйкес бір-бірімен байланыстыру керек.

Халықаралық бәсекелестік араға уақыт салуға мұрсат бермей тұр. Сондықтан аталған кемшіліктерді жедел жою жолдарын қарастыру қажет.

Болжам бойынша, елімізде 2008 жылы әрбір 100 адамға шаққанда 21 кәдімгі желілі телефоннан, 50 ұялы телефоннан, 30 интернет нүктесінен айналатын болса, 2012 жылы бұл көрсеткіш 40 желілі телефоннан, 110 ұялы телефоннан, 50 интернет нүктесінен келетін болады. Қазақстан аталған мерзімде ақпараттық-коммуникациялық саласы бойынша әлемнің бәсекелестікке барынша қабілетті 50 елінің қатарынан берік орын алады деп күтілуде. 9

1. 2 Қазақстанның өңірлік және халықаралық экономикалық бірлестіктер қатысуы жолымен халықаралық экономикаға кірігуі

Қазақстан көп тарапты халықаралық экономикалық жобаларға белсене қатыса алады.

Біз ЕурАзЭқ шеңберінде ынтымақтастықты кеңейтуге және Біртұтас экономикалық кеңістікті қалыптастыруға қатысамыз.

Бүкілдүниежүзілік банк, Еуропа Қайта құру және даму банкі, Азия даму банкі және таяуда құрылған Еуразия даму банкінің жобаларына баса назар аудару керек. 10

2006 жылы 25 қаңтарда Санкт-Петербург қаласында Еуразиялық экономикалық қоғамдастықтың кезектен тыс самиті өтті. Онда Өзбекстан республикасы өз өтініші бойынша осы ұйымның құрамына қабылданды. 2000 жылдың 10 қазанында Астана қаласында Қазақстан, Ресей, Беларусь, Қырғызстан, Тәжікстан сияқты бес мемлекеттің қатысуымен құрылған ұйым тағы бір мүшеге толықты. Бұл ұйым өзіне мүше елдер аумағында еркін сауда аймағын құру, бірыңғай кедендік тарифтер қолдану, БСҰ- на өтуде келісілген ұстанымда болу, сыртқы шекаралардың қауіпсіздігін сақтау, әлеуметтік-экономикалық даму үрдістері барысында келісілген бағдарламалар қабылдау, энергетика мен көлік салаларында ортақ рынок жасау және тағы басқа мәселелерді шешу үшін құрылған болатын. Бүгінгі күні ЕурАзЭҚ ТМД аумағындағы ең жақсы дамып келе жатқан өңірлік бірлестік болып табылады. Ол БҰҰ Бас Ассамблеясының байқаушысы ресми мәртебесіне де ие. Сонымен бірге бірлестік шеңберіндегі елдер арасында көптеген тауарлар бойынша бірыңғай импорттық тариф қолданылады. Бүгінде ол барлық тауар тізімінің 62 пайызын қамтиды. Ал Кедендік Одаққа жалғасатын, қазірдің өзінде басталып кеткен бірыңғай кедендік аймақ құру жұмысы барысында ол тауарлар номенклатурасының 80 пайызын қамтуға мүмкіндігі бар. Осы интеграциялық үрдістерге іскер топтарды тарту үшін бірлестік шеңберінде олардың кеңесі құрылған.

2005 жылдың 6 қазанында Санкт-Петербургте болған кезекті самитте Орталық Азия ынтымақтастық ұйымы (ОАЫҰ) мен ЕурАзЭҚ ты біріктіру туралы шешім қабылданған болатын. Мұның өзі саяси тұрғыдан да мүше елдерге тиімді еді. Өйткені, мақсаты бір екі ұйым құрғаннан гөрі оларды ықпалдырақ біреуіне айналдырған анағұрлым ұтымды. Бұл мүше елдердің екі бірдей ұйымның жұмыс топтарын ұстауға кететін артық шығынын да азайтады. Сондықтан да ОАЫҰ дағы ЕурАзЭҚ -қа мүше емес жалғыз Өзбекстанның соңғы ұйымға мүше болуға өтінішбілдіруі қосылу үдерісін жылдамдата түсті. ЕурАзЭҚ елдері осы күнге дейін 84 келісімге қол қойған және соның 60-тан астамы іс жүзінде қолданысқа түскен. ОАЫҰ құрылғаннан бері бұл ұйымда 289 құжатқа қол қойылған. Қазір соның ЕурАзЭҚ-тың мақсаттарына сәйкес келетін мүше елдер жаңа ұйымға бейімдеуге ұмтылуда, ала қорғаныс, есірткі трафигіне қарсы күрес, сыртқы қауіпсіздік сияқты мәселелербасқа ұйымның шеңберіне топтасуы керек деп шешілді. Бұл жерде, бірінші кезекте, Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымы (ҰҚШҰ) ескеріліп тұрғаны мәлім. Айта кететін жәйт, саммит барысында ресмитүрде болмаса да, Өзбекстанның осы ұйымға да мүше болып болып кіруі мүмкін екендігі айтылып қалды.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақстанның әлемдегі бәсекеге қабілетті 50 елдің қатарына кіру стратегиясының алғышарттары
Экономикалық даму туралы
Бірінші басымдық: Қазақстанның әлемдік экономикаға ойдағыдай кірігуі – елдің экономикалық дамуының сапалық серпілісінің негізі
Экономиканың жүйелердің негізгі типтері
Өнімнің бәсекеге қабілеттілігін арттыруда стандарттау мен сертификаттаудың маңыздылығы
Қазақстан Республикасының сауда ұйымына кірудегі маңызы
Елдің экономикалық дамуының сапалық серпілісі
Алматы қаласындағы экономиканы мемлекеттік реттеу
Әлемдік экономикалық қатынастар түсінігі
Қазақстан Республикасының Президентінің жыл сайынғы Жолдауы (1997-2011 жыл)
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz