Банктік бақылау мен қадағалаудың түсінігі,түрлері



I. Кіріспе

II. Негізгі бөлім

1. Банктік бақылау мен қадағалаудың түсінігі,түрлері
1.2. Банктегі ішкі бақылау,оның мақсаты және негізгі міндеттері
2. Банктік қадағалаудың әдістері
3.CAMEL жүйесі
4. Қазақстан Ұлттық Банкінің бақылау және қадағалау функциялары
5.Шет елдердегі банктердің қызметіне бақылау мен қадағалаудың өзіндік жүйесі

III. Қорытынды

IV. Пайдаланылған әдебиеттер
Банктік жүйенің елдің экономикасында алатын ролі мен орны ауқымды . Сондықтан несие-банктік сфера мемлекеттік органдар жағынан мұқият бақылау мен талдаудың объектісі болып табылады. Әрбір елде банктік қызметті әр түрлі аспектілерде реттеп отыратын , өзіндік бақылау мен құқықтық актілер жүйесі жұмыс істейді. Республикамызда банктерді бақылау мен қадағалау Қазақстан Республикасының банктік және басқа да заңдарының сақталуын қамтамасыз етуге , шаруашылық-қаржылық қызметті және банктегі оның мекемелерінде жұмысты ұйымдастыруды кезеңдік тексеруге бағытталған кешенді шаралар жиынтығы ұсынылады.
Банктер үстінен жасалатын бақылау мен қадағалауды : халықаралық, мемлекеттік, аудиторлық және құрылтайшылық деп бөлуге болады.
Республикада банктер үстінен халықаралық бақылауды Дүниежүзілік банк, Халықаралық валюалық қор, т.б. жүзеге асырады.Олар республикаға өз несиелері мен экономикасын нарыққа көшіру барысында қаржылық және ғылыми-техникалық көмек көрсете отырып, белгілі бір талаптар мен шарттар қояды. Мысалы, елде инфляцияны белгілі бір шекке төмендету , банктік реформа бойынша олардың ұсыныстарын сепке алу, т.б. Сонымен қатар, елдегі экономикалық жағдайдың дамуымен бірге - банктік жүйенің жұмысы мен жеке банктердің қызметін де бақылап отырады.
Мемлекеттік бақылау ведомстводан тыс және ішкі ведомстволық болады.
Банктер үстінен ведомстводан тыс бақылауды Президент жанындағы Қаржылық бақылау Комитеті, Жоғары Кеңестік бақылау палатасы, бас салықтық инспекция, құқық қорғаушы органдар жүзеге асырады.
Олар банктік қызметі әр түрлі бағыттар бойынша тексереді: шаруашылық және операциялық, бухгалтерлік есеп пен есеп берудің жағдайын, заңдық және нормативтік талаптардың сақталуы, клиенттер мүдделерінің қорғалуы, ақша - несие саясатының дұрыс жүргізілуі және т.б.
Банктер қызметіне қадағалау және ішкі ведомствалық бақылауды банк жүйесінің жоғары буыны - Ұлттық банк өзінің Қадағалау департаменті арқылы жүзеге асырады. Бақылау қызметі туралы 6тарауда толығырақ берілген.
1. «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы» 1995ж. 30 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңы.
2. «Қазақстан Республикасындағы банктер және банктік қызмет туралы» 1995ж. 30наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңы.
3. Ақша,несие,банк. Ғ.С.Сейітқасымов . Алматы: Экономика 2006ж.
4. Коммерциялық банктер операциялары. С.Б.Мақыш. Издат. Маркет. Алматы, 2006ж.
5. Банктік құқық. С.М.Найманбаев. Алматы, Жеті жарғы 2005ж.
6. Банкілік құқық. Оқу құралы. А.С.Тасыбаев. Алматы, 1999ж.
7. «Қаржы рыногы мен қаржылық ұйымдарды мемлекеттік реттеу және қадағалау туралы» 2003жылғы 4 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы.
8. Қазақстан Республикасының Конституциясы. (1995жылғы 30тамызда өткізілген республикалық референдумда қабылданды. 1998ж. 7қазандағы ҚР заңымен тиісті өзгерту енгізілді).
9. Банк қызметі туралы (ҚР құқықтық актілер жиынтығы) Алматы.: ЮРИСТ, 2005.
10. «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» ҚР Кодексі (Салық кодексі). Алматы: Юристъ,2005.
11. ҚР Президентінің 2003жылғы 31желтоқсандағы Жарлығымен бекітілген «ҚР Ұлттық Банкі туралы ереже».
12. «ҚР кейбір заңнамалық актілеріне қаржы нарығын реттеуді жүзеге асыратын мемлекеттік органдар қызметінің мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2005ж. 8шілдедегі ҚР заңы // Егемен Қазақстан. 2005 ж. 16 шілде.
13. Банковское право(отв.ред.А.А.Травкин) М.: Юристъ,2005.
14. Алексеев Д.Г., Пыхтин С.В.,Хоменко Е.Г. Банковское право. М.: Юристъ, 2003.
15. Давыдова Л., Райманов Д. Банковское право Республики Казахстан. Алматы: Жеті Жарғы, 2004.
16. Ерпылова Н.Ю. Международное банковское право. М.: Дело, 2004.
17. Олейник О.М. Основы банковского права. М.: Юристъ, 1997.
18. Эриашвили Н.Д. Банковское право. М.: ЮНИТИ – ДАНА ,Закон и право. 2000.

Пән: Банк ісі
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 23 бет
Таңдаулыға:   
Жоспары:

I. Кіріспе

II. Негізгі бөлім

1. Банктік бақылау мен қадағалаудың түсінігі,түрлері
1.2. Банктегі ішкі бақылау,оның мақсаты және негізгі міндеттері
2. Банктік қадағалаудың әдістері
3.CAMEL жүйесі
4. Қазақстан Ұлттық Банкінің бақылау және қадағалау функциялары
5.Шет елдердегі банктердің қызметіне бақылау мен қадағалаудың өзіндік
жүйесі

III. Қорытынды

IV. Пайдаланылған әдебиеттер

I. Кіріспе

Банктік жүйенің елдің экономикасында алатын ролі мен орны ауқымды .
Сондықтан несие-банктік сфера мемлекеттік органдар жағынан мұқият бақылау
мен талдаудың объектісі болып табылады. Әрбір елде банктік қызметті әр
түрлі аспектілерде реттеп отыратын , өзіндік бақылау мен құқықтық актілер
жүйесі жұмыс істейді. Республикамызда банктерді бақылау мен қадағалау
Қазақстан Республикасының банктік және басқа да заңдарының сақталуын
қамтамасыз етуге , шаруашылық-қаржылық қызметті және банктегі оның
мекемелерінде жұмысты ұйымдастыруды кезеңдік тексеруге бағытталған кешенді
шаралар жиынтығы ұсынылады.
Банктер үстінен жасалатын бақылау мен қадағалауды : халықаралық,
мемлекеттік, аудиторлық және құрылтайшылық деп бөлуге болады.
Республикада банктер үстінен халықаралық бақылауды Дүниежүзілік банк,
Халықаралық валюалық қор, т.б. жүзеге асырады.Олар республикаға өз
несиелері мен экономикасын нарыққа көшіру барысында қаржылық және ғылыми-
техникалық көмек көрсете отырып, белгілі бір талаптар мен шарттар қояды.
Мысалы, елде инфляцияны белгілі бір шекке төмендету , банктік реформа
бойынша олардың ұсыныстарын сепке алу, т.б. Сонымен қатар, елдегі
экономикалық жағдайдың дамуымен бірге - банктік жүйенің жұмысы мен жеке
банктердің қызметін де бақылап отырады.
Мемлекеттік бақылау ведомстводан тыс және ішкі ведомстволық болады.
Банктер үстінен ведомстводан тыс бақылауды Президент жанындағы Қаржылық
бақылау Комитеті, Жоғары Кеңестік бақылау палатасы, бас салықтық инспекция,
құқық қорғаушы органдар жүзеге асырады.
Олар банктік қызметі әр түрлі бағыттар бойынша тексереді: шаруашылық
және операциялық, бухгалтерлік есеп пен есеп берудің жағдайын, заңдық және
нормативтік талаптардың сақталуы, клиенттер мүдделерінің қорғалуы, ақша -
несие саясатының дұрыс жүргізілуі және т.б.
Банктер қызметіне қадағалау және ішкі ведомствалық бақылауды банк
жүйесінің жоғары буыны - Ұлттық банк өзінің Қадағалау департаменті арқылы
жүзеге асырады. Бақылау қызметі туралы 6тарауда толығырақ берілген.

II. Негізгі бөлім

Банктік бақылау мен қадағалаудың түсінігі,түрлері.

Аудиторлық бақылауды арнайы және тәуелсіз аудиторлық мекемелер, бақылау
палаталары, ассоциациялар жүзеге асырады. Аудит өз алдына банктердің
қызметіне бақылаудың тәуелсіз нысаны болып табыла отырып, ол ішкі және
сыртқы болып бөлінеді.
Банк қызметінің сыртқы аудиторы лицензиясы бар арнайы тәуелсіз
аудиторлық ұйымдармен немесе лицензиясы бар тәуелсіз жеке аудитормен ақы
төлеу келісім- шарты негізінде жүргізіледі.[1]
Аудиторлық ұйымдар және аудиторлар бухгалтерлік есеп пен есеп берудің
нақтылығын тексере отырып, қаржы-шаруашылық операциялардың заңдарға
сәйкестігі мен олардың мәліметінің растығын бекітеді; іс жүргізу
дұрыстығын, құжат айналымының ұйымдастырылуын келісім шарт жасау шарттары
мен несиенің қамтамасыз етілуін бақылайды төлемдердің уақтылы төленуін,
кассалық тәртіптің сақталуын, т.б. жағдайларды тексереді.
Өз қорытындысында аудиторлар жіберілген қателер мен кемшіліктер бойынша
кеңестер мен ұсыныстар береді.
Ішкі аудит жетекші бақылау формасын білдіреді және оны жүзеге асыруы
үшін банкте арнайы ішкі бақылау бөлімі құрылады. Оның негізгі міндеті:
бөлімшелерге берген банк жетекшілерінің нұсқауларын дұрыс орындалғанына,
банктік қызмет және оның жеке қызмет пен бөлімдердің әлсіз жерлерін
анықтау, материалдық және қаржылық құндылықтарының сақталу қауіпсіздігін
тексеру және қамтамасыз ету, т.б. жатады.[2]
Банк қызметіне құрылтайшылық бақылау бірнеше формада жүргізіледі:
басқарма қызметіне бақылау кеңесінің жүргізетін;ревизиялық комиссия;
акционерлерінің бақылауы.
Акционерлер банк жетекшісімен өткен қаржылық жылдағы, оның қызметінің
нәтижелері жайлы қызметті мәліметтерді алуға, қорытындыланатын банк
қызметіне тікелей бақылау жасауға құқылы және олар бақылау қорытындысын
акционерлердің жиналысында жариялайды.
Бақылауды жүргізу үшін акционерлер сараптамашыларды, аудиторларды, т.б.
шақыра алады.

Банктегі ішкі бақылау,оның мақсаты және негізгі міндеттері.

Банктегі ішкі аудит (бақылау) жүйесінің негізгі мақсаты банк
қызметкерлерінің заңдарды және кәсіптік қызметтің стандарттарын сақтауын
бақылауды ұйымдастыру, банк жүргізетін операциялардың сипаты мен ауқымына
сәйкес келетін тиісті дәрежедегі сенімділік деңгейін қамтамасыз ету және
банктік қызметтің тәуекелін азайту арқылы банктің, оның кредиторлары мен
клиенттерінің заңды мүддесін қорғау болып табылады.
Ішкі бақылау жүйесін ұйымдастырған кезде, банктер тиісті ереженің
талаптарын және қаржы рыногы мен қаржылық ұйымдарды реттеу және қадағалау
жөніндегі уәкілетті органның (қазақстан Республикасы Агенттігінің)
нормативтік құқықтық актілерін ескеруге тиіс.[3]
Банктегі ішкі бақылау мыналарға:
1) банктің операцияларды қолданылып жүрген заңдардың талаптарына,
сондай-ақ оның саясатына және банктің уәкілетті органы бекіткен тиісті ішкі
нормативтік құқықтық актілермен баянды етіліп, белгіленген рәсімдеріне
сәйкес жүргізуге;
2) банктің қолданыстағы заңдардың талаптарын орындауға ;
3) қолданыстағы заңдарда көзделген есеп пен есеп беруде жүргізілген
банктік және өзге де операциялардың уақтылы, дұрыс, толық және дәл
көрсетілуіне;
4)банкте оның активтері мен пассивтерін басқарудың тиімді жүйесін
құруға;
5)банктік қызметтің тәуекелін басқаруға және оны азайту мониторингін
жүргізуге;
6)заңсыз жолмен алынған кірісті заңдастыруға жол бермеуге бақылау
жасауды қамтамасыз ету мақсатында құрылады.
Банктегі ішкі бақылау әкімшілік, қаржылық және техникалық бақылауды
жүзеге асыру арқылы жүргізіледі.
Банкте ішкі бақылаудың тиімді жүйесін қалыптастыру үшін мына:
1) ішкі бақылауды біріктірілген негізде (филиалдарды, өкілдіктерді,
еншілес банктерді қоса алғанда) жүзеге асыруға мүмкіндік беретін жүйе құру;
2) банктің ішкі бақылауды реттейтін ішкі құжаттарын әзірлеу және
бекіту;
3) бухгалтерлік есепке алу стандарттарына және ішкі бақылау
мақсаттарына сәйкес келетін бухгалтерлік есепке алуды ұйымдастыру;
4) тәуекелді басқару және оларды азайту жүйесін құру, сондай-ақ тиісті
іс-шаралар жоспарын әзірлеу;
5) түрлі деңгейдегі ақпаратқа құжаттамаға қол жеткізу және оны тарату
мүмкіндігін шектеу жүйесін құру сияқты шарттылықтарды орындау қажет.
Банктегі ішкі бақылауды қажетті көлемде құқықтық реттеу мақсатында
уәкілетті орган банктің ішкі ережелерін және банктік операция жүргізу
жөніндегі жалпы жағдайлар туралы ережелерді сондай-ақ мынадай:
- банктегі ішкі бақылауды ұйымдастыру;
- банктің ішкі бақылау қызметінің;
- банктің ішкі кредит саясатының;
- өтімділік, кірістің ең аз деңгейі, активті және пассивті
операцияларға арналған лимиттер, қарсы әріптестер бойынша шектеулер, сондай-
ақ банктің активтері мен пассивтерін басқаруды жүзеге асыруға қатыстырылған
адамдардың жауапкершілігі мен өкілеттігі туралы мәселені қоса алғанда
банктің активтері мен пассивтерін басқару стратегиясы мен рәсімдері;
- банктегі бухгалтерлік есепке алу саясатының;
- коммерциялық және қызметтік құпия болып табылатын құжаттардың,
мәліметтердің және ақпараттың тізбесін, сондай-ақ оны беру, айырбастау және
сақтау тәртібін белгілеу мәселелері бойынша банктің ішкі құжаттарын
әзірлеуге және бекітуге тиіс.
Банктік құпия режимімен қамтылатын ақпаратты қорғаудың тиімді жүйесін
құру үшін банкте мынадай:
1) коммерциялық және қызметтік құпияны сақтауға қажетті жағдайлар
жасау;
2)түрлі деңгейдегі коммерциялық және қызметтік құпияға банктің
қызметкерлерінің қол жеткізу мүмкіндігін шектейтін лайықты жүйе құру;
3) банктің қызметкерлерімен коммерциялық және қызметтік құпияны
жарияламау туралы жазбаша келісім жасасу сияқты іс-шаралар орындалуға тиіс.

Банктің ішкі бақылау қызметі жоғарыда аталған іс-шаралардың орындалуына
бақылау жасауға тиіс.[4]
Ішкі бақылау қызметінің негізгі міндеттеріне:
1) банктің қолданыстағы заңдарда көзделген банктік және өзге де
қызметін жүргізуі мен жүзеге асыруын реттейтін ішкі құжаттарды қабылдауына
бақылау жасау;
2)банктің құрылымдық бөлімшелері жүзеге асыратын іс-қимылдар мен
операцияларды жоспарлы түрде және жоспардан тыс ұдайы тексеруді
ұйымдастыру;
3) банк қызметкерлерінің қолданыстағы заңның және банктің ішкі
құжаттары талаптарының орындауын тексеру;
4) банктік қызмет тәуекелін басқаруға және мониторингін жүзеге асыруға
бақылау жүргізу;
5) банктің құрылымдық бөлімшелерінің және жекелеген қызметкерлерінің
жұмысында анықталған барлық тәртіп бұзушылықтар мен кемшіліктер туралы
банктің басшылығы мен байқаушы кеңесіне хабарлап отыру;
6) банктің құрылымдық бөлімшелерінің банктің қызметін реттейтін
мемлекеттік органдардың бұйрықтарын, сондай-ақ банк басшылығының нұсқаулары
мен өкімдерін орындауына бақылау жасау;
7) банктің банктік, коммерциялық және қызметтік құпияға жататын
мәліметтерді сақтау жөнінде шаралар қолдануына бақылау жасау;
8) банктің басқа құрылымдық бөлімшелерінде анықталған кемшіліктер мен
тәртіп бұзушылықты жою, сондай-ақ банктің қызметін жақсарту және оның
тиімділігін арттыру жөнінде нақты іс-шаралар тізбесін көрсете отырып, банк
басшылығына ұсыныс жасау жатады.
Ішкі бақылау қызметінің өкілеттігі:
1) банктің құрылымдық бөлімшелері жүзеге асыратын іс-әрекеттер мен
операциялардың қолданыстағы заңдардың және банктің ішкі құжаттарының
талаптарына сай болуын жоспарлы түрде және жоспардан тыс кезеңдік
тексерулер жүргізу жолымен айқындауды;
2)банктің ішкі құрылымдық бөлімшелерінен коммерциялық және қызметтік
құпия болып табылатын кез келген құжаттаманы, мәліметті және ақпаратты
алуға;
3) банктің уәкілетті органдары шығаратын барлық құжаттардың банктің
жалпы саясатына, ішкі бақылаудың мақсаттары мен міндеттеріне сәйкес келуіне
сараптама жүргізуді;
4) банктің кез келген үй-жайына кедергісіз кіруді (кіруге шек қойылған
үй-жайларға банк басқармасы төрағасының жазбаша рұқсатымен кіруді) ;
5) қажет болған жағдайда ішкі бақылау міндеттерін шешу үшін банктің
басқа құрылымдық бөлімшелерінің қызметкерлерін тартуды;
6)банктің басшылығына өзінің қызметтік міндеттерін бұзған банк
қызметкерлерінің оларға жүктелген міндеттерін орындаудан шеттету немесе
тиісті негіз болған жағдайда банктің оның құрылымдық бөлімшелерінің кейбір
операцияларды тоқтатуы қажеттігі туралы хабардар етуді қамтиды.
Ішкі бақылау қызметі өзінің жұмысында банктің жарғысын, банктің ішкі
бақылауы мен ішкі бақылау қызметін ұйымдастыру туралы ережелерді, сондай-ақ
банк қызметін реттейтін басқа да ішкі құжаттарды басшылыққа алып отырады.
Банктің ішкі бақылау қызметі банктің дербес құрылымдық бөлімшесі болып
табылады.

Банктік қадағалаудың әдістері.

Қазақстандағы екінші деңгейдегі банктердің қызметін реттеу Ұлттық
банктің Қаржылық қадағалау департаменті көмегімен жүзеге асады.
Мұндағы басты міндеттердің бірі – бұл банктердің қызметін ретеуді
экономикалық тиімді жолмен жүргізуді қамтамасыз ету, яғи банктік сектордың
сенімділігі мен тұрақтылығын қолдау.Ал, ол міндетті шешуде банктердің
қызметін қадағалаудың 2 негізгі әдісін қалай тиімді қолдану мәселесі
туады.[5]
Бұл қашықтан (дистанционды) қадағалау әдісі және инспекциялық әдісі.
Қашықтан қадағалау әдісі – бұл банктердің қадағалау органдарына
мәліметтер беру түрінде жүргізілетін пруденциялық қадағалау әдісі.
Қашықтан қадағалау механизмі 1-суреттегі тәртіпте жүзеге асырылады.

1-сурет. Қашықтан қадағалау механизмі.

Ақпараттық есеп базасы. Банктердің қызметін кешенді түрде сипаттайтын
ақпараттың негізгі және жинақтаушы көздері болып табылатын банк балансы мен
қаржылық есеп есебін талдау барысында жеке банктік операциялардың
тәуекелдік деңгейі мен табыстылығын, өтімділігін анықтауға, меншікті және
тартылған қаражаттардың көздерін, олардың белгілі бір мерзімге немесе
белгілі бір кезеңге орналастыру құрылымын айқындауға, сондай-ақ банк
жүйесіндегі жеке бір банктердің қызметінің мамандануы мен маңызын
белгілеуге мүмкіндік береді.
Қаржылық талдаудың мақсаты – енді пайда болып келе жатқан мәселелерді
қаржылық тұрақсыздыққа ұшырауға дейін айқындау. Бұндай мәселелерді айқындау
банктердің қаржылық есеп беруінен және осы мәселеге қатысты басқа да
ақпараттардан (басқару сапасы туралы, сыртқы аудиттің сапасы мен
аудиторлардың есеп беруінің мазмұны туралы ақпараттар) алынатын қаржылық
ақпараттарды талдауды жүзеге асырумен іске асады.
Қашықтан талдау жүргізетін мамандар мынадай міндеттерді шешеді:
1) Банктердің пруденциялық нормативтері мен сақтауға міндетті басқа да
нормалар мен лимиттерді, резервтік талаптар және күмәнді қарыздарға қарсы
провизияларды құру барысының орындалуын тексеру.
2) Банктердің қаржылық қызметін қарастыру, оның болашақтағы жұмысы мен
дамуы жайлы ой қалыптастыру, оның нәтижелерін соған ұқсас банктердің
нәтижелерімен салыстыра отырып бағалау.
Екінші деңгейдегі банктердің қаржылық қызметін талдау банктердің
қызметінің қаржылық жағдайы мен нәтижесіне қатысты төмендегідей маңызды
сұрақтарды қамтиды:
1) капитал;
2) активтердің сапасы;
3) пайдалылық пен рентабельділік ;
4) өтімділік.
Қаржылық талдаумен айналысатын мамандар банктік мәселелердің пайда
болуының мүмкін болар жақтарын айқындауы тиіс.
Капиталды талдау.
Капитал – банктің қаржылық жағдайының ең маңызды көрсеткіші болып
табылады.
Капитал жеткіліктілігі, оның табыстылығы сияқты қашықтан бақыланып
отыруға тиіс. Сондықтан банктің капитал бойынша ұстанымын жан-жақты талдау,
кез келген банкті қашықтан тексерудің маңызды элементтерін білдіреді.
Жалпы капитал жеткіліктілігі туралы өзінің ойын қалыптастыратын
талдаушы мынадай сұрақтарды ескеруі қажет:
• Банк капиталы стандарттарға жауап бере ме?
• Ең төменгі мөлшерді асқан жағдай бар ма?
• Капитал деңгейінің банктің өзіне алған тәуекелге қатынасы қандай?

• Ең төменгі стандарттармен жеткіліксіз есептеуге алынған
тәуекелдер бар ма?
• Банк капиталының деңгейінің өзгеру үрдісі қандай?
Оның көбеюі мен азаюының себептері неде?

• Банк капиталының сапасы қандай?
Капиталдың кез келген бөлігін банк үшін тұрақты қаражаттар көзі деп
санамауға себептер бар ма?
Активтердің сапасын талдау. Банктің активтерінің сапасы банктік
операциялардың барлық аспектілеріне әсерін тигізеді. Егер қарыз алушы
өзінің қарыздарын қайтармайтын болса және олар бойынша пайызды төлемейтін
болса, онда банктің таза пайдасы азаяды. Ал пайдасының азаюы, өз кезегінде
өтімділіктің жетіспеушілігіне әкеп соғуы мүмкін. Таза пайданың тұрақсыздығы
банк капиталын көбейтуге мүмкіндік бермейді және активтер сапасының
нашарлауы жалпы капиталға теріс әсерін тигізеді. Осы себептердің салдарынан
банктердің төлем қабілетсіздікке ұшырауы мүмкіндігі туындайды.
Активтердің сапасын қашықтан бақылау мен талдау банктердің қызметін
реттеу механизмінің маңызды бір бөлігі болып табылады. Қашықтан бақылаудың
талдаушысы банк активтерінің жалпы сапасының нашарлауы бойынша банк
басшылығына хабарлайды және инспекторлық тексеру кезінде зерттелетін
факторлардың қатарына қосуы мүмкін. Бірақ қашықтан басқарудың тиімділігі
банк беретін ақпараттардың сапалылығымен ғана шектеледі.Ал активтердің
сапасын нақты көрсететін мәліметтерді алу үшін, банкте проблемалық
ссудаларды анықтауға және оларды тиісті түрде жүктеуге мүмкіндік беретін
активтердің ішкі талдау жүйесі болу қажет. Сонымен қатар, банктердің
болашақтағы активтерінің сапасы қазіргі уақытта берілетін жаңа ссудаларға
байланысты болады.[6]
Табыстар мен шығыстарды талдау. Капитал, банктің қаржылық жағдайының
ең маңызды көрсеткіштерінің бірі дедік. Ал капиталдың тұрақты жағдайын,
сәйкес табыстарсыз қолдау мүмкін емес.банк неғұрлым рентабельді жұмыс
жасаған сайын, соғұрлым жыл сайын өзінің капиталын толықтырып және
акционерлеріне пайда беріп отырады. Акционерлер банктің одан әрі дамуына
жағдай жасайды. Ал шығындар, банктің капиталын азайтып немесе жойып жіберуі
мүмкін. Өз табыстарын қайтара алмаған акционерлер капиталды инвестициялауды
тоқтатып, соның салдарынан банк банкротқа ұшырауы мүмкін.
Сондықтан банктің табыстарын үздіксіз қашықтан бақылау қажет.
Банк өз қызметін жүзеге асыру барысында көптеген банктік
операцияларды жүргізеді.
Операцияларды жүргізуде пайыздық, пайыздық емес және басқа да
шығындары болады. Банк осы операцияларды жүргізуге арналған ғимараттары,
құрылғылары және қызметкерлері болғандықтан, оның әкімшілік шығындары да
болады. Ал осы шығындарды жабу көзі банктің табысы болып табылады.
Сондықтан банк өзінің табысын тиімді болу саясатына негіздеп, бос
шығындарды қысқартып, табыстың көп бөлігін банктің дамуына, өсуіне және
капиталдануына жұмсауы керек. Осы орайда банктің шығындарын талдау қашықтан
талдауда маңызды орын алады.
Банктің шығындарын талдауда қарастыратын негізгі мәселелер мыналар:
- шығындардың құрылымы;
- пайыздық шығындардың көлемі;
- пайыздық емес шығындар мен басқа шығындардың көлемі;
- әкімшілік шығындар;
Өтімділікті талдау. Банктің өтімділік жағдайы оның барлық қызметінің
көрсеткіштеріне әсер етеді.
Банктің өз міндеттемелері бойынша жауап бере алмауы банкке деген
сенімінің жоғалуына әкеп соғуы мүмкін. Сондықтан өтімділікті қашықтан
талдау мен қадағалауда өтімділікке әсер ететін банктің барлық көрсеткіштері
мен жағдайлары ескеріліп, өтімді активтердің сомасы мен міндеттемелердің
құрамы сияқты банктің өтімділігі бойынша объективті көрсеткіштерге көңіл
аударылады.Сондай-ақ банктің өтімділігін кең түрде талдау арастырылады.
Екінші деңгейдегі банктердің жағдайы туралы ақпараттарды сақтайтын
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банктің электронды жүйесінің (BOSS) Ұлттық
Банк алдында мынадай міндеттері болады:
- банк басшылығымен үнемі және тиімді байланыста болу;
- өз бақылауындағы банктердің жағдайы туралы банктік қадағалау
департаментінің директорына жедел түрде ақпараттар беріп тұру;
- банк басшылығы мен директорлар кеңесінің кемшіліктерді түзетуге
қабілеті мен ықыласына байланысты мәселелерді шешуде өздерінің шаралар
жоспарын Ұлттық Банктің басшылығына қарастыруға беру;
-өзіне бкітілген банкке қатысты әсер ету шараларының орындалуын
бақылау және олардың тиімділігін бағалау.
Банктердің кураторлары жаңа шарттар жоспары бойынша берілетін
күнделікті баластарға талдау жүргізеді.
Апта сайын ашық валюта позициясының лимиттері және валюталық нетто-
позициясы орындалуы туралы есептерін тексереді.
Банктердің өтімділігін бақылап отыру үшін куратор банктің апта сайын
берілетін ағымдағы өтімділікті орындағаны жайлы есеп беруін (талаптар мен
міндеттемелердің салыстыру кестесінен) тексереді.
Кураторлар банктердің қызметін реттеуде ең маңызды құралдарының бірі
болып табылатын пруденциялық нормативтерінің орындалуын тексеріп, олардың
дұрыс есептелмегені және орындалмағаны жағдайында банкке ескертулер мен
түзетулер жасайды.
Жалпы пруденциялық реттеу тәжірибесі екінші деңгейдегі банктердің
пруденциялық нормативтерді сақтамаумен бірге сенімді ішкі аудит жүйесін
және дұрыс несие саясатымен өтімділік саясатын жүргізуге бағытталған.
Екінші деңгейдегі банктер Ұлттық банктің Қаржылық қадағалау
департаментіне есеп берудің төмендегідей формаларын тапсырады:
- 700 H формасы бойынша күнделікті балансы;
- ашық валюталық позицияның лимиттері және валюталық нетто-позициясы
туралы апталық есебі;
- ағымдағы өтімділікті орындалғаны жайлы апта сайын есеп беру
(талаптар мен міндеттемелерінің өзара салыстыру кестесі);
- пруденциялық нормативтердің орындалуы туралы ай сайын есеп беруі;
- активтердің және шартты талаптар мен міндеттемелердің ай сайын
жіктелуін ;
- тоқсан сайын үнемі қаржылық есеп беруі.
Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі пруденциялық нормативтері
туралы ережесіне сәйкес, к1,к2,к3,1 к3,2, к4,1, к4,2 және к5
коэффиценттерінің есептелген мәліметтерін есеп беретін айдан кейінгі айдың
сегізінші күнінен кешіктірмей Қаржылық қадағалау департаментіне тапсырады.
Кураторлар әр ай сайын нормативтердің дұрыс есептелгенін тексеру үшін
ақпаратты-статистикалық басқармасының есептелген мәліметтерімен салыстырып
отырады. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі ең төменгі резервтік
талаптар туралы ережесіне сәйкес банктерді мүмкін және күтпеген шығындардан
сақтау үшін екінші деңгейдегі банктер Ұлттық банк белгілеген резервтік
талаптардың нормаларын орындауы міндетті. Осыған байланысты банктер банктік
қадағалау департаментіне ай сайын резервтік талаптарды орындау туралы есеп
береді.Ең төменгі резервтік талаптардың көлемі, банктің банктерден басқа
заңды және жеке тұлғалардың алдындағы барлық депозиттік міндеттемелерінен
белгіленген пайыз мөлшерінде анықталады. Қазіргі кезде белгіленген
резервтік мөлшерлеме 6%-ға тең.
Банктердің ең төменгі резервтік талаптарды орындаудың екі әдісі бар:
1) Баламалы - ай сайын қаражаттардың резервтік активтерде
орналастыру, ондағы резервтік активтердің орташа айлық сомасы айдың әрбір
жұмыс күніндегі депозиттік міндеттемелердің орташа айлық сомасынан пайыз
түрінде есептелінетін ең төменгі резервтік талаптардың орташа айлық
көлемінен кем болмауы керек.
2) Баламасыз – қаражаттарды Ұлттық банктегі резервтік шотта
орналастыру, ол шоттың қалдығы айдың бірінші жұмыс күні бойынша депозиттік
міндеттемелердің пайыз түрінде есептелген мөлшерінде ең төменгі резервтік
талаптарға тең болуы қажет.
Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі белгіленген екінші деңгейлі
банктердің қаржылық есеп беру туралы тәртібіне сәйкес банктер Қаржылық
қадағалау департаментіне тоқсан сайын халықаралық стандарттарға негізделген
қаржылық есеп береді.қаржылық есеп беру банктік қаржылық жағдайы мен оның
қызметінің нәтижелері туралы нақты мәліметтерді қамтитын отыз бес кестеден
тұрады.
Кестеде берілген мәліметтер BOSS жүйесінің көмегімен
автоматтандырылған әдіспен өңделеді және осы мәліметтердің негізінде
банктің қаржылық жағдайы туралы толық көрініс алуға болады және
салыстырмалы банктердің топтарында банктің рейтингісін анықтауға болады.
Сонымен банктер мен әр түрлі есеп берулердің негізінде қашықтан
қадағалаудың қызметкерлері тоқсан сайын Статус-Репорт деп аталатын қысқаша
қорытынды жасайды.
Статус-Репорт – банктің қаржылық жағдайын толық бағалауға мүмкіндік
беретін құжат.
Статус-Репорт жасау барысында қашықтан қадағалау қызметкерлері
“CAEL”(“CAEL” , яғни М-менеджментті қарастырмағанда, CAMEL жүйесі бойынша)
компоненттері бойынша банкке рейтинг беру жүйесін қолданады.
Берілген баға тек қана ішкі арналымдарға ғана қолданылады және
банкке санкцияларды қолдануға негіз бола алмайды.
Бұл құжатты қарастыру қорытындылары банк бойынша сәйкес ұсыныстар
берумен қатар соңғы шешім қабылдау үшін Қаржылық қадағалау департаментінің
басшылығына беріледі.
СтатусРепортта көрсетілетін негізгі қаржылық көрсеткіштер мен басқа
да мәліметтерге мыналар жатады:
1) Банк туралы жалпы мәліметтер.
2) Меншікті капиталының көлемі мен құрылымы.
3) Банктердің активтері.
4) Банктің міндеттемелері.
5) Банктің табысы мен шығысы.
6) Өтімділігі мен ең төменгі резервтік талаптар.
7) Қосымша ақпараттар.
Сонымен қашықтан қадағалаудың талдаушысы екінші деңгейдегі
банктердің банктік қадағалау департаментіне әр түрлі есеп беруін
қарастырып, талдау жасау барысында банктің ағымдағы қаржылық жағдайын толық
бағалауға мүмкіндік беретін Статус-Репорт деген қысқаша қорытынды құжат
жасайды.[7]
Қашықтан қадағалау қызметкерлері сондайақ жыл соңында төрт тоқсан
бойынша қорытынды жасап жылдық Статус-Репортты жасайды.
Сонымен қатар, қашықтан ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ішкі банктік бақылау әдістері мен тәсілдері
Қаржылық бақылау әдістерімен қаржылық бақылаудың органдары
Бaнктiк жүйенiң теориялық сұрaқтaры мен дaму тенденциялaры
Прокуратураның қызметі. ҚР Азаматтық іс жүргізу құқығындағы прокурордың орны
Банктік қадағалау әдістері
Банктік қадағалау түрлері
Несиенің қажеттілігі және оның мәні мен капиталы
Коммерциялық банктер қызметін қадағалау мен бақылаудың шет елдердің тәжірибесі
ҚР ҚАРЖЫЛЫҚ ҚАДАҒАЛАУ АГЕНТТІГІНІҢ ҚАРЖЫ НАРЫҒЫНДАҒЫ ҚЫЗМЕТІН ЖЕТІЛДІРУ ЖОЛДАРЫ
Тәуелсіз Қазақстанның прокуратура органдары
Пәндер