Ақша айналысының тұрақтылығын қамтамасыз ету мәселелері



КIРIСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .

1. Ақша айналысы және оның заңы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
2. Ақша айналысының негiзгi көрсеткiштерi және оның құрылымы ... ... ... ...
3. Қазақстан Республикасының ақша жүйесі және ақша айналысы, оларды реттеу ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..

ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
Қазiргi жағдайда ақша шаруашылық өмiрдiң ажырамас бөлiгi болып табылады. Заттардың тауарға айналуы ақшаның пайда болуындағы объективтi алғышарттарды құрайды. Бiрақ кез-келген зат тауар бола алмайды. Егер тұтыну құны өз сатып алушысын таппаса немесе қоғам тарапынан мойындалмаса, онда оны дайындауға кеткен уақыттың рәсуә болғаны; мұндай бұйым тауарлық формаға ие емес, өйткенi оның қоғамға қажетi шамалы. Сондықтан да әрбiр тауар қажеттi тұтыну құның алу құралы бола отырып , өзiнiң өндiрушiсiне қатынасы бойынша айырбас құны ретiнде көрiнедi. “Айырбас құн тауарлардың өзiнен бөлiнiп шыққан және олармен бiрге өз бетiнше өмiр сүретiн тауар, ол ақша”.
Шаруашылықтағы тауарларды өткiзуде, сондай-ақ тауарлы емес төлемдердi және есеп айырысуларды жүзеге асыруға қызмет ететiн қолма-қол және қолма-қолсыз ақша формаларындағы ақшалардың қозғалысын – ақша айналысы деп атайды. Егер айналымдағы ақша көлемi шаруашылық қызмет етуiне қажеттi ақша массасынан артық болса, онда қоғамда ақшаның құнсыздануы етек алып, ол өз кезегiнде экономикалық активтiлiктi төмендетiп, экономиканы дағдарысқа алып келедi. Сондықтан, ақшаның мәнiн, оның айналыс заңын, ақша айналысына қажеттi ақша массасының көлемiн анықтау және ақша массасын құраушы ақша агрегаттарының құрамдарын талдап, оны ұлттық экономика тұрғысында тиiмдi пайдалану жолдарын анықтау менiң бұл тақырыпты орындауымдағы мақсатым болып табылады.
Сондықтан мен жұмысымның тақырыбын “Ақша айналысының тұрақтылығын қамтамасыз ету мәселелері” деп алдым.
Бұл тақырыптың өзектiлiгi басқа нарықтар секiлдi ақша нарығында да ақшаға сұраныс пен ұсыныс болады. Ақша нарығының тепе-теңдiгi экономика дамуы үшiн тиiмдi болып табылады. Сондықтан осы ақша, ақша нарығының қызмет етуiн жақсарту өз егемендiгiн ендi ғана алған елiмiз үшiн ең маңыздысы. Әсiресе ол ұлттық экономиканы ынталандыру және инфляцияны азайтып, тұрақты экономикалық өсуге қол жеткiзуге өз септiгiн тигiзедi.
Елiмiздегi рыноктық қатынастардың дамуы экономиканың еркiн түрде өздiгiнен дамуын талап етедi. Бiрақ әлемдiк тәжiрибе көрсеткенiндей барлық рыноктың механизмдерiнiң мемлекеттiк реттеусiз толық қанды қызмет етуi мүмкiн емес. Ал мемлекеттiң экономикаға әсер етуi үшiн белгiлi бiр саясаттар жүргiзу арқылы ғана араласа алады. Ал осы саясаттардың ең негiзгiлерiнiң бiрi мемлекеттiң салық-бюджет және ақша-несие саясаты болып табылады.
Ал бұл екi саясат та ақша нарығының саясаттары болып табылады. Сондықтан ақша нарығы экономикадағы ең негiзгi нарық деп аталады. Бұл нарықтың негiзгi элементi әрине ақша болып табылады.
Ақша – қаржы активi бола отыра, тауардың жалпы эквивалентiнiң тиянақталған түрi. Құнның эквиваленттiк формасы. Оның негiзгi қасиетi өтiмдiлiк болып табылады.
Ақша көлемiн монетарлық және ақша саясаттары арқылы мемлекет белгiлейдi, яғни бұл қызметтi монополиялы түрде Ұлттық Банк атқарады. Ақшаның сандық теориясында айналыстағы жүрген ақша массасы экономикадағы өндiрiлген өндiрiс көлемiне тең болуын сипаттайды.
1. Ақша, несие, банктер: Оқулық / Ғ.С. Сейiтқасымов. – Алматы: Экономика, 2001ж. - 466 б.
2. С.Б. Мақыш, Оқу құралы / “Ақша айналысы және несие” – Алматы, Қазақ университетi, - 2004ж. – 248 бет.
3. Деньги, кредит, банки: Учебник / Под. Ред. О.И Лаврушина, Изд.
4. 2-е, - Москва: 1999г.
5. Абрамова М.А., Александрова Л.С. / Финансы, денежные обращение и кредит. Учебние пособие – Москва , 1996г.
6. Баян Көшенова , Оқу құралы / Ақша, несие, банктер, валюта қатынастары, - Алматы: “Экономика” 2000ж.
7. Бункина М.К. / Деньги, банки, валюта, Учебные пособие – Москва, 1994 – 173 с.
8. А.И. Добрынина, Л.С. Тарасевича. - Экономическая теория. - Санк- Петербург. - 2001. – 362 с.
9. Агапова Т. А., Серегина С. Ф. - Макроэкономика : Учебник. – МГУ. - Изд-во “Дис”. - 1999. – 416с.
10. Ивашковский С.Н. - Макроэкономика: Учебник. – 2-е изд., испр., доп. – М.: Дело. 2002. – 472 с.
11. “Қ.Р-да ұлттық валютаны енгiзу туралы” Қ.Р. Президентiнiң заң күшi бар жарлығы // 12.11.1993.
12. “Қ.Р-ның ақша жүйесi туралы” Қ.Р-ның Заңы // 13.12.1996.
13. Қазақстан Республикасындағы вексель айналысы туралы 1997 ж. 28 сәуiрдегі N 97-1 Қазақстан Республикасының Заңы.
14. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi № 004 баспасөз релизi 2005 13 қаңтар // Банки Казахстана №1 2006г
15. «О текущей ситуации на финансовом рынке» // Банки Казахстана,
№ 9 - 2007 г. 2-3 стр.
16. Статистический ежегодник. Алматы. – 2007г.- 446 с.

Пән: Қаржы
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 17 бет
Таңдаулыға:   
ЖОСПАР

КIРIСПЕ
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... .

1. Ақша айналысы және оның заңы
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..

2. Ақша айналысының негiзгi көрсеткiштерi және оның құрылымы ... ... ... ...
3. Қазақстан Республикасының ақша жүйесі және ақша айналысы,
оларды реттеу
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... .
ҚОРЫТЫНДЫ
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ..

ҚОЛДАНЫЛҒАН
ӘДЕБИЕТТЕР ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...

КIРIСПЕ

Қазiргi жағдайда ақша шаруашылық өмiрдiң ажырамас бөлiгi болып
табылады. Заттардың тауарға айналуы ақшаның пайда болуындағы объективтi
алғышарттарды құрайды. Бiрақ кез-келген зат тауар бола алмайды. Егер
тұтыну құны өз сатып алушысын таппаса немесе қоғам тарапынан мойындалмаса,
онда оны дайындауға кеткен уақыттың рәсуә болғаны; мұндай бұйым тауарлық
формаға ие емес, өйткенi оның қоғамға қажетi шамалы. Сондықтан да әрбiр
тауар қажеттi тұтыну құның алу құралы бола отырып , өзiнiң өндiрушiсiне
қатынасы бойынша айырбас құны ретiнде көрiнедi. “Айырбас құн тауарлардың
өзiнен бөлiнiп шыққан және олармен бiрге өз бетiнше өмiр сүретiн тауар, ол
ақша”.
Шаруашылықтағы тауарларды өткiзуде, сондай-ақ тауарлы емес төлемдердi
және есеп айырысуларды жүзеге асыруға қызмет ететiн қолма-қол және қолма-
қолсыз ақша формаларындағы ақшалардың қозғалысын – ақша айналысы деп
атайды. Егер айналымдағы ақша көлемi шаруашылық қызмет етуiне қажеттi ақша
массасынан артық болса, онда қоғамда ақшаның құнсыздануы етек алып, ол өз
кезегiнде экономикалық активтiлiктi төмендетiп, экономиканы дағдарысқа алып
келедi. Сондықтан, ақшаның мәнiн, оның айналыс заңын, ақша айналысына
қажеттi ақша массасының көлемiн анықтау және ақша массасын құраушы ақша
агрегаттарының құрамдарын талдап, оны ұлттық экономика тұрғысында тиiмдi
пайдалану жолдарын анықтау менiң бұл тақырыпты орындауымдағы мақсатым болып
табылады.
Сондықтан мен жұмысымның тақырыбын “Ақша айналысының тұрақтылығын
қамтамасыз ету мәселелері” деп алдым.
Бұл тақырыптың өзектiлiгi басқа нарықтар секiлдi ақша нарығында да
ақшаға сұраныс пен ұсыныс болады. Ақша нарығының тепе-теңдiгi экономика
дамуы үшiн тиiмдi болып табылады. Сондықтан осы ақша, ақша нарығының қызмет
етуiн жақсарту өз егемендiгiн ендi ғана алған елiмiз үшiн ең маңыздысы.
Әсiресе ол ұлттық экономиканы ынталандыру және инфляцияны азайтып, тұрақты
экономикалық өсуге қол жеткiзуге өз септiгiн тигiзедi.
Елiмiздегi рыноктық қатынастардың дамуы экономиканың еркiн түрде
өздiгiнен дамуын талап етедi. Бiрақ әлемдiк тәжiрибе көрсеткенiндей барлық
рыноктың механизмдерiнiң мемлекеттiк реттеусiз толық қанды қызмет етуi
мүмкiн емес. Ал мемлекеттiң экономикаға әсер етуi үшiн белгiлi бiр
саясаттар жүргiзу арқылы ғана араласа алады. Ал осы саясаттардың ең
негiзгiлерiнiң бiрi мемлекеттiң салық-бюджет және ақша-несие саясаты болып
табылады.
Ал бұл екi саясат та ақша нарығының саясаттары болып табылады.
Сондықтан ақша нарығы экономикадағы ең негiзгi нарық деп аталады. Бұл
нарықтың негiзгi элементi әрине ақша болып табылады.
Ақша – қаржы активi бола отыра, тауардың жалпы эквивалентiнiң
тиянақталған түрi. Құнның эквиваленттiк формасы. Оның негiзгi қасиетi
өтiмдiлiк болып табылады.
Ақша көлемiн монетарлық және ақша саясаттары арқылы мемлекет
белгiлейдi, яғни бұл қызметтi монополиялы түрде Ұлттық Банк атқарады.
Ақшаның сандық теориясында айналыстағы жүрген ақша массасы экономикадағы
өндiрiлген өндiрiс көлемiне тең болуын сипаттайды.

1. Ақша айналысы және оның заңы

Ақшаның өмiр сүруiндегi объективтiк қажеттiлiк ол тауар өндiрiсi
мен тауар айналысының болуына негiзделедi. Кез келген тауар
айналысында ақша айырбас құралы болып табылады. Тауар және ақша бiр-
бiрiнен бөлiнбейдi. Ақша айналысы болмаса, онда тауар айналысы да
болмайды.
Ақша айналысы - шаруашылықтағы тауарларды өткiзуде, сондай-ақ тауарлы
емес төлемдердi және есеп айырысуларды жүзеге асыруға қызмет ететiн қолма-
қол және қолма-қолсыз ақша формаларындағы ақшалардың қозғалысы.
Ақша айналысының объективтiк негiзiнде де тауар өндiрiсi жатады.
Ақшаның қолма-қол және қолма-қолсыз формаларының көмегiмен тауарлар
айналысы, сондай-ақ несиелiк және жалған капиталдың қозғалысы жүзеге
асырылады.
Қайта құру кезеiне дейiн “ақша айналымы” мен “ақша айналасы” ұғымдары
арасында айтарлықтай шек қойылатын. Ақша айналысы деп қолма – қол ақшаның
қозғалысы танылды. Ал ақша айналымы ұғымы одан кең мағына бергендiктен ол
қолма – қол және қолма – қолсыз айналым мағынасын сипаттайды.
Ақша айналысы шаруашылықтағы тауарларды өткiзуге, сондай-ақ тауарлы
емес төлемдердi және есеп айырысуларды жүзеге асыруға қызмет ететiн қолма-
қол және қолма-қолсыз ақша формаларындағы ақшалардың қозғалысы.
Ақша белгiлерi әр түрлi жағдайда қамтамасыз етiледi. Қолма-қол ақша
тұтыну заттары және қызметтер жиынтығымен қамтамасыз етiлсе, қолма- қолсыз
ақшалар – бөлуге арналған өндiрiс құралдарының жиынтығымен қамтамасыз
етiледi.
Ақша айналысын реттеудiң объективтi қажеттiлiгi бұл рынокта сұраныс
пен ұсыныс орын алып отыратының және сонымен қатар көптеген факторлар әсер
ететiн болғандықтан ақша айналысының бұзылуы жалпы экономикалық тұрақсыздық
болып табылатын инфляцияның қарқынды дамуын тудырады.
Инфляция экономикалық құбылыс ретiндегi анықтамасын келесiдей беруге
болады: инфляция - тауар айналымының қажеттiгiмен салыстырғанда айналыс
сферасының артық қағаз ақша массасымен толып кетуi, олардың құнсыздануы
және соның нәтижесi ретiнде – тауарлар мен қызметтер көрсетуге бағаның
өсуi; ақшаның сатып алуға жарамдылығының төмендеп кетуi. Инфляция кезiнде
қоғамдық өндiрiс процесiнiң алшақтықтарына және артық көп ақшаның
шығарылуына байланысты ақша айналысының заңы бұзылады.
Инфляция - өз кезегiнде ақша жүйесiнiң және ақша айналысының
дағдарысты жай-күйiн көрсетедi. Ақшаның құнсыздануына мына факторлар
себепшi болады:
• айналысқа артық ақшаның шығарылуы;
• қолайсыз төлем балансы;
• үкiметке сенiмнiң жоғалуы.
Ұзақ уақыт бойы ифляцияны монетарлық құбылыс деп санап отырып, ол ақшаның
құнсыздануы мен тауар бағаларының өсуi тұрғысында түсiндiрiлiп келдi. Әлi
де бiрқатар шетелдiк авторлар инфляцияны экономикада бағаның жалпы
деңгейiнiң артуы ретiнде анықтайды. Алайда инфляцияның тауар бағасының
өсуiнде көрiнгенмен оны тек таза ақша феноменiне жатқыза салуға болмайды.
Бұл рыноктық шаруашылықтың түрлi сфераларындағы ұдайы өндiрiстiң
сәйкессiздiгiнен туатын күрделi әлеуметтiк-экономикалық құбылыс болып
табылады. Инфляция әлемнiң көптеген елдерiндегi экономиканың қазiргi
дамуының ең өткiр мәселелерiнiң бiрi болып есептеледi.
Инфляцияның көрiну нысандары келесiдей:
• тауарлар мен қызметтерге бағаның өсуi, оның үстiне бiрқалыпты емес
өсуi, мұның өзi ақшаның құнсыздануына, оның сатып алу қабiлетiнiң
төмендеуiне алып келедi;
• ұлттық ақша бiрлiгiнiң шетелдiк ақша бiрлiгiне қатысты бағамының
төмендеуi;
• ұлттық ақша бiрлiгiнде көрiнетiн алтынның бағасының көтерiлуi.
Бүгiндегi инфляция бағаның өсуi нәтижесiндегi ақшаның сатып алу қабiлетiнiң
құлдырауымен ғана емес, сонымен бiрге елдiң экономикалық дамуының жалпы
қолайсыз ахуалымен де байланысты. Инфляцияға өндiрiс пен өткiзу
сферасындағы әр түрлi факторлар тудырған өндiрiс процесiнiң қарама-
қайшылықтары себепшi болады. Инфляцияның әуел бастағы себебi – ұлттық
шаруашылықтың түрлi салаларындағы жинақтау мен тұтыну, сұраным мен ұсыным,
мемлекеттiң кiрiстерi мен шығыстары, айналыстағы ақша массасы мен
шаруашылықтың ақшаға қажеттiлiгi арасындағы алшақтықтар екенi белгiлi.
Инфляция – бұл кез келген экономикалық даму үлгiсiне тән объективтi
құбылыс. Инфляцияның себептерi айналыс және өндiрiс саласында орын алады.
Қазiргi кездегi экономикалық қатынастардың күрделенген кезiндегi
инфляция келесiдей факторларға байланысты:
1) Ақша айналысының факторларына: бюджет тапшылығын жабуға
пайдаланылған, шексiз көп ақшаның эмиссиялануы есебiнен айналыс
аясының артық ақша массасына толып кетуi; халық шаруашылығының
артық несиеге толуы.
2) Ақшалай емес факторларға: қоғамдық өдiрiстегi теңсiздiкке,
шаруашылықтың шығындық механизмiне, мемлекеттiң экономикалық
саясатына, оның iшiнде, салық саясаты, баға саясаты, сыртқы
экономикалық саясатына байланысты факторлар жатады.
Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi осы уақытқа дейiн өзiнiң ең
бiрiншi атқаратын мiндетiн елдегi инфляция қарқынын төмендетуге және оның
тұрақты деңгейiн қалыптастыруға қызмет етiп келе жатыр. Соңғы бiрнеше жылда
Ұлттық Банк елдегi инфляция деңгейiн бiршама жақсартқанын және оны қз
уысына алғанына куә болып отырғанымыз рас. Оны 2001 жылы жалпы жылдық
инфляцияның 6,6%-ға төмендегенiнен және одан кейiнгi аралықта елдегi
инфляция деңгейiнiң 5-7% аралығында тұрақты деңгейде болып отырғанына
көзiмiз жеттi.
Өз кезегiнде өспелi инфляция мемлекеттiң экономикаға бақылау жасауы
төмендегенiн көрсетедi. Неғұрлым экономикада инфляция деңгейiнiң
анықталмағаны байқалса, соғұрлым кәсiпкерлердiң инвестиция тартуға және
салуға ынтасы төмендейдi. Ал инвестициялық активтердiң төмендеуi өз
кезегiнде өндiрiстiк мүмкiншiлiктердi төмендетедi. Сондықтан мемлекет және
елдiң қаржы секторы инфляция қарсы саясаттар жүргiзiп отырады.
Елiмiз инфляцияны жою және ақша айналысын тұрақтандыруға арналған
шаралар қолдану үстiнде. Инфляцияға қарсы саясаттар елiмiзде тiкелей және
жанама реттеулер негiзiнде жүзеге асып отыр. Инфляция тiкелей реттеу
табыстар саясаты еңберiнде жүзеге асады. Ол елдегi жалақы мен бағалардың
өсу нысаналарын белгiлеу негiзiнде көрiнiс тауып отыр. Ал бағаға ықпал
етудiң жанама әдiстерiнiң үлесi елiмiзде басымырақ деп те айтсақ болады.
Елiмiздегi iске асып отырған инфляцияны реттеудiң жанама әдiстерiне
монетарлық және фискалдық саясаттың “дефляциялық” шаралары жатады. Ұлттық
Банк инфлияцияны тежеу үшiн ақша массасына, берiлген несиелердiң көлемiне,
пайыз қойылымыныңкөлемiне, ұлттық валюталық бағам саясатына, ашық рыноктағы
бағалы қағаздармен операцияларға реттеу шараларын жанама түрде жүргiзiп
отырады. Өйткенi бұл өтпелi экономиканың талабынан туындайды.
Мұндай жүйе тек қана орталықтандырылған жоспарлы экономика жағдайында
ғана мүмкiн болады, себебi ол уақытта кәсiпорындар мен халықтың қолында
ақша қанша тауардың болатыны және олардың қандай бағада сатылатыны белгiлi
болған. КСРО-ның таратылуына, бағаның босатылуына, меншiктiң мемлекет
иелiгiнен алынуына және т.б. байланысты жүзеге асыру асыру мүмкiн емес
болып қалды.
Ақша айналысы мен ақша айналымы арасында шек жойылды. Тауар айналысы
процесiндегi қолма – қол ақша қозғалысы және төлемақыны жүзеге асыру
кезiнде қызмет көрсету, сонымен бiрге кәсiпорындар мен қаржы несие
мекемелерiнiң арасындағы ақшалай қаражаттардың алмасуы – ақша айналысы деп
аталады.
Ақша айналысының объективтi негiзi – тауар өндiрiсi мен тауар айналысы
болып табылады. Құн формасыныңөзгерiп отыруы, яғни тауардың ақшаға және
ақшаның жаңа тауар сатып алу үшiн қолданылуы, ақшаның әрдайым қозғалыста,
яғни айналыста болуына мүмкiндiк жасайды. Бiрақ ақша айналысы тауар
айналысын қайталап қоймайды. Бұл екi процесс бiр-бiрiнен жекешеленiп
жүредi. Тауарлар, оларды сатып алғанан кейiн, айналыстан шығады және
тұтынылады. Ал ақша айналыста әрқашан жүредi.

Айналыста жүре отырып ақша әрi айналыс құралы, әрi төлем құралы
функцияларын атқарады. Сонымен, тауарды сатудан түскен ақша қарызды өтеуге
жұмсалуы мүмкiн. Өз кезегiнде, қарызды төлеуге түскен ақшалар тауарлар алу
үшiн қолданылуы мүмкiн.
Жалпы ақша айналысының көлемi тауар бағаларының соммасынан әрдайым
артық болады. Ақшаның қызмет көрсетуi тек сатып алу – сатумен шектелмейтiнi
түсiндiрiледi. Ақша еңбекақы, зейнетақы төлеу үшiн, бюджетке төлемдер
аударку үшiн, банктен қарыз алу үшiн және т.б. мақсаттар үшiн қолданылады.
Ақша айналысың реттеудiң маңызды элементi – қолма-қол ақшаның қолдану
аясын азайту болып келедi. Бұл мәселе бiздiң елiмiзде кәсiпорындар
арасындағы есеп айырысулардан қолма-қол ақшаның шектеу, есеп айырысу
чектерiн ендiру арқылы ғана шешiледi.
Қолма-қол ақшалар айналысы нақты ақшалар қозғалысын бiлдiредi. Оған
банкноталар , монеталар және қағаз ақшалар қызмет етедi. Дамыған елдерде
қолма-қол ақша айнлысын едәуiр бөлiгiн Орталық банк шығарған қазыналық
билеттер құрайды.
Қолма-қолсыз ақшалар айналысы – қолма-қолсыз ақшалар айналымының
ақшаларының қозғалысынан тұрады. Мұндағы қолма-қолсыз ақшалар болып:
чектер, пластикалық карточкалар, электрондық аударымдар және клиенттердiң
өз шоттарында сақтаған ақшалары.
Бұл екеуi өзара тығыз байланыста, сондықтан оларды бөлу қажет емес.
Ақша өз айналысында қолма – қолдан қолма-қолсыз ақшаға (және керiсiнше)
өтедi. Мысалы, кәсiпорынның бөлшек саудасынан түскен түсiм банкке
түскеннен соң оның есеп айырысу шотында қолма-қолсыз ақша қаражатарына
айналады да, ол бұдан өз жiктеулерiне ақша аударуы мүмкiн.
Сонымен, бүкiл ақша айналысы: қолма-қол және қолма-қолсыз ақшалар
болып бөлiнедi. Сондай-ақ:
• өнiмдi өндiру және сату процесiн, яғни тауарлы сипаттағы есеп
айырысулармен байланысты ақша айналымы;
• тауалы емес сипаттағы есеп айырысулармен байланысты ақша айналымы ;
• ақша айналысы бiрнеше тарихи кезеңдерден өттi және металл, қағаз, несие
ақшалар көмегiмен жүзеге асырылады.
Сонымен қатар ақша айналысында оның металл, қағаз және несиелiк
ақшалар айналысының түрлерiне байланысты олардың қызмет етуi де әр түрлi.
Ендi соларды жеке-жеке талдасақ:
Қағаз ақшалар – бұл нағыз ақшалардың өкiлдерi. Қағаз ақшалардың
айналыста жүруiнiң объективтi мүмкiндiгi олардың айналыс құралы қызметiн
атқару ерекшелiктерiне байланысты.
Металл ақшалардың қағаз ақшаларға ауысудың себептерi келесiдей:
1. металл ақшаларды тасымалдап алып жүру қолайсыз;
2. металл ақшалардың мемлекттiк билiк органдарының жасаған әрекетiнiң
нәтижесiнде, яғни қазынаға қосымша табыс алу мақсатында металдық
құрамын төмендетуi барысында бiлiнуi;
3. бағалы металдарды өндiрудiң қағаз ақшаларды өндiруден қарағанда
қымбатқа түсуi;
4. бюджет тапшылығын жабу мақсатында қағаз ақшалардың шығарылуы.
Алғашқы қағаз ақшалар б.э. XII ғ. Қытайда 1690 ж. Ұлыбритания
отарыболған Солтүстiк америкада, 1762 ж. Авсрияда және 1769 ж. Ресейде
пайда болды. Бiрiншi дүниежүзiлiк соғыс жылдары қағаз ақшалар барлық
елдерде шығарылды.
Қағаз ақшалар (қазыналық билеттер) – бюджет тапшылығын жабу
мақсатында шығарылатын және металға ауыстырылмайтын, сондай-ақ мемлекет
белгiлеген өзiндiк номиналы бар құнның белгiлерi.
Қағаз ақшалар тек қана айналық құралы және төлем құралы қызметiн
атқарады. Олардың айналыста ұлғаюы мемлекеттiң қаржы жетiспеушiлiгiне
байланысты шығарумен түсiндiрiледi. Қағаз ақшалар өзiнiң табиғаты жағынан
тұрақсыз және құнсыздануға тез икемдi. Олардың құнсыздану себептерiне:
айналысқа артық ақша эмиссиялау, эмитентке деген сенiнiң төмендеуiн және
төлем балансының қолайсыздық жағдайын жатқызады.
Несиелiк ақшалар – тауар өндiрiсiнiң дамуымен, яғни тауарларды сатып
алу және сатудың уақытын кешiктiрiп төлеуге берiлуiмен байланысты пайда
болған ақшалар.
Несиелiк ақшалардың шығуы банктердiң несиелеу операцияларымен
байланысты. Мұндай ақшалардың басты мақсаты: ақша айналымын икемдi ету;
нағыз ақшаларды үнемдеу; қолма-қолсыз ақша айналымының дамуына мүмкiндiк
жасау.
Несиелiк ақшалардың мынадай түрлерi бар: вексель, банкнота және чек.
Вексель – белгiлi бiр соманы алдын ала келiсiлген мерзiмде және
белгiленген жерде төлейтiндiгi туралы борышқордың қарыздық мiндеттемесi.
Вексельдiң екi түрi бар: жай және аудармалы. Елiмiздiң “ҚР-дағы
вексель айналысы туралы” (28.04.97) ҚР заңында мынадай түсiнiктемелер
берiлген:
Жай вексель (соло) – вексельдi ұстаушыға вексельде көрсетiлген
соманы белгiлi бiр уақытта немесе талап етуге байланысты төлеу туралы
вексель берушiнiң еш нәрсемен негiзделмеген мiндеттемесiн сипаттайтын
вексель.
Аудармалы вексель (тратта) – вексельде көрсетiлген соманы белгiлi
бiр уақытта алғашқы вексельдi ұстауыға (ремитентке) төлеу туралы үшiншi бiр
тұлғаға (трассатқа) вексель берушiнiң (трассанттың) еш нәрсемен
негiзделмеген ұсынысын сипаттайтын вексель.
Мұндағы, “домицилиант” – вексельде көрсетiлген төлемдi төлемдi жүзеге
асыратын, вексельде делдал ретiнде қатынасатын банк.
Ендi несиелiк ақшалардың келесi түрi бұл банкнота. Бнкнота ( ағыл.
сөзiнде “Bank-note” аударғанда “банк билетi”) – орталық банктiң айналысқа
шығарған әр түрлi номиналдағы ақша бiрлiктерi.
Банкнота вексельден және қағаз ақшалардан өзара ажыратылады.
Банкнотаның вексельден мынадай айырмашылықтары бар:
• мерзiмдiлiгiне қарай, егер де вексель мерзiмдiк қарздық мiндеттеме
болса, ал банкнота – мерзiмсiз қарыздық мiндеттеме;
• кепiлдiгiне қарай, вексельдi айналысқа жеке кәсiпкерлер шығарады
және оның жеке кепiлдiгi болады, ол банкнотаны қазiргi кезде орталық
банк шығаратындықтан, оған мемлекет кепiлдiк бередi.
Экономикада банкнотаның екi түрi бар. Ол: классикалық және жай
банкноталар.
Классикалық банкнота – бұл банкнотаның алғашқы пайда болған формасы
ретiнде алтынға еркiн алмастырылатын, яғни алтынмен қамтамасыз етiлген
Орталық банктiң билетi.
Жай банкнота – бұл қазiргi кездегi айналысқа шығарылған Орталық банк
билетi. Олар металға алмастырылмайды, тек қана Орталық банктiң барлық
активтерiмен қамтамасыз етiледi. Ендеше қазiр айналыста жүрген орталық
банктен шығатын жай банкноталар алтынмен қамтамасыз етiлмейдi, бiрақ
олардың белгiлi бiр дәрежеде тауарлық немесе несиелiк негiзi сақталған,
сондай-ақ олар қағаз-ақша айналысының заңдылықтарына бағынады.
Чек – ағымдағы шот иесiнiң чектi ұстаушыға белгiлi бiр ақшалай соманы
төлеу туралы немесе басқа ағымдық шотқа аудару туралы өзiнiң банкiсiне
берген жазбаша бұйрығы. Алғашқы чектер тарихта 1683 жылы англияда пайда
болды.
Айналыстағы ақшаның саны К.Маркстiң ашқан ақша айналысының заңымен
реттеледi. Айналысқа қажеттi ақша саны – айналыстағы ақша саны мен сатуға
арналған тауарлар массасы және атауы бiр ақша бiрлiктерiнiң айналыс
жылдамдығы арасындағы белгiлi бiр сәйкестiктiң болуын талап етедi.
Айналысқа қажеттi ақша санының формуласы төмендегiдей:
Монетаристер деп аталатын, ағылшын классикалық экономика мектебiнiң
ғалымдары, келесiдей тепе-теңдiктi белгiледi:
PY = TV+DV1
мұндағы: P – бағаның жалпы деңгейi;
Y - өндiрiс көлемi;
T – ақша белгiлерiнiң саны;
D – депозиттер;
V және V1 – ақшаның және депозиттiң айалыс жылдамдығы.
Ақшаның төлем құралы ретiнде қызмет етуi айналысқа қажеттi ақшаның
жалпы көлемiн қысқартады. Бұл, қарыз мiндеттемелерiнiң көп бөлiгi қарыз
талаптары мен мiндеттемелерiн өзара есептеу арқылы жабу жолымен
түсiндiрiледi. Сөйтiп, несиенiң даму дәрежесi ақша санына керi әсер етедi:
неғұрлым тауарлардың көп бөлiгi несиеге сатылса; соғұрлым айналыс үшiн
ақшаның аз саны қажет етiледi. Оған қоса мынаны ұмытпаған жөн: айналыстан
алынған ақшаның белгiлi бiр саны шаруашылықтағы және халықтың қолындағы
тұрақты ақша резервiн қалыптастырады. Осының нәтижесiнде, айналыстағы
ақша санын анықтайтын заң келесi түрдегi формуламен анықталады:
Ас = Тб.с. – Нт.б.с. + Тс – От.м.с. А + АР
Ас – төлем құралы және айналыс құралы ретiнде қажеттi ақша саны;
Тб.с. – тауар бағасының сомасы;
Нт.б.с. – несиеге сатылған тауар бағасының сомасы,
Тс – қарыз және басқа мiндеттемелер бойынша төлем сомасы;
Өт.м.с. - өзара есептескен талаптар мен мiндеттемелер сомасы;
АР – ақша резервтерi;
А – ақшаның төлем және айналыс құралдары ретiндегi айналымының орташа
саны.
Теңдiкте көрсетiлгендей экономикадағы ақша массасының айналуы мүмкiн
себептердiң бiрi ретiндегi тауарлар бағаларының едәуiр аз төленбеген төлемi
болып табылады.
Ақша айналысы заңы – құн заңының айналыс аясыдағы көрiнiсi. Ол тауар
– ақша қатынастары болатын барлық қоғамдық формацияларға тән. Айналыстағы
ақшаның саны К. Маркс ашқан ақша айналысы заңымен реттеледi. Тауар
айналысына қызмет ету үшiн қажеттi ақша мөлшерi екi факторға: бiрiншiден,
бiр кезеңде, сатылуға тиiс тауарлар бағасының қосындысына, екiншiден ақша
айналысының жылдамдығына байланысты өзгередi. Ақша айналысы заңы мына
формуламен өрнектеледi:

M = P * Y V

Мұндағы:
М – ақша мөлшерi;
Р – тауарлар бағасы;
Y - өнiм көлемi;
V – ақшаның айналым жылдамдығы.
Ақша айналысы заңының мәнi – ақшаның айналыс құралы қызметiн орындауы
үшiн қажеттi ақша мөлшерi сатылуға тиiс тауарлар бағасының көбейтiндiсiн
бiр аттас ақша өлшемiнiң айналым санына ( айналым жылдамдығы ) бөлгенге
теңесуi керек.
Ақша тек айналыс құралы ғана емес, сонымен бiрге төлем құралы қызметiн
де атқаратындықтан айналысқа қажеттi ақша мөлшерi де несиеге сатқан
тауарлар сомасына байланысты азаяды. Қарыз мiндеттемелерiнiң бiразы қолма-
қол ақшасыз есеп айырысқанда өтеледi, яғни олар қарыз талаптары мен
мiндеттемелерiн өзара есептеу жолымен де өтеледi. Сөйтiп несиенiң даму
дәрежесi ақша мөлшерiне керi әсерiн тигiзедi: тауардың неғұрлым көп бөлiгi
несиеге сатылса, соғұрлым аз ақша мөлшерi қажет.
Сөйтiп айналысқа қажеттi ақша мөлшерi өндiрiстiң даму жағдайларына
әсер ететiн көптеген факторларға: айналыстағы тауар мөлшерiне, тауарлар мен
қызмет бағасының деңгейiне және т.б. байланысты өзгередi. Айналысқа қажеттi
ақша мөлшерi ақша айналысының жылдамдығына керi пропорционалды өзгередi. Ал
ақша айналысына әсер ететiн факторлар мыналар:
1. Несиенiң даму деңгейi, егер тауардың көп бөлiгi несиеге сатылса,
айналысқа сонша мөлшерде кем ақша қажет;
2. Қолма-қол ақшасыз есеп айырысудың дамуы;
3. Ақша айналысы санының өсуi.
Айналысқа ақша екi түрде шығарылады немесе эмиссияланады: қолма-қол
ақша, банктiк айналымдағы ақша түрi, яғни банктегi шоттарға жазылған сома.
Екi деңгейлi банк жүйесiнде ақшаның бiрiншi түрiн, яғни қолма-қол ақшаны
монополиялы құқықпен Орталық банк эмиссиялайды да, қолма-қол емес ақша
белгiлерiн коммрциялық банктер жүйесi шығарады.
Ақшаның төлем құралы ретiнде қызмет етуi айналысқа қажеттi ақшаның
жалпы көлемiн қысқартады. Бұл, қарыз мiндеттемелерiнiң көп бөлiгi қарыз
талаптары мен мiндеттемелерiн өзара есептеу арқылы жабу жолымен
түсiндiрiледi. Сөйтiп, несиенiң даму дәрежесi ақша санына керi әсер етедi:
неғұрлым тауарлардың көп бөлiгi несиеге сатылса; соғұрлым айналыс үшiн
ақшаның аз саны қажет етiледi. Оған қоса мынаны ұмытпаған жөн: айналыстан
алынған ақшаның белгiлi бiр саны шаруашылықтағы және халықтың қолындағы
тұрақты ақша резервiн қалыптастырады. Осының нәтижесiнде, айналыстағы
ақша санын анықтайтын заң келесi түрдегi формуламен анықталады:

Ас = Тб.с. – Нт.б.с. + Тс – От.м.с. А + АР

Теңдiкте көрсетiлгендей экономикадағы ақша массасының айналуы мүмкiн
себептердiң бiрi ретiндегi тауарлар бағаларының едәуiр аз төленбеген төлемi
болып табылады.
Ақшаның сандық теориясы айналысқа қажеттi ақша санын дәл анықтауға
мүмкiндiк бермейдi, ол шаруашылық қатынастары мен экономикалық даму
факторларының жалпы жиынтығындағы ақша қаражаттарының орнын анықтайды.
Орталық банк экономикалық айналымға оның қажеттiлiктерiне сәйкес,
несиелеу жолдары бойынша қажеттi несие ақшаларының масасын беретiн,
өзiеiң эмиссиялық және нсиенiң қызметiн атқарады. Ақша екi түрлi формада
болады: қолма – қол және банктiк айналымның ақшалары, яғни банктiк
шоттардағы қолма-қолсыз ақша қаражатының жазу формасындағы ақша белгiлерi.
Ақшаның бұл екi формасы бiр – бiрiмен тығыз байланыста. Банктiк айналымның
ақшалары әрдайым қолма-қол банкноталарға айналуы мүмкiн.
Осылайша бірінші тарауда мен ақшаның мәнін ашатын негізгі қызмететтері
мен ақша айналысының заңдылықтарына тоқталып өттім, ендігі келесі тарауда
ақша айналысының құрылымы мен оның Қазақстанда даму барысы мен
ерекшеліктеріне тоқталып өтпекшімін.

2. Ақша айналысының негiзгi көрсеткiштерi және оның құрылымы

Ақша айналысының негiзгi сандық көрсеткiштерiнiң бiрiне ақша массасы
мен ақша базасы жатады.
Ақша массасы – жеке тұлғаларға, кәсiпорындар мен мемлекетке тиiстi
және шаруашылық айналымына қызмет ететiн сатып алу және төлем құралдарының
жиынтығы.
Белгiлi бiр күндегi және белгiлi бiр кезеңдегi ақша айналысының сандық
өзгерiсiн талдау үшiн, сондай-ақ ақша массасының өсуi мен көлемiн реттеуге
байланысты шараларды жасау үшiн әр түрлi көрсеткiштер пайдалынады.
Ақша айналымының екi жағының бiрлiгi, олардың бiр түрiнiң екiншiсiне
ауысуы жалпы ақша жиыны құрамын анықтауды қажет етедi. Себебi ақша жиыны
ақша айналымының сандық көрсеткiшi. Белгiлi бiр мерзiм аралығында сандық
өзгерiстердi талдау үшiн, сол сияқты ақша жиынының көлемiн және оның өсу
қарқынын реттейтiн iс-шаралар жүргiзу үшiн әр түрлi көрсеткiштер (ақша
агрегаттары) қолданылады.
Өнеркәсiбi өркендеген мемлекеттерде ақша жиыны құрамын анықтау үшiн
негiзгi ақша агрегаттарының төмендегi жиынтығын пайдаланады:
М1 – айналыстағы қолма-қол ақша ( банкноттар, тиындар ) және банктiк
ағымдағы шоттардағы қаражат ( депозиттер ) жатады;
М2 – оған М1 агрегаты және мерзiмдi 4 жылға дейiнгi коммерциялық
банктердегi мерзiмдi және жинақ салымдары кiредi;
М3 – бұған М2 агрегаты және арнаулы несие мекемелерiндегi жинақ
салымдары кiредi;
L – оған М3 агрегаты және iрi коммерциялық банктердiң депозиттiк
сертификаттары қосылады. 4, 157 б.
Қорыта айтқанда, әрбiр келесi ақша атрегаты өзiнен алдынғылардың
барлық элементтерiн өзiне бiрiктiрiп үлкен ақша жиынын құрайды. Бiрақ оның
алдынғыға қарағанда өтiмдiлiгi төмен.
Ақша жиыны нақты әр мемлекеттiң өзiне тән ақша-несие жүйесiмен
анықталады. Мысалы, АҚШ-та ақша жиынын анықтау үшiн – төрт, Швейцария мен
Германияда – үш, Ұлыбританияда – бес, Францияда – екi ақша агрегаты
қолданылады.
Ақша агрегаттарының құрылымы тұрақты қалыпта болмайды. Ол ақша нарығы
құралдарының дамуына байланысты өзгередi.
Ақша жиыны бiрнеше жолмен өсуi мүмкiн:
1. Банкноттар мен тиындарды эмиссиялау есебiнен;
2. Орталық банктен ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақстан Республикасында ақша айналыстарының дамуы және оның қазіргі жағдайын талдау
Қазақстан Республикасының ақша жүйесі туралы
Ақша айналысы және оның дамуы
Ақша - несие саясатының мәні мен мақсаты
Ақша айналымы туралы ұғым
Ақша айналымының құрылымы
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ 1993 ЖЫЛҒЫ АҚША РЕФОРМАСЫ
Ақша реформасы: ұлттық экономиканың дамуындағы қажеттігі мен маңызы
Қазiргi кездегi ақша реформаларын жетiлдiру мәселелерi
Қазақстан Республикадағы Орталық Ұлттық банк
Пәндер