Қазақстан Республикасының валюта жүйесі


Валюта (итальян сөзі, сөзбе-сөз - құн) елдің ақша бірлігі, оның шартты түрі, халықаралық төлем-есеп айырысу айналымының каналдары арқылы ұлттық ақшаларды қолданудың ерекше формасы. Шаруашылық жағдайларын интернационалдандыру және әлемдік еңбек бөлінісін интенсивтендіру халықаралық нарықтың құрылуына себепші болды. Өндіріс күштерінің дамуы мен ішкі нарықтағы өркендеген салалардың өнімін сатуда туындайтын қиындықтар, тауарлар тасымалы жағдайларын жетілдіру - міне осылардың бәрі әлемдік сауда -саттық байланыстарының кеңеюіне әсер етті. Әлемдік тауар айналымының дамуы мұнай, машина жасау, ауыл шаруашылығы, тамақ өнеркәсібі салаларының өнімдерін сатудың ұлғаюына байланысты болды.
Қазақстан Республикасының заңнамасы Қазақстан Республикасының Конститутциясына негізделеді және осы Заң мен Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілерінен тұрады.
Осы Заң Қазақстан Республикасының аумағында қолданыста болады және Қазақстан Республикасының резиденттері мен Қазақстан Республикасының аумағында валюталық операцияларды жүзеге асыратын резидент еместерге қолданылады.
Халықаралық экономикалық қатынастарда өндіріс пен капиталды интернационалдандыру ішкі сауда айналымындағы шектеуді азайтуды, оның жолындағы кедергілерді жоюды, яғни ішкі сауда-саттықты босатуды талап етті. Өз тауарларының сыртқы нарықта кедергісіз қозғалыста жүруіне қызығушылығы күшті болды. Олардың дамушы мемлекеттердің тауарларын нарыққа түсуін жеңілдетуі, сондай-ақ интернационалдық өнеркәсіп кешені аумағындағы ішкі корпорациялық тауар айналымының ұлғаюы - реурстарды толық және тұрақты қолдануға қол жеткізгендіктің айғағы.
Әлемдік шаруашылық байланыстағы өнеркәсібі дамыған мемлекеттердің өзара қарым-қатынастарының тереңдеуі және кеңуі осы елдердің экономикалық жағдайын анықтайтын барлық факторлардың - өндіріс пен әлемдік айырбастың, жалақы мен бағаның өсу қарқынына зор әсер етті. Әлемдегіелдердің шаруашылық қарым- қатынастарына тауарлар, қызмет, капитал және несие легі жылдан-жылға ұлғая түсуде. Ұлттық қоғамдық ұдайы өндіріс процесінде қалыптасқан тауар айналымы тұрақты түрде әлемдік нарыққа ұласады. және де әрбір егемен мемлекеттің заңды төлем құралы болып оның ұлттық ақшасы саналады. Халықаралық тауар айналымында, әдетте шетел валютасы қолданылады. Бұл әлемдік шаруашылықта жалпы бүкіл мемлекеттерге міндетті деп танылған халықаралық несие ақшасының әзірше жоқтығынан.
Елдердің әлемдік шаруашылыққа интеграциялануы (экономикалық одаққа кіруі) ақша капиталының бір бөлігінің ұлттық ақшадан шетел валютасына және керісінше айналуын туындатады. Ол халықаралық валюта, есеп айырысу және несие-қаржы қатынастарында жүзеге асады.
Сыртқы экономикалық байланыстардың дамуына қарай валюта жүйесі пайда болды. Валюта жүйесі - ол экономикалық көзқарас тұрғысынан - шаруашылық байланыстарды интернационалдандыру негізінде тарихи қалыптасатын валюта-экономикалық қатынастар жиынтығы; ал ұйымдық-заңдылық тұрғысынан - ол белгілі бір қоғамдық-экономикалық формация шегінде мемлекеттік-құқықтық түрде ұйымдасқан валюта-экономикалық қатынастар.
Тарихы үш түрлі: ұлттық, дүниежүзілік және мемлекетаралық немесе аймақтық валюта жүйесі қалыптасқан. Алғашқыда елдің ақша жүйесінің құрамдас бір бөлігі ретінде ұлттық валюта жүйесі пайда болды. Ұлттық валюта жүйесі деген қоғамдық ұдайы өндірісті қалыптастыруға және халықаралық төлем айналымын қамтамасыз етуге қажетті валюта ресурстарын пайдаланатын экономикалық қатынастардың жиынтығы. Ұлттық валюта жүйесі ұлттық валютаға негізделіп құрылады. Ұлттық валюта - елдің ақша бірлігі. Ол қолма-қол формада (банкнота, монета) және қолма-қол емес формада (банктік шоттардағы ақша қалдығы) болады. Оның элементтері ұлттық орталық банктер.
Ұлтық валюта.
Ұлттық валютаның шетел валютасына айырбасталу жағдайлары, яғни айырбасталудың екі түрлі болуы: а) шетел валютасына шектеусіз еркін айырбасталатын валюта. 1978 жылдан Халықаралық валюта қорының (ХВҚ) Жарғысында "еркін қолданылатын валюта" деген ұғым енгізілген. Оған американдық доллар, немістің маркасы, жапон иені, француздық франк, ағылшындық фунт стерлинг; ә) жарым-жартылай айырбасталатын валюта, мысалы, ресейлік рубль; б) айырбасталмайтын валюта;
Валюталық паритеттің бірдейлік ережесі - валюталардың алтын құрамына байланысты өзара қатысы. Ақша өлшемінің алтын мазмұнына негізделген ондағы алтын паритеті алынып тасталды. (Батыста 70-жылдарда, ал КСРО-да 1991 жылдан) . ХВҚ-ның Жарғысы бойынша валюта паритеті тек СДР - арнаулы ақша өлшемімен немесе басқа халықаралық валюьамен анықталуы мүмкін. 70-жылдардың орта шенінен бастап паритеттер валюта қоржыны негізінде анықталады.
Валюта қоржыны деп бірнеше валюталардың белгілі бір бөліктерінің сомасын сол валюталардың нарықтық бағамын көбейтіп, оларды АҚШ долларына бөлумен анықталатын бір валютаның орташа өлшенген бағамын айтады. Мысалы, СДР валюта қоржыны жоғарыда көрсетілген бұрын еркін қолданылатын валюталардан құралады, қазір ондағы американдық доллар дың үлесі шамамен 39%, неміс маркасы -21 жапон иені - 18, француздық франк және фунт стерлингтің әрқайсысының үлесі 11% болады.
Валюта бағамының тәртібі белгіленген, белгілі бір аралықта өзгермелі.
Валюталық шектеудің болуы немесе болмауы. Мысалы, Ресейде ел экономикасының тұрақсыздығына байланысты шектеу, лимит белгілеу, белгілі бір валюталық құндылықтармен жүргізілетін операцияларға тиым салу енгізілген. 50-жылдардың аяғында валюталық шектеуді алып тастаған. 1996 жылы Ресей саудалық және саудалық емес операцияларға валюталық шектеулерді жойды.
Төрт қосындыдан тұратын (елдің ресми алтын және валюта резервтері, СДР есепшоттары, еуро (1999 жылдан ЭКЮ-дың орнына), ХВҚ резервтік позициясы (бағыты) және елдің сыртқы қарызын өтеу мүмкіншілігін білдіретін мемлекттің халықаралық валюта өтімділігін реттеу;
Халықаралық несиелік айналым құралдары мен халықаралық есеп айырысу формаларын қолдану тәртібін белгілеу;
Валюта нарығы мен алтын нарығы ережесі;
Валюта қатынастарын реттейтін ұлттық органдардың статусы (орталық банк, Қаржы министрлігі, арнаулы органдар, мысалы, Қазақстанда Ұлттық банк, Ресейде - валюталық және экспорттық бақылаудың федералдық қызметі) .
Әлемдік шаруашылық қатынастарының дамуына байланысты әр елдің ұлттық валюта жүйелерінің негізінде дүниежүзілік және аймақтық валюта жүйелері қалыптаса бастады. Олардың негізгі принциптері мемлекетаралық келісіммен заңды түрде бекітіледі.
Дүниежүзілік валюта жүйесі деген халықаралық валюта қатынастарының ұйымдастыру формасы, яғни ол-халықаралық несие-қаржы институттарымен халықаралық-шарт және мемлекеттік құқық нормасы кешендерін біріктіретін жүйе. Бұл ереже-шарттардың негізгі міндеті-халықаралық сауда-саттық процестерін жеңілдету, саудаға қатысушы фирмалардың іс-әрекеттерінің тиімділігін қамтамасыз ету. Жалпы валюта жүйесі халықаралық экономикалық және сауда қатынастарын ұзақ мерзімге жоспарлауға мүмкіндік туғызуы қажет. Оның мақсаты-кейбір мемлекет пен үкіметтер жағынан болып тұратын әр түрлі валюталық шектеуді және тамыр таныстық әрекеттерді түп тамырымен құртуға мүмкіндік жасау.
Валюта жүйесі әлемдік шаруашылық байланыстарда дербес роль атқарады. Ол өндірістің даму қарқынына, халықаралық айырбастың көлеміне, баға саясаты мен жаақыға әсер етеді.
Алғашқыда әлемдік ақшаның бірден-бір түрі болып алтын, кейін құйцма формасындағы алтын есептелді. Алтын монетаны халықаралық есептесуде қолдану үшін алдымен құйма жасау, содан соң басқа елдің монетасын соғу қажет болды. Біртіндеп айналыс шығындарын азайту мақсатында халықаралық есеп айырысуда ұлттық алтын монета және несие айналым құралдары қолданыла бастады.
Ұзақ тарихи дамудың нәтижесінде дүниежүзілік валюта жүйесінің негізгі элементтері қалыптасты. Олар:
-әлемдік ақшаның міндетті формасы (алтын, резервтік валюта, халықаралық валюталық өлшем) ;
-валюталардың айырбасталу шарттарын белгілеу;
-валюталық паритет пен валюта бағамы тәртібін үйлестіру;
-валюталық шектеу көлемін тәртіптеу;
-халықаралық валюта өтімділігінің құрамдас бөліктерін белгілеу (мысалы, ХВҚ 1970 жылдан айналымға жаңа халықаралық валюта өлшемі СДР-ды, ЕВҚҚ -1979 жылдан еуропалық валюта өлшемі ЭКЮ-ді, ал 1999 жылдың қаңтарынан еуроны енгізді) ;
-халықаралық несиелік айналым құралдарын қолдану тәртібін үйлестіру;
-әлемдік валюта нарығы мен алтын нарығының ережесі;
-мемлекет аралық реттеу институтының статусы-1944 жылдан Халықаралық валюта қоры бекітілді.
Валюталық реттеу. Валюталық реттеудің мақсаттары мен міндеттері
1 . Валюталық реттеудің мақсаты экономикалық өсуге қол жеткізу және экономикалық қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі мемлекеттің саясатына жәрдемдесу болып табылады.
2 . Валюталық реттеудің міндеттері: 1) Қазақстан Республикасында валюталық құндылықтардың айналысының тәртібін белгілеу; 2) Қазақстан Республикасының дүниежүзілік экономикаға одан әрі кірігуі үшін жағдайлар жасау; 3) валюталық операциялар мен капитал легі жөніндегі ақпараттық базаны қамтамасыз ету болып табылады.
Валюталық реттеу органдары.
- Қазақстан Республикасында валюталық реттеудің негізгі органы
Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі болып табылады.
- Қазақстан Республикасының Үкіметі және де өзге мемлекеттік органдар валюталық реттеуді өз құзыреті шегінде жүзеге асырады.
- Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі және Қазақстан Республикасының Үкіметі осы Заңға сәйкес өз құзыреті шегінде резиденттер мен резидент еместер үшін міндетті нормативтік құқықтық актілер шығарады.
Валюталық реттеу органдары әзірлеген валюталық реттеу мәселелері жөніндегі нормативтік құқықтық актілер Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкімен міндетті түрде келісілуге тиіс.
- Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі валюталық реттеудің негізгі органы ретінде:
- осы Заңның 6-бабына сәйкес резиденттердің валюталық құндылықтарды пайдалануға байланысты қызметін жүзеге асыруына қойылатын талаптарды;
- резиденттер мен резидент еместердің валюталық операцияларды жүзеге асыру тәртібін, соның ішінде валюталық реттеу режимдерін:
лицензиялауды;
тіркеуді;
хабардар етуді;
3) Қазақстан Республикасының аумағында қызметін жүзеге асыратын резидент еместердің валюталық операцияларына мониторингті (валюталық мониторингті) жүзеге асыру тәртібін;
4) уәкілетті мемлекеттік органдармен келісім бойынша олардың құзыретіне сәйкес барлық резиденттер мен резидент еместердің орындауы үшін міндетті
валюталық операциялар бойынша есепке алу және есептілік нысандарын белгілейді.
Қазақстан Республикасының валюта жүйесі
Нарыққа өту кезінде Қазақстан Республикасы егеменді ел ретінде өзінің тәуелсіз дамуы кезеңінде валюталық саясат жүргізуі керек. Қазақстанның алдында шетелдермен дербес валюта қатынастарын құрумен қатар халық шаруашылығын қайта құру, оны нарық рельстеріне түсіру мәселелерін бірге шешу міндеттері тұрды.
Қазақстан 1992 жылдың шілдесінде ХВҚ-ға мүше болып кіргеннен бастап өзінің валюта қатынастарын Ямайка валюта жүйесінің құрылымдық қағидалары мен қордың Жарғысына сәйкес қалыптастыруда. Валюта қатынастарын ұйымдастыру үшін 1993 жылдың 14 сәуірінде "Валюталық реттеу туралы" алғашқы заң қабылданды. Ол кезде Қазақстан сом аймағында болғандықтан шетелдермен жеке валюталық байланыстары жоқ болатын. Еліміз өзінің ұлттық валютасын айналымға шығаруға дайындап, жеке алтын валюта резервтерін құру жұмыстарын жүргізумен шұғылдануда еді. 1996 жылы 24 желтоқсанда Қазақстанда "Валюталық реттеу туралы" жаңадан заң қабылданды.
Қазақстан Республикасының шетелдермен жүргізілетін валюталық қатынастарының негізгі элементтері республикада қабылданған заңдарда айқындалған. Олар жоғарыда айтылған заңдарға қоса, "Қазақстан Республикасының ақша жүйесі туралы" жылдың 13 желтоқсандағы заң; "Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі туралы" 1995 жылдың 30 наурызындағы заң "Асыл тастар және қымбат бағалы металдармен байланысты қатынастарды мемлекеттік реттеу туралы" 1995 жылдың 20 шілдедегі заң; "Банк және банк қызметі туралы" 1995 жылдың 31 тамызындағы заң; сонымен қатар ҚР Президентінің Жарлықтары, үкімет Қаулылары мен Ұлттық банк басқармасының нормативтік актілері (1994 жылдың 24 қарашасында ҰБ басқармасы бекіткен "ҚР-да валюталық операцияларды жүргізу тәртібі") .
Қазақстан заңдары бойынша валюталық реттеудің объектісі болып шетел валютасы, шетел валютасындағы бағалы қағаздар, валюталық құндылықтарды, аффинирленген (тазартылған) алтын мен басқа да бағалы металдарды республикаға әкелу, алып кету мен жіберу тәртібін белгілеу болып есептеледі. Валюталық қатынастардың субъектілері болып "резиденттер" және "резидент еместер" саналады. Резиденттерге жататындар:
Қазақстан Республикасында тұратын жеке кәсіпкерлер, оның ішінде уақытша шетелдерде мемлекеттік қызметте жүргендер;
Қазақстан Республикасының заңдары бойынша құрылған заңды тұлғалар, сондай-ақ олардың Қазақстан территориясындағы филиалдар және одан тыс жерлердегі өкілдіктері;
Қазақстан Республикасынан тыс жерлердегі дипломатиялық, сауда және басқа ресми өкілдіктер, сондай-ақ шаруашылық немесе коммерциялық іспен шұғылданбайтын өкілдіктер.
Қазақстан Респуликасындағы "резидент еместерге" жоғарыда республика "резиденттері" түсінігінде көрсетілмеген заңды және жеке тұлғалар жатады.
Қазақстан Республикасындағы негізгі валюталық реттеу органы болып Ұлттық банк саналады. Ол:
Шетел валютасының және шетел валютасындағы бағалы қағаздар айналысының аясы мен тәртібін белгілейді, шетел валютасында операциялар жүргізуге қажетті шектеулер енгізеді, ондай шектеулерді сыйақы көлеміне де енгізеді;
Резиденттер мен резидент еместердің республикада шетел валютасымен және шетел валютасындағы бағалы қағаздармен операциялар жүргізу ережелерін белгілейді;
Резиденттердің шетел банктерінде шот ашу шарттарын анықтайды; беру, тіркеу ережелерін белгілеп, валюталық операциялар жүргізуге лицензиялар береді;
Ұлттық валютаның шетел валютасына шаққандағы бағамын, оның ішінде бухгалтерлік есеп жүргізу, кедендік және салық төлемдері үшін, сондай-ақ шетел валюталарымен және бағалы металдармен жасалатын операциялар бойынша Қазақстан теңгесіне нарықтық баға белгілеу мақсатында Ұлттық банктің ресми бағамын белгілеу жолымен реттейді;
Алтын валюта активтерін құрап, солармен операциялар жүргізеді;
Халықаралық есеп айырысуды ұйымдастырып, шетелдермен қаржы-валюталық және несие есеп айырысу қатынастарын жетілдіреді;
Қабылданған мемлекеттік шарттарға сәйкес шетелдік және халықаралық ұйымдарменшетел валюталарын тартады.
Қазақстанда валюталық бақылауды валюталық бақылау органдары және олардың агенттері жүргізеді. Валюталық бақылау органдары болып Ұлттық банк және Қазақстан Республикасының Үкіметі саналады. Бақылау агенттері болып заң бойынша валюталық бақылау қызметін жүргізетін ұйымдар.
Валюталық бақылау мына бағытта жүргізіледі:
Жүргізілетін валюталық операциялардың заға сәйкестігін анықтау және оған қажетті лицензиялар мен рұқсаттың болуы;
Резиденттердің мемлекет алдындағы шетел валютасымен міндеттемелерін орындауын тексеру; сондай-ақ ҚР-ның ішкі валюта нарығында шетел валютасын сату міндеттемелерінің орындалуын тексеру; шетел валютасымен жүргізілген төлемдердің дәлелдігі, валюта операциялары бойынша есеп пен есептесудің толықтылығы және объективтілігі тексеріліп, сонымен бірге резиденттер еместердің теңгемен жүргізген операциялары бойынша бақылау жүргізіледі.
Теңге. Он жыл бұрын Қазақстан төл валютасын енгізді. Қазақстанның егемендікке ие болуы бағаны ырықтандырумен, инфляциямен тура келді. Қолма-қол ақшаның жетіспеушілігінен ақша айналысында қиындықтар басталды. Қазақстан шаруашылық байланыстарын сақтауға тырысып, бұрынғы КСРО республикаларының экономикалық бірлестігі үшін күресті. Бірақ-та біздің Үкіметіміздің күш-жігері Ресейдің басшылығы мен Орталық Банкісінде қолдау таппады. Осы жағдайда Қазақстан Президенті ұлттықвалютаны әзірлеу және енгізу туралы шешім қабылдады.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz