Нарықтың дамуы жағдайында жерге орналастырумен байланысты туындайтын құқықтық қатынастарының теориялық негіздері


РЕФЕРАТ

Ұсынылып отырған дипломдық жұмыста жер құқығының дара институты ретінде қаралатын, мемлекеттік реттеудің бір функциясы ретінде қарастырылатын жерге орналастыру қатынастарын құқықтық реттеу мәселелері қарастырылған. Жұмыста жерге орналастыру аясындағы заңдардың қалыптасуы мен даму тарихын қарастыра отырып, жерге орналастыру қатынастарының жер процессуалдық қатынастардан ерекшеліктері мен оны құқықтық реттеудегі өзекті мәселелерді зерттеуге талпыныс жасалды.

Қазақстан Республикасының егеменді ел ретінде қалыптасып нарықтық экономикаға бейімделуі жер құқық қатынастарын дамыту арқылы экономиканың өзге салаларын өркендеруді мақсат етті.

Қазіргі кезде қоғамымызда жер құқық қатынастары ең маңызды қатынастардың бірі және өзектілік танытып отып.

Қазіргі кезде қоғамымызда орын алып отырған жер дауларының басым бөлігі қолданыстағы заңдардың орындалмауынан емес, сол жер заңдарында қарастырылған мәселелердің дұрыс шешімін таппауында болып отыр. Жерге орналастыру мен жерге орналастыруды жүзеге асыру процесі заң әдебиеттерінде жер құқығының бір институты ретінде жанама түрде ғана қарастырылып кеткен. Бірақ, жерге орналастыру қатынастары осы күнге дейін ғылыми тұрғыда кешенді түрде толық зерттеле қойған жоқ.

Дипломдық жұмыстың мақсаты нарықтың дамуы жағдайында жерге орналастырумен байланысты туындайтын құқықтық қатынастарының теориялық негіздерін қарастыру.

Жұмыстың міндеттері:

  • жер құқығы саласындағы жерге орналастыру құқықтық қатынастарының аясын зерттеп, олардың түрлерін анықтау;
  • жерге орналастырудың құқықтық табиғатын зерттей отырып, жерге орналастыру қатынастары мен жерге орналастыру қызметінің құқықтық ерекшеліктерін ескеріп олардың заңды анықтамасын беру мәселелерін зерттеу;
  • жерге орналастыру қатынастарын реттейтін заңдардың өзіне тән қағидаларын айқындау және олардың мазмұнын талдау;
  • жерге орналастыру қатынастары субъектілерінің құқықтық жағдайының ерекшелігін анықтау;

Нақты жұмыс кіріспеден, екі тараудан, қорытынды бөлімнен және қолданылатын деректер тізімінен тұрады.

Жұмыстың жалпы көлемі 66 бет.

МАЗМҰНЫ

Кіріспе
3
: 1
Кіріспе: Қазақстан Республикасында жерге орналастыру қызметінің құқықтық негіздері
3: 5
: 1. 1
Кіріспе: Қазақстан Республикасындағы жерге орналастырудың түсінігі, жалпы сипатамасы
3: 5
: 1. 2
Кіріспе: Қазақстан Республикасында жерге орналастыру қызметінің кезеңдері және мазмұны
3: 12
: 1. 3
Кіріспе: Жерге орналастыру қызметін реттейтін заңдардың қағидалары
3: 29
: 2
Кіріспе: Қазақстан Республикасындағы жерге орналастыру құқықтық қатынастары
3: 39
: 2. 1
Кіріспе: Қазақстан Республикасындағы жерге орналастыру құқықтық қатынастарының түсінігі және элементтері
3: 39
: 2. 2
Кіріспе: Жерге орналастыру субъектілерінің ұғымы мен түрлері
3: 43
: 2. 3
Кіріспе: Жерге орналастырудың объектілерінің ұғымы мен түрлері
3: 56
:
Кіріспе: Қорытынды
3: 61
:
Кіріспе: Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
3: 64

КІРІСПЕ

Мемлекетіміздің табиғи байлықтарының қайнар-көзі болып табылатын жер ресурстары Қазақстан Республикасының Конституциясына сәйкес Республика халқының өмірі мен қызметінің негізі болып саналады. Жердің мемлекет, қоғам және адамзат үшін қажеттілігі оның өндіріс, экономика саласында атқаратын рөліне де байланысты болады. Сонымен қатар, қазақ халқында жерді Анаға теңеп, аса үлкен құрметпен қадірлеуі де көшпенді елдің тіршілігі үшін жердің өте маңызды болғандығын аңғартады.

Қазақстан Республикасының егеменді ел ретінде қалыптасуы нарықтық экономиканың өтпелі қиыншылықтарын ескере отырып, жер реформаларын жүзеге асыру арқылы жер құқықтық қатынастарын дамытуды қажет етті. Оның негізі Қазақстан Республикасы егемендік алған кезеңнен, яғни 1991 жылы 16 желтоқсанда қабылданған Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік тәуелсіздігі туралы» заңы мен 1993 жылғы 23 қаңтарда қабылданған Қазақстан Республикасының Конституциясынан бастау алады. Ал 1995 жылғы 30 тамызда қабылданған Қазақстан Республикасы Конституциясының қазақ мемлекеті мен құқығының тарихында, соның ішінде жер құқығы саласында алатын орны ерекше. Бұл Конституцияда жер және оның қойнауы, су көздері, өсімдіктері мен жануарлар дүниесі, басқа да табиғи ресурстар мемлекет меншігінде болатындығы, сондай-ақ, жердің заңдарда белгіленген негіздерде, шарттар мен шектерде жеке меншікте де болу мүмкіндігін бекітіп берді. Осыған орай Қазақстан Республикасында мемлекеттік меншікке негізделген жер құқық қатынастары жаңа сипатқа ие болып, жерге жеке меншік институты пайда бола бастады. Конституцияда алғаш рет жерге мемлекеттік меншікпен қатар жеке меншікті белгілеген бұл норма жер қатынастарын реттейтін арнайы заңдардың негізі болып табылады. Жер заңдарының жылдан-жылға шыңдалып, жетілдіріп, бірнеше рет тиісті нысандарда қабылдануы, жер құқық қатынастардың Қазақстан Республикасының әлеуметтік және экономикалық даму процесі кезеңдерін және оның жер заңдарын жетілдіруде атқаратын қызметінің арта түсуін байқатады. Қазақстан Республикасының Жер кодексі жер құқықтық қатынастардың ауқымын бұрынғыдан да кеңейтіп, бірінші рет ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелері жеке меншік құқығы мен Қазақстан Республикасының азаматтарына шаруа (фермер) қожалығын жүргізу үшін және Қазақстан Республикасының мемлекеттік емес заңды тұлғаларына тауарлы ауылшаруашылығы өндірісін жүргізу және орман өсіру үшін берілетінін бекітіп берді.

Қазіргі кезде қоғамымызда орын алып отырған жер дауларының басым бөлігі қолданыстағы заңдардың орындалмауынан емес, сол жер заңдарында қарастырылған мәселелердің дұрыс жүзеге асырылмауында болып отыр. Сол себепті азаматтар мен заңды тұлғалардың жерге деген құқықтарының толық жүзеге асырылуы жерге орналастыру органдарының өз міндеттерін жүйелі түрде, заңға сәйкес жүзеге асырылуына байланысты.

Жерге орналастыру, жерге орналастыру процесі, жер процессуалдық құқық тақырыптары Қазақстан Республикасында Кеңестер Одағы кезеңінде де егемендік алғаннан кейін де арнайы зерттеу нысанына алынбады. Дегенмен, жер процессуалдық құқықтың негізгі бөлігі болып саналатын жерге орналастыру мәселесі бүгінгі күні кешенді түрде зерттеуді қажет етеді. Біздің дипломдық жұмысымыз жерге орналастыруды терең зерттеп, оның тарихи дамуының құқықтық негіздерін, жерге орналастырудың түсінігін, түрлерін, мақсаттары мен міндеттерін, қағидаларын, объектілері мен субъектілерінің құқықтары мен міндеттерін жан-жақты анықтау болып табылады.

Дипломдық жұмыстың мақсаты нарықтың дамуы жағдайында жерге орналастырумен байланысты туындайтын құқықтық қатынастарының теориялық негіздерін қарастыру.

Жұмыстың міндеттері:

  • жер құқығы саласындағы жерге орналастыру құқықтық қатынастарының аясын зерттеп, олардың түрлерін анықтау;
  • жерге орналастырудың құқықтық табиғатын зерттей отырып, жерге орналастыру қатынастары мен жерге орналастыру қызметінің құқықтық ерекшеліктерін ескеріп олардың заңды анықтамасын беру мәселелерін зерттеу;
  • жерге орналастыру қатынастарын реттейтін заңдардың өзіне тән қағидаларын айқындау және олардың мазмұнын талдау;
  • жерге орналастыру қатынастары субъектілерінің құқықтық жағдайының ерекшелігін анықтау;

Нақты жұмыс кіріспеден, екі тараудан, қорытынды бөлімнен және қолданылатын деректер тізімінен тұрады.

1 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДА ЖЕРГЕ ОРНАЛАСТЫРУ ҚЫЗМЕТІНІҢ ҚҰҚЫҚТЫҚ НЕГІЗДЕРІ

1. 1 Қазақстан Республикасындағы жерге орналастырудың түсінігі, жалпы сипатамасы

Жерге орналастыру дегеніміз - жер қатынастарын реттеуге, жерді ұтымды пайдалану мен қорғауды ұйымдастыруға бағытталған Республика заңдарының сақталуын қамтамасыз ету жөніндегі іс-шаралар жүйесі болып табылады. Жерге орналастыру қызметінің белгілері:

1. Жерге орналастыру - жер аумағын, жерді пайдалануды және экологиялық жағдайды ұтымды ұйымдастыруды қамтамасыз ететін шаралар жүйесі;

2. Жерге орналастыру - бұл жерді өндіріс құралы ретінде ұйымдастыру шараларының жүйесі;

3. Жерге орналастыру - жерді толық, тиімді және ұтымды пайдалануды ұйымдастыру, жерді пайдалану мәдениетін арттыру және қорғау саласындағы мемлекеттік органдардың шешімдерін жүзеге асыруға бағытталған шаралар;

4. Жерге орналастыру - жер пайдалану саласында, мемлекеттің органдарының шешімдерін жүзеге асыруға бағытталған мемлекеттік шаралардың жүйесі;

5. Жерге орналастыру - барлық жер аумағын және оның жеке бөліктерін дұрыс ұйымдастыруды қамтамасыз ететін белгілі шаруашылық құқықтық және жер техникалық, мемлекеттік шаралар (әрекеттер) жүйесі.

Жерге орналастыру қызметінің мазмұнындағы бұл шаралар үш топқа бөлінеді:

1. Әлеуметтік экономикалық. Әлеуметтік экономикалық шаралар жерді қандай салада пайдалануын анықтайды ол жерді ауыл, орман, шаруашылық қызметтерін жүргізу мүмкіндігін анықтайды. Жерге орналастыру экономикалық аспект ретінде жер өндіріс құралы және халық шаруашылығының салаларының объектілер орналастыратын аумақтық базисі ретінде жерді ұйымдастыру.

2. Техникалық. Техникалық шаралар іздестіру, суретке түсіру, карта жасау, зерттеу жұмыстарын әртүрлі жобалады жасауға жұмыстар жүргізеді. Жерге орналастырудың техникалық аспектісін жобалау, іздестіру, зерттеу және түсіру жұмыстары қамтиды.

3. Құқықтық. Жерге орналастыру жер қорын басқаруға байланысты мемлекеттік қызметтің бағыттарының бірі. Жерге орналастыру құқықтық аспект ретінде - жер меншік иелері мен жер пайдаланушылардың құқықтарын жүзеге асырудың шарттарын анықтайды. Жерге орналастыру жерді ұтымды пайдалануды ұйымдастыруға бағытталған шаралардың жүйесін құрайды.

Қазақстан Республикасында жерге орналастырудың тарихы 1917 жылғы Қазан Революциясынан және 1917 жылғы 26 қазандағы Жұмысшылар әскерлері және шаруалар депутаттарының II бүкіл Ресейлік съезінің жер туралы декретінен басталады. Бұл Декретте мыналар қаралды: осы Декретке сай помещиктердің жерге деген меншігі жедел түрде құны төленбей жойылды.

Ұйымдастыру жиналысына дейін, помещиктердің үйлері сондай-ақ, барлық жерлер сияқты үлестік монастырлық шіркеу жерлері, тірі және өлі заттары мен қора-жайлары және басқа мүліктері шаруалар депутаттарының болыстық және ояз уездік жер комитеттерінің қарамағына өтетін болды.

Қалай да болмасын мұнан былай тәркіленген бүкіл халыққа тиесілі мүліктің бұзылуы аймақтық сот қарайтын ауыр қылмыс болып жарияланады. Жай казактар мен жай шаруалардың жерлері тәркіленбейтін болды.

Жер туралы мәселелер, оның барлық көлемі тек қана бүкіл халықтық ұйымдастыру жиналысында шешілуге тиіс еді. Жер мәселесінің ең әділетті шешімі былай болу қажет болды:

1) Жерге жеке меншік қашанда болса жойылады; Жер сатуға да сатып алуға да немесе кепілдікке беруге, қандайда болсын басқа әдістер мен шектелуге жатпайды. Барлық жер мемлекеттік үлестік, кабинеттік, монастырлық, шіркеулік, посесиондық, майораттық жеке иемденудегі қоғамдық және шаруашылық деп танылады және құны төленбей шеттетіледі, бүкіл халықтық иелікке айналады және барлық еңбекшілердің пайдалануына өтеді.

2) Жалпы мемлекеттік мәні бар жерлердің барлық қойнауы, рудалар, мұнай, көмір, тұз тағы басқа, сондай-ақ, ормандар және сулар тек қана мемлекеттің меншігіне өтеді. Барлық кіші өзендер, көлдер, ормандар басқалар жергілікті өзін-өзі басқару органдарының басшылығы мен қоғамдастықтың пайдалануына өтеді.

3) Барлық жоғары мәдениетті шаруашылықтағы жерлер: бақтар, плантациялар, питомниктер, көшеттіктер бөлінуге жатпайды және көріктілерге жатқызылады. Олардың көлеміне және маңызына қарай текқана мемлекеттік қоғамдастықтың пайдалануына беріледі.

4) Жылқы зауыттары мемлекеттік және жекеменшіктегі асыл тұқымды мал шаруашылығы және құс шаруашылығы және басқалар, бүкіл халықтық игілікке айналды. Көлеміне және мазмұндылығына қарай көрікті шаруашылыққа айналдырылды. Тек қана мемлекеттік немесе қоғамдастықтың пайдалануына берілді.

5) Тәркіленген жердегі барлық өлі-тірі заттар көлеміне және мазмұнына қарай құны төленбей, тек қана мемлекеттің немесе қоғамдастықтың пайдалануына беріледі.

6) Жерді пайдалану құқығын өзінің отбасының немесе серіктестіктің күшімен өңдейтін Ресей мемлекетінің барлық азаматтары (жынысына қарамай) ала алады, және өзінің күшімен барынша пайдалана алады.

7) Жер пайдалану тең болу керек, яғни жер еңбекшілер арасында жергілікті жағдайларға қарай еңбек және тұтыну нормалары бойынша бөлінеді.

8) Барлық жерлер иесінен алынғаннан кейін бүкіл халықтық жер қорына түседі. Оны еңбекшілер арасында бөлуді жергілікті және орталық өзін-өзі басқару органдары басқарады.

Жер пайдалану нысандары әбден ерікті болуы қажет болды.

Қора-қопсының, хуторлық, қауымдық, артельдік жеке салалық және кеңестік шешімдер бойынша бөлістердің шекарасы өзгертілген жағдайда жердің алғашқы өзегі сақталуы керек1.

Жерге орналастыру жөнінде 1917 жылғы 23 маусымдағы Бүкіл Ресейлік съезінде мақұлданған Жер комитеттерінің қызметі туралы тәртіп қабылданған болатын. Оның мақсаты тәркіленген жерлерді жүзеге асыру болып табылады. Болыстық жер комитеттері барлық болыстарда тікелей сайлау арқылы құрылады. Болыстық жер комитеттерінің міндеттерін крепостной құрылысының барлық қалдықтарын тезірек және біржолата жою, барлық әділетсіз олқылықтарды, оның ішінде: норматикалық орындаушылық жүйесі натуралдық жалдау, т. б. толығымен жоюға жақызылды.

1928 жылдың 2 наурызында ССРО СНК-тің «1927-1928 жылдарға арналған ауыл шаруашылығы мемлекеттік шараларының жоспары туралы» қаулы қабылданды2. Бұл ауыл шаруашылығы шараларының қатарында жерге орналастыру жұмыстары жоспарланды.

Жер басқару органдарына 1928 жылға дейін ұйымдастырылған советтік және коллективтік қожалықтарында жерге орналастыруды 1928 жылы аяқтау туралы, астық өндіретін аудандарда жерге орналастыру жұмысын күшейтуді, жерге мемлекеттік мүлікті, ірі мемлекеттік ауылшаруашылық кәсіпорындары мен коллективтік қожалықтарды ұйымдастыру үшін пайдалануды тапсырды.

1941 жылғы Ұлы отан соғысына дейінгі кезеңде және одан кейінгі жылдары ССРО-да жерге орналастыру жұмыстары халық шаруашылығының түрлеріне қарай әр түрлі нормативтік құқықтық актілермен жүзеге асырылып отырды.

Мысалы: ССРО Министрлер советі мен Советтер Одағы Комунистік Партияның Орталық Комитеті тыңайған және тың жерлерді игерудің есебінен 1954-1955 жылдарына «Астық өндіруді көбейту туралы» қаулы қабылдап, жерге орналастыру жұмыстарының түрлерін көрсетіп берді.

Астық егетін колхоздар мен совхоздардың жерін қайта бөлу, колхоздардың жерін колхозшылардың жалпы жиналысының қаулысы мен совхоздарға беріп, олардың астық егетін жерінің көлемін ұлғайту, мемлекет жер қоры есебінен облыстық атқару комитеттерінің қаулысымен колхоздар мен совхоздарға жер беру және басқа жерге орналастыру мәселелері белгіленді.

Кеңестер Одағы кезінде 1968 жылғы 13 желтоқсанда Кеңестер Одағының және одақтас Республикалардың жер заңының негізі қабылданды. Бұл жер туралы заң бірінші рет жер туралы заңдардың топтастырылып, кодификациялануы еді. Ол он бір бөлім, 50-баптан тұрды. 8-ші бөлімі мемлекеттік кадастрға, 9-шы бөлімі мемлекеттік жерге орналастыруға, 10-шы бөлімі жер дауларын шешуге арналды.

Жерге орналастыру міндеттері мемлекеттік органдардың жерді пайдалану саласындағы шешімдерді жүзеге асыруға бағытталған мемлекеттік шаралардың жүйесін қамтиды.

Мемлекеттік жерге орналастырудың міндеттері жерді неғұрлым толық, ғылыми негізде ұтымды, әрі тиімді пайдалануды ұйымдастыру, егіншілік мәдениетін арттыру және жерді қорғау болып табылады.

Қазақ ССР-нің екінші Жер кодексі 1990 жылы 16 қарашада қабылданды3.

Бұл Кодекс 13 бөлімнен, 198-баптан тұрды. Он бірінші бөлім жер кадастры және орналастыру деп аталды. 180-бап жер кадастры, 184-бап жерге орналастыру.

Енді осы он бірінші бөлімдегі баптарға тоқталамыз. Себебі, бұл Кодекстің нормалары бұрынғы Кодекске қарағанда жетілдірілген болып саналады. Жер кадастрының мақсаты жердің ұтымды пайдаланылуы мен қорғалуын ұйымдастыру.

Жер кадастры - жерге орналастыруды реттеу, жер үшін ақы мөлшерін негіздеу, шаруашылық қызметке баға беру мақсатында халық депутаттары советтерінің мүдделі кәсіпорындарды, мекемелерді, ұйымдар мен азаматтарды жер туралы мәліметтермен қамтамасыз етуге, жер кадастрының мазмұны жердің пайдалануын тіркеу, жердің көлемі, санасын есепке алу, сапасын анықтау және жерге экономикалық баға беру деректерінен тұрады. Жер кадастрын жүргізу тәртібі, жер кадастрын жүргізу топографиясы шегін белгілеу мен өзгерту.

Жерге орналастыру әрекеттері мыналарды қамтиды:

1) жердің аттамалығын және жердің орналасуындағы қолайсыздықтарды жоя отырып, пайдалану үшін жаңадан жер пайдалануды құру, сондай-ақ бұрыннан қолданылып келе жатқан жер пайдалануды тәртіпке келтіру, жерді пайдалану шараларын дәлелдеу және өзгерту;

2) экономикалық жағынан негізделген ауыспалы егіс тәртібін енгізу және барлық басқа ауыл шаруашылық жерлерін орналастыру арқылы колхоздардың, совхоздардың және басқа да ауыл шаруашылық кәсіпорындардың, ұйымдар мен мекемелердің территориясын шаруашылықтың өз ішінде ұйымдастыру, сондай-ақ, топырақтың эрозиясына қарсы күрес жүргізу жөніндегі шараларды белгілеу;

3) ауыл шаруашылығына және басқа да халық шаруашылығына арнап игеру үшін жаңа жерлерді анықтау;

4) жер учаскелерін бөліп беру және алып қою;

5) қаланың шегін, селоның шегін, елді мекендердің шегін белгілеу және өзгерту;

6) топографиялық, геодезиялық, топырақ геоботаникалық және зеттеу- іздестіру жұмыстарын жүргізу.

Жерге орналастыру жұмыстарының түрлері.

Жерге орналастыру өзінің міндеттері мен мазмұны жағынан шаруашылық аралық және шаруашылық ішілік болып екі түрге бөлінеді.

39 тарау. Жерге орналастыру процесі.

Жерге орналастыру процесінің кезеңдері. Жерге орналастыру жұмыстары мынадай ретпен жүргізіледі:

- жерге орналастыру ісін қозғау;

- дайындық жұмыстары;

- жерге орналастыру жобасын жасау;

- жерге орналастыру жобасын қарау және бекіту;

- жерге орналастыру жобасын нақты жердің өзіне түсіру;

- жерге орналастыру құжаттарын реттеу және жер пайдаланушыға беру.

Жерге орналастыру ісін қозғау. Жерге орналастыру ісін халық депутаттарының тиісті советтерінің атқару комитеттері немесе мемлекеттік жерге орналастыру органдары қозғайды.

Сондай-ақ, ол мүдделі министрліктердің, мемлекеттік комитеттің, ведомоствалардың және жер пайдаланушылардың өтініші бойынша қозғалады.

Дайындық жұмыстары. Дайындық жұмыстары жүгізілетін кезде жерге орналастыруға қатысушылардың құрамы белгіленеді. Нақты жер пайдалану құқықтық негіздерге сай келетіні тексеріледі. Жерге орналастыруға қатысушылардың, сондай-ақ, мүдделі ұйымдар мен мекемелердің тілектері анықталады және басқа материалдары тексеріледі. Қажет болған реттерде қосымша далалық зерттеулер жүргізіледі. (17 қазан, 1980 жылғы редакция) (200-бап) .

Жерге орналастыру жобасын жасау, жерге орналастыру мүдделі жер пайдаланушылардың қатысуымен жасалды. Жер пайдаланушылардың өкілдері жерге орналастыру жобасын жасаушыларға өздерінің тілектері мен ұсыныстарын айтуға құқығы болды.

Жобаны жасау барысында шешілмеген талаптар жобаны бекіткен кезде шешілді. (201-бап) .

Жерге орналастыру жобасын қарау және бекіту.

Колхоздарда жерге орналастыру жобасы колхоз мүшелерінің жалпы жиналысында немесе уәкілдердің жиналысында, совхоздарда және мекемелерде, өндірістік кеңестерде талқыланды. Мүдделі жер пайдаланушылар қараған жерге орналастырудың барлық жобасы ол жоба бекітілгенге дейін бағыныштысына қарай тиісті жоғары тұрған органмен келісілді. Ол совхоздар және Одақ пен Республикаға бағынатын басқа кәсіпорындар ССРО мен Қазақ ССР-нің тиісті министрліктерімен, мемлекеттік комитеттерімен және ведомостваларымен келісілді.

Ішкі шаруашылықты жерге орналастыру жобасын ол жоба белгіленген тәртіппен келісілгеннен кейін халық депутаттарының аудандық советінің атқару комитеті қарап бекітті.

Жерге орналастырудың шаруашылық аралық жобасын мыналар бекітті. (202-бап) . Жерге орналастырудың шаруашылық аралық жобасын бекіту тәртіптері осы күнгі жер пайдалану және басқару жүйесіне сай келмегендіктен қаралмады.

Жерге орналастыру жобасын нақты жердің өзіне түсіру, жерге орналастыру жобасын, ол жоба бекітілгеннен кейін жер пайдаланушылардың шекаралары белгіленген үлгілері меже белгілерімен көрсете отырып мемлекеттік жерге орналастыру органдары нақты жердің өзіне түсіреді. (203-бап) .

Жерге орналастыру құжаттарын беру.

Жерге орналастыру жобасын нақты жердің өзіне түсіргеннен кейін жер пайдаланушыларға мемлекеттік акт берілді, немесе уақытша жер пайдалану құқығын көрсететін акт ішкі шаруашылықты ұйымдастыру аумағының жобасы мен жоспары берілді. (204-бап) .

Жерге орналастыру жобаларын жүзеге асыру.

Жерге орналастырудың жобасын нақты жердің өзінде орындау тиісті жер пайдаланушыларға жүктелді. Жобалардың орындалуына бақылау жасауды мемлекеттік жерге орналастыру органдары жүзеге асырды. (205- бап) .

Геодезиялық, картографиялық, топырақ, геоботаникалық және басқа зерттеулер мен іздестірулер жүргізу, жер иелену мен жер пайдалану ісін тіркеу, жерді есепке алу мен оны бағалау арқылы жүргізілді. (182-бап) .

Мелиорациялық кадастр суармалы жерде ауыл шаруашылығы органдары жерге орналастыру қызметімен бірлесе отырып, Республикалық бюджет қаржысы есебінен жүргізілді.

Жерге орналастыру жер заңдарын халық депутаттарының кеңесінің жерді пайдалану мен қозғауды ұйымдастыру жөніндегі шешімдерін орындауға қолайлы экологиялық орта жасау және табиғи шарттарды жақсартуға бағытталған шаралар жүйесін қамтыды. (184-баптың 1-тармағы) .

Осы баптың 2 тармағы жерге орналастыру іс қимылдарына арналған, олар 10 түрден тұрады. Жер кодексінің 185-бабы «жерге орналастыру процесі» деп аталады. Жерге орналастыру процесі дайындық жұмыстарына жерге орналастырудың болжамдарын, схемаларын, жобаларын жасаудан, жобалау құжаттамасын қараудан, келісу мен бекітуден, жобаны нақты іске көшіруден, жерге орналастыру материалдары мен құжаттарың рәсімдеу мен беруден, жерге орналастыру жобаларының авторлық қадағалауды жүзеге асырудан тұрды.

Келесі 186-бап жерге орналастыру жобаларын қарау мен бекіту деп аталды. 4

Жаңа жер иелену мен жер пайдалануды құру және бұрыннан қолда барын ретке келтіру жоспарын мүдделі жақтар қарады және өз құзіреті шегінде халық депутаттарының кеңесі бекітті.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Инвестицияның объектісі ретінде жылжымайтын мүліктің ерекшеліктері
Экономика негіздері қызметтері
Кәсіпорынның инвестициялық қызметінің қаржылық аспектісі қазақстан республикасындағы инвестиция
Экономиканы мемлекеттік реттеудің теориялық мәні мен оның обьектілері
Сақтандыру команияларының инвестициялық қызметін талдау
Өндірісті кеңейтуге салынатын инвестициялар
Нарықтың аты нарық
Жер құқық қатынастары. ҚР-ның жер нарығы туралы түсінік
Меншік теориясының экономикалық негіздері
Бағалы қағаздар нарығының дамуын мемлекеттік реттеу
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz