Қазақ дикторлық өнерінің бүгінгі аяқ алысы
Кіріспе
Негізгі бөлім
І ТАРАУ. Тележүргізушілік мектебінің қалыптасуы
1.1. Сөз өнері: танымы мен тағылымы
1.2. 1960.1991 жж. телевидениедегі дикторлық өнердің қалыптасу жолдары
ІІ ТАРАУ. Өмірмен өзектес өнер . тележүргізушілік
2.1. 1991.2012 жылдар аралығындағы дикторлар мектебінің даму үрдісі
2.2. Дикторлық өнердің табиғаты ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер

Зерттеу жұмысының жалпы сипаттамасы. Дипломдық жұмыста тележүргізушілік мектебінің қалыптасуы, қазақ телевиденисіндегі дикторлық өнердің қалыптасу жолдары, дикторлар мектебінің даму үрдісі, дикторлық өнердің табиғаты турасында осы саланы зерттеп жүрген ғалымдардың еңбектері негізінде анықтама беріледі, зерттеледі.
Сонымен қатар, сөз өнерінің танымы мен тағылымы туралы тың зерттеулер жүргізіледі. Дикторлық өнердің кешегісі мен бүгініне сараптама жасалады.
Зерттеу тақырыбының өзектілігі. Қазақ телевиденисі өз тарихын өткен ғасырдың елуінші жылдарынан бастаса да, күні бүгінге дейін өзіндік өрнегі, тарихы бар салаға айналғаны анық. Осы орайда, телевиденимен бірге қазақ дикторлық өнерінің де өзіндік өмір жолы бар екеніне тоқталсақ, артық айтқанымыз емес. Қазақ дикторлық өнерінің кешегісі, осы саланың қарлығаштары С.Жахановалармен байланыстырылса, бүгінде қазақ дикторлық өнерінде тың өзгеріс, соны серпіліс бар. Журналистика, оның ішінде телевидениеде дикторлық өнердің мәні қанша зор болса, соғұрлым осы саланы зерттеу қажеттілігі де туындайды. Дикторлық өнер турасында оқулықтар, зерттеу мақалалар, ізденістер аз болғандықтан, аталған дипломдық тақырыпты, осы саланы зерттеуді жөн санадық. Журналистика саласында қазақ тілді оқулықтар, материалдар тапшы болған уақытта, бұндай зерттеу жұмыстарының маңызы арта түспек. Зерттеу барысында дикторлық кәсіптің ерекшеліктеріне талдау жасалып, оның кешегісі мен бүгініне сараптама жүргізіледі. Зерттеу жұмысының бұл қыры таңдалған тақырыпты өзекті ете түседі.
Зерттеудің нысаны – қазақ дикторлық өнерінің бүгінгі аяқ алысын зерттеп, оны дамыту жолдарын ұсыну.
Тақырыптың зерттелу деңгейі. Аталған тақырыпты зерттеу барысында орыс және қазақ зерттеушілерінің еңбектеріне сүйене отырып, сараптама жасалады.
Зерттеудің хронологиялық мерзімі. Дипломдық жұмыс 1960-2012 жылдар аралығын қамтиды.
Зерттеу жұмысының құрылымы. Дипломдық жұмыс кіріспеден, екі тарау, төрт бөлімнен, қорытынды мен пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.
«Газет - халықтың көзі, құлағы һәм тілі» деп Ахмет Байтұрсынов бекер айтпаса керек. Ұлы Ахаңның бұл сөзін тек газетке ғана қатысты емес, радио мен телеарнадан да алшақ алып қарай алмаймыз. Мұның бәрін БАҚ (бұқаралық ақпарат құралдары) атты үлкен ұғым аясында қарастырамыз. БАҚ негізгі үш саладан тұрады. Соның ең үлкені, ең өтімдісі, жұртқа жағымдысы- телеарна. М.Барманқұлов: «Теледидар қазір журналистиканың барлық ескі жанрларын жаңарған түрге айналдырды. Олардың бар- ау деп есте жүргендерінің жаңа қырларын ашты. Жаңа әдістерді дүниеге келтіріп, журналистикаға жаңа жанрлар мен формалар сыйлады» деген екен. Бүгінгі күнде осы пікір шындыққа айналып келеді. [1 Барманкулов М. Жанры печати, радиовещания и телевидения. – Алматы: КазГУ, 1974 ж .].

1. Барманкулов М. Жанры печати, радиовещания и телевидения. – Алматы: КазГУ, 1974 ж .
2. Борецкий Р. Телевизионная пропаганда. - Москва: Профиздат, 28 бет. 1967.
3. Справочник журналиста Казахстана. Алматы. Санат. 2002.- стр. 208.
4. Тұрсын. Қ. Қазақ телевизиясы. Энциклопедия 2 том. Алматы – 2011ж
5. Ықсан А. Қазақ теледидарының үні неге құмығыңқы? //Қазақ әдебиеті. 2001. 24 тамыз. 4 бет.
6. Жақып. Б. Телеөнердің тұлғасы.//Ана тілі. 19 сәуір, - 2012 ж.
7. Омашев Н. Журналистиканың жаңа стилі //Ақиқат. №9. 1997. 85-88 бет.
8. Құлбек Ергөбек. Қолтаңба. Айқын газеті. 23 маусым, 2010ж.
9. Ақсұңқар Ақынбаба. Эфир этикасы. Дала мен қала. 21 ақпан 2012ж.
10. Қайнар Олжай. Күн сияқты күркіреу. Жас қазақ. 11 мамыр 2012ж.
11. Шынар ДОСАН. Діңгегі мықты ділмар. Астана Ақшамы. 28 сәуір 2012ж.
12. Құлбек Ергөбек. Қолтаңба. Ана тілі. 23 маусым 2010 ж].
13. Әбдікәрімов С. Теледидар төріндегі таланттар. Ана тілі. 20 мамыр 1992 ж.
14. Қуандық Шамахайұлы. Беті жылтырдың бәрі тележүргізуші бола сала ма?» 23қараша, 2011ж.
15. Әбдіжәділқызы Ж. Тікелей эфир табиғаты. Алматы. Қазақ университеті 2003.- 59 бет.
16. Қ. Тұрсын мен Ж. Нұсқабайұлының «Теледидар сөздігі-тележурналист анықтамалығы». – Алматы. Білім. 2001ж. 385. 359-бет.
17. Уразова С.Л. Show-clon телевизионной реальности // Телерадиоэфир. - М.: Аспект Пресс, 2005.17-б.
18. В.Л.Цвик «Телевизионная журналистика».-«Юнити-Дана», 2009ж. 297-300-б.
19. Уразова С. Reality TV в России. Первый опыт телеклонирования // Вестник Московского университета. Серия 10. Журналистика. 2003. № 3. 10-бет.
20. Барманқұлов М. Телевизия: бизнес әлде билік? –Алматы: Қазақ университеті, 2007. 58 бет.
21. Құлбек Ергөбек. Қолтаңба. Айқын газеті. 23 маусым, 2010ж.
22. КТК телеарнасының ресми сайты. http://www.ktk.kz/kz/archive.
23. «Қазақстан» ұлттық арнасының эфирінен. Kaztrk.kz.

Мазмұны:
Кіріспе
Негізгі бөлім
І ТАРАУ. Тележүргізушілік мектебінің қалыптасуы
1.1. Сөз өнері: танымы мен тағылымы
1.2. 1960-1991 жж. телевидениедегі дикторлық өнердің қалыптасу жолдары
ІІ ТАРАУ. Өмірмен өзектес өнер - тележүргізушілік
2.1. 1991-2012 жылдар аралығындағы дикторлар мектебінің даму үрдісі
2.2. Дикторлық өнердің
табиғаты ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер
КІРІСПЕ
Зерттеу жұмысының жалпы сипаттамасы. Дипломдық жұмыста
тележүргізушілік мектебінің қалыптасуы, қазақ телевиденисіндегі дикторлық
өнердің қалыптасу жолдары, дикторлар мектебінің даму үрдісі, дикторлық
өнердің табиғаты турасында осы саланы зерттеп жүрген ғалымдардың еңбектері
негізінде анықтама беріледі, зерттеледі.
Сонымен қатар, сөз өнерінің танымы мен тағылымы туралы тың зерттеулер
жүргізіледі. Дикторлық өнердің кешегісі мен бүгініне сараптама жасалады.
Зерттеу тақырыбының өзектілігі. Қазақ телевиденисі өз тарихын өткен
ғасырдың елуінші жылдарынан бастаса да, күні бүгінге дейін өзіндік өрнегі,
тарихы бар салаға айналғаны анық. Осы орайда, телевиденимен бірге қазақ
дикторлық өнерінің де өзіндік өмір жолы бар екеніне тоқталсақ, артық
айтқанымыз емес. Қазақ дикторлық өнерінің кешегісі, осы саланың
қарлығаштары С.Жахановалармен байланыстырылса, бүгінде қазақ дикторлық
өнерінде тың өзгеріс, соны серпіліс бар. Журналистика, оның ішінде
телевидениеде дикторлық өнердің мәні қанша зор болса, соғұрлым осы саланы
зерттеу қажеттілігі де туындайды. Дикторлық өнер турасында оқулықтар,
зерттеу мақалалар, ізденістер аз болғандықтан, аталған дипломдық тақырыпты,
осы саланы зерттеуді жөн санадық. Журналистика саласында қазақ тілді
оқулықтар, материалдар тапшы болған уақытта, бұндай зерттеу жұмыстарының
маңызы арта түспек. Зерттеу барысында дикторлық кәсіптің ерекшеліктеріне
талдау жасалып, оның кешегісі мен бүгініне сараптама жүргізіледі. Зерттеу
жұмысының бұл қыры таңдалған тақырыпты өзекті ете түседі.
Зерттеудің нысаны – қазақ дикторлық өнерінің бүгінгі аяқ алысын
зерттеп, оны дамыту жолдарын ұсыну.
Тақырыптың зерттелу деңгейі. Аталған тақырыпты зерттеу барысында орыс
және қазақ зерттеушілерінің еңбектеріне сүйене отырып, сараптама жасалады.
Зерттеудің хронологиялық мерзімі. Дипломдық жұмыс 1960-2012 жылдар
аралығын қамтиды.
Зерттеу жұмысының құрылымы. Дипломдық жұмыс кіріспеден, екі тарау,
төрт бөлімнен, қорытынды мен пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.
Газет - халықтың көзі, құлағы һәм тілі деп Ахмет Байтұрсынов бекер
айтпаса керек. Ұлы Ахаңның бұл сөзін тек газетке ғана қатысты емес, радио
мен телеарнадан да алшақ алып қарай алмаймыз. Мұның бәрін БАҚ (бұқаралық
ақпарат құралдары) атты үлкен ұғым аясында қарастырамыз. БАҚ негізгі үш
саладан тұрады. Соның ең үлкені, ең өтімдісі, жұртқа жағымдысы- телеарна.
М.Барманқұлов: Теледидар қазір журналистиканың барлық ескі жанрларын
жаңарған түрге айналдырды. Олардың бар- ау деп есте жүргендерінің жаңа
қырларын ашты. Жаңа әдістерді дүниеге келтіріп, журналистикаға жаңа
жанрлар мен формалар сыйлады деген екен. Бүгінгі күнде осы пікір шындыққа
айналып келеді. [1 Барманкулов М. Жанры печати, радиовещания и телевидения.
– Алматы: КазГУ, 1974 ж .].
Осынау тасқындаған ақпарат әлемінде теледидардың алар орны ерекше екені
баршаға белгілі. Бүгінгі таңда ғажайып жетістіктерге жеткен көгілдір экран
миллиондаған адамдардың өмірінің айырылмас бір бөлігіне айналды. Оны
төрткүл дүниені бүкіл болмысына сидырған көк жәшік деп те атайды. Қалай
айтсақ та, телеарнаның қоғамда алар орны үлкен, атқарар қызметі ауқымды. Ең
бастысы, телеарна қоғамды тәрбиелеуге тиіс. Теледидар- түрлі хабар
таратумен қатар, үгіт- насихат, тәлім-тәрбие, оқу-ағарту жұмыстарын
атқарудың негізгі құралы екені мәлім. Өйткені ол - қоғамдық пікір мен
қоғамдық сананы қалыптастырушы. Ақпарат алмасудың сан түрлі әдістері, алуан
салалары пайда болғанымен, солардың ең пәрменді, ең тиімді, ең әсерлі
құралы болып теледидар қалуда. Қазіргі заманғы телевизия - күнделікті
тіршілігіміздің айнасы, нақтырақ айтсақ, бүгінгі тұрмыста сананы
жетелейтін, ой-өрісімізді, өмірге деген көзқарасымызды орнықтыратын ақиқат
аралының көзі десе болады. Телевидение - театр, кино, радионың барлық
артықшылықтарын бір өзінің бойына жинап, ақпарат тарату мен эстетикалық
тәрбие берудің ерекше құралы. Ол белгілі бір құбылысты деректі көрініс
арқылы беретіндігімен радиоға қарағанда мол мүмкіндікке ие.[2]. Борецкий Р.
Телевизионная пропаганда. - Москва: Профиздат, 28 бет. 1967.
Зерттеушілер А. Я. Юровский мен Р. А. Борецкий өз еңбектерінде
телевизияның бірнеше функцияларын атап көрсеткен. Олар ең алдымен
ақпараттық-насихаттық қызметін ерекше бағалаған.
Қазіргі заманда телевидение ақпарат таратудың ең басты құралдарының бірі
ретінде белгілі бір саясатты, ойды, идеяны насихаттайды, халықты алыс-жақын
әлемдік жаңалықтардан құлағдар етеді. Кез келген ақпаратты сараптай біліп,
саяси ұғым қалыптастыруға дағдыланады.
Екінші—ағартушылық функциясы. Телевидение—ақпарат таратудың құралы ғана
емес, білім беру мен тәрбие көзі.
Телевидениеден берілген кез келген мәлімет қоғамдық ойға әсер етіп,
белгілі бір пікір қалыптастырады.
Үшінші функциясы—кино, театр, музыка сияқты әр түрлі өнер түрлерін
насихаттаудың құралы. Басқа өнер туындыларын миллиондаған адамдардың
назарына ұсыну арқылы телевидение рухани-эстетикалық тәрбие құралына
айналды. Демек, аталған ақпарат құралының адамдардың мәдени санасын
қалыптастырудағы маңызы ерекше.
Төртінші— қоғамдық функциясы. Телевидение өнер мен публицистиканың әдіс-
тәсілдерін бойына дарытқан БАҚ-тың бір саласы. Себебі, ол кез келген
көрерменнің қоғамның рухани өміріне араласуына мүмкіндік туғызады. Адамдар
телевидение арқылы басқа адамдардың өмірімен, яғни олардың талпыныстарымен,
қол жеткізген жетістіктерімен таныса алады. Бұл аталған функциялардан
телевидениенің адамзат өміріне әсері ерекше екенін байқаймыз, сонымен қатар
ол ақпарат тарату арқылы сол елдің, ұлттың дүниетанымына әсер етіп қана
қоймай, көзқарастарының түбегейлі өзгеруіне де ықпал етуі мүмкін. Осы
себепті мемлекеттік ресми органдар ақпарат құралының шығармашылық жұмысын
үнемі назарда ұстап, қадағалап отыруы керек.
Қазір елімізде орташа есеппен алғанда (кабельдік телеарналарды
қоспағанда) төрт мемлекеттік (Хабар, Еларна, Астана, Алматы), бір
ұлттық арна (Қазақстан) т.б және бірнеше жекеменшік телеарналар (31
арна, Таң, КТК, НТК, Рахат) бар. Бұлардың әрқайсысының бағыты да,
мазмұны да, деңгейі де әртүрлі. Ал, осылардың ішіндегі Қазақстан мен
Хабардың алар орны бір бөлек. Себебі, онда бағдарламалар,
тележүргізушілердің шеберлігі ерекше болды.

Қазақстанда “көгілдір экранның” сәуле шашқанына да жарты ғасырдан асты.
Осы уақыт аралығында қазақ телевизиясы - техникалық жаңару, шығармашылық
жаңғыру сынды зор өзгерістер мен өсіп-өрлеудің талай басқысын бастан кешті.
Елімізде алғаш рет 1958 жылы 1 қаңтар күні Өскемен қаласында көгілдір
қобдишаларға жан бітсе, ал ресми күн, яғни, қазақ жеріндегі алғашқы
телестудия тұңғыш хабарын 1958 жылы 8 наурыз күні ресми түрде іске қосып,
алғашқы отандық телекамералар мен техникалық телеорталық Алматы қаласында
шымылдығын ашты. Стационарлы телекамералар қарапайым механиканың негізінде
қолмен оптикалық линзаларды ауыстырып отырды. Бірер жылдан кейін өткен
ғасырдың 7О жылдары чех камераларымен толықтырылды. Чех камераларының
көрсету сапасы оңды болғанымен, ауыстыру процесі өте қолайсыз болды да,
бірер жылдардан соң совет-француздық (SEKAM III), американдық (NTSC) және
батысгермандық (PAL), кейіннен жапондардың CONI жетілдірілген жүйелерімен
ауыстырылды. Теледидар ол кездерде, негізінен, бұқаралық ақпаратты
хабарлармен қоса әдеби, мәдени, концерттік негізінде ресми хабарлар мен
өндіріс, ауыл шаруашылығы, бағдарламаларын көрсете бастады. Стационарлы
студиялық хабарлармен қоса байтақ республикамыздың жер-жерінен ақпараттар
беріліп, көрсетіліп отырды. Студиялардан тыс жерлерден кинокамералармен
соңынан 16 мм. жіңішке пленкалар кеңінен пайдаланды. Іле-шала облыстық
студиялар бірінен соң бірі іске қосылып жатты. Телестудиялардағы
техникалардың пәрменділігі арта бастады. Жылжымалы телестанциялар
теледидардың мүмкіндігін еселеп арттырды. Ендігі жерде телетехниканың күн
санап жаңа үрдіс алып дамуы маман инженерлермен, техниктермен толығып,
шығармашылылық топтың алдында шұғыл шешімін керек ететін сұраныстар мен
талаптарды қойды. Иә, шынында, инженерлік жаңалықтар телетехника
саласындағы ұшқыр ойлары мен дамуы, енді тек тележурналистика саласының
дами бастауы елдің, Үкіметтің, шаруашылықтың, өнердің, яғни, қайнаған
өмірдің сұраныстарын, оның болмысын анықтау керек болды. Совет Масғұтов
Көгілдір экран-өмір айнасы (1976 ж.) кітабінда сиқырлы көк сандыққа
осылай анықтама берген. Қазақ тілі тағы салмақты да, салиқалы сөзбен
толықтырылды. Көгілдір экран-өмір айнасы, расында да өмірімізге ентелей
енген теледидар индустриясы газет пен радионы ақпараттар айдынынан сәл
ығыстырғандай. 1958 жылдан 6О жылдардың соңына дейін қазақ теледидарының
қалыптасу кезеңі десек, тек ақпараттық, концертік бағдарламалардың
сценарийлік негізінде телеқойылымдар, күрделі көркем телепублицистикалық
хабарлар үлкен дайындықпен, телетехникалық жетістіктермен журналистік ой-
толғауларды бір бағытқа бағдарлап, әрбір сюжет пен телеочерк, қойылымдардың
мақсатын айқындап алу талабы қосылды. Бұл жерде қазақстандық телеарналардың
көшбасшысы бұрынғы Қазақ теледидарына ерекше тоқталған жөн. Қазақ
теледидары - бүгінде 100 ге жуық телекомпаниялардың көшбасшысы. 48 жылдық
тарихтың қиын да қызықты жолында ол араласпаған оқиға, бармаған жер,
көтермеген мәселелері кемде-кем. Л тарихы мен халық жады, ұрпақ тәрбиесі
мен білім-ғылым саласы, мәдениеті мен дәстүрі, экономикасы мен саясаты,
өндірісі мен шаруашылығы оның күнделікті хабарына арқау болды. 1958
жылдың 8 наурызында Алматыда алғаш рет көгілдір экран жарқ етіп ашылғанда
сол телеарна басында қазақ телеөнерінің балапан қанатын қатайтып, биікке
самғауы үшін білімдері мен біліктерін аямаған Ғ.Жанысбаев, Л.Ғалымжанова,
С.Шәріпов сяиықты телередакторлар мен телережиссерлер тұрды. Статистикада
сақталған тарихи цифр бойынша, сол кезде Алматы және облыстағы 4 100
телевизиялық қабылдағыш Қазақ телевизиясының алғашқы бағдарламасының
трансляциясын тұтқан. Алматыдан кейін көгілдір экран Қарағанды мен
Өскеменде, Жезқазған мен Балқашта, Ақтөбе мен Семейде көрсете бастады.
Қазақ теледидарының алтын ғасырына баланған 70-90 жылдар шын мәнінде
көгілдір айнамыздың жан-жақты кемелденіп, шарықтаған кезеңі болды. Сол бір
жылдары 13 бас редакция жыл сайын түрлі салаларға арнап 130-150 топтама
бағдарламалар жасап отырды. Қазақстандық телеарналардың ішіндегі
тәжірибесі жағынан толысқан, тарихы бай, мұрағаты мол Қазақстан ұлттық
телеарнасы ескі мен жаңаны қосып тұрған көпір сияқты. Бұрынғы қазақ
теледидары қазіргі бірегей телеарна қай деңгейде? Көкірегі ояу, көзі ашық
көрерменнің әрбірін мазалайтын орынды сұрақ.
50 жыл. Бой өсіп, ақыл тоғытатын, ой кемелденіп, пайым-парасаттылыққа
ұласатын қуатты шақ. Отызында орда бұзған жас түлектің бүгінде жетпістің
қырқасындағы шағы. Бажайлай қарасақ, өткен шақпен үндесіп, бүгінге жеткен
көз көрген қауымның да қатары сирексіп, барлардың өзі шау тартқандай. Қазақ
топырағында теледидар іргесін қалаған Қ.Сағындықов, Х.Абылғаин,
Ә.Байжанбаев, С.Нұрғалинов, И.Саввин, В. Прасолов, С. Шәріпов, И.Смирнов,
В.Немирский, Н.Қожасбаев, Қ.Мусин, М.Барманқұлов, С. Масғұтов сияқты
арыстардың көпшілігі бүгінде арамызда жоқ. Жаңа өнердің қадасын қағып,
қабырғасын бекемдеген сол азаматтарды бүгінгі теледидар төріндегі жаңа
жұлдыздар білмейді де. Олай дейтініміз, туған теледидарымыз туралы жүйелі
жазылған тарих, терең зерттелген ғылыми еңбек аз.
Еліміз тәуелсіздік алған тұстан бастап жеке меншік телеарналар ашыла
бастады. Әуел баста эфирді немен толтырам деп қам жеп, аяқтарынан қалт-құлт
тұрған тәуелді, тәуелсізі бар телеарналар қазір қоғамда өзінің орнын
тапқан. Телеарналар арсындағы нағыз бәсекенің ауылы алыс болғанымен,
бүгінгі күннен бастап оның қабырғасы қалануда. Әр телеарна көпшілік
арасында рейтингісін көтеру үшін күннен күнге түрлі хабарлар ұсынып жатыр.
Барлығы бірдей дерлік сәтті шықпаса да, арасынан саңылау тауып, халықтың
көзайымына айналғандары қаншама. Бұрынғыдай емес, арналар арасында бәсеке
пайда болды. Заман талабына сай енді телеарналарға жаңа, өткен ғасыр
техникасынан анағұрлым қуатты, мүмкіндігі мол техникалар қажет болды.
Сөйтіп, цифрлі технология өмірімізге ентелей енді. Цифрлық технологиялар -
бейне коммуникациялық хабарламаның жетілуі нәтижесінде дәстүрлі өндірістік
әдістерді сақтауда, таратуда және қабылдауда технологиялық өзгерістер белең
алуда. Мысалы, 1979 жылдан бастап Сони, Филлипс компаниялары стандартты
цифрлық дыбысты жүйе СД форматты жетілдіруде. Ол дискі және аппаратурада
нағыз революция жасады. Аудиотехника тарихы СД дискісінің пайда болуына
дейінгі және одан кейінгі 2 кезеңге бөлінді. СД жүйесі көпшілік
аудиотехникаға екі бірдей жаңалық әкелді: цифрлық өңдеу және оптикалық жазу
тәсілі. Соңғы жылдары бұл жаңалық дыбыстық және аудиовизуалдық техникада
қарышты қадам жасады. СД алғашқы орыннан магнит таспаны шығарып тастады.
Айшылық алыс жерлерден жылдам хабар алғызатын теледидардың мүмкіндігі де
үлкен. Қазақстанды былай қойып, дөңгеленген дүниедегі дүбірдің бәрін
санаулы минуттарда естіп-біліп отыруымызға теледидардың тигізетін пайдасы
зор. Жүрдек уақыттың уысынан шыға, алға ұмтылған өнер түрлерінің ішінде
көгілдір экранның қоғамдағы орны тым бөлек. Ол араласпайтын іс, ол
бармайтын орта жоқ десе де болады. Біздің күнделікті өміріміздің бір
бөлшегіне айналған синкретті өнер таңның атысынан күннің батысына дейін
төріңе шығып алып, сенің сырласың мен ақылшыңа айналуда. Зияндылығы да шаш
етектен. Француз сыншысы Андре Дилижан жазғандай ол өмірге ентелей кіріп,
әлемді түгелдей дерлік жаулап алды. Шын мәнінде де солай. Жетпіс жылдың
ішінде ол газетің мен радиоңнан, театрың мен киноңнан оқ бойы озық шығып,
жеке дара көш бастауда. Оның көрермендері миллиардтармен есептелінеді.
Көгілдір экранның құдірет-қарымы әлемдегі кез-келген қуатты елдің әскери
күшінен әлденеше есе артық. Сондықтан да оған аса сақтықпен қараған орынды.
Теледидар - тек хабар таратушы құрал ғана емес, ағартушылық, насихаттықта
құрал. Зерттеуші Құдайберген Тұрсын теледидар әсерлілігіне мынадай анықтама
береді: Теледидар әсерлілігі өзіне 3 негізгі бағытты қамтитын, әлеуметтік
ақпарат тұжырымдамасын жүзеге асырады: Ағартушылық білім жөнінде негізгі
ақпарат болып табылатын хабарламаны таратады; Танымдық логикалық және
прагматикалық ақпарат негізінде алынған өзіндік білім туралы ұғымды
қалыптастырады; болжаулық болашаққа баға беріп, ол туралы ұғымды
қалыптастырып, ол туралы деректі таратады; ұлттық мәселе төңірегіндегі
өткір проблемаларда қоғамды топтастыруға қызмет етеді. Біздің күнделікті
өміріміз, тіршілігіміз, бізді қоршаған орта туралы шынайы көріністі
бейнелейді, ой-өрісімізді түрлі ақпараттармен кеңейтіп, сезімімізді
қалыптастыруға, әдеттеріміздің жақсы жаққа қарай өзгеруіне әрекет жасайды.
Аса мәнді әлеуметтік проблемаларға көпшіліктің көңілін аударады,
экологиялық этика, қоғамның әрбір мүшесінің өмірлік позициясын айқындауға,
сан миллиондық аудиториямен жылдам кері байланыстың орнығуына, бұл
байланыстардың қоғам санасын қалыптастыруға әсерлілігін арттыруға, қоғамның
жан-жақты және үйлесімді дамуына көмектесу, байланыстың кезеңмен дамуын
сезінуге жағдай туғызады. Қоғамдық мінбеге айналу, орталық және аймақтық,
заң шығарушы және орындаушы тұтқалардың халқы алдында есеп беруі, өз
саясатын түсіндіру, өз қатарына халықтың қалың тобын тартуға, қоғамның
әлеуметтік ақпараттануына басты мәселені шешуі, психологиялық құқықтық
қоғамға тиімді бағытталуына жағдай туғызу, сезімталдық, логикалық және
прагматикалық ақпаратты негізге алуға; ең бастысы-хабардың соңғы
нәтижесінің тиімділігін сезінуге; телекөрерменнің әрқайсысына сол сәтте
өзімен бірге миллиондаған адамның сол хабарды көріп отырғандығын сезінуі,
әрі телеэкрандағы пікірді өзіне қарата отырып ұғынуына; телекөрерменге
қарама-қарсы пікірдегі ойлардың да айтылмайтынын сезінулеріне; табар ақша
қатынасындағы өзгерістер, экономикалық ақпараттың шыншыл және ашықтығы,
коммерциялық тақырыптардың ауқымын ұлғайту, табар және қызмет, фирма және
компания, ертеде талдау мен сынауға жабық болған тақырыптар тағы сл сияқты
олардың әрқайсысына шыншыл, жылдам әрі орнықты баға беру, теледидар
хабарының әрқайсысының міндеті[3].
Отандық телеиндустрияда бәсеке әлі жетер жеріне жетіп қалыптаса қойған
жоқ. Десек те, осыдан 2-3 жыл бұрынғымен салыстыруға келмейді. Жыл сайын
жаңа телеарналар ашылып, ай сайын әр телеарнадан шығып жатқан жаңа жобаның
куәсі болудамыз. Саннан сапаға көшетін күн алыс емес. Өйткені ХХІ ғасыр
көрерменінің талғамы жоғары. Бізге қазір ештеңе атңсық емес. Сапасыз, нашар
хабарды эфир уақытын толтыру үшін немесе 50х50 принципін сақтау үшін түсіре
беруге болады. Бірақ оның кімге пайдасы бар?
Телевизия – өмірге келген күнінен бастап адамзатты таңырқатып келе
жатқан құбылыс. Ол техникалық жағынан қиял жетпес мүмкіндіктерді ашып, көз
ілеспес жылдамдықпен, адуынды қарқынмен жаңғырып, дамып келе жатыр. Сонымен
қатар, жаңа өнер ретінде бүгінгі күнге дейін адам баласы жаратқан өнер
атаулының барша қасиетін бойына сіңіріп, жаңа тұрпатты өнер тудырып отыр.
Ол бір сәтке ортақ мақсат үшін көптеген елдерді жұмылдыра білетін қуатты
күшке ие. Ол – ұқсата білсе, ұлттың ұлы мұратына жетуіне орасан көмек
беретін құдіретті құрал. Әлеуметтанушылардың зерттеуі бойынша, қазіргі адам
теледидарсыз өмір сүре алмайтын халге жетті. Олай болса, бұл феноменді
тану, зерттеу, мемлекеттік идеологияда ұтымды пайдалану бүгінгі күннің
өзекті мәселелерінің бірі[4] .
Қазақ телевизиясы бастапқыда, ақпарат таратушы, бұрыннан бар кино,
театр туындыларын әр үйге жеткізетін техникалық мүмкіндікті ғана
пайдаланса, көп ұзамай телевизияның ерекшелігіне сай өзндік ерекшелікке ие
бағдарламаларын ұсына бастады. Жіңішке және жалпақ кинотаспаларға жедел
түсірілген тележаңалықтар, жылжымалы телестанциялар арқылы оқиғаның
ортасынан жүргізілген телерепортаждар, студияның ішінде қойылған әртүрлі
жанрдағы телетуындылар алғашқы талпыныстар болатын. Міне, осындай тырынақ
алды жаңалықтар өсе келе, шығармашылық ізденістерге ұласты. Алғашқы
телеспектакльдер, телефильмдер пайда болды. Балаларға, жастарға арналған
хабарлар, оқулық бағдарламалар дүниеге келді. Қоғамдық өмірдің,
ауылшаруашылығының, өндірістің, ғылымның, өнердің, әдебиеттің өзекті
мәселелерін қозғайтын шығармалар әртүрлі жанрда бой көрсетті. Бұлардың
сәттісі де, сәтсізі де жетіп, артылатын. Телевизия өмірдің өзі тәрізді
тоқтаусыз құбылыс болғандықтан, тынымсыз ізденіс толас тапқан емес.
Алғашқы он жылдықта телевизияның табиғатын терең түсінген жаңа
шығармашылық топтар, жеке дарындар өсіп жетілді. Бұрын газеттен, радиодан,
театрдан келген мандардың көпшілігі жаңа өмірдің талабына тез бейімделіп,
оның дамуына өз үлестерін қосты. Ал телевизияның өз қазаныңда пісіп
жетілген жас журналистер, режиссерлер, тележүргізушілер, телеоператорлар
Қазақ телевизиясының іргесін бекіте түсті.
Әр жылдарда Қазақ телевизиясы сан түрлі құрылымдық өзгерістерге
ұшырады. Оның бәрі де шығармашылық топтардың жемісті еңбек етуіне қолайлы
жағдай жасаудан туындаған еді. Солардың ішінде алпысыншы-жетпісінші
жылдардағы шығармашылық бірлестіктер (“Шұғыла”, “Құрдастар”, “Ровесники”
т.б.), бас редакциялардың құрылуы өз жемісін берді. Осы кезеңде басшылықта
болған белгілі қайраткерлер К.Шалабаев, К.Үсебаев, Х.Хасенов, К.Смайыловтар
Қазақстандағы телевизияның жан-жақты дамуына зор үлес қосты. Көгілдір
экранда көп сериялы телеспектакльдер (“Қымызхана”), деректі телефильмдер
(50 серия), авторлық бағдарлама (“Сұхбат”), ұлттық бояуы қанық жастарға,
балаларға арналған хабарлар (“Алтыбақан”, “Айгөлек”), ауылшаруашылығын (“Ақ
бидай”), өндіріс тақырыбын қозғайтын (“Операция “Ритм”) т.б. туындылар
жарық көрді[5].
Қазақ теледидары1939 жылы Мәскеу телевизия орталығының бейнесі 343
жолға тарамданған бірінші хабарды берді. Бейне неғұрлым көп тарамданса,
соғұрлым телевизор экранында анық, әрі дәл көрінеді. Бүгінде экрандағы
бейне 625 жолға тарамданады. 1939 ж. наурызынан бастап Мәскеу телевизия
орталығының тұрақты түрде телехабар бере бастады. 1951 жылы Мәскеуде
күнделікті телевизия хабарларының беріле бастауы. 1954 жылы Орталық
телевизия студиясында бөлім- редакциялардың - өнеркәсіп, ауыл шаруашылығы,
насихат, ғылым, спорт редакцияларының құрылуы. Шымкент қаласы
тұрғындарының республика бойынша бірінші телекөрермендер атануы (1957 ж. 7
қараша). 1958 жылы 28 ақпанында Қарағанды, Шығыс Қазақстан және Солтүстік
Қазақстан радио және телевизия хабарларының үш облыстық комитетінің, сондай-
ақ 13 облыстық радио комитетінің құрылуы. 1958 жылы 8 наурызында Алматы
қаласындағы 4000 және облыстардағы 100 шақты телевизор алдына жайғасқан
көрермендердің Қазақ телевизиясының дикторлары мен көгілдір экран арқылы
тұңғыш рет дидарласуы. 1958 жылы 16 наурызда Алматы телестудиясының өз
жұмысын ресми бастауы. 1959 жылы Алматы телестудиясының жылжымалы телевизия
станциясын алуы. Соның нәтижесінде Абай атындағы Ленин ордені Қазақ
мемлекеттік академиялық опера және балет театрынан көрсетілген. А.Жұбанов
пен Л.Хамидидің Абай операсы Қазақ телевизиясының тарихында студиядан тыс
жерден берілген тұңғыш хабар атануы. 1960 ж. 1 мамырында астананың
В.И.Ленин атындағы алаңынан Алматы еңбекшілерінің мерекелік шеруі жайлы
тікелей репортаждың берілуі. Орталық телевизия Қызыл алаңнан тікелей
репортаж беруді 1956 жылы бастаған. 1961 жылы алғашқы деректі телеочерктер
мен тұңғыш фильм-концерт Алматы көктемінің түсірілуі. 1961 жылы
Петропавл, Ақтөбе, 1964 жылы Орал, Балқаш, Целиноград, 1965 жылы Семей,
Павлодар телевизия орталықтарының іске қосылып, жұмыс істей бастауы. Қазір
жер беті халықтарының телевизиялық өнімдерсіз өмір сүре алмайтындығы
баршаға аян. Бүкіл әлемдегі телеарналардың қай-қайсысын алсаңыз да адамзат
үшін аянбай қызмет ететін, мақсаты мен мүддесі айқын ғаламат идеологиялық
күшке айналып барады. Сондықтан көгілдір экранның құпиясы көрерменін лезде
елітіп, баурап алуға дайын тұрады десек, оны телевизиялық көрсетілімдердің
әр қырынан саралап беру қиынға соқпайды.
Қазақ телевизиясы әзірлеген шығармалар Бүкілодақтық көрермендерге де
жетіп жатты. Бұл, әсіресе,70 - жылдардың соңы, 80 - жылдары кең өріс алды.
Дәл осы мезігіл, қазақ телеэкранына алтын асықтай – Иманғалиұлында ала
келді. Сол кездері, “Алатау” арнасын Қытайдағы қандастарымыз қызыға көрсе,
“Қазақтелефильмнің” деректі туындылары көп елдерді шарлап кетті. Сол
жылдары Қазақ телевизиясының фестивальдары барлық Одақтас республикалар мен
Ресей қалаларында өтті. Бұл шығармашылық топтардың тәжірибе алмасуына,
есейіп, толысуына жол ашты. Міне ұлттық телеарнамыздың қарыштап дамуына
үлес қосқан арда азаматтардың бірі, бір егейі, біздің бітіріу жұмысыздың
тақырбы болған Нұртілеу Иманғалиұлы еді. Ол қазақ телеарансымен бір өсіп,
бірге жетіліп отырған білікті тележурналист. Оның өмірі мен шығармашылғы
қазақ телеарнасының тарихымен тығыз байланыста.
Мәселен, қазақ телевизиясында әр кезеңде әлденеше жүздеген адамдар
еңбек етті. Олардың әрқайсысының мамандығына сай өзіндік орны бар. Бірақ
телеөнердің бет бейнесін айқындаған, оның шығармашылық жағынан дамуына үлес
қосқан алғашқылардың орыны бөлек. Олар С.Шәріпов, Ш.Агишева, С.Масғұтов,
Е.Сацук, Ә.Дүйімбаев, Ф.Бегенбаева, Т.Қаймолдинов т.б. Ал, бұлардан
кейінгі телекөштің басын Хамит Хасенов, Камал Смайылов, Совет Масғұтов,
Марат Барманқұлов, Ғаділбек Шалахметов, Сұлтан Оразалинов, Жүрсін Ерман,
Құсман Игісінов, Фатима Бегенбаева, Нұртілеу Иманғалиұлы, Бейбіт Құсанбек,
Серік Жанболат сынды екінші қазақ теледидарының үшінші буын өкілдері
бастады.

Қоғамдық сананың айрықша саласы — көркемөнер десек, мұның жалпы
адамзат мәдениетінен алар орны өзгеше, адамдардың парасат дүниесінде
атқарар қызметі орасан зор. Фиди статуясы, Рафаэль картинасы, Шекспир
трагедиясы, Глинка музыкасы, Абай лирикасы мезгіл межелерінен аттап өтіп,
уақыт ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz