Аристотель



АРИСТОТЕЛЬ Стагирит (б.з.б. 384 — 322 ж.) — грек философы, энциклопедиялық еңбектердің авторы. Ол 367 — 347 ж. Платон Академиясында білім алып, алғашқыда оның шәкірті болған, кейін осында оқытушылық қызмет атқарған. 347 — 334 жылдары ел аралап, кіші Азиада, т.б. елдерде болады. 343 — 340 ж. 13 жасар Ескендір Зұлқарнайнды тәрбиеледі. Афинаға қайта оралған соң, 334 — 323 ж. философ мектептің (лицей) негізін салды. Бізге жеткен аңыздарға қарағанда Аристотель шәкірттерін серуендетіп жүріп дәріс беретін болған. Неміс ғалымы В. Иегер Аристотель шығармаларын ғалымның дүниетаным эволюциясы негізінде жүйелеп шыққан. Аристотель алғашқы кезеңде, яғни Платон дүниеден қайтқанға дейін оның шәкірті, ізін қуушы бола тұрып ұстазына қарсы шығады, оның идеялар туралы іліміне сын айтады. Осы тұжырымды негізге алып, Философия институтының ұжымы "Философиялық мұра" топтамасымен Аристотельдің төрт томдық шығармаларын ("Мысль", 1981 - 1983 ж.) жарықка шығарды. 1-томға Аристотельдің екі еңбегі енген: "Метафизика" және "Жан туралы". Құрылымы жағынан "Метафизика" дербес он төрт кітаптан тұрады. Кеңес дәуірінде метафизиканы түсінуде теріс көзқарастар орын алды. Философия тарихында метафизика — философияның бір түрі әрі философиялық тәсіл Аристотель метафизиканы "алғашқы философия" деп те, "құдайлар туралы ілім" деп те, жай ғана "ақыл кітабы" деп те атаған. Қазір метафизика онтология (болмыс туралы ілім) деп аталады. "Метафизикасында" Аристотель Платонның негізгі ілімі — идеялар туралы тұжырымын сынға алады. Платон осы тұжырымында болмыс пен ілім-білім үшін түсініктің мәні мен атқаратын рөлін анықтамақ болған. Бұл мәселеде ол Сократ ілімінің танымдық мәніне сүйенеді. Аристотель де дәл осы тақырыпты өз философияның негізгі мәселесі етіп алған. Оның Платонмен келіспеушілігі, В. Асмустың көрсетуінше, мынадай төрт мәселеге қатысты:
1. Платон "идеялар болмыстан тыс субстанция дейді, ал Аристотель бұған қарсы.
2. Платон идеялары сезу арқылы қабылданатын нәрселерге

Пән: Тарихи тұлғалар
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 11 бет
Таңдаулыға:   
Аристотель
АРИСТОТЕЛЬ Стагирит (б.з.б. 384 — 322 ж.) — грек философы,
энциклопедиялық еңбектердің авторы. Ол 367 — 347 ж. Платон Академиясында
білім алып, алғашқыда оның шәкірті болған, кейін осында оқытушылық қызмет
атқарған. 347 — 334 жылдары ел аралап, кіші Азиада, т.б. елдерде болады.
343 — 340 ж. 13 жасар Ескендір Зұлқарнайнды тәрбиеледі. Афинаға қайта
оралған соң, 334 — 323 ж. философ мектептің (лицей) негізін салды. Бізге
жеткен аңыздарға қарағанда Аристотель шәкірттерін серуендетіп жүріп дәріс
беретін болған. Неміс ғалымы В. Иегер Аристотель шығармаларын ғалымның
дүниетаным эволюциясы негізінде жүйелеп шыққан. Аристотель алғашқы кезеңде,
яғни Платон дүниеден қайтқанға дейін оның шәкірті, ізін қуушы бола тұрып
ұстазына қарсы шығады, оның идеялар туралы іліміне сын айтады. Осы
тұжырымды негізге алып, Философия институтының ұжымы "Философиялық мұра"
топтамасымен Аристотельдің төрт томдық шығармаларын ("Мысль", 1981 - 1983
ж.) жарықка шығарды. 1-томға Аристотельдің екі еңбегі енген: "Метафизика"
және "Жан туралы". Құрылымы жағынан "Метафизика" дербес он төрт кітаптан
тұрады. Кеңес дәуірінде метафизиканы түсінуде теріс көзқарастар орын алды.
Философия тарихында метафизика — философияның бір түрі әрі философиялық
тәсіл Аристотель метафизиканы "алғашқы философия" деп те, "құдайлар туралы
ілім" деп те, жай ғана "ақыл кітабы" деп те атаған. Қазір метафизика
онтология (болмыс туралы ілім) деп аталады. "Метафизикасында" Аристотель
Платонның негізгі ілімі — идеялар туралы тұжырымын сынға алады. Платон осы
тұжырымында болмыс пен ілім-білім үшін түсініктің мәні мен атқаратын рөлін
анықтамақ болған. Бұл мәселеде ол Сократ ілімінің танымдық мәніне сүйенеді.
Аристотель де дәл осы тақырыпты өз философияның негізгі мәселесі етіп
алған. Оның Платонмен келіспеушілігі, В. Асмустың көрсетуінше, мынадай төрт
мәселеге қатысты:
1. Платон "идеялар болмыстан тыс субстанция дейді, ал Аристотель бұған
қарсы.
2. Платон идеялары сезу арқылы қабылданатын нәрселерге қатыссыз.
Аристотель бұған да қарсы пікір білдірген.
3. Платонның идеясына орай сезу арқылы қабылданатын нәрселер туралы
Аристотель өзінше пікір айтқан, олардың байланысын көрсеткен.
4. Аристотельдің айтуынша, Платон идеялары сезу арқылы қабылданатын
нәрселердің пайда болуы мен жойылуына түсінік бермейді.
Аристотель субстанция элементтері "материя" және "форма" дейді.
Материалдық әлемнің төрт бастауын атайды. Олар: материя, форма, қозғалыс
және оның себебі, өзгерістің жаратылыстық мәні мен мақсаты және оның
жойылуы. Аристотель өзгеріс себебі қозғалыс деп танығанымен, бұл мәселенің
мәнін толық аша алмаған. Тек "алғашқы қозғаушы", яғни санадан тыс құдіретті
күш бар деген түсінікте болған. Ол — құдай. Сана — бақылаушы ғана. 1-томға
енген екінші жұмыс — "Жан туралы". Бұл — психология ғылымының бастауы
болған тұңғыш еңбек. Аристотельдің айтуынша, жан-тәннің өмір сүру себебі
және негізі. Оның жан туралы айтқан көптеген пікірлері күні бүгінге дейін
өз құндылығын жойған жоқ. 2-томға Аристотельдің "Ұғымдар, "Герменевтика",
бірінші және екінші "Аналитика", "Топика" және "Софизмдік (грек. ойдан
шығарылған деген ұғымды білдіреді) терістеулер туралы" еңбектері енген. Бұл
еңбектерде Аристотель жаңа білім саласы логиканың негізін салған. 3-том
"Физика", "Аспан туралы", "Пайда болу және жойылу", "Метеорология" деген
еңбектерінен тұрады. Бұл еңбектер жаратылыстың басталуын зерттеуге, яғни
қазіргі физика, астрономия, химия, метеорология және геология ғылымдарына
негіз болып қаланды. 4-томға "Никомахтың этикасы", "Үлкен этика", "Саясат",
"Поэтика" деген еңбектері енген. Алғашқы екі шығармада мораль мәселелері
қарастырылады. Никомах — Аристотельдің не әкесі, не баласы. Екеуінің де
есімдері Никомах болған. Зерттеушілердің айтуына қарағанда, Никомах
(баласы) Аристотель дүниеден өткен соң, оның мұрасын жинап кітап етеді.
Содан ол кітап "Никомахтың этикасы" деп аталып кеткен. Жалпы этика
Аристотельдің білімдер жіктеу жүйесінде көрнекті орын алған. Ол ғылымдарды
үлкен үш топқа бөлді: теориялық, практикалық және шығармашылық ғылым.
Біріншісіне философия, математика және физиканы, екіншісіне этика мен
саясатты, ал үшіншісіне өнер, қолөнер және тұрмысқа тікелей қатысты ғылым
түрлерін жатқызды. Этикаға байланысты әділеттілік пен әділетсіздік туралы
құнды пікірлер айтқан. Ол әділеттілікті "табиғи" және "заңмен бекітілген"
деп екіге бөледі. "Саясат" деген еңбегінде мемлекет мәселелеріне тоқталған.
Платонның "Мемлекет" пен "Заңдарында" айтылған ойлар Аристотельдің
"Саясатында" да кездеседі. Бірақ мұнда утопиялық сарын жоқ. Ол мемлекеттік
құрылымның алты түрін атап, оларды екі топқа бөледі. Алғашқы үшеуін дұрыс,
ал кейінгі үшеуін қате құрылым ретінде көрсетеді. Аристотельдің айтуынша,
дұрыс құрылымдар: патшалық билік, аристократия, полития, теріс құрылымдар:
— тирания, олигархия, демократия. Патшалық билік бір адамның билігі
болғанымен халықтық мүддеге қызмет етеді; тирания да бір адамның билігі,
бірақ мұнда жеке адам мүддесі ғана есепке алынады. Аристократия — аз
адамдар билігі, әйтсе де бұлар бүкіл қауым қамын ойлайтын ізгі жандар;
олигархия да — аз адамдар билігі, бірақ ол ел мүддесі үшін емес, ат
төбеліндей ауқаттылар мүддесі үшін құрылған топ. Полития — көпшіліктің
басқаруы. Олар ел қамын ойлайтын қауым арасынан сайланып қойылған ізгі
ниетті азаматтар. Демокр. да — көпшілік билігі, бірақ ол кедейлердің ғана
мүддесін қорғап, өзгелерге қысым жасайтын билік. Аристотель "Саясатындағы"
бұл айтылған ойлар бүгінгі күнге дейін мәнін жойған жоқ. Аристотель
"Поэтикасы" — қазіргі заманғы өнертану мен әдебиеттануға негіз болып
қаланған шығарма. Аристотель ілімін жүйелеп, түсіндіру ісінде араб
философтары әл-Кинди мен Әбу-л-Уәлид Мұхаммед ибн-Рушд,
түрік ойшылы Әбу Наср әл-Фараби, парсылық Әбу Әли ибн Сина еңбектері ерекше
рөл атқарады. "Шығыс перипатетиктері" аталған бұл ойшылдар Аристотель
шығармаларына терең талдаулар жасады. Осы қызметі үшін әл-Фараби кезінде
"Екінші ұстаз" атанған. Қазақтың тарихи қиссаларында, дастандарында,
ақындар шығармаларында Аристотель есімі жиі кездеседі. Абай қара сөзінде
Аристотельге — "хакім" деп аса құрмет білдірген. Аристотель шығармаларын
Батыс Еуропаға кеңінен таныстырған — ибн-Рушд. Одан әрі де католик ойшылы
Фома Аквинат Аристотельді христиан ойшылы ретінде дәлелдеуге көп еңбек
еткен. Қазақ философиясындағы Аристотельтануда екі арна бар. Бірі — оны
"Шығыс перипатетиктері" арқылы, екіншісі — Батыс Еуропа дүниетанымы
тұрғысынан тану.

АРИСТОТЕЛЬ - ОЙ ТҮЙІНІН АЛҒАШҚЫ ЖИНАҚТАҒАН ҒҰЛАМА
Аристотель өзіне дейінгі философия мен ғылым жетістіктерін қорытып
жүйеге келтіріп, әр түрлі ғылым саласынан көптеген еңбектер жазып
қалдырған. Кейбір деректер бойынша оның еңбектерінің саны төрт жүзге,
екінші бір деректер бойынша мыңға жеткен. Аристотельдің философиялық
көзқарастары "Метафизика", "Жан туралы", "Категориялар" және "Аналитика"
деген шығармаларында жете баяндалған. Философияның негізгі мәселесін шешуде
Аристотель материализм мен идеализмнің екі арасында ауытқып отырды.
Аристотель ғылым классификациясында философияны ең жоғарғы орынға қояды.
Басқа ғылымдар болмыстың кейбір жақтарын зерттеумен шұғылданса, философия
бастаманың жалпы табиғатын зерттейді.
Философияның басқа ғылымдардан артықшылығын Аристотель былай деп
түсіндірді: "Шындығында даналық бүтіндей үстемдік құрушы және жетекші ғылым
болғандықтан, басқа ғылымдар оған қарсы сөз айтуға дәрменсіз. Сондықтан да
мақсат пен игілікті зерттейтін ғылым бірінші орынға қойылады" (Метафизика,
М., 1934, с. 45).
Аристотель философиясында болмыс туралы ілімге, табиғатқа, яғни
барлық заттардың негізі болып табылатын алғашқы материяға көп көңіл
бөлінген. "Метафизикада" Аристотель табиғатты жан-жақты зерттеумен
шұғылданады. Табиғат - бір жағынан заттың пайда болуының, зат құрамының
негізі және "әрқайсысындағы алғашқы қозғалыстың көзі" болатын болса, екінші
жағынан, табиғат өздігінен өмір сүретін заттардың мәні, "табиғат дегеніміз
- форма және мән" - Аристотельдің "аспан әлемдерін еш уақытта көрмесек те
дегенмен біз білетіндерден де басқа да мәңгі субстанциялар өмір сүрген
болар еді" деген пікіріне байланысты В.И. Ленин былай дейді: "Тамаша!
Сыртқы дүниенің реалдылығында күмән жоқ. Бұл адам жалпы мен жекенің, ұғым
мен түйсіктің, мән мен құбылыстың диалектикасында шатасады". Шынында да
Аристотель Платонның идея жөніндегі идеалисті ілімін орынды сынап,
заттардың реалдылығын мойындауына қарамастан жалпы мен жекенің өзара
қатынасына келгенде, жөн таба алмай шатасады". Аристотельдің пікірінше,
философияның пәні жалпы бола тұрса да, ол жекелеген заттарды (құрамды,
мәндерді) - статуя, мемлекет т.б. түсіндіре білуі керек. Жекелеген
заттардың болмыстығын сезім арқылы білсек, жалпының болмыстығы ой арқылы
ашылады. "Метафизикада" және басқа да еңбектерінде Аристотель заттардың
табиғатын түсіндірудің төрт түрлі себептерін көрсетеді: материалды себеп,
формальды, өндіргіш себеп, мақсатты себеп. Мысалы, үй салудың бастамасы -
құрылыс өнері, мақсаты (неге керектігі), материясы (тас, кірпіш және жер),
формасы (ұғым).
Аристотельдің пікірінше, заттың мәнін түсіндіруде осы аталған
себептердің бәрі бірдей қамтылуы қажет. Жез мүсіннің мәнін түсіну үшін,
әрине ең алдымен оның субстраты (материясы) жезді алып қарастыру керек.
Бірақ тек жездің өзінен, мүсіннен, эстетикалық сезім қалай туатынын түсіну
қиын. Сондықтан зерттеуді әрі қарай жалғастыра беруге тура келеді. Осыдан
келіп: мүсіннің мүсін болуы неліктен? - деген сұраққа Аристотель формадан,
- деп жауап берді. Аристотель философиясында форма заттың мәні әрі
іс-әрекеттің көзі болып табылады. Аристотель өзінің форма мен материя
жөніндегі олардың өзара байланысын ашып, бұл жөнінде маңызды диалектикалық
пікір ұсынды. Алайда Аристотельдің идеалистік көзқарасы мұнда да
аңғарылады: ол - материя дәрменсіз, формаға тәуелді деп түсіндірді.
Формасыз материя өмір сүріп, тұтастыққа ие бола алмайды. Сонымен,
Аристотель форманы алуан түрлі мазмұны бар (түр, себеп-мақсат, құдірет)
белсенді және творчестволық бастама деп сипаттайды. Аристотельдің
идеалистік қателері, әсіресе оның форманы бірден-бір белсенді күш, алғашқы
түрткі және материядан бұрынғы нәрсе, құдірет (форманың формасы) деп
түсінуінен анық көрінеді.
... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Аристотель – антикалық философияны жүйеге келтіруші
Аристотельдің психологиясы
Аристотель (грекше Ἀριστοτέλης Aristotélēs) (б. з. д. 384 - б. з. д. 322 жылдар)
Аристотельдің болмыс туралы көзқарасы
Аристотельдің ғылыми философиялық жүйесі
Аристотель Стагирит
Аристотельдің қоғамда алған орны
Аристотельдің „саясат” еңбегіндегі саяси көқарастары
Аристотельдің саяси әлеуметтік - көзқарасы
Аристотельдің метафизикасы
Пәндер