Бәйге
«Қазақта бәйгеден асқан салтанат жоқ: олар бәйгемен нәрестенің дүниеге кеуін атап өтеді, бәйгемен марқұмның аруағын еске түсіреді, бәйгемен құрметті қонақты қарсы алады». [357.28б.] Бәйге бірнешеге бөлінеді: бала дүниеге келгенде тай, құнандарды 10-15 км жерге жарыстырады оны тай жарыс, немесе құнан бәйге, өлген адамға 7-8 ай не бір жыл өткенде қара ас беріліп, онда шаптырылатын бәйгені құр бәйге деп атайды. Елге, руға келген құрметті қонаққа арнап бәйге шаптырылады. Бұл бәйгені көрнекті жылқы маманы Ю.Н.Борминцевтің сөзімен айтсақ: «Қазақтың қадірменді қонаққа қойылған құрметті қарауылы. Алыс қашықтықтарға шаптырылатын (40,70,100 км) аламан бәйгелер әдетте атақты және ауқатты адамдар» қайтыс болғаннан кейін 5-10 жыл өткен соң марқұмды еске алу астарында өткізіледі. Бұл астар мейрам түрінде өтеді. Қазақтың ат жарыстары неге алыс қашықтықтырға өткізіледі-деп орыстың жылқы мамандары 1870 жылдары Ұлы жүз сұлтаны Тезек төреден сұрағанда былай деп жауап беріпті: Аттарды жақын жерлерге жіберсе қазақтың арасында ұрыс-керіс, төбелес туады, себебі жақын жерге шапқан қазақтың аттары қатар-қатар бірдей келіп, қайсысының, қаншасыншы келгенін анықтау мүмкін емес. Ал, алысқа шапқан аттардың әсіресе алдыңғы 4-5-нің арасы кемінде 100-200 қадамнан кем болмайды. [357.26б.] Әрине Тезек төренің айтып отырғаны өте дұрыс, сонымен қатар көшпенділер, оның ішінде ерте замандардан жылқыны алысқа шабатын жануар-деп бағалап, аламанға шаптырған. Аламан бәйгенің мәні көшпенділердің аламандық жорығынан сөйтіп алыс елдерді, жерлерді бағындырудан туады. Қазақта «бәйгемен ас егіз» деген сөз бар, яки ассыз бәйге, бәйгесіз ас болмайды. Әрине бұдан қазақтың басқа мерекелерінде (қымызмұрындық, наурыз, құрбан айт т.с.с.) бәйге болмайды деген ұғым тумауы керек.
«Өлі риза болмай, тірі байымайды» деген қазақ өзінің о дүниелік болған туған-туыстарын еске алып, мал сойып құрбандық шалып отыруы халықтың исламға дейінгі түсінігі бойынша аруаққа табынудан туған. Адам өзі өлсе де жаны өлмейді, аруағы тірі болады, сондықтан өлген адамдардың аруағына бағыштап өткізілетін шаралардың бірі – ас. Ол әдетте пайғамбар жасынан асып, қартайып өлген атақты адамдарға беріледі. Өмірдің қызығын көрмей кеткен жас адамдардың асында ат шаптырып, ойын-той жасау сөлекет саналады. Сондықтан тарихта ел-жұрт алдында өлшеусіз атаққа ие болған тарихи қайраткерлермен қатар байлығы, дәулеті жеткен ауқатты адамдардың да асы өткізілген. Бірақ халық жадында байлардың асына қарағанда әйгілі адамдардың асы туралы деректер мейлінше мол сақталған. Абылай ханның асы 1781 жылы күзде Қызылжарда Қарой деген жерде бүкіл Үш жүздің бас қосуымен өткен. «Абылайдың асында шаппағанда әкеннің басында шабасың ба?» деген сөз содан қалса керек. Ас тек ойын-той емес. Халық көп жиналған мұндай жиындарда ел басылары қордаланып қалған, көптеген мәселелерді шешкен. Я.П.Гавердовский Кіші жүздегі Жанбай батырдың асы туралы: «Аста әртүрлі ру басшылары, ел шаруасын талқыға салып, дау-дамайларын шешіп, бір-бірінің көңілдерін табады, сол себепті бұл жиын қоғамдық пікірсайысқа айналады» деген. [384.161-162б.] Бертін келе аста мәдениетке байланысты мәселелер де қозғалған, мысалы: елдің жақсылары Қаракерей Қабанбай немересі Төбе би Сүлейменнің 1904 жылы Тарбағатай тауының бөктерінде өткен асында: «Қазақ жерінде тұңғыш гимназия салынсын, романға бәйге жариялансын» деп шешім қабылданған.

Қазақта бәйгеден асқан салтанат жоқ: олар бәйгемен нәрестенің дүниеге
кеуін атап өтеді, бәйгемен марқұмның аруағын еске түсіреді, бәйгемен
құрметті қонақты қарсы алады. [357.28б.] Бәйге бірнешеге бөлінеді: бала
дүниеге келгенде тай, құнандарды 10-15 км жерге жарыстырады оны тай жарыс,
немесе құнан бәйге, өлген адамға 7-8 ай не бір жыл өткенде қара ас беріліп,
онда шаптырылатын бәйгені құр бәйге деп атайды. Елге, руға келген құрметті
қонаққа арнап бәйге шаптырылады. Бұл бәйгені көрнекті жылқы маманы
Ю.Н.Борминцевтің сөзімен айтсақ: Қазақтың қадірменді қонаққа қойылған
құрметті қарауылы. Алыс қашықтықтарға шаптырылатын (40,70,100 км) аламан
бәйгелер әдетте атақты және ауқатты адамдар қайтыс болғаннан кейін 5-10
жыл өткен соң марқұмды еске алу астарында өткізіледі. Бұл астар мейрам
түрінде өтеді. Қазақтың ат жарыстары неге алыс қашықтықтырға өткізіледі-деп
орыстың жылқы мамандары 1870 жылдары Ұлы жүз сұлтаны Тезек төреден
сұрағанда былай деп жауап беріпті: Аттарды жақын жерлерге жіберсе қазақтың
арасында ұрыс-керіс, төбелес туады, себебі жақын жерге шапқан қазақтың
аттары қатар-қатар бірдей келіп, қайсысының, қаншасыншы келгенін анықтау
мүмкін емес. Ал, алысқа шапқан аттардың әсіресе алдыңғы 4-5-нің арасы
кемінде 100-200 қадамнан кем болмайды. [357.26б.] Әрине Тезек төренің айтып
отырғаны өте дұрыс, сонымен қатар көшпенділер, оның ішінде ерте замандардан
жылқыны алысқа шабатын жануар-деп бағалап, аламанға шаптырған. Аламан
бәйгенің мәні көшпенділердің аламандық жорығынан сөйтіп алыс елдерді,
жерлерді бағындырудан туады. Қазақта бәйгемен ас егіз деген сөз бар, яки
ассыз бәйге, бәйгесіз ас болмайды. Әрине бұдан қазақтың басқа мерекелерінде
(қымызмұрындық, наурыз, құрбан айт т.с.с.) бәйге болмайды деген ұғым тумауы
керек.
Өлі риза болмай, тірі байымайды деген қазақ өзінің о дүниелік болған
туған-туыстарын еске алып, мал сойып құрбандық шалып отыруы халықтың
исламға дейінгі түсінігі бойынша аруаққа табынудан туған. Адам өзі өлсе де
жаны өлмейді, аруағы тірі болады, сондықтан өлген адамдардың аруағына
бағыштап өткізілетін шаралардың бірі – ас. Ол әдетте пайғамбар жасынан
асып, қартайып өлген атақты адамдарға беріледі. Өмірдің қызығын көрмей
кеткен жас адамдардың асында ат шаптырып, ойын-той жасау сөлекет саналады.
Сондықтан тарихта ел-жұрт алдында өлшеусіз атаққа ие болған тарихи
қайраткерлермен қатар байлығы, дәулеті жеткен ауқатты адамдардың да асы
өткізілген. Бірақ халық жадында байлардың асына қарағанда әйгілі адамдардың
асы туралы деректер мейлінше мол сақталған. Абылай ханның асы 1781 жылы
күзде Қызылжарда Қарой деген жерде бүкіл Үш жүздің бас қосуымен өткен.
Абылайдың асында шаппағанда әкеннің басында шабасың ба? деген сөз содан
қалса керек. Ас тек ойын-той емес. Халық көп жиналған мұндай жиындарда ел
басылары қордаланып қалған, көптеген мәселелерді шешкен. Я.П.Гавердовский
Кіші жүздегі Жанбай батырдың асы туралы: Аста әртүрлі ру басшылары, ел
шаруасын талқыға салып, дау-дамайларын шешіп, бір-бірінің көңілдерін
табады, сол себепті бұл жиын қоғамдық пікірсайысқа айналады деген.
[384.161-162б.] Бертін келе аста мәдениетке байланысты мәселелер де
қозғалған, мысалы: елдің жақсылары Қаракерей Қабанбай немересі Төбе би
Сүлейменнің 1904 жылы Тарбағатай тауының бөктерінде өткен асында: Қазақ
жерінде тұңғыш гимназия салынсын, романға бәйге жариялансын деп шешім
қабылданған. [24]
Ас төрт күнге созылады: сәрсенбі – ошақ қазар күн, бейсенбі – мал
соятын күн, жұма – табақ тартар күн, сенбі - ат шабар күн. Ат шауып біткен
күні үйлерді жыға бастайды. [385] Сирек болсада астың бір жетіге созылғаны
жайында мәліметтер де кездеседі. [L]
ХІХ ғасырда асты және онда өткен ат бәйгелерін суреттеген орыс және
шетел ғалымдары қазіргі заманның олимпиадалары деп тамсанған. Қазіргі
Олимпидалық ойындардың көрінісін көз алдымызға елестетіп көрейік. Жан-жағың
кең жазира дала, ұзыннан-ұзақ созылған киіз үйлердің түп-түзу қатары. Дала
серілері – салт атты қазақтардың салтанатты топтары; қазақты атсыз елестету
мүмкін емес. Бала кездерінен, киіз үйдің ішіндегі өмірін есептемегенде
басқа уақыттарының бәрін ат үстінде өткізетіндіктерінен қазақтар атпен
бірге біртұтас сияқты болып көрінеді. Ал, сансыз көп салт атты қазақтарды
көргенде, оларды бір-бірінен айыра алмайсың сол мезеттерде, әрине алдыңғы
жақтары адам, ал аяқтары жылқынікі сияқты ертегілік бейнелер (кентаврлар
А.Т.) көз алдыңа еріксіз елестейді. [386]
Жалпы астың қай кезде, қай уақытта ат бәйгесінің неше шақырымға
созылатыны жөнінде жарты жыл, кемінде 2-3 ай бұрын елдің бәріне хабарланып
үлгереді. Ас иесі өзінің мөрін басып алыстағы елдерге хат жібереді, ат
тұяғы жетер жерлердің бәріне мәлімдейді, мұны сауын айту салты дейді.
Сауыншы болатын адамдар жарты жыл бұрын белгіленіп айтылған жерлердің
бәріне хабар береді. Қатысуға келісімін бергендер бәйге ат, палуан, мерген,
сайысшы, т.б. жарыс түрлерінен қанша адам апаратынын жоспарлайды. Асқа
қонақтар келгенде елдің, рудың жүйріктері тізімделіп тіркеледі. Аттарды
бәйгеге апарарда атшабарлар асығыс түрде аттарына мінеді. Бір қолына, ұзын
ағашқа ақ шүберек байлап, ту ұстап шығады, бұл туды қарақшы деп атайды.
[387]
Салтаттылар бастарына қызыл орамал байлап, қолдарына ұзын сырық
алып киіз үйлерді аралап Ат шығар, ат шығар деп айғайлап бәйге болатынын
хабарлайды. Бәйге қайтыс болған адамның моласының жанында өтеді. [388]
Егерде бәйге 70-100 шақырымға болса, бір күн бұрын жұма күні айдаушылар
аттарды жинап, көмбеге алып кетеді, Ат та, шабандоз балалар да демалып,
сенбі күні (астың ақырғы күні А.Т.), таңертең көмбеден шығады. Ат
айдаушылардың қолында жеңіл құрықшасы болады, соның көмегімен аттарды
айдайды. [387.61-62б.] Кереші – бәйге кезінде қарақшыға яғни ат келетін
мәреге хабар беріп тұратын арнайы адам. Барлаушылар – жолдан ат қосылып
кетпес үшін қадағалап, барлап, бір-біріне хабар беріп тұрады, олардың саны
оншақты адамға дейін жетеді.
Бәйгеге шабатын аттардың сәйкестігіне байланысты қанша сыйлық
берілетін болса, сонша даяшы аттарды күтіп қатарласып тұрады. Мысалы ат
бірінші келе жатса бірінші бәйгенің даяшысы шауып барып, ат үстіндегі
баланың бас киімін алады. Бұл төрешілерге көрсетілетін айғақ. Даяшы
берілетін сыйлықтың 10% өзіне алады. [389]
Бәйге аттарының алдынан бірнеше адамдар шығады, бұларды даяшы дейді.
Бұлар өздеріне тапсырылған ат қарақшыдан өткен кезде баланың басындағы
орамалын алады. Бұл жоғарыда айтылғандай, аттың нешінші келгенін білдіретін
дәлел. [387. 61-62б.] Ат мәреге жақындап қалғанда ат иесінің 20-шақты
туысқандары шауып барып, атты жеңілдету үшін үстіндегі баланы көтеріп
алады. 5 адам аттың шылбырынан, құйрығынан тартып мәреге сүйрелейді,
қалғандары айғайлап-шулап, (ұрандарын айтып А.Т) қамшыларын көтеріп
сілтейді, сонда бәйгеге бүкіл ел қатысқандай болып көрінеді. [390] Кейде
бәйгенің шарты бойынша атты тартамыз ба, тартпаймыз ба деп келісіп алады.
Тартпайтын болып келіссе, елді көтермеге жібермейді. Қазақтың ауызекі
әңгімелерінде, аңыздарында жүйріктердің 100 шақырымға шапқаны жөнінде
ақпарлар баршылық. Негізінде бәйгелердің межесі 40-50 км шамасында болады,
ХІХ–ХХ ғасырдың бас кезіндегі бәйгелердің 80-90% межелері 40-50 ары кетсе
60 шақырым болғанын мәлімет берушілер де айғақтайды. [ХІ.L] Дегенмен
аңыздарда айтылатын 100 шақырымдық бәйгелер де болып тұрған.
... Әулиеата қазақтары 100 верст шақырымға бәйге жасады. Ең соңғы ат
мәреге 4 ½ сағатта келді. Бірінші аттың қанша уақытта келгенін білмеймін,
соңғы ат аяңдап қана жетті... [66.136б.]
1853 жылы 20 қыркүйекте қазақ жылқысының 20 шақырым қашықтықты
27 минут 30 секундта, яғни 1 версты 1 минут 22 секундта шауып өткені
тіркелген. [238.64б.] Қазақи тұқымды аттардың көрсеткіші :
10 шақырым – 15 мин 11 сек
12 шақырым – 20 мин 6 ½ сек
20 шақырым – 35 мин 33 сек [Рус. ин. 1912 №149.]
ХІХ ғасырдың аяқ шенінде 60 шақырым жерді 2 ½ уақытта, сағатына яғни
20 шақырымнан шауып өткен қазақ жылқысының жылдамдығы жөніндегі ақпар сол
кездегі ресми орындарда кездеседі. [391]
1948 жылы 28 қыркүйекте Орда жылқы зауытында бүкілодақтық дәрежедегі
төрешілердің қатысуымен 100 км қашықтыққа бәйге өткізіледі. Бедуин есімді
жүйрік ат - қазақ (34 қазақ қанды тұқым ), – 4 сағ. 04 мин. 40 сек; Тшан –
сапасы жақсартылған қазақи тұқымды жүйрік – 4 сағ. 06 мин 15 сек, Экстра –
салт-қазақ тұқымды (12 қанды) – 4 сағ. 11 мин. 15 сек. уақыт көрсетеді.
Бірінші орын Тшанға беріледі, себебі Бедуин жарысты аяқтап, мәреге жетер
жолда алдынан бірнеше салтаттылар кесе көлденең шығып, жарыстың тәртібі
бойынша Бедуиннің көрсеткіші есептелмейді. Тшан есімді қазақи айғырдың бұл
көрсеткіші бүкілодақтық рекорд деп есептеліп, ресми түрде тіркелген. Тшан –
Орда түйе шаруашылығы зауытының жылқысы, бәйгеге жарату Ю.Н.Барминцевтің
қадағалауымен жүзеге асқан. 100 км қашықтыққа ресми одақтық дәрежеде жарыс
өткізу осымен аяқталады, бұл көрсеткішті әлемдік рекорд деуге де болады,
себебі біріншіден әлемде мұндай қашықтыққа жарыс өткізілмейді, екіншіден
ешбір елде, ешқандай жарыста мұндай көрсеткіш тіркелген емес. [143.230б.]
Бәйгенің орындарын белгілеп, сыйлықтарын төреші береді. Төрешілікке
елге беделді ауыл ақсақалдарының бірі, кейде бірнешеуі тағайындалады.
Бәйгеге қанша орын белгіленеді деген мәселе жөнінде хабар берушілерден
сұрағанымызда көпшілігі 9 орыннан кем болмайды деп жауап береді. [І.ІІ]
Мысалы, 70-80, 100 ат шапсын, орын саны 9-дан кем болмайды және орын саны
міндетті түрде тақ болады. Қазақта тоғыз саны қасиетті саналатындықтан,
берілетін сыйлықтардың өзі де тоғыз, тоғыздан болады. Н.И.Гродековтің
көрсетуі бойынша берілетін сыйлықтар жарысқа қатысатын аттардың санына
байланысты. [148] Жарысқа қатысатын аттар 20 болса, жетеуіне сыйлық
беріледі, ал 100 не 200 ат қатысса, сыйлық 20 және 30 атқа беріледі. 1860
жылы Қаракөл жайлауында Құланбайдың асын В.Плотников егжей-тегжейлі жаза
келіп, сыйлықтардың құрамын көрсеткен. 42 құнан қосылған құнан бәйгеге 9
сыйлық берілген.
1-орын – 1 жылқы, 1 құндыз, 7 сом күміс ақша;
2-орын – 1 жылқы, 8 сом күміс ақша;
3-орын – 1 жылқы, 7 сом күміс ақша;
4-орын – 1 құндыз, 6 сом күміс ақша;
5-орын – 1 құндыз, 5 сом күміс ақша;
6-орын – 1 құндыз, 4 сом күміс ақша;
7-орын – 1 құндыз, 3 сом күміс ақша;
8-орын – 1 құндыз, 3 сом күміс ақша;
9-орын – мылтық.
Енді осы аста аламан бәйгеге берілген сыйлықтардың құрамы:
1-бәйге үш тоғыз: (1 тоғыз) 1 түйе, 8 жылқы, (2 тоғыз) сауыт, 8 жылқы,
(3 тоғыз) 1 жамбы, 8 червонец қағаз ақша;
2-бәйге үш тоғыз: 1 тоғыз) 1 түйе, 8 жылқы, (2 тоғыз) жамбы, 8
червонец, (3 тоғыз) 1 жылқы, 8 сом күміс;
3-бәйге үш тоғыз: (1 тоғыз) 1 түйе, 8 жылқы, (2 тоғыз) жамбы, 8
червонец, (3 тоғыз) күміс стақан, 8 сом күміс;
4-бәйге екі тоғыз: (1 тоғыз) 1 түйе, 8 жылқы, (2 тоғыз) жамбы, 8 сом
күміс;
5-бәйге бір тоғыз: 7 жылқы, жамбы;
6-бәйге бір тоғыз: түйе, жылқы, кәмшат құндызы, 6 сом күміс;
7-бәйге бір тоғыз: түйе, кәмшат құндызы, қылыш, 6 ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz