Әкімшілік-құқықтық режимдер туралы ақпарат



Қазақстан Республикасы Конституциясында көрсетілгендей «мемлекеттік биліктің бірден-бір бастауы - халық, халық билікті тікелей республикалык референдум және еркін сайлау арқылы жүзеге асырады, сондай-ақ өз билігін жүзеге асыруды мемлекеттік органдарға береді». (ҚР Конституциясы 3-бап, 1,2 - тармақ). Әдебиетте «билік» түсінігініц мәні - құқық негізінде өз еркін басқа субъектілер арқылы орындату. Ертеде әкімшілік құқықтық режимдер жалпы міндеттеуші сипатта болып, билікті белгілі бір орталықтан басқару керек деген пікірге келді, себебі мемлекет қызметі біртұтас жүйе деп саналды. Атқарушы биліктің институттарын құруда белгілі бір мақсатқа жету үшін әкімшілік құқықтық режимдер көмегімен модельді ситуациялар туындайды. Яғни:
- субъектілердің құқықтары мен кепілдіктерін құқық көмегімен бекіту мен дамытуды талап ету;
- өркенниетті нысанда даулы конфликтілерді шешу негізінде билік құрылымын күшейту (мысалы, соттық реформаны жүргізу барысында сот ролі мен ықпалын күшейту).
Әкімшілік-құқықтық режимдер дегеніміз — міндетті немесе кейде ерікті түрде мемлекеттік басқару органдарымен қабылданган, ( яғни. атқарушы және заңды) атқарушы билік саласында қоғамдық қатынастарды реттеуші ереже.
Әкімшілік-құқықтық режимдердың түрлері. Әкімшілік құқық режимдеры белгілі бір критерияларға байланысты жіктеліп (классификацияланып), бірнеше түрлерге бөлінеді.
Әкімшілік құқық режимдерының ең күрделі түсінігі, яғни мәні мен мазмұнын ашатын негізгі критерилер мыналар:
а) мазмұны;
б) субъектілердің мінез-құлқына әсер ететін әдістер;
в) белгілі бір мақсатты тағайындау;
г) белгілі бір ортада қолданылуы;
д) заңды күші;
г) қолданылу шегі (белгілі бір аймаққа, уақытқа, субъектілер тобына қолданылуы).
Әкімшілік құқық режимдеры мазмұны бойынша:
1. материалдық (қаржылық) режимдер
2. процессуалды болып екіге бөлінеді.
Материалдық режимдер - азаматтардың әкімшілік-құқықтық мәртебесін, атқарушы билік органы мен ұйымдарды біріктіретін ережелер. Мысалы: атқарушы билік органдары субъектілерінің қоғамға, тұлғаларға көрсететін заңды түрдегі құзіреті.
Процессуалды режимдер - мемлекетпен бекітіліп, санкцияланған материалдық режимдерды жүзеге асыру барысында және мемлекепік басқару органдарының жаңа императивті актілерді шығарумен сипатталады. Процессуалды режимдердың материалдық режимдердан айырмашылығы:
а) өзінің тағайындалуымен, яғни материалдық режимдер субъектілерінің әкімшілік-кұқықтық мәртебесін тағайындаса, ал проссуалдық режимдер олардың орындалуы мен міндеттелуін заңды түрде жүзеге асырады;
б) талап ету, яғни процессуалды режимдер, ең алдымен материалдық режимдердың орындалуын талап етеді;
в) іске асыру, ягни әкімшілік-құқықтық материалдық режимдердың қабылдануын, олардың жүзеге асырылуын талап ету арқылы іске асыру.
1. Қазақстан Республикасының Конституциясы 30 тамыз 1995ж.
2. Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексі. Жалпы бөлімі 27 желтоқсан 1994ж.
3. Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексі . Ерекше бөлім 1 шілде 1999ж.
4. Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексі. Алматы. 2002 ж.
5. "Адам құқығы жөнінде Республикалық комиссия құру туралы". Қазақстан Республикасы Президентінің 1994 жылғы 12 ақпандағы Жарлығы // ПҰАЖ, 1994, №9,
6. "Азаматтардың шағым-арыздарын қарау тәртібі туралы". Қазақстан Республикасы Президентінің 1995 жылғы 19 маусымдағы №2340 заң күші бар Жарлығы //Қазақстан Республикасы Парламентінің ведомостары, 1995, №9-10.
7. "Қазақстан Республикасының Президенті туралы". Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 26 желтоқсандағы №2733 Конституциялық Заңы // ҚР Жоғарғы Кеңесінің ведомостары, 1995, №24 (6 мамыр 1999 жылғы өзгертулермен және толықтырулар-мен қоса //ҚР Парламентінің ведомостары, 1999, №9).
8. "Қазақстан Республикасының Үкіметі туралы". Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 18 желтоқсандағы №2638 Конституциялық заңы //ҚР Жогарғы Кеңесінің ведомостары, 1995, №23 (24 ақпан 1997 жылғы өзгерулермен және толықтырулармен қоса // ҚР Парламентінің ведомстары, 1997, №4.

Пән: Құқық, Криминалистика
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 11 бет
Таңдаулыға:   
Әкімшілік-құқықтық режимдер

Қазақстан Республикасы Конституциясында көрсетілгендей мемлекеттік
биліктің бірден-бір бастауы - халық, халық билікті тікелей республикалык
референдум және еркін сайлау арқылы жүзеге асырады, сондай-ақ өз билігін
жүзеге асыруды мемлекеттік органдарға береді. (ҚР Конституциясы 3-бап, 1,2
- тармақ). Әдебиетте билік түсінігініц мәні - құқық негізінде өз еркін
басқа субъектілер арқылы орындату. Ертеде әкімшілік құқықтық режимдер жалпы
міндеттеуші сипатта болып, билікті белгілі бір орталықтан басқару керек
деген пікірге келді, себебі мемлекет қызметі біртұтас жүйе деп саналды.
Атқарушы биліктің институттарын құруда белгілі бір мақсатқа жету үшін
әкімшілік құқықтық режимдер көмегімен модельді ситуациялар туындайды. Яғни:
- субъектілердің құқықтары мен кепілдіктерін құқық
көмегімен бекіту мен дамытуды талап ету;
- өркенниетті нысанда даулы конфликтілерді шешу негізінде билік құрылымын
күшейту (мысалы, соттық реформаны жүргізу барысында сот ролі мен ықпалын
күшейту).
Әкімшілік-құқықтық режимдер дегеніміз — міндетті немесе кейде ерікті
түрде мемлекеттік басқару органдарымен қабылданган, ( яғни. атқарушы және
заңды) атқарушы билік саласында қоғамдық қатынастарды реттеуші ереже.
Әкімшілік-құқықтық режимдердың түрлері. Әкімшілік құқық режимдеры
белгілі бір критерияларға байланысты жіктеліп (классификацияланып), бірнеше
түрлерге бөлінеді.
Әкімшілік құқық режимдерының ең күрделі түсінігі, яғни мәні мен
мазмұнын ашатын негізгі критерилер мыналар:
а) мазмұны;
б) субъектілердің мінез-құлқына әсер ететін әдістер;
в) белгілі бір мақсатты тағайындау;
г) белгілі бір ортада қолданылуы;
д) заңды күші;
г) қолданылу шегі (белгілі бір аймаққа, уақытқа, субъектілер тобына
қолданылуы).
Әкімшілік құқық режимдеры мазмұны бойынша:
1. материалдық (қаржылық) режимдер
2. процессуалды болып екіге бөлінеді.
Материалдық режимдер - азаматтардың әкімшілік-құқықтық мәртебесін,
атқарушы билік органы мен ұйымдарды біріктіретін ережелер. Мысалы: атқарушы
билік органдары субъектілерінің қоғамға, тұлғаларға көрсететін заңды
түрдегі құзіреті.
Процессуалды режимдер - мемлекетпен бекітіліп, санкцияланған
материалдық режимдерды жүзеге асыру барысында және мемлекепік басқару
органдарының жаңа императивті актілерді шығарумен сипатталады. Процессуалды
режимдердың материалдық режимдердан айырмашылығы:
а) өзінің тағайындалуымен, яғни материалдық режимдер субъектілерінің
әкімшілік-кұқықтық мәртебесін тағайындаса, ал проссуалдық режимдер олардың
орындалуы мен міндеттелуін заңды түрде жүзеге асырады;
б) талап ету, яғни процессуалды режимдер, ең алдымен материалдық
режимдердың орындалуын талап етеді;
в) іске асыру, ягни әкімшілік-құқықтық материалдық режимдердың қабылдануын,
олардың жүзеге асырылуын талап ету арқылы іске асыру.
Процсссуалды режимдер материалдық режимдер сияқты классификациялау
дәрежесіне байланысты жіктеледі. Мысалы:
заңды күшіне байланысты, белгілі бір ортаға, яғни салаға байланысты және
т.б.
Субъектілердің мінез-құлқына әсер ететін әдістер:
1. міндеттеуші;
2. тыйым салушы ;
3. өкілдік беруші әкімшілік-құқықтық режимдер болып бөлінеді.
1. Міндеттеуші әкімшілік-кұқықтық режимдер - тұлғаның белгілі бір
ережелердің орындалуын міндеттеп, талап етуі. Мысалы, заңды
тұлғалардың міндетті түрде Әділет органдарында тіркелуі,
азаматтардың шағымдарын белгілі бір мерзімде басқару органдарының
қарастыру міндеттілігі. Қазақстан Республикасының мемлекеттік салық
жүйесі мен бюджеті атты Президент Жарлығының 171-бабында салық
жүйесін міндетті түрде салық қызметкерлері атқарады.
2. Тыйым салушы әкімшілік-кұқықтық режимдер - норма көздеген
мақсаттан тыс белгілі бір іс-әрекеттердің орындалуына тыйым салып,
шектейді.
Тыйым салудың екі түрі бар:
а) жай тыйым салу;
б) арнайы тыйым салу.
Жай тыйым салу дегеніміз - әкімшілік құқық бұзушылық белгілері бар
істердің орындалуы мен жүзеге асуын шектеуі.
Арнайы шектеу дегеніміз - Қазақстан Республикасы Президенті заңының
174-бабында көрсетілгендей, салық қызметкерлерінің кәсіби міндеттерін
өздерінің тікелей немесе жанама туыстығы бар салық төлеушілермен каржылық
мәселелерді шешуге шектеу қоюы.
3. Өкілдік беруіші режимдер - субъектілердің әкімшілік-
құқықтық қарым-қатынасында өз шешімі бойынша қатынастарды
жүзеге асыру, бірақ режимдердың сақталуын бұзбауы керек. Мысалы:
Қазақстан Республикасының банктері мен банк жүйесі туралы Президент
жарлығының 46-бабында былай делінген: егер Қазақстан
Республикасы Ұлттық банкі II дәрежедегі экономикалық
режимдерды бұзған жағдайда мынадай шаралар колданылады:
а) міндеттеуші хатты талап етеді;
б) банкпен жазбаша түрде келісім жасайды;
в) ескерту, сөгіс береді;
г ) жазбаша түрде береді;
Қолданылу шегіне байланысты:
а) жалпы міндетті;
б) ішкі жүйелік.
а) жалпы міндетті режимдер әкімшілік-құқықтық қатынасқа
түсетін барлық субъектілерден талап етіледі.
б) ішкі жүйелік режимдер белгілі бір атқарушы биліктің талап етуіне
байланысты қолданылуы.
Мекен-жайға байланысты: белгілі бір ұйым мен атқарушы билік
органдарының әкімшілік-құқықтық мәртебесін белгілеу арқылы бөлу, яғни
қоғамдық бірлестіктерге, мемлекеттік бірлестіктерге және азаматтарға
байланысты қолданылуы.
Сонымен корытындылай келе әкімшілік құқықтық нормалалар - бұл
конституцияда бекітілген белгілі бір қағидалар мен ережслердің жиынтығы. Ал
әкімшілік-құқықтық қатынастар бұл әкімшілік-құқықтық режимдермен
реттелген, мемлекеттік басқару саласындағы коғамдық қатынастар. Бұл екі
ұғым бір-бірімен тығыз байланысты, біріншісі мемлекет бекіткен қағидалар
мен ереэжелердің жиынтығы болса, сол ережелер құқықтық қатынастарды
реттеп басқарып отырады.
Әкімшілік-құқықтық қатынастардың ұғымы мен мазмұны. Әкімшілік-
құқықтық қатынастар - әкімшілік-құқықтық режимдермен реттелгген,
мемлекеттік басқару саласындағы қоғамдық қатынастар. Атқарушы билік
органдары өз қызметі барысында түрлі субъектілермен өзара әрекет жасайды.
Көп жағдайда олардың мүддесі бір-біріне сәйкес келмейді. Бұл сәйкесіздік
азаматтар, ұйымдар, органдар тарапынан ортақ қатынастарды реттеуге,
жүйелеуге ұмтылдырады. Осы тұрғыдан әкімшілік құқықтың субъектілері заң
алдында тең. Әкімшілік-құқықтық қатынастардың мақсаты тұрақты заңмен
қарастырылған қатынастар жүйесін қамтамасыз ету және қатынастыр барысында
субъектілердің әр түрлі мүдделері мен қажеттіліктерін қамтамасыз ету.
Әкімшілік-құқықтық қатынастар субъектілердің өз құқықтары мен міндеттерін
ерікті түрде орындауға бағьтталған. Басқару органы өзінің биліктік
өкілеттіліктеріне қарамастан өздерінің қызметтерінде мемлекет және оның
мүддесін көздейді. Әкімшілік-құқықтық қатынастардың қатысушыларының бірі
құқық бұзушылық жасаса, режимдерды бұзса, мемлекет алдында жауапқа
тартылады. Ал, бұл жағдайды әкімшілік тәртіп реттейді. Әкімшілік-құқықтық
қатынастар түрлі тараптардың өз құкықтары мен міндеттерін орындау барысында
туындайды жэне ол нақты ережелермен процедураларға негізделген. Әкімшілік-
құқықтық қатынастардың қатысушыларының құқықтары мен міндеттерін өзінше
өзгерту мүмкіндігі шектелген. Әкімшілік құқықтық қатынастардың құрылымы мен
түрлері. қатынастардың құрылымы және түрлері. Әкімшілік-құқықтық
қатьнастардың өзіндік құрылымы бар, ол субъект (қатысушы) - құқықтық
қатынасқа қатысушы нормаға сай құқықтармен міндеттерге ие тұлға. Құқықтық
қатынастардың бағытталған мақсаты оның мазмұнын құрайды, сол бағытталған
мақсатқа жету барысында құқықтық қатынастар туындайды.
Материалдық мазмұны - бұл тұлғаның нақты әрекеті, бұны орындау
барысында тараптардың құқықтары мен міндетгері жүзеге асады. Заңдық мазмұны
бұл субъективтік құкықтар мен міндеттер болып табылады. Әкімшілік-құқықтық
қатынастардың пайда болуы, өзгеруі, жойылуы заңдық катынастарға
негізделген. Заңдық фактілер - тараптар арасында нақты құқықтық қатынас
тудыратын нормамен бекітілгсн жағдай. Әрекет - субъектінің ез еркін білдіру
актісі, ол өз кезегінде заңды жэне заңсыз болып екіге бөлінеді. Оқиғанын
әрекетке қарағанда ерекшелігі - ол субъектінің еркіне бағынбайды. Бұған
адамның дүниеге келуі, қайтыс болуы және т.б. жатқызуға болады. Әкімшілік-
құқықтық катынастар заңдық сипаты бойынша тік (вертикалді) және көлбеу
(гаризонталді) болып бөлінеді. Тік әкімшілік құқықтық қатынастар әкімшілік-
құқықтық реттеудің және мемлекетті басқару қызметіне тән субъсктілср мен
объсктілер арасындағы бағыныштылық байланыстың мәнін білдіреді. Көлбеу
құқықтық қатынастардың көбінесе тіке қатынастарға алғы шарт болатыны
тәжірибеден белгілі.
Қорытындылай келе, жалпы қоғамда әкімшілік режимдер мен қатынастар
болмай, қоғамның дамуы мүмкін емес сияқты, өйткені әкіміпілік құқыктық
режимдер бекітілуі арқылы қоғамда тәртіп орнайды. Ал, әкімшілік құқықтық
қатынастар тек биліктік өкілеттілікке ие болып қана қоймай, сонымен қатар
әкімшілік құқытың субъсктілерінің түрлі қажеттіліктері мен мүдделерін
қорғап, құқықтық қатынастарды тұрақтандырады.
Жеке тұлғалар әкімшілік құқық субъектілері ретінде. Аталған
тақырыпты жалпы алар болсақ, біріншіден, „Әкімшілік құқығының субъектісі”
мен „Әкімшілік құқықтық қатынастардың субъектісі” ұғымдарының мазмұнын аша
отырып, олардың Әкімшілік құқығының субъектісі ретінде азаматтар, қоғамдық
және басқа коммерсиялық емес ұйымдар мен олардың қызметкерлері, атқарушы
билік пен мемлекеттік басқару органдары мен олардың қызметкерлері,
мекемелер, кәсіпорындар мен еңббек ұжымдары жатады. Олардың әкімшілік
құқықтық қатынастардың субъектілерінен ерекшеліктері олар ұзақ мерзімде
әкімшілік қатынастарға қатыстпаулары мүмкін. Ал, әкімшілік құқықтық
қатынастардың субъектілері әрқашанда белгілі, яғни олар белгілі құқықтар
мен міндеттерге ие әкімшілік құқықтық атынастардың қатысушылары, құқықтық
қатынастардың тараптары. ерекшеліктеріне сипаттама беру қажет. Сонымен
қатар, әкімшілік құқықтың субъектілері төменде аталған 3 талап орындалған
жағдайда ғана, әкімшілік құқықтық қатынастардың субъектісі бола алады.
Яғни, әкімшілік құқытық қатынастардың субъектілері болу үшін:
• Субъектінің құқықтыры мен міндеттерін қарастыратын әкімшілік құқытық
норма болуы керек;
• Субъектінің әкімшілік құқықтыққабілеттігі және әрекет қабілеттігі
болуы керек;
• Әкімшілік құқытық қатынастарды тудыратын, өзгертетін немесе жоятын
негіздер, яғни заңды айғақ болуы керек.
Азаматтардың әкімшілік-құқықтың мәртебесін қарау, әдетте, бір
жақты реакция тудырмайды. Қайта құру даурықпасы және мемлекеттіліктің
егемендігінің ныгаюы азамат пен мемлекеттің артықшылыгы немесе формалды
теңдігі туралы орынсыз үміт тудырды. Дәстүрлі "азамат" үғымы ешқандай
өзгеріске ұшыраған жоқ және мемлекет пен оның аумағында туган немесе сонда
азаматтық алған азамат арасындағы заңдық байланыс бұрынғы мәнін сақтауда,
бірақ азаматтықты танудағы шешуші рөлдің мемлекетке берілгендігін ұмытпаган
жөн.
ҚР азаматтарының әкімшілік құқықтық мәртебесі, олардың ҚР
Конституциясымен, „ҚР азамттығы туралы” ҚР заңымен және басқа нормативті
актілермен бекітілген азаматтардың жалпы құқытық мәртебесінің құрамдас
бөлігі болып табылады. Әкімшілік-құқықтық мәртебенің құрылымы мына
элементтерден тұрады: әкімшілік құқықтық субъектілік, әкімшілік құқықтық
қабілеттілік және әрекет қабілеттілік; азаматтардың құқықтары мен
бостандығына әкімшілік-құқықтық кепілдік. Әкімшілік құқықтық қабілеттік бұл
азаматтардың белгілі құқықтар мен міндеттерге ие болуы, сонымен қатар
олардың аталған құқықтар мен міндеттерді жүзеге асыру барысында белгілі
жауаптылыққа ие болуы. Әкімшілік құқықтық қабілеттік жалпы ережелерге
сәйкес азаматтың дүниеге келуімен пайда пайда бола отырып, оның өмірінің
аяғына дейін сақталады. Әкімшілік әрекет қабілеттік бұл азаматтардың өз
әрекеттерімен өздеріне белгілі құқықтар мен міндеттерді пайда етуі.
Әкімшілік әрекет қабілеттік келесі түрлерге бөлінеді:
а) толық әрекет қабілеттік азаматтың 18 жасқа, яғни кәмелетке толуымен
басталады;
ә) толық емес шектеулі әрекет қабілеттік азаматтың 16 жасқа толуымен
басталады;
б) жартылай әрекет қабілеттік азаматтың 14 жасқа толуына байланысты
басталады.
Әкімшілік құқықтық субъектілік бұл азаматтың белігілі әкімшілік
құқытық қатынастарға қатысуышы болуының мүкіндігі, яғни әкімшілік құқықтық
қабілеттік пен әрекет қабілеттіке ие болуы. Әкімшілік құқытық субъектілік
өз тарапынан келесі түрлерге бөлінеді.
а) 18 жастан басталатын жалпы әкімшілік құқықтық субъектілік;
ә) арнайы әкімшілік құқықтық субъектілік - кейбір әкімшілік құқықтық
қатынастар үшін субъектінің белгілі жасқа немесе белгілі лауазымға ие болуы
қажет. Мысалы: Парламент депутаты немесе судья болу үшін азамат 25 жасқа
толуы қажет.
б) салалық құқықтық субъектілік , яғни салалық әкімшілік
құқықтық қатынастарға қатысушы болуға қабілеттілік;
Жоғарыда аталған азаматтардың әкімшілік құқықтық субъектілігінің
негізі, яғни азаматтардың құқықтары мен міндеттері келесі түрлерге
бөлінеді:
• Жалпы құқықтар мен міндеттер – азаматтардың мемлекетік басқару
жүйесіндегі жалпы құқықтық жағдайын белгілейді.
• Арнайы құқықтар мен міндеттер – азаматтардың мемлекеттік басқару
жүйесінің белгілі бір саласындағы құқықтық жағдайын реттейді
Азаматтың құқығы мен бостандығын тек заңдар ғана шектейді және
олар конституциялық құрылысты қорғау, қоғамдық тәртіпті, адамдардың құқығы
мен бостандығын, халықтың денсаулығы мен өнегесін сақтау үшін қажетті
мөлшерде ғана шектеледі.
Біріншіден, қызметтің кез-келген формасы, адам одан бойын аулақтатпауы
үшін, еріктілікпен және еркін таңдалған болуға тиіс.
Сондықтан да, құқықтық мәртебенің орталық элементі адамның мойындалған
абсолюттік және ажыратылмас құқықтары мен бостандығы болуға тиіс, олар
нормативтік құқықтық актілердің мазмұны мен қолданылуын анықтайды.
Екіншіден, құқықтың көптеген салалары өзара байланыста болғандықтан,
әкімшілік-құқық режимдеры, едәуір шамада фактілерді растауға, құқықтар мен
міндеттерді шешуге және жүзеге асыру тәртібіне бағдар алған. Яғни, билік
органдарының қатысуы едәуір, себебі олар (органдар, лауазымды адамдар)
өздерінің әрекеттерімен азаматтардың құқықтық субъектілігін растайды.
Үшіншіден, әкімшілік және құқықтың басқа да салалары азаматтардың
мұқтаждығын қанағаттандырудың (материалдық, ақпараттық және басқа) жеке
дара немесе ұжымдық формасын анықтайды.
Азаматтар құқықтарының және бостандығының ұйымдық, құқықтық және
басқа (әлеуметтік және т.б.) кепілдіктері әкімшілік-құқықтық мәртебенің
элементтері болып табылады. Әкімшілік-құқықтық режимдер азаматтар мен
мемлекеттің өкілетті органдары арасында қалыптасатын режимдерды реттейді
деп бұрын айтылган болатын. Осыған байланысты мынадай заңдылыққа назар
аударайық. Қатынастардың ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Төтенше жағдай режимінің құқықтық негіздері
Әкімшілік - құқықтық режимнің түрлері
Әкімшілік құқықтық режимдер
Әкімшілік құқықтың пәнінен дәрістер
Мемлекеттің құрылымдық нысаны мемлекет нысаны ретінде
САЯСИ РЕЖИМ ТҮСІНІГІ ЖӘНЕ ОНЫҢ ТҮРЛЕРІ
Мемлекет нысаны тарихи тәжірибе және қазіргі проблемалар
Әкімшілік алдын алу шаралары: жалпы, арнайы және процессуалдық
Саяси режимнің негізгі түрлері, типтері және принциптері
Мемлекет нысанының элементтері
Пәндер