АӨҚО инфрақұрылымы


АӨҚО инфрақұрылымы
Биржа
Қор нарығының инфрақұрылымын жетілдіру жөніндегі шаралар шеңберінде Қазақстан Республикасы Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығының қызметін реттеу агенттігі тарапынан биржа жұмысын жандандыруға мүмкіндік беретін Қазақстан қор биржасын коммерцияландыруға қатысты бірқатар шаралар жүргізілуде. Сонымен қатар қаржы нарығы заңнамалық базасын жетілдіру мақсатында нақты жұмыстар жасалды. Атап айтсақ, биржа листинг ережелеріне өзгертулер енгізілді. Ондағы негізгі жаңалық еркін айналымдағы акциялар мөлшері бойынша талаптардың қолданысқа енуі. Бұл акциялар нарығындағы еркін айналым мен отандық қор нарығының өтімділігін арттырады.
Мұнымен қоса АӨҚО реттеу мен бағалы қағаздар нарығы жөніндегі заңнамаға өзгертулер енгізілді:
1. Қор биржасының коммерциялық емес ұйым ретінде қызмет етуіне қатысты норма алып тасталынды.
2. Басқа қор биржаларында операциялар жүргізу бойынша АӨҚО қатысушыларының қызмет саласы кеңейтілді
3. Басқа кәсіби қатысушыларға АӨҚО АСА-да жұмыс жасауға мүмкіндік берілді.
Мұнымен қоса, 2008-2010 жылдардағы ең озық аймақтық қаржы нарығы ретінде биржаны дамытудың негізгі бағыттары бойынша бизнес-жоспар жасалынды. Басты шараларға мыналар жатады:
KASE мен АӨҚО АСА алаңдарының біріктірілуі
Биржада сауда өткізу барысында клиринг пен неттинг жүйесінің енгізілуі
Акциялармен сауда өткізу барысында Т+0 есептеу схемасынан Т+3 схемасына өту мүмкіндігін қарастыру.
Туынды құралдар енгізу арқылы қаржы құралдарының санын арттыру.
Биржаның айқындылығы мен ашықтығын арттыру
Белсенді маркетингтік жұмыстар
Осы және басқа да жұмыстар биржалық нарық өтімділігін арттырады және ондағы шетелдік инвесторлар жұмысы үшін қолалйлы жағдай туғызады.
Сауданы өткізудің жаңа автоматтандырылған жүйесін енгізу арқылы операциялық қызметті жетілдіру бойынша жұмыстар жүргізілуде. Сонымен қатар «Қазақтелеком» АҚ мен электрондық трейдинг өткізу үшін қалыпты интернет-платформалары жасап шығарылды.
Есептеу-тіркеу жүйесі
Қазақстанда мәмілелер бойынша есептеуді «Бағалы қағаздардың орталық депозитариі» АҚ жүзеге асырады. Тіркеу жүйесін жетілдіру мақсатында Агенттік тарапынан «Бағалы қағаздардың орталық депозитариі» АҚ қызметін автоматтандыру мен капитализация процесін алға қою жоспарланды. Бұл неттингтік және клирингтік операцияларды өткізу барысында транзакциялық шығындар мен операциялық тәуекелдерді азайтуға мүмкіндік береді. Қысқа мерзімді болашақта ұжымдық басқару кодексі дайындалып, бекітіледі. Және Thomas Murray компаниясы арқылы аудит жүргізіледі. Орталық депозитарийдің жұмысын халықаралық стандарттарға сәйкестендіру мақсатында, нетто-есепті ендіру мен сауда қатысушыларының тәуекелдігін басқару жүйесін құру жоспарланды. Сонымен қатар, клиринг жүйесін құру, капитализация деңгейін арттыру мен бәсекелестік тарифтерін қабылдау жөнінде шаралар жоспарлануда. Бағалы қағаздармен операциялар жөніндегі есептеу-тіркеу жүйесі қызметін жетілдіру мен дамыту мақсатында клирингтік палата құру қажет.
Тауар биржасы
Тиімді қызмет ететін тауар биржасы мемлекетке тауар нарығында баға белгіленуі үшін сенімді негіз бен механизм қамтамасыз етеді. Тауар биржалары сонымен қатар нарықтың тиімділігін, қаржы мүмкіндіктері мен айқындылығын арттыруға арналған.
Қазіргі кезде ҚР статистика жөніндегі агенттік мәліметтеріне сай, Қазақстанда 9 тауар биржасы жұмыс істейді. Олар Алматы, Астана, Павлодар, Ақтөбе, Шығыс Қазақстан, Жамбыл, Қарағанды, Қызылорда, Ақмола облыстарында орналасқан. Алайда қызмет етуші биржалық алаңдардың жұмысы бірікпеген және тар аймақтық сипатта. Жалпы тауар биржасы сатушы мен сатып алушы арасында ақпарттық делдал ретінде қызмет атқарады. 2009-2011 жж. Қазақстан Республкасы Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығының қызметін реттеу агенттігінің Стратегиялық жоспарын жүзеге асыру шеңберінде АӨҚО негізінде халықаралық стандарттарға сай тауар биржасын құру жоспарлануда. Жаңа тауар биржасы алғашқы сатыда Қазақстанда астық тауар биржасы жүйесін ұйымдастыруға арналады. Астық нарығы Қазақстан экономикасы үшін аса перспективалы. Қазақстан бүгінгі таңда дүниежүзі бойынша астық өндіруден алдыңғы қатарлардың бірінде. 2007 жылы өндіріс көлемі 20 млн тонна астықты құрады.
АӨҚО қызметінің бағыты:
-қазақстан қор нарығының дамуы
-жаңа қаржы құралдарын, атап айтсақ туынды бағалы қағаздарды ендіру және дамыту
-отандық және шетелдік нарық қатысушыларын тарту
-бағалы қағаздар нарығын мемлекеттік реттеуді жетілдіру
-Қазақстанның жағымды инвестициялық имиджін құру
АӨҚО негізінде тауар биржасын құру туынды қаржы құралдарын дамытуға мүмкіндік береді.
Орта мерзімдік перспективада тауар биржасының даму жағдайы жағымды болмақ. Бұл:
- нарық пен экономиканы мемлекеттік басқару қажеттілігі арасындағы қажетті балансты табу
- тауар сату механзмінің шарттарын, айқын баға белгіленуін құру
-мониторнг арқылы басты макроэкономикалық индикаторларды болжау
- басты ойыншылардың сауда қызметінің айқындылығын арттыру, монополистерді бақылау, салықтық басқаруды жетілдіру.
Осылайша, тауар биржасын құру жөніндегі міндеттерді орындау шеңберінде келесі шаралар жоспарланды:
2009 жылға дейін:
Қоймалар мен элеваторлар жүйесін құру, лабораториялар қызметін ұйымдастыру
Транспорттық-логистикалық және бағдарламалық-техникалық коешендерді құру
Ақпараттық-сараптамалық орталықтарды құру
2010 жылға дейін:
Аймақтарды сауда алаңдары мен брокерлік компаниялар филиалдарын құру
Есептік-клирингтік палаталар құру
Первые торги на специальной торговой площадке РФЦА (г. Алматы)
Жана қаржы құралдары
АӨҚО-да капитал нарығына арнап бағалы қағаздардың жаңа түрлерін шығару жөнінде шарттар жасалды. Бағалы қағаздардың жаңа түрлерін айналымға енгізу ұйымдасқан бағалы қағаздар нарығындағы тәуекелдікті диверсификациялануына мүмкіндік береді. Сонымен қатар нарық өтімділігін арттырып, жеке инвесторларды белсенді тартуға жол ашады.
2009-2011 жылдарға арналған Стратегиялық жоспарды жүзеге асыру шеңберінде Агенттік қаржы құралдарын ендіруге қатысты нақты жұмыстар жүргізуде. Осы бағытта Агенттік аталған жылдың маусым айында күшіне енген жаңа листинг ережелерін жасап шығарды. Жаңа листинг талаптарына сәйкес, айналымға жіберілген мемлекеттік емес бағалы қағаздар спектрі акциялар және борыштық бағалы қағаздар секілді екі негізгі топтарға бөлінді. Сонымен қатар ұсынылатын қаржы құралдарының қатары артты пайлық инвестициялық қорлар, индекстік қорлар, туынды бағалы қағаздар, борыштық бағалы қағаздар), отандық және шетелдік инвесторлар үшін инвестициялаудың аса кең мүмкіндіктері пайда болды. Бағалы қағаздардың жаңа түрлерінің айналымға жіберілмесі сонымен қатар инвесторларға бағалы қағаздар нарығындағы операцияларға қатысты тәуекелдерді хеджирлеуге, мүмкіндік береді.
Мәселен, Орталық-азия аймақтарында шетелдік инвесторларды тарту мен индекстік қорларды, деривативтер нарығын құру мақсатында құрамында орталық-азия аймақтарындағы компаниялардың акциялары бар Renaissance Capital Central Asia Equity Index (RENCASIA, www. centralasia. rencap. com) жаңа индексі енгізілді. Осыған байланысты, Ресейдің туынды бағалы қағаздар нарығы дүниежүзіндегі ең жылдам дамуышы нарық болып танылды.
Сонымен қатар, отандық қор нарығына жаңа қаржы құралдарын енгізу жөніндегі Агенттіктің өткізген шаралары нәтижесінде Қазақстанда алғаш рет жылжымалы мүліктің инвестициялық трасты енгізілді: ағымдағы жылдың маусым айында «АИФН „Великая стена“ АҚ 12 266 қарапайым акцияларын 1, 472 млрд. теңге сомасына орналастырды.
Сондай-ақ, ислам қаржыландыруын ендіру бойынша қажетті шарттар құру үшін Агенттік Қазақстан Республикасының әрекет етуші банктік заңнамасына, салық заңнамасына, және Азаматтық кодекстің жалпы нормаларына өзгерістр енгізу жөнінде ұсыныстар берді. Мұнымен қоса, биржалық сауданың тауарлар арқылы (астық, мақта, ет және т. б. ) белсенділігін арттыру мақсатында, АӨҚО базасында тауар биржасын ұйымдастыру жөнінде жұмыстар жүргізілуде: Агенттік астықтарға фьючерстер бойынша мәмілелер жүргізу, және бағалы металлдар нарығын жандандыру үшін биржалық алаңдарды құруға қатысты қызмет атқаруда.
Қазіргі уақытта секьюритизацияланған активтер, фьючерстер, инвесторлардың ауқымды көлемі үшін тиімді опциондар секілді жаңа қаржы құралдарын ендіру мен жасау жоспарлануда.
Инвесторлар мен эмитенттер
1. Инвесторлар:
Соңғы жылдардағы жағымды инвестициялық климат Қазақстанда ауқымды инвесторлық базаның құрылуына негіз салды. Олардың қатарына коммерциялық банктер, зейнетақы қорлары, сақтандыру ұйымдары, пайлық инвестициялық қорлар жатады.
2008 жылдың 1 қаңтарында коммерциялық банктердің жинақ активтері 11, 6 трлн. теңгені, зейнетақы қорларының активтері - 1, 2 трлн. теңгені, сақтандыру компаниялары - 0, 2 трлн. теңгені, пайлық инвестициялық қорлар активтері - 0, 19 трлн. теңгені құрады. 2007 жылы акциялар бойынша сату-сатып алу операцияларына қатысты жеке инвесторлар үлесі 31, 7 пайызды, ал ұжымдық облигациялар бойынша 13, 5 пайызды құрады. Мұнымен қоса, Қазақстан қор биржасында шетелдік инвесторлар өте көп: 2007 жылы шетелдік инвесторлардың ұжымдық бағалы қағаздармен сауда жиынтығы 11, 9 пайызды құрады. Агенттік қор нарығында Қазақстан Ресбуликасы тұрғындарының қаржы сауаттылығын арттыру мақсатында нарықты едәуір түсінікті әрі тиімді жасауға тырысуда.
Осыған байланысты Агенттік тарапынан студенттер, мемлекеттік қызметкерлер мен жергілікті атқарушы органдар, аймақтық және республикалық БАҚ өкілдеріне семинарлар өткізілуде.
Бұл «АӨҚО» АҚ тарапынан «Қазпошта» АҚ трансфер-агенттік желісі негізінде Ақпараттық-білім орталықтарын құру арқылы жүзеге асырылады. Халықты қор нарығы тақырыбына қажетті ақпараттармен қамтамасыз ету үшін жедел байланыс жүйесі қызмет атқарады.
2. Эмитенттер:
АӨҚО-да түрлі компаниялардың қор нарығына шығуына жағдай жасалған. Маркетингтік шаралар барысында Агенттік көптеген жаңа эмитенттерді тартуда. Әсіресе республика аймақтары мен шетел мемлекеттеріне аса ерекше назар аударылған.
Аймақтарда эмитенттерге арналған қор нарығы артықшылықтары, жаңа листингтік талаптар туралы семинарлар жиі өткізіледі.
Тиімді жұмыс нәтижесінде эмитенттердің сандық және сапалық құрамы артты. 2005 жылы эмитенттер саны 94-і құраса, 2007 жылы- 126-ға жетті. Эмитенттердің жалпы құрылымында «А классты» компаниялар үлесі артты. 2008 жылдың бірінші жарты жылдығы нәтижесінде KASE-де листингтен өткен эмитенттер саны 135-ті құрады.
2007 жылы қор нарығына мынадай ірі отандық компаниялар шықты: «Казахстанская дистрибуционная компания» АҚ, «Абди» АҚ, «САС» АҚ, «Эль-Дос» АҚ, «Логиком» АҚ, «Илийский картонно-бумажный комбинат» АҚ, «Аэропорт „Сары-Арка“ АҚ.
2007 жылы мемлекеттік компаниялар тарапынан жаңа эмитенттер пайда болды: «Қазақтелеком» АҚ мен «Фонд развития малого предпринимательства» АҚ. Бүгінгі таңда мемлекеттің қатысуы бар 17 компания қор нарығында жұмыс жасауда. Сонымен қатар ҚР Үкіметі тарапынан 2008 жылы мемлекеттік қатысуы бар 24 ұйымның листинг процедурасынан өтуі бекітілді.
АӨҚО-ң бәсекеге қабылеттілік артықшылықтары:
1. АӨҚО жобаларын мемлекеттің қолдауы
2. Жеңілдетілген листингтік талаптар
3. Үлкен инвесторлық база
4. Ұлттық рейтингтік қызметтер нарығының дамуы
5. Мамандандырылған қаржы соты
6. Ел экономикасының серпінді дамуы
Агенттік құрылымы
Басшылық:
Агенттік төрағасы
Агенттік төрағасының орынбасары
Агенттік төрағасының орынбасары
Аппарат басшысы
Баспасөз хатшысы
Агенттік құрылымы:
Тіркеу департаменті
Даму департаменті
Әкімшілік - қаржы департаменті
Заң басқармасы
Үйлестіру басқармасы - өкілдік (Астана қаласы)
Акцияларды сатып алу жолдары
Бағалы қағаздарды сатып алушы әрбір адам жалпы алғанда өз болашағын инвестициялайды. Бұл істі ол неғұрлым ерте бастаса, соғұрлым жақсы. Көбінесе кәрілік шақ зейнетақы жинақтарымен қамсыздандырылады. Дегенмен, артық қаражат болса, қандай-да бір зат немесе автокөлік алғаннан гөрі алдыңғы қатарлы қазақстандық компаниялар акциялары мен облигацияларын сатып алған жөн. Кез-келген зат уақыт өте келе жарамсыз халге түседі немесе үнемі жөндеуді қажет етеді. Ал қағаздар қымбаттап қана қоймай, сонымен қатар өз иесі мен оның отбасын байытады.
Бағалы қағаздар үлестік (акциялар) және борыштық (облигациялар) болып екі топқа бөлінеді.
Үлестік бағалы қағаздарнемесе акциялар акция ұстанушыларының компания мүлкіндегі үлесін анықтайды. Дивиденд алу құқығын береді.
Акциялар: артықшылықты және қарапайым болып екіге бөлінеді. Артықшылықты акциялар компания кірісінің бар-жоқтығына қарамастан, кепілдікті кіріс табу мен компанияның жойылуы барысында мүліктің белгілі бір бөлігін алу құқығын береді. Дегенмен ол компанияны басқаруға қатысу құқығын бермейді. Ал қарапайым акциялар компанияны басқару, мүлікті иемдену, акционерлердің жалпы отырысы оларды қарапайым акциялар бойынша төлеу қажет деп шешкен жағдайда дивиденд алу құқығын береді. Бұл жағдайда акцияларға инвестиция салу дивиденд алумен ғана емес, компанияны басқаруға қатысуымен де қызықты.
Алайда, егер тұлға акцияның тек 5 пайызын иемденсе, оның пікірі маңызды шешім қабылдау барысында аса қатты ескерілмейді. Акциялардың қызықтығы, дивидендтер мен купондардан басқа аталған құралдардың құны өзгерістерге бейім, яғни, кірісі қалыпты әрі өзгертілмейтін депозиттерге қарағанда бағалы қағаздар құны айналым уақыты ішінде үнемі өзгеріп отырады.
Бұған қоса, бағалы қағаздар ұстанушылары үшін қалыпты және қалыпсыз жағдайларға өзгереді. Алайда, депозитпен салыстырғанда бағалы қағаздар бағаның өсуі кезінде қосымша кіріс табуға мүмкіндік береді.
Бағалы қағаздар құны төмендеген жағдайда активтерді жоғалту тәуекелі туады. Кейбіреулер компания-эмитент міндетті түрде акционерлерден олардың акцияларын сатып алып, дивиденд төлеулері керек деп ойлайды. Бұл қате пікір.
Біріншіден, акциялар мерзімсіз уақытқа арналып шығарылады. Егер сіз компания бизнесінде акционер ретінде қатысқыңыз келмесе, акцияларды ашық нарықта сатып жібере аласыз. Алайда, акционерлік қоғам өз акционерлерінің акцияларын сатып алуы міндетті емес.
Екіншіден, акционерлердің жалпы отырысының шешімі бойынша дивидендтер төленбеуі мүмкін. Дивидендтер компания қызметінің шығынға ұшырауы кезінде де төленбейді.
Акцияларды қалай сатып алуға болады?
Акцияларды сатып алу келесі тәсілдер арқылы жүзеге асырылады.
Алғашқыда, клиент брокерге өтініш береді. Маман акцияларды сатып алу жолдарын егжей-тегжейлі түсіндіреді. Брокер өз атынан өтінішті биржаға өткізеді. Мәміле сомасына тең көлемдегі ақшалай қаражат клиенттің брокерлік шотынан алынады. Мәміле соңында сатып алынған қағаздар, бағалы қағаздарды сақтау мен тіркеуді жүргізіп, сатып алынған қағаздардың меншік құқығын клиентке қайта тіркеуді жүзеге асыратын депозитарий шотына аударылады.
Өтініштер қатарында бірдей баға бойынша түрлі бағыттағы екі немесе одан көп мәмілелер кездессе, немесе ең үздік сатып алу өтінішінің құны жоғары болса, не ең үздік сатылым өтінішінің құнына тең келсе биржадағы мәміле жылдам тіркеледі. Дегенмен, егер кросс кезіксе, мәміле жүйеде бірінші болып шыққан өтініштің құны бойынша тіркеледі.
... жалғасыОблигацияларды сатып алу жолдары
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz