Қазақ әдебиетіндегі әдеби портрет: ерекшелігі, маңызы, сипаттамасы


Пән: Әдебиет
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 4 бет
Таңдаулыға:   

ҚАЗАҚ ӘДЕБИЕТІНДЕГІ ӘДЕБИ ПОРТРЕТ: ЕРЕКШЕЛІГІ, МАҢЫЗЫ, СИПАТТАМАСЫ

Мұратхан ТҰРАРОВ,

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, Филология, әдебиеттану және әлем тілдері факультетінің магистранты

mura22@mail. ru

87011207022

Портрет - көркем шығармадағы кейіпкердің болмыс-бітімі, ұлттық бейнесі, шынайы мінез-құлқы. Әлем әдебиетіндегі портрет бірталай туындылардың кеңінен танылуына үлкен себепші болса, қазақ әдебиетіндегі әдеби портреттер де ұлттық бояуға қанық, шығарма кейіпкерінің негізгі бет-пердесі болып табылады. Аталған зерттеу мақаламызда бұрынғы және қазіргі қазақ әдебиетіндегі әдеби портреттерге салыстыра отырып талдау жасалынды.

Көркем шығарманың, әдеби туындының барлық табиғатын ашып беріп, сондағы кейіпкерлер жүйесін оқырманның көз алдына қолма-қол келтіріп, оның сыртқы бейнесінен, сонымен қатар психологиялық иірімдерінен, динамикалық сипатынан хабар беріп тұратын әдеби портрет ұғымының бүгінгі әдебиеттану ғылымында өз орны бар бітімі бөлек айрықша жүйе екендігін аңғарамыз. Әдеби портрет, ең алдымен, суреткердің ойынан, қиялдық бейнелеу шеберлігінен, реалистік дүниетанымынан сыр тартатын, зерттеушіге ең қажетті ақпараттарды беретін мәліметтер көзі. Сондықтан көркем шығармадағы әдеби портреттер бүгінгі таңда арнайы зерттеу нысанына айналып, оның ерекшеліктерін айқындауға шағын ғылыми мақалалардан бастап, көлемді монографиялар, диссертациялар жазылды. Бұл орайда, академик Р. Нұрғали «Әдебиет теориясы» атты оқу құралында «Әдеби бейне» атты мақаласын жариялады. Онда әдеби портреттің қалыптасуы туралы ойлар айтылған: «Көркем шығарманың сапасы, құны, негізгі қасиеті - бейнеленген обьектісімен, кейіпкерлер нобайымен оп-оңай айқындалмайды. Өнер құбылыстарды философиялық тұрғыдан терең бейнелеу үшін адам характеріне, мінезге зер салады. Әдеби ұғымдағы характер - адамның белгілі бір жайтқа өзінің қатысын білдіруі, басқаға қарағанда, даралық ерекшелігі, жанды, өміршең қалыптағы бөлек сипаты.

Характерді бейнелеу әдебиетте бірден пайда болған жоқ. Аристотель «Поэтикасында» көркем шығармаға қажетті ең шешуші шарт, бірінші шарт - сюжет деген. Расында, көне грек трагедияларындағы, «Одиссея», «Илиада» эпопеяларындағы негізгі тірек - оқиғалар жүйесі.

Осы пікірді түркі халықтарының эпостары жайлы да айтуға болады. «Алпамыс», «Ер Тарғын», «Қамбар» жырларында мінездік, характерлік даралықтан гөрі фабулалық айырмашылық мол». [1, 149] Сонымен қатар ғалымның жетекшілігімен Е. Аманшаев «Әдеби бейне жасаудың рухани және көркем арналары» атты кандидаттық диссертациясын қорғаса, профессор Б. Майтанов «Әдеби портрет» атты зерттеу монографиясын жарыққа шығарды. Орыс әдебиеттану ғылымында да бұл салада біршама ізденістер бар. В. С. Барахов «Литературный портрет» (истоки, поэтика, жанр) атты кітабында әдеби портреттің қалыптасу, жеке жанрға айналу жолдарын, оның қайнар көздерін қарастырған. Әрине, орыс әдебиеті үшін әдеби портреттің орны ерекше. Себебі орыс жазушылары мен ақындары Л. Толстой, Ф. Достоевский, А. Пушкин т. б. тұлғалар кейіпкерлердің әдеби бейнесін толығымен шынайы кемел қалпында берудің хас шеберлері. Осыған қарап, әдебиет теориясында әдеби портрет ұғымы берік орнығып, өзінің орнын айқындағандығын байқауға болады. Бірақ бір ескере кететін жайт бар. Әдеби портрет ұғымының аясы кең: оның көркем шығармадағы кейіпкерлердің, әдеби қаһарманның сырт бейнесі, көрік-келбетін білдірумен қатар, мемуарлық шығармалардағы сөз болып отырған кейіпкердің, нақты өмірде болған адамның сипатын беретін де қасиеті зерттеліп келеді. Мұнда қаламгер көбінесе әдеби портрет арқылы өзімен қоян-қолтық араласып жүрген, сыралғы серікке айналған адамның өзі таныған мінез болмысын, кейіп-көрінісін ақиқаттан ауытқымай қағаз бетіне түсіреді. Қазақ әдебиетіндегі С. Мұқановтың орыс, өзбек жазушылары мен қазақ қаламгерлеріне қатысты ой толғамдарына, Ғ. Мұстафиннің «Көз көргендеріне», Ғ. Қайырбековтің шығармаларына қатысты осыны айтуға болады. Зерттеуші В. С. Барахов өз монографиясында әдеби талдауды осы тұрғыдан баяндаған. «Қысқаша әдеби энциклопедияда» «әдеби портрет» ұғымына төмендегідей анықтама берілген: «Әдеби портрет - жазушы, суретші, көрнекті қоғам қайраткері туралы, яғни «қаһарманмен» сұхбат негізінде дүниеге келген деректі очерк немесе аталған кейіпкер туралы қысқаша мемуарлық очерк» [2, 895] . Бұл анықтамадан Барахов ескерткендей, «ол шығарманың айрықша көркемдік құрылымын анықтауға талпыныс жасамай, тек очерк ретінде қарастырған» ой шығады. «Ал біздің пайымдауымызда» дейді ғалым: «Әдеби портрет» адамның эстетикалық танымының айрықша тәсілін білдіреді және бұл танымның құзіретін сипаттайды» [3, 9] .

Қазақ әдебиеттану ғылымындағы «әдеби портретке» қатысты зерттеулерді саралайтын болсақ, олардың негізінен романдардағы, повестердегі, әңгімелердегі немесе т. б. көркем туындылардағы кейіпкерлерді талдау негізінде жүргізілгендігі көрінеді. Жоғарыда аталған ғалымдардың көзқарастары, тұжырымдары да осы байланыста тоғысады. Мәселен, Р. Нұрғали «Әдеби бейненің» ұлттық ерекшелігі туралы мақаласында былай деп пікірін айтады:

«Қазақтың той жасап жатқан ауылын көз алдыңызға келтіріңізші! Жылмиған, сақал-мұрттан жұрдай шалдар емес, сақалдары белуарына түскен шалдар, сері жігіттер. Қасиетті ана. Лев Толстойдың «Глаза Катюши черные, как мокрая смородина» деген сөйлемін еске түсірейік. Екі жазушының принципі ұқсас келіп отыр, оқушы қиялына оқыс әсер етті, арғысын өзі жалғастырады.

Портретке бірінші тән қасиет - ұлттық ерекшелік, ұлттық бояу. Олай болса, ешбір суреткер ешқашан да тілге, ұлттық бояуға зорлық жасай алмайды.

Біз мысалға келтірген жоғарыдағы қарт марал, шыбынсыз жаз, той қылып жатқан ауыл - дегендердің барлығы қазақ ұғымдары» [1, 147] . Ғалымның бұл пікірді М. Әуезовтің «Абай жолы» романына қатысты айтып отырғаны белгілі, ал роман тұп-тұтас ұлттық портреттердің бояуы қанық галереясын жасап берген. Мәселен, Құнанбайдың портретін алайық: «Әкесінің ат жақты келген, ұзын сопақ басының құлақтан жоғарғы жері қаз жұмыртқасындай көрінеді. Онсыз да ұзын, үлкен бетіне, ұп-ұзын боп, дөңгелей біткен сақалы қосылғанда, басы мен беті бір өңірдей. Сонда, Құнанбайдың жалғыз сау көзі, оның көтеріңкі жал-тұмсығының сол иығына шығып алып, қалғымай, сақшыдай бағып, осы өңірді қалт етпей күзетіп тұрған сияқтанады. Қоя берсін, салғырттығы жоқ, сергек қатал күзетші.

Жалғыз көз шүңет емес, томпақша. Тесіле, сыздана қарайды. Кірпігін де сирек қағады. Иығына бота ішігін жамылып, шалқия отырып сөйлеген Құнанбай осы үйде әркімге қарамайды. Қарсысына таман отырған Сүйіндікке ғана қадалып сөйлейді» [4, 21] . Осы портреттен Құнанбайдың бүкіл мінез болмысы, бітімі, ішкі күйі, жалпылама алғанда, келбет-көрінісі түгел танытылған. Әрі ол Құнанбайдың алдағы істерінен толық мағлұмат беріп, сыр тартады. Әлбетте, жазушы Құнанбайдың өзінің бейнесін көзімен көрген жоқ, оны ауылдағы информанттардан, ақсақалдардан естіді. Оған өзінің қиял күшін қосып дамытып, нәтижесінде айбынды, мысы басым, қаһарлы тұлғаның кесек бейнесін дүниеге әкелді. Бір ғажабы, осы портрет А. Левшин сипаттаған Құнанбай бейнесінен алшақ кетпейді. Осыған қарап, Р. Нұрғалидың төмендегі ойының шынайы әрі әділ берілгенін көреміз: «Бейне үшін дыбыс, сөз, сөз тіркесіндегі бейнелілік, әуезділік, бояу - аз. Білімділік, ділмарлық, көп көру - бұл да жеткіліксіз. Дүниеге шығарма әкелетін қуатты күш - көзі ашық дүниетанымға сүйенетін суреткер қиялы, қанатты фантазия.

Қып-қысқасы өмірлік шындық пен көркем шындықтың арасындағы көпір, оларды жалғастырушы буын, мағыналы арна - бейне.

Жеке бейнелерді талдағанда тұлғаны мазмұндау, мінездеу үстіне, бейненің өміртанытқыштық, эстетикалық-сигналдық функцияларын айрықша баса айту керек. Сұлулық, әсемдіктің әлеуметтік мұраттарымен тығыз байланыста екендігін көркем шығармаларды талдаған кезде анық түсінуге болады» [1, 147] .

Ғалым Б. Майтановтың сөзімен айтқанда, «М. Әуезов адамдар бітімін бедерлеуде антропометриялық ұстанымдар мен реципиент сферасындағы суггестиялық үдерістердің сабақтастығын сақтау нәтижесінде портрет технологиясына ғылыми сипат дарытты. «Абай жолындағы» топтық, даралық мүсіндеулерде этногенезис, онтология ерекшеліктері елеулі жүк көтерді. Жүк портреттерде генотип пен жаңа тұрпат нысандарының синтезіне, әлеуметтік-психологиялық дискурске лайықты мән беріледі. Даралық портреттердегі қиял мен онейрикалық кеңістік стихиясының өзгешеліктері, тарихи деректер, дәлдік параметрлері, ұлттық қасиеті мол троп, фигураны қолдану нәтижелері негізінен эпикалық баяндау үлгісіндегі этнопсихологизм қуатына айғақ» [5, 121], - делінген.

Қазіргі қазақ әдебиетінде де әдеби портретті берудің үрдістері барынша дамып, ұлттық сипаттағы айрықшалығын сақтап келеді. М. Мағауин, Ә. Тарази, Ж. Ахмади сынды қаламгерлеріміздің бүгінгі замандастарымыздың бейнесін сомдап көрсетудегі стильдік ізденістерін қоссақ, қазіргі қазақ прозасының қай буынының да бұл мәселеге айрықша зер сала бастағанын байқау қиын емес. Әр адамның өзін тануы, әлеуметтік болмыстағы өз орны мен өз еңбегінің тарихи миссиясын түсінуі - осы кезеңдегі көркем творчествоның басты тақырыбы, адам танытудағы жеңіске жетер бірден бір жемісті жолы болып табылды. Сондықтан, қазіргі қазақ әдебиетіндегі стильдік ізденістер жеке адам тағдырын, оның рухани өмірінің ең бір нәзік иірімдеріне жіті көз салатын психологиялық тереңдікке, жеке адамның тарихты дамытушы субъект ретінде қалыптасу мен ашылуына, оның портреті, еңбегі мен әрекеттеріне, моральдық құны мен бағытына баса көңіл бөліп барынша байыта жеткізуге ұмтылудан туған талаптар болып табылады. Өмірлік болмысты сан қырынан алып зерттей көрсетуге талпыну ойдың масштабтылығына, әлеуметтік, психологиялық талдаудың байыптылығына жағдай жасаумен бірге творчестводағы субъективті бастаманың белсенді көрінуіне, әр жазушының даралық сипатының танылуына, әр тақырып, әр проблеманың мейлінше терең, мейлінше нанымды ашылуына жанрлық дифференцацияға мол мүмкіндік туғызды.

М. Мағауиннің шығармаларында портреттің үздік үлгілері табылады. Мына үзіндіге назар аудару осыны көрсетеді:

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Көркем шығарма және кейіпкер тілі
Қазақ прозасы және ондағы табиғат жанрының заңдылықтары
Жыраулар поэзиясындағы портрет
Әдеби портрет ұғымы
Қазіргі қазақ көркем прозасындағы автор бейнесінің тілдік көрініс
Жүсіпбек Аймауытов шығармаларындағы психологизм
ӘДЕБИ ЖАНРЛАР АНЫҚТАМАСЫ
Көркем аударманың маңызы мен рөлі
Дандай Ысқақұлының әдеби сын тарихы
Элджернонға арналған гүл романындағы кейіпкер бейнесінің ерекшелігі
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz