Қазақстан Республикасындағы әлеуметтік проблемаларды реттеудегі мемлекет функциясының басты бағыттары


Жоспар
КІРІСПЕ
1 ЖАҺАНДАНУ КЕЗЕҢІНДЕГІ ӘЛЕУМЕТТІК ПРОБЛЕМАЛАР
1. 1 Қазіргі кездегі мемлекеттің мәні және әлеуметтік проблемалар
1. 2 Мемлекет функциялары теориясының өзекті мәселелері
1. 3 Демографиялық үрдістердің мемлекет функциясының объектісі ретіндегі теориялық аспектілері
2 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ ӘЛЕУМЕТТІК ПРОБЛЕМАЛАРДЫ РЕТТЕУДЕГІ МЕМЛЕКЕТ ФУНКЦИЯСЫНЫҢ БАСТЫ БАҒЫТТАРЫ
2. 1 Қазақстан Республикасындағы демографиялық үрдістердің қалыптасуы және оның құқықтық реттелуі
2. 2 Қазақстан Республикасындағы әлеуметтік проблемаларды шешудегі мемлекеттік органдар және олардың өкілеттіктері
ҚОРЫТЫНДЫ
ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
КІРІСПЕ
Курстық жұмыстың жалпы сипаттамасы. Курстық жұмыс әлеуметтік проблемаларды реттеу саласындағы мемлекеттің функциясын теориялық және тәжірибелік тұрғыдан зерттеуге арналған.
Әлеуметтік проблемаларды құқықтық тұрғыдан реттеу мен оны мемлекет функциясының дербес саласы ретінде айқындауға, осы бағытта Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдарының қызметтеріне талдау жасауға ұмтылыс жасалады.
Зерттеу тақырыбының өзектілігі. Экономикалық, әлеуметтік және саяси жағынан дамуы үшін, мемлекеттік қауіпсіздік мүдделердің қамтамасыз етілуі мақсатында мемлекеттің функциялары әрқашан өзгеріп отырады. Әсіресе, Қазақстан Республикасында жаһандану жағдайында орын алып отырған демографиялық проблемаларды құқықтық тұрғыдан реттеп, шешуін айтуға болады. Баршаға мәлім, Қазақстан Республикасы аумағы жағынан әлем мемлекеттерінің бірінші ондығы ішінде 9-ші орында, ал халқы саны жағынан әлемде 60-ші орында тұр. Республикамызда 2009 жылы 25 ақпан және 6 наурыз аралықтарында өткізілген Ұлттық халық санағының ағымдағы статистикасы бойынша Қазақстан халқы саны 16 млн. 304 мың 840 адамды құрап отыр [1] .
Елдің халқы-елдің басты байлығы. Халқы саны көп мемлекеттер әрқашанда өз қауіпсіздіктерін сақтауға тырысады. Сондықтан, Елбасымыз Қазақстанның тәуелсіздік алғанынан бастап-ақ мемлекеттік қауіпсіздік мәселесін бірінші орынға қойды. Ол Қазақстан Республикасы Президенті Н. Ә. Назарбаевтың «Қазақстан-2030» даму стратегиясында баяндалды. «Біздің алға қарай тұрақты жылжуымыздың басты шарты - біздің қоғамымыздың алға қойылған мақсаттарға қол жеткізудегі біртұтастығы, халықтың барлық жіктері мен топтарының ортақ міндеттерді шешуге бағытталган стратегия айналасында топтасуы. Біздің басты оң игіліктеріміздің ішінде - халқымыздың, немесе былайша айтқанда, адам ресурстарының сапасы тұр» [2] .
Тәуелсіз Қазақстанның тарихында 1992 жылы Алматы қаласында Қазақстан халықтарының бірінші Форумы шақырылды. Елбасымыз бұл форумның тұрақты негізде жұмыс істеу қажеттілігі туралы идея қозғап, Қазақстан халықтарының келісімі мен бірігуі Ассамблеясы жаңа қоғамдық институт құру туралы өз ойын білдірген болатын. Осы форумда Қазақстан Республикасы ҰҒА академигі, заң ғылымдарының докторы, профессор С. С. Сартаевта өз пікірін білдірді. Ол өз сөзінде «Бүкіл дүние жүзіне тарап кеткен осы қазақтардың басын жинап, бір Қазақ мемлекетіне қалайша біріктіруге болады? Менің ойымша, мұны құқықтық негізде жүзеге асыру керек [3, 524 б. ] . Қазақта «Бөтен елде сұлтан болғанша, өз елімде ұлтан болайын» деген мақал бар. Шет елдерде тұратын қазақтар өз отанын сағынады, ата мекенінің бір уыс қара топырағын ұстауды аңсайды» [3, 530 б. ] .
Зерттеу объектісі. Зерттеу жұмысының негізгі объектісін жаһандану барысында әлеуметтік проблемалардың қалыптасуы мен оларды шешу жолдары қарастырылады.
1 ЖАҺАНДАНУ КЕЗЕҢІНДЕГІ ӘЛЕУМЕТТІК ПРОБЛЕМАЛАР
1. 1 Қазіргі кездегі мемлекеттің мәні және әлеуметтік проблемалар
Әлеуметтік проблемалардың бірі жұмыссыздық.
Жұмыссыздық жеке адам және қоғам үшін көптеген әлеуметтік экономикалық мәселелерді өзімен алып келеді. Жеке адам үшін ол өндірістен кету деген сөз, қызметкер еңбек табысы көзінен айырылып, көтеріңкі психикалық жүк көтереді. Ал қоғам үшін ол жоғары салық шығынына ұшыратады, адам капиталы жойылады, қоғамның әлеуметтік жіктелуі күшейеді, жастарға байланысты мәселелер асқынады және т. б. бос уақыт пайдасы жұмыссызбен келетін кемшіліктерді басып кетуі шүбәлі болып келеді. Сонымен қатар бұл құбылыстың кемшіліктерін біржақты атай берген дұрыс емес. Нарықтық экономикаға жұмыссыздықтың табиғи деңгейі тән, жұмыс күшінің белгілі резерві әрқашан да болып тұрады. Табиғи жұмыссыздықтың болуы нарықта экономиканың нормальді қызметіне қажеттілігі бар деуге болады.
Жұмыссыздық мәселелері көптен бері зерттелуде, бірақ жұмыссыз қатарына кімді жатқызу керек, жұмыссыздық көрсеткіштері, жұмыссыздық деңгейіне әсер ететін факторлар және т. б. сұрақтар осы уакытқа дейін талқыланып жатыр. Қазақстан жағдайында бұл мәселелер шиеленісе түсті. Өйткені экономикалық дағдарыс және әлеуметтік еңбек қатынастары күрт өзгеруіне байланысты адам қылықтарына өзгешеліктер енді.
Жұмыссыздық туралы көптеген анықтамаларды жинақтап қорытсақ, оған келесідей анықтама беруге болады: жұмыссыз адам - ол қазіргі жалақы мен еңбек жағдайында жұмысы жоқ, бірақ жұмыс істей алатын және жұмыс іздеп жүрген адамдар. Ал жұмыссыздықты - экономикалық белсенді халықтықтың бір бөлігін жұмыссыздар құрайтын экономикадағы құбылыс деп білеміз. Халықаралық еңбек ұйымының анықтамасы бойынша жұмыссыз деп табсы әкелетін жұмысы жоқ, жұмыс істеуге дайын және соңғы төрт ай ішінде жұмысты әр жолмен іздеген адам танылады.
Кедейшілік - әлеуметтік-экономикалық құбылыс
1999 жылдың адам дамуы туралы ПРООН дүниежүзілік баяндамасында кедейшілікті классификациялауға сәйкес кедейшілікті табыс тұрғысынан, негізгі қажеттіліктер тұрғысынан, адам дамуы тұрғысынан түсінуге болады. 2003-2005 жылдардағы Қазақстан Републикасында кедейшілікті төмендету бойынша бағдарламада кедейшілік адам дамуының мүмкіндіктері тұрғысынан түсініледі.
Кедейшілік дегеніміз - әлеуметтік - экономикалық құбылыс, ол нақты халық топтары өмір сүруге құқықтарын жүзеге асырумен байланысты алғашқы физиологиялық қажеттіліктерін қанағаттандыруда қиындықтар көруі, конституциямен берілген құқық пен еркіндіктер шегінде қоғам өміріне толық қатысуға мүмкіндіктері жоқтығы.
Әрі қарай бағдарламада, кедейшілік мәселесіне экономикалық және әлеуметтік аспектілер, сондай-ақ басқару аспектісі кіретіндігі айтылған. Индикаторы осы аспектілердегі кедейшілік мәселесіндегі масштабын бағалауға мүмкіндік беретін көрсеткіштер бола алады.
Кедейшілікті табыс және халықтың мемлекеттік кепілдіктер берілген әлеуметтік қызметтерге қол жеткізу мүмкіндіктері бойынша өлшеу үшін бірқатар критерийлар мен индикаторлар бар.
Қазақстанда табыс бойынша негізгі критерий - ол өмір сүру минимумы және кедейшілік шегі.
Өмір сүру минимумы 1999 жылдың аяғында қабылданған 2000 жылдың басында іске қосылған. Өмір сүру минимумы туралы Заңына сәйкес бір адамға шаққандағы ең төменгі қажетті ақшалай абыс ретінде анықталған, ол көлемі бойынша ең төменгі тұтыну корзинасыныңқұнына тең. Бұл корзинаның құнының 70 % Қазақстан Республикасының ғылым және білім министрлігінің тамақ Институтымен бекітілген тұтыну корзинасының негізінде есептелген энергетикалық құндылығы 2137 ккал деңгейін қамтамасыз етуші тамақ өнімдерін құрайды. Тұтыну корзинасының қалған 30% құнын тамақтық емес тауарлар мен қызметтер құрайды.
Заңға сәйкес өмір сүру мимнимумы келесілерге арналған:
- өмір деңгейін бағалау және кедейшілік шегін анықтау;
- әлеуметтік саясат бағыттарын анықтау және халықты әлеуметтік қолдау бойынша шараларды жүзеге асыру;
- тағайындалатын ең төменгі еңбекақы, зейнетақы, пособие және басқа да әлеуметтік төлемдерді негіздеу;
Өмір сүру минимумындағы тамақ және тамақтық емес тауарларға тұтыну шығындарының нақты қатынасы 52, 3%/47, 7% құрады. Осылайша тұтыну корзинасында әл-ауқаты төмен адамдар бюджетінің шығынының бірқатар бөлігін құрайтын коммуналдық қызмет және транспорт шығындары толық көрсетілген.
Заңға сәйкес кедейшілік шегі әлеуметтік көмек көрсету үшін критерий болды. Ол Заңды республикада экономикалық мүмкіндіктерге қарай тағайындалған адамның ең төменгі дәрежедегі тұтынуын қанағаттандыру үшін қажетті табыс шегі ретінде анықталған.
2000-2001 жылдары кедейшілік шегі өмір сүру минимумының 38% деңгейінде тағайындалды, ал 2002-2003 жылы 40% болды.
Табыс бойынша кедейшілік индикаторы ретінде Фостер, Гриэр, Торбек ұсынған көрсеткіштер класы қолданылады:
- жанбасылық есеп коэффициенті немесе қабылданған шектен төмен табысы бар халық үлесі;
- кедейшілік тереңдігін өлшеуге мүмкіндік беретін кедейшілікті айыру индексі, яғни кедейлер табысының өмір сүру минимумына жетпеген мөлшері;
- ең кедейлер арасында табыс деңгейіндегі теңсіздікті бағалауға мүмкіндік беретін кедейшіліктің өткірлік индексі.
Бағдарламамен табыспен емес кедейшілікті бағалаудың негізгі критерийі анықталған - ол негізгі әлеуметтік игіліктер мен қызметтерге қол жеткізудің ең төменгі деңгейі.
- денсаулық сақтау сферасында - жан басына, медициналық ұйымдары жоқ тұрғылықты жерлер санына шаққандағы медициналық персонал және медициналық ұйымдар саны;
- білім беруде - бұл балаларды білім берумен қамту, мектептері жоқ тұрғылықты жерлер саны, сондай-ақ білім беру орындарында материалдық көмек көрсетілгендер;
- әлеуметтік көмек жүйесінде - халықтың әлеуметтік жанды топтарға көрсетілген көмек саны және қамтылуы;
Кедейлер үшін әлеуметтік инфрақұрылымға қол жеткізу индикаторы денсаулық, білім деңгейі, орташа өмірлік ұзақтық, әлеуметтік деградация (алкоголизм, нашақорлық, қылмыскерлік) көрсеткіштері, сондай-ақ халық миграциясы көрсеткіші болып табылады.
Бағдарламада индикатор кедейшіліктің аспектілерін толық көрсетпейтіндігі аталып көрсетілген. Осылайша кедейшіліктің коммуникациядан алыстауы табиғи және энергетикалық ресурстардың шектеулігі секілді факторларын ашуға көмектесетін нақты инфрақұрылымның қолжеткізу индикаторлары бар болды, бірақ қажетті шараларды жасау барысында толық қолданылмады.
Бағдарламаның мақсаьы мен міндеттеріне қолжеткізу Қазақстан Республикасы Үкіметінің оны жүзеге асырудағы тұрақты маниторингін жүргізу арқылы бақылауға алынады, ол орталық, сондай-ақ аймақтық деңгейде жүзеге асырылады.
Кедейшілікті азайту бойынша қабылданатын шаралар тиімділігін бағалау нәтижесі бойынша, қажет болған жағдайда оны жүзеге асыру шараларының Жоспары мен Бағдарламасына сәйкесінше түзетулер енгізіледі.
Статистиканың адам өмірінің сәйкес сфераларын қамтитын төрт ірі бөлімге бөлінетіндігін ескеріп, кедейшілік көрсеткіштерін төрт ірі топқа бөлуге болады:
- экономикалық;
- әлеуметтік;
- демографиялық;
- экологиялық;
Кез келген қоғамның саяси негізіне билік мәселесі жатады. Алғашқы қауымдық қоғамда қоғамдық билік болды.
Қоғамның негізгі мәселелері осы қоғамның ересек мүшелерінің жалпы жиналысы арқылы шешілді, ал ерекше дара қасиеттері мен тәжірибесіне байланысты халықпен сайланатын рубасылар, ақсақалдар кеңесі күнделікті мәселелерді шешті. Билік пен халық біртұтас болды.
Алғашқы қауымдық қоғамның экономикалық негізін - қоғамдық меншікке негізделген өндірістік қатынастар құрайды. Өндіргіш күштердің даму дәрежесінің өте төмендігінен жеке меншік болмады және адам өзін-өзі күн көрісіне қажетті азық-түлікпен, киім-кешекпен қамтамасыз ете алмады. Сондықтан адамдар бірігіп еңбек етті. Бұндай жағдайларда мүліктің теңсіздігінің өзгенің еңбегін эксплуатацияның болуы мүмкін емес еді.
Қоғамда белгілі бір дәрежеде тұрақты өндірістік қатынастарға қарағанда өндіргіш күштер әрдайым дамып отырады.
Өндіргіш күштердің дамуына үлкен әсер ететін факторға еңбектің қоғамдық бөлінісіне ерекше тоқтала кеткен жөн. Себебі мемлекеттің пайда болуы үш ірі қоғамдық еңбек бөлінісіне байланысты.
Біріншіден, - қоғамдық еңбек бөлінісі - бұл егіншіліктен мал шаруашылығының бөлінуі. Жануарларды қолға үйрету нәтижесінде, ал кейін оларды өсіру арқылы малшы тайпалар жабайылардың басқа тобынан бөлініп шықты.
Екіншіден, - қоғамдық еңбек бөлінісі - бұл егіншіліктен қол өнердің бөлінуі. Оның нәтижесінде адамның жұмыс күшінің құндылығы артты.
Үшіншіден, - ірі қоғамдық еңбек бөлінісі, саудагерлердің пайда болуымен байланысты. Өздері өндіріспен айналыспайтынына қарамастан тұтынушыларды өздеріне тәуелді еткен тап бірінші рет пайда болды.
Еңбек өнімділігінің артуының нәтижесінде, адамдар өздерінің қажеттіліктерін артық өнім, яғни қосымша өнім өндіре бастады. Рубасы, ақсақалдар кеңесі өзінің дәрежесін пайдаланып, қосымша өнімді иеленді. Нәтижесінде жеке меншік және топтар пайда болды.
Бұл факторлар алғашқы қауымдық қоғамның ыдырауына алып келді. Алғашқы қауымдық қоғамның ыдырауы барысында мемлекет қалыптасады.
Заң ғылымындағы ең бір өзекті мәселенің бірі болып мемлекеттік биліктің мәселелері, тұтастай мемлекеттің өзі табылады. Мемлекеттің мәніне қатысты түрлі көзқарастар, доктриналар, теориялар мен тұжырымдымалар бар екені белгілі. Олардың барлығына ортақ пікір: мемлекеттік дербестікке, егемендікке, тәуелсіздікке ие саяси институт, саяси ұйым болып табылады. Мемлекет қоғамның жетілуінің нәтижесі болып табылады.
Көне гректерде мемлекет ұғымы барлық азаматтардың ақыл-ойы және адамгершілік қажеттерін орнықтырып, қажетін өтейтін ұғым деп қабылданған.
Егер саяси пікірдің классиктерінің идеяларына жүгінер болсақ, онда саяси теорияның негізін қалаушы Аристотельдің көзқарастары үлкен қызығушылық тудырады. Аристотельдің пікірінше мемлекет - бұл адамдардың белгілі бір әдістермен өзара ықпалдасатын және араласатын көпшілігі болып табылады.
Аристотель мемлекетті өмірдің қажеттіктері үшін пайда болған ерекше түрдегі ұжымдық ретінде қабылдайды. Ол мемлекетке мынадай анықтама береді: « Күнделікті көретініміздей, қандай да болмасын, мемлекет - белгілі бір қарым-қатынас, белгілі бір игілік үшін (қандай әрекет болмасын бір игілікті көздейді ғой), әрбір қарым-қатынастардың ең маңызды әрі басқа қарым-қатынастардың бәрін де қамтитыны, ұмтылады. Осы қарым-қатынас мемлекет немесе саяси қарым-қатынас деп аталады» [4, 312 б. ] .
Аристотельдің мемлекеттің жалпы келбетіне, сипатына қатысты көзқарасы, оның барлық мүшелерінен құралатын мемлекеттің тұтастық, «одақтасушылық» қырын бөліп көрсетті. Оның ойынша «мемлекеттің бірлігі үнемі күшейе берсе, оның мемлекет болудан қалуы анық. Мемлекет өзінің табиғатынан белгілі бір көптік қой. Егер ол бірлікке ұмтыла берсе, мемлекеттен отбасы құрылып, ал отбасынан бір-ақ адам қалмай ма: отбасы мемлекетке қарағанда, ал бір адам отбасыға қарағанда мұнымен әркім-ақ келіседі, бірліктірек? Мемлекетке көптеген жеке адамдар ғана кірмейді, олар, оның үстіне, бір-бірінен (eidei) жағынан әр түрлі болады, мемлекетті құратын элементтер бірдей бола алмайды ғой. » [4, 335 б. ] деп көрсетті.
Аристотель мемлекеттегі билікті ақымақтықпен пайдалану фактілерін қарастырады, оның дұрыс және дұрыс емес нысандарын бөліп көрсетеді. Дұрыс емес деп саналатын, сорақы нысанның өзі - тирания нысаны - мемлекетті позитивтік социомәдени мағынасынан айырмайды. Аристотельдің осы пікірін жалғастырған Цицерон болды. Аристотельмен Цицеронның ойлар мемлекетті саяси ұйымдасқан және белсеңді халық бейнесінде көру ұғымында жақын болып келеді. «Мемлекет туралы» диалогында халық бір-бірімен «құқық мәселелерінде келісушіліктермен және мүдделерінің ортақтығымен» байланысқан адамдардың (азаматтардың) бірлесуі ретінде анықталған [5, 20 б. ] .
Цицеронның пікірі бойынша мемлекет дегеніміз адамдардың одағы, яғни ортақ құқық және ортақ пайда беретін, осы тұрғыдан біріккен одақ деп таниды.
Аристотель секілді Цицерон да мемлекетті анықтауды халықтың жетістігімен, игілігімен байланыстырады. Аристотель мен Цицеронның түсініктерінше мемлекет - көне игі жағдай. Тек сол ғана саяси қауымдастықтың мүшелеріне өзінің мүмкіндіктерін жүзеге асыруы мен дамытуын қамтамасыз етеді. Онсыз қауымдастық мүшелері ешбір жағдайда әрекет алмайды. Ол былай дейді: «Егер барлығына ақыл мен рух тұрғысынан қарасақ, барлық қоғамдық байланыстар ішінен біздің әрқайсысымыз үшін мемлекетпен байланысымыз ең бір маңызды, неғұрлым қымбат болып саналады. Бізге ата-анамыз, балаларымыз, туыстарымыз, достарымыз қымбат, алайда бір ғана отан барлық адамдардың бүкіл байланыстарын қамтиды. Цицерон адамзаттық тіршіліктің бірнеше сатыларын анықтайды, ең маңыздысы ретінде азаматтық қауымды есептейді. Оның «Міндеттер туралы» трактатында барлық азаматтарды бір тұтастыққа құрайтын азаматтық қауым мемлекет ретінде анықталады [6, 72 б. ] .
Қазіргі мемлекет - бұрыңғыға қарағанда біршама күрделі құбылыс болып табылады, бұрыңғы жалпы адамзаттық құндылықтар (мысалы, бостандық, теңдік) мен ХХІ ғасырдың жаңа құндылықтарына (мысалы, әлеуметтік, әділдік) сәйкес келетін демократиялық, зайырлы, құқықтық мемлекетті қалыптастыру жолында. Мысалы, Платон мен Аристотель мемлекеттің әрбір тағайыны болып «өнегелікті бекіту» [4, 389 б. ] табылады - деп есептейді. Кейінректе осы ойды қолдап, дамытқан Гегель болды. Мемлекеттің пайда болуының келісім-шарттық теориясын жақтаушылар, мемлекеттің тағайынын «жалпы бостандық» (Руссо) ; «жалпы қауіпсіздік» (Гоббс) ; «жалпы игіліктің болуы» (Гроций) - деп есептеді. Маркстік ілім мемлекетті қанаушы таптың қаналушы тапты езудің құралы деп түсіндірді [7, с. 149] .
Қазақстандық ғалым академик Ғ. С. Сапарғалиев заң ғылымы қоғамдық құбылыс ретінде мемлекетті бәрінен бұрын оның зайырлық сипаты тұрғысынан қарауы тиіс деп белгілейді. Ол ҚР мемлекетінің өз идеологиясының зайырлық сипатын қорғап қана қоймай, кез-келген нысандағы діни экстремизмге қарсы тұратынын да көрсетеді [ 8, 57 б. ] .
Ғ. С. Сапарғалиевтің ойынша мемлекет белгілі бір идея, теориялар мен тұжырымдамалардың негізінде өз қызметін жүзеге асыруды ұйымдастырады. Мұны жоққа шығару мүмкін емес. Тиісті автор мемлекеттік идеологияны қоғамдық ақиқатты байқататын, бағалайтын және оны белгілі бір әлеуметтік топтардың немесе бүкіл қоғамның мүддесінде қайта ұйымдастыру құралы қызметін атқаратын идеология түрінда анықтауды ұсынады [9, 244 б. ] .
Мемлекеттік сипаттау кезінде тіптен әртүрлі көзқарастар білдіріледі. Бір-біріне қайшы келетін екі түрлі көзқарасқа тоқталамыз: таптық немесе маркстік теорияға және үйлесімдік немесе қоғамдық игілік теориясына. Марксизм теориясына сәйкес мемлекет қоғамның антогонистік таптарға бөлінуінің жемісі, байлардың (қанаушы таптың) үстемдік етуінің құралы болып табылады. Екінші тұжырымдама мемлекеттің ортақ мақсаттарды - «ортақ игіліктерге» қол жеткізуді, мемлекет пен халықтың, ұлттың, әлеуметтік топтардың, адамның өзара қатынасын реттеуді, белгілеуді көздейтінін білдіреді. Академик Ғ. С. Сапарғалиевтің пікірі бойынша мемлекетке тарихи тұрғыда қарайтын болсақ, аталған тұжырымдамалар бірін-бірі жоққа шығармайды [9, 155 б. ] .
Қазіргі мемлекет көпқырлы болғандықтан оның түсінігін, рөлі мен әлеуметтік проблемаларн талдау қажет. Белгілі ғалымдардың ой- пікірлеріне назар аударайық
ҚР ҰҒА академигі М. Т. Баймаханов мемлекет және құқық теориясының кейбір әдістемелік мәселелерін қайта қарау қажеттігін ой елегінен өткізе отырып, былай дейді: Мемлекет және құқықтың отандық теориясы ғылыми білімнің мазмұны мен құрылымын түбегейлі қайта қараудың, ары қарай даму бағытын таңдаудың алдында тұр. Бүгінде ол жаңа стратегия мен тактиканы белсенді түрде іздеу мен өңдеу, терең толғану кезеңінде тұр. Бұрыңғы кейбір жеке постулаттар ғылыми шығармашылықты тежейтін жарамсыз көзқарастар ретінде мәнін жойса, келесі бірі оң тұстарын сақтай отырып толығымен немесе ішінара қайта ойластырылуда. Осының негізінде ғылым ретінде мемлекет және құқық теориясының мемлекеттік-құқықтық құрылыс тәжірибесіне жақын болатын, оған тиімді әсер ете алатын, толық шамада өзінің шығармашылық потенциалын аша алатын жаңа қырлары қалыптасады. Осындай мақсаттарға жету оның әдістемелік реттелуінің сенімді жағдайы тұсында ғана мүмкін болады [10, 127 б. ] .
Қазақстандық ғалым С. Н. Сәбікеновтың ойынша «мемлекет - қоғамдағы бірден- бір әмбебап ұйым, ол әкімшілік-аумақтық бөліністерге (дүниедегі аздаған ұсақ мемлекеттерде ғана мұндай бөліністер жоқ) сәйкес елдің барлық халқын қамтиды» [11, 22 б. ] деп көрсете отырып, «саяси төрешілдік қызметі жүзеге асыру - ұйым ретіндегі мемлекеттің ең маңызды қасиеті», «қоғамда әлеуметтік төреші болу - мемлекеттің ең маңызды міндеті» деп белгілейді [11, 23б. ] . Ол өз ойын тұжырымдай келе, мемлекетке мынадай анықтама береді: «Қазіргі мемлекет - қоғамдағы әмбебап саяси ұйым, әлеуметтік кереғарлыққа сүйенген және «ортақ істерді» орындау қажеттігінен туған ұйым» [11, 28 б. ] .
Қазақстандық ғалымдар С. Өзбекұлы мен Ө. Қопабаевтың ойларынша «мемлекет дегеніміз арнайы бір аумақтық кеңістіктегі таптық қоғамда билік жүргізетін, басқаруды іс-жүзіне асыратын, арнайы адамдардың құқықтық негізде ұйымдасқан саяси жүйесі» [12, 17 б. ] .
Қазақстандық ғалым Т. Ағдарбековтың пікіріне сүйенсек: «мемлекет - тәуелсіз биліктің саяси ұйымы, өзінің пайдалы қызметтері арқылы қоғамның алдында тұрған шешуші мәселелерді іске асырады. Мемлекет - саяси биліктің ұйымы, нақтылы мүдделерді (таптық, жалпыадамдық, діни, ұлттық т. с. с. ) айрықша іске асыруға белгілі аумақ көлемінде ықпал етуші» [13, 47 б. ] .
Ресейлік ғалым П. Л. Белковтың көзқарасы бойынша мемлекет көпқұрылымды, көпфункционалды, ал ол өз кезегінде оның түсінігінің кең көлемін ұсыну үшін негіз береді. Ең құрымаса оның азымаз шамасын түзіп беру мүмкін емес. Скептиктер «ғылымда, ең құрымаса операционалдық деңгейде де мемлекеттік анықтамасы болмайтындығын» дәлелдейді [14, 175 б. ] .
Қазіргі мемлекеттің мәні мен әлеуметтік проблемаларбүгінгі күні өзекті болып табылады. Мемлекет әрқашанда тарихи түрде дамып отырады, оның функциялары да өзгеріске ұшырап жатады. Қазіргі мемлекетті түсіну үшін ХVI-XVIII ғасырларда Батыс еуропада пайда болған саяси көзқарастарға тоқталайық. Нақ осы кезеңде мемлекеттілікті әртүрлі түсінудің бастамасы қаланды.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz