Архивтеу программалары. файлдарды архивтеудің қажеттілігі


ЖОСПАР

1. Архивтеу программалары

1. 1 Файлдарды архивтеудің қажеттілігі

1. 2 ARJ архиваторы программасын пайдалану

1. 3 WINZIP архиваторы

1. 4. WinRAR архивтік программасын пайдалану

1. 5. Файлдарды архивке енгізу

Әдебиеттер

1. Архивтеу программалары

1. 1 Файлдарды архивтеудің қажеттілігі

Дербес компьютерді пайдалану кезінде әртүрлі себептермен магниттік дискідегі (МД) информацияны жоғалтып немесе бүлдіріп алуымыз мүмкін.

Осындай жағдайларда шығатын шығындарды азайту үшін файлдардың архивтік көшірмесін алып, оларды түрақты түрде жаңалап отыру керек.

Архиватор дегеніміз дискідегі орынды үнемдеу үшін файлдың көлемін кішірейтіп сақтауға мүмкіндік беретін программалар. Сондықтан архив жасауға мүмкіндік беретін программалардың жалпы кызметі - файлда қайталанып тұратын фрагменттер орнына қысқаша басқа информацияны жазып, кейін оларды өз реттіліктерін сақтай отырып алғашқы қалыпқа келтіретін мүмкіндік болуы тиіс. Архиватордың әртүрлі информациялар үшін тиімділігі әртүрлі болады, мысалы; текстік файлдарды екі есеге жуық, ал бояуларының қоюлығы онша емес сұр түсті суреттерді (РСХ немесе ВМР тәрізді форматтағы) бұларды екі-төрт тіпті он есеге дейін тығыздап қысуға болады.

Архиваторлар файл көлемін 10-70%-ке дейін азайтуға мүмкіндік бсреді. Әдетте 20 Мб дискіні көшіру (СОРҮ командасы арқылы) 60-қа дсйін дискет (көлемі 360 кб-тай) қажет етсді, ал архиватор көмегімен бұл көлемді 2 есе қысқартуға болады.

Архивтеу программалары тегін (SНАРЕWАRЕ) немесе делдалдық әдіспен таратылады. Олардың ішінде кең таратылған архиваторлар тобына ARJ, RAR, РКZІР жонс РКUNZIР тәрізді программалар жатады.

1. 2 ARJ архиваторы программасын пайдалану

ARJ программасының жүмыс режимдері: ARJ программасын орындай алатын бірнеше функциялары бар. Қажетті функцияны таңдау программаны шақыру кезіндегі командалық жолда белгілі бір латын әрпін көрсету арқылы орындалады.

АRJ программа функциясын көрсету команда коды бір әріптен тұрады, ол бірден программа атынан кейін көрсетіледі, ол программа орындауы тиіс жұмыс түрін анықтайды. Мысалы: А (add) - архивке файл енгізу, Т(test) - архивті тексті арқылы тексеру, Е(ехtrасt) - файлды архивтен шығарып бастапқы қалыпқа келтіру, E(delete) - архивтегі файлды жою және т. с. с.

Архиватор программаларының негізгі түрлері - архивтік файл құру үшін арнайы архиватор программалары бар. Олардың көбі орындайтын міндеттері бойынша негізінде онша ерекшеленбейді, кейбір программалар жылдам жұмыс істейді, басқалары файлдарды қысудың жақсы дәрежесін қамтамасыз етеді, әдетте қолданушы өзіне ыңғайлы архиваторларды қолданады.

Кең тараған программалардың ішінен АRJ, RAR, РRZIP, РАК, WINZIP, ZОО, ЕХРАND атауға болады.

Соңғы уақыттарда қолданушыларда АRJ, RАR және ерекше WINZIP архиваторлары кеңінен танылуда.

АRJ архиваторы жұмыс істеудің жоғарғы жылдамдығын және информацияны қысудың жоғарғы дәрежесін қамтамасыз етеді. RAR архиватор АRJ-ге қарағанда өте ыңғайлы интерфейске ие WINZIP архиваторы Windows-қа кұрастырылған және ол да тезірек интерфейсті қолданады.

Файлдарды архивке орналастыру. Файлдерді архивке орналастыру үшін мынадай команда форматы пайдаланады:

АRI <команда> < режимдср> <архив-аты> . . .

Команда параметрлері:

команда - АRJ командасы үшін орындалатын жұмыс түрін көрсететін бір әріптен тұратын команда аты, мысалы, А- архивке файл қосу, М- файлдарды архивке жіберу т. с. с. ;

режимдер - "-" немесе "/" таңбаларынан басталатын режим атаулары, олар команда атқаратын жұмысты анықтайды;

архив-аты - өңделуге тиіс архивтік файлдың аты, бір сөзден тұрады. Егер мұндай атты архив болмаса, онда осы жұмыс барысында ол пайда болады. Бұл файлдың типі көрсетілмесе, ол АRJ болып саналады.

Файлдарды қысу деңгейін көрсету. АRJ профаммасы жылдам жұмыс істеп, файлдарды ең жоғарғы деңгейге қысады. АRJ программасының бұл режимі - JМ әріптерімен беріледі.

Архивтік файлдарды өңдеу режимдері:

АRJ программасында файлдарды архивтеудің үш негізгі режим бар, олар:

1. Add- архивке барлық файлдарды енгізу (А командасы) ;

  1. Update- архивке тек жаңа файлдарды енгізу

(U командасы) ;

3. Freshen- архивке тек бұрынғы қысылған нұсқасынан

өзгертілген файлдардың жаңа версияларын енгізу

(F командасы) .

Мысалдар:

АRJ а student - STUDENT. АRJ архивтік файлына осы ағымдағы каталогтың барлық файлдарын енгізу;

ARJ u а:\student - А:\ STUDENT. АRJ архивтік файлды бұрын архивке енгізілгенмен, одан кейін өзгертілген файлдардың жаңа нұсқасын енгізу арқылы жаңарту.

АRJ f а:\student b:\*. * - А: дискісіндегі student. аrj архивтік файлына В: дискісінің түпкі катологынан тек бүрынғы варианттары өзгертілген файлдар ғана енгізіледі.

Файлдарды архивке енгізу. Файлды архивке ауыстыру үшін АRJ программасының келесі-D режимі (А, U, F командаларымен бірге көрсетіледі) немесе М командасы жеке режимсіз қолданылады. Айта кететін жайт, D-А командасының режимі болып табылады, ол архивке енгізілген файлдарды жоя отырып, файлдарды тек архив ішінде ғана сақтайды. Сонымен, мына екі команданың орындайтын қызметі бірдей:

Arj m student немесе arj a-d student

Мысалдар:

АRJ а -d туагс NҮАRС, АRJ архивіне осы катологтағы барлық файлдарды енгізу;

АRJ m агһіv *. tхt -толық аты tхt болып келген барлык, файлдарды агһіv. аrj архивтік файлына ауыстыру.

Файлдарды архивтен шығару. АRJ программасы архивтен файлдарды өзі шығара алады. АRJ программасының файлдарды шақыру форматы:

ARJE <режимдер> <архив-аты> [<каталог>\] [ <файл-аттары>] . . . Команда параметрлері алдыңғы көрсетілген сияқты, мүнда тек команда Е әрпінен түрады, мысалы:

АRJ Е STUDENT - student. аrj архивінен барлық файлдарды шығарып бұрыңғы қалпына келтіру.

Мазмұн шығару форматы. АRJ программасы архив мазмұны туралы информацияны мынадай түрде береді:

Processing аrсһіvе: НЕІР. АRJ

Агсһіvе date : 1997-04-06 11:23:08

Filename Оriginal Соmpressed Ratio DateTime modified CRC-32 DIRINFO 54 54 1. 000 91-0122 16:46:06 8АА099В4

DOS. H! 228252 115218 0. 505 91-01-16 16:18:48 676В9463

DOS50. Н! 346901 181720 0. 524 91-06-11 00:00:00 ЕС660077

ТЕСН. Н! 465408 214717 0. 461 91-01-16 16:23:50 455АЗҒАЗ

5 fles 1075496 528504 0. 491

Бұл кестенің бағаналарында мынадай информация бар:

Ғіlеnаmе - файл аты;

Огіgіnа1 - файлдың бастапқы көлемі;

Соmpressed - файлдың қысылғаннан кейінгі көлемі;

Ratio - файлдың архивтегі көлемінің оның бастапқы көлеміне қатынасы;

DateTime - архивке енгізілген файлдың ең соңғы өзгертілген не жазылған мерзімі мен уақыты;

СRС-32 - файлдың циклдік бақылауы коды.

Мысалдар:

АRJ L * *. txt - үстіміздегі каталогтағы типі аrj болып келетін барлық архивтік файлдар ішіндегі текстік (типі txt) файлдар туралы меліметтер шығарады.

Архивтегі файлдарды жою. Архивтегі файлдарды өшіру мынадай командамен орындалады:

АRJ D <архив-аты> [<файл аттары>/. .

D- файлды архивтен жою командасы.

Мұнда архив-аты құрамынан файл жойылатын архивті керсетеді. Егер архивтен толық файл аты көрсетілмесе, ол . аrj болып саналады.

Файл-аттары - көрсетілген файлдар архивтен жойылады. Файлдар тобын жою үшін нұсқалық таңбаларды ("*"және "?") пайдалануға рұқсат етілген.

1. 3 WINZIP архиваторы

WINZIP архиваторы WINDOWS-қа жасалған немесе сол терезелік интерфейсті қолданады.

Осы барлық архиваторлар архивацияның негізгі функцияларын орындайды:

1. жаңа архивтерді жасау;

2. архивтен файлдарды шығару;

3. архивке файлдарды енгізу;

4. өзі ашылатын архивтерді жасау ;

5. зақымдалған архивтерді толық немесе біртіндеп қалыптастыру,

6. архивтерді қараудан немесе бөтен адамдардың өзгеріс жасауынан сақтау

Осы функциялардың кейбіреуін WINZIP архиватор мысалында қарастырамыз. Басқа қолданушыға берілу үшін жасалған архивті файл сонда ашылатын болу керек. Сондықтанда өзі ашылатын архивтерді жасаған жақсы.

Өзі ашылатын архивті файл-бұл архивация программасы қосылған кәдімгі архив. Архивтің өзі ЕХЕ таралуына ие қолданушы архивті программа ретінде қолданады.

1. 4. WinRAR архивтік программасын пайдалану

Архивтеу жұмысын бұл күндері кең тараған WinRAR архивтеу программасы арқылы қарастырайық. WinRAR -алдыңғы катарлы архивтеуге және оларды басқаруға арналған Windows-тың RAR архиваторының 32-разрядты нұсқасы. Әр түрлі операциялық жүйелерге арналған біреше RAR нұсқасы бар, мысалы, DOS, OS/2, Windows (32-разрядты), UNIX (linux, BSD, SCO, Spare, HP-UX) және BeOS.

Windows-қа арналған RAR-дың екі нұсқасы бар:

- WinRAR. exe - графикалық интерфейсті қолдану (GUI) нұсқасы;

Rar. exe - мәтіндік режимде қатарлар арқылы командаларды пайдалану тәсіліне арналған нұсқасы.

WinRAR-дың мүмкіндіктері:

RAR және ZIP архиваторларын сүйемелдеу жұмыстарын аткару;

- мәліметтерді кысудың өте тиімді алгоритмін пайдалану;

- арнайы мультимедиалық-қысу алгоритмін қолдану;

алып бару-және-қойып кету (drag & drop) технологиясының қоршауын пайдалану;

- басқа форматтағы (CAB, ARJ, LZH, TAR, GZ, ACE, UUE) архивтерді басқару;

- бірнеше ұқсас файлдарды қысуда, карапайым әдістерге карағанда қысу деңгейі 10-50%-ке көбейетін үзіліссіз архивтерді сүйемелдсу;

- бірнеше томдық архивтерді жасау;

- стандартты және қосымша SFX модульдер көмегімен өздігінен қысылатын қарапайым және бірнеше томды архивтер жасау;

- физикалық түрде бүлінген архивтерді қалпына келтіру;

- басқа да қосымша функциялар, мысалы, шифрлау, архивтік түсініктемелер қосу (ANSI жүйесінің ESC-тізбегін сүйемелдеу), қателер хаттамасын жүргізу және т. б. WinRAR-ды скі түрде қолдануымызға болады: Windows стандартты интерфейстің графикалык коршауы режимінде және командалар қатарында. WinRAR-ды қоршау режиміндс колдану үшін, WinRAR белгішесіне тышқанмен екі рет шертіңіз. Бұдан соң файлдарды архивтеуге және оларды шығаруға батырмалар мен менюді пайдаланамыз. WinRAR-ды командалық қатарда қолдану үшін "Іске косу" менюінен "Орындау . . . " жолын немесс “Программалар\ MS-DOS Сеансы" деген жолды таңдап, керек команданы енгізуіміз қажет. Файлдарды архивтеу және шығару командасының қарапайым мысалдары төменде көрсетілген. Егср WinRAR-ды параметрсіз командалық катардан іске қосатын болсақ, онда екпінді күйде болатындығына көңіл аударыңыздар. WinRAR-ды орнатқан кезде "WinRAR-ды программалык коршау ішіне енгізу" опциясын іске қоспаған болсаңыз, онда файлдарды архивтеу және шығарып алуды тікелей Windows ортасында (Сілтемеден немесс Жұмыс столынан) жасай аласыз.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Архивтеу программалары туралы
Архивтік файл
Информатиктерге архивтеу туралы аздаған жаңалықтар
Архиватор жайлы түсінік
Архивтеу бағдарламалары
Архивтеу программасының ерекшеліктері
Файлды архивтеудің қажеттілігі
Архивтеу программалары. Файлдарды архивтен шығару
Файлдарды архивтеудің қажеттілігі
Файлды архивтеу
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz