«Қайта құру» кезеңіндегі Республиканың қоғамдық – саяси өміріндегі өзгерістер. 1986 жылғы желтоқсан оқиғасы



1. « Қайта құру» кезеңіндегі республиканың қоғамдық . саяси өміріндегі өзгерістер. 1986 жылғы желтоқсан оқиғасы.
2. Қазақстанда демократиялық қатынастардың белең алуы. Саяси партиялармен қоғамдық бірлестіктердің құрылуы.
3. Жаңа жағыдайдағы республиканың экономикалық ахуалы.
4. Қазақстанның әлеуметтік және мәдени дамуындағы қиындықтар.
5. КОКП Орталық комитетінің сәуір(1985 ж.) пленумы. Жеделдету бағыты.
1985 жылғы сәуір айында Кеңестер Одағы Коммунистік партиясы Орталық Комитетінің пленумы болды. Онда Орталық партия Коммитетінің Бас хатшысы М. С. Горбачев баяндама жасап, қоғамды демократикалық бағытта қайта құру жөнінде шешім қабылданды. Бірақ бұл шешім тек сөз жүзінде қалды. Іс жүзінде ол кеңес қоғамын ыдыратуды тездетті. Оны Қазақстанның партия, Кеңес органдары қызыметінен байқауға болады.
Қазақстанда Одақтың барлық жерлеріндегі сияқты тоқырау жылдарында басқару ісінде жағымпаздық,, парақорлық, рушылдық, , жершілдік сияқты көптеген келеңсіз құбылыстар кеңінен орын алды.Бұл жылдары ұлт саясатында, әлеуметтік-экономикалық және
мәселелерінде көптеген ауытқушылыққа жол берілді. Жалпы барлық кеңес қоғамы үшін бұл кезде қоғамдық ойдың мәні өзгеріп, сөз бен істің арасында алшақтық, қайшылық кең өріс алды. Кадр мәселелерін шешу партия комитеттерінің тек бірінші басшыларының айтуымен, солардың таңдауымен жүретін болды .Оларды іріктеуде тек туыстық, жерлестік, бастыққа берілгендік жағыдайлар маңызды рөл атқарды. Бұл Коммунистік партияның, соның ішінде Қазақстан Компартиясының да барлық деңгейінде көрініс тапты. Көптеген басшы партия қызыметкерлері мен партия комитеттері ескіше қызымет етті. Қазақстан Компартиясының Орталық Комитеті құрамында сапалық өзгерістер аз болды. Осыдан келіп, аса маңызды мәселелерді шешуде принципсіздік,
тұрақсыздық , қоғамдағы жағымсыз жағыдайларды жасыруға , аздаған жақсы істерді ерекше мадақтап , жоғары көтеруге , болып жатқан істердің барлығын тек жақсы жағынан көрсетуге тырысты. Осымен байланысты 1986 жылғы ақпан айында болып өткен Қазақстан Компартиясы 16 съезінде жасаған баяндамасында , ол кезде республика Министірлер Кеңесінің төрағасы болып істеген Н. Ә. Назарбаев және съезде шығып сөйлеген басқа да делегаттар мұндай келеңсіз жағыдайларды өткір сынға алды.Олар көптеген күрделі және маңызды мәселелерді партия комитеттерінің уақтылы шешпейтінін, олардың қызыметі ауқымынан тыс қалатынын, проблемалық мәселелерді шешуге ескіше қараудың кеңінен орын алып отырғанын ешқандай бүкпесіз айтып берді.

Пән: Саясаттану
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 20 бет
Таңдаулыға:   
Қайта құру кезеңіндегі республиканың қоғамдық – саяси
өміріндегі өзгерістер. 1986 жылғы желтоқсан оқиғасы.

1985 жылғы сәуір айында Кеңестер Одағы Коммунистік партиясы Орталық
Комитетінің пленумы болды. Онда Орталық партия Коммитетінің Бас хатшысы
М. С. Горбачев баяндама жасап, қоғамды демократикалық бағытта қайта құру
жөнінде шешім қабылданды. Бірақ бұл шешім тек сөз жүзінде қалды. Іс
жүзінде ол кеңес қоғамын ыдыратуды тездетті. Оны Қазақстанның партия, Кеңес
органдары қызыметінен байқауға болады.
Қазақстанда Одақтың барлық жерлеріндегі сияқты тоқырау жылдарында басқару
ісінде жағымпаздық,, парақорлық, рушылдық, , жершілдік сияқты көптеген
келеңсіз құбылыстар кеңінен орын алды.Бұл жылдары ұлт саясатында,
әлеуметтік-экономикалық және
мәселелерінде көптеген ауытқушылыққа жол берілді. Жалпы барлық кеңес қоғамы
үшін бұл кезде қоғамдық ойдың мәні өзгеріп, сөз бен істің арасында
алшақтық, қайшылық кең өріс алды. Кадр мәселелерін шешу партия
комитеттерінің тек бірінші басшыларының айтуымен, солардың таңдауымен
жүретін болды .Оларды іріктеуде тек туыстық, жерлестік, бастыққа
берілгендік жағыдайлар маңызды рөл атқарды. Бұл Коммунистік партияның,
соның ішінде Қазақстан Компартиясының да барлық деңгейінде көрініс тапты.
Көптеген басшы партия қызыметкерлері мен партия комитеттері ескіше қызымет
етті. Қазақстан Компартиясының Орталық Комитеті құрамында сапалық
өзгерістер аз болды. Осыдан келіп, аса маңызды мәселелерді шешуде
принципсіздік,
тұрақсыздық , қоғамдағы жағымсыз жағыдайларды жасыруға , аздаған жақсы
істерді ерекше мадақтап , жоғары көтеруге , болып жатқан істердің барлығын
тек жақсы жағынан көрсетуге тырысты. Осымен байланысты 1986 жылғы ақпан
айында болып өткен Қазақстан Компартиясы 16 съезінде жасаған баяндамасында
, ол кезде республика Министірлер Кеңесінің төрағасы болып істеген Н. Ә.
Назарбаев және съезде шығып сөйлеген басқа да делегаттар мұндай келеңсіз
жағыдайларды өткір сынға алды.Олар көптеген күрделі және маңызды
мәселелерді партия комитеттерінің уақтылы шешпейтінін, олардың қызыметі
ауқымынан тыс қалатынын, проблемалық мәселелерді шешуге ескіше қараудың
кеңінен орын алып отырғанын ешқандай бүкпесіз айтып берді.
Қазақстанның жоғарғы органдарына орталықтан басшы кадрлар жіберуге кеңінен
орын алды.Оларды қызыметке жібергенде жергілікті пікірі, республиканың
тарихи жағдайы, оның салт-дәстүрі есепке алынбады. Мұндай жағыдай 1986
жылғы 16 желтоқсаннн күні Қазақстан Компартиясы Орталық Комитетінің бірінші
хатшысы Д.А.Қонаевты орнынан алған кезде айрықша көзге түсті. Пленум
мәжілісі небары 18 минутқа созылды.Осы уақыт ішінде Қазақстан
Компартиясының бірінші хатшысы Д.А.Қонаев қызыметінен алынып, оның орнына
Мәскеу жіберген Г. В. Колбин сайланды.
Мұның өзі қайта құру мен демократиядан үлкен үміт күтіп отырған республика
халқының, соның ішінде қазақ жастарының назарлығын туғызды. Пленум өткеннен
кейін екінші күні Орталық партия Комитеті үйі алдындағы алаңға өздерінің
Пленум шешімімен келіспейтіндігін білдіру үшін жұмысшы және студент жастар,
оқушылар, т.б. жиналды.Олардың қолдарында ұстаған ұрандарының арасында Әр
халықтың өз ұлттық көсемі болу керек деген ұран бар еді.Мұндай көсемнің
Қазақстанда тұратын орыс халқы өкілдерінен де мүмкін екендігі айтылды.
Міне, осындай күрделі жағыдайда Г. В. Колбин партия Орталық Комитетінің
бюро мәжілісін шақыртып, оған С.М. Мұқашев, Н.Ә.Назарбаев,
З. К. Камалиденов, О. С. Мирошин, М.С.Меңдібаев, А.П. Рыбников, Л. Е.
Даулетова, В.Н. Лобов, т.б қатынасты. Бірақ олар алаңға шыққан жастардың
жүрегіне жол таба алмады.
Алаңда болып жатқан жағыдай, соның ішінде Г.В. Колбиннің ойында қазақ
жастарының арасында елдегі социалистік құрылысқа қарсы астыратын әрекет,
ұлтшыл ұйым бар деген пайымдау мен арам пиғылды туғызды. Бірақ ондай
ұйымның бар-жорқтығы кейін қанша тексерсе де анықталмады. Алаңда жиналған
халық пен милиция және әскерлер арасында қақтығысулар жүрді.
Ереуілге қатысушылар таспен, таяқпен қаруланып жазалаушыларға қарсылық
көрсетті. Олар жастарды мұздай суға тоғыту үшін алаңға әкелінген бірнеше
өрт сөндіргіш машиналарды өртеп жіберді..Қақтығысудың барысында Е.Сыпатаев
және С. Савицкий деген азаматтар қаза тапты.Осыған байланысты үкімет
органдары алаңға шығушыларға қарсы күш қолдана бастады. Алматыға басқа
жерлерден арнайы әскери бөлімдер әкелінді.
1987 жылғы шілдеде КОКП Орталық Комитеті Қазақ республикалық партия
ұйымдарының еңбекшілерге интернационалдық және патриоттық тәрбие беру
жұмысы туралы арнайы қаулы қабылданды. Онда 1986жылғы желтоқсандағы оқиға
Қазақстандағы ұлтшылдықтың көрінісі деп бағаланды. Бірақ кейіннен бұл шешім
қате деп табылды. Өйткені қазақ халқы ешуақытта ұлтшыл болып көрген емес.
Өйткені қазақ халқы ешуақытта ұлтшыл болып көрген емес еді. Мәселені әрі
қарай тексеріп, болған фактілерді Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесі жанынан арнайы
құрылған Мұхтар Шаханов бастаған комиссия егжей – текжейлі тексерді. Оның
барысында, қазіргі кезеңнің талабымен қарағанда, алғаш рет демократия және
жариялық жағдайындағы халықтың еркіндік үшін көтерген талабы мен ескі
партиялық ойлау арасындағы қақтығыстың болғандығы ашып көрсетілді.
Қазақ жастарының 1986 жылғы желтоқсандағы шеруінің түрі ұлттық болғанымен
ұлтшылдық емес еді. Ол басқа халықтарға, соның ішінде орыс халқына қарсы
бағытталмаған болатын. Шеру саяси сипаттағы бейбіт демонстрация еді,
мемелекеттік құрылысты құлатуға шақырған жоқты. Бірақ республиканың және
орталықтың партиялық- бюрократиялық құрылымы тарапынан ол экстремистік
пиғылдағы ұлтшыл жастар тобының бүлігі деп бағаланды,. Жүйе оны Қазақ
ұлтшылдығы деп айыптауға дейін барды.
Осыған байланысты 1987 жылғы 14 наурызда өткен Қазақстан Компартиясы
Орталық Комитеті Пленумының шешіміне сәйкес партия ұйымдарында тазалау
басталды. Атап айтқанда, өздерінің жіберген қателіктерін ашық мойындау,
номенклатуралық жетекші қызметкерлерге мінездеме беруді жаңарту, бастауыш
партия ұйымдарына жеке коммунистердің, ал жетекші қызметкерлердің өз қызмет
орындарында, тұратын жерлерде есептері тыңдалды. 1987 жылы облыстық партия
комитеттерінде істейтін жауапты қызметкерлердің 28 пайызы, ал қалалық және
аудандық партия комитеттерінің әрбір үшінші қызметкері жұмыстан босатылды.
Олардың әрбір оныншысы қызметте жіберілген кемшіліктері үшін деген
мінездемемен орнынан алынды. Мұндай тазарту жұмыстары сондай-ақ кеңес,
кәсіподақ, комсомол органдарында да кеңінен жүргізілді.
Желтоқсан оқиғасы бойынша тергеу барысында 99 адам сотталды, 264 адам
жоғары оқу орындарынан, 758 адам комсомолдан шығарылды. 1164 БЛКЖО
мүшесіне, 210 партия мүшесіне әртүрлі жаза берілді, 52 адам КОКП қатарынан
шығарылды. Ішкі істер министрлігінен 1200 адам, Денсаулық сақтау және Көлік
министрліктерінен 309 адам жұмыстан босатылды, жоғары оқу орындарының 12
ректоры қызметінен алынды.
Жергілікті кадрларды қуғынға салған Г.В. Колбин Орталық партия Комитеті
бюро мүшелерінің пікірімен санаспады, олардың талаптарын қабылдамады,
мәселелерді көп жағдайда өз еркімен шешті. 1989 жылы наурыз айында Г.В.
Колбин Халықтық бақылау комитетінің төрағасы болып тағайындалып Мәскеуге
кетті. Оның орнына сол жылғы шілдеде Қазақстан Компартиясы Орталық
Комитетінің бірінші хатшысы болып Н.Ә. Назарбаев сайланды.
Бір ерекше айтып кететін жағдай, қайта құру жағдайында бұқаралық хабарлама
органдары елдегі, соның ішінде Қазақстанда болып жатқан жағдайларды,
өзгерістерді ешқандай бүкпесіз ашық жариялап отырды. Әсіресе, республикада
орын алған жұмыссыздық, балалар өлімі, халықтың мәдени-тұрмыстық, үй-жай
жөнінде әлеуметтік зерттеулер жүргізіліп, оның қорытындылары ашық
жарияланып отырды. Мұның өзі бұқара халықтың саяси-әлеуметтік белсенділігін
күшейтуге көмектесті.
Қайта құру барысында қазақ халқы өзінің тарихы, ұлттық қайта даму, ана
тілі, мемелекеттік егемендік алу жөнінде талаптарын қоя бастады, бұл
мәселелер жаңа қырынан көрініс тапты.

Қазақстанда демократиялық қатынастардың белең алуы. Саяси
партиялармен қоғамдық
бірлестіктердің құрылуы.

Біздің қоғамымызда демократиялық қатынастардың одан әрі тереңдеп өрістеуі
кеңестердің қызметінен көріне бастады. Барлық өкімет Кеңестерге берілсін!-
деген ұран жандады. Бұл мәселені ілкі кезде кеңестерге партия басшылығын
күшейту арқылы шешу үшін күш салынды, бірақ одан ештеме шықпады. Өйткені
кейінгі жылдары компартияның қызметінде елеулі кемшіліктер мен тоқыраушылық
орын алды. Оның сапа құрамы төмендеп кетті. Партия комитеттерінің
кеңестерге және тағы басқа да қоғамдық ұйымдарға басшылығы жеткіліксіз
болды.
Алайда, осыған қарамастан, 1987 жылғы шілде айында алғаш рет Қазақстанда
жергілікті кеңестерге халық депутаттарын сайлау округтер бойынша көп
мандатты негізде іске асырылды. Республиканың 19 ауданында көп мандатты
округтік сайлау барысында депутаттыққа кандидат болып 2270 адам ұсынылды.
Оның 1701-і депутат болып сайланып, қалғандары резерв ретінде қалдырылды.
185 ауылдық және селолық кеңестерге 6291 депутат сайланды, ал 1928 адам
резервке кіргізілді. Жаңа сайлау жүйесі бойынша Шығыс Қазақстан облысы
еңбеккерлері арасында КСРО Ғылым Академиясы әлеуметтану инстиутының
зерттеуі жүргізілді. Сайлаушылардың басым көпшілігі бұл жаңа тәртіпті
мақұлдады.Өйткені көптеген еңбек ұжымдары депутаттыққа кандидат етіп
өздерінің қалаулыларын ұсынуға қолдары жетті, ал кандидаттар бұқара
халықпен кездесу барысында өздерінің бағдарламаларын анықтауға, онымен
еңбекшілерді жан-жақты таныстыруға мүмкіндік алды.
1988 жылғы шілде-тамыз айларында өткен Бүкілодақтық 19 партия
конференциясында Кеңес қоғамының саяси системасына реформа жүргізу
қажеттігі атап көрсетілді.
Онда ең басты мәселе – халық депутаттары Кеңестерінің толыққанды өкіметін
барлық жерлерде қайтадан қалпына келтіру көзделді. Конференцияның
шешімдеріне сәйкес қысқа уақыт ішінде ең жоғарғы мемілекет органдарын қайта
құру жоспарланды. Ол 1988 жылғы 1 желтоқсанда қабылданған КСРО
Кониститттуциясына қосымша өзгерістер енгізу туралы КСРО халық
депутаттарын сайлау жөніндегі заңдарда өзінің шынайы көрінісін тапты.
1987 жылы өткен жергілікті Кеңестерді сайлау тәжжірибесі елдегі
демократияның жаңа жағыдайда дамуына үлкен жол ашты. Атап айтқанда, КСРО
халық депутаттарын сайлау мемлекеттік және қоғамдық өмірде жүріп жатқан
демократияның толыққ айғағы болды. Елдегі жүріп жатқан саяси реформаның
екінші кезеңі – республикаларды, өлкелерді, облыстарды, қалаларды,
аудандары мен округтерді басқарудың жаңа жүйесін құру еді. Ондағынегізгі
мақсат – бұқара халық өкілдері органдарының рөлін текорталықта ғана емес,
сондай-ақ жергілікті жерлерде де көтеру еді. Оны тәжірбие жүзінде іске асру
үшін партия комитеттерінің бірінші хатшылары халық депутаттары Кеңесінің
төрағаларына ұсынылды. Бірақ мұндай жаңалық өзгеріс барлық жерлерде бірдей
міндетті еместігі айтылды.
Міне, осының нәтижесінде 1990 жылғы жергілікті кеңестер сайлауының
қорытындысы бойынша Қазақстанд қалалық және аудандық Кеңестерге кандидаттар
бөлек-бөлек сайланды.
Жаңа тәртіпке сәйкес 1990 жылғы наурызда Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесіне сайлау
ұйымшылдықпен өтті. Онда Қазақстан партия Орталық Комитетінің бірінші
хатшысы Н.Ә. Назарбаев Қазақ КСРО Жоғарғы Кеңесінің төрағасы болып
сайланды. Осыдан көп кешікпей-ақ Орталықтағы сияқты біздің республикамызда
да президенттік қызымет орны енгізілді. Сөйтіп, 1990 жылғы 24 сәуірде Қазақ
КСР Жоғарғы Кеңесі Н. Ә Назарбаевтың президент болып сайлануы,
республиканың өз ішіндегі саяси-экономикалық мәселелерді шешуде,
жаңаидеялардың өрістеуіне ықпалын тигізді. Оның бастамасымен Қазақстанда
елді басқару ісіне көптеген жаңалықтар, халық шаруашылығын басқарудың
барлық сатыларында сапалы жаңа өзгерістер
енгізілді.
Президенттің Семей полигонында ядролық сынаққа тиым салуы,ұлы Отан соғысына
қатысқандар мен оларға теңестірілген азаматтарға әлеуметтік көмек көрсету
шаралары туралы жарлықтары Қазақстанда демократиялық қайта құрулар
жүргізудің өзіндік бір белесі еді.
Қоғамды демократияландыруда халық депутаттары Кеңесінің заң шығару қызметі
маңызды рөл атқарды. Бұл салада он екінші шақырылған Қазақ КСР Жоғары
Кеңесі (1990 ж. сәуір) жетекші орын алды. 1990-1991 жж. қабылданған
республика заңдарында әрбір адамның мұқият зерттеліп жасалған, құқықтық
және әділеттік процедуралар арқылы заң жүзінде бекітілген бостандықтары мен
адамгершілік қасиеттерін көрсетуіне қажетті жағдайларды қамтамасыз етуге
зор көңіл бөлінді. Қалыптасқан шындық жағдайдың талаптарына сай респудлика
заңдарын жаңарту құқықтық мемлекетқұру жолындағы елеулі қадам болды. Заңдар
Қазақстанның саяси және экономикалық егемендігін іс жүзінде нығайтуға,
демократия жолына бүкіл саналы күштерді топтастыруға бағытталады. Олар
азаматтардың құқықтарын едәуір кеңейтіп, республиканы мекендейтін барлық
ұлттар өкілдерінің тілегіне жауап беретін еді. Республика парламентінің
қазақ тіліне мемілекеттік тіл дәрежесін берген Қазақ КСР-нің тіл туралы
заңын 1989 ж.
(қыркүйек) қабылдауы үлкен уақиға болды.
Елде іске асып жатқан демократикалық өзгерістер бұқара халық арасында әр
түрлі көзқарастардың, түрлі қоғамдық пікірлердің ашық айтылуына және
бірқатар саяси партиялар құрылып, олардың кеңінен дамып өрістеуіне жағдай
жасалды. Мәселен, 1990 жылы Қазақстан социал-демократикалық партиясы
құрылды. Партияның алдына қойған басты мақсаты – республикалық парламент
сайлауына қатынасып, оның құрамына өздерінің өкілдерін депутат етіп өткізу
еді.Бұл партия қоғамдық өмірге белсене араласып, оның материалдық және
рухани дамуына өздерінің лайықты үлесін қоспақшы болды.Сондай-ақ, партия
қоғамдағы жеке меншікті мойындайды және өзінің қызыметінде кәсіпқойлықты
қолдап отыруды көздеді.
1990 жылы Қазақстанда Азат азаматтық қозғалысы қалыптасты. Оның басты
мақсаты – Қазақстанның мемілекеттік тәуелсіздігін, әлуметтік
әділеттікті,адамгершілік идеалын қорғау болды. Одан басқа республикада
Алаш , Желтоқсан ,т.б. саяси қозғалыстар пайда болды.Мұның өзі
Қазақстанда көп партиялылық жүйенің және тоталитаризмнен демократиға өтпелі
кезеңнің бастамасы екенін көрсетті.
1990жылы тамыз айында Мәскеу Мемлекеттік төңкеріс жасау әрекеті болды. Оған
КОКП Орталық Комитетінің кейбір жетекшілері қатысты. Мұның өзі партияның,
оның басшы органдарының беделін түсірді. Ең аяғында келіп, ол партияның
халық арасында, сондай-ақ өз мүшелерімен қызымет істеуіне нұқсан келтірді.
Бұл жағдай Қазақстан Компартиясының төтенше съезінде оның қызметі тоқталды
деп жарияланды.Осыдан кейін өзін Коммунистік партиясының ісін
жалғастырушымыз деп санайтын Қазақстан социалистік партиясы (1991 ж.
қыркүйек) құрылды. Оның құрамында сол кезде 50-60 мың мүшесі болған.
1111992 жылы наурызда Қазақстан Социалистік партиясының таяудағы
міндеттері, партияның Бағыдарламасы мен Жарғысына өзгерістер мен
толықтырулар енгізу сияқты мәселелерді талқылады.
Сонымен бірге республикада 1991 ж. қазанда Қазақстан халық конгресі
партиясы құрылды. Оның жетекшілері болып Олжас Сүлейменов пен Мұқтар
Шаханов сайланды.Сондай-ақ, республикада тұратын бірқатар коммунистер
бұрынғы Қазақстан Коммунистік партиясының қызыметін қайтадан қалпына
келтіру әрекет жасады.Жоғарыда айтылған фактілер мен мысалдар республикада
көп партиялы жүйенің қалыптасып келе жатқандығын көрсетті.
Барлық саяси партияялар мен қоғамдық қозғалыстардың алдында тек
демократиялық жолмен, Кониституция талабына сай қызымет ету мақсаты
қойылды.Олар парламенттік партияларға айналу, сайлаушылардың көп дауысына
ие болу үшін күрес жүргізді. Бұл саяси партиялар мен қоғамдық қозғалыстар
тең құқықтық жағыдайда өзара түсіну, келісу арқылы байланыс жасап отыруға
тырысты.
Қайта құру жағыдайында Қазақстанның қоғамдық ұйымдарына да сапалық жаңа
өзгерістер іске асты. 1991 жылы қазан айында Қазақстан және Павлодар
обылыстарының делегаттары алдағы бірнеше айды өтпелі кезең деп жариялап,
осы уақыт ішінде жастардың жаңа қоғамдық ұйымын құру ісін бастауды ұсынды.
Бірақ съезд деллегаттары бұл ұсынысты қабылдамай, республика комсомолын
Қазақстанның жастар одағына ауыстыру жөнінде шешім қабылдады. Оның алдында
республика жастарының құқықтары мен мүдделерін қорғау міндеті қойылды. Одан
басқа республикадаҚазақстанның мемілекеттік жастар Комитеті құрылып іске
кірісті.
Осы кезде кәсіподақтың жергілікті, әсіресе, бастауыш ұйымдарының рөлін
көтеруге ерекше мән берілді.Олар өздерінің мүшелерінен жиналған қаржыларды
ұйым қажетіне жұмсауға толық ерік алды.Қазақстан Орталық кәсіподақ комитеті
және обылыстық кәсіподақ комитеттері салалы кәсіподақ Кеңестері болып
қайтадан құрылды.Әрине, кәсіподақтың басты қызыметі еліміздегі экономикалық
жағыдаймен, оны шама келгенше жақсартумен тікелей байланысты болып
табылады.Соңғы жылдардағы кәсіподақ ұйымдарының негізгі қол жеткен табысы
- ол әр түрлі саяси және мемлекеттік ұйымдардан тәуелсіздік алу еді. Бұқара
халықтың мүддесін қорғауда олар көптеген әлеуметтік- экономикалық
мәселелерді мемлекеттік және шаруашылық органдармен тең дәрежеде келісе
отырып шеше алатын жағыдайға қолдарын жеткізді.Сондай-ақ, бұл жылдары
әйелдер кеңесіне балама ұйымдар әдеттен тыс төменнен пайда болды.Солдат
аналарының комитеті, Қазақстан мұсылман әйелдерінің лигасы, Көп балалы
аналар, Жанұялар одағы, Айша, Ақ отау және Іскер әйелдер қауымдастығы
құрылды.Сөйтіп, республикада 1991 жылы барлығы 120-дан астам дербес
қоғамдық негізде бірлестіктер жұмыс істеді.
Бұл жоғарыда көрсетілген фактілердің барлығы 20ғ. 80-шіжылдардың екінші
жартысында қоғамды қайта құру барысында Қазақстан өмірінде қоғамдық қайта
құру барысында Қазақстан өмірінде қоғамдық- саяси және демократикалық
қатынастардың кең өріс ала бастағанын көрсетеді.

Жаңа жағыдайдағы республиканың экономикалық ахуалы.

Қазақстан экономикасының артта қалуы және ондағы кемшіліктер туралы 1986
жылдан бастап ашық айтыла бастады. Осымен байланысты он екінші бесжылдықта
1986-1990 жж. республика экономикасын қайта құру мүмкіндіктері
іздестірілді, бұл бағытта болған жаңа идеяларды іске асырудың жолдары
қарастырылды. Мұның өзі бесжылдықта ұлттық табыстың өсуінде, әлуметтік
ахуалды жақсартуда, ауыл шаруашылығы өнімдерін, оның ішінде ет, сүт
өндіруде кейбір табыстарға қол жеткізді.
Дегенмен қоғамдық өндіріс көлемі қойылып ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қайта құру кезеңіндегі республиканың қоғамдық-саяси өміріндегі өзгерістер
Қайта құру кезеңіндегі республиканың өміріндегі өзгерістер
Қазақ әдебиетіндегі желтоқсан тақырыбы
Қайта құру кезеңіндегі Республиканың қоғамдық-саяси өмірі
Қазақстандағы тәуелсіздік идеясының тарихи эволюциясы
Саяси - экономикалық реформалық бағыттың басталуы
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ ҚАЗАҚ ТЕХНОЛОГИЯ ЖӘНЕ БИЗНЕС УНИВЕРСИТЕТІ
Қайта құру кезіндегі республиканың қоғамдық-саяси өміріндегі өзгерістер. 1986 жылғы Желтоқсан оқиғасы
Қазақстан "қайта құру" жылдарында
Қазақстандағы «қайта құру» саясаты. Желтоқсан оқиғасы
Пәндер