Қазақ тіліндегі фразеологизмдердің аударма тіліндегі көріністері


Пән: Тілтану, Филология
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 47 бет
Таңдаулыға:   

МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ . . . 4-6

1. Аударма нұсқалардағы фразеологизмдер

1. 1. Аударма фразеологизмдердегі ұлттық-этникалық ерекшеліктер

1. 2. Қазақ тіліндегі тұрақты тіркестердің аударма нұсқалардағы қызметі

2. Аударма фразеологизмдердің түрлері

2. 1. Аудармадағы тең баламалы фразеологизмдер

2. 2. Сөзбе-сөз аударылған фразеологизмдер

2. 3. Қазақ фразеологиясындағы кірме фразеологизмдер

2. 4. Еркін аударылған фразеологизмдер

ҚОРЫТЫНДЫ

ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

КІРІСПЕ

Диплом жұмысының тақырыбы: Қазақ тіліндегі фразеологизмдердің аударма тіліндегі көріністері.

Диплом жұмысының көлемі: бет.

Диплом жұмысында пайдаланған әдебиеттер саны: 34

Диплом жұмысының нысаны: Қазіргі қазақ тіліндегі аударма фразеологизмдер.

Диплом жұмысының мақсаты мен міндеттері: Қазіргі қазақ тіліндегі аударма фразеологизмдердің ерекшеліктері мен жасалу жолдарын айқындау бітіру жұмысының мақсаты болып табылады.

Осы мақсат негізінде жұмысқа мынандай міндеттер қойылды:

  • аударма фразеологизмдердің түрлерін анықтау; қазіргі қазақ тіліндегі аударма фразеологизмдердің жасалу жолдары мен атқаратын қызметін көрсету; аударма фразеологизмдер семантикасындағы ұлттық-этникалық ерекшеліктерді саралау.

Диплом жұмысының әдістері: Диплом жұмысын жазу барысында сипаттама, жинақтау, құрылымдық-семантикалық талдау және салғастырмалы әдістер қолданылды.

Диплом жұмысының мазмұнын сипаттайтын тірек сөздер: аударма фразеологизмдер, калька, көркем аударма, балама аударма, еркін аударма, ұлттық-этникалық ерекшелік, т. б.

Диплом жұмысының дереккөздері: І. Кеңесбаевтың «Қазақ тілінің фразеологиялық сөздігі» (1977ж. ), «Қазақ тілінің түсіндірме сөздігі» (1974-1986 жж. 10 том), Х. Қ. Қожахметова, т. б. «Қазақша-орысша фразеологиялық сөздігі» (1988), сондай-ақ, көркем әдебиет пен көркем аудармалар және баспасөз материалдары.

Диплом жұмысының мазмұны: Кіріспеде қазақ тіліндегі фразеологизмдер мен аударма фразеологизмдердің зерттелуі, аударма фразеологизмдерді зерттеудің маңызы туралы айтылған.

Негізгі бөлімде аударма фразеологизмдер семантикасындағы ұлттық-этникалық ерекшеліктер, аударма фразеологимдердің түрлері, жасалу жолдары, қолданылу ерекшеліктері тілдік мәліметтерді келтіре отырып, жан-жақты қарастырылған.

Қорытындыда талдау жасау барысында жасалған негізгі тұжырымдар түйінделген.

Диплом жұмысының құрылымы : Диплом жұмысы кіріспеден, негізгі екі бөлімнен, қорытындыдан және пайдаланған ғылыми әдебиеттер тізімінен тұрады.

Қазақ тіл білімінде фразеологизмдерді арнайы теориялық тұрғыдан зерттеу ХХ ғасырдың ортасынан басталып, бүгінгі күнге дейін толастамай келеді. Осы уақыттағы зерттеулерді шартты түрде төрт кезеңге бөлуге болады.

  • ХХ ғасырдың ортасы мен 60-жылдар арасы - қазақ фразеологиясын ториялық жағынан зерттеудің алғашқы кезеңі; 60-70-жылдар - қазақ фразеологизмдерін классификациялау, жеке авторлар еңбектеріндегі фразеологизмдер жайы; 80-жылдар - фразеологизмдерді жан-жақты зерттеу; ХХ ғасырдың соңғы он жылы - фразеологизмдерді, этнолингвистикалық, этномәдени тұрғыдан зерттеу және салғастырмалы фразеология.

Қазақ фразеологиясын тілдік тұрғыдан зерттеуге алғашқы кезеңде ұлттық тіл білімін қалыптастырудағы аса көрнекті тілші ғалымдар дені түгел назар аударды. Қазақ фразеологиясының тілші ғалымдары Н. Сауранбаев, І. Кеңесбаев, С. Аманжолов, Ғ. Мұсабаев, К. Аханов, Р. Сәрсенбаевтар фразеологизмдердің теориялық-практикалық мәселелері бойынша алғаш тұжырым жасаушылар болды.

Қазақ фразеологиясының мәселесімен шұғылданып, арнайы зерттеу жүргізген, сол жайында еңбек жазған І. Кеңесбаев [1] болса, С. Аманжолов фразеологиялық тіркестердің сөйлем мүшесіне қатысы жайлы [2], Н. Сауранбаев фразеологияға не жатады дегенге көңіл аударды [3] . «Қазіргі қазақ тілі» оқулығына (1954 ж. ) фразеология бөлімін енгізген Ғ. Мұсабаев та фразеологиялық ерекшеліктерге көп көңіл бөлген [4] . К. Аханов өзінің «Тіл біліміне кіріспе» атты [5] жоғары оқу орындарына арналған оқу құралының лексиология тарауында қазақ тілі фразеологиясына В. В. Виноградовтың классификациясы бойынша жіктеу берсе, Р. Сәрсенбаев тұрақты тіркестердің бір тріне жататын мақал-мәтелдердің тілдік ерекшеліктеріне тоқталады.

Қазақ фразеологизмдерін зерттеудің екінші кезеңінде 60-жылдары ғалымдар фразеологизмдер мен тұрақты тіркестер бір ме, оларға не жатады дегенге көңіл бөлді. Р. Сәрсенбаевтың «Қазқ мақал-мәтелдерінің лексика-стилистикалық ерекшеліктері» атты кандидаттық диссертациясында, С. Исаевтың «Қазақ тілінің тұрақты сөз тіркестерінің бір типі жөнінде» мақаласында осы ерекшеліктерге назар аударған [6] . Осы жылдары жеке авторлар шығармаларындағы фразеологизмдердің қолданылуына да көп көңіл аударып, сөз таптарын жүйеледі, сөйлемдегі беретін мағынасына қарай топтады. Ә. Болғанбаевтың «Қазақ тіліндегі алғыс және қарғыс мәнді тұрақты сөз тіркестері» [7], М. Белбаеваның «Сұлтанмахмұт шығармаларындағы фразалық тіркестер» атты мақалалары [8] мен осы жылдары қорғалған Х. Қожахметованың «Ғ. Мұстафин шығармаларындағы фразеологиялық орамдар», Е. Бектұрғанованың «М. Әуезовтың «Абай жолы» роман-эпопеясындағы тұрақты сөз тіркестері» андидаттық диссертациялары сол кезеңнің ізденіс нәтижелері еді.

Жетпісінші жылдарда фразеологизмдерді өзге құбылыстардан айыру жөнінде А. Байтелиев кандидаттық диссертация қорғап, Ә. Қайдаров пен Р. Жайсақова, А. Елешова қазақ фразеологизмдерінің өзге тілдерде берілуі және өзге тілдердегі шығармаларды қазақ тіліне аударғандағы фразеологизмдердің берілу жайы тілші ғалымдар назарын аударды. Ө. Айтбаев пен К. Дүйсетаеваның еңбектерін атауға болады.

Академик І. Кеңесбаевтың көп жылдық еңбегінің нәтижесі он мыңнан аса фразеологизмді қамтыған «Қазақ тілінің фразеолгиялық сөздігі» шықты [1] .

Үшінші кезең - қазақ фразеологиясын жан-жақты зерттеу кезеңі. 80-жылдар алдыңғы кезеңдердегі жұмыстардың заңды жалғасы болды. Қазақ фразеологизмдерін өзге тілдердегі тұрақты тіркестермен салыстыра зерттеу, аударма мәселесі жайында кандидаттық диссертациялар қорғалды. Ж. Қонақбаева антоним фразеологизмдерді қазақ, орыс, ағылшын, тілдерінде салыстыра зерттесе, Д. Алтайбаева фразеологизмдердің аудармадағы берілу жолдарына (калька жолымен, дән баламасы берілуіне) назар аударды.

Осы жылдары қазақ фразеологиясын зерттеуде М. М. Копыленко мен З. Д. Попованың жаңа әдісін (семемный анализ) қолдану тәжірибелері жүзеге асты [10] . Р. М. Таева мен Ф. Р. Ахметжанованың ғылыми еңбектерінде фразеологизмдердің семантикалық табмғатына талдау жасағанда сол әдіс компоненттердің денотатив және конотатив мағынасын айқындау әдісі қолданылған.

Осы кезеңде қазақ және орыс фразеологизмдерін салыстыра зерттеу нәтижесінде «Қазақша-орысша фразеологиялық сөздік» жасалды.

Бұл кезеңдегі тағы бір ерекшелік - тұрақты тіркестің тарихи қалпын зерттеуге көңіл бөлінді. Р. Сыздықованың «Қ. Жалаиридің «Жами-ат-Тауарих» атты [11] шығармасындағы тұрақты тіркестер» еңбегі - диахронды фразеологиялық зерттеу.

Қазақ фразеологиясын зерттеудің төртінгі кезеңі 90- жылдардан бастап бүгінгі күнге дейін жалғасып келеді. Бұл кезеңде тіл білімінің осы саласында жан-жақты әрі өте көп ізденістер болып жатыр. Фразеологизмдердің этимологиясына көңіл аударылып, олардың шығу төркініне талдау жасалды. Фразеологизмдердің этимологиясы мен жасалу көздерімен тығыз байланыста жатқан этнопсихологиялық және мәдени танымдық аспектідегі зерттелуі кейінгі онжылдықта академик Ә. Қайдаров пен оның шәкірттерінің еңбектерінде көрініс табуда.

С. Сәтенова қазақ тілінде мал шаруашылығына байланысты қалыптасқан тұрақты тіркестердің табиғатын зерттесе, Ш. Сеитова өсімдікке байланысты тұрақты тіркестерге этнолингвистикалық сипаттама береді, ал Қ. Ғабитханұлы наным-сенімдерге байланысты тұрақты тіркестерге талдау жасайды. Б. Уызбаева соматикалық етістік фразеологизмдерді зерттейді.

Фразеологизмдердің тұлғалық сипаты мен мағыналық сырына үңіле зерттеу - қазақ фразеологизмдерінің ұлттық тіл табиғатын ашуға қосылған үлкен үлес. Осындай еңбектердің қатарына С. Сәтенованың «Қос тағанды фразеологизмдердің тілдік, поэтикалық табиғаты», Г. Смағұлованың «Мағыналас фразеологизмдердің ұлттық-мәдени аспектілері» атты еңбектерін атауға болады.

Қазіргі қазақ фразеологизмдерін зерттеу І. Кеңесбаевтың көрсеткен барлық бағытта жүріп жатыр. Олар мынандай бағыттар: фразеологизмдердің басқа құбылыстардан айырмашылығы, фразеологиялық мағынаның қалыптасуы, олардың ішкі құрылысы, фразеологизм және ұйытқы сөздер, фразеологизмдердің этимологиясы, фразеологизмдегі калька, фразеологизм және синонимия, фразеологизмнің стильдік ерекшеліктері, фразеологизмдерді және автордың қолдануы т. б.

Осы бағыттардың ішінде қазіргі тіл білімінде фразеологизмдердің бір тілден екінші тілге аударылу мәселесі маңызды орынға ие.

Фразеологизмдердің аудармасы жөнінде көптеген зерттеулеріміз бірде арнайы тоқталып өтсе, енді бірде белгілі бір мәселелерге байланысты сөз арасында тілге тиек етеді.

І. Кеңесбаев өзінің «Қазақ тілінің идиомдары туралы» атты еңбегінде аудару мәселесіне байланысты да өз пікірлерін айтады. Ол өз ойын: «аударудың әр түрлі жолдарын ізденіп, мағына жағынан сәйкес келетін тізбектерді тауып, аударма тілін жұртқа түсінікті етуді қарастыруымыз керек», - деп тұжырымдайды [13] .

М. Балақаев, Е. Жанпейісов, М. Томанов, Б. Манасбаевтардың «Қазақ тілінің стилистикасы» еңбегінде фразеологияның аудармасына арнайы тоқталып, оларды аударудың үш тәсілін көрсетіді [14] .

Аудармадағы фразеологиялық құбылысқы Ө. Айтбаев арнайы тоқталған. Ол өзінің еңбегінде фразеологиздердің аудаоылу мәселесіне, олардың көркем шығармадағы стильдік қызметі мен оларды аударудың кейбір амалдарына талдау жасаған [15] .

Сонымен қатар, Ф. Дәулетованың «Лингвомәдениеттану: қытай және қазақ тілдерінің салғастырмалы фразеологиясы» [16], М. Р. Есимжанованың «Межъязыковые фразеологические соответствия» (на материале английского, русского и казахского языков) [17] атты еңбектері тіларалық фразеологизмдердің пайда болу ерекшеліктерін зерттеуге бағытталған.

Г. Н. Смағұлова мен Г. Р. Айтжановалардың «Фразеологиялық калькалар» атты оқу құралы фразеологизмдерді аудару мәселесіне арналған. Еңбекте калька және аударма мәселелері, фразеологиялық калькалардың түрлері, калькаланған фразеологизмдердің лексика-грамматикалық, лексикографиялық, стильдік ерекшеліктері қарастырылған [18] .

Алайда, фразеологизмдердің бір тілден екінші тілге аударылу мәселесі аударма тәжірибесі үшін де, теориясы үшін де ең қиын, күрделі мәселенің бірі. Мұны көркем әдебиеттерде қолданылып жүрген фразеологиялық тіркестер табиғатынан-ақ көруге болады. Аударма - ел мен елдің арасына дәнекер болатын аса зор мағыналы құрал. Аудармамен шұғылданған бірде-бір зерттеуші фразеологияны аттап өте алмайды. Аударма тәжірибесінде фразеологизмдерді екінші тілге аударудың неше түрлі қиындықтары кездеседі. Өйткені әр тілдегі фразеологизмдердің мағыналық және стилистикалық қызметі алуан-алуан болады. Оның құрасына енген сөздердің байланысы да әр тілде әр қилы.

Көрші отырған алыс, жақын халықтардың әрқашан да өзара мәдени, рухани қарым-қатынаста болуы, көркем шығарма туындыларын аудару арқылы алыс-берісжасап отыруы өмір заңдылығына жатады. Бұл, әрине, аударма мәселесіне тікелей қатысы бар күрделі құбылыс. Олай дейтін себебіміз, көркем шығарма тілінде тұрақты тіркестер әр тілдің тек өзіндік ерекшеліктеріне байланысты қалыптасып, басқа бір тілге оларды дәл де дұрыс жеткізу қиын мәселелердің біріне жатады. Әсіресе, ұлттың өзіне ғана тән танымынан, салт-дәстүрінен, ырым-жоралғыларынан хабар беретін тұрақты тіркестерді екінші бір тілге аудару үлкен қиындық тудыратыны белгілі.

Міне, осыған байланысты біз жұмысымызды тұрақты тіркестердің көркес шығарма саласында, әрбір ақын-жазушы, қалам қайраткерлерінің өзіндік сөз саптау ерекшелігін (стилін) және соған сәйкес олардың басқа тілдерге, мәселен, орыс тіліне аударылып берілуін, аудармалардың нақытылғы мен дәлдігін қарастырып өтуді мақсат етіп отырмыз. Өйткені тұрақты тіркестерге байланысты бұл құбылыс - біреулерге бір-ақ рет (бір шығарманың екі тілдегі нұсқасында ғана) жаз беретін құбылыс болып көрінгенімен, шын мәнісінде, ол барлық көркемсөз туындыларында сан рет қайталанып отыратын және аударма өнерінің өзекті мәселесіне жататын тұрақты құбылыс.

Тіліміздегі тұрақты тіркестердің көпшілігі ұлттық менталитет пен ұлттық дүниетанымға байланысты қалыптасқан. Оларды дұрыс түсіну және біреуге (басқа ұлт өкілдеріне) айтып түсіндіру халқымыздың салт-дәстүрін, әдет-ғұрпын, ырым-кәделерін, тұрмыс ерекшеліктерін білуді талап етеді. Ал, бұл құбылыстардың бәрі этнолингвистиканың нысанына жатады.

Бір тілден екінші тілге аударма жасағанда аудармашы өзінің тілдік білімі мен қабілеті арқылы түрлі экстралингвистикалық білім аясын, мәселен, қоғам, табиғат, әлем суретін, мәдени өмір, түрлі жағдаяттар, сондай-ақ мәтін мазмұнына қатысты деректерді оқырман қабылдауына толық жеткізу керек. Осы мақсатта тіл білімі үшін аударуда қиындық тудыратын ұлттық өзіндік ерекшелігін ғасырлар бойы бойына сіңірген тілдік бірліктер - фразеологизмдерді аудару жолдарына, мағыналық-құрылымдық ерекшеліктеріне, олардың түрлеріне тоқталу - маңызды мәселе. Сол себепті, біз диплом жұмысында аударма фразеологизмдерге арнайы тоқталып отырмыз .

1. АУДАРМА НҰСҚАЛАРДАҒЫ ФРАЗЕОЛОГИЗМДЕР

Тіл-тілдердің қай-қайсысында да фразеологиялық тіркестер сөздік құрамның ең күрделі, өміршең, аса образды және өзіндік ерекшеліктері бар бөлігі. Әрбір тілдегі фразеологиялық тіркестер сол тілдің иесі - халықтың негізгі ұлттық белгісін, тарихи даму жолын, әрі сол тарихи қалыптасқан кезеңдердегі күллі тіршілік-тынысын танытады. Тарихи даму кезеңдердегі қазақ халқы бастан өткерген дүркін-дүркін өзгерістр қазақ тілінің лексика-грамматикалық жүйесін талай сатылы қозғалысқа түсірген болса, нақ осындай өзгерістер екпінінің талқысына ұшырамай, өзінің біртұтас жүйе қалпын, тұлға- тұрпаты мен мағына мәнін сақтап қалған қаттау - тіл құрамындағы фразеологиялық тіркестер.

Қазақ және орыс тілдеріндегі фразелогиялық жүйенің көлемі, оның бірліктерінің типтері туралы ғылыми тұжырымдар әр түрлі. Олар жөнінде шолу жасау немесе өз тарапымыздан пікір айту біздің міндетіміздің шеңберіне енбейді. Сол себепті де осы мәселеге қатысты негізгі теориялық еңбектерде тұжырымдалатын критерийлер бойынша, жалпы түрде фразеологизмдердің қатарына - идиомалар, фразалық тіркестер, паримиялар, тілдік штамптар жатқызылатындығын ескере отырып, аталған типтерді фразеологиялық тіркестер деген атау арқылы олардың аударма әдебиеттегі көрінісін талдауға тырысамыз, талдаудағы басты мақсат - екі тілдегі фразеологизмдердің ұлттық-этникалық ерекшеліктерді жинақтаған бір қатар түрлерін салыстыра отырып, идиомалардың, фразалық тұрақты тіркестердің аударылуының жолдарын, қазақ тілінен қатар алынған фразеологизмдердің стильдік-прагматикалық қызметін сипаттау және аударуда байқалған кемшіліктердің себебін айту. Фразеологиялық тіркестер - арнаулы ақпаратты әдебиетте, көркем әдебиетте кеңінен игерілетін, коммуникативтік-функционалдық қызметі күшті, екінші тілге аударуды талап ететін (көп ретте қалдырып кетуге немесе алмастыруға болмайтын) функционалды қызметі басым элементтер. Аударылған әдебиеттің сапасын айқындап беретін негізгі факторлардың бірі де фразеологиялық тіркестердің ерекшеліктері.

1. 1. Аударма фразеологизмдердегі ұлттық-этникалық ерекшеліктер

Қазақ әдеби тіліндегі және орыс әдеби тілінің құрамындағы фразеологизмдердің құрылымы, құрамындағы компоненттерінің кірігуі, тіркесуі, семантикалық байланысы жағынан бір-бірінен ажыратылатын елеулі ерекшеліктер бар. Фразеологизмдер - аударма әдебиетті түп нұсқаның негізгі тақырыбына, автордың көздеген мүддесіне, түпнұсқадағы тіл мен стиль ерекшелігінің сақталуына бір табан жақындата түсетін элементтер. Екі тілдегі фразеологизмдердің мағыналық-семантикалық құрамын, тіпті кей сәттерде фразеологизмдерді және оның компоненттерінің этимологиялық түп-төркінін білу аударма процесі үшін айрықша маңызды.

Орыс тілінен қазақ тіліне аударылған көркем әдебиеттерде, ақпаратты арнаулы әдебиеттерде ұшырасатын фразеологизмдердің тілдік-стильдік қызметін ажырату, оған талдау жасау өте күрделі Анықтамалық тұжырым тұрғысынан қарағанда, екі тілдегі фразеологизмдер - заттық-логикалық және прагматикалық-коннотаттық компоненттерге ие, әрі ақпаратты жеткізе алатын біртұтас құрылым. Соымен қатар әр тілде сол тілді иеленуші халықтың қалыптасуына, дамуына, өзгерістерге ұшырауына себепкер болатын экстролингвистикалық және этнолингвистикалық факторларға сәйкес семантикалық, мағыналық құрылымы өзге сипатты және лексика-семантикалық тұрқы басқа фразеологизмдер болады. Аударма процесі кезінде фразеологизмдердің грамматикалық белгісі (тіркесу нысаны, құрамында қанша сөз бар екендігі) айтарлықтай роль атқармайды, аударматанушылардың, тілші ғалымдар мен әдебиеттанушылардың назарын аудартатыны - түпнұсқа тіліндегі фразеологизмдердің семантикалық құрылымының аударма тілінде берілуі.

Көркемдеу-бейнелеу тәсілдерінің ішіндегі ең пәрмендісі болуы себепті аударма проблемалары әдебиеттануға, тілтануға ұштастырылып қарастырылған еңбектерде мақал-мәтелдермен, қанатты сөздермен қатар фразеологизмдердің де қазақ тіліне аударылуына айырықша көңіл бөлінеді. Қоғамдық-саяси мазмұндағы көлемді еңбектің қазақшалануы тәжірибесіндегі басшылыққа алынған дәйектемелер бойынша Қ. Сағындықов мақал-мәтелдер мен идиомалардың аударылуындағы басты принциптерді атап-атап көрсетуге ұмтылыс жасайды; зерттеуші ұсынатын талаптардан байқалатынындай, фразалық тіркестерге негіз болатын сөздің заттық-образдық белгісі мен сәйкестігі; фразалық тіркестің нысаны мен мазмұнын дәл жеткізу принциптері, сондай-ақ қазақ тіліндегі мағынасы жағынан ұқсас баламаларды қолдану - қандай тәржімада да болмасын ескерілуге тиіс. М. Горькийдің бірнеше туындысының екі тілдегі нұсқасындағы фразеологизмдерді егжей-тегжейлі қарастырған ғалым Ө. Айтбаев ғылыми салыстыру нәтижесінде төмендегідей қорытынды жасайды: «Фразеологизмдерді, мақал-мәтелдерді аударудың тәсілдерін мынадай үш топқа жинақтап айтуға болады. Біріншіден, мақал-мәтел құрамындағы сөздердің заттық мағынасын түгел беріп, дәл аударуға болады. Екіншіден, кейбір сөздердің заттық мағынасын өзгертіңкіреп аудару керек. Үшіншіден, аударылатын тілдегі фразеологизмдер, мақал-мәтелдерді пайдалану қажет» [15, 180 б. ] .

Фразеологизмдер жалпы тілдердегі тұрақты тіркес атаулының бәрі аударма тәжірибесі үшін де, теориясы үшін де ең қиын, күрделі мәселенің бірі. Аударма тәжірибесінде фразеологизмдерді екінші тілде берудің қиындықтары кездеседі. Өйткені әр тілдегі фразеологизмдердің мағыналық және силистикалық қызметі алуан-алуан болады. Оның құрамына енген сөздердің байланысы да әр тілде әр қилы. Сондықтан фразеологизмдерді аудару кезінде әр тілдің өзіне ғана тән сөздердің тіркесу ерекшелігі көрінеді.

Фразеологизмдерді бір тілден екінші тілге аудару аса маңызды әрі күрделі мәселе. Мұны көркем әдебиеттерде қолданып жүрген фразеологиялық тіркестер табиғатынан-ақ тануға болады. Аударма - ел мен елдің арасына дәнекер болатын аса зор мағыналы құрал. Аудармамен шұғылданған бірде-бір зерттеуші фразеология мәселесін аттап өте алмайды жалпы аударма мәселесі жөнінде айтылып жүрген тұжырымдарды екі топқа бөлуге болады. Бірі әдебиетшілер тарапынан айтылған, екіншісі тілші ғалымдар ұстанған пайымдаулар.

Фразеологизмдерді аудару мәселесі аударма теориясының бір саласы болғандықтан, бұл жайында тілші, әдебиетші ғалымдар әр қилы пікірлер айтқан. Біздің жұмысымызға тікелей қатысты болғандықтан, енді фразеологизмдерді аудару ісіне қатысты пікірлерді талдап өтейік.

Фразеологизмдердің аудармасы жөнінде көптеген зерттеушілеріміз бірде арнайы тоқталып сөз етсе, енді бірде белгілі бір мәселелерге байланысты сөз арасында болса да әңгіме етіп жүр.

Белгілі ғалым І. Кеңесбаев өзінің «Қазақ тілінің идиомдары туралы» атты зерттеуінде аудару мәселесіне байланысты да өз пікірлерін айтқан. Ол идиомдар, мақалдар мен фразалардың өзара айырмашылықтарын талдайды да, оларды басқа тілдерге аударудың жолдарын қарастырады. Бұларды аударуға болады ма, болмайды ма деген сұрақтарға жауапты ғалым мақал, фраза, идиомалардың өз қасиеттерінен іздейді. Әрбір жеке тілдің өзіне ғана тән және анағұрлым көнеленген идиомалар сияқты категорияларды калька ретімен алмасқа шара жоқ дейді. Зерттеуші мақалдардың, фразалық және идиомалық тіркестердің лексикалық өзгешеліктерін жан-жақты талдайды да, олардың сөзбе-сөз аударуға келмейтіндігін айтады. Бірақ ғалым бұларды бір тілден екінші тілге мүлде аударуға болмайды деген үзілді-кесілді пікір айтпайды. Оларды аударудың әр түрлі жолдарын «ізденіп мағына жағынан сәйкес келетін тізбектерді тауып, аударма тілін жұртқа түсінікті етуді қарастыруымыз керек», - деп тұжырымдайды [13, 74 б. ] .

М. Балақаев, Е. Жанпейісов, М. Томанов, Б. Манасбаевтардың 1966 жылы басылып шыққан «Қазақ тілінің стилистикасы» атты еңбегінде фразеологияның аудармасына арнайы тоқталған. Мұнда авторлар фразеологизмдерді аудару мәселесінің күрделілігін айта отырып, фразеологизмдерді орыс тілінен қазақ тіліне аударудың әр түрлі жолдарын қарастырады олар фразеологизмдерді аударудың үш түрлі тәсілін көрсетеді. Олар:

Біріншіден, фразеологизмдерді аударуда оның жалпы мағынасы беріледі. Мысалы: «Вариться в собственном соку» - өзімен-өзі болу;

козел отпущения - кінәлі ету;

подложитьи свинью - қастық істеу;

яблоко раздора - егестің басы;

бросать слова на ветер - пәтуасыз сөз айту, т. б.

Екіншіден, фразеологизмдерді аударуда олардың өзара мәндес келетіндігі ескерілетінін айтады. Мысалы: «беречь как зеницу ока» - көздің қарашығындай сақтау; «в пух и в прах» - күлін көкке ұшыру; «зубы точить» - тісін қайрау; «волосы встали дыбом» - төбе шашы тік тұру; «за тридевять земель» - жердің жеті түбі; «до седьмого неба» - төбесі көкке жету; «выйти в люди» - адам санатына қосылу; «утопающий за соломенку хватается» - суға кеткен тал қармайды т. б. Тіл-тілдегі фразеологизмдердің өзара сәйкес, мәндес келуі, шынында да аударманың жатық, түсінікті болуына септігін тигізеді. Мұның аударма жұмысын едәуір жеңілдететіні сөзсіз.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Жылқы концепциясының көркем аудармаларда берілу жолдары
Қазақ фразеологиясын аудару қиындықтары
Тұрақты тіркестерді аударудағы лингвомәдени аспект
Тұпнұсқаның газеттік аударма тіліне сай келмейтін грамматикалық формаларын жеткізу
Қазақ тіліндегі жылқы ұғымының ағылшын тіліне аудармадағы сипаты
Фразеологизмдердің еркін сөз тіркестерінен айырмашылығы
Ағылшын тілінің фразеологизмдері
Ағылшын және орыс тілдердің сөз тіркестерін аудару мәселесі
Афаризмдер мен фразеологзмді аудару
Фразеологиялық бірліктердің топтастырылуы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz