Аудиттің мәні мен мағынасы
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .3
1.Аудит пәні, мәні, мақсаты. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 5
1.1Аудиттің мәні мен мағынасы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...5
1.2Аудиттің пәні, мақсаты мен міндеттері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..12
1.3 Аудит қызметтері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .17
2 Аудит түрлері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..21
2.1Аудит түрлерінің жіктелуі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..21
2.2Ішк іжәне сыртқы аудиттің байланысы мен айырмашылықтары ... 24
2.3 Ілеспе аудит түрлері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 34
Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 48
Әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...50

Менім курстық жұмысымда аудит туралы және аудиттің түрлері мен олардың сипаттамасын қарастырам.Бірінші бөлімде мен аудит мәні мен мақсаты, қызметі, міндеттері туралы қарастырдым. Ал екінші бөлімде мен сол аудиттің жіктелуін, бөлінуін және аудитта қандай түрлері бар екенін олардың бір бірінен айырмашылығын қарастырдым. Үшінші бөлімде осы аудитторлық фирма туралы, оның пауда болуы, сертификат алуы және қалай жұмыс істейтіні туралы қарастырдым.
Аудит Қазақстан Республикасы заңында белгіленген талаптарға сәйкес қаржылық есеп берудің дұрыстығы мен объективтілігі туралы пікір білдіру мақсатында заңды тұлғалардың қаржылық қорытынды есебін тексереді.
Аудиторлық қызметтің мәні қаржылық есеп беруді, төлем-есептеу құжаттамасын тәуелсіз тексеру, түрлі қызметтер мен кеңес беру, бухгалтерлік есеп жүргізу мен қалпына келтіру, ұйымның активтері мен міндеттемелерін бағалау, салық декларациясын толтыру, қаржы-шаруашылық қызметке экономикалық талдау жүргізу бойынша тұтынушыларға қызметтер ұсынатын аудиторлық фирмалардың (аудиторлардың) кәсіпкерлік қызметі болып табылуында.
Сонымен, алғашқы аудиторлық фирмалардың құрылтайшы құжаттарында-ақ, артынан «ҚР аудиторлық қызмет туралы» заңды көрініс тапқан аудит пен оның мақсаттары берілді.
Қаржылық есеп беру аудитінің мақсаты – аудиторға қаржылық қорытынды есепті құрудың белгіленген концептуалдық негізіне сәйкес барлық елеулі аспектілер бойынша қаржылық қорытынды есептің дайындалғаны жөнінде қорытынды беру мүмкіндігін беру. Аудит мақсатының стандартты анықтамасына қарамастан, аудит мақсаты дегенде аудитордың алдына тұтынушы қоятын мақсатты түсінуіміз керек .
Сапалы тексеруді қамтамасыз ету үшін аудиторлық фирмаларға бухгалтерлік, заңдық және жалпы экономикалық мәселелер бойынша бағдарламалық қамтамасыз ету, анықтамалық әдебиет түріндегі толық ақпараттық база қажет
Аудиторлық фирмалардың маңызды міндеттерінің бірі өз қызметімен қатар кез келген экономикалық субъект қызметінің рентабельділігін қамтамасыз ету болып табылады. Аудиторлық жұмыс жоғары біліктілігі, аса көңіл бөлу мен кәсіпқойлықты талап етеді. Сонымен қатар үлкен табыс пен қызметі көрсетілген тұтынушылардың көп санына ұмтылу кезінде аудиторлар клиенттерді таңдамай ала алмайды. Бұл жерде болашақта аудиторлық фирма беделін түсірмес үшін клиенттерді дұрыс таңдау қажет.

Мазмұны:
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... .3
1.Аудит пәні, мәні, мақсаты.
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .5
1.1Аудиттің мәні мен
мағынасы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .5
1.2Аудиттің пәні, мақсаты мен
міндеттері ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... .12
1.3 Аудит
қызметтері ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ...17
2 Аудит
түрлері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... .21
2.1Аудит түрлерінің
жіктелуі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 21
2.2Ішк іжәне сыртқы аудиттің байланысы мен айырмашылықтары ... 24
2.3 Ілеспе аудит

... ...34
Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... .48
Әдебиеттер
тізімі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... .50
Кіріспе
Менім курстық жұмысымда аудит туралы және аудиттің түрлері мен
олардың сипаттамасын қарастырам.Бірінші бөлімде мен аудит мәні мен мақсаты,
қызметі, міндеттері туралы қарастырдым. Ал екінші бөлімде мен сол аудиттің
жіктелуін, бөлінуін және аудитта қандай түрлері бар екенін олардың бір
бірінен айырмашылығын қарастырдым. Үшінші бөлімде осы аудитторлық фирма
туралы, оның пауда болуы, сертификат алуы және қалай жұмыс істейтіні туралы
қарастырдым.
Аудит Қазақстан Республикасы заңында белгіленген талаптарға сәйкес
қаржылық есеп берудің дұрыстығы мен объективтілігі туралы пікір білдіру
мақсатында заңды тұлғалардың қаржылық қорытынды есебін тексереді.
Аудиторлық қызметтің мәні қаржылық есеп беруді, төлем-есептеу
құжаттамасын тәуелсіз тексеру, түрлі қызметтер мен кеңес беру, бухгалтерлік
есеп жүргізу мен қалпына келтіру, ұйымның активтері мен міндеттемелерін
бағалау, салық декларациясын толтыру, қаржы-шаруашылық қызметке
экономикалық талдау жүргізу бойынша тұтынушыларға қызметтер ұсынатын
аудиторлық фирмалардың (аудиторлардың) кәсіпкерлік қызметі болып
табылуында.
Сонымен, алғашқы аудиторлық фирмалардың құрылтайшы құжаттарында-ақ,
артынан ҚР аудиторлық қызмет туралы заңды көрініс тапқан аудит пен оның
мақсаттары берілді.
Қаржылық есеп беру аудитінің мақсаты – аудиторға қаржылық қорытынды
есепті құрудың белгіленген концептуалдық негізіне сәйкес барлық елеулі
аспектілер бойынша қаржылық қорытынды есептің дайындалғаны жөнінде
қорытынды беру мүмкіндігін беру. Аудит мақсатының стандартты анықтамасына
қарамастан, аудит мақсаты дегенде аудитордың алдына тұтынушы қоятын
мақсатты түсінуіміз керек .
Сапалы тексеруді қамтамасыз ету үшін аудиторлық фирмаларға
бухгалтерлік, заңдық және жалпы экономикалық мәселелер бойынша
бағдарламалық қамтамасыз ету, анықтамалық әдебиет түріндегі толық
ақпараттық база қажет
Аудиторлық фирмалардың маңызды міндеттерінің бірі өз қызметімен қатар
кез келген экономикалық субъект қызметінің рентабельділігін қамтамасыз ету
болып табылады. Аудиторлық жұмыс жоғары біліктілігі, аса көңіл бөлу мен
кәсіпқойлықты талап етеді. Сонымен қатар үлкен табыс пен қызметі
көрсетілген тұтынушылардың көп санына ұмтылу кезінде аудиторлар
клиенттерді таңдамай ала алмайды. Бұл жерде болашақта аудиторлық фирма
беделін түсірмес үшін клиенттерді дұрыс таңдау қажет.
1.Аудит мәні, мақсаты
1.1 Аудиттің мәні мен мағынасы. Тәуелсіз бухгалтер-аудитор кәсібі
өткен ғасырда Еуропаның акционерлік қоғамдарында пайда болған. Мұның өзі
акционерлік қоғамның есептілігіне объективті баға беру, кәсіпорынның
қаржылық жағдайы туралы шынайы деректер алу қажеттілігіне байланысты
болды. Мұндай объективті мәләметтерді кәсіпкерге тәуелсіз маман ғана бере
алады.
Аудит сөзінің өзі латынның audio деген сөзінен шыққан, мұның өзі
сөзбе-сөз ол естиді дегенді білдіреді. Бастапқы ол тыңдаушы деген
сөзді, яғни бірнәрсені тыңдап отырған адамды білдірді. Содан аудармасында
тыңдаушы дегенді білдіретін аудитор сөзі туындаған.
Орта ғасырдағы Еуропада сауатты және жаза білетін адамдар өте сирек
кездескен, сондықтан лауазымды адамдардың есептерін тыңдауға тиіс
қызметшіні аудитор деп атап кеткен.
Сол замандағы адамдар ауызша нысандағы есеп тіпті жазбаша есептен де
жақсы деп шынымен де пайымдаған, өйткені кез келген құжатты жасауға
болады, ал соған бастық-аудитордың қатал көздеріне қарап тұрғанда өтірік
айту мүмкін емес немесе ең болмаса, едәуір күрделі болады деп шешкен.
Аудит пен аудиторлық қызметтің әрекеті мен дамуы әр жеке мемлекетте
қалыптасқан экономиканың деңгейі мен тұрақтылығына байланысты жүзеге асты.
Мәселен Ұлыбританияда бухгалтер-аудиторлар шамамен ХІХ ғасырдың ортасында
пайда болды, ал мұнда міндетті аудит туралы заң 1862 жылы, Францияда 1867
жылы, АҚШ-та 1937 жылы шықты. Ресейде аудитор лауазымы алдымен мүліктік
сипаттағы белгілі даулар мен сотты шиеленістерді аудиторлардың есептік-
ревизиялық және заңдық тұрғыдан шешуі міндетімен 1 Петр әскер мен флот
үшін енгізген болатын. Бірақ олар шағын жеке фирмалар емес, Ресейдің
әскери және теңіз министрліктері жанындағы жоғары ревизиялық әскери
соттар мен тергеушілер болды, олардың қызмет ауқымы Батыстағы жай шағын
аудиторлық фирмаларға қарағанда едәуір кең болды.
Әр елде аудитті ұйымдастырудың өзіндік ұлттық ерекшеліктері болады,
алайда бүкіл әлемдегі аудиторлар тұтастай алғанда сипаты бойынша шамамен
бірдей жұмыстарды орындайды.
Ұлттық дәстүрлер, сондай-ақ аудиторлардың қоғамдық ұйымдары
аудиторлық қызметтің аяқталуы мен дамуында өте үлкен рөл атқарады.
Мәселен, АҚШ-та аудиттің дамуына Америкалық ант берген аудиторлар
институты үлкен ықпалын тигізді.
Аудит бізге де таңсық болды деуге болмайды. Керісінше, шетелдік
есептік-талдау практикасына қызығушылық білдірген бухгалтерлік есеп
жөніндегі мамандар аудиторлық қызмет сияқты құбылыс туралы білген. АҚЩ-ғы
аудиторлық фирмалардың орындайтын қфзметтерін зерттей келіп, олар бұл
қызмет туралы идеяның өзіне ерекше назар аудару керек екенін және оны
қолдану есеп пен өндірісті, басқаруды жетілдіру ісінде үлкен экономикалық
және ұйымдастырушылық әсер беретінін жазды.
Қазақстанда аудит пен аудиторлық қызмет 90-шы жылдардың басында, яғни
меншіктің көпжақты нысандарының әрекет етуіне және халық шаруашылығының
салаларында нарықтық экономиканың дамуына байланысты қалыптаса бастады.
Нарықтық қатынастардың дамуымен қатар бухгалтерлерге кәсіпорындар
мен ұйымдар қызметінің, бухгалтерлік есеп пен есептілікті, салық салуды
жолға қоюдың, өнімнің өзіндік құнын қалыптастыру тәртібінің құқықтық
мәселелерін реттейтін нормативтік құжаттар ағыны келе бастады.
Қолданыстағы нормативтік құжаттарға жиі өзгерістер мен толықтырулар
енгізіледі, олар түрлі себептерге байланысты салық төлеушілердің назарына
жете бермейді. Сондықтан да нормативтік құжаттардың кәсіпорындардың
шаруашылық қызметіне қатысты талаптарын сақтауда тәртіп бұзушылықтар орын
ала бастады. Қайсыбір заң актілерін кәсіпорындардың дұрыс қолдануына
көмек көрсету міндеттері жүктелген органдардың өздері де санының аздығы
мен жүктелген міндеттердің көптігіне байланысты мұндай жұмысқа әзір емес
болып шықты.
Осыған байланысты кәсіпорындардың қызметіне мемлекеттік емес
бақылаудың жаңа нысандарын құру қажеттігі туындады, ол кәсіпорындарда
бухгалтерлік есеп пен есептілікті жақсарту, олардың коммерциялық қызметінің
тиімділігін жоғарылату мақсатымен бухгалтерлік есепті ұйымдастыру және
жүргізу мәселелрі бойынша консультациялар беруді қамтып еді. Яғни
аудитордың қызметіне деген қажеттілік кәсіпорындарды тікелей басқарумен
айналысушылардың, оның қызметіне қаражат салушылардың, сондай-ақ кәсіпорын
қызметінің нәтижелері туралы ақпаратты тұтынушы ретінде мемлекеттің
мүдделерінің оқшаулануына байланысты туындады.
Шынайы ақпараттың қолда бар болуы капитал нарығының қызмет
тиімділігін жоғарылатуға жағдай жасайды және экономикалық шешімдерді
қабылдаудың салдарларын бағалауға және болжауға мүмкіндік береді.
Аудиторлық қызметті тіпті ол міндетті болып табылмайтын жағдайларда
жүргізу сөзсіз, маңызды болып табылады.
Соңғы кездері кейбір кәсіпорындардың басшыларында қалыптасқан пікір
бойынша аудиторлық тексеру – бұл салық және басқа да мемлекеттік бақылау
органдары ұйымдардың шаруашылық қызметіне жүргізетін сол баяғы ревизия.
Ал шындығында, салық тексеруі мен аудиторлық тексеру - мүлдем әртүрлі
заттар. Егер біріншісі салықтардың есептелу дұрыстығын тексеруді және
қателікткр жіберілген жағдайда қаржылық санкциялар салуды өзінің негізгі
міндеті етіп қойса, аудиторлық тексерудің мақсаттары басқа болып келеді.
Аудитор ұйымдағы есеп пен есептіліктің жай-күйін зерттейді,
қателіктерді анықтайды, оларды жою жөніндегі ұсыныстар жасайды, тіпті кейде
оларды түзетуге көмектеседі және түптеп келгенде, бухгалтерлік
есептіліктің дұрыстығы туралы өзінің кәсіби пікірін білдіреді.
Бүкіл әлемдегі өзін сыйлай білетін коммерциялық ұйымдар өздерінің
есептіліктерін міндетті түрде аудитордың қорытындысымен растайды. Сөйтіп
олар есептілікті әлеуетті пайдаланушылардың – құрылтайшылардың,
инвесторлардың, кредиторлардың, банктердің, сатып алушылардың,
жеткізушілердің және т.б. өздеріне деген сенімін арттыра түседі.
Меншік иелері, әсіресе бүкіл ұжымдық меншік иелері – акционерлер,
пайшылар, сондай-ақ кредиторлар кәсіпорынның көптеген және өте күрделі
операцияларының барлығы есептілікте заңды және дұрыс көрсетілгеніне өз
бетінше көз жеткізу мүмкіндігі жоқ, өйткені олардың әдетте есептік
жазуларға рұқсаты және тиісті тәжірибесі жоқ, сондықтан аудиторлардың
қызметін қажетсінеді.
Кәсіпорындардың қызмет нәтижелері және заңдарды сақтауы туралы
ақпаратты тәуелсіз растау мемлекетке экономика және салық салу саласында
шешімдер қабылдауы үшін қажет.
Аудиторлық тексерулер оларды қызықтырып отырған қаржы есептілігінің
дұрыстығын растау үшін мемлекеттік органдарға, судьяларға, прокурор мен
тергеушілерге де қажет.
Қазақстан ТМД елдерінің ішінде бірінші болып аудиторлық қызметті
реттейтін заңды: Қазақстан Республикасының Аудиторлық қызметі туралы
1993 жылғы 18 қазандағы Заңын қабылдады. Бұл заң аудиторлық қызметтің
құқықтық негіздерін белгіледі, нарықтық жүйеде тәуелсіз бақылауды
қалыптастыруға және одан да әрі дамытуға мүмкіндік берді. Осы заңның
қабылдануына байланысты біздің елдегі аудиторлық қызметке мықты құқықтық
негіз жасалды. Бұл заң біздің елімізде аяқтауына және дамуына серпін
берді, оның негізінде елімізде аудиторлық қызмет саласында елеулі
өзгерістер бола бастады. Бір сөзбен айтқанда, ол аудитті өндіру мен дамыту
ісіне өзінің оң ықпалын тигізді.
1998 жылы 20 қарашада Қазақстан Республикасының Президенті
Аудиторлық қызмет туралы жаңа заңға қол қойды. Бұл заң отандық аудиттің
дамуындағы жаңа сатыны ашып берді. Оның қабылдауына байланысты
Қазақстандағы аудиторлық қызмет жаңа сапалық деңгейге өтті. Ол неғұрлым
дербес, үшінші жақтар мен мемлекеттік органдардан тәуелсіз болып келеді.
Аудиторлар үшін халықаралық нормалар мен стандарттарға өту, халықаралық
институттармен қарым-қатынас пен ынтымақтастықты күшейту ісінде жаңа
мүмкіндіктер ашады.
Қазақстан Республикасының Аудиторлар палатасы Қазақстан Республикасы
аудиторларының ұлттық танылған, бұқаралық, кәсіби жалғыз ұйымы болып
табылады. Ол қабылданған Аудиторлық қызмет туралы заңға сәйкес құрылған
және қоғамдық бірлестік ұйымдық-құқықтық нысанмен Әділет министрлігінде
тіркелген.
Аудиторлар палатасы коммерциялық емес, тәуелсіз, кәсіби, өзін-өзі
басқаратын және өзін-өзі қаржыландыратын ұйым болып табылады.
Қазіргі кезде оның қатарында 100-ге жуық аудиторлық фирмалар және
400-ден астам жеке тұлғалар бар. Аудиторлар палатасының өзіндік рәмізі
бар, Палатаның туы бекітілген.
Палатаның жоғарғы органы Аудиторлардың республикалық конференциясы,
жұмысшы органы – Аудиторлар палатасының Кеңесі болып табылады.
Аудиторлар палатасы ЮСАИД бағдарламасының және Карана
корпорациясының қолдауымен өзінің V Республикалық конференциясында аудиттің
36 Халықаралық стандарттарын қабылдады және оларды бекіту үшін Қазақстан
Республикасының Қаржы министрлігіне берді. Қазақстан Республикасы
аудиторларының Этика кодексі әзірленіп бекітілді. Кәсіби аудиторлардың
біліктілік деңгейінің стандарттарын Республикалық және аумақтық
Палаталардың конференциясында құрылған Қазақстан Республикасы
аудиторларының тәуелсіз біліктілік комиссиясы әзірлейді және өмірге
енгізеді. Оның құрамына осы Палаталардың практик және ғылым кәсіби
аудиторлар санына бір-бірден өкілдер кірді. Қазақстан Республикасында осы
Біліктілік комиссиясы ғана өзі туралыЕреженің негізінде аудиторлыққа
үміткерлердің біліктілік деңгецін әлемдік практикада жалпыға бірдей
қабылданған жеті пәе бойынша емтихандар өткізу арқылы анықтайды. Осы
аттестациядан өткен тұлғалар аудитор атты жоғары біліктіліктің
тағайындалғаны туралы куәлікті және біліктілік куәлігінің нөмірі
көрсетілген жеке мөрді алады. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі
реттеуші мемлекеттік орган ретінде аудиторлық қызметті лицензиялаумен
айналысады.
1998 жылы Аудиторлардың республикалық конференциясында Кәсіби
аудиторлар мен бухгалтерлердің институты құрылды.
Қазақстанда ТМД-ның басқа елдеріндегі секілді аудит нарықты
дамытудың шешуші шарттарының бірі болып келе жатқанын айта кету керек,
алайда оның қазіргі қайшылықтары, күйі мен даму келешектері республикалық
экономикалық қиыншылықтарымен ғана анықталмайды, шын мәнісінде, біз оны
зерделеуге және халық шаруашылығының салаларына енгізуге енді ғана
кірістік.
Қазақстан Республикасының Аудиторлық қызмет туралы 1998 жылғы 20
қарашадағы заңында көрсетілгендей:
Аудит аудиторлардың Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген
талаптарға сәйкес қаржы есептілігінің растығы мен жасалу объективтілігі
туралы тәуелсіз пікірді білдіру мақсатымен заңды және жеке тұлғалардың
қаржы есептілігін тексеруін білдіреді.
Аудиттың пайда болуы және дамуы.Қазіргі аудит 19- ғасырдың аяғында
кәсіпорынның жеке заңды тұлға ретінде пайда болу кезінен бастап
өзгерістерге ұшырады. Бұл меншік құқығын басқарудан бөлуге әкелді және
сонның нәтижесінде шешімдерді қабылдаудың күнделікті процесіне қатыспаған
меншік иелерінің акционерлердің акционер мен директор бір адам болып
табылатын шаруашылықты жүргізудің шағын субъектілерінен басқасының құқығын
қорғау қажеттігі пайда болады. Акционерлер басқарушылар мен кәсіпорынның
оларға бағынатын бухгалтерлері ұсынатын қаржылық ақпаратқа ғана сүйене
алмайды. Жиі болатын банкроттық әкімшілік тарапынан болатын алдау қаржылық
салымдар тәуекелін елеулі арттырды. Қаржылық ақпарат дұрыстығын тексеру
және қаржылық есептемені дәлелдеу үшін сенімді кәсіпқой бухгалтерлер
шақырылды.
Аудиторларға қойлатын басты талап оның асқан адалдығы мен
тәуелсіздігі. Басқа жағынан кәсіпорынның өз мүлігі мен атқарылған
шаруашылық операциялар есепке алу, барлық мүдделі жақтар пайдалана алатын
бухгалтерлік (қаржы) есептемені ұсыну міндетті тәуелсіз ведомстводан тыс
қаржылық бақылау – аудит қажеттілігін тудырды. Кәсіпорын қызметін тексеру
заңмен жүктелген салықтық органдар оны қажет жағдайда өз құзіреті
шеңберінде ғана іске асырады. Сондықтан өзіне осы міндеттерді алатын
басқарма немесе қызметті құру қажеттілігі пайда болады.
Бухгалтерлік есеп күрделенуіне байланысты аудитордың кәсіби дайындығы
қажетті шартқа айналып отыр. Осы кезден бастап кәсіби аудиторлар қызметіне
деген қажеттілігі өскені байқалады. Аудиторларды оқыту, аттестациялау және
аудиторлық қызметті реттеуді жүргізетін кәсіби бухгалтерлік ұйымдар пайда
болды .
Барлық елдер кәсіпорындар мен ұйымдардың қызметін бухгалтерлік есеп
аудиторларды бақылау келесідей құрамдар көмегімен іске асырылады:
- салық заңын қамтитын заң;
- бухгалтерлік есеп пен аудит стандарттары, кәсіби органдар
білдіретін пікірлер мен түсіндірмелер;
- қор биржасының талаптары.
Жалпы құқықтық құқық дәстүрлері тән ағылшын тілді АҚШ пен Австралия
сияқты елдерде негізгі акцент заңға емес қаржылық есеп стандарттары бюросы
(АҚШ) секілді кәсіби органдар орнатқан стандарттарға жасалады.
Азамат көдексіне тән құқықтық дәстүрлері бар Еуропа елдерінде және
Жапония мен Африканың кейбір елдері сияқты бухгалтерлік есептің Еуропалық
жүйесіне негізделген бухгалтерлік есеп жүйесіне ие елдерде негізгі акцент
заң мен салықтың талаптарға қойлады.
Көптеген елдерде бухгалтерлер мен аудиторлар топталатын бірінеше
кәсіби ұйымдар бар. Мысалы: Ұлыбритонияда осындай алты ұйым бар.
Көптеген елдерде аудиторлардан келесілердің болуы талап етіледі:
(а) сәйкес кәсіби органға мүше болу;
(ә) практикалық және теориялық емтихандарды не кәсіби органдар не
сәйкес үкіметтік департамент орнататын сәйкес академиялық және кәсіби
біліктілік. Экономика облысы немесе сәйкес пән бойынша университет дәрежесі
жиі талап етіледі;
(б) бухгалтерлік немесе аудиторлық жүйедегі практикалық жұмыстың
жеткілікті тәжірибесі;
(в) қажетті және сәйкес мәртебе, яғни соңғы кезде аудитор қандай
да бір күрделі қылмысқа, әсіресе қаржылық тәртіп бұзушылықпен байланысты
қылмыстарға қатысты болмауы керек.
Компаниялар туралы еуропалық заң директиваларды заң директивалары
Еуропалық одаққа мүше елдер арасында аудит пен бухгалтерлік есепті реттеу
процесін сәйкес үйлесімділікке әкелді. Төртінші директива есеп беру
форматтарын анықтайды, 7-ші консолидация (топтау) мәселелерін, 8-ші
аудиторларға тікелей қатысты мәселелерді қарастырады. Көрсетілген
директивалар мүше елдердің ұлттық заңына алынған минималды талаптарды
сақтайды. Дербес мүше ел талап етілетін сәйкес директивалар шеңберінен
шығатын қосымша талаптарды қабылдай алады, бірақ ол директива қоятын
талаптарды азайта алмайды. Сонымен түрлі мүше елдер талаптары арасында
елеулі ерекшеліктер сақталады.
Аудиторларға қатысты 8-ші директива үкімет аудиторлар қызметінің
ережелері жоғарыда аталған (а) және (в) пунктеріндегі сұрақтарға қатысты
танылатын бақылау органдары арқылы реттеуін талап етеді. Сонымен бірге осы
директиваға сәйкес мүшеліктің танылатын біліктік орган арқылы алынылуын
талап етіледі. Танылатын біліктік органдарының (Ұлыбританиядағы
бухгалтерлер ассоциациясы сияқты) көпшілігі де танылатын бақылау органдары
болып табылады.
Еуропалық одақ шеңберінде, сонымен бірге одан тыс елдердің көпшілігі
өз елінде аудитор ретінде әрекет ету құқығын алған адамдарға жергілікті
тілде баяндалған жергілікті заң мен салық салу мәселелері бойынша емтихан
тапсыру арқылы қабылдаушы елде аудитор ретінде әрекет етуге рұқсат
беретін ережелерге ие. Көрсетілген ережелер өзара мойындау ережелері
ретінде белгілі және басқалармае қатар Бүкіләлемдік сауда ұйымының
бақылау пәні болып табылады. Оларды қызмет көрсетуді сату бойынша бас
келісім (GATS) және Солтүстік американдық еркін сауда ассоциациясымен
(NAFTA) қарастырылып бекітілген. Іс-жүзінде олардың жұмысы күрделі болып
табылады, себебі елдер өзінің меншік біліктілігін қорғау және өз
стандарттарының шетелдік біліктілікпен араласып кетуінен сақтау
мүмкіндігін іздейді.
Қазақстанда аудиттің қалыптасуы мен дамуы.Біздің елімізде аудит дамуы
1987 жылы Инаудит акционерлік қоғамы пайда болуынан басталады. Ол КСРО
Министрлер Кеңесінің арнайы қаулысына сай құрылған. Оның құрылуы елімізде
аудитті ары қарай дамытуға зор ықпал етті.
Акционерлік қоғам КСРО мен шет елдерде әрекет ететін бірлескен
кәсіпорындарға аудиторлық және кеңес беру қызметі болып табылатын заңды
тұлға еді. КСРО Министрлер Кеңесі Инаудит фирмпсына кең құқықтар
берді. Оның ішінде:
• бірлескен кәсіпорындар мен ұйымдардың қаржы-шаруашылық қызметіне
ревизия жасау және тексеру жүргізу;
• бухгалтерлік кітаптар, есептер, жоспарлар, сметалар мен басқа
құжаттарды қолда бар ақша сомалары мен құнды қағаздарды, қолда бар
материалдық құндылықтардың дұрыс жұмсалуын тексеру;
• КСРО Мемлекеттік банкінің мекемелері мен басқа несие мекемелерінен
қажетті ұйымдар мен кәсіпорындар операцияларына солар бойынша шоттар
мен айналымдарға байланысты мәліметтер, анықтамалар, құжаттар
көшірмесін алу;
• Кәсіпорындар мен ұйымдардан есеп беру құжаттамасы мен басқа
құжаттаманы келісілген көлемде алу;
• КСРО мен шет елдерде Инаудит фирмасының жарғысын, балансын, пайдалар
мен зияндар шоттарын, сонымен қатар оның қызметі туралы басқа
материалдарды жариялау.
Шаруашылық есептегі ревизиялық топтармен салыстырғанда жоғары ұйымдық-
құқықтық нысанға ие болғанымен фирма мемлекеттік бақылау органы базасында
құрылды, ал құрылтайшылары министрліктері болды.
Бірегей құрылым ретінде Инаудит сақталмады, ол бірнеше жеке аудиторлық
фирмаларға бөлініп кетті. Оның себептерінің бірі фирмада өз фирмаларын
құруға және басқаруға мүмкіндік туған кәсіпқой мамандар мен нағыз көш
бастаушылардың көп істеуінде болды.
1989-1993 жылдары КСРО-дағы аудиторлық қызмет туралы заң актілерін
қабылдауға ұмтылыс жасалды. Бұл кезеңде елде көптеген коммерциялық ұйымдар,
оның ішінде аудиторлық фирмалар пайда болды. Соңғылары жауапкершілігі
шектеулі серіктестіктер ретінде тіркелді. 1989 жылы ҚазССР-ының Қаржы
министрлігінің бақылау-ревизиялық басқармасы жанында шаруашылық есептегі
ревизиялық топ құрылды. Содан соң оның базасында 1990 жылы үкімет шешімімен
алғашқы Шаруашылық есептегі аудиторлық орталық аудиторлық фирмасы мен
оның аумақтық бөлімшелері ұйымдастырылды. Жинақталған тәжірибе, тұрақты
түрде өскен аудиторлық қызмет көрсету, қандай да бір жәрежеде әлемдік
аудиторлық практика ұсынымы 1992 жылы шаруашылық есептегі орталықты
Қазақстан-аудит тәуелсіз акционерлік аудиторлық крмпаниясына айналдыруға
мүмкіндік берді. Ол республикадағы аудиторлық қызмет көрсету жөніндегі,
меншіктің жеке нысанына негізделген және аудитті үкімет атынан жүргізу
құқығы бар лицензияға ие бірінші тәуелсіз кәсіби компания болып табылады.
Қазақстанда аудиттің қалыптасуы мен оның кең танымал болуына Қазақстан-
аудиттің сіңірген еңбегі зор. Ол республикамызда аудиторлық қызмет туралы
заң жобасын жасаудың негізгі дайындаушысы және оның министрліктерде,
үкімет деңгейінде және парламент комитеттерінде талқылауында бас кеңесші,
сонымен қатар Қазақстан аудиторлары Палатасы жарғысының Жобасының авторы
болды.
Көрсетілген фирманың құрылтайшы құжаттарында көзделді:
• қаржылық есептеменің нақтылығы мен шындығын дәлелдеу мақсатында
кез-келген ұйымдық-құқықты нысандар мен меншік түрлеріндегі
кәсіпорындардың қаржы-шаруашылық қызметіне тексеру жүргізу;
• бухгалтерлік есеп, салық салу және т.б. қамтитын қаржылық,
құқықтық, шаруашылық және коммерциялық қызметтердің түрлі
мәселелері бойынша кеңес беру.
1990 жылдан бастап рынокта Эрнест Янг Сыртқы аудит БК пайда болды.
Ол орналасқан жері және иелігіне қарамастан олардың өтініштері бірлескен
кәсәпорындарға аудиторлық тексерулер жүргізді. Бұл сол кезде Үлкен
алтылыққа енген ірі континент аралық аудиторлық фирма еді.
Қазір Қазақстанда аудиторлық қызмет көрсететін ірі халықаралық аудиторлық
ұйымдар мен жергілікті аудиторлық фирмалар өз қызметтерін дамытуда.
Қазақстан Республикасының Қаржы министрінің 05.04.2001 жылғы №173
Аудиторлық ұйымдар мен кредиттік рейтингтік агенттіктер тізімін бекіту
туралы бұйрығымен жыл сайын ұйымдар аудитін жүргізу және кредиттік
рейтингті ҚР Үкіметінің 2001 жылғы 28 ақпанындағы №290 Кейбір
акционерлік қоғамдар мен республикалық мемлекеттік кәсіпорындар (ұлттық
компаниялар) қызметін тиімді басқару мен бақылауды ұйымдастыру жөніндегі
шаралар туралы қаулысына сәйкес дәлелденген.
1.2Аудиттің пәні, мақсаты мен міндеттері. Аудит басқа экономикалық
ғылымдар сияқты шаруашылық субъектісінің қызметі барысында қалыптасатын
өндірістік қатынастарды зерттейді. Бірақ ол бұл қызметтің белгілі бір
дербес жағын зерттейді, мұның өзі оның пәнін құрайды.
Бухгалтерлік есептілік пен шаруашылық жүргізуші субъектінің қызметі
туралы басқа экономикалық ақпаратты олардың толықтығын, дәлдігін және
растығын тиімді бағалау мақсатымен шарттық және құпиялық негізде, тәуелсіз
сараптау мен талдауды жүзеге асыру, тапсрырыс берушіге кәсіпорынның шынайы
қаржы жағдайы мен оның қаржылық болжамдарының мүмкіндігі туралы білікті
қорытынды жасап беру, сондай-ақ ішкі бақылаудың жағдайын, қабылданған есеп
саясатының қолданыстағы заңдар мен нормативтік актілерге сәйкестігін
тексеру, клиенттерге оларды қызықтыратын мәселелер бойынша
консультациялық қызметтер көрсету аудиттің пәні болып табылады.
Аудиттің объектісі шаруашылық жүргізуші субъекті қызметінің қаржылық
жағы болып табылады. Аудитор тексерілушіден қолда бар есеп және басқа да
қаржы құжаттарын талап етуге құқылы.
Аудиттің басқа пәні - өндірістік, шаруашылық қызмет. Ол аудиторлық
тексеру өндірістік шығындар мен алынған түпкілікті нәтижелерді бағалаудан
тұрады. Бұл ретте ол өндіріс пен еңбектің ұйымдастырылуын, өндірістік
ресурстарды тиімді пайдаланудың қамтамасыз етілуін тексереді, шаруашылық
субъектісінің жұмысындағы кемшіліктерді түбегейлі талдайды және тексеріліп
отырған кәсіпорын қызметінің экономикалық тиімділігін арттыруға
бағытталған нақты ұсыныстарды әзірлейді.
Аудиттің тағы бір объектісі – шаруашылық субьектісінің бүкіл
қызметінің экономикалық тиімділігі. Кәсіпорынның жұмысындағы белгілі бір
басқарушылық шешімдердің салдары болған кемшіліктерге талдау жасалады.
Аудиттің келесі объектісі – қаржы–экономикалық тәртіп. Кәсіпорын -ның
немесе саланың қаржылық және экономикалық дамуының негізгі бағыттары
зерттеледі. Аудиторлардың ұсыныстары кейбір үрдістерін мақұлдаумен немесе
мақұлдамаумен ұштасады.
Аудиттің мақсаты мен міндеттері өте ауқымды.
Аудиттің негізгі мақсаты экономикалық субьектілердің бухгалтерлік
есептілігінің растығын және олар жасаған қаржылық және шаруашылық
нормативтік актілерге сәйкестігін анықтау болып табылады. Аудиттің мақсаты
заңдармен, аудиторлық қызметті нормативтік реттеу жүйесімен, аудитор мен
клинттің шарттық міндеттемелерімен белгіленеді.
Бухгалтерлік есептілік аудитінің мақсаты барлық мәнді қатынастарда
экономикалық субъектінің бухгалтерлік есептілігінің растығы туралы
аудиторлық ұйымның пікірін қалыптастыру және білдіру болып табылады.
Аудиттің негізгі мақсаты қаржылық ресурстарды дұрыс пайдаланудың
резервтерін ашып беру, салықтардың есептелу дұрыстығына талдау жасау,
кәсіпорынның қаржылық жағдайын жақсарту, қызметтің шығындары мен
нәтижелерін, кірістер мен шығыстарды оңтайландыру жөніндегі шараларды
әзірлеу жөнінде клиентпен келісілген міндеттермен толықтырылуы мүмкін.
Консатингтік қызметті жүзеге асырған кезде аудиттің мақсаты аудиторлық
фирманың клиенттерінің коммерциялық қызметі жақсаруы үшін жоғары сападағы
конслтингтік қызметтер көрсету болып табылады.
Аудиторлық қызмет басқа кез келген коммерциялық қызмет секілді
жоғары табысты болуға тиіс. Бұл мақсаттарға қол жеткізу үшін
аудиторлардың алдына мынадай негізгі міндеттер қойылады:
1. Кәсіпорынның қаржы есептілігінің дұрыстығын қамтамасыз ету,
сөйтіп қаржы есептерін пайдаланушылар үшін ақпараттық
тәуекелді қолайлы деңгейге дейін азайту.
2. Шешімдер қабылдау үшін қисынды түрде негізделген базаны
құруға мүмкіндік беретін жеткілікті дәрежедегі құзыретті
мәмілелерді жинау және бағалау.
3. Кәсіпорынның экономикасын немесе оның қызметінің белгілі бір
түрін, мысалы инвестициялық, маркетингтік және т.с.с.
қызметін жүйелі түрде және жан-жақты талдау.
4. Кәсіпорын қызметінің оның жарғысына сәйкестігін, кәсіпорын
жасаған бизнес-жоспардың негізділігін тексеру.
5. Кәсіпорынның шаруашылық қызметін реттейтін заңдардың
сақталуын бақылау, бухгалтерлік есепті жүргізу, есептілікті
жасау және мемлекеттік органдар мен меншік иелерін
шаруашылық жүргізуші субъектінің қаржылық жағдайы туралы
ақпаратпен қамтамасыз ету.
6. Бастапқы құжаттарды тексеру, олар арқылы шаруашылық
операцияларының шын мағынасына сәйкестігі анықталады. Бұл
ретте операциялардың өздерінің қолданыстағы заңдар мен
заңдық нормативтерге сәйкестігін бақылау жүзеге асырылады.
7. Клиенттерге бухгалтерлік есепті жүогізуді дұрыс ұйымдастыру
бөлігінде және клиенттерді қызықтыратын басқа мәселелер
бойынша консультациялық басқа қызметтер көрсету.
8. Клиенттің меншігінің нығаюына жіне көркеюіне ықпал ету.
Аудиттің негізгі міндеттері осындай.
Ішкі аудит кезінде ақпараттық базаның кеңеюіне және талдау
рәсімдерінің басым жерлерінің өзгеруіне байланысты олардың саны өседі.
Аудиттің негізгі принциптері. 1995 жылғы шілде айында аудиторлар
Палатасының кезектен тыс конференциясында Қазақстан Республикасы
аудиторлардың Этикалық кодексі қабылданды. Ол кодекстің жобасын Прайс
Уотерхаус ЛЛП кеңен берушілерінің ресми демеушісі болып табылатын Капитал
рыногы ЮСАИД бағдарламасының қолдауымен Қазақстан аудит акционерлік
компаниясы жасады.
Аудиторлар палатасының Кеңесі бұл кодекстің нормативтік акт ретінде
күші бар екендігін және оны орындауға Қазақстан территориясында жұмыс
істейтін аудиторлық фирмалар мен аудиторлар міндетті екендігін атап
көрсеткен.
Этика – адамзаттың таңдау мәселелерін, адамдар басшылыққа алатын
жақсы және жаман стандарттары, және де ең соңында ол талпынатын
жақсылықтарды жүйелі түрде зерттеумен айналысатын филисофия саласы.
Этиканың үш элементі:
• Шешімдерді таңдау мәселелері;
• Моральдық принциптер;
• Шешім қабылдаудың салдарлары.
Қазақстанда қабылданған этикалық кодекс төмендегілерді белгілейді:
• Аудиторлардың мінез – құлық стандарттарын;
• Жалпы мақсаттарға қол жеткізу үшін аудиторлар сақтауға тиісті
негізгі прициптері.
Кодекстің кіріспе бөлімінде қоғамның қажеттіліктерін қанағаттандыруда
жоғарғы деңгейдегі тиімділікке қол жеткізу үшін өте биік кәсіби нормаларға
сәйкес жұмыс атқару болып табылатын аудитор кәсібінің мақсаты анықталған.
Бұл негізгі төрт талаптың сақталуын болжайды: дұрыстық, кәсіби біліктілік,
қызметтің сапасы және сенім.
Аудитордың алдында тұрған мақсатқа қол жеткізу үшін бірқатар
шарттарды немесе принциптерді орындау қажет:
Адалдық. Аудитор өзінің кәсіби міндеттерін орындауда адал болуға
тиісті.
Әділдік.(объективтілік). Аудитор әділ болуға және жоқ нәрсеге
сену, қате түсінік тағы сол сияқты факторлардың әділдікке әсер етуіне жол
бермеуге тиісті.
Кәсіби біліктілік. Аудитор қызмет көрсетуге келісерде, бұл
тапсырманы орындау үшін өзінің кісіби білім деңгейінің, тәжірибесінің
жеткілікті дәрежеде екендігіне сенімді болуға тиісті, олай болмаған
жағдайда ол мұндай тапсырманы орындаудан бас тартуға тиісті.
Аудитор кәсіби қызметін үлкен ықыласпен, жетік біліммен, ынта
жігермен көрсетуге тиісті. Онда әрдайым кәсіби білімін және тәжірибесін
шыңдауға деген, клиентке қазіргі заманғы іс – тәжірибе мен заңдарға
негізделген білікті қызмет көрсетілетіндігіне
Кепілдік беру үшін оларды тиісті талап деңгейінде ұстап тұруға деген
қажеттілік болуға тиісті.
Құпиялықты сақтау. Тексеру нәтижесін меншік иесіне немесе
тексеруді белгеліген органға беру сияқты жағдайларды есепке алмағанда,
тексерілетін субъектінің рұқсатынсыз кәсіби қызмет көрсету барысында
алынған ақпараттарды, коммерциялық құпиямен қолдунуға, жария етуге құқығы
жоқ.
Кәсіби мінез құлық. Аудитор өз кәсібінің беделін түсіретін мінез
құлықтардан аулақ болуға тиісті, яғни оның мінез құлқы осы кәсіптін
беделіне сай іс - әрекеттерге сәйкес болуға тиісті.
Кәсіби стандарттар. Аудитор кәсіби қызмет көрсетуді зандық және
нормативтік актілерде қабылданған тиісті кәсіби стандарттарға сәйкес
қарастыруға тиісті. Аудиторлар адалдыққа, әдідікке және тәуелсіздікке
жанаспайтын кез – келген мүдделерден азат болып табылады және болуға тиісті
де.
Ұлыбританияның аудиторлық іс – тәжірибе жөніндегі кеңесі
аудиттің негізін қалаушы прициптеріне қосымша төмендегілерді қарастырады.
Ой – пікір. Аудитор сенімді (дұрыс) кәсіби ой – пікірлерді
қолдануға тиісті.
Есеп беруге міндеттілік. Аудитор сол мезгілде шарушылық
процесстің басқа қатысушыларының мүддесін ескере отырып акционерлердің
мүддесі үшін көбірек әрекет жасауға тиісті.
Коммуникация (қатынас). Аудиторлар өздерінің ой – пікірлерін
білдіру үшін мәселені толық түсінуге қажеттілердің барлығын ашуға тиісті.
Аудиторлар, егер оларға өтірік алдау, заңды немесе кәсіпорын сақтауға
тиісті басқа да ережелерді бұзу фактілерді белгілі болса, қоғамдық мүдде
үшін тиісті деңгейдегі билік органдарына мәлімдеме жасай алды.
Қазақстан Республикасының Аудиторлық қызмет туралы заңында
аудитордан қандай біліктілік деңгейі талап етілетіндігі және аудитор
біліктілігін алганнан кейін оның қандай қызметті жүзеге асыра алатындығы
айқындалған.Кәсіптік ереже – нұсқаулар көбірек нақтыланған: аудитор тиісті
біліктілікке ие болып ғана коймай сонымен бірге ол этикалық нормаларды
сақтауға және оларға ие болуға тиісті.
Аудитор үшін этикалық нормалар ережелер жинағының, аудит
стандарттары мен нормативтерінің талаптарын міндетті түрде
қанағаттандырудан, сондай – ақ жоғары деңгейдегі кәсіби білімін көрсеткен
және өзінің міндеттерін орындаудан тұрады. Аудитор моральдық және өнегелік
нормаларын қолдануға, өзінің әріптестерін клиенттеріне, тапсырыс
берушілерге және т.б. тілектес болуға тиісті.
Аудитор мен клиент – тапсырыс берушінің арасындағы өзара қарым –
қатынас тілектестік және аудиторлық тексеру бойынша шығындардың орнын
толтыру негізінде құралады. Олардың арасыдағы даулы мәселелер өзара жол
беру және келісімге келу арқылы немесе сот шешімімен шешілуі мүмкін. Клиент
– тапсырыс беруші мен аудитор бірін – бірі өз бетінше таңдауға құқылы.
Тексеру жүргізу бойынша аудитордың шығындары келісім – шартқа сәйкес
төленеді.
Кәсіпорын басшысы мен басқадай лауазымдық тұлғалардың аудиторлық
тексеру процессіндеге міндеттері төмендегілерден тұрады:
- Аудиторлық фирманың (ұйымның) жұмыскерлеріне аудиторлық тексеруді
өз уақытында және сапалы өткізу үшін жасау, бухгалтерлік есептің
барлық құжаттарын, кадр, қаржы – шаруашылық және басқа мәселелер
бойынша бұйрықтарды, жабдықтау, тұтыну келісім – шарттарын дайындап
беру, сондай – ақ аудитордың сұрауы бойынша ауызша немесе жазба
түрде түсінік беру.
- Аудиторлық тексеру жүгізу процессінде анықталған бухгалтерлік есеп
жургізу мен қаржылық қорытынды есепті құру тәртібінің бұзылуын
жедел турде жою.
- Аудиторлық тексеру жүргізу кезінде анықталуға жататын сұрақтардың
шеңберін шектеу мақсатында кез – келген іс - әрекетке баруға тиым
салынады.
Аудитор (аудиторлық фирма) төмендегі құқықтарға ие бола алады:
• Республикадағы заң актіларінің, аудит стандарттарының, сонымен
бірге кәсіпорынмен арада жасалынған келісімнің нақты
шарттарының талаптары негізінде аудиторлық тексерудің әдістері
мен нысандарын (аудиттің жоспарын) анықтай алады;
• Кәсіпорынның қаржы – шаруашылық қызметі бойынша құжаттарды, қаржылық
құралдардың, бағалы қағаздардың, тауарлы – материалдық босалқылардың нақты
бары туралы құжаттарды толық тексеруді жузеге асыра алады, сондай – ақ
тексеру жүргізу барысында туындаған сұрақтар бойынша түсініктеме және
қосымша анықтамалар немесе мәліметтер ала алады;
• Тексеру жүргізілген шаруашылық жүргізуші субъект талап етілген
құжаттармен қамтамасыз етпеген жағдайда, сонымен бірге тексеру
жүргізуге тапсырма берген мемлекеттік органдар аудитордың жеке
басының және оның жанұясы мүшелерінің қауіпсіздігін (ондай
қажеттілік туындаған болса) қамтамасыз етпеген жағдайда
аудитордың тексеру жүгізуден бас тарта алады;
• Аудиторлық тексеруді жүзеге асыру үшін қажетті мәліметті
жазбаша сұрақ беру арқылы оның ішінде тексеруді жүктеген
мемлекеттік органдардың ықпалы арқылы, үшінші жақтан ала
алады, сондай – ақ аудит өткізуге қатысуға келісім – шарт
негізінде басқа фирмалардан (ұйымдардан) кәсіби аудиторларды
шақыра алады;
Аудитордың (аудитордық фирманың) міндеттері:
• Келісілген жұмыс жоспары және келісім шарттарға сәйкес аудиторлық
тексеруді жүзеге асыру;
• Аудиторлық тексеруді жоғары деңгейде өткізу, сондай – ақ басқа да
аудиторлық қызмет көрсету;
• Аудит өткізілген субъектіден алынған және аудит өткізу кезінде
толтырылған құжаттардың сақталуын қамтамасыз ету және олардың мазмұнын
тапсырыс беруші – клиенттің рұсатынсыз жария етпеу (заң актілерінде
қарастырылған жағдайларды қоспағанда);
• Аудиторлық жұмыстардың көлемі үлкен болған жағдайда оған қатысуға
басқа аудиторларды (мамандарды) шақыру. Тапсырыс беруші - клиентке
өзінің туыстық, лауазымдық және экономикалық байланыстарды
болғандықтан, сондай – ақ аудиторлық қызметпен айналысуға лицензиясы
болмағандықтан, бұл тексеруді жүргізуге өзінің қатынаса алмайтындығын
хабарлау;
Тексерілетін кәсіпорын аудитордан (аудиторлық фирмадан) аудиторлық
тексеру жүргізуге қатысты заңның талаптары, екі жақтың құқықтары мен
міндеттері жөніндегі ақпараттарды, ал аудитор (аудиторлық фирма)
танысқаннан кейін – аудитордың қорытынды пікірлері мен ұсыныстары
негізделетін заңдық және нормативтік актілер туралы ақпараттарды алуға
құқылы.
Аудиторлық тексеру төмендегі жағдайларда жүргізіле алмайды:
• Егер аудитор тексеру жүргізілетін шарушылық жүргізуші субъектінің
құрылтайшысы, иесі, акцияларының иесі, басшысы және басқа лауазымды
қызметкері болса, сонымен бірге туыстық қатынасы немесе бухгалтерлік
есептің құпиялығын сақтауға жауапты болса;
• Егер аудитор немесе аудиторлық фирма тексеру жүгізілетін шарушылық
жүргізуші субъектіге бухгалтерлік есепті қалпына келтіру (қателерді
түзету) және жүргізу бойынша, сонымен бірге қаржылық қорытынды есепті
құру бойынша қызмет көрсеткен болса;
• Егер тексеру жүргізілетін субъект аудиторлық фирманың ( ұйымның)
еншілес серіктестігі болып табылатын болса немесе ол кәсіпорынның
капиталында сол аудиторлық фирманың үлесі болса.
1.3Аудитордың қызметтері. Аудиторлық қызмет дегеніміз – аудиторлар мен
аудиторлық ұйымдардың қаржы есептілігіне аудит жүргізу жөніндегі
кәсіпкерлік қызметі. Аудиторлар мен аудиторлық ұйымдар, қаржы есептілігн
аудиттеуден басқа өз қызметінің профилі мынадай қызметтерді көрсете
алады:
- Бухгалтерлік қызметті ұйымдастыру, қалпына келтіру және жүргізу,
қаржы және статистика есептіліктерін жасау:
- Салықты жоспарлау, бюджетке төленетін міндетті төлемдерді есептен
шығару, салық декларациясын толтыру;
- Қаржы-шаруашылық қызметіне талдау жасау;
- Қаржылық, салықтық, банктіе және өзге де шаруашылық заңдарының
мәселелері бойынша консультация беру және ақпараттық қызмет
көрсету;
- Қосымша кәсіби білім ретінде бухгалтерлік есепке, аудитке және
қаржы-шаруашылық қызметін талдауға оқыту;
- Оқытушылық, ғылыми қызмет;
- Бухгалтерлік есепті автоматтандыру жөнінде ұсыныстар жасау, есепті
автоматтандырылған түрде жүргізуге оқыту;
- Ғылыми әзірлеме, бухгалтерлік есеп, салық салу, шаруашылық құқық
бойынша әдістемелік оқулықтар, ұсыныстар шығару;
- Бизнесті бағалау;
- Бағалау қызметі;
- Бағалы қағаздар нарығындағы қызмет;
- Адвокаттық қызметпен байланысы жоқ заңдық қызметтер көрсету.
Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес қызметтердің жекелеген
түрлерін көрсету тиісті лицензиялар алу талап етеді, аудиторлар мен
аудиторлық ұйымдар мұндай лицензиясыз ол қызметтерді көрсету құқылы емес:
1. Аудиторлық қызметті жүзеге асыруға арналған лицензиясы бар
аудиторлар мен аудиторлық ұйымдар аудиторлық қызметті жүзеге
асыруға құқылы.
2. Аудиторлар мен аудиторлық ұйымдарға осы бапта көзделмеген
кәсіпкерлік қызметтің өзге түрлерімен айналысуға тыйым салынады.
Яғни лицензияның болуы аудитті жүргізуге қойылатын бірегей талап болып
табылады.
Тағы бір міндетті шарт аудитордың тәуелсіздігі болып табылады.
Аудитордың тәуелсіздігі:
- Аудитор мен клиент арасындағы шарттық қатынастармен, мұның өзі
аудитордың өз клиентін еркін таңдауына және қандай да бір
мемлекеттік органдардың нұсқауынан тәуелсіз болуына мүмкіндік
береді;
- Клиентке белгілі болған кемшіліктерін жойғанға дейін аудиторлық
қорытынды беруден бас тарту мүмкіндігімен;
- Клиентпен туыстық немесе іскерлік қатынастар болған кезде
аудиторлық қызмет бойынша шарттық қатынастардан астам болатын
аудиторлық тексерудің мүмкін еместігімен;
- Аудиторлар мен аудиторлық фирмаларға аудиторлық, консультациялық
және заңдармен рұқсат етілген басқа қызметтермен айналысуға тыйым
салумен белгіленеді.
Нарықтық қатынастар жағдайында көптеген кәсіпорындар, банктер,
сақтандыру компаниялары, көлік және коммерциялық ұйымдар мүлікті пайдалану,
жұмыстар мен қызмет көрсетулерді орындау, коммерциялық организацияларды
ақша қаражаттары мен инвестициялардың займын жүргізу бойынша сан алуан
келісім-шарттық (келісімді) қатынастарға түседі. Қажетті ақпаратты алудағы
мәмілеге қатысушылар арасындағы осы қатынастардың нақтылығын тексеру
нәтижесінде тек тәуелсіз аудитор ғана дәлелдей алады.
Жеке және ұжымдық меншік иелері-акционерлер, жарнашыьар (пай иелері),
сонымен қатар кредиторлар өз қызметтерінің саласында барлық көптеген
қаржылық және шаруашылық операциялардың заңға сәйкес орындалғанына және
жылдық есептерде дұрыс көрсетілгеніне өз бетімен көз жеткізу мүмкіндігінен
айырылған. Ұйым қызметі мен оның заңды орындалуын тәуелсіз аудиторлық
тексеру мемлекетке де экономика, қаржыландыру, несие беру, инвестициялау
және салық салу саласында қажетті шараларды қабылдау үшін қажет, жекелеген
кәсіпорындар, ұлттық экономика салалары мен аймақтар бойынша жүргізілетін
аудиторлық тексерулер өздерін қызықтыратын қаржылық есептеме нақтылығын
дәлелдеу үшін республиканың мемлекеттік органдары, министрліктер мен
ведомствалар, соттар, прокуратураға және басқаларға қажет.
Аудиторлық қызметтің негізгі міндеті экономикалық субъектінің қаржы-
шаруашылық қызметін реттейтін заңның сақталуын, буғгалтерлік есептің
жүргізілуін, қорытынды есепті құруды және пайдаланушыларды қаржылық жағдай
туралы ақпаратпен жабдықтауды сапалы тексеруді қамтамасыз етуде болып
табылады. Іскерлік ортада қорытынды есеп беру мәліметтері аудиторлық
қорытындымен дәлелденбеген кәсіпкерлерге сенім аз болады.
Сонымен қатар аудиторлық қызмет көрсетуді кеңейту саласында маркетингтік
зерттеулерді жүйелі жүргізу де аудиторлық фирмпның міндеті болып табылады.
Қазір Қазақстандағы, әсіресе, үлкен қалалардағы аудиторлық фирмалар саны
күрт өсуде. Бұл нарық жағдайында бәсеке өсуіне әкелетін дұрыс құбылыс.
Аудиторлық қызмет көрсетудің сан алуандығы аудиторлардың қызметтің белгілі
бір саласында мамандануына әкеледі. Қазақстанда акционерлік қоғамдардың
аудиті, сақтандыру компанияларының аудиті, банктік аудит бөліп көріне
бастады.
Қаржылық есеп беруді тексеруден басқа аудиторлық фирмалар басқа да
қызметтерді көрсете алады. Аудиторлық қызмет туралы заңның 2-бабына
сәйкес аудиторлар мен аудиторлық ұйымдар қаржылық есеп беру аудитінен
басқа өз қызметінің профилі бойынша төмендегі қызметтерді көрсете алады:
• Бухгалтерлік есепті ұйымдастыру, қалпына келтіру және жүогізу,
қаржылық және статистикалық қорытынды есепті құру;
• салықтық жоспарлау, бюджетке міндетті төлемдерді есептеу, салық
декларациясын толтыру, қаржы-шаруашылық қызметті талдау;
• қаржылық, салықтық, банктік және басқа шаруашылық заңының мәселелері
бойынша кеңес беру және ақпараттық қызмет көрсету;
• қосымша кәсіби білім беру ретінде бухгалтерлік есеп, салық есебі,
қаржы-шаруашылық қызмет аудиті мен талдауына оқыту оқытушылық, ғылыми
қызмет;
• бухгалтерлік есепті автоматтандыру бойынша ұсыныстар, есепті
автоматты жүргізуге оқыту;
• бағалы қағаздар рыногындағы қызмкт;
• адвокат (қорғаушы) қызметімен байланысы жоқ заң қызметтерін көрсету.
Бухгалтерлік есепті жүргізу және қалпына келтіру. бухгалтерлік есеп
пен қаржылық есеп беру туралы заңға сәйкес бухгалтерлік қызметі жоқ
ұйымдарда есепті келісм –шарт негізінде арнаулы ұйымдар жүзеге асыра
алады. Осындай ұйымдардың бірі аудиторлық фирмалар болып табылады.
Аудиторлық қызмет туралы заңның 20-бабында атап көрсетілгендей,
бухгалтерлік есепті жолға қою, қалпына келтіру, жүргізу, сонымен қатар
аудит жүргізіліп отырған кезеңдегі қаржылық қорытынды есепті құру бойынша
қызмет көрсеткен аудиторға кәсіпорынның қаржылық қорытынды есебінің
дұрыстығы туралы қорытынды беруге тыйым салынады. Ол қызмет көрсетудің осы
түріне қойылған шектеу болып табылады.
Есепті жүргізу үшін аудиторлық фирма тұтынушы үшін есеп саясатын
дайындайды, бухгалтерлік есеп шоттарының жұмыс жоспарын, қосалқы шоттар
тізімін қалыптастырады, аналитикалық (талдамалық) шоттар мен регистрлерді
таңдауды жүзеге асырады, шоттарды жүргізу нысанын ұсынады.
Тұтынушының тілегі бойынша аудиторлық фирмалардың қызметкері жұмысты
тікелей оның кеңсесінде орындайды. Егер тұтынушыда ұйымдастыру
техникаларын сатып алуға жеткілікті қаражаттар болмаса және аудиторлық
фирма қызметкерлерінің жұмысы үшін жағдай жоқ болса, онда бастапқы
құжаттарды толтыра отырып, оларды ары қарай өңдеуді, тізімдерді жүргізуді
аудиторлық фирмаға тапсырады.
Бухгалтерлік есепті қалпына келтіру белгілі бір кезең бойынша
жүргізіледі және бір реттік сипатта болады. Қызмет көрсетудің осы түрін
көрсету үшін аудиторларға барлық бастапқы және басқа құжаттар қажет
болады.
2 Аудиттің түрлері
2.1. Аудит түрлерінің жіктелуі. А.Д. Шеремет пен В.П. Суйцтың аудит
бойынша екінші қайтара шығарылған оқулығында аудит түрлері сараланып
беріледі. Осы жіктелімге сай аудит төмендегі түрлерге бөлінеді.
РсКритерийлер Түрлері
1 Ақпаратты 1. сыртқы
пайдаланушыларға 2. ішкі
қатысты
2 Заң талаптарына қатысты 1. міндетті
2. бастамашылық (ерікті)
3 Аудит объектілері бойынша банктік аудит
сақтандыру компанияларының аудиті
биржалар, инвестициялық институттар
мен зейнетақы қорларының аудиті
жалпы аудит
мемлекеттік аудит
4 Тағайындалуы бойынша қаржылық есеп беру аудиті
салықтың аудиті
сәйкестік аудиті
операциялық аудит
арнайы (экологиялық, операциялық
және т.б.)
5 Жүзеге асырылу мерзімі бойынша бастапқы
келісілген
6 Тексеру сипаты бойынша дәлелдеуші
жүйелі бағытталған
тәуекелдікке негізделген аудит
Қазіргі кезге дейін сыртқы аудит мәселелері қарастырылды.Сондықтан
бұл тарауда ішкі аудитті ұйымдастыру мәселелерін қысқаша баяндайық. Себебі
бұл сұақ Аудиттің басқа түрлері тарауында қарастырылады. Ішкі аудит
басқару есебінің бөлінбес және маңызды элементі болып табылады. Ішкі
аудитке деген қажеттілік жоғары басшылық барлық басқару құрылымдары
қызметін күнделікті бақыламауына байланысты ірі кәсіпорындарды пайда
болады. Ішкі аудит осы қызмет туралы ақпарат беріп, менеджерлер есебінің
нақтылығын дәлелдейді. Ең алдымен ішкі аудит ресурстарды жоғалтуға жол
бермеуге және кәсіпорын ішіндегі қажетті өзгерістерді іске асыру үшін
қажет.
Ішкі аудиторлардың белгілі бір қызметін басшыға немесе директорлар
кеңесіне немесе акционерлер жиналысына бағынатын ірі кәсіпорындардың
тексеруші топтары орындайды. Ішкі аудиторлар қызметі кеңірек және оған
ентіндер:
• активтердің жағдайын бақылау: шешім қабылдау кезінде басшылық
пайдаланатын ақпараттың дұрыстығын дәлелдеу;
• жүйеішілік бақылау процедураларының орындалуын дәлелдеу;
• Ішкі бақылау жүйесінің қызмет етуі мен ақпараттарды өңдеудің
тиімділігін талдау;
• Басқарушы ақпараттық жүйе беретін ақпараттардың сапасын бағалау.
Сонымен ішкі аудит шеңберінде активтердің сақталуын жан-жақты бақылау
ғана емес, менеджмент саясаты мен сапасын бақылау да жүзеге асырылады.
Сыртқы аудитті ұйымға тапсырыс беру (шарт жасасу) негізінде сыртқы
тәуелсіз аудиторлар, аудиторлық фирмалар жүзеге асырады. Сыртқы аудиттің
тағы ерекшелігі аудиторлардың тексерілетін кәсіпорынға мүддесі жоқтығында
және құрылтайшы, меншік иесі, акционер, басшы жіне басқа лауазымды адамдар
болмауында, ұйым басшылығымен туыстық қатынаста (ата-анасы, жұбайы, аға-
інісі, апалы-сіңлілі, ұл-қыздары) тұрмайтындығында және қызметтік
қатынаста байланысы жоқтығында болып табылады.
Сыртқы аудитті жүргізу нәтижелері тексерілетін ұйымдардағы есеп, ішкі
аудит жағдайы және қаржылық есеп берудің дұрыстығы туралы қорытынды жасау
және ұсыну арқылы рәсімделеді.
Заң талаптарына ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz