Африка халықтарының этникалық-лингвистикалық құрамы



Африканың көпетегн тілдері ғылыми тұрғыдан аз зерттелген, бұл оларды классификациялауда қиындата түседі. Бір-біріне жақын тілдерді біріктіріп тілдік семьялар мен топтар неғұрлым тиянақты бөліп көрсетілген.
Бүкіл Солтүстік Африканы, Солтүстік Шығысының едәуір бөлігін, сондай-ақ ішінара Шығыс және Батыс Тропикті семит-хамит немесе Африка-Азия тілдерінде сөйлейтін (континент халқының үштен бірінен көбі) семьялар халықтары қоныстанған, бұл семьялар өз ішінде төрт топқа: семит, бербер, кушит және чад топтарына бөлінеді. Семит тіл тобы кіші екі топқа: араб (80 млн. адамнан астам) және эфиоп (20 миллиондай адам) топтарына жіктеледі. Араб тілі диалектілерінде Египеттің, Магрибтің үлкен бөлігі – Ливияның, Тунистің, Алжирдің, Марокконың халықтары сөйлейді. Ол, бұдан басқа, Мавританияда, Судан территориясының үлкен бөлігінде, ішінара Мали, Нигер, Чад және көшпелі араб тайпалары мекендейтін басқа елдерге таралған. Екінші кіші топ тілдерінде негізінен Эфиопия халықтары – амхар, тигре, тиграй және басқалары сөйлейді.
Бербер тобы тілдерінде негізінен Солтүстік Батыс Африка халықтары – кабиль, риф, шлех, шавийя, тамазигт, зенега және басқалары сөйлейді. Оған, бұдан басқа, Орталық Сахараның кең байтақ кеңістінінде көшіп жүретін туарифтер тайпасы да жатады. Бербер тілдес халықтар жалпы алғанда, 9 миллиондай адам.

Пән: География
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 7 бет
Таңдаулыға:   
Африка халықтарының этникалық-лингвистикалық құрамы.
Африканың көпетегн тілдері ғылыми тұрғыдан аз зерттелген, бұл оларды
классификациялауда қиындата түседі. Бір-біріне жақын тілдерді біріктіріп
тілдік семьялар мен топтар неғұрлым тиянақты бөліп көрсетілген.
Бүкіл Солтүстік Африканы, Солтүстік Шығысының едәуір бөлігін, сондай-
ақ ішінара Шығыс және Батыс Тропикті семит-хамит немесе Африка-Азия
тілдерінде сөйлейтін (континент халқының үштен бірінен көбі) семьялар
халықтары қоныстанған, бұл семьялар өз ішінде төрт топқа: семит, бербер,
кушит және чад топтарына бөлінеді. Семит тіл тобы кіші екі топқа: араб (80
млн. адамнан астам) және эфиоп (20 миллиондай адам) топтарына жіктеледі.
Араб тілі диалектілерінде Египеттің, Магрибтің үлкен бөлігі – Ливияның,
Тунистің, Алжирдің, Марокконың халықтары сөйлейді. Ол, бұдан басқа,
Мавританияда, Судан территориясының үлкен бөлігінде, ішінара Мали, Нигер,
Чад және көшпелі араб тайпалары мекендейтін басқа елдерге таралған. Екінші
кіші топ тілдерінде негізінен Эфиопия халықтары – амхар, тигре, тиграй және
басқалары сөйлейді.
Бербер тобы тілдерінде негізінен Солтүстік Батыс Африка халықтары –
кабиль, риф, шлех, шавийя, тамазигт, зенега және басқалары сөйлейді.
Оған, бұдан басқа, Орталық Сахараның кең байтақ кеңістінінде көшіп жүретін
туарифтер тайпасы да жатады. Бербер тілдес халықтар жалпы алғанда, 9
миллиондай адам.
Кушит тілдері Египеттің Оңтүстік Шығысынан бастап, Солтүстік Кения мен
Танзанияға дейін алайда негізінен Эфиопияның Оңтүстігі мен Шығысында және
Сомалиде таралған. Бұл галла, сомали, беджа, сидамо, ирако және басқа
халықтардың тілдері – барлығы 19,5 млн. адам.
Төртінші топ – чад тобы тілінде Солтүстік Нигерияда тұратын 22 млн.
жуық адам (хауса халқы 18 млн. адам) және көрші Нигер, Чад, Солтүстік
Камерун мемлекеттерінде тұратын адамдар сөйлейді. Ежелгі Египет
тайпаларының тілдер мен солардың негізінде қалыптасқан Ежелгі Египет жазба
тілі жатады.
Египет тілі дамуының ең соңғы сатысы копт тілі болды, бұл тілде ІІІ-ІҮ
ғасырлардан бастап, Египеттің хрестиандандырылған халықтары сөйлейді. ХҮІІ
ғасырға қарай араб тілі копттардың тұрмыстық тілін біржолата ығыстырып
шығарды. Қазіргі кезде ол копт – хрестиандар арасында тек Құдайға құлшылық
ету тілі ретінде сақталып келеді.
Тропиктік Африка мен Оңтүстік Африка елдерінің негізгі үш тілдік
семьяға жататын көп тілдер: 244 миллионнан астам адамды қамтитын Нигер-
Кордофан (немесе Конго-Кордофан), 25 миллионнан астам адам Ніл-Сахара,
сондай-ақ саны шағым (250 мыңнан азырақ адам) Койсан тілдері таралған.
Тілдердің Нигер-кордофан семьясы батысында Атлант мұхитынан бастап
Шығысында Үнді мұхитына дейін, Солтүстігінде Сенегал мен Орталық Африка
Республикасынан бастап, Оңтүстігінде Оңтүстік Африка Республикасына дейін
таралған. Өте үлкен жерді қамтитын бұл семья екі этникалық-лингвистикалық
топқа – Нигер-конго және кордофан тобына бөлінеді. Олардың біріншісіне
Батыс тропиктің, Орталық тропиктің, Шығыс тропиктің және Оңтүстік Африканың
бүкіл тілдері дерлік енеді. Оған мына төмендегі кіші топтар тілдері
(Батыс Атлантика жағалауларынан бастап, Шығысқа қарай): Батыс-атлант – 20
млн. адам (фульбе, волоф, серер және басқалары); Вольта – 12 млн. (моси,
груси, сенуфо және басқалары); Ква – 52 млн. (акан, эве, йоруба, ибо және
басқалары); Шығыс адамава – 7 миллиондай (азандэ, банда, гвайя және
басқалары); бенуэ-конго (оның ішінде банту халықтары да бар) – 140 млн.
адам – Нигерия (ибибио, тив және басқалар), Камерун (бамилеке, буте және
басқалар), Африканың Оңтүстік жартысындағы көптеген банту тілдері (франг,
конго, луба, мбунду, бемба, ньмвези, ганда, малави, тонга, коса және
басқалары) жатады. Кордофан (460 мың адам) этникалық-лингвистикалық тобы
негізінен Судан Демократиялық Республикасының орталық аудандарында
мекендейтін шағын халықтарды біріктіреді.
Ніл-сахара семьясы батысында Нигер өзенінің Орта ағысынан бастап,
Африканың Шығысындағы Рудольф көліне дейінгі үш алапқа таралған. Бұл сеья
тілдері генетикалық тұрғыдан бірнеше топқа бірігеді. Ең көбі – шари-ниль
тобында, 18,5 млн. адам сөйлейді. Бұл – Суданның оңтүстігінде, Уганда,
Кения мен Танзанияда тұратын бұрын нилот деп аталған Шығыс Судан
халықтарының (динка, нуэр, ачоли, луо, масаи, нубий және басқалары) кіші
тобы; Чадтың оңтүстігіндегі (багерми және басқалары), Заирдағы (мору-мади
және басқалары), Орталық Судан халықтарының кіші тобы; дербес кіші топтар
құрайтын берта (Судан) мен кунама (Эфиопия) тілдері, Тілдердің Сахара тобы
(4 млн. адам) Орталық Сахарадағы тубу, Нигерияның солтүстік-шығысында
қоныстанған канурлардан көрінеді. Үшінші топ ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
«Этнология» пәнінен дәрістер
Африка континенті
Африканың табиғаты, елдері мен халықтары
Этнография және этногеография негіздері. Этникалық процесстер. Дүниежүзі халықтарының классификация принциптері. Шетелдердің этникалық құрамы
Шетелдік Азия халықтарына этнодемографиялық сипаттама
Шетел Азиясының халықтары
Дүние жүзі халқының өсу динамикасы
Этно-мәдени туризмді Қазақстанда дамыту болашағы
Қазiргi дүние жүзiнiң этникалық мiнездемесi
Әлем халықтарын классификациялау принциптері
Пәндер