Бөкей Оралхан


Пән: Тарихи тұлғалар
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 9 бет
Таңдаулыға:   

Бөкей Оралхан - алпысыншы жылдар ішінде әдебиетке келіп, бүгінгі прозаның салмақты жүгін көтерісе бастаған топтың талантты өкілдерінің бірі. Ол, 1943 жылы қыркүйектің 28 жұлдызында, Шығыс Қазақстан облысы, Катонқарағай ауданына қарасты Шыңғыстай ауылында туған. 1961 жылы Сұлтанмахмұт Торайғыров атындағы Шыңғыстай орта мектебін бітірген соң, аға пионер вожатый және Алтай совхозында тракторшы болып жұмыс істеген.

1963 жылы Қазақ мемлекеттік университетінің журналистика факультетіне сырттай оқуға түседі де, оны 1969 жылы тәмәмдап шығады. 1965-1968 жылдар аралығында аудандық «Еңбек туы», облыстық «Коммунизм туы» газеттерінде қызмет істейді. 1968 жылы республикалық «Лениншіл жас» газетінің шақыруы бойынша Алматыға келеді. Көп жылдар «Жұлдыз» журналының проза бөлімінің меңгерушісі, әрі редколлегия мүшесі болған. Өмірінің соңғы жылдары «Қазақ әдебиеті» газетінде бас редактор болды.

ОРАЛХАН БӨКЕЙ - әдебиетімізге өз өрнегімен келген жазушы. Ол алғашқы әңгіме-повестерінен-ақ («Шұғыла»-1966 жылы «Жұлдыз» журналында жарық көрген, «Қамшыгер», «Үркер») оқушысын бірден баурап әкетіп еді. Жазушының ой мен сезімді қатар өрген шығармалары бірде тұңғиық ойға жетелесе, бірде асқақтыққа, өршілдікке тарта беретін. Сондықтан да О. Бөкейдің алғашқы шығармаларындағы толғау-толғаныстары кең тынысты, өзгеше үнді болып» шығатын. Олардан бірде романтикалық құштарлыққа, бірде публицистік от-жалынды, бірде реалистік өткірлікті, енді бірде сағыныш мұңға бөлейтін лирикалық әуенді айқын аңғарар едік.

Ұлы драматург Б. Шоу: «Әрбір талантты жазушы ең әуелі өз замандастары жайлы жазуға тиіс» деген екен. О. Бөкей де қолына қалам ұстағаннан-ақ өз замандастарының мұңы мен қуанышын шынайы суреттеуге тер төгіп келгенді. Бұл ретте автордың өзі де: «Әйтеуір не жазсам да, өз заманымды, сол заманда табан ет, маңдай терін жұмсап жүрген қарапайым еңбек адамдарын тілге тиек етуге тырысамын», - дейтін.

Айтқанындай-ақ, оның кейіпкерлері - «Қайдасың, қасқа құлынымдағы» Орал, «Өліарадағы» Қойшы, «Елең-алаңдағы» Зарлык, «Құм мінезіндегі» Бархан, «Мұзтаудағы» Ақтан - өзіміз күнде араласып жүрген қарапайым замандастарымыз.

Бір ерекшелігі - бұл кейіпкерлерді әдебиетіміздегі замандастар бейнесі галереясынан басқаға шатастырмай бірден танитынымыз. Бұл да жазушының образ сомдаудағы өзіндік ізденісінің нәтижесі. Мұның сыры - О. Бөкейдің өз кейіпкерлерінің іс-әрекетінен гөрі, олардын ішкі әлеміне, жан дүниесіне көбірек үңілетіндігінде еді. Олар шетінен арманшыл, қиялшыл болып келеді. Мұның себебі автор шығармалары да кейіпкер ой-толғаныстарын табиғат суретімен астарласып, астасып жататындығында. Өйткені табиғаттың төл перзенті адам сол табиғат иесін сезініп - түйсінген кезде оның арманшыл-қиялшыл болмауы мүмкін емес. Кейіпкер болмысын табиғатпен байланыстыра суреттеу арқылы таныту-О. Бөкеев творчествосының өзіндік бір қыры. Бұл ретте автор - табиғат жыршысы. Ол - бүгінгі әсем де сұлу өлке, өр де асқар Алтайдың асқақ жыршысы болды!

Жазушы шығармашылық толысқан шағында дүниеден қайтты. Оның өскенін, шығармашылығындағы алтын өзегін тапқан, нағыз реалистік, психологиялық прозаға тән арнаға түскенін «Біздің жақта қыс ұзақ» атты жинағына енген шығармаларынан көреміз.

Бұларда да автор өз заманы, замандастары туралы терең толғаныстарға барып, олардың жан дүниесіне үңіліп, адам- жұмбақтың ішкі - әлеміндегі жықпыл-қалтарыстарын ашуға ұмтылады.

Оралхан Бөкей - Ұлы Отан соғысы жылдары дүниеге келген ұрпақтың өкілі. Сол бір кездегі алапат-сойқанды өз көзімен көрмесе де, тылдағы ауыр еңбектен қабырғасы қайысып, күрсіне күңірене жүріп күн кешкен жандармен бірге тыныстап, бірге қиналып дүниеге келген бұл ұрпақтың да жанына соғыс салған жара аз емес.

Бүгінде соғыс жаңғырығы алыстап кеткенмен, оның адамдар жүрегіне салған жарасы жазылып кеткен жок. Сол жараның қан майданға қатысқан, тылдағы ауыр еңбекке араласқан әрбір адамның жанын әлі де сыздатып жатқаны анық. Әдебиетімізде соғыс кезіндегі қара жұмыста болғандар еңбегі туралы жазылған шығармалар жоқтың қасы. О. Бөкейдің «Бәрі де майдан» атты повесі осы тақырыпқа арналған.

Жазушы драма саласында да өнімді еңбек етті. 1987 жылы «Құлыным менің», «Текетірес», «Қар қызы», «Зымырайды поездар», «Жау тылындағы бала», «Мен сізден қорқамын» пьесалары республикалық театрларда қойылып тиісті бағаларын алды.

Көптеген шығармалары ТМД және шетел халықтары тілдеріне аударылды. О. Бөкейдің шығармалары «Кісікиік», «Сайтан көпір» бойынша көркем фильмдер түсіріліп, «Кербұғы» әңгімесі бойынша балет-спектакль қойылды. 1984 жылы «Біздің жақта қыс ұзақ» кітабы үшін Қазақ ССР Мемлекеттік сыйлығын алды.

Адамзат қоғамының даму заңдылықтарына зер салып қарап отырсақ, даусыз бiр шындыққа көз жеткiзуге болады: ол - қандай қоғам болса да руханият саласының алдына белгiлi бiр дәрежеде мақсат-мiндет жүктейтiнi. Ал, ол мiндеттiң қалыптасқан қоғамдық, әлеуметтiк, тарихи-саяси жэне рухани талап-тiлектерден туындайтыны мәлiм. Қарастырып отырған мәселеге Уақыт категориясы тұрғысынан келсек, XX ғасырдың iшiнде айрықша орны бар екi сәттi айтқан абзал. Бiрi - ғасыр басындағы қоғамдық-саяси хал-ахуал. Аса күрделi уақыт тұсында ұлт болашағы үшiн жанын да қиюға әзiр Алаш қайраткерлерi: Әлихан Бөкейханов, Ахмет Байтұрсынов, Әлiмхан Ермеков, Жақып Ақбаев, Мiржақып Дулатов т. б. сынды бiртуар перзенттердiң тарих сахнасына шығуы тарихи, рухани сұраныстан туған қажеттiлiк болатын. Алаш перзенттерi ұлттың тарихи таңдауын, ертеңгi күнiн, тәуелсiздiк, дербестiк мәселелерiн, тұжыра айтсақ, халықтың ғасырлар бойғы арман-тiлегiн, барша ұлттық болмысын болашақга сақтай отырып, өркениеттi, алдыңғы қатарлы ел болуын өз көсемсөздерi арқылы баршаға паш еттi. Дәл сол тұста қазақ елi қосайырық жолдың үстiнде тұрған болатын. Қазақ тiлiнде қазақ мұңын жоқтаған баспасөз өзiнiң азды-көптi тарихында ғаламат қуатпен ақпараттар ағынын жалпақ жұртшылыққа жеткiзуге күш салды. Ғасыр басындағы баспасөз құралдары, оларда жарияланған алаш ардақтыларының ой-пiкiрлерi ұлт тарихына алтын әрiппен жазылып, мәңгi-бақи халық жадында қалатыны еш дау туғызбасы анық. Ресейдiң боданы болған қазақ елiне орталықтың атқарып жатқан iс-әрекет, саяси науқанынан бөлекше саясат, дербес қимыл жасау мүмкiн емес-тi. Тура Ресейдегiдей төңкерiс, азамат соғысы, ауқатты жандардың мал-мүлкiн тәргiлеу, күшпен ұжымдастыру процесi, қолдан ұйымдастырылған аштық геноцидi, «халық жауларын» жою сияқты науқандар 1941-1945 жылдардағы соғысқа ұласты. Соғыстан кейiнгi халық шаруашылығын қалпына келтiру жұмысы, тың және тыңайған жерлердi игеру - бәрi де Қазақстан үшiн XX ғасырдың қайшылықты оқиғаларға толы екенiн көрсетсе керек. Тоталитарлық жүйенiң сәл де болса әлсiреуi, аз да болса демократия, жариялылық принциптерiнiң салтанат құруы сол XX ғасырдың елуiншi жылдарының соңы мен алпысыншы жылдардың басына тұспа-тұс келдi. Бұл кезең ұлттық санаға сiлкiнiс пен серпiлiс әкелдi. Егер XX ғасырдың басында Алаш зиялылары қазақ деген халқы үшiн қандай жолмен жүру керек, бостандық, тәуелсiздiк, дербестiк алу үшiн не iстеу керек деген сауалдар төңiрегiнде баспасөз бетiнде өз ой-пiкiрлерiн ортаға салса, XX ғасырдың алпысыншы, жетпiсiншi жылдары рухани өмiрге араласқан зиялы қауым өкiлдерi ең басты мiндетi етiп, Адам деген аса күрделi жаратындының болмыс-бiтiмiне үңiлудi, оны жан-жақты зерттеудi алды. Яғни «Адам. Ол кiм? Оның өмiрiнiң мәнi мен маңызы не-де? Адам не үшiн ғұмыр кешедi?» деген сұрақтар күн тәртiбiне өткiр түрде қойылды. Руханият саласына қазақтың аса бiр талантты, серпiндi тобының өкiлдерi келдi. Олардың қатарына Ә. Кекiлбаев, Қ. Жұмадiлов, М. Мағауин, Ә. Тарази, Д. Исабеков, Т. Әбдiков, О. Бөкей, Қ. Ысқақовтарды жатқызуға болады. Бiр ғажабы: бiз жоғарыда атап көрсеткен философиялық аса ауқымды сұрақтар тек қазақ руханияты өкiлдерiнiң алдында ғана емес, жер бетiндегi барша адамзат баласының алдына қойылған проблемалық сауалдар болатын. Бiз есiмдерiн атаған қуатты топ бүгiнде алпыс деген асуды алқымдады. Атақты ақын-жазушы, қаламгер деген атқа ие болды. Бұлардың бәрi де руханият дүниесiн жасауда ең алғашқы сүрлеуiн, соқпақ жолын публицистикадан бастаған болатын. Оларға қанат бiтiрiп, шабыт әкелген, қаламгер атты қия-құзға бастаған да

ол публицистика болатын. Егер осынау ғұмырлары iшiнде ол топ әлдекiмге өздерiн қарыздармыз деп есептесе, барша алғысын, бәрiнен бұрын, публицистика жанрына айту керектiгi және де баршаға аян. Қазақ публицистикасы осылардың iшiнде Оралхан Бөкейдей азаматты айрықша өсiрдi, ал, өз кезегiнде ол қазақ публицистикасын шама шарқынша өсiре бiлдi, биiкке көтердi. О. Бөкей көзi тiрiсiнде: «… мен қазақ очеркiне жан бiтiрдiм, бойына қан жүгiрттiм» - дейдi екен. Көркем публицистика майданындағы заман мен замандас тағдыры хақындағы қазақтың тауы мен даласының жаңғырта естiлген жан айқайы, өжет ой, өткiр сөздерi кешегiнiң ғана емес, бүгiнгi және ертеңгi ұрпақтың қимас еншiсi, асыл мұрасына айналарында еш дау жоқ.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Атау кере шығармасын талдау
Оралхан Бөкей әңгімелерінің ерекшелігі
Оралхан Бөкей өмірі мен шығармашылығы
Бөкеев Оралхан (1943-1993 жж.)
Оралхан Бөкей шығармашылығы
Оралхан Бөкей повестеріндегі автор-кейіпкер мәселесі
Оралхан Бөкей әңгімелеріндегі әлеуметтік талдау
Оралхан Бөкей шығармаларындағы түс көру құбылысы
Оралхан Бөкейхан әңгімемелрі
Бөкеев қаламынан туған шығарма тізімі ұланғайыр
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz