Арнау өлендерінің жанрлық табиғаты



Арнау жырлары, өзінің атауынан белгілі болып тұрғандай, шығарманың белгілі бір объектіге бағытталып шығарылуы. Бұл арнау жырын анықтауда басты критерия болғанымен арнау мұнымен қатар арнау жырларының өзіндік құрылысы, өлең өлшемдері объектіні қамту ерекшелігі болатынын ешкім жоққа шығара алмайды. Арнау жырларының шығу тегі мадақ жырларымен тығыз байланысты болғанын бұл жанрды арнайы зерттеген орыс ғалымдары да баса айтады. Адамзат тарихында қоғамдық құбылыстардың белгілі бір зандылыклен іске асатынын ескерсек, қазақ халқының мадақ жырлары мен ежелгі рим, грек. орыс одаларының түп төркіні де бір екенін көреміз. Мысалы, ежелгі қоғамда мадақ жырлары (ода) адам өміріндегі ерекше оқиғаларды, адам батырлығын, мінез ірілігін. табиғаттың ерекше құбылысын мақтауға арнаған. Ежелгі грек ақыны Пиндардың осы тұрғыдан өлеңдері кейін көп халықтың лирикаларына арқау болуы да сондықтан шығар. Ал бұл құбылыс ежелгі Римде мемлекетті, оның басшысы Августы мақтау түрінде көрініс берген. Бұл құбылыс Орхон-Енесей жазуларындағы Білге қаған, Күлтегін жырларындағы қағандықты, қағанды мақтаумен астарласып жатқандығы тарихи шындық.
Француз халқындағы ХҮІ ғасырларда ерекше көрініс тапқан одалар мен ХҮ ғасырдан бастап өзінің жаңа даму сатысына көтерілген жыраулар шығармаларындағы мақтаулар тікелей байланысты болмағанымен, генетикалык жағынан арнау өлеңдерінің әр елде өзіндік көрініс беруі екені даусыз. Мұндай мадақтау өлеңдері шығыс поэзиясында "қасыда" түрінде көрініс берді. "Касыда" дегеніміз - бірнеше бәйіт бір ұйқаспен жазылатын өлең түрі, мақтау жыры. Бұл өлең түрі кезінде Фердоуси, Науаи, Мактымқұлы, Низами және т.б. шығармаларында кеңінен қолданылды.
Ерте дәуір әдебиеті мен одан кейінгі кез арнау өлендерін саралап қарастырсақ, арнау өлеңі өзінің құрамына мадақ жырларын да, аңсау түрінде
Әдебиеттер тізімі:

1. Тілеуова А. Арнау өлеңдерінің жанрлық табиғаты // ҚазМУ хабаршысы. Филология сериясы. №39. – 136 -139 б.

Пән: Өнер, музыка
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 8 бет
Таңдаулыға:   
АРНАУ ӨЛЕНДЕРІНІҢ ЖАНРЛЫҚ ТАБИҒАТЫ

Арнау жырлары, өзінің атауынан белгілі болып тұрғандай, шығарманың
белгілі бір объектіге бағытталып шығарылуы. Бұл арнау жырын анықтауда басты
критерия болғанымен арнау мұнымен қатар арнау жырларының өзіндік құрылысы,
өлең өлшемдері объектіні қамту ерекшелігі болатынын ешкім жоққа шығара
алмайды. Арнау жырларының шығу тегі мадақ жырларымен тығыз байланысты
болғанын бұл жанрды арнайы зерттеген орыс ғалымдары да баса айтады. Адамзат
тарихында қоғамдық құбылыстардың белгілі бір зандылыклен іске асатынын
ескерсек, қазақ халқының мадақ жырлары мен ежелгі рим, грек. орыс
одаларының түп төркіні де бір екенін көреміз. Мысалы, ежелгі қоғамда мадақ
жырлары (ода) адам өміріндегі ерекше оқиғаларды, адам батырлығын, мінез
ірілігін. табиғаттың ерекше құбылысын мақтауға арнаған. Ежелгі грек ақыны
Пиндардың осы тұрғыдан өлеңдері кейін көп халықтың лирикаларына арқау болуы
да сондықтан шығар. Ал бұл құбылыс ежелгі Римде мемлекетті, оның басшысы
Августы мақтау түрінде көрініс берген. Бұл құбылыс Орхон-Енесей
жазуларындағы Білге қаған, Күлтегін жырларындағы қағандықты, қағанды
мақтаумен астарласып жатқандығы тарихи шындық.
Француз халқындағы ХҮІ ғасырларда ерекше көрініс тапқан одалар мен ХҮ
ғасырдан бастап өзінің жаңа даму сатысына көтерілген жыраулар
шығармаларындағы мақтаулар тікелей байланысты болмағанымен, генетикалык
жағынан арнау өлеңдерінің әр елде өзіндік көрініс беруі екені даусыз.
Мұндай мадақтау өлеңдері шығыс поэзиясында "қасыда" түрінде көрініс берді.
"Касыда" дегеніміз - бірнеше бәйіт бір ұйқаспен жазылатын өлең түрі, мақтау
жыры. Бұл өлең түрі кезінде Фердоуси, Науаи, Мактымқұлы, Низами және т.б.
шығармаларында кеңінен қолданылды.
Ерте дәуір әдебиеті мен одан кейінгі кез арнау өлендерін саралап
қарастырсақ, арнау өлеңі өзінің құрамына мадақ жырларын да, аңсау түрінде
жазылған өлеңдерді де, сатиралық тұрғыдағы шығармаларды да, ағартушылық
тұрғыдағы ірі шығармаларды да қамтығанын байқаймыз.
Ф.Брокгауза мен И.Ефрон құрастырған "Энциклопедиялық сөздікте" арнау
жанры "философиялық толғаныстан бастап, сатиралық суреттеуге дейін" кең
ұғымдағы мағынаға ие екенін айтады. Бұл арнау жанры өзінің таңдап алған
тақырыбы, арнаған адамына. табиғатқа байланыстылығы жағынан сан алуан
екендігін, оның әртүрлі түрлерінің көптігін көрсетеді. Бірақ бұл жерде
"жанрдың ой түюі" деген мәселе ұмытылмауға тиіс. Егер олай жасамасақ кез-
келген арнау сөзін арнау жанрының объектісі ретіңде қарауға тура келеді.
"Жанрлық толғаныс" арнау жанрыньң тарихи-әдеби процесс кезінің әртүрлі
сатысындағы жанр түріндегі көкейтестілігін көрсетеді.
Арнау жанры бұрын-соңды әдебиеттану ғылымында негізінен дәстүрлі
лкрика жанрының бір түрі ретінде қарастырылып келеді. Бірақ солай бола
тұрса да ешкім арнау жанрының "философиялық-теориялық, дидактика-
публицистикалық, махабаттық-достық-сатиралық" табиғатын жоққа шығармайды.
Ал арнау жанрының табиғатының тақырыбының өзгеруіне негізгі себеп
әлеуметтік жағдай екенін барлық зерттеушілер мойындайды. Бұл мойындау ерте
кезден бүгінгі күнге дейін арнау жанры жеке объект ретінде сөз болғанын
көрсетеді.
Арнау жанрының табиғатын анықтауда А.Квятковский "монологтық поэзияның
ежелгі жанры" деген пікір айтады. Бірақ бұл тұжырымд автор "Хат формасы"
түрінде түсіндірмек болуы жанр жоғалады деген ұғымға алып келген. Арнау
жырының монологтық түрде өріс алуы түркі халықтары, соның ішінде қазақ
жыраулық поэзиясында ерекше дамығанын орыс зерттеушілері көрмейді, немесе
көргісі келмейді. Бірақ солай бола тұрса да М.Гаспаровтың "моральдық-
философиялық" немесе дидактикалық мазмұндағы арнауларды бөле қарастыруы
түркі халықтары поэзиясы арқылы басқа халықтарға тараған арнау жанрын
мойындау секілді. Сондай-ақ М.Гаспаров арнау жанрының осыған ұқсас баска
жанрлармен ара қатынасын: "По мере ослабления формальных признаков грань
между посланиями и родственными жанрами стирались", - деп түйіндейді. Бірақ
арнау жанры туралы айтылған ойлардың бәрі - бұл дәстүрлі поэтикалық жанр
екенін жоққа шығармайды.
Қазақ фольклористикасы мен әдебиеттану ғылымына тән арнау жанрын оның
мазмұнына қарай жүйелеу Г.Н.Поспеловтің пікірімен үндестік табуы қай
халықтың болсын рухани дүниесін жүйелеу ұлттық ерекшелікпен қатар, көркем
шығарманың табиғатының ортақтығына қарап та бағаланатынын көрсетеді.
Ғалымның айтуынша "шығарманың жанрлық ұқсастығын оның мазмұнының аясынан
іздеу керек" - дейді. Сондықтан да оның пайымдауынша, "белгілі бір тұлғаға
шығарманың бағытталуы тек сыртқы белгі ғана" дейді. Г.Н.Поспелов: "Послание
- это мотивировка лирической медитации, начинаюшейся с обращения к тому или
иному лицу. Это обычно лишь внешний вид для высказывания, сам по себе еще
ничего не говорящий о том, с чем и для чего поэт к кому-то обращается.
Такой прием мотивировки может быть применен в разных жанрах - в оде,
элегии, романсе, лирической сатире, эпиграмме и т.д.".
Шындығында да, бір объектіге сөз, поэтикалық дүние арнау сөз өнерінде
кеңінен қолданылатын әдіс, бірақ ол поэзияның басқа ішкі заңдылықтарымен
қосыла келе ерекше жанрлық қасиетке ие болады. Белгілі нәрсеге, адамға
поэзиялық шығарма арнау бұл жанрдың алғашқы белгісі болса, оның мазмұны,
құрылымы, өлеңдегі интонаииялық-стильдік берілісі, өлең ұйқасы арнау
жанрының қазақ поэзиясындағы "мен" деген орнын көрсетеді. Бірақ поэзиялық
шығарманың кімге, неге арналуы арнау өлеңдерінің мағыналық және құрылым
туғызарлық негізгі компонентіне айналады.
Сондықтан да болар арнау жанры туралы орыс ғалымдарының кезінде
әртүрлі пікір айтуы. Мысалы, Л.В.Чернец арнауды жанрға емес "лириканың бір
тегіне" жатқызуы, Оның пікірінше, арнаудың басты белгісі "ритмдік-тармақтық
композиция". Бірақ бұл тұжырым рубаи, газел, сонет және т.б. келсе де,
қазақ өлеңіндегі арнауларға келе бермейді. Ғалым А.Сейдімбеков өз
зерттеуінде төрт шумақтан тұратын қара өлеңдердегі арнау тақырыбы, мазмұны
басты мағынаға ие емес екенін айтқан еді.
Арнаудың жанрлық ерекшелігін анықтау мәселесі бүгінгі күні де
фольклористер мен әдебиетшілер үшін оңайға түсіп отырған жоқ. Қазіргі кезде
арнау өлеңдерінің жанрын анықтағанда негізгі белгі ретінде оның ежелден
келе жатқан мінездемесі мен мотивіне, шығу тегіне көңіл аударылып жүр.
Мұнымен қатар арнау өлендерін талдай отырып, оның әртүрлі жанрлық түрлері
де бар екенін айтып жүр. Бірақ бұл ажырату да бір жақты. Себебі шығу тегі,
пафостық, проблемаларына қарап жанрды ажыратсақ, зерттеушілеріміздің өздері
қарастырып жүрген әр заманның өзіндік қозғаған мәселесін, әр кездің
тудырған жанрларын бір жерге жинап, қарастыра алмас еді. Біз сөзіміздің
басында арнаудың синкретикалық ерекшелігін, яғни өзінің даму кезеңінде өз
бойына ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
XIX ғасыр қазақ әдебиетіндегі арнау өлеңдердің әдеби сипаты
Абай шығармаларының жанры
Ақын, жыраулар мұрасындағы арнау өлеңдер табиғаты
Жеткіншектер поэзиясы
Абай өлеңдерінің ерекшелігі
Ежелгі түркі тілді ру-ұлыстарымен бірге жасаған көркем сөз өнерін түсіндіру
МӘШҺҮР ЖҮСІП КӨПЕЙҰЛЫ МҰРАСЫ ЖӘНЕ ҚАЗАҚ ӘДЕБИЕТІНДЕГІ ФОЛЬКЛОРЛЫҚ ДӘСТҮР
Лирикалық шығарманы талдау жолдары
МӘШҺҮР ЖҮСІП КӨПЕЕВ ӨЛЕҢДЕРІНІҢ ЖАНРЛЫҚ СИПАТЫ ТАРАУ
Қазақ фольклорындағы тарихи өлеңдер
Пәндер