Амазонкалар



Ерте заман авторларының сақтар, массагеттер, т.б. көшпенді тайпалар жайында жазба деректері Орта Азия мен Қазақстанның көне тарихынан өзінің шындық дәлелдерін табуда. Сол себепті бұл баға жетпес деректер тарихшылар, археологтар, этнографтар, өнер танушылар өз зерттеулеріне сүйене отырып, жергілікті материалдармен салыстыра және байыта келе түйінді мәселелерді шешуге септігін тигізеді.
Геродот өзінің «Тарих» кітабының ІV бөлімінде грек аңыздарына сүйене отырып амазонкалардың Қара теңіз бен Азаулы (Азов А.Т) теңіздерінің жағасына қалай келгенін егжей-тегжейлі баяндайды. Гректер амазонкаларды Фермадон өзенінде (Кіші Азия) жеңіп, тұтқынға алады да, үш кемемен ашық теңізге шығып, Грецияға қайтады. Жолда амазонкалар гректерді түгелдей қырып, бірақ кемені басқара алмай, желдің ығымен теңізде әрі-сәрі жүзгеннен соң, қайраңға батып, скифтердің жерінен шығады. Жағаға шыққан амазонкалар жылқы табындарын қолға түсіріп, скифтердің елін тонай бастайды. Скифтер олардың қайдан шыққанын, ең бастысы тілін де білмейді. Бірнеше ұрыстан соң өлген жауынгерлердің мәйітін қараған скифтер, әйелдермен соғысып жүргеніне көздері жетеді. Мәжіліс кезінде скифтер енді амазонкаларды ешқашан өлтірмей, жас скиф жігіттерін жіберу керек деп шешеді. Скиф жігіттері өздерінің қостарын амазонкалармен қатар тігіп көрші тұрады, біраздан соң танысып, екі ауыл бірге тұра бастайды. «Ерлер әйелдердің тілін үйрене алмады, бірақ әйелдер ерлердің тілін үйреніп алды», –деп жазады Геродот. Скифтердің амазонкаларды елдеріне апарып бірге тұрайық деген ұсынысына: «біз скиф әйелдерімен жұғыса алмаймыз, ...егер бізді сендер өздеріңнің әйелдерің қылғыларың келсе... әке-шешелеріңнен еншілеріңді алып қайтып келіңдер, сонаң соң бірге тұрамыз», – деп жауап береді. Скиф жігіттері айтқандарын орындап, Танаис өзеніне Азаулы теңізінің солтүстігіне келіп орналасады.

Пән: Жалпы тарих
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 9 бет
Таңдаулыға:   
Амазонкалар

Ерте заман авторларының сақтар, массагеттер, т.б. көшпенді тайпалар
жайында жазба деректері Орта Азия мен Қазақстанның көне тарихынан өзінің
шындық дәлелдерін табуда. Сол себепті бұл баға жетпес деректер тарихшылар,
археологтар, этнографтар, өнер танушылар өз зерттеулеріне сүйене отырып,
жергілікті материалдармен салыстыра және байыта келе түйінді мәселелерді
шешуге септігін тигізеді.
Геродот өзінің Тарих кітабының ІV бөлімінде грек аңыздарына сүйене
отырып амазонкалардың Қара теңіз бен Азаулы (Азов А.Т) теңіздерінің
жағасына қалай келгенін егжей-тегжейлі баяндайды. Гректер амазонкаларды
Фермадон өзенінде (Кіші Азия) жеңіп, тұтқынға алады да, үш кемемен ашық
теңізге шығып, Грецияға қайтады. Жолда амазонкалар гректерді түгелдей
қырып, бірақ кемені басқара алмай, желдің ығымен теңізде әрі-сәрі жүзгеннен
соң, қайраңға батып, скифтердің жерінен шығады. Жағаға шыққан амазонкалар
жылқы табындарын қолға түсіріп, скифтердің елін тонай бастайды. Скифтер
олардың қайдан шыққанын, ең бастысы тілін де білмейді. Бірнеше ұрыстан соң
өлген жауынгерлердің мәйітін қараған скифтер, әйелдермен соғысып жүргеніне
көздері жетеді. Мәжіліс кезінде скифтер енді амазонкаларды ешқашан
өлтірмей, жас скиф жігіттерін жіберу керек деп шешеді. Скиф жігіттері
өздерінің қостарын амазонкалармен қатар тігіп көрші тұрады, біраздан соң
танысып, екі ауыл бірге тұра бастайды. Ерлер әйелдердің тілін үйрене
алмады, бірақ әйелдер ерлердің тілін үйреніп алды, –деп жазады Геродот.
Скифтердің амазонкаларды елдеріне апарып бірге тұрайық деген ұсынысына:
біз скиф әйелдерімен жұғыса алмаймыз, ...егер бізді сендер өздеріңнің
әйелдерің қылғыларың келсе... әке-шешелеріңнен еншілеріңді алып қайтып
келіңдер, сонаң соң бірге тұрамыз, – деп жауап береді. Скиф жігіттері
айтқандарын орындап, Танаис өзеніне Азаулы теңізінің солтүстігіне келіп
орналасады. Сөйтіп скифтер мен амазонкалардың некесінен совроматтар пайда
болған сияқты. Осы ықылым замандардан бері, совромат әйелдері қазіргідей
өмір сүріп келе жатыр, күйеулерімен тіпті оларсыз-ақ салт атпен аңға
шығады, соғысқа күйеулері қалай киінсе, олар да солай киінеді, – деп
әңгімелейді Геродот. Совроматтар скиф тілінде сөйлейді, бірақ бұзып
сөйлейді, себебі амазонкалар скифтердің тілін толық меңгере алған жоқ.
Некеге тұру заңы бойынша, бірде-бір қыз жауын өлтірмей күйеуге шыға
алмайды. Кейбір әйелдер қыз күйінше қартайып өледі, себебі мұндай міндетті
орындай алмайды.[1.214-216-бб.]
Биіктігі жұлдыздармен таласқан асуды асып, ат жолына түссең, еркектерге
ерекше қас амазонкалардың әскеріне тап боласың. [2.20-б.]
Сармат (соврамат) әйелдері жайында құнды деректерді Гиппократтан
(б.з.д. 470-376 жж.) кездестіреміз. Олардың әйелдері атқа салт мінеді,
садақ тартады, шолақ найза лақтырады... кемінде үш жауын өлтірмей күйеуге
шықпайды... Ол сонымен бірге сармат әйелдерінің тағы бір ерекшелігін атап
өтеді: сәби күнінде оң жақ омырауы өспесін деп шешелері ыстық мыс құралмен
күйдіріп тастайды, сонда оң иық пен оң қолдың күші артады. [2,83- б.]
Скилак (б.д.д. IV ғ.) сарматтарды әйелдер басқаратын тайпа деп көрсетеді.
[2,124-б.] Эсхилдің (б.з.д.525-456 жж.) дастандарында еркектерге жау
амазон-калар жасағы туралы әлденеше рет айтылып өтеді. [2.17-20-б.]
Климент Александрийский (б.з.150-24220 ж): Мен әскери іспен, еркектерден
кем айналыспайтын совромат әйелдерін білем, ал сақ әйелдері қашып бара
жатқан болып, артқа қарай садақ атқанда ерлерден кем түспейді деген.
[2.369-б]
Көп уақыт бойы амазонкалардың өмірі мен тұрмысы жайында жазба
деректерге сүйеніп келдік, әрине бұған аңыз, миф деп қараушылық та болды.
Археологиялық қазбалардың нәтижелерінде солтүстік Кавказ бен Орал
аймағындағы сармат заманындағы қорғандар мен молалардан әйелдерге арнайы
жасалған қару-жарақтардың – темір қанжарлар, найзалар, садақтары, т.б.
түрлері белгілі болды. Орта есеппен қару-жарақпен және жылқымен жерленген,
әрбір бесінші қабір әйелдердікі болып шықты. Әйелдерді өте-мөте қымбат,
алтын әшекейлі бағалы киім-кешегімен, айнасымен, бағалы сәнді маржан
тастарымен жерлеген. Тіпті жас қыздарды қорамсақ толы жебелерімен қою
кездеседі.[3] Археологтар заттық жәдігерлерге сүйене отырып, сарматтарда
матриархаттық жүйенің болғанын анықтайды. [4] Әйелдер сармат қоғамында
ерлермен бірдей жағдайда, кейде асып түсіп отырған. Әйелдер ержүрек
жауынгерлер болды, көсем болып ру, тайпа басқарды, елдің абызы болды.
Скифтердің қол басқарған атақты әйел патшасы Зарина, массагеттердің
жаужүрек қолбасшысы Томирис, Кирмен соғыс кезінде 300 мың ерлер мен 200 мың
әйелдер қосынын басқарған Спаретра сол замандарда шыққан. [5.320-б. 321-б.]

Амазонкалардың дәстүрін жалғастырушы батыр қыздардың ерліктерін түркі
халықтарының тарихынан молынан кездестіруге болады. 1875 жылы орыс
зерттеушісі Н.Н. Каразин Әйелдер патшалығы деп аталатын аңызды жергілікті
қазақ, Орта Азия халықтарының арасынан жазып алып, мұны ықылым замандардағы
матриархаттың жұрнағы деп баға береді.[5а] Қарақалпақтың Қырық қыз
эпосында Аллаяр байдың 15 жастағы Гүлайым атты қызы шетінен ержүрек, өңшең
сұлу 40 қызды нөкерге алып, әкесі берген Арал теңізінің Миуалы аралында
әскери өнерге жаттығады. Өстіп батыр қыз Гүлайым ата жауы қалмақ ханы
Сұртайшамен соғысқа дайындалады. Негізінде Әйелдер патшалығы аңызы мен
Қырық қыз эпосында Геродот жазып кеткен амазонкалар сюжеті анық көрініс
тапқан және шынайы бейнеленген.
Халық ақыны Н.Байғанин Нарқыз поэмасында ХVІІІ ғасырдың аяғында
Ақтөбе өңірінде өмір сүрген, палуандығымен аты шыққан Айшаның ерлік істерін
эпикалық жыраулық тілмен суреттегені Қырық қыз эпосындағы Гүлайымның
бейнесімен ұқсастығы түркі халықтарындағы батыр қыздардың образдарының ерте
замандардан бері келе жатқан үрдіс екенін көрсетеді.
Айша сұлу жасынан
Балуандығы асқан соң
Нарқыз болып атанған.
Ажарына көз салсаң,
Нұрланған ай сияқты.
Мінезінен сынасаң,
Көрген адам ұнатты.
Және жүйрік жауапқа
Құрбы көңлін құлатты.
Балтыр еті – бесіктей
Омырауы – есіктей.
Жауырыны – қақпақтай.
Желкесіне ораған
Бұрымы бар тоқпақтай.
Келбетіне қарасаң,
Ерден озат көрінген. [80-81-бб.]
Ел басына күн туғанда, қазақ қыздары да ер-азаматтармен бірге қару
алып атқа қонған. Солардың бірі Гауһар Тоқтауылқызы Малайсары батырдың
қарындасы, Қаракерей Қабанбай батырдың жары. Гауһар жас кезінен ағасы
Малайсары батырдың жанында жүріп, жортуылға жиі шығып, садақ тартып –
мергендікке, найза ұстап – найзагерлікке, күш сынасып – палуандыққа
үйренеді, батыр қыз атанады.
Батырлық бара-бара шынға айналды,
Қыз бала ерлігімен ұлға айналды.
Көркіне ақылы сай, сөзге шешен,
Осылай ГауҺар аңыз-жырға айналды.

Жорықта жарты малта арман дейді,
Дос – арттан, жауың келсін алдан дейді.
Атадан ұл боп тума, ер болып ту.
Деген сөздер ГауҺардан қалған дейді. [6.66-67-бб.]
ГауҺардың ақылы бойынша Қабанбай таң алдында жауынгерлердің санын
көбейту үшін қос өркешті түйелерді жауынгерлермен бірге жүргізеді. Әр
түйенің екі өркеші екі адам болып, қалың қол болып көрінгенде, саны көп
жоңғарлар дүрлігіп, ұрыс басталмай жатып – жүректері шайлығып, рухтары
түсіп, сол ұрыста жеңіліс табады. Ерлі-зайыпты Қабанбай мен ГауҺардың қызы
Назым да батыр болған, қазақ – жоңғар соғысында ерлігімен көзге түскен.
Ботагөз – Есет батыр Көкіұлының қызы. 1742 жылы әкесі Әбілқайыр ханның
шақыруымен Орынборға кеткенде, елін қалмақ шауып, мал-мүліктерін тонап,
жылқысын айдап, қыз-келіншектерді алып кетеді. Сол кезде Ботагөз ерлерше
киініп, бес қаруын асынып, 150 сарбазды бастап, жауды қуып жетіп, қалмақ
сардары Қоңдыны бұғалық тастап ат үстінен жұлып алады. Жауын тірідей қолға
түсіріп, тұтқындап, жеңіспен оралған Ботагөз сұлудың батырлығы бүкіл Кіші
жүзге тарайды. [7]
Сапар (Сапура) Мәтенқызы қазақ елінің Ресей империясының ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
АРАЛ - КАСПИЙ САРМАТТАРЫНЫҢ МАТЕРИАЛДЫҚ МӘДЕНИЕТІ
Антикалық замандағы әйелдер билігі және рөлі
Жылқы
Сақтар (скифтер)
Жылқы туралы
Страбонның шығармалары
Антикалық Грекия өнері. Гомерлік және архаикалық кезең
Азия мен Қазақстан халықтары әдебиеттерінің өзара жақындастығы
Қазақы жылқы тұқымының ата тегі мен жанама туыстарына қарап бағалау мен сұрыптау
Сарматтардың мәдениетінің зерттелуі
Пәндер