Қазақстан жеріндегі тұрғын үйлер мен баспаналардың даму тарихы
Кіріспе
1. Қазақстан жеріндегі тұрғын үйлер мен баспаналардың зерттелу тарихы
2. Ежелгі дәірлердегі тұрақтар мен қоныстар (б.з. IV ғасырға дейін)
3. Ортағасырлық қалалар мен тұрған үйлер ( IV.XVII ғасырлар)
4. Кеңестік замандағы баспаналар (XVIII.XX ғасырлар)
5. Қазіргі уақыттағы тұрғын үйлер мен баспаналар
Қорытынды

Этнография ғылымындағы зерттеу нысандарының бірі - баспана мәселесі халық тұрмысының маңызды элементтерінің бірі болып табылады. Тұрғын үйлер мен оның сыртқы бейнесінің әр түрлілігі және қоныстану тәртібі халықтың тарихи тағдырының бір көрінісі бола алады. Сондықтан да, бұл мәселе көптеген ғалымдарың назарын аударды.
1. Қазақстан жеріндегі тұрғын үйлер мен баспаналардың зерттелу тарихы. Қазақстан халқының баспана мәселесі, оның ішінде архитектуралық ескерткіштердің зерттелуіне келетін болсақ, қазақ даласы туралы жазба деректер патшалық Ресейдің отарлау саясатына байланысты көбейе түсті. Орыс отаршылары қазақ жеріне ерте кезден-ақ көз тіккен болатын. Сондықтан да бұл жерлерде өздерінің экономикалық, саяси байланыстарын нығайту және сауда қатынасын жақсарту мақсатында өздерінің өкілдерін, саяхатшыларды, елшілерді, сауда кереуендерін қазақ жеріне аттандырып, өздерінің отарлау мақсатына пайдаланды.
Міне, осы мақсатпен қазақ даласына аттанған саяхатшылар мен зерттеушілердің, ел арасынан әр түрлі жолдармен мәліметтер жинаған патша шенеуніктерінің жазба деректеріне толық зерттеулерге, таза ғылыми еңбектерге жатпаса да қарастырылып отырған тақырыпқа қажетті мағлұматтар береді және де бұл еңбектердегі қазақ өмірі жайындағы деректердің библиографиялық мәні қазірге дейін жойылған жоқ.
Ресей Ғылым Академиясының мүшесі П.С. Паллас арнайы экспедиция құрып Батыс Сібір және Орал, Орынбор өңірлерін зерттеп нәтижесінде “Путешествие по разным провинциям Российской империи” деген еңбегін жазды [3]. Сондай-ақ И.Г. Георги де қазақтарға байланысты еңбегін жазды. Алайда бұл еңбектерде авторлар баспананы тек сол кездегі бейнесін ғана суреттеп, бір ауданнан ғана байқағандарын бүкіл Қазақстаннға тән деп көрсетеді. Қазақ баспанасының ішінде толығымен суреттелген түрі – ол киіз үй. Әсіресе, Крассовский, Зеланд, Краснов, Костенко еңбектерінде киіз үй толығымен суреттелген. Киіз үйге арналған мақаланың бірі – П.Е.Маковецкиидің 1893 жылы Орыс Географиялық қоғамының Батыс Сібір бөлімінің жазбаларында жарық көрген, Солтүстік Қазақстан материалдары бойынша жазылған «Юрта» деген мақаласы. Мақалада автор киіз үйдің құрылысы мен ішкі жиһаздарын толығымен сипаттап шыққан, алайда оның тарихы мен аймақтық ерекшеліктеріне тоқталмаған. Сондай-ақ қазақ киіз үйі туралы мәліметтер белгілі түрколог ғалым, түркі халықтарының этнографиясының білгірі В.В. Радловтың “Из Сибири” атты кітабында баяндалған [13].

Жоспар :
Кіріспе
1. Қазақстан жеріндегі тұрғын үйлер мен баспаналардың зерттелу тарихы
2. Ежелгі дәірлердегі тұрақтар мен қоныстар (б.з. IV ғасырға дейін)
3. Ортағасырлық қалалар мен тұрған үйлер ( IV-XVII ғасырлар)
4. Кеңестік замандағы баспаналар (XVIII-XX ғасырлар)
5. Қазіргі уақыттағы тұрғын үйлер мен баспаналар
Қорытынды
Кіріспе
Этнография ғылымындағы зерттеу нысандарының бірі - баспана мәселесі
халық тұрмысының маңызды элементтерінің бірі болып табылады. Тұрғын үйлер
мен оның сыртқы бейнесінің әр түрлілігі және қоныстану тәртібі халықтың
тарихи тағдырының бір көрінісі бола алады. Сондықтан да, бұл мәселе
көптеген ғалымдарың назарын аударды.
1. Қазақстан жеріндегі тұрғын үйлер мен баспаналардың зерттелу тарихы.
Қазақстан халқының баспана мәселесі, оның ішінде архитектуралық
ескерткіштердің зерттелуіне келетін болсақ, қазақ даласы туралы жазба
деректер патшалық Ресейдің отарлау саясатына байланысты көбейе түсті. Орыс
отаршылары қазақ жеріне ерте кезден-ақ көз тіккен болатын. Сондықтан да бұл
жерлерде өздерінің экономикалық, саяси байланыстарын нығайту және сауда
қатынасын жақсарту мақсатында өздерінің өкілдерін, саяхатшыларды,
елшілерді, сауда кереуендерін қазақ жеріне аттандырып, өздерінің отарлау
мақсатына пайдаланды.
Міне, осы мақсатпен қазақ даласына аттанған саяхатшылар мен
зерттеушілердің, ел арасынан әр түрлі жолдармен мәліметтер жинаған патша
шенеуніктерінің жазба деректеріне толық зерттеулерге, таза ғылыми
еңбектерге жатпаса да қарастырылып отырған тақырыпқа қажетті мағлұматтар
береді және де бұл еңбектердегі қазақ өмірі жайындағы деректердің
библиографиялық мәні қазірге дейін жойылған жоқ.
Ресей Ғылым Академиясының мүшесі П.С. Паллас арнайы экспедиция құрып
Батыс Сібір және Орал, Орынбор өңірлерін зерттеп нәтижесінде “Путешествие
по разным провинциям Российской империи” деген еңбегін жазды [3]. Сондай-ақ
И.Г. Георги де қазақтарға байланысты еңбегін жазды. Алайда бұл еңбектерде
авторлар баспананы тек сол кездегі бейнесін ғана суреттеп, бір ауданнан
ғана байқағандарын бүкіл Қазақстаннға тән деп көрсетеді. Қазақ баспанасының
ішінде толығымен суреттелген түрі – ол киіз үй. Әсіресе, Крассовский,
Зеланд, Краснов, Костенко еңбектерінде киіз үй толығымен суреттелген. Киіз
үйге арналған мақаланың бірі – П.Е.Маковецкиидің 1893 жылы Орыс
Географиялық қоғамының Батыс Сібір бөлімінің жазбаларында жарық көрген,
Солтүстік Қазақстан материалдары бойынша жазылған Юрта деген мақаласы.
Мақалада автор киіз үйдің құрылысы мен ішкі жиһаздарын толығымен сипаттап
шыққан, алайда оның тарихы мен аймақтық ерекшеліктеріне тоқталмаған. Сондай-
ақ қазақ киіз үйі туралы мәліметтер белгілі түрколог ғалым, түркі
халықтарының этнографиясының білгірі В.В. Радловтың “Из Сибири” атты
кітабында баяндалған [13].
ХІХ ғ. екінші жартысында қазақтар жөніндегі орыс және Батыс Европа
деректерін бір жүйеге келтіріп, қазақ халқын этнографиялық зерттеудің
үлгісін бірінші рет жасаған орыс ғалымы А.И. Левшин болды 1882 ж. оның
атышулы монографиялық еңбегі жарыққа шығады [16]. Бұл еңбек баспадан
шыққалы бері осы уақытқа дейін қазақ өмірін зерттеп жүрген зерттеушілердің
назарынан тыс қалған емес. Левшин еңбегінің басты құндылығы - оның қазіргі
күнде із-түссіз жойылып кеткен архив деректері мен ел арасынан тікелей
жинаған мағлұматтар негізінде жазылғандығында.
1903 жылы Қазақстан мен Қытай шекарасындағы Зайсаннан өтіп Қара Ертісті
өрлей, одан әрі Өрмегейтіні асып, Батыс Моңғолияны аралап, қайтарында
Қосағаш арқылы қайтқан Г.Е. Грумм-Гржимайло “Западная Монголия и
Урянхайский край” атты үш томдық еңбек жазды. Осы кітаптың 2-ші кітабының
ІІІ-томында абақ-керей, наймандардың баспанасы, әсіресе киіз үйі жөнінде
баяндайды [30].
Отырықшы баспана түріне байланысты мәліметер киіз үймен салыстырғанда аз
кездеседі. Ең алғашқы мәліметтер ХІХ ғ. ортасына жататын әдебиеттерден
қысқаша болса да кездесе бастайды (Ханыков, Гейнс, Крассовский және т.б.).
Отырықшы баспана туралы толығырақ мәліметтер ХІХ ғ. екінші жартысы мен ХХ
ғ. басына жататын еңбектерден кездеседі. Бірақ, бұл баспананың түрі
Қазақстанның аймақтары бойынша толық ашылып қарастырылмаған.
Батыс Қазақстанның баспаналар түріне тоқталсақ, Торғай облысы
қазақтарының баспанасы жөнінде осы өңірдің болысы Б. Дауылбаев өзінің
мақаласында қысқаша айта келіп, тұрақты баспаналардың жылдан жылға көбейіп
келе жатқанын айтады.
Ақмола облысының қазақтарының тұрақты баспаналары туралы И.Словцов,
Ю.Шмидт, Л.Берг, П.Игнатовтардың қысқаша мәліметтерімен қатар В.Шнэнің
көлемді мақаласын айтуға болады. В.Шнэнің мақаласында ХІХ ғ. 80 жылдарында
аталмыш өңірде болған қыстаулар түрлері, құрылыс техникалары, жоспарлау,
шаруашылық құрылыстары, тіпті олардың құны туралы мәліметтер келтірілген.
Шығыс Қазақстан бойынша қысқы баспана түрлері жайында қызық мәліметтерді
Н.Коншин мақалаларынан алуға болады. ХІХ ғасырдың аяғы ХХ ғасырдың басында
Семей өңірінде өмір сүріп қазақтардың өмір-тіршілігімен етене танысқан Н.Я.
Коншин болды. Ол сол өңірдегі қазақтардың ауылдарын аралап, құнды
деректерді жазып қалдырып кетті. Оның “Очерки экономического быта киргиз
Семипалатинской области” деген еңбегі [25], “По Усть-Каменогорскому
уезду”[26], “Краткий исторический очерк Семипалатинского края” [27], “К
вопросу о переходе киргиз Семипалатинской области в оседлое состояние” [28]
және т.б. мақалалары Қазақстанның шығыс өңірін жайлаған қазақтардың тұрғын-
жайлары, шаруашылығына қатысты мағлұматтарға толы.
Орыстың белгілі саяхатшысы Г.Н. Потанин өзінің саяхаттарының нәтижесінде
жазылған “Очерки Северо-Западной Монголии” [10] атты еңбегі мен
мақалаларында сол кездегі қазақ баспанасына қатысты деректер қалдырған.
Сондай-ақ, қазақ халқының мәдениеті мен тұрмысын терең зерттеген Орыс
Географиялық Қоғамының Батыс Сібір бөлімі және осы бөлімнің Семей
бөлімшесінің жазбаларында жарияланған мақалалар ішінде де Қазақстанның
шығыс өңірі қазақтарына байланысты мақалалар біршама. Солардың бірі Г.
Катанаевтың “Прииртышские казаки и киргизы Семипалатинского уезда в их
домашней и хозяйственной обстановке” деген мақаласы [20]. Бұл мақалада өңір
қазақтарының заттай мәдениетіне, яғни баспанасына, киіміне, тағамына
қатысты мағлұматтар келтірілген. Еңбек осы аймақты мекендеп отырған
қазақтардың заттай мәдениетін көршілес казақ және орыс қоныстанушыларымен
салыстырмалы түрде жазылған. Мақала арқылы орыс қоныстанушыларының өңір
қазақтарының мәдениетіне, өмір-тіршілігіне тигізген әсерін көре аламыз. Г.
Катанаев бұл мақаласында жергілікті қазақтар мен казактар арасындағы
проблеманы қозғай отырып, автор олардың тұрмысы мен мәдениетіндегі бір-
біріне тигізген ықпалдарын нақты деректер арқылы көрсетеді. Сонымен қатар,
А.К. Гейнс, Г.Н. Потанин, Н. Пахомовалардың мақалаларында да осы мәселе
қарастырылған.
Қазақстанның оңтүстігіндегі тұрақты баспаналар туралы мәліметтер
әдебиеттерде аз кездеседі. А.П. Краснов, Н. Зеландтың мақалаларында тек
үйшік, жертөле сияқты баспана түрлері туралы қысқаша айтылған.
Қарастырылып отырған мәселе бойынша Сырдария қазақтары туралы мәліметтер
тіптен аз.
Баспана туралы құнды деректер ХІХ аяғы-ХХ басында Переселендік
басқарманың ұйымдастыруымен қазақ шаруашылығын зерттеген экспедиция
материалдарында кездеседі. Бұл материалдарда осы кезеңдегі Қазақстанның
барлық аймақтарындағы тұрақты баспаналардың саны, құрылыс материалдары
жөнінде статистикалық мәліметтер келтірілген.
Революцияға дейінгі әдебиеттердің ішінде қазақтың баспана мәселесін
ғылыми тұрғыдан зерттеуге тырысқан автор – Н.Н. Харузин болды. Ол өзінің
еңбегінде түркі және моңғол тілдес халықтар баспанасының жалпы тарихын
зерделеуге тырысты.
Революцияға дейінгі еңбектердің құндылығы сол - олар еңбектерін тікелей
ел арасынан өздері жинаған мағлұматтар негізінде жазған.
Революциядан кейінгі кезеңде қазақтың баспанасы туралы материалдар 1920
жылдарда жарық көре бастады. Қазақ халқының мәдениеті мен тұрмысы жөніндегі
Б.А. Куфтин әдебиеттер мен музей коллекцияларының мәліметтеріне сүйене
отырып, өзінің монографиясында кейбір терминдерге тоқталып, қазақ және
моңғол киіз үйлеріне салыстырмалы анализ жасауға тырысады.
1926-1927 жж. Шығыс және Батыс Қазақстанда С.И. Руденконың басшылығымен
болған экспедициялық зерттеу комиссиясының материалдарында жарияланған
деректер өте құнды. С.И. Руденконың “Очерк быта северо-восточных казахов”
еңбегінде Шығыс Қазақстан қазақтарының материалдық мәдениетіне, әсіресе
баспанасы, киім-кешегі, тағамына айрықша мән берген [36]. Осы экспедиция
мүшесі А.Н.Глуховтың мақаласы қазақтың әлім және адай руларының тұрақты
баспана түрлеріне арналған.
Жетісу қазақтарының баспанасы туралы қызықты мәліметтерді 1926 жылы Н.А.
Баскаков жинақтап, осы материалдардың негізінде көшпелі және тұрақты
баспана түрлері, баспана иесінің қоғамдағы әлеуметтік орны туралы мақала
жазып шықты. Сонымен қатар, Ә.Х. Марғұлан да қазақ киіз үйіне ерекше
тоқталып, ол туралы халықаралық конгрессте Казахская юрта и ее убранство
атты баяндама жасады.
Қазақстанның өткендегі материалдық мәдени ескерткіштерін, оның ішінде
архитектура ескерткіштерін зерттеу ісіне кеңес ғалымдары А.Ю.Якубовский,
М.Е.Массон, С.П.Толстов, Ә.X.Марғұлан, А.Н.Бернштам, С.И.Руденко және
басқалар бағалы үлес қосты. Әсіресе, соғыстан кейінгі кезеңде бұл салада
ғылыми-зерттеу жұмысы кең өріс алды. Археологтармен қатар бұл жұмысқа
архитекторлар да кірісті, бұлар республиканың сәулет ескерткіштері неғұрлым
көбірек жолығатын аудандарына арнаулы экспедициялар
ұйымдастырды.
Соғыстан кейінгі жылдарда жандана түскен археологиялық зерттеу жұмыстары
қазақ халқының баспанасы туралы түсінікті мүлдем өзгертті десек те болады.
Археологиялық деректерге сүйене отырып, ғалымдар Қазақстан жерінде тұрақты
баспананың өте ертеден бар екеніне көз жеткізді. Ең ерте кезеңге жататын
деректер қола ғасыры мен ерте темір дәуіріне жатады. Бірнеше жылғы
археологиялық зерттеулердің нәтижесінде Қазақстан территориясын ерте
кезеңдерден бастап ХV-XVI ғғ. дейінгі аралықта мекендеген тайпалар мен
халықтардың материалдық мәдениеті туралы А.К. Акишев пен К.М. Байпаковтың
Вопросы археологии Казахстана атты монографиясы жарық көрді.
Ортағасырдағы Қазақстан территориясында болған баспана түрлері туралы
археологиялық мәліметтер қазақ жерінде болған саяхатшылар мен тарихшылардың
қалдырған деректерімен толыға түседі.
1950 жылдардан бастап Қазақстанның аймақтарына этнографиялық
экспедициялар ұйымдастырыла бастады. Осы экспедициялардың есебінде осы
кезеңге жататын баспаналар туралы мәліметтерді алуға болады. Қазақстанның
шығыс өңірі қазақтарына байланысты Х.А. Арғынбаевтың мақаласында
қазақтардың дәстүрлі материалдық мәдениетінде орыстармен қатынас
нәтижесінде пайда болған өзгерістер туралы баяндалған [42].
1967 жылы Қазақ ССР-і ҒА-ның тарих, археология және этнография
институтының этнография бөлімі қызметкерлерінің “Культура и быт казахского
колхозного аула” деген коллективтік монографиясы жарық көрді [48]. Сондай-
ақ қазақ халқының материалдық мәдениеті жөнінде В.В.Востров пен Х.А.
Кауанованың “Материальная культура казахского народа на современном этапе”
деген монографиясында қазақ жұмысшыларының материалдық мәдениетіндегі
өзгешеліктерді алғаш осы кешенді зерттеуден байқаймыз [49]. Алайда сол
кездегі социалистік тұрмыс қалпын мадақтау сияқты идеологиялық стреотипке
байланысты бұл еңбектерге сын көзбен де қарауымыз керек.
В.В. Востров пен И.В. Захарованың бірлесіп қазақтардың отырықшы
баспанасына қатысты жарыққа шығарған монографиясы ерекше еңбек [60]. Бұл
еңбекте тұңғыш қазақ ұлттық баспанасының тарихи-хронологиялық кезеңге
созылған көптеген түрлеріне жан-жақта сипаттама беріледі. Аталмыш еңбектен
көшпелілердің барлық баспаналарына және басқа да аймақтық жергілікті
түрлеріне қатысты нақты сипаттама ала аламыз.
Сонымен қатар М.С. Мұқановтың қазақ киіз үйіне байланысты жазылған
еңбегінде [54] ғалым киіз үй құрылысындағы және қолданбалы қолөнердегі
өрнектердің аймақтық ерекшеліктері жайлы мәліметтерді енгізе отырып,
бірқатар мәдениеттер байланысын және қазақтың өзіндік ерекшеліктерін
көрсетеді.
Сондай-ақ, В.И. Громовтың, А.П. Окладниковтың, М.М. Герасимовтың т.б.
еңбектеріндегі палеолит қоныстары туралы қарастырылған. М. Массон,Т.
Басенов еңбектерінің де маңызы зор.
Ә.X. Марғұланның Ертедегі Қазақстанның қалалары мен құрылыс өнерінің
тарихынан, Т.К. Бәсеновтың Сам аймағындағы архитектуралық ескерткіштер,
М.М.Меңдіғұловтың Маңғыстау түбегі мен Батыс Үстірт архитектура
ескерткіштері, Г.Г.Герасимовтың Орталық Қазақстандағы Қаракеңгір
өзенінің архитектуралық ескерткіштері деген кітаптары, және көбінесе
Қазақ ССР Ғылым академиясының Хабарларында жарияланған бірқатар мақалалар,
сонын ішінде тарихи теориялық маңызы бар Г.А. Пугаченкованың бірнеше
мақаласы басылып шықты.
Археологиялық мәліметтер. Көне және ортағасырлық тұрғын үйлердің бейнелері,
қоныстардың, қалалардың көркемдік бейнелерін суреттерден, ыдыстардан,
барельефтерден және т.б. заттардан көрініс табуы. Революцияға дейінгі
тарихи-этнографиялық әдебиет. Шет елдік, кеңестік жєне қазақстандық
тарихшы, археолог, этнолог, архитекторлардыњ зерттеулері. Музей
коллекциялары мен мұрағат мәліметтері. Революцияға дейінгі суретшілердің
өнер туындылары.
2. Ежелгі дәірлердегі тұрақтар мен қоныстар (б.з. IV ғасырға дейін).
Археологиялық деректерге сүйенсек, ерте кезеңде адамдар табиғи паналарды
баспана ретінде пайдаланғанын көруге болады. Оған мысал ретінде Қазығұрт,
Қаратау, Баянауыл, Қарқаралы, Ұлытау өңірлеріндегі үңгірлерді айтуға
болады.
Қазақстан жерінің барлық аймақтарынан палеолит тұрақтарын кездестіруге
болады. Ежелгі палеолиттің кейінгі кезі ескерткіштердің көп түрлілігімен
ерекшеленеді. Бізге жар астында немесе үңгірге кіре беріс тұста тұрақты
ошағы бар қарапайым баспаналар, тұрақ-шеберханалар, шеберхана-тасқашау
орны, маусымдық аңшылық қоныстары, аңшылық уақытша лагерьлер жеткен.
Неандерталь адамы климаттың ылғалдылығы мен күннің суыту жағдайында күрке
түріндегі баспананы тұрғызды, ол шағын дөңгелек жертөле қазып, бұлардың
қабырғасын жерге қазылған жануарлар сүйегімен бекітті, жануарлар
сүйектерінен ірі баспаналар көтерді. Ұзақ уақытқа арналған баспаналардың
тұрғызылуы адамдардың тұрмыс салты мен қоғамдық ұйымдасуында елеулі
өзгерістер болғандығын көрсетеді. Сол заманда-ақ жартылай отырықшылық
тұрмыс салты қалыптасқандығы жайлы айтуға негіз бар. Терімшілікпен
айналысқан адамдар ұжымның бір бөлігі (әйелдер, балалар, қарт кісілер)
тұрақты баспанада тұрды, ал келесі бір бөлігі – аңшылар тобына немесе
отрядтарына біріккен ер адамдар олжа іздеп көшіп жүрді және аңды қаумалап
ұстауға ығайлы орындарда уақытша лагерь тікті. Аталмыш кезеңнің тұрақтары
екі тәсілмен жасалған. Бірінші түрі табиғи жерлерде жасалса, екіншісі, ашық
алаңдарда орнатылған. Осы екі тәсіл де адамның ежелгі баспанасының жасалу
жолдарын көрсетеді. Олар үңгірлердің есігі оңтүстік, оңтүстік-шығысқа
қарағанын қалайтын болған. Себебі, есіктің осылайша орналасуы жылдың суық
мезгілдерінде жылуды жақсы ұстайтын болған. Бұған мысал ретінде Қазығұрт,
Ұлытау, Қаратау, Баянауыл, Қарқаралы үңгірлерін келтіруге болады.
Алғашқы қолдан жасалынған баспаналардың (күрке) іздері бізге жоғары
палеолит дәуірінен жетті. Оған құрылыс материалдары ретінде ағаш бұтақтары
және қадалар пайдаланылған. Шеңбер түрінде қойылған қадалардың жоғарғы жағы
бір-біріне байланған, конус тәрізді шатыр түрінде болды. Бұндай баспананың
қаңқасы жануардың терісімен, ағаш бұтақтарымен немесе шөппен жабылып, үсті
қалың топырақ қабатымен үйілді. Суық желден қорғану үшін күркенің етегі ірі
тастармен көмкерілді. Жан-жағы тастармен қоршалған ошақ баспананың
ортасында болды. Түтін шығу үшін күркенің жоғарғы жағынан тесік қалдырылды.
Археолог ғалымдардың пікірінше, бұл кезеңде құрылыс мәдениетінің екі
маңызды жетістіктеріне, яғни үңгір өңдеу ісі және қолдан жасалған баспанаға
қол жеткізілді.
Кейінгі палеолитте, әсіресе, оның климат суыған бірінші жартысында,
адамдардың қоныстары кішігірім қырдың төбесіне жақсылап салынған баспаналар
болды; бұлардың орнынан археологтар баспаналардың тіреуіштері қазылып
орнатылған көптеген шұңқырларды және көп от жағылған жерлерді тауып жүр.
Неолит дәуіріндегі құрылыс саласындағы негізгі материал тас болды.
Қола дәуіріне жататын Андронов мәдениетінің өкілдері - андрондықтар
өздерінен кейін үлкен мұра қалдырды. Олар - рудниктер, қоныстар, жерлеу
құрылыстары болып табылады. Андрондық тайпалардың негізгі қонысы Орталық
Қазақстан территориясы болды және олар бұл жерде 30-ға жуық қоныс және 150
жерлеу орындарын қалдырған.
Андрон мәдениетіне жататын көлемді қоныстарға Атасу, Жамбай-Қарасу
Бұғылы I, Шортанды-Бұлақ қоныстарын жатқызуға болады.
Осы кезеңдегі қоныстар өзіндік жоспарымен ерекшеленді: баспаналар (олар 10-
нан 80-ге дейін болады) ортада ішкі алаң қалдырылып айналдырыла салынды, ал
ортасы мал қамауға арналды. Баспаналар негізін қазылған шұңқыр құрады,
олардың қабырғасы тақтатастармен шегенделді.
Ал андрондықтардың мәдениетін жалғастырушы Беғазы-Дәндібай мәдениетінің
тұрғын үйлері бірнеше бөлмелі болды деуге болады. Бұл уақытта қабырғалары
тастан қаланған баспаналар тарала бастайды. Тағыбайбұлақ қонысында алты
тікбұрышты баспана болды. Үйлердің қабырғалары қаз-қатар жерге қазылып
кіргізілген тақта тастардан тұрғызылып, олардың аралары топырақ аралас
майда тастармен толтырылған. Орталық Қазақстанның таулы аудандарындағы
баспана құрылысында ағаштар кеңінен пайдаланылды. Жертөлелелер қабырғасы
ағаш кеспелтекпен жабылды, ал төбесі ағаш бағаналар жүйесіне тірелді.
Қола дәуіріндегі тұрақтың төбесінің жабылуы туралы түрлі ғылыми
тұжырымдар бар. Мәселен, М.П.Грязнов тұрақтың төбесі ағаш кесінділерден
пирамида түрінде жабылған - деп есептесе, Х.Б. Трубникова сыңар айтақалы
шатыр жайлы өз ойын ұсынады. Ал О.А.Кривцова-Гракова тұрақтың төбесі
дөңгелек күмбез тәрізді жабылған - дейді. М.И.Артамонов, И.В. Синицын,
А.П.Смирнов, Н.Я. Мерперт қоныстың төбесінің екі жағы да құламалап
жасалған шатыр болған - деп, бір тоқтамға келсе, К.В. Сальников қоныс екі
немесе төрт сырғымалы шатырмен жабылды - деп есептейді. Н.Ф. Калинин және
А.Х. Халиков шатырдың түрлі типтерінің болу мүмкіндігін айтып өтеді, яғни,
шатыр төрт сырғымалы, екі сырғымалы, бір сырғымалы болуы да мүмкін.
Көптеген жүзжылдықтардың бойында қалыптасқан андронов үйлерінің түрі
дала мен таулы аудандардағы экологиялық жағдайларға мейілінше бейімделген
еді.
Андронов тұрғын үйлерінің дамуын зерттеу нәтижесінде көшпелілердің
қарапайымдылығы мен даналығын көрсететін жылжымалы киіз үйінің пайда болуы
шешілді. Оны бедуин шатырынан, сібірлік чумнан, шалаштан дамып шықан деп
есесптеп келді. Андроновтық Шағалалы, Петровка, Атасу, Бұғылы қоныстарының
б.з.б. ХІІ-IX ғасырларындағы мәдени қабатын қазған кезде каркасты қабырғасы
тік кергішке негізделген әрі шарбақталған, түтін шығатын жеріндегі ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz